Бақша дақылдары
Реферат
Тақырыбы: Тамыр-түйнек жемістілер, бақша дақылдары
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2021
Жоспары
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
0.1 Тамыр түйнек жемісі
0.2 Бақша дақылдары
0.3 Тамыр-түйнек жемістілер, бақша дақылдарының мал шаруашылығындағы маңызы
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Тамыр (лат. radix) -- Тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.
Кейбір өсімдіктерде Тамырда қоректік зат жиналады, атпа тамырлы өсімдіктер Тамырымен вегетативті көбейеді. Гүлді өсімдіктердің Тамыры тұқымның қрығынан басталады және бұны алғашқы тамыр деп атайды. Тамыр бой конусындағы өсу нүктесі жасушалары бөлінуі нәтижесінде ұшынан өседі.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері əртүрлі орта жағдайларына түрін өзгерту арқылы бейімделуін "түрөзгеріс" дейді.
Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгереді. Мысалы: сəбіз, қызылша, шомыр, шалқан жəне т.б. Жемтамырлардағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады. Жемтамырлар асханалық қызылша, сəбіз, шомыр, тарна (брюква), ақжелкен жəне техникалық (қант қызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Жемтамырлы өсімдіктер екіжылдық өсімдіктерге жатады, шалғамнан басқа. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол жемтамырдан сабақ, гүлі шығып, жеміс береді.
Тіреу тамырлар - тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысвп өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа(жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды. Туреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен бөрікбасы мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Тыныс алу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары болады, ол сабақтан өседі. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашы, айтұқым (плюш), монстера, сауыр ағашы жəне т.б.) қосалқы тамырларға жатады. Олар ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді.
Түйнекті тамырлар нарғызгүл (георгин), тəтті картоп, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.
Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін жəне жыныссыз көбею үшін керек.
3.1 Тамыр түйнек жемісі
Тамыр түйнек жемістілерге негізінен картоп және жер алмұрты жатады.
Картоп, картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек (лат. Solanum tuberosum ) - алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл,150-ге жуық түрі белгілі. Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал - 1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 - 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
Зиянкестері: картоп түн көбелегі, колорадо қоңызы, тағы басқа.
Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.
Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% ақуыз, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады. Крахмал өндірісінде қолданылады.Бәрімізге белгілі, картопты көптеген елдерде екінші нан деп атайды. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен үлкен орын алатын картоп барлық елдер дастарханындағы тағам құрамында болады. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады.
Жер алмұрты немесе Топинамбур (лат. Helianthus tuberosus) - астралылар тұқымдасына жататын тамыр жемісті көп жылдық өсімдік. Отаны -- Солтүстік Америка.
Жер алмұртыныңның сабағы, жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ жапырағының көлемі одан кішілеу, сабағы жіңішке болады. Биіктігі 1-5 м. Тамыр сабақтарынан көптеген (5 -- 6, кейде 30 -- 40) ақ, сары, күлгін, қызыл түйнектер дамиды. Олардың пішіні ұзынша, сопақша, домалақ болады.
Құрамында протеин, фосфор, темір, С1, В1 витаминдері бар. Түйнегі тағамға, малға жем ретінде, спирт және фруктоза алуға пайдаланылады. 100 кг тамыр түйнегі 25 -- 27 азық өлшеміне тең, онда 1,5 кг сіңімді протеин бар. Жер алмұртын көктемде немесе күзде егеді. 1 га-дан 200 -- 250 ц түйнек, 350 -- 500 ц көк шөп алуға болады. Топинамбурда 20% инулин, 1,5 -- 3% азотты заттар, 2 -- 5% сахароза бар. ( Топинамбурды малға жем ретінде, 1 спирт, инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде қолданылады.
Тамыр түйнектерін топырақ астында сақтап, қажет кезде қазып алуға болады. Жер алмұрты мал азықтық дақыл ретінде Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі.
Жер алмұртының 100 граммында 306 ккал бар. Құрамында A, B1, B2, B6, C және E дәрумендері бар. Кұрамында кремний, калий, әк, фосфор, темір және цинкпен қатар фруктоза, пектин өзегі мен аминқышқылдары бар.
3.2 Бақша дақылдары
Бақша дақылдары - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобы. Оған қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Тропиктік және субтропиктік аймақтардан шыққан. Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Бақша дақылдары - бағалы тағамдық және диеталық өнім, дәрілік, сәндік мақсатта, мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органик. қышқылдар көп. Сондай-ақ олар емдік қасиеті жағынан, жұғымдылығы, сіңімділігі және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бақша дақылдарының жемістері тағамға көктей немесе өңделген түрінде қолданылады. Қарбызды тұздауға болады, ал қарбыз балы кондитерлік өндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқұрт, қауынбал (бекмес) жасайды. Бақша дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық құрылысы, химикалық құрамы, физиология-биохимилық процестері, пісіп-жетілуі, өсіп-өнуі ұқсас келеді. Олардың қос жарнақты тұқымдарының өнгіштігі өте жоғары (98 - 100%), ұзақ (8 - 10 жыл) сақтауға болады. Бақша дақылдарының жер асты жүйесі кіндік тамырлы, негізгі тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады. Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы болып келеді. Аталық, аналық гүлдерінің дара, қос және аралас 3 түрі кездеседі. Алдымен аталық, содан кейін аналық гүлдері гүлдейді. Жемістері көптұқымды, жидек тәрізді, салм. 80 кг-ға дейін (асқабақ) жетеді. Бақша дақылдары тұқымының өсіп-өнуі үшін қарбызға 15 - 17°С, қауынға 14 - 16°С және асқабаққа 10 - 13°С температура қажет. Сондықтан Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. Себу алдында егістікті суғарады. Қауын мен қарбыздың тұқымы 3 - 6 см, ал асқабақтың тұқымы 6 - 8 см тереңдікке егіледі. Себу жұмыстарын ерте пісетін сорттардан бастайды. Піскен өнім уақытында жиналса, түптегі келесі жемістер тезірек пісіп-жетіледі. Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды көбелек, бұзаубас, т.б. жатады. Олармен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.
Асқабақ -- асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен Волгалық сұр-92, Мозолеевская-10, Қашғарлық-1644 сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 - 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы - ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі - қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі - жалған жидек, ірі, пішіні - дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 - 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 - 18% құрғақ заттар, 8 - 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 - 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
Қарбыз (Cіtrullus) - асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 - 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 - 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз - жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 - 15 кг. Құрамында 2 - 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы - 395; орташа пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647649, Багаев - Мурашка 747749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 - 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 - 8 см тереңдікке егеді, 9 - 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz