Күріш ауыспалы егістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Күріш арнайы ауыспалы егістері және оны игеру

Дайындаған

Тексерген:

2020 жыл

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1. Күріш ауыспалы егістері

2. 2. Ауыспалы егісті игеру

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар. Қазақстанда көбірек таралғаны - Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты - Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 - 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты - Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріш - негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі - мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.

Ауыспалы егіс - топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б. з. б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т. б. ) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қызылша, күнбағыс, картоп, т. б. ) себердің алдында танапқа 2 - 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті, т. б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Сондай-ақ арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды.

Егістік күріш (лат. Oryza sativa ) - астық тұқымдасының күріш туысына жататын, биіктігі 50-150 см дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік.
Сабақтары бұтақталған, жапырақтары таспа тәріздес, жасыл, қызғылт, күлгін түсті. Гүлдері көп масақты сыпырғы гүл шоғырына жиналған. Күріш - астық тұқымдастарының бірі, 20 - ға жуық түрі бар. Отаны - Оңтүстік - Шығыс Азия. Қазақстанның суармалы жерлерінде өседі. Біздің еліміздің Қызылорда облысында, Алматы облысында, Бақанаста қызыл күріш егіледі. Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы -6, жемісі- дәнек. Жылу сүйгіш өсімдік. В дәрумені, қағаз, крахмал, сприт, бұйым, қатырма қағаз. Мал азық, азық түрінде алынады. Күріш қазақ халқына өте ұнап, оны қайткенде де Қытайдан шығармақшы болыпты, бірақ шашының арасына, киіміне тықса да шекарадан өткізе алмапты. Бір шаруа қайтсем де күрішті Қытайдан алып шығамын деп ант беріпті. Сөйтіп шаруа Қытайға барып күріш плантациясында 2 жыл жұмыс істейді. Шаруаның аяғы әбден быт - шыт болып жарылады. Сол аяғының жарылған жеріне күрішті тығып, бетін батпақпен жауып әкелген. Күріштің дәндерін күзде жинап алады.

Химиялық құрамы: Дәндерінде 3-12% белок, 65-70% көмірсулар, 4-6% майлар болады. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсағақта бір ғана гүл болады.

Күріш өсірушілердің көкжиегі кеңейді | «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Қызылорда облысы жағдайында күріш ауыспалы егісінде негізінен жоңышқа, түйежоңышқа және бүркеме дақыл ретінде әртараптану дақылдары егіледі. Ал күріш егісі көлемінің қысқаруына байланысты дәнді дақылдардың жалпы өнімінде сақтандыру дақылдары ретінде, тары, сұлы, арпа, жүгері, сорго секілді дақылдардың да маңызы зор. Майлы дақылдар және әртараптандыру дақылдары ретінде қытай бұршағы, рапс, мақсары секілді дақылдар да назар аударарлық дақылдарға жатады. Алайда Қазақстандық Арал өңірі жағдайында бұл дақылдардың жаңа әдістер қолданып өсіру технологиялары осы кезге дейін толық зерттелмеген. Біз рапс соя және арпа әртараптандыру дақылдарының күріш ауыспалы егісінде жалға егіп өсіру технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу жөнінде зерттеу жұмыстарымен айналыстық. Сырдың төменгі ағысында суармалы егісті көп түрлі дақылдар құрайды, Олар дәнді дақылдар (күздік және жаздық бидай, арпа, тары, жүгері, күріш), көкөніс, бақша, картоп, техникалық дақылдар (қызылша, күнбағыс, сафлор), мал азықтық дақылдар (сүрлемдік жүгері, жоңышқа, малжемдік бақша, тамыржемістілер, судан шөбі) . Егістің құрылымындағы дақылдардың агротехникасы, суару режимі, биологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Олардың өнімі де әр түрлі және азық-түлік балансында әрқайсының өзіндік орны бөлек, әрі қажет. Сондықтан суармалы егістің құрылымы көпсалалы. Аталмыш дақылдардың агротехникасын ғылыми ұсыныстарға сәйкес қолданған жағдайда өнімі молаяды, жерді аздырмайды, экономиканы нығайтады. Сонымен бірге қоршаған ортаны құрайтын құрамдарының арасындағы тепе-теңдікті ешбір ахаусыз сақтауға болады. Сол себепті күріштің егіс көлемі бақылаусыз көбейіп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, мал азықтық дақылдар егуге қолайлы құнары тәуір жерлердің көпшілігі күріштікке айналды. Ондаған мың гектар бұталы жиде - тоғайлардың орнына, шөбі қалың балауса шабындық пен жайылым жерлерге күріш егілді. Бірінші игерілген жылы табиғи құнаралық есебінен әр гектардан 30-35 центнерден өнім алынды. Қызылорда облысының шағынды - сазды топырақты келетін солтүстік аудандарында (Жалағаш ауданында) 8 танапты, 7 танапты, 4 танапты ауыспалы егістерді қолданады. 7 танапты ауыспалы егістітерді қолданады. Бұл облыстын тақыр топырақты жерлерде үш жыл 8 немесе 7 танапта ауыспалы егіс қолданылады. 7 танапты ауыспалы егісті солтүстік, ал 8 танапты ауыспалы егісті оңтүстік аудандарға (Шиелі және Түгіскен өңірлері) қолдану тиімді. Жоңышқадан кейін үшінші жылы сидератты дақылдарды топыраққа жасыл тынайтқыш ретінде жер жыртумен бірге сіңіреді. Қызылорда облысының сортаң топырақты жерлерінде кей жағдайларда жоңышқаның зақымдалуы мүмкін, оны болдырмау үшін колекторлы - дренажды тораптарды қатаң бақылап, топырақтың екінші рет тұздануына жол бермеу қажет. Күріш ауыспалы егісінде суды аз тұтынатын, топырақ құнарлығын көтеретін арпа, рапс және соя дақылдарын егу қолға алынған. Осыған сәйкес кезінде көп жерге күріш егілген сол ауыспалы егістерде күріштің үлес салмағы 62, 5-50 пайыз болған. Осыған сәйкес мынадай жаңа ауыспалы егіс үлгілерін ұсынамыз.

