Дәрілік өсімдіктерді жинау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Дәрілік өсімдіктердің жеклеген бөліктерін жинау

Дайындаған: Боранқұлов.Б.Қ
Тексерген :Умбетжанов К

Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Дәрілік өсімдіктерді жинау
3. Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер
4. Дәрілік өсімдіктерді өсіру
5. Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар
6.Қорытынды
7.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңне бастап - ақ білген . Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып ,кейінен қағазға жазыла бастаған . Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру сырқауға емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан 6 мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылады.Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан , тамырларынан сабақтарымен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ ,тұнба дайындалатындықтары жазылған . Осымен қатар сол уақыттың өзінде - ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күнт көзінен олардың емдік қасиеті жойылатындығы ,кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілу тиіс екені дәлелденген .Осы себептен шумерлік тер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керектігі ұсынылған .Вавилондықтар менассмриялықтар сол шумерліктердің көрсеткен өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасау әдісін ,емдеу жжолдарын жалғастырып ,кеңейте түскен .Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер ө сірілетін арнайы бақ та болған .Египеттіктер олардан үйреніп , дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ , анис,меңдуана ,жалбыз т.б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан . Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдап егіп өсірумен айналысқан .Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырып отырған .Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттеғрі бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған.Олар дәрілік өсімдіктердің фармокологиялық әсеріне қарай іш өткізетін , құстыратын,қақырық түсуін жеңілдетіп топтарға бөлген.Өсімдіктерді ауру сырқаудан емдеуге пайдалану әр елдің өздеріне керек бағытта ,әр түрде жүргізілген . Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашады .Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз рөль атқарған Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астамытүрін жазып ,оларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал,Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің Дәрілік заттар деген еңбегінде дәрілік өсімдіктердің алты жүзден астамы қолданылуы жолдары жазылған .Рим дәрігерлері Бұл өсмідіктердің ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алынған . Дегенмен Рим дәрігерлерінің емдік қасиетті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізген әсеріде өте зор .Үлкен Плинийдің айтуы бойынша ,римдік дәрілік өсімдік тердің мыңнан астам түрлерін тапқан
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтарыда біздің заманымызға жеткізген .Соның ішінде Индия Фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Қытай,Жапония,Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған .Осының арқасында болу керек , тибетіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі - дәрмек түрлері өте көп.
Басқа елдерге қарағанда Қытайда Бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген.Бұл елдерде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап ,елу екі томдық дәрігерлік еңбегін жарыққа шығарған .Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған . Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау ,кептіру,одан әрі жасау әдісі ,қандай ауруға қалай пайдалатындығы жайлы мәлімет берген.
Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін ескере отырып ,олардың өнім көлемін жалғастыру үшін арнайы шаруашылықтарда дәрілік өсімдіктер егілетін плантация лар құрылды .Украинада ,Қазақстанда мен Молдовада , Грузияда , Беаруссияда, Латвия респуликасында осындай совхоздар ұйымдастырылды.
Бұл шаруашылықтар елімізге керекті шикі заттың алпыс процентін ғана қамтамасыз етеді Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру , жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жұмыс .Мысалы ; фармацевтік өндірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна қазтабан гүлін кептіріп алу үшін төрт мың тонна жас гүл шоғын 2 апта ішінде жинап үлгеруі керек екен.Өйткені ,жинау мерзімі өтіп кеткен жағайда қурап ,жарамсыз болып қалады.Міне,осыншама мөлшерде және тығыз уақыт ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспейді .Дегенмен ,жұмыстың ауырлығына қарамастан , халыққа керекті Препараттарды дайындау үшін 1950 жылы он алты мың тонна , 1960 жылы отыз мың тонна ,1970 жылы отыз мың мың тонна,1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жинала бастады. Бұл өсімдіктерден стрихнин , атропин,платифилин,резерпин,хинидин ,аймалин, тағы басқа көптеген препараттар алынады.Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 проценті осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.

Дәрілік өсімдіктерді жинау
Өсімдіктерді жинауға шығар алдында олар туралы толық мағлұмат беретін нұсқаулармен жете танысқан жөн .Сонымен қатар ,күрек ,пышақ, секатор , қайшы сияқты құралдардың болғаны дұрыс.Өсімдік жапырағын ,гүлін және тамырын жинаған кезде осы жоғарғыдағы аталған құралдарды ұқыпты әрі орынды түрде пайдаланып , кесіп ,болмаса қазып алған дұрыс .Бұлай болмаған күнде өсімдіктер қатты зақымданады.Неге десеңіз , өсімдік гүлін я жапырағын қолмен жұлғанда оның тамырынан жұлынып қалу мүмкін.
Жиналған өсімдіктерді салатын рюкзак,себет,кіші гірім қалталар болғаны дұрыс.Өсімдіктерді бір жерден бірнеше жыл қатарынан жинауға болмайды.Дәрілік өсімдік өсіп тқрған жерде сол өсімдіктің болашақта өсіп-өнуі үшін әр маусымда белгілі бір мөлшерден қалдырып тұрғаны дұрыс . Сонымен қатар өте жақсы өсімдіктерге тимей,толық пісіліп жетілгендерін алу керек .Себебі бұларда биологиялық активті заттар мөлшері басымырақ болады .Яғни ,бұл қасиет өсімдіктердің өсу кезеңімен мүшелеріне байланысты деген сөз.Сондықтан өсімдіктің қай мүшесін қай мезгілде жиау керек екендігін де білген дұрыс.Өсімдік тамырларын толық пісіп - жетілген уақытта , күз айларында жинайды.Ал жазғытұрым жинауға тура келетін болса ,онда тамыр өсіп-өніуі басталмай тұрғанда жинауы керек .Өсімдік жапырағын толық гүлдеу кезінде жинайды.Ондайда төменгі және ортаңғы жапырақтар жиналады.Зиянды жәндіктермен ,түрлі аурулармен зақымданған жапырақтарды жинауға болмайды. Гүлдерді гүлдей бастағанда жинайды.Зақымданған және тозаң басып қаты ластанған гүлдіде жинамағаны дұрыс .Бүршіктерді жазғы тұрым ерте ,ол ашылмай жаңа бөрітіп ,тола бастағанда жинайды.Өсімді қабығын бүршік толығып ,сөл бере бастаған уақытта жас бұталардан жинаған дұрыс Олардың қабығын жинау үшін , пышақпен екі жерден көлденең - арсын 20-30см етіп жарты сақина жасап тіледіСодан кейін оларды жоғарыдан төмен қарай екі жерден тіліп қосадыда,жоғары жарты сақина тіліктен бастап пышақ ұшымен көтеріліп , қабығын сыдырып алады.Бұл жағдайда өсімдіктің тек жарты қабығы алынады, қалған бөлігі өсімдікте қалып ,сөл жүру процесін жалғастыра береді.өсімдік шөбін негізінде гүлдеген мезгілде жинайды.Ол үшін өсімдікті жапырағы көп жоғарғы жағын гүлімен қоса ,төменнен екі - үш жапырақ қалдырып,кесіпалады.Сарғайған,Зақым данған
жапырақтарды кесіп тастуа керекӨсімдіктің жемісімен дәнін пісіп жетілгенде жинайды. Кейбір өсімдіктерде олар ертерек пісіп,түсіп қалу қаупі туады.Сондықтан ондай өсімдіктердің жемісімен дәнін ертерек жинаған дұрыс .
Өсімдік жапырақтарын ,гүлдері мол сабағын күн ашық,құрғақ,уақытта , ертеңгі шық кепкеннен кейін жинаған жөн.
Өсімдік тамырларын қазып алғаннан алғаннан соң жабысқан топырақтан салқын сумен жуып тазартады.Өсімдіктерді жинауға кіріскенде бір ескеретін нәрсе - жинайтын адам қолына қолғап кейгені дұрыс.Себебі көптеген тікенекті келеді.Жинап алынған өсімдіктерді дереу кептіріп алған жөн Себебі тез кептірілген өсімдіктерде оның дәрілік қасиеттімен сапасы көбірек сақталатыны даусыз Жиналған өсімдік мүшелерін кептіру
Жұмысы көлеңке ,жел, қағып тұратын жерге қағаз ,болмаса басқа төсеніш үстіне жайып ,әлсін-әлсін аударып отыру керек. Жақсы кепкен өсімдік қолмен уқалағанда морт етіп сынып кетеді.Кептірілген өсімдікті қағаздан жасалған қалтада немесе картоннан істелген қорапқа салып, ішіне қағаз төсеп, қараңғы әрі құрғақ жерде сақтайды.
Оларды жіпке тізіп ,іліп я болмаса ағаш ердене үстіне жаю керек Әр түрлі зиянкестер тимеуін қамтамасыз ету керек.Өсімдікті сақтайтын жерде өткір иісті (керосин,нафталин т.б.)заттардың болмағаны дұрыс.Улы қасиеттері күшті шөптер бөлек сақталуы тиіс.

Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер
Ақжелкек - биіктігі 1,5 метрдей ірі тамырлы ,дегелек болып өскен үлкен жапырақты көп жылдық өсімдік .Гүлі ақ түсті ,гүлдері жиналып шашақ құрады.Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Еліміздің барлық жерлерінде өседі.Күнделікті тағамға пайдаланады..Дәрілікке тамырынан жасалған ботқа, тұнба пайдаланады.Тамырында синигрин гликозиді ,мирозин ферменті ,С витамині,эфир майы ,күкірт бар.Ақжелкектің жаңа дайындалған сөлінде бактерицидтік қасиетке ие лизоцим заты бар.Бұл асқазан ның жұмысына әсер етіп ,адамның тамаққа тәбетін шақырады.Құрқұлақпен күресуге де қолдануға болады.Ол үшін төмендегі дей жолмен ақжелкектің сұйық қоспасын жасайды.Бұл өсімдік сөліне (болмаса ботқасына )110 бөлігіндей су қосу керек .Осылай дайындалған тұнба тамаққа тәбет шақырады.Бұдан басқа ақжелектің жапырағын жылытып,құяңқы барлар ауырған жерге 20 минуттай таңып қояды.
Аққайың - белгілі ,елімізге кең тараған сәндік ағаштардың бірі . Қабығын,жапырағымен бүршігін,шырынын дәрілік мақсатта пайдаланады.Аққайыңда С витамині,эфир майы ,сапонин бетуларетин қышқылы,илік заты бар .Осы себептенде аққайыңнан жоғары сапалы антисептикер дайындайды.Оларды асқазан - ішек ауруларына ,гинекалогияда, бүйрек қуық ауырғанда қолданадыІшек құрттарын шығаруға да әсері бар.
Аққайың жапырағының тұнбасын жасау үшін кептіріліп уақталған бір ас қасық жапыраққа бір стакан қайнаған ыссы су құйып тұндырады..Содан кейін жапырақтағы бетуларетин қышқылын еріту үшін 0,2 грамм ас содасын салу керек .Осыдан кейін сүзіп ,дайындалған баны екіге бөліп ,арасына төрт сағат салып екі мезгіл ішеді .
Бүршіктің бір шай қасығын жарты стакан қайнаған ыссы су құйып тұндырып ,күніне үш мезгіл екі ас қасық тан ішуге болады.
Аққайың шырынын күніне үш мезгіл ішкен дұрыс.
Алоэ - үй ішінде өсірілетін мәңгі жасыл өсімдік.Жапырағы шырынды , толық ,айналасы тікенекті келеді.Гүлі қызғылт сары түсті үҮй ішінде өте сирек гүлдейді.Алоэны Закавказье тәжірибе станциясы ның плпнтациясында өсіреді .Дәрі - дәрмек жасауға алоэның төменгі ,ортаңғы жапырақтарын қазан - қараша айларында жинайды. Оның жапырақтарында алоээмодин,алоин,наталоин,гамонатал оин,рабор- берон заттары бар.
Алоэны ел арасында емге ерте кезден пайдаланған .Оны ұлы Отан соғысында жаралы солдаттарды емдеуге қолданатын.Қазіргі кезде алоэдан әр-түрлі препараттар дайындалып , көз,асқазан,ішек ауруларын емдеуге қолданады .
Бұл ауруларды емдеугеалоэ сөлі төмендегідей жолмен дайындалады:алоэның төмннгі , болмаса ортаңғы жапырағын кесіп алып , қайнаған сумен жуып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Итмұрын
Дәрілік өсімдіктердің жекелеген бөліктерін жинау
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер )
Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Жаңа дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік
Пәндер