Биологиялық белсенді қоспалар
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
СӨЖ
Тақырыбы:Биологиялық препараттар және оларға қойылатын талаптар
Тобы:
Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Биопрепараттар
Биологиялық препараттардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Биотехнология дегеніміз -- биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты -- өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Биотехнологияда биохимия, микробиология, молекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар -- гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар -- сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады. Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен 150-ден астам биологиялық заттардың түрлері синтезделді. Мысалы, адамда және кейбір жануарлар организмінде синтезделмейтін аминқышқылы лизинді тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді жануарлардың жемшебіне қосып береді. Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді. Металл қалдықтарымен (уран, мыс, кобальт, т.б.) ластанған суларды тазарту үшін оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады. Сонымен биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қатысады. Үндістанда, Қытайда, Филиппинде үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда биогаз -- метан мен кеміркышқыл газдың қоспасын пайдаланады. Ол үшін арнаулы контейнерлерге малдың қиын, қант өндірісінің, ауыл шаруашылығы заттарының калдыңтарын жинап, оларға бактерияның арнайы себіндісін қосады. Осы қоспадан биогаз алады.
Биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
Ал құрамында фосфор бактериялары бар - фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды.Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы -ферменттер. Мысалы,амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.
Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин кыштқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады.Ал триходермин биологиялық препараттарын Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т.б.) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің сүт, ет т.б) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (онтобактерин , дендробациллин, битоксибациллин, инсектин, боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы - олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Биопрепараттарды айырып алу, шоғырлау және тазалау. Ферментация үдірісі аяқталғанда дақылды сұйықтықтың құрамында микроағзалар, қоректік ортаның қалдықтары, еритін және ерімейтін заттар болады. Микроағзалардың өнімдері, немесе дақылды сұйықтықта ерітілген, немесе микроағзалардың жасушаларының ішінде орналаскан олардың метаболиттері биосинтездің ақырғы өнімі болу мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінде ақырғы өнім алу үшін микроағзалардың жиынын дақылды сұйықтықтан бөліп алу керек. Дақылды сұйықтықтар - ұқсас физико-химиялық қасиеттері бар күрделі қоспалар. Ерітілген минералды тұздар, көмірсулар, акуыздар және басқа органикалық заттардан басқа осы дақылды сұйықтыктардың құрамында полидисперстік коллоидтық бөлшектер бар. Осы суспензиялардың дисперстік фазасы микроағзалардың мицелияларынан және жасушаларынан, қатты бөлшектерден тұрады. Микроағзалардың мөлшері дақылды сұйықтықтарда төмен болады. Бір литрде 5-10 гр кебу биожиын болады. Микроағзалардың жасушалы биожиынын дақылды сұйықтықтан келесі әдістермен бөлуге болады: 1) механикалық (тұндыру, сүзу, центрифигудан өткізу) 2) теплотехникалық (кептіру). Ақырғы өнімді бір әдістің көмегімен алу киынға түседі. Сондықтан бірнеше әдістің кұрастыруымен қолданады.
Сублимациялық кептіру- вакуумда мұздан су шығарып қатқан материалдарды кептіру. Сублимациялық кептіру жылулық кептірумен салыстырғанда кептірілетін заттарға қолайлы жағдайлар тудырады: қышқылдану болмайды, алғашқы құрылым бүлінбейді, биосинтез өнімдерінің қасиеттері, құрамы, зат алмасу процесстері сақталады. Кептіру процессі бір неше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең - қысым төмендегенде мұз жаратылып, температура төмендеп өзінен өзі кету. Екінші кезеңде мұздың сублимациясы арқылы бос су кетіп, кептіру бір келкі жылдамдықпен өтеді. Үшінші кезең - байланысқан суды кептіру (қалған 10-15 пайыз ылғал), осы кезде кептіру жылдамдық төмендеп, температураны ақырындап қоршаған ортаның температурасына дейін көтереді. Өнімнің ылғалы минимумға дейін төмендегенде (2-4 пайыз), температураны 30-40 градусқа дейін көтереді. Осындай жағдайлар кептіретін бөлмеде өттек аз болғандықтан өнімнің қышқылдануын төмендетеді.
Мембранамен қолдану әдістері. Мембрана - жоғары пoрaлық, порасыз тегіс немесе түтікті қоршау, полимералық және бейорганикалық заттардан жасалып қоспада немесе ерітіндіде болған әр түрлі бөлшектерді (иондар, молекулалар, макромолекулалар, коллоидтық бөлшектер) жақсы бөледі.
Биологиялық препараттардың жіктелуі.Биологиялық препараттар кәзіргі кезде организмнің қалыпты микрофлора тепе-теңдігін жоғарғы деңгейде ұстап тұратын көп таралған дәрі- дәрмектерге жатады. R. Simmering және М.Blaut (2001) келісімдері бойынша биопрепараттар белгілі бір талаптарға жауап беріп, қойылған шарттарға сай болуы қажет:
- асқазан сөлі мен өт қышқылдарында қорытылмауы қажет;
- берілген биотопқа қажетті адгезиялық қасиеті болу;
- берілген биотопта максималды ұзақ уақыт болу;
- антибиотиктік зат өндіру;
- иммундық реакцияларды модулдеу;
- организмдегі метаболизм процесіне оң әсер ету (холестерин алмасуын реттеу, витамин түзілуін күшейту).
Энтералды жолмен қабылданып, микробиоценозды қалпына келтіретін биопрепараттарды Россияның Гарбичевский атындағы Орталық микробиология және эпидемиология ҒЗИ-ының оқымыстылары құрамындағы компоненттерінің табиғатына байланысты бірнеше топқа бөлуді ұсынды:
1) вакциналар;
2) биологиялық белсенді қоспалар;
3) эубиотиктер;
4) пробиотиктер;
5) пребиотиктер;
6) бактериофагтар
Вакциналар дегеніміз - микроорганизмдерден немесе олардың антигендерінен тұратын белгілі бір микроорганизмдерге немесе оның бөліп шығаратын токсиніне қарсы жасанды түрде активті иммунитет жасау үшін қолданылатын препараттар. Стоматологияда соңғы кезде пародонта ауыз қуысының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz