Цифрлық технологиялар олардың пайдалылуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОБӨЖ№6

Тақырыбы: Қазақстаның үшінші жаңаруындағы цифрлық технологиялар

Тексерген: Игесенова А.

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

2. 1Цифрлық технологиялар олардың пайдалылуы

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Заманның көшінен қалмау - уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады. «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы - мақсат», - деді Елбасы өзінің Жолдауында. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар. Бірінші - ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт - экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші - IT мамандарды даярлау. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылып, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды. Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT саласына басымдық беріледі. Жалпы, Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталған. Оған мысал - «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат ресімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі. «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады. Ауыл шаруашылығы да цифрланады Соңғы кезде ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру қарқынды түрде қолға алынуда. Кез келген шаруа қожалығы бір жерден басқарылатын деңгейге жеткен. Бүкіл ақпарат бір арнадан тарайды. Мамандар мұның тиімді екенін алға тартып келеді. Олардың пікірінше, саладағы өнімділікті арттыру, жұмыс күшін тиімді пайдалану, қаржы үнемдеу цифрландырумен тікелей байланысты. Осы орайда, Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі

Өмірзақ Шөкеев нақты жұмыстарды қолға алатынын жеткізді. Ол цифрлық технологияларды енгізу бойынша Қазақстандағы барлық шаруашылықты үш түрге бөліп қарастыру керек дейді. Яғни, базалық, жетілдірілген және цифрлық ферма. Ал еліміздегі шаруашылықтар осының соңғысына бағытталып, жұмыс істеуі керек. Нақтырақ айтқанда, базалық деңгейдегі шаруашылықтар жетілдірілген деңгейге өтуі қажет. Бұл жетілдірілген шаруашылықтар цифрлық ферманың есігін барып қағуға тиіс. «Бүгінде әлемде нақты егіншілік жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе саладағы шығынды азайтады, өнімділікті еселейді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығының нәтижелілігін арттырады. Осы орайда, базалық деңгейге жататын шаруашылықтар агроөнеркәсіп кешенінің арнайы бағдарламасы арқылы егістік алқаптарын цифрландырумен қамтамасыз етілген. Бір жыл ішінде біз осыған қол жеткіздік. Сондай-ақ, топырақтың агрохимиялық күйінің карталары жаңартылды», - деді Өмірзақ Шөкеев. Министр баяндағандай, шаруашылықтарды цифрландырудағы негізгі жұмыс әкімдіктерге артылмақ. Әкімдіктер мемлекеттік субсидиялар мен мемлекеттік қолдаулар арқылы шаруашылықтардың цифрлық дамуына қол ұшын беру еді. «Әрбір ауданда цифрлық ферма құрылуы керек. Біз мұны әкімдіктерден талап ететін боламыз. Себебі біздің фермерлер цифрлық технологияларды алдымен өз шаруашылықтарында қолданып, нәтижесін көруі керек. Бұл ретте, біз үш полигон құрдық. Олар Қаскелең агропаркінің, Шортандыдағы Бараев институтының және Қостанай облысындағы «Заречный» шаруашылығының базасында орналасқан», - деді Өмірзақ Шөкеев. Министр еліміздегі ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының саны екі есе қысқаратынын айтты. «Бізде extantion жүйесі жұмыс істейді. Олар ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын қайталайды. Сондықтан инстиуттардың санын екі есе қысқартамыз. Қазір бізде 23 ғылыми-зерттеу институты бар. Енді олардың 12-сі ғана қалмақ. Кейбір институттарды нығайтамыз, ал кейбірін жоямыз.

Әрбір институтта Қаскелеңдегідей полигон болады», - деді Өмірзақ Шөкеев. Сондай-ақ, министр біздегі ғалымдардың жұмысына қатысты пікірін айтты. «Қаскелеңдегі базада болып, бізде ауыл шаруашылығы ғылымы бар екеніне, оның нәтиже беріп жатқанына көз жеткіздік. Қаскелеңде 50 ғалым жұмыс істейді. Практикалық тұрғыдан нәтиже көрсеткен, өз идеяларын коммерцияға айналдыра білген ғалымдарды көтермелейтін боламыз. Біздіңше, дұры Алматыдағы «Ritz-Carlton» қонақүйінде сандық жүйені барлық салаға енгізу мәселесіне қатысты «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумы, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға жеті елдің Үкімет басшылары қатысты.

Атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның үкімет басшылары мен Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары бас қосты. Басқосуда негізгі тақырып мемлекеттерді цифрландыру мәселесін кеңінен талқылады. Үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің осы жылдағы алғашқы отырысына қатысты. Форумды «CNews» басылымының бас редакторы Максим Казак ағылшын және орыс тілінде жүргізіп отырды. Ол бұл басқосудың маңызы зор екендігін, ғаламдық өзгерістер кезеңінде өтіп жатқан пікірталастар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары цифрлық технологияларды дамытудың тиімді жолдарын тауып, ол ортақ игілік үшін қызмет ететіндігін атап өтті. М. Казак: «Қазір басқа кезең жүріп жатқанын мойындауымыз керек. Мұны «Сандық революция» кезеңі дейміз. Бұл - технологиялар туралы санамызды жаңғыртатын, тіпті, түбегейлі өзгертетін сәт. Бұдан былай адамзаттың өмір сүруі ақпараттық технологияларды меңгеруімен байланысты әрі оны тиімді пайдалануында болмақ», - деді. Форумның жұмысы төрт тақырыпқа негізделді. Біріншісі - «Инновациялар және технологиялық кәсіпкерлік». Екіншісі - «Бастамалар мен жобалар». Үшінші - өнеркәсіпті цифрландыру. Соңғысы - «Ауыл шаруашылығының цифрлық түрленуі». Осы төрт ашық ой алаңында қызу пікірталас болды. Криптовалютаға деген кіріптарлық, ақылды технологиялар, кадр жетіспеушілігі тағы да басқа мәселелер кеңінен айтылды. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев көрші елдерден қалмай, цифрландыруға бірге бара жатқанымызды, әрі бұл жолдағы пойызға кешікпей мінгенімізді жеткізді. Алдымен Үкімет басшысы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың форум қатысушыларына жолдаған хатын оқып берді. «Құрметті форум қатысушылары, «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумына қош келдіңіздер. Әлемде жылдам әрі түбегейлі технологиялық өзгерістер дәуірі басталды. Тиімді цифрландыру шаралары ұлттық экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторына айналуда. Әлемнің озық елдері, олардың G-20 және Еуропалық одақ секілді бірлестіктері өздерінің Цифрландыру бойынша стратегиялық құжаттарын қабылдады. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ та 2025 жылға дейінгі Цифрлық күн тәртібін қабылдады. Бүгінгі форум аталған күн тәртібін іске асырудың маңызды қадамы. Ортақ нарықтың болуы цифрландыру мәселелерінде бірлескен тәсілдер мен шараларды әзірлеуді талап етеді. Күштерді жұмылдыру ЕуразЭҚ-тың тұтастай және әр елдің жекелей дамуы үшін синергетикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Бұл ісшара қажетті шешімдерді әзірлеуге және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін. Форумның барлық қатысушысына жемісті еңбек және алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуді тілеймін», делінген Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың хатында. Бақытжан Сағынтаев баяндамасында цифрлық күн тәртібіне байланысты Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. «Біз цифрлық күн тәртібінде осымен екінші жыл өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан электронды қызмет көрсетуді 10 жыл бұрын бастады. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды форматқа көшіру. Инфрақұрылым үшін Қазақстан аумағы өте үлкен. Біз ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Халықты цифрлық қызмет түріне тарту керек, оны қолдану сәнге айналуы керек.

Біз мектеп қабырғасынан математиктер мен бағдарламашыларды әзірлеп, жоғары оқу орындарын осы салаға бағыттап жатырмыз. Инновация керек, сол үшін біз шетелдік әріптестермен қарым-қатынас орнатамыз, әсіресе цифрландыру мәселесінде бірге әрекет ету маңызды. Сөз жоқ, әр мемлекет өзінше дамиды, дегенмен, ең маңыздысы - форумнан кейін цифрландыру саласында ынтымақтаса алуымызда болып отыр», - деді Б. Сағынтаев. Сонымен қатар ол өз баяндамасында елімізде технологиялық кәсіпкерлікке жағдай жасалып отырғанын айтты. «ЭКСПО аумағында IT-хаб жұмысын жарты жылдан кейін іске қосамыз. Ол туралы шешім қабылданды, заң шығарылды. Ағылшын құқығындағы Астана халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заң қабылданды, біздің IT-хаб осы орталыққа қосылды. Біз оған әлемнің дарынды адамдарын тартқымыз келеді. Сонымен қатар, біз киберқауіпсіздік туралы ұмытпауымыз керек. ЕАЭО мәселесіне келгенде біз келісімді әзірлеу барысында экономика құру саласында ғана интеграция орнатуға келіскенбіз. Бірақ, уақыт өте келе біз шекаралардың ашықтығана жетеміз, себебі, цифрлық платформада шектеу, шекара деген жоқ», - деді Б. Сағынтаев. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде, Қазақстан биыл екінші жыл цифрлы технологияларды енгізуге күш салып жатқанын, онда тек экономика ғана емес, электронды үкімет, агросектор, көлік, энергетика, білім, кәсіпкерлік және өзге де жүйелер қамтылғанын айтты. Сондай-ақ үкімет басшысы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, еліміз алдағы төрт жылда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға 310 млрд теңге жұмсамақ. Ол соманың 169 млрд теңгесі квазимемлекеттік субьектілердің есебінен алынса, 141 миллиарды республикалық бюджеттен бөлінеді. Қазіргі таңда 15-тен астам ел сандық технологияларды қарқынды түрде қолданысқа енгізіп жатыр. Қазақстан да бес бағыт-бағдардан тұратын мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, дамудың жаңа сатысына шығуды көздеп отыр. Жоба ойдағыдай іске асса 2025 жылға қарай салық түсімін 1, 7-2, 2 триллион теңгеге жеткізіп, 300 мың адамды жұмыспен қамтуға жол ашылмақ. Форумның пленарлық сессиясының жұмысы барысында өз пікірлерін ортаға салған Армения Республикасының премьер-Министрі Карен Карепетян, Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сапар Исақов, Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев, Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Арипов, Тәжікстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Махмадтоир Зоир Зокирзода бүгінгі жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ел Үкіметіне ризашылықтарын білдіріп, мұнда талқыланған әр мәселе цифрландыру саласының дамуына серпін беретінін айтты.

Форумның тақырыптық сессиясында сөз алған ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жаһандық деңгейдегі бұл басқосудың Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынғанын айтып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерін кешенді цифрландыру осы жиыннан бастау алу керектігін атап өтті. «Қазақстан үшін «цифрлық алшақтық» өте өзекті мәселе. Өйткені, ресми мәлімет бойынша Қазақстан халқының 45 пайызы ауылдарда тұрады. Аумағымыз өте үлкен. Халықтың тығыздылығы да жоғары емес. Енді бұл форум біздің алдағы бірлесе жұмыс істеуіміздің бастамасы болады деп ойлаймын», - деді ол. Хакерлерден қорғану мәселесі де форумда сөз етілді. Соңғы кездері кибершабуылдарға тек біз емес, көрші елдердің де жиі тап болып жатқаны белгілі. Бұл мәселе Қырғызстан премьер-министрін қатты алаңдатады. Сондықтан Сапар Исақов хакерлерден қорғанудың бірыңғай жүйесін құру туралы ұсыныс жасады. Ал, Дмитрий Медведев криптовалюта туралы өз ойымен бөлісті. РФ премьер-министрі Д. Медведев «Криптовалюта төлем құралы ретінде сақтала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Оның бос ауа болуы мүмкін. Бір күні жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан оны халықаралық деңгейдегі төлем құралы деп қарамау керек. Не де болса, сандық жүйені тек экономика емес, барлық салаға енгізу бойынша алға қойылған жоспар көп. Оның қалай жүзеге асатынын алдағы уақытта көретін боламыз», - деп пікірін айтты.

Үкімет басшылары Еуразиялық одаққа мүше елдер арасындағы саудасаттықта кедергі болмауы тиіс екендігін, сондықтан оларды тез арада жою қажеттігін атап өтті. Өткен жылы 10 кедергі жойылған. Десе де, техникалық сала, тасымалдау қызметі мен кедендік реттеу бойынша күрмеуі қиын мәселелер әлі де жетерлік. Соның бірі - Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім. Көрші мемлекетіміздің Үкімет басшысы цифрлық жүйеге түбегейлі көшу аз уақыттың шаруасы емес екенін ашық айтты.

Басқосудың салалық сессиясында сөз сөйлеген ҚР премьер-министірінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Елбасы атап өткен цифрландыру және инновацияларды енгізу - ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен халықтың өмір сапасын жақсартудың басты шарты екенін айтты. «Біз цифрлы экономикаға білікті кадрларды даярлау үшін әлемдік тәжірибеге сәйкес білім беру жүйесін жаңартып жатырмыз. Бастауыш сыныптарда биылғы оқу жылынан бастап ақпараттық сауаттылық ережесі, бағдарламалау және робототехника сабақтары енгізіледі. Мемлекеттік қызметтің сексен пайызы электронды түрде көрсетілетін болады. Астана хабына қатысушылар үшін жақсы шарттар жасалады: тегін кеңсе, үй-жай, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) шеңберінде ағылшын заңы жұмыс істейді, салық жеңілдіктері қарастырылады және дамыған инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Біз Қазақстанда әлемдегі үздік әдістерді қолданбақпыз. Ол үшін біз кәсіпкерлер, сарапшылар және IT қоғамдастығының барлық ұсыныспікірлерін қарап, талқылауға дайынбыз», - деді ол.

Форумның күн тәртібінде электронды сауда, мемлекеттер арасында сандық жүйені басқару, робот жасау мен жасанды интеллект сияқты инновациялық жобаларды экономикаға енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. «POSCO ICT» компаниясының маркетинг бойынша жетекшісі Джо Сун Вон: «Қазақ елінің цифрлы жүйеге көшу бастамасы - дұрыс іс. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың стратегиясын құптаймын. Себебі, экономикалық жағынан индустрияландыруға маңыз беріп отыр. Бұл зауыт, фабрикалардың жұмысы. Қазір бәрі автоматтандырылып жатыр. Бірақ, техника дамыды екен деп адамдар жұмыссыз қалмауы керек. Мұндай кезде адам олардың көмекшісі болуы қажет», - деп атап өтті.

Венчурлық және стратегиялық әріптестік жөніндегі малайзиялық инновация орталығының жетекшісі Афик Жохар жаңа технологияларды енгізуде Қазақстан жаңа бастамаларды қолға алғандығын, бұл үлгі боларлық іс

екендігін, Қазақстан «ЭКСПО» көрмесін жоғары деңгейде өткізгендігін тілге тиек етті.

«Талап» қолданбалы зерттеу орталығының басшысы Рақым Ошақбаев: «Егер еліміздің ауыл шаруашылығы саласына «Индустрия 4. 0» элементтерін енгізсек, көптеген күрделі мәселелер шешімін табады. Мысалы, Канада мен Австралия сияқты елдер шамамен біздің жеріміздей аймақтан екі есе артық өнім алып отыр. Өйткені, түрлі технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалануда. Сондықтан бізге де аграрлық саланы толық цифрлық технологияға ауыстыру қажет», - деді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бұл тұрғыдағы бірқатар жетістіктерін саралап айтуға болады. Халықаралық рейтингтерге сәйкес Әзербайжан онлайн қызметтер мен инфрақұрылымды дамыту бойынша жақсы көрсеткіштерден көрінсе, Қырғызстан 2016 жылдан бастап онлайн қызметтер мен адами капитал бойынша көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартқан. Көршілес Өзбекстан да ашық деректер порталы бойынша және ТКШ, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және тағы басқа жобаларды қоғамдық талқылау жүйесін қоса алғанда бірнеше электрондық платформаларды іске қосқан. Ал халықтың технологияға қолжетімділігін қамтамасыз ету және электрондық қызметтер мен сервистер бойынша

Ресейдің жақсы көрсеткішін атап айтуға болады. Қазіргі уақытта төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қолдану мен цифрлық салаларды дамытуға әлем елдері ерекше мән беріп отыр. Жиында сөз алған үкімет басшылары еліміздің бұл бағыттағы бастамалары көпке үлгі екенін айта келе, өз мемлекеттерінде осы сала бойынша атқарылып жатқан шаруалар тізбегіне тоқталып өтті. Беларусь үкіметінің басшысы Андрей Кобяков өз сөзінде кешегі армандауға да қорқатын жайттардың бүгін таңғажайыпқа айналғанын айтып, аталған міндеттерді соңына дейін жеткеру үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы ерекше екенін жеткізді. Оның ойынша IT кластерге басымдық беру алғашқы орында тұруға тиіс және ол үшін ЕЭО мүше елдердің даму ерекшеліктері ескерілген ортақ бағдарлама керек.

Қонақтар цифрландыру мәселесін қызу талқылады. Сандық жүйені тек барлық салаға енгізу үшін мұнда арнайы форум ұйымдастырылды. Ақылды технологиялар - аграрлық саланы дамытудың негізі. Бұл елді әлемдік нарыққа бастайтын жол. Озық технологияларды агроөнеркәсіпте және мемлекеттік басқаруда тиімді қолдану үшін кәсіби кадрларды көптеп тарту керек. Форумға қатысқан отандық сарапшылар осыны айтты.

Қазіргі уақытта техника қарыштап дамыған тұста барлық саланы сандық жүйеге көшіру уақыт талабына айналғаны рас. Бұл біздің өмірімізді өзгертіп, жұмысымызды жеңілдететін қуатты күш екені Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да айрықша айтылды. Өткен жылдың күз мезгілінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің басшылары цифрлық күн тәртібінің 2025 жылға дейінгі басты бағыттарын бекітіп, Елбасы Н. Ә. Назарбаев ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы идеясын ұсынған болатын. Елбасы бастамасын қолдаған әлемдік сарапшылар бүгінгі форумды тәжірибе алмасудың ортақ алаңы деп бағалады.

Сандық технологиялар қазіргі кезде әлемде кеңінен таралуда. Алайда, оларды пайдаланудың артықшылықтары, яғни сандық дивидендтер өмір-ден кешеуілдеп орын табуда. Көп жағдайда бұл технологиялар экономиканың дамуына, қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізетіні даусыз. Алайда, өкінішке қарай, олардан келіп түсетін дивидендтер біркелкі таратылып жатқан жоқ. Сандық технологияның экономикадағы бәскелестік пен тұрғындардың тұрмысын жақсартудағы атқаратын жетекші рөліне айналды. Елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша экономика мен әлеуметтік салаларда сандық жүйені жетілдірудің жаңа жобасы жасалыну үстінде. Оның ішіне кең жолақты интернетке барлық аумақта қол жеткізу, заңдық құжаттарды қайта қарау, мамандарды қайта даярлау секілді басқа да

бағыттар кіреді. Елбасы атап өткендей, бұл бүгінгі күннің шындығы - сапалық өсімге мүмкіндік берер даңғыл жол.

Осылайша, сарапшылар Қазақстанның бастамасына қолдау көрсетіп, тіпті тәжірибелерімен бөлісуге әзір екендігін айтты. Себебі, біздің ел цифрлық қолтаңбаны қолданып, электрондық мемлекеттік қызметтерді оңай алып отыр. Мұны ТМД елдерінің арасында алғаш болып бастаған - Қазақстан. Ал, Елбасының тапсырмасына сай, Үкімет мемлекеттің цифрлы экономикасын дамытудың негізін дайындап қойды. Биылдан бастап іске асып жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық пәні арқылы логикалық ойлауын қалыптастырудың әдістемесі
Технологияның туризм маркетингіне әсері
Қазақстанның ұлттық экономикасы үшін цифрлық технологиялардың маңызы
Құжаттарды механикалық қалпына келтіру
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны
Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы цифрлық технология
Банкті басқару жүйесіндегі инновациялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz