Ішек құрттар немесе гельминттер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

ЖОҒАРЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ERTIS

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Тaқыpыбы: Ауыл шаруашылық малдардың трематодтан шыққын ауруды алдын-алу және емдеу бойынша ветеринарлық шараларды ұйымдастыру және жоспарлау

Opындaғaн: Дабылбеков Айбол Асқарбекұлы

Жeтeкшici: Е.К Дюсенов.

Мaмaндығы:Ветеринарлық істерді ұйымдастыру

Тoбы: МД-42

2020 ж.
МAЗМҰНЫ
Кipicпe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Нeгiзгi бɵлiм
0.1 Ішек құрттар немесе гельминттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Жалпақ құрттар типі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Таспа құрттар типі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Трематодтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Алдын-алу және емдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
0.5 Гельминтоздардың жалпы эпидемиологиялық сипаттамасы және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қopытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Құрттар - жануарлардың өте кең таралған тобы.Бұлардың денесі созылыңқы пішінді, аяқтары болмайды, алайда басын айқын ажыратуға болады, ирелеңдеп қозғалады. Құрттар үш типке ажыратылады: жалпақ құрт, жұмыр құрт және буылтық құрт.Дене пішіні созылыңқы, құрсағы арқасына жабысып жалпайған, кейбіреуінің денесін кірпікшелер қаптаған, еркін тіршілік ететін жәндіктер жалпақ құрттар типіне жатады. Бұлар жалпақ денелі болғандықтан да жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттар теңізде, мұхитта және тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі жыртқыштықпен, біразы паразиттікпен тіршілік етеді. Қазіргі ғылымға жалпақ құрттардың 12 500-ге тарта түрлері белгілі.Жалпық құрттардың 3 класы бар.1)Кірпікшелі құрттар - еркін қозғалатын жалпақ құрттардың бір класы. Бұлардың денесін кірпікшелер қаптап жататындықтан,осы класқа жататын құрттар кірпікшелі құрттар деп аталады.Кірпікшелердің үйлесімді қимылынан жалпақ құрт бірқалыпты еркін қозғалады. Бұлар су түбінде, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді. Ылғалды тропиктік ормандарда, топырақта тіршілік ететін де түрлері кездеседі. Ғалымдардың есептеуіне қарағанда, қазір кірпікшелі құрттардың 3000-ға тарта түрі бар деп есептеледі.Кірпікшелі құрттар - теңіз, мұхит және тұщы суларда су түбінде тіршілік ететін жалпақ денелі, созылыңқы пішінді жәндіктер. Денесін түк тәрізді кірпікшелер қаптайтындықтан, бұл класқа жататын жәндіктер кірпікшелі құрттар деп аталады.Кірпікшелі құрттар - жыртқыш жәндіктер, олар судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Кірпікшелі құрттардың денесі үш қабаттан: эктодермадан, энтодермадан және мезодермадан құралады. Бұларда дене қуысы болмайды, ең алғаш мүшелерге жіктелу байқалады.Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Олар - гермафродиттер. Кірпікшелі құрттар жыныстық жолмен көбейеді. Кірпікшелі құрттарда асқорыту, зәршығару, жүйке және жыныс мүшелері бар. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады, олардың арнаулы тынысалу мүшесі болмайды.Кірпікшелі құрттар - еркін тіршілік ете алатын, кірпікшелері арқылы қимылдап жүретін жәндіктер.2)Сорғыш құрттар - балық, қосмекенді, құс және сүтқоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттікпен тіршілік ететін жалпақ құрттар класы. Бұл класқа жататын жәндіктер кейде трематодтар деп те аталады. "Трематода" грекше атау, оның қазақша баламасы "сорғышы бар" дегенді білдіреді. Сорғыш құрттардың дене тұртқы бірнеше миллиметрден 5 сантиметрге дейін жетеді. 5000-нан астам түрі бар деп есептеледі.Әр турлі жануарлардың ішкі мүшелерінде (көбінесе ішегінде) мекендейтін жалпақ құрттар типінің бір класы - сорғыш құрттар. Бұлар мекендейтін иесінің ұлпалары мен мүшелеріне бекінетін арнаулы мүшесі - сорғышы болғандықтан, сорғыш құрттар деп аталған.Сорғыш құрттар - ішкі мүшелерде паразиттік тіршілік етеді, сондықтан ішкіқұрттар деп аталады. Бұлар нақтылы жалпақ құрттар болғанмен кірпікшелі құрттардан құрылысы мен тіршілік әрекеті жағынан едәуір ерекшеленеді.Буылтық құрттар- едәуір күрделі құрылысты, денесі екі жақты симметриялы, буылтықтанған ұп-ұзын жәндік. Бұлар теңізде, тұщы суда және топырақта тіршілік етеді. Денесі жұмыр және буылтықтардан құралғандықтан, бұл құрттар буылтық құрттар деп аталады. Буылтық құрттардың тұрқы бірнеше миллиметрден 3 метрге дейін жетеді. Қазір ғылымға 9000-нан астам түрі белгілі.Үлкен екі класқа жіктеледі.1)Әсіресе топырақта немесе тұщы суда, кейде теңізде тіршілік ететін, денесінде көзге байқалмаса да, сипағанда сезілетін аздаған қылтандары болатын, дене тұрқы өте ұсақ немесе 2,5 метрге дейін жететін буылтық денелі жәндіктер сирекқылтанды құрттар класына жатады. Бұлардың жұмыр құрттардан ерекшелігі- денесінде буылтықтардың және сирек те болса қылтандарының болуы. Бұлар сондықтан сирекқылтанды құрттар деп аталады. Сирекқылтанды құрттар барлық жерде кездеседі, қазір олардың 5000-ға тарта түрі бар.Сирекқылтанды құрттар-денесінде аз да болса қылтандары болатын, сезім мүшесіз, денесінде буылтықтары бар, қосжынысты болатын,сезім мүшесі нашар жетілген буылтықтары бар, қосжынысты жәндіктер. Бұлардың 200-ге тарта түрі теңізде тіршілік етеді. Бұрынғы КСРО-да 100-ге тарта топырақта, 300-ден астам суда мекендейтін сирекқылтанды құрттар бар.
2.1 Ішек құрттары немесе Гельминттер
Ішек құрттары немесе Гельминттер -- адам мен жануарлардың ішек құрты ауруларын қоздыратын - Қос сорғыштылар, цестодтар, нематодтар қамтитын құрттар тобы.[[][1]]
Қазір Гельминттердің 12 мыңнан астам түрі белгілі. Бұларға:
1. жалпақ құрттардан кейбір кірпікшелі құрттар, трематодтар, моногенетикалық сорғыштар, темноцефалдар (лат. Themnocephalida), гирокотилидтердің (лат. Gyrocotyloidea) барлығы, талшықты құрттардың біразы;
2. алғашқы қуысты құрттардан (Nemathelmіnthes типінің өкілдері) жұмыр құрттардың көбі, қылқұрттар мен тікенбас құрттардың барлығы;
3. буылтық құрттардан (Annelіda тип тармағына жататындар), көпқылтанды құрттардың көпшілігі жатады.
Гельминттер адамда, жануарларда, өсімдіктерде тұрақты немесе уақытша тіршілік етеді және осы кезде ауру туғызуы мүмкін. Гельминттердің дамуы - дернәсілдік және жыныстық кезеңді екі сатыдан тұрады. Олар дернәсілінің тіршілік ерекшелігіне сәйкес, дамуы басқа тірі организмдерде өтетін (биогельминттер) және дамуы организмнен тыс, сыртқы ортада еркін тіршілік ететін (геогельминттер) түрлері болады. Гельминттердің адамды, малды құрт ауруына шалдықтыратын аскарида, эхинококк, трихинелла, миқұрт сияқты түрлері, ал өсімдіктерді гетеродероз, мелоидигиноз, дитиленхозға шалдықтыратын түрлері өте қауіпті және олар жиі кездеседі.
Гельминттер - ол адам және жануарлар денесінде паразиттік өмір суретін құрттар. Олардың тарауында негізгі рөл қанағатсыз санитарлық жағдайға және төмен тұрмыстық мәдениетке беріледі. Бұл кұртардың қоздыратың ауруларын "гельминтоздар" дейді. Гельминттер өздерінің улы заттарын бөлу арқылы аурушаңдық жағдайларға ұшыратады: ішектің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, аллергия жағдайды туғызады, кейде ішек туйілуі мумкін.
Гельминтоздар негізгі үш топқа бөлінеді:
oo Биогельминтоздар - қоздырғыш ағзасында гельминттердің жұмыртқалары дамитын жануарлардан адамға жұғады (тениоз).
oo Геогельминтоздар - қоздырғыш адам ағзасына қоршаған ортадан еңіп, ауруға шалдықтырады(аскаридоз).
oo Жанасуға байланысты гельминттер - қоздырғыш ауру адамнан немесе заттар арқылы дені сау адамға жұғады (энтеробиоз). Балаларда ең жиі кездесетіні - аскаридоз және энтеробиоз.
Аскаридоз
А с к а р и д о з - жұмырт, ұзындығы 25-40 см болатын ақ құрттармен қоздырылады.
П а т о г е н е з і. Аскаридтер аш ішекте өмір сүреді, тәуілік бойы ішекке салынған 200000 жумыртқасы нәжіспен сыртқа шығып, топырақта дамып жетіледі. Баланың аузына лас қол, су, жеміс - жидектер, көкөністер арқылы түсіп, ішекке жетеді. Адамның ішегіне түскенде жұмыртқаның қабығы түсіп, ішінен личинка шығады. Ол ішектің қабырғасын тесіп, қақпалық көк тамырға, бауырға, төменгі бос көк тамырға түсіп, қан ағымымен өкпеге жетеді. Альвеолалар қабырғалары арқылы личинка бронхиолдарға және бронхтарға жетіп, соңынан қақырықпен бірге ауыз қуысына түседі. Жұтқаннан кейін олар қайтадан аш ішекке түсіп, ересек гельминттерге дейін дамып жетеді. Жұмыртқаны жұтқаннан кейін ересек аскаридаға дейін дамығанына дейін 75-90 күн өтеді.
Клиникасы
Аскаридтың даму циклында миграциялық (ерте) және ішектік (кеш) фазаларын айырады.
Миграциялық кезеңде личинкалар сенсибилизациялық және механикалық әсерлер туғызады, осы әсерлерге байланысты теріде бөрітпе, кеуденің ауырсынуы, жөтел пайда болады. Бронхиттер, пневмониялар, өкпеде эозинофилдық инфильтраттар пайда болады. Дене қызуы сәл көтерілуі мүмкін.
Ішектік түрі көп мөлшерде сілекей бөлініп, баланың жүрегі айнып, қүсу, кіндік аймағында толғақ тәрізді аурсыну пайда болады. Бұл аурсыну тамақтанғаннан кейін пайда болғаннан, бала құсып қоюға қорқып тамақ ішпейді, жүдейді. Бала шаршағыш, әлсіз, қан қысымы төмендейді, дүрыс ұйқтамағаннан басы айналады, ауырады; бала уйқтап жатып тісін қайрайды.
Қан анализінде
oo Қанында анемия,
oo эозинофилия,
oo ЭТЖ жоғарлауы.
oo Нәжіс жақпасында- аскарид жұмыртқалары табылады. Аскаридтар көп болғанда ішектің өткізгіштігін бұзады.
oo Е м і. Миграциялық фазасында димедрол, кальций хлорид, кальций глюконат белгілейді Әдейіленген емге гельминттерге қарсы дәрі-дәрмектер белгіленеді: комбантрин, пиперазин, вермокс, нафтамон, дифезил, декарис, ас қабақ дәні.
Э н т е р о б и о з - кішкене, жұмыр, ұзындығы 4-12 мм құрттары - острицалармен қоздыралады.
Аурудың көзі - тек адам.
Олар аш ішектің төменгі бөлігінде және тоқ ішекте өмір суреді, аналық құрттары түнде тік ішектен шығып айналасындағы қатпаларға жұмыртқа салады, 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі. Острицалардың белсенді қимылдары анус аймағының қатты қышуын қоздырады. Бала перианалдық аймағын қасыған кезде тырнақ астына жұмыртқалар жиналады, бала жеке бас гигиенасын сақтамаған кезде өзіне - өзі қайтадан гельминттерді жүктырады (аутоинвазия). Энтеробиозды киім, төсек, ойыншақ, қыш құмыра арқылы жұқтыруға болады. Острицалардың өмір ұзақтығы үш-төрт жұма, бірақ реинвазия кезінде ауру ұзаққа созылуы мүмкін.
Клиникалық көріністері
oo Баланы анус аймағындағы қышу мазалайды,
oo бала нашар ұйықтайтын болады,
oo мазасыз, тынышсыз,
oo жиі іш ауруы мазасыздайды,
oo тәбеті төмендейді,
oo түнгі зәр ұстамауы пайда болады.
oo Острицалар қыз баланың жыныс мүшелеріне кіріп кеткенде -
oo қынабының қабынуы пайда болады.
oo Қышынуға байланысты қажырлы ағымды дерматиттер пайда болады.
oo Ұзақ уақытқа созылатын энтеробиоз жүйке-психикалық дамуына теріс әсер етеді, бала оқуы қалып қояды. Энтеробиоздың диагнозын қою үшін анус қатпарларынан жақпа алады.
Емі
Энтеробиоздың емі барлық ауыратын адамдарға белгіленеді. Берілетін дәрілер арасына келесі дәрі-дәрмектер кіреді: комбантрин, пиперазин адипинат, вермокс (мебендазол), нафтамон, дифезил, пирантел, фенасал, декарис, ас қабақ дәні, пирвиний памоат, минтезол. Содалы клизмалар қолдануға болады.
Тениоз және цистицеркоз - қоздырғыш ауыз - нәжіс механизмі арқылы берілетін, ішекте шошқа цепенінің (тениоз) ересек гельминті және ол гельминттің личинкалық сатысында (цистицеркоз) паразиттік өмір сүруіне байланысты ішек - қарын жолының диспептикалық бұзылуы және токсикалық - аллергиялық құбылыстармен сипатталатын, цестоздарға жататын антропургиялық биогельминтоздар.
Эпидемиологиясы
oo Қоздырғышының көзі - ауру адам,
oo берілу механизмі - ауыз нәжістік,
oo жұғу жолы - алиментарлық,
oo зақымдауышы факторы -- шошқаның финозды еті
Клиникасы
Тениозда ми, көз жарақаттанса, цистицеркоздың клиникалық көріністері өзгеше болады. Мінез - құлқы бұзылуы, бастың ішкі қысымының артуы, бастың қатты ауруы, ұстама болуы және т.б. орын алады. Көз цистицеркозы соқырлыққа дейін апарады. Цистицерк көзге өтсе, экзофтальм байқалады.
Диагностикасы
Анальдіқ тесік айналасынан алынған жағындыны және науқастың нәжісін микроскопта зерттеу қолданылады (теринаринхозға диагноз қоюды қараңыз).
Серологиялық диагноз қою үшін ЖГАР, ЖИФР, ИФТ пайдаланады, оларды қойғанда қан сары суымен қатар жұлын сұйығын да тексерген дұрыс.
Аспаптың әдістерден офтальмоскопия, соңғы кезендерінде - УДЗ (УЗИ), компьютерлік томография, көзбен мидағы петрификаттарды табу үшін рентгенография қолданылады.
Емі
Емдеуі: празиквантел, фенасал, никлозамид, албендазол (цистицеркозда) және хирургиялық әдістер қолданылады . Антигельминттік препараттарды цистицеркозды энцефалиттің жіті кезеңінде, ал празиквантелді - көз зақымданғанда қолдануға болмайды.
Трихинеллез
Трихинеллез - адам және сүтқоректілердің жедел гельминтозы, медико-социальды мағынасы зор, себебі клиникалық көрінісі ауыр, көп жағдайда еңбекке қабілеттігі бұзылады. Инвазияға қызба, бұлшықеттегі ауырсыну, бет ісінуі, терілік бөртпелер, эозинофилия, ауыр жағдайда миокард, өкпе, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы көрініс береді. Трихинеллез жануарлар ішінде барлық жер шарында, Австралиядан басқа континенттарда кездеседі. Көбінесе солтүстік жер шарында кездеседі. Адамдардың жиі ауыратын бөлігі АҚШ, Германия және Польша.
Патогенезі
Трихинеллездің патогенезі күрделі бірнеше патологиялық реакциялардан тұрады, басты іске асушы механизм ол -- қоздырғыш.
Бүкіл биологиялық цикл бір ағзада өтеді, адам ағзасы, бірақ гельминттің өсуіне байланысты әртүрлі орналасу орны болады: инвазивті дернәсіл жіңішке ішектің шырышты қабатында;
Ал ересек түрі жіңішке ішектің тінінде; миграциялаушы дернәсіл - қан тамыр және лимфа жүйесінде; бұлшықеттік дернәсіл - көлденең жолақты бұлшықетте.
Нәтижесінде -- метаболизм өнімдері және жартылай ыдырау өнімдері, әсіресе дернәсілдік және өсуші түрлерінің өнімдері тіндерге түседі. Олар паразитарлы антиген болып табылады және жоғарғы сенсибилизирлеуші белсенділікке ие.
Трихинеллездің аллергиялық табиғаты оның патогенезінде жатыр. Н. Н. Озерецковская патологиялық процестің үш фазасын бөліп көрсетті:
oo ферментативті-токсикалық фаза ( 1-2 апта )
oo аллергиялық фаза (2-ші апта соңы -3-4 апта басы)
oo иммунопатологиялық фаза
Ферментативті-токсикалық фаза трихинелланың инвазивті дернәсілдерінің ішектің шырышты қабатына енуімен және ересек гельминттің пайда болуымен байланысты, метоболит және ферменттердің әсерінен ішекте қабыну реакциясы пайда болады.
Трихинелланың аллергиялық фазасы - жалпы аллергиялық көріністер дамиды: қызба, миалгия, ісіну, терілік бөртпе,конъюнктивит, катаральды өкпелік синдром және т.б.
Бірінші апта соңында пайда болған ересек трихинелла жаңа дернәсілдер туындатады, олар қан және лимфа арқылы көлденең салалы бұлшықеттерге тарайды.
Екінші апта соңы, төртінші апта басында сарысуда спецификалық антиген деңгейі жоғарылап, жоғарғы аллергиялық реакция пайда болады. Жоғарғы аллергиялық реакция ішекте ересек трихинелланың өлуіне әсер етеді.
Бұлшықеттегі трихинелланың айналасында гранулема пайда болады, кейін ол фиброзды капсулаға айналып, паразит антигенінің иесінің ағзасына түсуіне мүмкіндік бермейді.
Иммунопатологиялық фаза интенсивті зақымдалумен байланысты, аллергиялық жүйелі васкулит және ауыр мүшелерде зақымдалумен жүреді. Миокард, өкпе, бауыр және басқа мүшелерде түйіндік инфильтрат пайда болады. Трихинеллез ауыр аллергиялық диффузды-ошақты миокардит, менингоэнцефалит, ошақты пневмония және басқа ауыр асқынулармен көрініс береді.
Сатылары
oo инкубациялық
oo жедел көрініс сатысы
oo асқыну
oo реконвалесценция және рецидив
Инкубациялық кезең
Инкубациялық кезең 10 -- 25 күн. Бірақ табиғи штамм түрімен зақымдалған кезде 40 -- 45 күнге дейін созылады. Егер ауру ағымы ауыр болса инкубация ұзақтығы 7-10 күн, ал аса ауыр болса 3 - 1күн. Жасырын кезеңде инкубациялық кезең 4-тен 5-аптаға дейін созылады. Бұл кезең диагностика үшін қиын, басты симптомдар: субфебрильды қызба, жеңіл бұлшықеттік ауырсыну, беттің бозаруы. Перифериялық қан анализінде лейкоциттер қалыпты, ал эозинофилия 7 -- 12% дейін болады.
2.2 Жалпақ құрттар
Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) - төменгі сатыдағы құрттар
типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ
жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге
дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі:
кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық
сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс
өкілдері - нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер
кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы
(Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және
ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде
қарастырады. Жалпақ құрттардың еркін қозғалатын
түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал
паразитті түрлері ядросыз қалың қабат - тегументпен
жабылған.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі - тері-бұлшық ет
қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында
орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген.
Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына,
қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет
талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ
құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер
арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек
қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі
біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы)
бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен
және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен
жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал
паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін
сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады.
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі
ерекшеліктері
Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе
таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі
бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың
ішекқуыстылардан айырмашылығы - денесі екі қабаттан
емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде
эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы
қабат - мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі
мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі.
Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын
жабын ұлпасы - эпителий қаптайды. Эпителий
жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ
құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да
кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік
жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене
жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша
болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық
деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін
атқарады.
Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бүл - бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе. Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тыныс-алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ құрттардың асқорыту мүшесі екі бөліктен қүралады. Бір бөлігі - жұтқыншақ, екіншісі - ішектің ортаңғы бөлігі. Жалпақ құрттарда артқы ішек пен аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар - қосжынысты гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды.
0.1 Таспа құрттар
Таспа құрттар, цестодтар (лат. Cestoda) - жалпақ құрттардың бір класы.
Ересектері адам мен омыртқалы жануарлардың ішегінде, дернәсілдері омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішкі органдары мен дене қуысында паразитті тіршілік етеді. Жер шарында кең тараған 9 отряды, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі таспа тәрізді созылған, бірнеше мм-ден 20 м-ге дейін жетеді. Денесінің алдыңғы ұшында басы (сколекс), иесіне жабысатын мүшелері (сорғыш түтікшелері, ұзын қысқыш аппараты, ілмектері, тұмсықтары, т.б.), бөлшектенбеген мойны, бунақтардан құралған денесі (стробила) және бір қатар буындар (проглоттидтер) болады. Таспа Құрттарда ішек болмайды, денесін кірпікшелі өсінділер (микротрихиялар) жапқан. Олар құрттың қоректенуінде маңызды қызмет атқарады, ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады. Жүйке жүйесі, сезім органдары нашар дамыған.
Таспа құрттар - гермафродиттер. Дамуы өте күрделі, өсіп-өнуі кезінде иелерін алмастыру сияқты ерекшеліктері бар. Таспа құрттардың кейбір түрі жылына 600 млн-нан астам жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 6 ілмешегі бар онкосфера және корацидий деп аталатын дернәсілдер жетіледі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі органдарға өтіп, осы органдарда ұрық - онкосфера финна деп аталатын дернәсіл сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде 4 сорғышы бар басы болады, мұны цистицерк деп атайды. Дернәсіл аралық иеде бірнеше жыл өмір сүреді. Финна түпкі иесі - адамның ішегіне түскенде ересек құртқа айналады. Финнозбен ауырған сиырдың етін жегенде жұғады. Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна дернәсіліне, финнаның ересек түріне ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: цистерк; сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке дарабасқа айналатын - ценур; көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар - эхинококк; көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі бар - цистицеркоид; құрт тәрізді дернәсіл - плероцеркоид. Таспа құрттар адамды гименолепидоз, тениидоз, эхонококкоз ауруларына шалдықтырады.
Таспа құрттар әртүрлі жануарлар мен адамдардың ішегінде, тіршілік ететін эндопаразиттер. Оның 3400-дей түрі бар.
Жалпақ құрттар типіне жататындықтан, денесі арқа-құрсақ бағытында жалпайған, дене қуысы жоқ, ол түгелімен паренхимамен толған. Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Жүйке жүйесі де жалпақ құрттардыкіне тән. Бірақ, таспа құрттар паразиттік өмірге жақсы бейімделген. Сол себепті бірнеше ерекшеліктері бар:
1. Ерекше жетілген бас бөлігі - сколексі бар, онда сорғыш
аппараттары орналасқан.
2. Денесі бунақтардан тұрады. Олар проглаттида деп аталады.
3. Әр бунақта жыныс аппараты қайталанып отырады.
4. Ас қорыту жүйесі жойылған.
5. Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы күрделі жүреді.
Денесінің ұзындығы I мм-ге жетпейтін мөлшерден 15 м-ге дейін барады. Денесі кішкентай сколекстен және ұзын проглаттидалардан тұрады. Сколексте мынадай бекіну мүшелері болады:
1)бұлшық етті сорғыштар. Домалақ болып келген 4 сорғыш басының
жан-жағында орналасады.
2)сору тесіктері немесе ботрии
3)ботридии - сорғыш аппаратының күрделі формасы.
4)ілмектер.
Сколекстан кейін кішкене жіңішкерген бөлік мойын деп аталады. Ол жерден көлденең сызаттар пайда болу арқылы жаңа проглаттидалар дамиды. Проглаттидалардың пайда болуы стробиляция деп аталады. Пісіп жетілген соңғы проглаттидалар үзіліп түсіп, қорытылмаған аспен бірге сыртқа шығып отырады.
Таспа құрттардың дамуы екі немесе үш рет иесін алмастыру арқылы жүреді. Тіршілік циклі:
- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz