Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мелиорация және оның түрлері, жерді мелиорациялау жобалары
2.2 Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ - зат айналымының маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.
Топырақтың санитарлық кедергі ретінде маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуымен байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.
Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарға тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мысалы, қазіргі тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу типіне тән құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ылғалды климат жағдайында, қылқанжапырақты ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстырымен, клматымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В.Докучаев топырақ - ландшафттың айнасы деген.
Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуантүрліліктің кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығын күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады. Жер ресурстарына әсер ету - құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы зат алмасудың, радиациялық және су балансының өзгеруі, болса климаттық параметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады. Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі - қатты және химиялық ағыстардың артуы. Аталған құбылыстар мен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына байланысты. Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық параметрлерінің өзгеруімен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтың өзін-өзі реттеуші жүйе ретіндегі тіршілік етуінің бірден-бір шарты болып табылады. Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретінде ең алдымен ерекше органикалық зат - гумус пен тірі ағзаларды атауға болады. Аталған заттардың топырақтағы мөлшерінің кемуі құнарлылықпен қатар, оның өзін-өзі реттеуі мен тұрақтылығын да төмендетеді. Топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларға көп энергия жұмсауды (топырақты өңдеу, қоректік заттардың мөлшерін толықтыруға байланысты тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен, зиянкестермен күреске жұмсалатын барлық энергияны қосқанда) қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсер етеді. Қарапайым шаруашылықта топырақтың тек табиғи құнарлығы пайдаланылып, қарапайым өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Бұл кездегі жұмсалатын энергия жылына 2 ГДжга құрайды. Кейін жоғары интенсивті егіншілікке жұмсалатын энергия мөлшері 12-15 ГДж-ға дейін жетті. Реймерстің мәліметтері бойынша (1990) қосымша жылына ГДжга энергия жұмсалғанда топырақ пен орта үшін зиянды (интенсивті эрозия, су қоймаларына химиялық заттардың шайылуы, судың эвтрофикациясы және т.б.) құбылыстар орын алды.
Тағы бір айта кетерлік маңызды қағида - әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігі оны алу үшін көп энергия жұмсауды қажет етеді.Мысаля, ХХ ғасырдың басынан бері өнім бірлігіне жұмсалатын энергия мөлшері 8-9 есе артқан.
Жерлердің бұзылуының деградайиясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қолданылуы және т.б.

2.1 Мелиорация және оның түрлері, жерді мелиорациялау жобалары
Мелиорация(лат. melioratio - жақсарту) -- жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды. Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс -- Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал -- Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.
Мелиорация - 1) табиғи органы (ең алдымен ауылшаруашылық жерлерін) жақсартудың ғылыми негізде ұйымдастырылатын шаруашылық және техникалық шаралары. Мелиорация -- суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді. Жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәрежеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы; табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. Мелиорациялық объектілерге: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады. Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафттық өзгерістердің мүмкін болатын дәл болжамын (оның ішінде қосалқы) жасаудың маңызы зор; оларды есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануына, жердің батпақтануына және т.б. зардаптарға ұрындырары көміл. Ең көп таралған гидротехникалык мелиорация (су жүргісі колайсыз жерлердің мелиорациясы) -- топырақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне -- қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады. Химиялық және физикалық мелиорация (химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз жерлерді мелиорациялау) -- тұзданған топырақтарды шаймалау, қышқыл топырақтарды өктендіру, сорларды гипстеу, сілтілі топырақтарды қышқылдандыру және т.б. Топырақтың физикалық жағдайын жақсарту үшін, оларды тастардан тазартады, сазды топырақты құм араластыра өңдейді, тозаңды және шымтезекгі топырақты саздандырады және т.б. Эрозияға немесе дефляцияға ұшыраған жерлерде, әсіресе, таулы аймақтардағы беткейлерді террасалау тәсілі қолданылады. Биологиялық (экологиялық) мелиорацияға құмдауыт жерлер мен жыраларды ормаңдандыру, орман жолақтарын өсіру (агроорманмелиорациясы) және баска шаралар жатады;
2) ауыл шаруашылық ғылымының бірнеше саласының негізін зерттейді. Оларға: гидротехникалық құрылыстар, агротехникалық шаралар, су шаруашылығының экономикасы, топырақтану, ағаш-орман шаруашылығының салалары және т.б. жатады. Мелиорацияның негізгі мақсаты -- ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (жер суландыру техникаларын, ЭЕМ және т.б.) пайдалана отырып, өсімдіктің өсіп-өнуіне, дамуына қолайлы жағдай жасау. Ылғалдың, ауаның, күннің жылылығы мен радиациясының және топырақтың қоректену режімін дұрыс пайдалана отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан тұракты және мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы және техникалық мелиорация болып бөлінеді. Техникалық мелиорация шараларын атқару нәтижесінде топырақ пен жер қыртысының құрылымы жақсара түседі, канал, тоған, су қоймалары мен бөгендердің жақтауларымен табаны нығайтылады. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы -- жүйенің шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық шараларды, табиғаттың (топырақ, агроклимат) гидрологиялық қолайсыз жағдайларын жақсарта отырып, жер қорын өте тиімді түрде пайдалану өдістері. Суармалы жерлердің химиялық және физикалық қасиеттері нашар болса, оған агротехникалық мелиорация шаралары, сонымен қатар химиялық мелиорация қолданылады -- сор және сорланған жердің топырағына әк және гипс қосып (тұзын сумен шаюдан басқа) өңдейді. Ағаш-орман мелиорациясы -- жел, су эрозиясына қарсы колданылатын шара.
Гидротехникалық мелиорация -- 1) су мелиорациясы, суармалы жерге су беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мелиорациялық жерлерді тыңайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар
Мелиорация және топырақ
Топырақтың термиялық мелиорациясы
Топырақ туралы түсінік, топырақтану ғылымы
ФОСФОР ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН МЕЛИОРАНТТАРҒА ӨҢДЕУ
Егіншілік жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау
Тұздардың химиялық мелиорациясы
Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар
Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері
Топырақ түйіртпектілігі, түйіртпектердің агрономиялық маңызы
Пәндер