1-кесте Күріш ауыспалы егісінің жаңа үлгілері

8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: I-үлгі
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: IІ-үлгі
IІІ-үлгі
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 1. Дәнді дақылдар+жоңышқа
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 1. Дәнді дақылдар+жоңышқа
1. Дәнді дақылдар+жоңышқа
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 2. Екінші жылғы жоңышқа
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 2. Екінші жылғы жоңышқа
2. Екінші жылғы жоңышқа
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 3. Үшінші жылғы жоңышқа
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 3. Үшінші жылғы жоңышқа
3. Үшінші жылғы жоңышқа
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 4. Күріш
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 4. Күріш
4. Күріш
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 5. Күріш
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 5. Күріш
5. Күріш
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 6. Арпа
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 6. Рапс
6. Соя
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 7. Күріш
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 7. Күріш
7. Күріш
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: 8. Күріш
7 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: Күріштің үлесі 37, 5 %
Күріштің үлесі 42, 9 %
8 танапты күріш ауыспалы егісінің үлгілері: Күріштің үлесі 50 %

Қазір таңда ауыспалы егістегі күріштің үлес салмағын 42, 9 -37, 5пайызға түсіріп оның орнына арпа, рапс және соя дақылдарын орналастырған жөн. Бұл Қызылорда облысындағы су тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі су тапшылығының кезінде мұның маңызы орасан зор болып тұр. Кейінгі жылдары Қызылорда облысында су тапшылығы белең алуына байланысты экология-шаруашылық тұрғыдан үлкен қиындық болып тұр. Мысалы, 2000 жылы Шардара су қоймасынан 7, 6 км3 cу жіберіледі деген жоба болған еді, бірақ ол орындалмады. Сонан Қызылорда облысы өзіне климит бойынша тиесілі судың 81 %-ін ғана алды. Су тапшылығының қиындығын атырау басында орналасқан Жаңақорған мен Шиелі аудандары көбірек көрді. Көпжылдық шөптердің бүркемелі дақылдары: ерте егілетін дәнді дақылдар: бидай (күздік, жаздық), арпа, рапс және соя, ал техникалық дақылдардан - мақсары (оны тек жоңышқаны бүркемелеп егуге болады) .

1. Арпа күріш егілген атыз топырағының табиғи ылғалдылығын үнемді әрі тиімді пайдаланатын және жоғары өнім беретін, сонымен қатар басқа дінді дақылдармен салыстырғанда құрғақшылыққа және сортаң жерлерге төзімді дақыл екенін көрсетті. Арпа егісі дала фитосанитары ретінде арамшөптердің қаптап өсуіне мүмкіндік бермейді. Ол алғашқы өсу дәуірінде өте жылдам интенсивті жағдайда өседі де, арамашөптерде қажетті қорек ылғал және күн көзінен алатын жарық, жылу сияқты факторларды тежеу, шектеу арқылы оларды тұншықтырып тастайды. Арпа көпжылдық шөптерге бүркеме дақыл ретінде аса қолайлы. Себебі арпа өсімдігі өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде жылдам өсіп топырақ бетіне көлеңке түсіріп, тұзданудан сақтайды да көпжылдық шөптердің жас өскіндерінің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсу дәуірінің қысқы болуына байланысты арпа ерте жиналады, ал көпжылдық шөптерді күзге дейін тағы бір рет орып алуға болады.

Продам арпа ячмень оптом и в розницу: 70 тг. - Зоотовары Нур-Султан (Астана) на Olx

Арпа - аса бағалы азықтық, жемшөптік дақыл, бірақ Қызылорда облысында кейінгі 25-30 жыл ішінде бұл дақыл өсірілген емес. Арал өңірінде арпа егісі көлемін ұлғайтып, дән өнімін арттырудың мәні төмендегідей.

1) Қазіргі кезде Қызылорда облысында жылқы малының санын көбейткен жөн. Ауылдық жерлерде жылқы мініс, тасымалдау, бәйгеге жүйрік аттар, ет пен қымыз дайындау үшін керек. Яғни, арпа жем ретінде үлкен сұранысқа ие болып, егіншілер үшін үлкен табыс көзі болады.

2) Арал өңірі тұрғындары арасында қан аздық (анемия) ауруы көбейіп келеді. Мұның алдын алу үшін адамдар жаздың аптап ыстығында арпа дәнінен дайындалған ашытпа ішсе, денсаулығына көп пайдалы болар еді. Ашытпа бүйректің, асқазанның жұмысын жақсартыды. Сонымен бірге азықтық арпа жармасы дайындалса, олда коммерциялық сұранымға ие болуы мүмкін.

3) Сыра өндірісі үшін арпаның арнайы сыралық сорттарын өсіріп, шикізат ретінде пайдаланса, Қызылордада зауыт салып, сыра өндіруге болар еді. Сондықтан арпа дақылының егісі көлемін ұлғайтып, өсіру технологиясын зерттеп, тұжырымдау жіне оны жетілдіріп, өндіріске енгізу - өзекті мәселелердің бірі. Агротехникалық шараларды уақытылы әрі сапалы жүргізіп, минералды тыңайтқыштар қолдану мөлшерін, мерзімін, енгізу әдістерін оңтайландыру нәтижесінде арпа егісінен мол өнім алуға болады

2. Соя -күріш ауыспалы егіс жүйесіне енгізу алғы дақылдар құрамын байытатын топырақтағы азот балансын жақсартады, ең негізгісі өсімдік ақуыздарын көбейтуге үлкен үлес қосады. Соя өзі басқа өсімдіктерге жақсы алғы дақыл, өйткені тамырындағы түйнектік бактериялар арқылы гектарына 45-110 кг азот жинай алады. Ал бұл гектарына 12-24 тонна көң енгізгенмен бірдей. Культиваторлау жұмысын бірнеше қайтара жүргізудің аса үлкен пайдасына қарамастан, арамшөптер толық жойыла қоймайды. Себебі арамшөптердің дәні көктемде ғана өнбейді, ол бүкіл жаз бойы өсе береді. Сояның себер алдында және сеуіп болғаннан кейін жүргізілген культиваторлау жұмысы арамшөпті жойып ғана қоймай, соя өсімдіктері тамырындағы түйнек бактерияларының көбеюіне үлкен әсерін тигізеді.

Соя: применение, особенности, сорта, значение - Агро Журнал

Ауыспалы егістердің ерекшелігі - барлығында дерлік міндетті түрде жоңышқа егіліп, үш жылдай ұсталады. Жоңышқа арқылы танаптардың құнарлылығы көтеріледі, арам шөптер азаяды. Келесі егілетін дақылдардың аурулары мен зиянкестерден қорғау жеңілдейді. Жоңышқа 2-3 жыл бойы өте сіңімді, протеин мол, барлық мал сүйсіне жейтін пішен береді. Жоңышқа дақылы жоғарғы сапалы мал азығы болумен қатар оның егін шаруашылығында алатын агротехникалық орны ерекше. Әсіресе Қызылорда облысы жағдайында жоңышқасыз ауыспалы егістің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Жоңышқа егісінен кейін топырақ құнарлығы артады және физикалық қасиеттері жоғарылайды. Ол топыраққа судың сіңуін жақсартып, сортаңдану, процесін бәсеңдетеді. Жоңышқа тамырлары шіріген кезде топыраққа тік дрендер пайда болады, өсімдікке зиянды тұздардың, жоғарғы қабаттағы мөлшерін 30-36 процентке кемітеді. Сол сияқты ол жер асты суларын пайдалана отырып, оның деңгейін 1, 5-2 м дейін төмендетеді. Бітік өскен жоңышқа арам шөптерді мейлінше тұншықтырып, егіс танаптарын таза ұстауға әсерін молынан тигізеді. Жоңышқаның осындай көп қаситтері егіншілік мәдениетін арттырып, басқа дақылдардан, әсіресе күріштен тұрақты мол өнім алуға нақтылы жол ашады. Қазіргі экономикалық және экологиялық қиыншылықтар кезеңінде, тыңайтқыштың, гербицидтердің тапшылығына байланысты жоңышқа егісінің көлемін және оның өнімділігін көбейту негізгі шаралардың бірі болып табылады. Ауыспалы егісті игеру үшін әрбір шаруашылықта оның ротациялық кестесі жасалады. Сөйтіп, күріш ауыспалы егісінің тиімділігін арттыруда, әсіресе жоңышқа егісінің агротехникасын дұрыс сақтау маңызды шара болып табылады.

3. Рапс

- Рапс дақылынан ас және техникалық май өндіреді.

- Рапс биотопливо өндірісінің негізгі шикізаты болып саналады.

- Рапс тұзды, ылғалы көтеріліп кеткен жерлерде де жақсы өсе алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Егіс. Егіншілік
Ауыспалы егіс және қайталап егу және ауыспалы егістерді құрудың принциптері
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
Ауыспалы егіс
Топырақ туралы мәлміет
Ауыспалы егісті жобалау
Күрішті өсіру, күту технологиялары
Суармалы ауыспалы егіс территориясын реттестіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz