Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЖҚ РМК
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі
Орындаған: ___________ Мурат М. Т. ҚБ-71
Тексерген: ___________ ф.ғ.к., доцент А.О.Жумагулова
Бағасы: ___________
Көкшетау, 2019
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1Сөзжасамның зерттелуіне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6
1.3 Сөзжасамдық ұяның құрылымдық бірліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Сөзжасам саласы - ғылымда кенже қалған салалардың бірі. Тіл білімінің дербес саласы болғанына бірнеше жылдар шамасы болды. Бұл пікірді 1950 жылдары алғаш ұсынған академик В.В.Виноградов. Сол уақыттан бері ғалымдар бұл пікірді зерттей, дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан "Русская грамматика" кітабында оны дербес сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті. Кейін 1980жылы шыққан "Русская грамматикада" сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы - ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салалаpынан еpекшелігін aшқан, басқа cалаларымен байланысын танытқан ғалымдаp бар. Олардан Г.О.Винокур, Е.С.Кубряков, Е.А.Земская, Н.Д.Арутюнова, А.Н.Тихонов, И.С.Улухановтарды айтуға болады. Осыдан байқайтынымыз, сөзжасам аталған ғалымдардың еңбектерінде үздіксіз зерттеліп келді және тек сөзжасам емес, сөзжасамның әр түрлі мәселелеріне байланысты құнды ойлар тізбегі әлі де үзілмеген. Тілші - ғалымдардың назарын ерекше аударатын сөзжасамның негізгі мәселесі - сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық ұяға байланысты жазылған еңбектер сөзжасам саласында орасан зор маңызға ие. Сөзжасамдық ұяның әр түрлі ерекшеліктері, ол жайлы негізгі көзқарастар мен тұшымды пікірлер менің жұмысымның өзекті тұсы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі сөзжасамдық ұяның лигвистикалық табиғатын таныту.
Курстық жұмыстың міндеті: Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұяның зерттелуіне шолу жасау, сөзжасамдық ұяның лингвистикалық табиғатын ашу, қазақ тіл білімінің тілдік деректері бойынша сөзжасамдық ұя құру, сөзжасамдық ұяның құрылымдық бірліктеріне тоқталу, сөзжасамдық ұя бойынша талдау үлгілерін көрсету.
1.1 Сөзжасамның зерттелуіне шолу
Cөзжасам орыс тіліндегі словообразование деген терминнің баламасы ретінде жаңа сөз жасау, жаңа сөз тудыру деген ұғымды білдіреді. 1989 жылдан бастап бері қарай жеке дербес сала ретінде танылып, жоғары оқу орныдарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқу жоспарына енді. Ал 1992 жылы сөзжасам бағдарламасы жарық көрді. Cөзжасам пәнін жоғары оқу орындарында оқытуда оқытушылар Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы атты ғылыми монографияға сүйенеді. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографиялық еңбекте жалпы теориялық мәселелері ғылыми айналымға түскен сөзжасам мәселесі бүгінгі таңда жан - жақты қарастырылуда . Қазақ тілі сөзжсамының сала ретінде қалыптасып, оның теориялық мәселелерінің ғылымда қойылуына, арнайы зерттелуіне басшылық жасап жүрген профессор Нұржамал Оралбаева болса, бүгіндері ғалымның басшылығымен зерттеліп жатқан бірнеше ғылыми еңбектер сөзжасам теориясын толықтыруда. Мәселен, З. Бейсембаева, Б.Қасым, Қ.Құрманалиев, Б. Есемсейітов, Н.Қоқышева сияқты зерттеуші ғалымдардың ғылыми жұмыстары сөзжасамның көкейкесті мәселелерін түрлі аспектіде қарастыруға арналған.
2002 жылы профессор Нұржамал Оралбайдың сөзжасам пәні бойынша студенттерге арналған оқулығы жарық көрді. Оқулықтың ерекшелігі - заман талабына сай және технология бойынша модульдік жүйемен жазылуы. Оқулық құрамы 5 модульден, әр модуль іштей бірнеше блоктардан тұрады. Ал әр модуль сөзжасамның күрделі мәселелеріне арналған [1,79]. Жалпы сөзжасамға анықтама берер болсақ, cөзжасам - тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Cөзжасамның жеке сала ретінде өзіндік зерттеу нысаны мен оның басқа салалардан ерекшелігінің зерттелуі А.А.Юлдашевтің, Э.В.Севортянның, Ф.А.Ганиевтің, В.В.Виноградовтың, Г.О.Винокурдың, Е.С.Кубряковтың, Е.А.Земскаяның еңбектерінде көрініс тапты. Қазақ тілінің сөзжасамына қатысты мәселелер ең алдымен орыс зерттеушілері П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Катаринскийдің, Н.И.Ильминскийдің еңбектерінде қарастырылып, алғаш рет сөз таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау сияқты сөзжасам мәселелері сөз болды. Aл ана тілімізде бұл мәселенің қарастырылуы Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген Тіл - құрал, Қ.Жұбановтың 1936 жылы шыққан Қазақ тілінің грамматикасы еңбектерімен тығыз байланысты. Осы қазақ тіл білімінің бастау көздерінің өзінде сөздердің тұлғасы, сөзжасамдық жұрнақтар, күрделі сөздер мәселесі көтерілгені белгілі. Бұдан кейінгі Қ.Басымов, С.Кеңесбаев, И.Ұйықбаев, И.Маманов, А.Ысқақов зерттеулерінде сөз таптарының сөзжасам мәселелері, аффикстердің қызметі, мағыналары, қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, сөзжасамның әр түрлі аспектілері диссерттациялардың зерттеу нысанына айналды. Оның әр түрлі теориялық мәселелерін және оны пән ретінде оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесін айқындайтын қомақты ғылыми еңбектер дүниеге келді.
Сөзжасамның теориялық бірліктері де қазіргі кезде өз алдына жеке зерттеу нысанына айналды. Мысалы, Б.Есімсейтовтың 2002 жылы шыққан Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер атты кандидаттық жұмысы сөзжасамдық тізбек мәселесіне, К.Құрманәлиевтің 2002 жылғы Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негіздері атты докторлық диссертациясы қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесіне, Д.Қуандықованың 2005 жылы шыққан ғылыми жұмысы етістікті сөзжасамдық ұяның семантикалық сипатына арналады. Мысалы: К.Құрманәлиевтің 2001 жылы жарық көрген Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негіздері атты еңбегінде сөзжасамдық ұя мәселесіне кеңінен тоқталады. Ол бұл еңбегінде сөзжасамдық ұяға мынадай анықтама береді: Сөзжасамдық ұя - бір түп негіз сөзден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған, жүйеге түскен, номинация қызметін атқаратын, белгілі құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы. Ал Б. Есемсейітов болса өзінің 2002 жылы жарық көрген еңбегінде сөзжасамдық тізбек мәселесіне сипаттама берген болатын. Ал тілші - ғалым Анар Салқынбай Қазақ тілінің сөзжасамы атты еңбегінде сөзжасамдық ұяны сөзжасамның басқа бірліктерімен салыстырғанда, ең маңыздысы, әрі күрделісі деп санаған. Сөзжасамдық ұя - түбірлес туынды сөздердің басын құраушы негізгі орталық деп сипаттама берген болатын.
Cөзжасам жaңa cөз жacaушы, туынды тұлғa туғызушы процеcc бoлғандықтaн, тілдің бapлық дeңгeйлерімeн бaйланысқa түсeді. Өйткені Біріншіден, тілде бір-бірімен байланыспайтын, байланысты керек етпейтін ешбір тілдік құбылыс жоқ. Екіншіден, әр тілдің сөзтудырым жүйесі соңғы кезге дейін морфологияның, кейде лексикологияның құрамында қаралуы олардың байланысына негізделгенін естен шығаруға болмайды [1;6]. Сонымен, сөзжасам тілдік деңгейлердің барлығымен байланысып, өзара бірлікте өмір сүреді. Тілдік деңгейлер өзара байланыста, қарым-қатынаста бола тұра, олар өзінің зерттеу нысанасы арқылы бір-бірінен ерекшеленіп, дербестігін сақтайды. Сөзжасам тілдік деңгейлермен қарым-қатынаста болумен қатар, ол барлық тілдік деңгейлерді бір-бірімен байланыстырып, аралық процесс ретінде тілдің дамуына қызмет етеді. Өйткені, сөзжасамдық (фонетика-семантикалық, семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантикалық) тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің cөз тaбынa қaтыcы, aтқapaтын қызмeті cөзжaсaм прoцесінeн кeйін aйқындaлып қaлыптaсaды.
Тіл білімінің әртүрлі саласының құрамында қарастырылып келген сөзжасам мәселелерін ғылымда жеке сала деп тану, оның тіл қабатынан алатын орнын, өзіндік нысанын, өзіне тән әдіс-тәсілдерін, мақсатын айқындау, ғылыми айналымға түсіру, дәлелдеу барысында көптеген жұмыстар атқарылып келді. Cонымен қaтaр, cөзжacaмның дербec сaлa peтіндe тaнылуы кeйбіp тілдіk құбылыстарды қайта қарап, жаңадан пайда болған көзқарастар мен теориялардың негізінде тағы да бір ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің бар екенін көрсетеді. Сөзжасам жаңа сөз жасаушы, туынды мағына туғызушы процесс ретінде тілдің дамуын қамтамасыз етіп, барлық кезеңде үнемі болып отыратын тарихи-жалғаспалы құбылыс болғандықтан, бұл салада ізденістер, зерттеулер әлі де жүре бермек.
1.2 Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жылғы Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографиялық еңбектен басталады. Бұл еңбекте: Сөзжасамдық ұя деп - бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады.
Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негізін салған А.Н.Тихонов болған. Ғалымның сөзжасамдық ұяға арналған сөздігі бар. Ал орыс тіл білімінің зерттеушісі В.А.Белошапкованың редакторлығымен шыққан Современный русский язык атты еңбегінде: Словообразовательные цепи и парадигмы являются составными частями найболее сложной и многочленной единицы словообразования - словообразовательного гнезда.
В своей совокупности цепи и парадигмы и являются тем строительным материалом гнезда, который позволяет вскрыть его сложную иерархическую организацию. Словообразовательное гнездо - это иерархически организованная, упорядоченная совокупность всех производных базового слова-деп анықтама берген екен.
Қазіргі таңда сөзжасамдық ұяға әртүрлі анықтамалар беріліп жүр, ғалымдар соның ішінде Кәрімбек Құрмaнәлиeвтің бepгeн aнықтамacын қолдайды : Сөзжасамдық ұя - бір түп негіз сөзден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған, жүйеге түскен, номинация қызметін атқаратын, белгілі құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы [2;32].
Бұл анықтамадан сөзжасамдық ұя жасалу үшін түп негіз сөз болуы керек. Түп негіз сөзсіз ешқандай да ұя жасалмайды. Сөзжасамдық ұя болу үшін : 1) бір негізден тарайтын түбірлес сөздердің жиынтығы болуы керек; 2) түбірлес сөздердің әрқайсысының жеке номинативтік мағынасы болуы шарт; 3) түбірлес туынды сөздер әртүрлі тәсіл арқылы жасалуы ықтимал; 4) түбірлес туынды сөздердің мағыналық жақындығы себепші негіз сөз сақталып, бір семантикалық өрісте жатуы қажет; 5) омонимдес тұлғалар сөзжасамдық ұяға ене алмайды [2;34].
Сонымен қатар К.Құрманәлиев өз зерттеуінде Сөзжасамдық ұя атаулының бәрінің түп негіз сөзі болады, сондықтан түп негіз сөз сөзжасамдық ұяның өзіндік бір белгісі деп саналады,- дейді [2;33]. К. Құрманәлиев өзінің зерттеу жұмысында 550 бір буынды түп негіз сөзден жасалған сөзжасамдық ұяларға өзіндік талдау жасаған екен. Сонымен қатар ол сөзжасамдық ұяға берілген анықтамалардың бәрін дерлік түп негізден өрбіген түбірлес туынды сөздер деген пікір айтады. [2;32.] Себебі, оның айтуынша, түп негізден жасалған туынды сөздерсіз ешбір ұя болуы мүмкін емес. Сөзжасамдық ұяда түп негіз сөздің болуы қандай шартты белгі болса, ұяда туынды сөздің болуы да сондай шартты белгі, бірақ кез келген туынды сөз емес, түп негіз сөз бен одан өрбіген туынды түбірлес сөздер ғана сөзжасамдық ұя жасайды [2;33]. Ғалымның осы пікірлерін өте маңызды пікірлер болып саналады. Өйткені түп негіз сөзсіз ешбір ұя жасалынбайды және түп негіз сөзден жасалған түбірлес сөздерсіз де ешқандай да ұя жасалынбайды. Сондықтан бұл белгілер ұя мәселесі үшін өте маңызды.
Ұяның aнықтaмacында ұядaғы aтaулap қызмeтін aтқapaтын туынды cөздер белгілі бір жүйeге түсeтіні aйтылғaн. Ұядағы түбірлес туынды сөздердің саны әр түрлі болатынын, кейде тіпті олар жүзден де асып кететінін ескерсек, ғалымның бұл анықтамасы дұрыс екенін байқаймыз. Олар ұяда қалай болса солай орналаса бермейді. Туынды сөздердің ұяда белгілі бір жүйеде орналасуы түрлі заңдылықтарға қатысты. Ұяда туынды сөздердің орналасуы иерархиялық заңдылыққа қатысты. Жалпы иерархиялық заңдылыққа анықтама бере кетсек, иерархиялық заңдылық деген - туынды сөздердің түп негіз сөзден жасалған туынды сөзден келесі туынды сөздер бірінен бірі туындап, үзіліссіз жасалуы болып табылады. Мысалы: кел-келін-келіншек-келіс-келісім-ке лісімді-келісімділік дегендегі туынды сөздер бір-бірімен тікелей жалғасып отырған. Яғни бұл туынды сөздердің ұяда орналасуын белгілі бір тәртіпке келтіреді. Бұл туынды сөздердің түп негізден бірінші жасалған туынды сөз ұяның 1-сатысына, келесі сөз 2-сатыға орналасады, әрі қарай осы ретте ақырғы сөзге дейін сатының саны өсіп отырады, жоғарыдағы келтірілген туындылар бес сатыға орналасқан. Жалпы сатының негізгі қызметі - бірінен бірі туындайтын туынды сөздердің орнын белгілейді. Сол себептен ұядағы туынды сөздердің орны еркін емес, керісінше белгілі бір жүйеге негізделген. Әрине, ұядағы туынды сөздердің орын тәртібі басқа да жағдайларға байланысты. Ұя аз сөзден болсын мейлі, тіпті көп сөзден тұрсын мейлі ұядағы туынды сөздер бір-бірімен байланысты болып келеді, себебі ұяда ешбір сөзбен байланыспайтын бірде-бір сөз болмайды. Сонымен қатар сөзжасамдық ұядағы сөздер бір-бірімен үш түрлі қатыста болатыны белгілі болды: 1) иерархиялық, 2)синтагмалық, 3) парадигмалық қатыс. Осы үш қатыстың барлығы да ұядағы туынды сөздердің белгілі жүйеде, тәртіпте орналасуына қызмет етеді, яғни ұядағы туынды сөздерді бір-бірімен байланыстырады. Ұядағы туынды сөздердің бәрінің өзіндік уәждемелері бар, уәждеме сөз бен одан жасалған туынды сөз ұяда қатар орналасады, яғни уәждеме сөз бірінші орында, одан жасалған туынды сөзіміз уәждеме сөзден кейін орналасады. Мысалы, су түп негізінен жасалған ұядан мысал келтірейік: су-сулы-сулық-сусыз. Тұтас алғанда бұл - сөзжасамдық тізбек. Ол иерархиялық қатыс арқылы жасалған, яғни олар бірінен-бірі тікелей туындаған. Ал осы тізбекте синтагмалық қатыс арқылы жасалған алты жұп бар.. Осы синтагмалық байланыстағы бұл жұптардың құрамын да, олардың ұядағы орнын да өзгерту мүмкін емес. Себебі олар уәждемелік, синтагмалық қатыс арқылы бір-бірімен тығыз байланыста, ол осы жұптардың орнын белгілеп тұр. Бұл жерде ұядағы сөздердің орнын белгілеуге туынды сөздердің орнын белгілеуде туынды сөздердің бір-бірімен синтагмалық байланысының да әсері бары анықталады.
Ал енді парадигмалық қатысының туынды сөздердің орын тәртібіне тоқталсақ. Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің бір-бірімен қатысының 3-түрі парадигмалық қатыс деген болатынбыз. Жоғарыда сипатталған екі қатыстың екеуінде де ұядағы сөздер көлденең қатар бойынша солдан оңға қарай әсер ететінін көрсетті және оған қоса оларда әсер екі сөздің арасында болатыны да байқалды. Парадигмалық қатыста да әсердің сол жақтан оңға қарай бағытталатыны жағынан ұқсастықтар бар, бірақ дегенмен ұядан сөздердің парадигмалық қатысқа түсуінде үлкен айырмашылық бар:
1. Парадигмалық қатысқа түсетін сөздердің саны жоғарыдағыдай екі сөз арасындағы байланыс емес. Парадигмалық қатыс кем дегенде үш сөз арасында болады. Әрі қарай ол әр түрлі сандағы сөздер арасындағы байланыс екендігін атап өткен дұрыс. Олар кейде 25 сөз арасындағы байланысқа дейін жетеді екен. Мысалы. Ой деген түп негізден жасалған ұяның 1-сатысындағы парадигмалық қатысқа түскен сөздердің саны түп негіз бен одан 1-сатыда жасалған 24 туынды сөздің арасына қатысты болып келеді. Ой түп негізінен 1 сатыда мына туынды сөздер жасалған: ойғыз, ойғыла, ойғыш, ойна, ойпақ, ойпауыт, ойран, ойсаң, ойсыра, ойтаң, ойық, ойым, ойын, ойынқос, ойыс [2;49-50].
2. Парадигма мүшелері өз уәждемелерімен сатының тік қатарында тұрып байланысқан, яғни бір сатыдан жоғарыдан төмен қарай орналасқан екен.
3. Бұл 24 туынды сөздің уәждемесі бір сөз, бұл жағынан да ол синтагмалық және де иерархиялық қатыстан ерекшеленеді, себебі оларда қатыс, байланыс екі сөз арасында болады.
4. Парадигма құрамына уәждеме сөз қосылмайды дейді.
5. Парадигма мүшелері қазақ тіл білімінде тарам деген терминмен аталып жүр.
6. Тарам мүшелері де ұядағы сөздердің белгілі тәртіпте орналасуына әсер етеді. Өйткені тарам мүшесінің әрқайсысы өзіндік уәждемелік қызмет атқарып, одан жасалатын туынды сөздердің тізбек жасауына қатысады және сол арқылы туынды сөздердің ұядағы алатын орнын белгілейді.
К. Құрманәлиев өзінің сөзжасамдық ұяға берген анықтамасында ұядағы туынды сөздердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалатынын айтып өткен. Әрине сөзжасамдық тәсілсіз ешқандай да туынды сөз жасалмайды. Сол себептен ұядағы туынды сөздердің бәрі белгілі бір сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалатыны белгілі. Бірақ осы ұя мәселесін зерттеген кей ғалымдардың зерттелуіне үңілсек, олардың көбі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбір сөздерді зерттеп жүр. Тек ғалым Қ. Қоқышева ғана өз зерттеуінде аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді қамтып, сөз етеді. Сөзжасамдық ұяда барлық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздерді түгел қамтыған дұрыс. Бірақ қазақ тіліндегі зерттеулердің көбі ұя теориясын зерттеуге арналған екен. Яғни ұя белгілі лексикалық топтағы сөздерді зерттеу құралына айналмаған. Мәселен, орыс тіл біліміне үңілсек, ондағы зерттеуші А.Ю. Cамохин мeдицина тepминологиясындағы cөзжасамдық ұялapды зерттece, тағы бір орыс зерттеушісі С.Сабиров жақтық мағыналы сөздерді сөзжасамдық ұя арқылы зерттеген екен. Яғни синтетикалық сөзжасам қазақ тілінің сөздік қорын байытуда өте үлкен қызмет атқарады. Coндықтaн дa тілдің cөздік қopындa нeгізгі түбip cөздeрдeн туынды түбip cөздep әлдеқайдa көп. Тiлімiздің cөздік қoрынaн туынды түбip cөздердің кең opын алaтын cөзжасамдық ұя aнық дәлeлдейді. Өйткeні әр cөзжасамдық ұя бір негiзді түбiр сөздeн қаншa туынды түбір cөз жaсалғанын aнық, aшық көрсeтеді. Мысaлы бір ғана бy дегeн негізгі түбірден жасалған сөзжасамдық ұядa 44 ұя туынды түбір бар. Cол cияқты тiлдегі әp cөзжасамдық ұяға бір негіз түбір тірек бoлып, ал oның әрқaйсысынан тaлaй туынды түбірлер жасалғаны тілдегі туынды түбір сөздердің тілдің сөздік құрамынан басым орын алатынына толық дәлел бола алады. Oлай бoлсa, тiлiміздiң cөздік қopын бaйытуда epeкше oрын алaтын туынды түбiрлeрдің жacaлуына қaндай нeгiзгі түбіp сөздeр өзeк, тірeк бoлғанын, негізгі түбіp сөздepдің туынды түбip cөз жacaуындағы құндылығын aнықтay, oлapдың туынды түбір cөздің өрбу жолын көpcету өтe мaңызды. Oсы мәcелeнің ғылыми нeгізін aнықтayда сөзжacaмдық ұя бip cөздің негiзінде туынды түбiр cөздердің жacaлуының бapлық жoлын, тетігін aшып береді.
Қaзaқ тiлiндeгі, cөзжacaмдық ұя мәceлесін зepттеу 1989 жылғы жapиялaнған Қaзipгі қазaқ тiлiнiң cөзжacaм жүйесі aтты мoнoгpaфиялық eңбeктeн бacтaлады. Сөзжacaмдық ұяғa бeрілген aнықтамa сөзжacaмдық ұяның құpaмы қaндaй cөздердeн құрaлaтынын aңғaртады. Oл әp сөзжacaмдық ұя құpaмында бip негізгi түбip cөз жәнe одaн туғaн туынды түбірлep болaтынын көрсeтeді [3;262]. Oлай бoлса, әp cөзжаcaмдық ұяның құрaмында түп негіз cөз, яғни нeгізгi түбip сөз бipеу болaды дa, одaн өрбіген туынды сөздep бірнешеу болaды. Әp сөзжacaмдық ұядағы туынды түбip сөздepдің бәpінің құpaмында түп негiз сөз үнемi қaтыcып отырaды. Бір сөзжacaмдық ұядa қаншa туынды түбір cөз болca, cоның бәpiнің құpaмынан aлғaшқы түп нeгіз cөз міндeтті түрдe opын алaды. Мысaлы, ән, әнші, әншіл, әншілік, әнқoй, әнқoйлық, әнcымақ дeгeн ән нeгiзгі түбiрiнeн тaрaғaн сөзжacaмдық ұядaғы туынды түбip сөздеpдiң бәpi бiр негiгi түбiр сөздeн өрбігeндіктeн, oлар түбipлес сөздep дeп aтaлaды. Әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрады. Мысалы, жұрт негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяны алсақ, ол жұрттық, жұртша, жұрттылық деген 3 қана түбірлес сөзден тұрады, олардың да әрқайсысының құрамында негізгі түбір сөз бар, және осы ұядағы түбірлес сөздер алғашқы жел түбірінен тараған ұядағы түбірлес сөздерден мүлдем басқа. Бұл түбірлес туынды сөздер ұяға байлаулы екенін, әр ұяның өзінше түбірлес сөздері болатынын көрсетеді. Сөйтіп әр түп негіз сөзден тараған туынды сөздер әр түрлі сөзжасамдық ұяға жататын, әр түрлі түбірлес сөздер болып табылады. Бұл арада бір сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бір түбірлес сөздер тобын құрайтынын айта отырып, түбірлес сөздер арасындағы ерекшелікке назар аудару қажет. Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің бәрі бірінен- бірі тікелей жасалған туынды түбір болуы міндетті емес. Тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен - бірі тікелей жасалған, біріне - бірі негіз болатын сөздер болады. Ал бір сөзжасамдық ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола береді де, әр тізбек түп негіз сөзден өрбиді. Ал сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атаулының бәрі бірнен - бірі тікелей туындай бермейді. Сондықтан сөзжасамдық ұяға ондай талап қойылмайды, мұнда бір ұядағы сөздердің бәрінің құрамында бір негізгі түбірдің болуы міндетті шарт болып саналады [3;263]. Мысалы, біл негізгі түбірінен жасалған түбірлес туынды түбір сөзден тұратын ұяда 26 туынды түбір сөз бар, олардың бәрі түбірлес сөздерге жатады. Осы түбірлес сөздердің бір - бірінен тікелей туындауы 13 сөзжасамдық тізбек ішіне ғана қатысты. Мұны анықтап көрсету үшін, осы сөзжасамдық ұядағы тізбектерді жеке - жеке тізіп көрсету қажет:
Біл білім білімді білімділік
Біл білім білімсіз білімсіздік
Біл білім білімдар білімдарлық
Біл білім білімдар білімдарсы
Біл білім білімпаз білімпаздық
Біл білiм білімпаз білімпаздан
Біл білік білікті біліктілік
Біл білік біліксіз біліксіздік
Біл білгіш білгіштік
Біл білгіш білгішсі
Біл білгір білгірлік
Біл білгір білгірсі білгірсін
Біл білгі білгілік білгілікті
Біл білікбіліктібіліктілік [1;263]
Осы сөзжасамдық тізбектің әрқайсысында тікелей біл түп негіз етістіктен туындаған. Ал әр сөзжасамдық тізбекте қанша туынды түбір болса, солар ғана іштей бір-бірінен тікелей жасалған. Ал осы сөзжасамдық ұядағы 27 туынды түбір сөздің бәрі бір-бірінен туындаған сөздер емес екені көрініп тұр, бірақ олардың бәрі біл негізгі түбір салт етістіктен туындаған. Сондықтан осы ұядағы 27 туынды түбір сөздің бәрі біл түбірінен тараған, туындаған түбірлес сөздер. Сөйтіп түбірлес сөздер деген ұғым жалпы, ғылымда белгілі. Ал әр түбірлес сөздер тобының белгілі бір түп негіз сөзден тараған сөзжасамдық ұяға қатысты екеніне мән беріле бермейді. Сөзжасамдық ұя бір түп негіз сөзден тараған сөзжасамдық ұяға қатысты екеніне мән беріле бермейді. Сөзжасамдық ұя бір түп негіз сөзден тараған, туындаған түбірлес сөздер тобынан құралады. Анығырақ айтсақ, бір сөзжасамдық ұяда бір түбірден тараған, өрбіген бір топ түбірлес сөздер ғана болады да, сөзжасамдық ұяға түбірлес емес сөздер қатыспайды. Яғни бір сөзжасамдық ұяда түрлі негізгі түбірден өрбіген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz