Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың тиімді әдістері
Жоспар:
Жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу
Мждб оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақты тиімді етіп өткізудің 10 әдісі
Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар
Оқытуды ұйымдастыру формасы
Әдіс түрлері
Қорытынды
Пайдалаңылған әдебиеттер тізімі.

1. Жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу
Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу - барша педагог алдында тұрған негізгі міндеттердің бірегейі. Бүгінгі күні балабақша ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Әр педагогтің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол берілген. Қазіргі кезде педагогика сөз қорына "педагогикалық технология" ұғымы кіріп отыр. Педагогикалық технология - мұғалімдер мен оқушылар үшін жұмыс орны дайындалған, жан-жақты ескерілген, оқу процесін, педагогикалық қызметті жобалауды, ұйымдастыру мен өткізуге арналған үлгі.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірі - Дамыта оқыту технологиясының жаңа әдіс-тәсілдері - шығармашылық жұмысының арқауы болып отыр.
Дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалану - өмірталабы. Сондықтан да оқыту үрдісінде қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет етеді. Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырып, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңызы береді. Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады.Бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеуші ғалым Ф. Янушкевич Жаңа технологиялық сабақ педагогтың өз тәжірибесін жаңғыртуға емес, баланың пайдасына, қажеттілігіне арналуы қажет, сонда ғана сапалы нәтиже болады-деген. Қазіргі кезеңде білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларды жетік меңгерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл педагог болуын қажет етеді. Менің де тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым - балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Сол себепті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, құштарлығын танытуға бағыттаймын. Соңғы кездері өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қоданып келемін. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамыта оқыту технологиясының стратегиялары балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға, ойнай отырып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Жаңашыл тәрбиеші ретінде әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиеленушілердің қызығушылық-тарын тудыратын әдіс-тәсілдерді саралап, топтағы әр баланың деңгейін ескеріп, өзіндік пікір, идеялар, өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін тапсырмалады дайындап келемін.
Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагоги-калық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында, педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты бала тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар: бала тұлғасын дамыту, оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан білім беру жүйесінің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.Әр технологияның зерттеуші авторы болады дегендей, дамыта оқыту технологиясының авторлары: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев. Бұл технологияның басты мақсаты: баланың жалпы жан - дүниесіне, оның сезіміне әсер етіп, логикалық ойлауын дамыту және сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті - оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесе отырып жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді шешу, түсіндіру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет 3 бөліктен тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы
Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру
Шешудің дұрыстығын дәлелдеу
Бұл үшеуді Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

2.Мждб оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі.
Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Мәтіндік ақпарат (текстовая информация; text information) - алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.
Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалдар есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен Автив экран бағдарламалық - техникалық кешенін қолдану барысында оқушыға дәрістің мәнін жазу қажет емес екендігі анықталды.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі
Практикалық сабақты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын - ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға береді.
Формат (фр. format - формаға келтіру) полиграфияда дайын басылымның мөлшері (мысалы 170 :: 260 мм) немесе баспа қағазының мөлшері (60x90 см); полиграфияда теру форматы терілген жолдың ұзындығы мен биіктігі; басу қағазының форматы - қағаз рулонының ені немесе парақ қағаздың ені мен ұзындығы.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардыңкөңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Семинарды өткізу әдістемесі
Семинарды өткізу бағдарламалық-техникалық кешені қолданылып келесі түрде жеткізуге болады.Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі.
Әңгімелесу- пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу - оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтың әңгімелесу, талқылау түрінде ұйымдастыруға болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін оқушылар графикалық ақпаратты қолданады.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болыптабылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпарат объектер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, Активті экран кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгерін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Әртүрлі ғылымизерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту - тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға көмегі көп деп есептеледі. Ал, білім берудегі интерактивті технология сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір - бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті технологияларды оқып үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді. өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді. Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді. Кез - келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылым да өзгереді. Дербес жағдайларда, интерактивті құралдар индуктивті оқыту әдісінде қолданылуы мүмкін. Интерактивті құралдарды қолданатын саьақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивтә құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына
тәуелді. Интерактивті тақта пайдалану кез - келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді. Интерактивті тақтаны қолдану шартында білімді бақылау келесі формаларда жүзеге асады.
- оn-line тест;
- Activote2 тестілеу жүйесі;
Интерактивті тақтаны пайдаланудың артықшылықтары оқушы мен мұғалім үшін маңызды болып табылады.

Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды жасауға болады: ақпараттық технологиялар бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.
Бұл талаптардың осы көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыдан байқайтынымыз ақпараттық мәдениеттілік ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер компьютер көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық-компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану мәселелері көрінеді. Сонымен, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютердің ақпараттық технологиялардың жаңаша өзгеріс пен жаңа идеялар қосқаны баршаға мәлім.
Қоғамды,білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық және интерактивті технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:
- ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
- ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен толықтыруға дағдылануы;
- игерген материалдарын шығарашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
- жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
Білім берудегі интерактивтік технология - бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы
Интерактивті үрдіс дегеніміз -- педагогикалық үрдіс қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.
Интерактивтік тақта - дегеніміз не?
Интерактивтік тақта (ИТ) - дәріскерге немесе мұғалімге екі түрлі құралдарды, атап айтқанда, ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал.
Интерактивтік технологияның жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де күннен күнге оның типтері даму үстінде
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Интерактивті әдістерді қолдану арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыру.
Заман көшіне ілесе отырып жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу- барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттері екенін түсіне отырып, әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мәліметтерде жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандарылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр делінген.
Үйреншікті әдіс- тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына , сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек,оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.
Білім - теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір біріне ұқсамайтын жан жақты өткізген сабақтары.
Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану,әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру - педогогтар қауымының басты міндеті.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданынады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы,өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім білік дағдыларын емес,оның тұлға ретінде дамуын қоюда. Бүгінгі таңда ұстаздардан талап етіліп отырған үрдіс ол жаңа оқыту технологиялары негізінде инновациялық іс-әрекет атқару.
Соңғы кезде Қарасам - көремін,тыңдасам - естимін, ал әрекет жасасам - білемін деген қағида педагогикалық қауым ортасында жиі айтылуда. Бұл мақал жаңа педагогикалық технологияларға көшудің қажеттілігін анықтайтын ой түрткі іспетті. Ғылыми деректерге сүйенсек, К.К.Плотонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді:
Есту арқылы - он, көру арқылы - отыз, қарапайым әрекет арқылы - елу, ал белсенді әрекет арқылы - тоқсан пайыз есте сақтау пәрменділігін көрсетеді.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Ж.Аймауытовтың пікірінше Оқыту - білім көбейту,ақыл күшейту. Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөніндегі түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әр түрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге кіші жастан дағдыланады, білім сапасын жетілдіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады:
-диалогтық; қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мұғалім-оқушы,оқулық-оқушы,оқушы-о қушы);
-эвристикалық; өз бетінше іздену,іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;
-зерттеу. Объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Пәндерді оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың маңызы зор. Ол білім беру іс- әрекетінде оқушылардың белсенділігін,өз бетінше жұмыс істеуінде пайдалы (Рөлдікойындар,миға шабуыл,дебат,дискуссия,жаттығу,топт ық жұмыс)
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі - оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу,ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.
Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін - дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу.
Бағыт-бағдар - саяхат, сапар, экспедиция жасауда, шыңға шықканда жүріп ететін жол.
Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбиежұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Интерактивтік оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі.
Ой қозғау әдісі - (немесе психология тілінде Миға шабуыл деп те аталады). Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр баланың пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса, баланың стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Топ құрамын да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінемін. Барлық балалар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағаным, бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:
- Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.
- Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).
- Барлық пікірлер бір ауыз сөзбен жазылып отырғаны жақсы.
- Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
Ой қозғау тәсілін қолданғанда мынандай ережелерді ұстану қажет:
Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау;
Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау;
Кез-келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу;
Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, ашылуы үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.
Бұл әдісті көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданамын. Мысалы: жұмбақ, сөзжұмбақ, суретті ребустар шешу арқылы оқу іс-әрекетінің тақырыбын өздері тауып, ашады.

3. Сабақты тиімді етіп өткізудің 10 әдісі :
1. Өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді жиі пайдалану Өзіндік жұмысқа арналған дәптерлер оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттыра түседі. Егер Сіз жұмыстың көп бөлігін оқушының өзіне жүктеп қойсаңыз, балаларда өз бетінше оқу және әрекет ету дағдысы дами бастайды. Балаларға барынша көп жауапкершілік жүктесек, олардың тұлғалық өсу барысындағы алға ұмтылушылық қасиеттері соншалықты жоғары болмақ.
2. Қызықты сұрақтарға толы алты қыр 80-жылдардың соңында америкалық телевизияда қатысушылары алты қырлы ойын алаңында қозғалуы тиіс викторина танымал болатын. Егер қатысушы беліген сұраққа дұрыс жауап берсе, сұрақтарға байланысты алты қырды өздері таңдайтын. Ал, мектептегі сабақты да осы қағида негізінде ұйымдастырса ше? Оқушылар теориялық және тәжірибелік материалдарды да осылай өңдей алады. Бірақ ең бастысы - оқушылар өз қызығушылықтарына баса назар аударатын болады. Сұрақтың қиындығына байланысты әрбір деңгейге сәйкес түс белгіленіп, оқушылар өз алты қырларының толықтай боялуы үшін барлық сұрақтарға жауап беруілері тиіс.
3. Қызанақ әдісі Сіздер сабақ барысы 20-25 минуттық сессияларға бөлінетін, кейін мұқияттылықты қалыпқа келтіретін бес минуттық үзіліс қызанақ әдісі туралы естіген боларсыз. Бұл әдіс маңызды емтихандарға дайындық кезінде өте пайдалы және сабаққа еш қызығушылығы қалмаған оқушыларды оятуға мүмкіндік береді. Егер, Сіз өткен сабақтағы материалды қайталағыңыз келсе, былай істеңіз: оқушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану
Информатика сабақтарын әзірлеу
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану жайлы
Интернет желісінің Мультимедиа ресурстары
Химияны оқыту әдістемсі
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі
Пәндер