Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
Н.5-28
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазіргі қазақ әдебиеті пәні бойынша
Тақырыбы: М.Жұмабаев ақындық ізденістері, жаңашылдығы, көркемдік дәстүрге
қатынасы
_______________
(баға)
Оқытушы:
Ф.ғ.к., доцент
(қызметі, ғылыми, дәрежесі)
Б.Ш.Құралканова
(аты-жөні)
__________________
(қолы) (күні)
Тобы: ҚТӘ-31
Студент: Альмуратова Ж.С.
2020 жыл
Н.4-56
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
Курстық жұмысын орындауға
ТАПСЫРМА
Пән: Қазіргі қазақ әдебиеті
Студент: Альмуратова Жадыра Сериковна топ: ҚТӘ-31
1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1 Мағжан Жұмабаев- Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің
жарық жұлдызы. Бұл бөлімде ақынның дүниеге келген жері, отбасы жайлы
мәліметтер келтірілген. Білім алған жерлері және қызметтік жолы толығырақ
айтылған. Соңында қамауға алынғаны сөз етіледі. Және курстық жұмыстың
мақсаты, міндеттері, құрылымы да көрсетілген.
2.1 Бұл бөлімде Абай мен Мағжан шығармаларының үндестігі жайлы сөз
қозғалады. Абай барған мәңгілік тақырыптарға Мағжан да барған, өз
талантына, өз заманына лайық жаңаша көркемдік игіліктер жасаған. Әсіресе
Мағжан қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі дәуірде табиғат, махаббат,
философия лирикасының ең үздік үлгілерін тудырды.
2.2 Мағжан Жұмабаевтың поэзиясында орын алған жаңашылдықтар жайлы. Мағжан
ойды бейнелеп айтатын генетикалық көне дәстүрді, поэзиясында ойларын
образды бейнелеу үшін пайдаланған. Сөйтіп оқырманның сезімін басып, көңіл
күйіне ықпал етіп, ойын толқытқан. Өлеңдерінің әуезділігі, саздылығымен
ерекшеленетіні де бөлімде қамтылған.
3.1 Курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде Мағжан Жұмабаевтың қазақ
әдебиетіне жаңалықтар енгізіп, түрлендіруі арқылы дамуына үлес қосқаны,
шығармаларымен оқырмандарға тигізген зор ықпалы қорытындылап жазылған.
2 КЖ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ КЕСТЕСІ
Бөлім КЖ (%) орындалу жұмасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 1 КЖ
берілген күні 2
3 4 5
3 Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы Бес арыс. — Алматы: Жалын,
1992. — 293-б.
2. Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. — Алматы: Атамұра, 2008. — 242-
б.
3. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. — Алматы: Білім, 1995. — 133-б.
4. Елеукенов Ш. Мағжан. — Алматы: Санат, 1995. — 264-б.
5. Қанарбаева Б. Мағжан-символист. — Алматы: Экономика, 2007. — 37-б.
Тапсырманы алдым: 20 қаңтар 2020ж.
Жұмыс жетекшісі__________________________ ________________________________
Аты-жөні, тегі
(қолы)
ББ меңгерушісі________________________ _______________________________
Аты-жөні,тегі
(қолы)
М.Жұмабаев ақындық ізденістері, жаңашылдығы, көркемдік дәстүрге
қатынасы
Мазмұны
Кіріспе.
5
1 тарау Мағжанның ақындық әлемі
7
2 тарау Ақын шығармашылығының тақырыбы
9
2.1. Алтын хакім Абайға я Абай дәстүрін жалғастырушы ақын.
11
2.2. М.Жұмабаев поэзиясының көркемдік қырлары және жаңашылдығы 14
Қорытынды.
23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
24
Кіріспе
Мағжан Жұмабаев Бекенұлы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25
маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы,
Сасықкөл жағасында дүниеге келген.
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.
Мағжанның атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті
адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып,
1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар
зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің
ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс
халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси,
Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының
дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып,
“Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.
1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды.
Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер
С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы
Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы
Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.
“Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.
1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік”
ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға
қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш
қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін
жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға
сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді
ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ
комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман
съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік
Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш”
партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы
өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші
жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша
құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет
етті.
1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде,
“Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық
ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы
“Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында
оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс
мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста
болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924
жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік
университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар
Мағжанның 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр
жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы
қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы
санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең
жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы
19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан
Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап
айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін
сөйлемедің деген айыппен Мағжан қатаң сынға алынды.
Ақын 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық
қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны
үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл
айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен
бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі
мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай
қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген
айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.
1937 жылы наурызда мағжан Бекенұлы Алматы қаласына келеді келеді.
Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына
кесілді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау. Оның қазақ әдебиетіндегі
ізденістерін, жаңашылдығын (символизм, Абай дәстүрін жаңғырту, өлеңнің
саздылығы) нақты мысалдармен дәлелдеп, көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
М.Жұмабаевтың шығармаларының тақырыптық ерекшеліктерін айқындау;
Ақынның жаңашылдығын нақты мысалдармен көрсету, дәлелдеу;
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау Мағжанның ақындық әлемі
ХХ ғасырдың басы қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды.
Өйткені, үлкен-үлкен оқиғалар, тарих сахнасындағы ұлы бетбұрыстар, саяси-
әлеуметтік өзгерістер әдебиетке, соның ішінде қазақ әдебиетіне өз әсерін
тигізбей қойған жоқ. Қазақ әдебиетінің өркендеу дәуірі болып саналатын
осы кезеңде Шәкәрім Құайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов,
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды ірі-ірі
қаламгерлер өмір сүрді. Бұлардың арасында сол кездің өзінде талай шығынға
ұшыраған, поэзиясында да, прозасында да өзіндік ерекшелігі байқалып тұратын
қаламгер ол-Мағжан Жұмабаев.
Ақынның өзі айтқандай Ақ сақалы аузына түскен, кәрісінен бастап
бесіктен белі шықпаған баласына дейін ақын туралы бір сөз айтып қалуға
тырысты. Олардың ішінде ақынның қасиетін жақсы танып дұрыс пікір айтқандары
да бар, көре алмаушылық, іштарлықпен және солақай саясаттың ықпалымен қате
пікір айтқандары да болды. Бірақ Мағжан Жұмабаевты ақын ретінде дұрыс
танып, ең алғаш мағыналы пікір айтқан Жүсіпбек Аймауытов болды. Мағжанның
ақындығы туралы деп аталатын баяндамасы былай басталады: Мағжанның
ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық
сынау үшін, оныі алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы,
негізді білім керек.
Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік қолымызға тиген бүгінгі таңда, қазақ
әдебиеттану ғылымының алдында орасан көп міндеттер тұрғаны анық. Уақыт
талабына орай кешегі әкімшіл – әміршіл жүйе тұсында бұрмалана айтылған ой-
пікірлерді өзгертіп, ұлт байлығы рухани мұраларға жаңаша пайымдаулар жасау,
ұлттық әдебиетімізге, тарихымызға жаңаша пайымдаулар қажеттігі туындайды.
Аз уақыт ішінде әдебиет әлемінде атқарылған игі істер қатары біршама арта
түсті. Жаңа бағыттағы даму процесін басынан өткеріп отырған ұлттық
әдебиеттану ғылымы әдебиет тарихындағы орны ойсырап тұрған тұлғаларды
түгендеу бағытында жемісті еңбек етуде. Осындай игі істер нәтижесінде,
бұған дейін шығармалары белгіленген шеңбердің кемерінен шығарылмай,
стандартты түрде бағаланып келген халқымыздың талантты перзенттерінің
туындылары көпшілік қауымға толықтай ұсынылып, кеңінен таныстырылуда.
Солардың бірі - Мағжан Жұмабаев шығармашылығы. Мағжан қазақ әдебиетінде
Абайдан кейін үлгі-өнеге алатын екінші ақын. Сәбит Мұқанов ХХ ғасырдағы
қазақ әдебиеті еңбегінде: Ақындық жағынан келгенде, Мағжан, әрине,
қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде,
әдебиетінде түрлерендіру ретінде, Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл
өнегесіне Мағжаннан асқан қазақта ақын жоқ.
Бұл биік те әділ баға. Және жүрек жұтқан көзсіз ерліктен туындайтын,
бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ деп шындықты айтудан тай салмайтын
батыл баға. Мағжан өз жолын өзі салған ақын екендігін оның замандас ақын
–жазушылары да мойындаған.
Жалпы Мағжан Жұмабаевтың ақын ретінде қалыптасу кезеңі қазақ тарихының
отаршылдық дәуіріндегі ұлттық сана оянуы, оянған сана жетегінде жаңа жол
іздеп, елді бостандықтың бозала таңына, жарық күнге шақыру дәуіріне тұспа-
тұс келді. Шығармашылық болмысы қия шыңға қанат қақтырған талапты да
талантты ақын аласапыран дәуірдің барша қарама-қайшылықтарын жүрегімен
сезініп, тарихтың тар жол, тайғақ кешуін бастан өткере жүріп жетілді.
Тағдыр тезіне иілмеді. Талқыға салған тағдырдан қайрала да шыңдала түсті.
Мағжан шығармашылығын идеялық тұрғыдан сынға алған С.Мұқанов өзінің ХХ
ғасырдағы қазақ әдебиеті кітабының Мағжанға арнаған тарауының
қорытындысында: Ақындық жағына келгенде Мағжан, әрине, қазақтың күшті
ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетіне жаңа түрлер
енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан
асқан ақын қазақта жоқ [2], — деп шындықты ашып айтады.
Саналы ғұмырын сөз өнері арқылы өмір мәнін түйсінуге арнаған ақын
дүние-тіршіліктің сан- салалы құбылысын көркемдік шындықпен шырайландыруға
ұмтылды. Шығармашылық ұстанымының өзі айқындаған сара соқпағынан еш
айнымаған ақынды сол тауқыметі мол жылдар тез есейтіп, қиялына қанат,
қаламына қайрат бітіріп, ұлттың ұлы ақынына айналар даңғылға алып шықты.
Бұл туралы кезінде Академик С.Қирабаев: Мағжан бүкіл ұлтқа тән ұғым-
сезімнің, поэтикалық өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ әлемінің жан
дүниесін ашып берді. Оның таза қазақтық рухы кімнен де болса жоғары. Мағжан
суреткерлігі бүкіл қазақтың өмір үшін күресі мен қайғысын тұтас қамтиды.
Халықтың сан-салалы тіршілігінің ол үшін бөтені жоқ. Бәрі де Мағжан
қаламында өлең боп ойнап, сыңғырлап, сылдырап, жалтырап кетеді. Барлық ұлы
ақындар сияқты, Мағжанға да шындықты сезінудің сиқырлы күші дарыған. Мағжан
ақындығының құпиясы оның өз тұсының шындығын дәл бейнелеуінде ғана емес,
өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе,
бірде жылаған, қайғы тұтқан қазақтың жан сезімін көрсетеді, ақын осындай
алмасып, ауысып жатқан дүниенің бір сәттік қозғалысын көз алдыңа әкеледі
және ол лып етіп өте шығады. Мағжанның ақындық жолының күрделілігі де
осында [3], — деп Мағжан ақындық болмысының табиғатын тап басып таныған-
ды.
2 тарау Ақын шығармашылығының тақырыбы
Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің
тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев.
Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық
қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге
ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп
өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Иә, шындығында да, Мағжан жан дүниесіндегі екі ұдай күрес оның
поэзиясында айқын белгі беріп тұрады. Адами, азаматтық ой тартыстан
жаралып, қоғамға, қоршаған ортаға деген налыс пен реніштен туындайтын
көркемдік түйіндер бедері лирикасындағы мұңлы толғаныс, өксікті өкініш,
шерлі қайғы, күйініш арқылы көрініс тапса, құрыш қуаттан өрілген
романтикалық өршілдік мөлдір махаббат, сұлу сезім, сәулелі қуаныш, асқақ
арман, мерейлі мақсат, үкілі үміт әлдилеген рухты жыр арқылы өріледі. Ұлы
суреткердің шығармашылығындағы тарихтың қатпарлы сырын терең түсіну,
өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу
сияқты терең толғаныстар замананың сындарлы сындарымен астасып жатады.
Мағжан Абай дәстүрін жаңашылдықпен дамыта алды. Ол Абайдағы ой-
толғанысты сұлу сезіммен әрлей, әшекелей отырып сананы ғана емес, жүректі
де баурады. Жүректен шыққан сөзді жүрекке жеткізе білді. Сезімге тіл
бітіріп, тәнге тән тәтті сырды жанға дәру етті.
Мағжан өз поэмалары арқылы эпикалық жанрдағы ой-толғамды, саяси-
әлеуметтік мәні зор мәселелерді алға тартқан сыр толғауға айландырып,
тарихи деректі ақындық қиял арқылы дамытып, тарихи шындықты көркемдік шешім
арқылы көркемдік шындыққа айландырды.
Оның Қорқыт, Оқжетпестің қиясында, Қойлыбайдың қобызы, Батыр
Баян, Жүсіп хан, Өтірік ертек, Тоқсанның тобы, тағы басқа поэмалары
— қаһарман тағдырын ел тағдырымен астастырған, ел тағдырын ер тағдырымен
ұштастырған, екі тағдыр шешімін көркемдік шындықтың желісімен жымдастырған
егіз шындықтың еншісін бөлген туындылар. Осы тұрғыдан алған да мағжантанушы
Ш.Елеукеновтің: Қазақ поэмасының басында Мағжандай ақынның тұруы бұл
жанрдың бағын ашты. Кеңес тұсында мансұқталғанына қарамастан, Мағжан сеуіп
кеткен дән булығып болса да әр тұстан өркен тебетін [4], — деген пікірге
шараң жоқ.
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып,
ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының
өшпес маңызын бірден танып, оны „хакім“ деп атады, ұлы ақынның мың жыл
жұтса дәмі кетпес сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың
рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен
мазмұн жағынан байытты. Мағжан ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді
(Шын сорлы), халқын өнер-білімге шақырды (Ләззат қайды?, Жазғы таң,
Өнер-білім қайтсе табылар, Балалық шақ, Қазағым, Қарағым, Осы
күнгі күй, Мен сорлы).
Ал бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (Жас келін, Зарлы
сұлу, Сүйгеніме, Алданған сұлу). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан
бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт-азаттық тақырыбын үзбей
толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып
қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, елін
жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды
(Туған жерім- Сасықкөл). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп
романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (Жарыма, Есімде... тек
таң атсын, Жаралы жан, Мен жастарға сенемін,т.б.).
Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен,
тапқырлығымен, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен,
шерлі, мұңды зарымен күшті. Жүсіпбек Аймауытов
Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны. Сәбит Мұқанов
Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің рөлі қандай болса,
қазақ халқы үшін Мағжанның рөлі сондай. Әлкей Марғұлан
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы — эстетикалық талғам-танымнан
мәйегінен нәр алған, мазмұн мен пішін бөлінбес бірлікте тұтасқан бүтін
дүние. Сондықтан Мағжан шығармашылығынан қазақ поэзиясының жаңа буыны
басталады десек, артық айтқандық емес. Ақын лирикасының құдіреттілігі оның
пішіндік сонылығы, тіл шұрайлығы, образдық дәлдігі, мазмұн байлығы арқылы
ерекшеленеді. Толғауы тоқсан ой-толғамдарының жаңашылдығы, сурет қанықтығы,
сөз ойнату шеберлігі бәрі жинақтала келе, Мағжан поэзиясының өзгеге еш
ұқсамас өзіндік айырым-белгісін айқындайды. Оны енді-енді байыптай
бастадық.

М.Жұмабаев поэзиялық туындылары арқылы қазақ лирикасы мен эпикалық
жанрын өзге жарық та жарқын жолға салған әдеби мұра болып табылады.
Мағжанның қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегіне және әдебиетті өрісін
кеңейткен жаңашылдығына осы тұрғыдан қараған жөн. Кезінде мағжантанудың
алғашқы кірпішін қалаған Жүсіпбек Аймауытов бұл туралы: Қазақ әдебиетіне
Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың символизмін (бейнешілдігін)
қазаққа аударды, өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет
туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизмді күшейтті,
тілді ұстартты [1], — деп ақын ұстанымының көркемдік болмысын тап басып
таныған болатын.
Мағжанның Алтын хакім Абайға (1912) деген өлеңі 6 шумақ, 24
тармақтан тұрады, 11 буыңды қара өлең ұйқасымен жазылған. Салған жерден жас
талапкер ақын Абайды қарадан хан шыққан хакім, оның сөзі мың жылда да дәмі
кетпес деп бағалайды, Абай өлеңдеріңдегі кейбір оралымдарды құбылта
пайдаланады, тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме, қор болды қайран сөзім
босқа деме деген жолдардың төркіні белгілі, ұлы ақын сөзі мәңгі
жасайтынына ерекше сенім бар.
Ұлы Абайдың поэтикалық мектебінің тағылымдарының ізі Мағжан жырларында
сайрап жатыр. Қазақ өлеңіне Абай әкелген жаңа өлшем, үлгілерді, соны
образдарды, сөз тіркестерін Мағжан кеңінен қолданады. Ең терең жақындық –
ақындық, көркемдік мұраттардың туыстығында.
Абай барған мәңгілік тақырыптарға Мағжан да барған, өз талантына, өз
заманына лайық жаңаша көркемдік игіліктер жасаған. Әсіресе Мағжан қазақ
әдебиетінде Абайдан кейінгі дәуірде табиғат, махаббат, философия
лирикасының ең үздік үлгілерін тудырды.
Ақын шыққан аса биік эстетикалық тұғырдың бірі – пейзаж лирикасы. Абай
дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты әлеуметтік терең сарындардан алынған
үлгілерді дамыта келе Мағжан табиғат көріністерін бейнелеуде әлем
поэзиясындағы классикалық тәжірибеге ден қоя отырып, жаңа көркемдік
игіліктер жасады. Бұл топтағы жырларда кескін өнерінің тәсілдері, сәуле мен
көлеңкені ойнату, уақыт пен кеңістік диалектикасын көрсету, панорама,
әртүрлі ракурс, этюд, түрлі астастыру принциптерін пайдаланғанын байқауға
болады.
Алдымен жазғы не қысқы сахараның аумақты, мол көрінісі алдынан шығады:
кең дала, асқар тау, саумалбұлақ, ақ қайың. Бірте-бірте ақын жалпы суреттен
жеке бейнеге, нақты детальға, дәлді образға көшеді. Мұның үстіне ашық,
жарқың сәулелі бояулар азайып, қара, қорқынышты, үрейлі таңбалар молаяды,
дауыл соғады, нөсер тегеді, боран ұлиды. Ақырында аштан бұралған, үсіп
өлген, түтекте адасқан, ажал жұтқан пенде. Әуелде кісіге дос, жақын, етене
табиғат бірте-бірте тас бауыр тартады, өлімге пейіл береді. Қуаныштан,
рахаттан, ләззаттан басталған пәк дүние соңы – апат, қырғын, зобалаң,
нәубет, селебе. Осындай күрделі, қат-қабат көзкарас, өмір-болмысты, табиғат-
ортаны екі үдай болып жарылған, ақыры құрдыммен аяқталған қан-қырғын
трагедиялық сипатта көру – үлкен ақынның көркемдік танымындағы тұтас
суреткерлік жүйе екенін ашып айту керек.
Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл
қазына, інжу-маржаны – махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық хикаясының сан
алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған,
адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр
кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп-жқмыр дүниелері.
Ақын лирикасындағы қыз, әйел, қай жағынан алғанда да, жігітпен,
еркекпен тең, иықтас, деңгейлес. Көп ретте әйел адамгершілік – ізгілік,
махаббат сезімдері тұрғысынан суреткер үшін дүниедегі ең қасиетті, ең
ардақты, ең қүрметті адам, торыққан, қиналған, тапталған кездерінде медет
сұрап, сыр белісіп, қайырым тілеп, әйелге тіл қатады, ақтық демі таусылып,
ажал тырнағына ілінер сәтте де айтылар сөз сүйген жарға, туған анаға
арналады. Ғашықтық сезімнің сан алуан толқындары; ұнату, құлай сүю, бір
көргеннен құлап түсу, ұзақ уақыт сүйіспеншілік зарын кешу, ләззат рахатына
бату, ажырасу азабын тарту, айырылып күйзелу, тіл таба алмай торығу, бір
кездесуге құмарту, жалт еткен ықылас, түңіле безіну, махаббат жолында жан
қию, ерлі-зайыпты қоңыр тірлік, батаға адалдық, неке су ішісу, жастықтың әр
кезеңі, қызықшылық, серілік, ұйқысыз түңдер, тоқырау, тәубаға келу, отбасы,
ошақ қасына қарап қалу – осы алуаңдас сезімдер, күйлер, мұң-қайғылар Мағжан
өлеңдеріңде жеке адамдардың тұтас тағдыры, көзден жас, жүректен қан, тілден
у ағызған сырлар болып төгіледі.
Қазақ лирикасыңда үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды
негіздеп, әсіресе Европа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды
ұлттық топыраққа батыл да еркін енгізген Мағжан Абай тағылымдарынжаңғыртып,
эпикалық жанрда поэманың ықшам түрлерін қалыптастырды. Бір қарағанда,
тақырыптық тұрғыдан алғанда, алып-жұлып, әкетіп бара жатқан ерекшелік
көрінбейтін секілді: Қойлыбайдың қобызы, Қорқыт, Түркістан,
Оқжетпестің қиясыңда, Батыр Баян - аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға,
Жүсіпхан, Өтірік ертек - шығыс сюжетіне, мысал, тұспалға құрылған. Ішкі
мазмұн тұрғысынан келгенде бұл шығармалардың бәрінде де халықтық аңыз,
тарихи дерек, ежелгі әңгіме сарындары өзгере құбылып, жаңа сипатта
эстетикалық желі тартады. Мағжан фольклорды игеруде соны жол, жаңа бағыт
ашты, қайта жырлау, назира, сарындау емес, түп-түгел тосын, биік, асқақ
көркемдік жүйелер жасады. Ең бастысы, ақын ықшамдық, сұлулық, философиялық
талаптарды, бейнелілік, суреттілік шарттарын бірінші қатарға шығарды.
Қойлыбайдың қобызында фантастиктикалық күйлер, бәйгеге қобыз қосу
көрінісі ғажап шебер бейнеленеді; Қорқытта өмір мен өлім арпалысы,
мәңгілік үшін күрес, өнердің өлместікке апарар киелі қасиеті жыр етіледі,
Жүсіпханда тұлға мен тобыр, мансап пен ождан диалектикасы, Өтірік
ертекте мысал, түспал әдісімен берілгеи әлеуметтік тартыс сыры бар.
Фольклорда, тіпті жазба әдебиеттің өзіңде қазақ ұғымыңдағы дәстүрлі
батырдың айқын, анық кескіні белгілі: ел қорғау жолыңда жанын береді,
жолбарыс жүрек, дүдәмал, шектену, күдіктену деген жоқ, бір әрекеттің, бір
ерліктің адамы.
Періште, тәңір, пайғамбар, қүдай, көк аспан, жер, ай, жолбарыс,
арыстан, толқын, жел, теңіз, өзен, алдаспан, алмас қылыш, тұлпар, жұрек –
міне осы секілді көптеген сөздер, ұғымдар Мағжан поэзиясыңда үнемі
қайталанып отырады, олардың жинақтаушылық, эстетикалық, ал образдың
символдық, көркемдік орасан зор мәні бар. Өз ортасынан үздік шығып,
уақыттан озып, кезеңінде замандастарына танылмай, жұмбақ болып, арада көп
жыл өткесін, көп дүние өзгергеннен кейін жаңа қауыммен емірене табысқан
өнер иелері әр халықта, әр топырақта, әр ғасырда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz