Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Пәні: Философия
Пән коды: Fil 2101
ББ: 6В10101 Жалпы медицина
Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 150 (5 кредит)
Оқыту курсы және семестрі: 2 курс, 4 семестр
Шымкент, 2019 жыл
Дәрістік кешені МОБ сәйкес Жалпы медицина ББ әзірленді және кафедра
мәжілісінде талқыланды
Хаттама №___ ________________2019 ж.
Кафедра меңгерушісі м.а., т.ғ.к.: ________ Ш.А.Аширов
1)Тақырып №1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы және философияның пәні,
қызметтері
2) Мақсат: Философияның мәнін, пәнін және қызметтерін түсіндіру.
3) Дәріс тезистері:
1. Философияның пәні мен функциялары.
2. Философиялық білімдер ерекшелігі.
1. Философия мәнін талқылаудың негізгі типтері. Әлемге деген қатынас және
дүниетаным түсініктері. Дүниетаным және философия. Философияның негізгі
мәселесі. Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия адам
қызығушылығын, ғылым, дін, логиканың әр түрлі төрт аймағының негізі
ретінде:
1. Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал
көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді.
Философ сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір
сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен
философы Пифагор қолданған.
Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде
негіздеген Платон. Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың
алғашқы негіздері, практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың
әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді
біріктірді.
Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік
тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда
болуын паш етті. Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық
философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін
түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық
мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті,
яғни жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы
барлық білімдер сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның,
механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды.
Антикалық философияның кез келген өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық
ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық болмаса керек.2000-нан астам жыл
тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып отырды. Бірақ оның
болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән
ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен
тығыз байланысты.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған
ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің
жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын,
принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана
шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге
деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен
қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды.
2. Философия пәні. Философия адамның әлем мен өзінің мәнін іздей
бастаған уақытта – ақ қалыптаса бастайды. Сондықтан да, философия әлемнің –
жалпы теориясы және ондағы адамды теорялық тұрғыдан пайымдау.Философияны
тек әлем ғана қызықтырып қоймаған, ондағы адам, оның мәні, өмір сүру
заңдылықтары да оның назарынан тыс қалмаған. Өйткені, адам осы әлемде
өмірге келеді, оның аясында қуанады, қайғырады, таным процесінің дәмін
татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы тұрғысынан адами
сипатқа ие болған ғылыми сала. Өйткені, ешбір басқа әлем мен таным формасы
Әлем - Адам күрделі байланысының барлық байлығы мен мүмкіндігін жан –
жақты ашып көрсете алмайды. Философия - әлем туралы және ондағы адамның
орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып,
әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Философияның
пәні басқа ғылымдардан ерекше. Өйткені, философия дегеніміз - өте терең
теориялық білім. Оның құрамында онтология, гносеология, даму теориясы,
антропология, әлеуметтік философия сияқты өте күрделі салалар бар.
Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология, саясаттану
жеке пәндер болып бөлініп шықты.
4) Көрнекілік материал: Таблица-схема,плакат.
5) Әдебиет:
Негізгі:
1.Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Қазақстан
Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Егеменді Қазақстан. 31 қаңтар 2017 ж.
2 Назарбаев Н.А. Мәңгілік ел .Годы равные векам. Эпоха, равная столетиям-
Астана:Деловой мир Астана,2014.-368с.
3. Темірғалиев, Қ. А. Философия : оқу құралы Қ. А. Темірғалиев, А. Т.
Бәкірова. - М. : ГЭОТАР – Медиа 2016 ж.
4.Нурышева Г.Ж. Философия- Алматы: Эверо,2014
5. Ғарифолла Есім Қазақ философиясының тарихы А лматы, 2016г
6. Қасабек, А. Қазақ философиясы: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2015
Қосымша:
1. Философияның қысқаша тарихы – A Brief history of filosophy: Сократтан
Деридаға дейн: Д.Джонстон:ауд.: Г.З. Әбдірасылова, Г.Ж.Нурышева - Астана:
Ұлттық аударма бюросықоғамдық қоры, 2018
2. Батыс философиясының жаңа тарихы – Э.Кенни; ауд.; А.С. Алдабердіқызы,
Ш.Ш. Әлменова, Д.М. Қалиев – Астана: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры,
2018
3. Батыс философиясының жаңа тарихы – Э.Кенни; ауд.; А.С. Аяпбекова,
Н.Т.Базарбай,А.Рыскиева – Астана: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры,
2018
4. Философияның таңдаулы 25кітабы – Р.Хесс: ауд.; Ә.Құранбек, А.Рыскиева –
Астана; Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018
5. Қазақбаев Ж.Р. Философия негіздері: оқу әдістемелік құралы. Қарағанды,
2013
6. Иманқұл, Н. Іліми философия: дәрістер Н. Иманқұл. - Алматы : Эверо,
2015.
6) Бақылау сұрақтары
1. Әлемдік көзқарастың тарихи түрлері.
2. Мәдени-тарихи тұрғыдағы философия.
3. Оқу философиясының пәні мен объектісін атаңыз.
4. Философияның типтері.
1) Тақырып №2. Дүниені философиялық түсінудің негіздері
2) Мақсат: Философиялық пайымдаудың тарихи типтерінің мәнін түсіндіру.
3) Дәріс тезистері:
1. Ежелгі әлемнің философиясының негізгі сипаттамасы.
2. Қазақтар алдындағы философияның негізгі сипаттамасы.
1. Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба
мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.
Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами
отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық
элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын
түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның
негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы
түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін,
адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және
оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа
мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен
қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері
өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп,
әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде
қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау
жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары
еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік,
имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және
философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының
прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы
бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік
ерекшелігі. Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы
патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы
үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты
көрсете білуі дер едік. Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік
тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас
көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін,
әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол
соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық
шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың
біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына
қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын
көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы
мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және
ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, ұрламай жеткізу – бұл философия
тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең
талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар.
Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар
мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-
экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-
білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу
халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге
көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.Табиғи және әлеуметтік өмірді
тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы
түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде
жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ, сондықтан ол философияның
басты бағыттары да айқындалмаған еді. Қазақ философиясының тарихы – халық
тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі
мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары
көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну
үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да
түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ
ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік
қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт
қазаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми
құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке
жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті
жетістіктерімен ерекшеленеді. VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі
аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-
экономикалық формация орныға бастады.
4) Көрнекілік материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.

6) Бақылау сұрақтары:
1. Үндістанның антикалық философиясының негізгі ерекшеліктері.
2. Қытайдың ежелгі философиясының негізгі ерекшеліктері.
3. Шығыс мәдениетіндегі дін мәртебесі және оның философияның дамуына әсері.
4. Буддизмді философиялық үрдіс ретінде сипаттаңыз.
5. Шығыс философиясының ерекшелігі.
1) Тақырып №3 Болмыс. Онтология және метафизика
2) Мақсаты: Болмыс ұғымына сипаттама беру және оны философия тарихында
қалай қарастырғанын түсіндіру.
3) Дәріс тезистері:
1. Онтология философияның негізгі категориясы ретінде
2. Материяның атрибутивті қасиеттері.
Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның)
төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып
келеді, өйткені дүниеге көзқарастық және методологиялық басты
проблемалардың бірі болып табылады. Болмыс проблемасының мәні неде? Не
себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой - пікірлер
жүйесінің негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни
ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен
діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да
алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық
мазмұнын ашып көрсету қажет.
Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым -
философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір
сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де,
қатығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы,
ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де
болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы:
материя, сана, сапа, сан, кұбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі
тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық категориялардың, оларды
білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда,
көптеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық
категорияларға сәйкес сөздердің мән - мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын
түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі
сөздерді білдіретін философиялық категорияның, тек философия ғана
анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау керек.
Сондықтан философиялық болмыс категориясының мәнін түсіну үшін, оның
өзіне ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасымен
байланысын ескерудің маңызы зор.
Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар
бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе,
олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін болмыс деген жалпы
ұғым қорытып шығарылды және болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді.
Болмыс категориясын фплософияға түңғыш енгізгендердің бірі ертедегі грек
философы Парменид болды.
Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: Болмыс бар,
болмыс емес жоқ - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша, болмыс еместіні
тануға, білуге тіпті болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе алмайсың. Осыдан
ой мен болмыстың өзара қатынасы келіп шығады. Ойлау мен болу бір дейді
Парменид. Яғни, ойлау мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа
шығара отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.
Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі
формаларын танып білді:
1.Заттар (денелер) болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және
адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;
2.Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық
болмыс болып бөлінеді;
3.Рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және
объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;
4.Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады.
Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде, материалдық болмыс және
рухани болмыс болып екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы
қатынастан философияның негізгі мәселесі - руханидың (ойлаудың, сананың)
руханидан тыс, тәуелсіз объективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі
шықты. Болмыстың барлық басты салаларын қарастырғанда мынадай сұрақ туады:
бұлардың бәрін біріктіретін не нәрсе, шексіз алуан түрлі дүниенің бәрінің
бірлігі неде?
Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне
ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда
субстанция категориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia -
негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың,
құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін,
мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық
нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке
заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция
жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана
өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа
нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде
философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан
және айналадағы дүниенің субстандиялық бірлігінің, шындық дүние
құбылыстарының заңды байланысының тууынан болды. Дүниенің бірлігін бір
субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады. Алайда,
негізге алатын субстанция түрліше болады, субстанция ретінде не материяны,
не рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді
(мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның т.б ілімін) және идеалистік
монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің философиясын) айыра білген жөн.
Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша,
дүниенің екі бастапқы негізі - материалдық және идеалдық субстанциялары
бар. Оның біріншісі - денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух
дүниесі (Р.Декарт).
Материалдық субстанцияның өзін философия тарихында түрліше түсінді.
Мәселен, ертедегі Грецияның Милет мектебінің материалистік ілімінде
дүииенің субстанциясы ретінде заттардың нақты бір формасы алынды: су
(Фалес), ауа (Анаксимен), от (Гераклит) т.с.с.. Алайда, бұл түсініктердің
бәрі субстанцияның жалпылық идеясын жүйелі түрде, қайшылықсыз көрсете
алмады. Дүниенің жеке заттық бастапқы төрт субстанцияның ешқайсысында
қажетті жалпылық пен тұрақтылық болмады.
Левклипп пен Демокрит негізін салған (біздің заманымызға дейінгі Ү ғ),
кейіннен Эпикур әрі қарай дамытқан (біздің заманымызға дейінгі III ғ)
субстанцияның атомистік теориясы ондай кемшіліктерден арылды.
Атомистік теорияда тұңғыш рет атомдардың беріктік принципі
ретінде материяның сақталу принципі нақты, айқын формада ұсынылды. Бұл
теорияда дүниенің бастапқы негізгі, субстанциясы ең ұсақ бөлшектер -
атомдар, олар жоқтан жасалмайды және жоғалып кетпейді, үздіксіз қозғалыста
болады, салмағы, формасы, денеде өзара орналасуы бойынша айырылады деген
пікір ұсынылды.
Атомистік теория жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану
ғылымдарында, атап айтқанда, Ньютонның, Гассендидің, Бойльдің,
Ломоносовтың, Гольбахтың, Дидроның және басқа ойшылдардың еңбектерінде одан
әрі дамуын тапты. Соның негізінде жылудың табиғатының, диффузияның, жылу
өткізгіштің, көптеген химиялық құбылыстардың ғылыми түсіндірмесін жасауға
қол жетті. Ол жарықтың корпускулалық теориясының тууына көмектесті.
Алайда, сол кездегі ғылымның дамуының төмендігі табиғат пен
қоғамның көптеген құбылыстарының мәнін түсіндіруге мүмкіндік бермеді.
Сонымен қатар, Маркске дейінгі материализмнің өкілдері материя
жайындағы ғылымның одан әрі дамуын теріске шығарған бірқатар метафизикалық
үстірт пікірлер айтты. Олар, атап айтқанда, дүниедегі құбылыстардың барлық
байқалатын қасиеттерін таратушы не тірегі ретінде белгісіз бір бастапқы
және өзгермейтін материалдық субстанция бар дегенді мойындады,
заттар пайда болып және жойылып, түрлі өзгірістерге ұшырап
отырғанымен, бірақ субстанция біртекті және оның негізі мызғымайды, оның
сыртқы формасы ғана өзгереді деп санады.
Материалдық субстанцияның сапалық біртектілігі жөніндегі
түсінік дүниенің механистік ұғымының негізі болып келді. Ньютон
механикасының заңдары табиғаттың универсалды заңдары ретінде, табиғат пен
қоғамның барлық басқа заңдарына байланысты болатын болмыстың іргелі
принциптері ретінде қарастырылды.
Материализмге, атомдық теорияға қарама - қарсы субстанция ретінде
түрліше идеалистік теориялар пайда болып, олар дүниенің ең жалпы негізі
ретінде құдайдың жаратушылық идеясын, дүниежүзілік ақыл – ой немесе
абсолюттік рух идеясын т.б. ұсынды. Адам миының қасиеті болып табылатын
психикалық процестерді ми қызметінен бөліп алып, материяны, кеңістік пен
уақытты жаратушы дүниежүзілік ақыл – ой, абсолюттік рух деп жарияланады.
Субстанцияның идеалистік және соған жақын діни түсінігі дүниенің мәні
жайындағы мәселенің шешімін ілгері дамыту былай тұрсын, керісінше,
олар белгісіз бірдеңені одан да гөрі белгісіздеу сиқырды басқа
бірдеңемен - бүкіл әлемдік құдайдың әмірімен, абсолюттік рухпен,
адамның қабылдауына, түсінігіне көнбейтін ғаламат күшпен ауыстырды.
Сөйтіп, идеализм мен дін дүниенің табиғи - ғылыми түсінігін
әрдайым жалған, қияли уағыздармен ауыстырып, адамның санасын шатастырумен
болды. Бұған қарама - қарсы материалист - философтар құбылыстардың табиғи
себептерін ашып көрсетіп, олар материя қозғалысының объективтік заңдарының
әрекетінің нәтижесі екенін түсіндіру мақсатын көздеді. Материализм
дегеніміз дүние, табиғат іс жүзінде қандай болса, оларды дәл сол күйінде,
ешбір қоспасыз ақиқат күйінде түсіндіретін көзқарас. Дүниені осы тұрғыдан
түсіндірудің дұрыстығын ғылымның дамуы барған сайын дәлелдей түсті, сөйтіп
дүние жайындағы діни - идеалистік түсініктердің бәрін дәйекті түрде
әшкерлеп отырды.
XX ғасырда пайда болып өріс алған алуан түрлі философиялық ағымдардың
арасында болмыс мәселесіне көңіл бөліп, жан-жақты қарастырған
экзистенциализм - өмір сүру философиясы болды. Оның түп қазығы, басты
мәселесі - адам, оның осы заманғы шиеленіскен қайшылықтар легі тарихи -
әлеуметтік апаттарға толы жағдайда өмір сүру мүмкіндігі.
Адам және адамзат болмысының елеулі принципті өзгешелігі, өзіндік
сапалық мәні неде деген мәселеге келейік. Әрине, бұл болмыстың да
табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру
белгілері бар. Бұл тұрғыдан алғанда, адам мен заттардың арасында зат,
денелердің арасында дене деп қараудың еш себептігі жоқ. Кезінде кейбір
материалистер мен жаратылыстанушылардың да осындай пікірде болғаны белгілі.
Тек ескертетін жай, бұл көзқарас адамды затқа, объектіге
теңестірушілікке, оны қалай болса солай қуыршаққа айналдырғысы келген
адамгершілікке кереғар пиғылдан аулақ болса ғана өзін ақтамақ. Бірақ болмыс
туралы жалпы философиялық ілім үшін ең алдымен адам қалап өмір сүреді деген
сұрақ төңірегінде ойлану әлдеқашан маңызды. Адам ең әуелі тіршілік иесі,
нақты кісі ретінде, былайша айтқанда, сүйек пен еттен жаралған пенде
есебінде өмір сүреді. Оның тәні, денесі - табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге
келеді, тіршілік иесі есебінде іс - әрекет жасайды, мезгілі жеткенде өледі.
Адам өмірі шектеулі, ол өйткені, болмыс иесі. Табиғаттың бөлшегі ретінде
адамның бүкіл тіршілік әрекеті оның заңдылықтарын бұзбайды. Оған тамақтану,
киім - кешек, жай күйі үшін өзінше жағдай жасау, ыстық - суықтан қорғану,
табиғаттың түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану т.б. қысқасы, тіршілігін
қамтамасыз ету қажет. Сондай - ақ, ол табиғи түрлі тұқым қуалаушылық
заңдарына бағына отырып, жаңа ұрпақтын өсіп - өрлеуіне себепкер болуға
тиіс.

1. Шығыс философиясындағы болмыстың санаты.
2. Ежелгі философиясындағы болмыстың санаты.
3. Орташа ғасырдағы болмыстың санаты.
4. Жаңа уақыттағы болмыстың санаты.
1) Тақырып №4 Таным және шығармашылық
2) Мақсат: Адамның әлемге танымдық қарым-қатынасының ерекшелігі.
3) Дәріс тезистері:
1. Эпистемология - білім ғылымы ретінде
2. Философиядағы абсолютті және салыстырмалы шындық.
Практика түсінігі, оның құрылымдық элементтері. Практика мен танымның
өзара байланысы. Адамның әлемге деген танымдық қатынасының мәні. Танымның
құрылымы, деңгейлері. Танымның сезімдік, рационалдық, интуитивтік
формалары. Адамның әлемге деген танымдық қатынасының нәтижесі мен мақсаты
ретіндегі ақиқат түсінігі. Ақиқат үдеріс ретінде. Практика ақиқаттың шешуші
өлшемі ретінде: ақиқаттың қасиеттері, белгілеріТаным – бұл адамның бейнелеу
әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген
білім алу үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным
дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс.
Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады.
Ол еңбек құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам
еңбек құралдарының көмегімен заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын
сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып, әлемнің құпиясына
үңіледі.Таным процесінде объект затсызданады (распредмемивается) және өмір
сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды – идея немесе образ түріне өтеді.
Игерілген объективті мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік
заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, соның ішінде келесі
практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни үнемі жаңа практикалық
процеске тартылып, іс – қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген
адамилық адамдардың белгілі бір құралы, адами күш, мән, адами қабілет
ретінде қатысады.Таным процесі әруақытта әлеуметтік қатынастар мен мәдениет
әлемінің белсенді ықпалымен іске асып отырады.Философияда практика деп
адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе өзін
өзгертуге бағытталған әрекетін айтады. Практиканың негізгі түрі - еңбек.
Еңбектің арқасында табиғи күштер өзгертіліп, табиғи заттар өңделіп, адамдар
қызметінің құрамдас бөлігіне, адамға қызмет ететін құралдарға айналып
отырады. Практиканың саяси, басқару, тағы да басқа формалары бар.1)практика
– танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы. Практиканың нақты сұраныстары
танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін
іс - әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Көне Египетте жер өңдеу
геометрия мен математиканың тууына себеп болды, ал кеме жөндеу мен сауда
ісі астрономия мен басқа ғылымдардың дамуын жеделдетті.2)практика - өзінің
сұраныстарымен танымның мақсаты. Адамдар алатын білім оларға өмірде
пайдалану үшін қажет, өйткені білім заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын
өндіретін өндіріс үшін бірден – бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса
маңызды қажеттілікке айналып отырған радио, теледидар физика және басқа да
ғылымдардың жетістіктері нәтижесінде пайда болған. Егерде білім практикада
қажет болмаса, оның әлеуметтік құндылығы төмендей береді.3)практика – адам
білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми болжамдар мен
теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ,
бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы
көптеген болжамдар мен идеяларды практика жүзінде тексеруге немесе
бағалауға болмайды. Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу
үшін басқа да тәсілді қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу. Осы
айтқандарымыздың бәрін қысқаша қорытсақ, практика дегеніміз – қоршаған орта
мен өзін - өзі өзгертуге бағытталған адамдардың нақты іс - әрекеті. Оның
негізгі түрлері:Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып,
мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі.Таным – адамның
нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік
процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар
туралы білім пайда болады.Таным теориясы немесе гносеология – таным
табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін
философия ғылымының бір бөлігі.Таным теориясы туралы термин философия
ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді.
Өйткені танымнан тыс білім де, ғылымда да болуы мүмкін емес.Философия
тарихында таным теориясына ерекше мән беріп, оның ерекшеліктерін анықтаған
философ Кант.Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық
ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының
дербес бөлімінің ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

6. Иманқұл, Н. Іліми философия: дәрістер Н. Иманқұл. - Алматы: Эверо,
2015.
6) Бақылау сұрақтары:
1. Білім және таным. Білім мен сенім.
2. Білім құрылымы.
3. Шебер және ұтымды білім.
4. Білім философиясында ақиқат түсінігі.
5. Абсолютті және салыстырмалы шындық.
1) Тақырып №5 Білім, ғылым, техника және технологиялар

1. Білім беру философиясы
2. Практика түсінігі
Білім беру сферасының болашақтағы алар орны мен атқарар қызметінің
шексіз екендігі ол зандылық. Нақтырақ айтар болсақ болашақтағы әрбір
адамның тұлғалық қасиетінің анықталуы, оның білімділігі, тапқырлығы,
ақылдылығы, дүниеге деген көзқарасы мен адамгершілігі осы тиімді білім
берудің негізінде сомдалады, демек қоғамның эконмикалық, руханилық
потенциалы, жалпы тұтас өркениет осыған келіп тіреледі. Бүгінгі ХХ
ғасырдағы туындап отырған ғаламдық тенденцияларды анализдеу өзекті және
манызды мәселеге айналып, олардың болашақтағы адамзат өркениетінен келіп
туындайтын алапат жағдайларына қарсы тұруға шақырады. Бұл жан айқай білім
беру сферасынан тікелей орын алып, қоғамда, әлеуметтік ортада білім беру
сферасын нақтылап, оның болашақтағы атқару қызметін айқындай түседі.
Тұлғаның және барлық адамзат қауымдастығының рухани дүниесінің,
адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына тікелей байланысы бар біршама
технологиялық сфераларды бір арнаға түсіруге тура келеді, дегенмен білім
беру сферасы өзінің басты интегративтік қызметін, яғни рухани біртұтастық
пен адамдардың бір бірін түсінудегі қабілеттерін әлі күнге дейін арттыра
алмауда. Ол өзінің болашақтағы біршама манызды дүниелерді болжаудағы,
мәдени білімділікті және діли ұқсастықты ұсынудағы міндетің атқаралмайынша
өткір мәселелер өз шешімін таппай оның әртүрлі сфераларында сол күйінде
қала бермек.
ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың таң қалдырар айқын жетістіктерінің
дәмін татқандар, білім беру сферасын әлемнің түкпір түкпіріне тез арада
жеткізуге мүмкіндік тауып, технократтық бағыттағы білімге, тапқырлыққа және
соған дағдылануға алып келді. Өзінің осы міндетін білім беру саласы
мүмкіндігінше табысты атқаруда. Дәл осы бағытта ұстаздар өз мүмкіндігін
көрсетуі тиіс, методикалық өнделген материалдар, әр түрлі жаңа компьютрлік
құралдар мен ақпараттық техникалар және т.б. психологиялық оқытушылық
позициялары әрдайым айтарлықтай анықталмаса да осы міндеттер ұстаздарға
жүктелген. Адамдарды қоршаған материалдық және рухани дүниелердің тұтас
бейнесі жас ұрпақтарды қалыптастыруда, олардың әрбірінің ұғыну қабілетіне
тән тұтас адами қауымдастық, рухани, мәдени, ізгілік құндылықтарының
ұрпақтан ұрпаққа берілуі, олардағы ұлттық және жалпы адамзаттық
түсініктері, тәрбиелік, гуманитарлық білімдерде негізделіп жүзеге асуда.
Білім берудің философиялық статусын анықтау өте қиынға соғады. Бүгінгі
танда білім берудің философиялық статусын анықтауда үш негізгі тәсіл нақты
түрде ұсынылып отыр.
Олардың біріншісі, білім берудің философиясы деп, ерекше қолданбалы
философия тұрғысында философияға қатысты білімдердің көп салаларының бірі
ретінде таңыуы. Бұл тәсіл білім берудің статусымен және оның біршама тұтас
бейнеде дамудағы зандылықтарын негіздеуде жалпы философиялық жағдайды
пайдалану толықтай жеткілікті деп санап, осылайша білім берудің көп
жоспарлы қызметтеріне жүйелі, мақсатты аспектлерін ұсынады. Осыдан келіп,
білім берудің философиясы жалпы философиялық доктриналарды(позитивизм,
антипозитивизм, эмпиризм, релятивизм, реализм, постмодернизм,
экзистенциализм, прагматизм, неотомизм, персонализм және т.б.) айналып
өтуге тура келеді, немесе оқытушылықпен түйісуге алып келеді(оқытушылық
методологиясымен), яғни олардың өзіндік болмысының ішкі мәніне үнілу
арқасында.
Білім берудің философиялық статусының екінші тәсілі, негізінен
мобилизациялаудағы тәрбиелеу ресурстарын қорғауға, сақтауға бағытталып,
оған қол сұғқандарға жол бермей дамуына шара жасап бағады. Білім берудің
философиялық дамуының тұтастығына күмән туады, яғни оның жеке дара ғылым
ретінде. Сондықтанда тәрбиелеу методологиясымен немесе жалпы тәрбие беру
шенберінде философиялық негіздегі күрделі сұрақтарды шешу негізінен
жеткілікті.
Білім берудің философиялық статусының үшінші тәсілі алдынғы екеуінен
түбірімен өзгешерек келеді. Оның негізінде –білім беру философиясының
қалыптасуындағы дедуктивтік және индуктивтік логиканың үйлесімділігі пән
аралық ғылым салаларының толықтырушысы ретінде орын алады.
Әрине, жалпы философиялық идеялардың дедуктивтік таралуы және білім беру
сферасының ерекше орын алуы мүмкіндік пен қажеттілікті тудырады. Сонымен
қатар, плюралистік философиялық тәсіл қайда демократия және қызығушылық
болса, сонда тек бір философиялық доктринаның жетегінде болуын қатан
қадағалап жалғыз идеологиялық талаптармен тыйып отырады. Индуктивтік
логика білім беру философиясының қалыптасуына толықтай ықпал етіп, білім
берудің шенберін практикада ашып көрсету, жана идеялардың пайда болуына
алып келеді және білім берудің философиялық мәніне назар аударып тіршілікке
қолайландырады. Сонымен қатар логиканың дедуктивтік ойлау формасында
теріске шығармайды. Білім берудің философиялық тұрғыдағы даму жолына
осындай терен талдау жасау қажетті нәрсе болып танылады.
Осылайша, білім берудің философиясы – қолданбалы философиядан
өзгешелігін көрсетеді. Бұл ғылыми білімнің толықтай өз бетімен дамып
отыратын арнасы болмақ, яғни астарында тек қаншалықты жалпы философиялық
ілімдердің болуынан емес, оның барлық қызметтеріндегі білім беру сферасының
дамуына объективтік зандылықтардың орын алуынан(яғни олар әрине бұны
ескеруге тиісті).
Ғылым ретінде білім берудің философиялық пәні болып мыналар, яғни
білім беруге тікелей қатысы бар фундаенталдық негізгі функциялары мен білім
берудің дамуын, пән аралық теорияларын, зандарын, зандылықтарын,
категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, қағидалрын, постулаттарын,
ережелерін, методттарын, гипотездерін, идеялары мен фактлерін жатқызуға
болады.
Білім берудің құндылық сипаттарын бір бірімен байланыстағы үш негізде
ұсынуға болады: білім беру бұл мемлекеттік құндылық ретінде; білім беру бұл
қоғамқұндылығы ретінде; білім беру бұл тұлға құндылығы ретінде.
Қоғам мен мемлекет ұғымдары бір біріне ұқсас емес, ал олардың
арасындағы өзара қатынастар өте күрделі болып келеді. Білім берудің дамуы
барысында мемлекет пен қоғам ұмтылыстары әрдайым сәйкес келебермейді.
Мемлекет аясында білім берудін беделі алда тұрғанымен, яғни қоғам
денгейінде де, мемлекет амалсыздықтан берген уәдесін орындағандай білім
берудің даму қарқынына ат салысады. Қоғамның шындалуының анықталу мәні,
білім берудің беделінің мемлекеттік сатыдан қаншалықты көрінуінен.
Білім берудің қоғамдық мемлекеттік мәнінің анықталуы барлығының
белсенді түрде ұжымдасып әрекет етуіне тәуелді емес, олар ең басты — білім
берудің тұлғалық құндылығын, яғни жеке өзінің біліміне бағытталған адамдар
қатынасындағы талпыныстары мен индивидуальдық мотивтеріне түрткі
болалмайды. Шектен шыққан кез келген көзқарастар анық тиімді шешімдерді
тудыруға дәрменсіз. Олардың пайдадан көрі зиянды көбірек әкелуі таң
қалдырмайды.
Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған
сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай
келеді.
Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш
күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді,
еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.
Ғылыми - техникалық революция ұзақ процесс, оның ғылыми – техникалық,
әлеуметтік алғышарттары бар. Ғылыми – техникалық революцияның пісіп –
жетілуіне негіз болған бастау – XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басындағы
жаратылыстанудың жетістіктері. Солардың нәтижесінде материяның құрылымы
туралы пікір өзгеріп, әлемнің жаңа үлгісі қалыптасты. Электрон,
радиоактивтік құбылыс, рентген сәулелері, салыстырмалы теория мен кванттық
теория ашылды. Микроәлемде, үлкен қозғалыстар мәселесінде түбегейлі
өзгерістер болды.
Техникада да ірі жаңалықтар дүниеге келіп, өндірісте және транспортта
электр қуатын пайдалану бұл саланың дамуын жеделдетті.
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару,
ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла
бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен
работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді
автоматтандандырылуына жол ашты.
Ғылыми – техникалық революцияның қазіргі дамуының мынадай маңызды
ерекшеліктері бар:
1. ғылым тікелей өндірістік күшке айналды;
2. ғылым қоғам дамуының негізгі факторы ретінде жаңа еңбек бөлісінің
қалыптасуына ықпал етті;
3. өндірістік күштердің барлық элементтері – еңбек нысаны, өндіріс құралы
және жұмысшының өзі де үлкен сапалық өзгерістерге ұшырады;
4. еңбектің сипаты мен мағынасы өзгерді, онда шығармашылық бастаудың маңызы
жоғарылады;
5. қарапайым қол еңбегі механикаландырылған басқарумен алмастырылды;
6. жаңа энергия көздері мен жасанды материалдар пайда болды;
7. бұқаралық коммуникация үлкен көлемде дамып, ақпараттық іс - әрекеттің
әлеуметтік және экономикалық маңызы артты;
8. халықтың жалпы және арнайы білімі мен мәдениеттің деңгейі өсті;
9. бос уақыт көбейді;
10. ғылымдардың өзара байланысы көбейді, күрделі мәселелердің кешенді
зерттелуі және әлеуметтік ғылымдардың рөлі арта түсті.
Қазіргі қоғамда ғылыми – ақпараттық технологиялар өмірге жан – жақты еніп,
энергетикалық, шикізаттық, транспорттық және басқа да шығындардың
редукциясы ұдайы болып отырады.
Табиғатқа, қоршаған ортаға деген қатынас өзгеріске ұшырады. Білімді өндіру
үлкен қарқынға ие болды. Қазір кім ақпаратты тез алып, оны уақытында
пайдаланады, сол әлемді билейді.
Ғылым мен техниканың дамуы бұрын – соңды болмаған жаңа қайшылықтарды
туындатады. Оның әлеуметтік салдары бүкіл адам баласының тағдыры үшін
қауіпті. Рим клубының ұйымдастырушыларының бірі. А.Печчеи техниканың
басқаруға мүмкін емес анархиялық факторға айналғанын көрсетеді. Адамдардың
теориялық білімдерінің аясынын кеңігендігі соншалықты лазер, антиматерия,
голография, жоғары өткізгіштік сияқты құбылыстар пайда болады. Осы жағдай
оның ролін мүлдем өзгертті. Өзі тудырған жағдайды басқарып, оны керек
бағытқа бұрып отыру қажет. Яғни, адамның әлеуметтік жауапкершілігі
жоғарылады.

3. Қазіргі ғылыми – техникалық революцияның мәні
4. Қазіргі – техникалық революцияның әлеуметтік салдары
1) Тақырып №6 Адам философиясы және құндылықтар әлемі
2) Мақсат: Батыс философиясындағы адам мәселелерінің ерекшеліктері.
3) Дәріс тезистері:
1. Философиялық антропологияның негізгі ерекшеліктері
2. Антропоциогенез проблемасы.
Адам болмысы философиядағы басты проблемалардың бірі болып табылады.
Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық
мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін анықтайды. Адамның философиялық
концепциясы ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере
отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі
формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен
бірге заттық- практикалық қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып
табылатын тіл мен еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін
үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды
адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді
тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және
өміршеңдік бессмертия мәселелері, өлуге құқылы Эвтаназия мәселесі,
адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты
философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да
актуальды. Бірыңғай әлемдік қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты
интеграциялық процестер қазіргі заманда адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан
қарастыруды біргейлі идеясын адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-
қатынасының философиялық негіз етіп алады. Адам туралы алғашқы идеялар
философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің
заманымызға жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет
берді. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан
түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған
философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл
осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда
болды. Адамдардың антропологиялық жалпы белгілері бойынша топтасқан
бірлестігі – нәсіл деп аталады. Нәсіл – шығу тегіне және әртүрлі тұқым
қуалайтын ерекшеліктеріне байланысты бірлескен – адамдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz