Полиция органдары жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №3
Тақырып: Полиция және сот органдары жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы.
Жоспар:
1. Полиция және сот органдарының жүйесі.
2. Ішкі істер министрлігі.
3. Жоғарғы сот және сот органдарының жүйесі.
Негізгі ұғымдары: жүйе, министрлік, министр, жергілікті полиция
1. Полиция органдары жүйесі. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау органдары құрайды.
Полицияны криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер құрайды. Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады. Әкімшілік полиция жергілікті полиция қызметінен, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, уақытша ұстау изоляторларынан, айдауыл қызметі бөлімшелерінен және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), ведомстволардан, аумақтық органдардан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік полиция органдары, әскери-тергеу органдары аумақтық органдар болып табылады.
Қылмыстық-атқару жүйесін ведомство, оның аумақтық органдары, пробация қызметі және жазаларды орындайтын мекемелер, өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.
Ұлттық ұланның құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. Азаматтық қорғау органдарының құрамы және оның қызметін ұйымдастыру "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Ішкі істер министрі) жүзеге асырады.
2. Ішкі істер министрлігі. Ішкі істер министрі.
Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Ішкі істер министрлігінің туы, жалауы және рәмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады. Ішкі істер министрлігі туының, жалауының және рәмізінің, аумақтық органдар мен жоғары оқу орындары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ішкі істер министрі. Ішкі істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Ішкі істер министрі басқарады.
Ішкі істер министрі:
1) iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде полиция органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына полиция органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) полиция органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті полиция қызметі
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Құқық қорғау органдары жайлы
ІІО қызметінде әкімшілік құқық қатынастарындағы жеке адамның құқықтарын қамтамасыз ету кезінде туындайтын жалпы және жеке негізгі мәселелерді талдау, анықтау, қорыту және шешу, сондай-ақ осы қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ өткен Кәсіптік іс-тәжірибелік ЕСЕП
Әділет органдары
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметі
Есіл аудандық полиция басқармасында кәсіби практиканы өту туралы ЕСЕП
Көліктегі полиция қызметі
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі
Пәндер