Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасына тарихи сипаттама


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі Әлемде ең көп дау тудырып келе жатқан мәселенің бірі - өлім жазасы. Көптеген елде жазаның ең ауыр бұл түрі алынып тасталды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Біздің еліміз 2003 жылдың 17 желтоқсанында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім жазасына мораторий енгізді. Дегенмен соңғы уақытта өлім жазасын қайта енгізу туралы пікір айтушылар қатары көбейіп келеді. Олардың пікірінше, терроризмге қатысты қылмыстардың алдын алу үшін жазаның ең ауыр түріне қайта оралуымыз керек. Қалай десек те, өлім жазасына қатысты дау ешқашан толастамайтын сияқты. Оны қолданатын және қолданбайтын елдерде де екіұдай пікір үнемі тайталасып келеді. Өлім жазасының табиғаты мен мақсатына қатысты негізгі екі пікір бар. Оның бірі бойынша, өлім жазасы - ең алдымен қылмыскердің көзін жою арқылы жаңа ауыр қылмыстардың алдын алу тетігі. Сол сияқты өзге де қылмыскерлерді қорқыту. Ал екінші пікір бойынша, өлім жазасы - ең алдымен жасалған қылмыс үшін кек алу. Бұл - әділеттіліктің салтанат құруы және мұнда ешқандай да утилитарлық түсініктер орын алмауы тиіс. Осыған ұқсас пікірді белгілі неміс философы Кант та қолдаған екен. Тарихтан мәлім, өлім жазасы әлемнің барлық елдерінде қолданылып келген. Қазақ даласында да аса ауыр қылмысты мойнына алғандар күштеп өлтірілген. Оған көптеген мысал келтіруге болады. Бірақ ол басқа тақырыпқа азық болмақ. ХІХ-ХХ ғасырларда әлемнің бірқатар елдерінде өлім жазасынан бас тартудың алғашқы қадамдары жасалды. Алысқа бармай-ақ, солтүстіктегі көршіміз Ресейдің тарихына үңілсек, Елизавета патшайым мен ІІ Екатеринаның өлім жазасын мейлінше шектеуге тырысқандарын көреміз. Дегенмен кейінірек революциялық қозғалыстар мен азаматтық соғыс, сталиндік қудалау бұл үрдісті бұзды. 1917 жылы революциядан соң өлім жазасы бірнеше рет алынып тасталды, бірақ сайып келгенде, ол қалпына келтірілді. Өлім жазасының қажеттігі туралы ең алғашқы теоретикалық тұжырымдама 1764 жылы итальян заңгері әрі ағартушысы Ч. Беккарианың «Қылмыстар мен жазалар туралы» деген еңбегінде кеңінен көрініс тапты. Ал өлім жазасына қарсы шыққандардың арасында Вольтер, Гегель, Милль және Монтескье сынды алыптар болды. Беккариа бастаған топтың пайымынша, өлім жазасын қолдану мен оның аясын кеңейту барысында қылмыстар саны азаяды. Өлім жазасы орындалған сәтке куә болған адамдардың басым бөлігі оған қарсы пікірде болады екен. Есесіне, бұл үрдіске қатысып көрмегендер өлім жазасын қуаттайтын көрінеді. Бертін келе өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы пайда болды. Дегенмен кейбір қылмыскерлер өмір бойы түрмеде жатқаннан гөрі өлім жазасын дұрыс санайды. Көптеген елдердің әлі күнге дейін өлім жазасын қолдануына қоғамдық пікір әсер еткен. Иә, әлемнің бірқатар елдерінің тұрғындары әлеуметтік сауалнамалар арқылы өлім жазасын қолдаған. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының назарынан тыс қалып көрген емес. Әрине, қанша құзырлы болса да бұл ұйым мемлекеттердің ішкі шаруасына көп жағдайда араласа алмайды. Әйтсе де, ол әлемдік қауымдастықтың атынан өлім жазасын қолдану барысында мынандай шектеулердің болғанын өтінген болатын: 1) өлім жазасы ең ауыр саналады, сондықтан оған қатысты аса ауыр қылмыстар тізімі қысқаруға тиіс. Бұл ретте «адам өліміне абайсызда әкеп соқтырған қылмыстар» тізімнен шығарылуы керек. 2) өлім жазасына 18-ге толмаған және 70-тен асқан адамдар тартылмауға тиіс. 3) емшек жасындағы сәбиі бар аналар мен жүкті әйелдер де өлім жазасынан босатылуға тиіс. 4) өлім жазасымен байланысты істерде айыпталуышының құқығы жиі бұзылатындықтан БҰҰ барлық заңдылықтардың сақталуын талап етеді. Бұл жерде айыпталушының істің ашық тыңдалуына, аппеляцияға, рақымшылық сұрауға деген құқығы болуы тиіс. Шамамен 2007 жылдардан бастап әлемнің көптеген елдері өлім жазасынан бас тартты. Жазаның осы түрін ең көп қолданатын мемлекет - Қытай болып отыр. 2009 жылға дейін қытайлықтар аса ауыр қылмыстыны атып өлтіріп келсе, бертініректе инъекцияға жүгінді. Зерттеушілердің пікірінше, әлемде өлім жазасының негізгі жеті түрі бар. Олар - ату, дарға асу, таспен ұрып өлтіру (кейбір мұсылман мемлекеттерінде әлі күнге дейін кездеседі), дәрі салып өлтіру (АҚШ, Филиппин, Таиланд, Қытай), электр орындығына отырғызу (АҚШ), басын шауып тастау, газ камерасын қолдану. Атып өлтіруден бас тартқандар көп. Дегенмен Еуропа аумағында жалғыз Белоруссия осы әдісті әлі қолданып келеді. Сол сияқты Солтүстік Корея мемлекеті де аса қауіпті қылмыскерді атып немесе дарға асып өлтіргенді жөн санайды екен. Жапония, Иран, Ирак, Ауғанстан және Солтүстік Кореяда қылмыскерді дарға асып өлтіру заң бойынша бекітілген. Ал айыптының басын алу оқиғалары Сауд Арабиясында, Йеменде, Катарда жиі қолданылады. Иракқа американ әскері басып кірген тұста да шариғат заңы бойынша қылмыскердің басын шабу фактілері жиі тіркелген. Сауд Арабиясында күнәға батқан әйелдерді таспен атып өлтіреді. Егер осы жазалау үрдісі барысында әлгі бейбақ тірі қалып қойса, қайтара жазалауға жол берілмейді екен. Ертеде өлім жазасының түрлері тіптен көп болған. Мәселен, бірқатар елдерде айыпкерді қайнап тұрған суға салып өлтірген. Кейбір жерлерде жазаны орындаушылар халықты жинап алып, қылмыскерді отқа қақтаған. Сол сияқты күнәһарды жыртқыштардың талауына тастап өлтіру деректері де көп кездеседі. Тағы бір елдерде қылмыскерді тірідей көрге көміп тастайтын көрінеді. «Шайтанның желі» деп аталатын жаза түрі де болған. Бұл жазаға кесілгендерді зеңбірекке байлап қойып атқан. Ең бірінші болып өлім жазасынан бас тартқан еуропалық елдердің қатарында Ұлыбритания бар. Бұл ел сонау 1969 жылы-ақ қылмыстық заңдарына өзгеріс енгізіп, өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырыпты. Германия мемлекеті 1987 жылы осындай қадамға барса, Франция тек 2007 жылы өлім жазасына мораторий енгізіпті.
Ресейліктер де 1997 жылы өлім жазасынан бас тартты. Елдің түрмелері қылмыскерлерге толы болғанымен, ресми Мәскеу мораторий жариялауға мәжбүр болды. Ең соңғы рет бұл елде өлім жазасы «Фишер» деген лақап атпен көпке таныс Сергей Головкинге қатысты қолданылды. Мәскеудің айналасында бірнеше жас баланы зорлап, өлтіріп келген қаскүнем осылайша тарихта қалды. Еуропадағы өлім жазасынан бас тартпаған жалғыз ел - Белоруссия дедік. Александр Лукашенко басқарып отырған мемлекет «геноцид», «соғыс ұйымдастыру», «лаңкестік әрекет», «Отанға опасыздық жасау», т. б қылмыстар үшін жазаның ең ауыр түрін қолданып келеді. Біздегі бар мәліметтер бойынша белорустар соңғы рет Дмитрий Коновалов пен Влад Ковалев деген қос азаматқа ату жазасын қолданды. Бұл екеуі Минск метросында лаңкестік әрекет жасап, соның кесірінен 15 адам қаза тауып, 203 адам жарақат алған болатын. Бір рет өлім жазасынан бас тартқан соң, оны қайта қалпына келтіру оңайға түспейді екен. Ғалымдар бірнеше рет зерттеу жүргізіп, өлім жазасы қылмыстың азаюына әсер етпейтінін дәлелдеді. Тарихта қателікпен өлім жазасына кесілген жандар туралы дерек өте көп. Мәселен, 1973 жылы АҚШ-та өлім жазасына кесілген 113 тұтқын қамаудан босатылды. Өйткені олардың кінәсіз екендері анықталған еді. Сол сияқты 1977 жылы АҚШ-та тағы бір өлімге кесілген қылмыскердің жазықсыз екені белгілі болып, ақталды. Осыдан кейін-ақ сол кездегі Иллинойс штатының губернаторы Джордж Райан өлім жазасына мораторий енгізді. Әлі күнге дейін АҚШ-тың кейбір штаттарында жазаның бұл түріне тыйым салынған. Бәлкім, таяу болашақта өлім жазасын қолданатын елдердің саны тіптен азая түсер, бірақ түбірімен жойылады деп ешкім айта алмайды. Қытай, АҚШ сияқты елдердің тұрғындары өлім жазасы алынып тасталса, қылмыс тіптен өршіп кетеді деген пікірден танбай келеді. Өлім жазасы!!! Бұл қысқа екі сөз біреулерде қорқыныш сезімін және түсініспеушілік тудырса, ал біреулер өлім жазасын адам өлтірудің ресми заңдандырылған қылмыстық жаза ретінде түсінеді. “Өлім жазасының кісі өлтіруден айырмашылығы неде?” - деген сұрақтарға қанағаттанарлық жауап таба алмауда. “Өлім жазасын алып тастайтын уақыт келген жоқ па?”-деген пікірлер мен сұрақтарды біздің қоғамымыздан, халық өкілдерінен естуге болады.
Бірақ бұдан да өзге мінезді пікірді кездестіруге болады. Онда “өлім жазасы біздің қоғамда сирек кездеседі, ал қылмыстылықтың саны азаймауда”. Бұл претензиялар ең алдымен құқық қорғау органдарына, ал содан кейін кейбір кезде заң шығарушыға да қойылады. Осылайша қылмыстылықтың саны мен өлім жазасының арасында бір қатынас қойылғандай. Сондықтанда, осы өлім жазасына қатысты екі бір-біріне қарсы пікір бар.
Ал енді өлім жазасына тарихи тарапынан келетін болсақ, онда әр кезең өзінің жақтаушылары мен қарсылық білдірушілерімен көрінеді.
“Өлім жазасы керек пе немесе керек емес пе?”-деген сауал біздің эрамызға дейін адамзатты толғандырған.
Ол Ежелгі Грецияда Пелоппонес соғысында яғни Митилена қаласы Афинаға қарсы тұрып жау жаққа ауысып жатқан уақытта көрінген. Оған қатты ашулаған афиндықтар, Митиленаны басып алып - «Сатқындарға қатаң жаза қолдану керек» -деп қала басшылығынан, еркектерге өлім жазасын қолдану, ал әйелдері мен балаларын құлдыққа өткізу туралы, шешім шығаруды сұрайды. Митилена қаласының тұрғындарына жаза қолдануды шешу кезінде Халық Кеңесінде үлкен диспут болып, онда қарсы екі пікір айтылады. Афиндық демагог Клеон өлім жазасын қолдаса, ал пікірге афиндық Диодот қарсы тұрады.
Бұл 2500 жыл бұрын өлім жазасының қорқытушы әсері және қылмыстылықтың азаюы туралы пікір-таластардың болғанын куәландырады.
Клеон мен Диодот арасындағы пікір-таласта соңғысы жеңіп, Афины қаласының Халық Кеңесі Митилена қаласының ерлеріне өлім жазасын қолданбауға дауыс береді. Бірақ өкінішке орай бұл әділ және дұрыс шешім біздің тарихымызда жоғалып, ұмытылды.
Одан кейін тарих бізге сан-алуан әділ шешімдер, ойланбаған қаталдыққа жол берген мысалдар мен дәлелдер келтірді.
Қазіргі кезде өлім жазасына қатысты (яғни алып тастау немесе қалдыру туралы) шараларды қолдану актуалдық сұрақтардың бірі болып есептелінеді. Бұл проблемаға жүздеген авторлардың еңбектері дәлел. Бұл проблема қоғамды ұзақ уақыттан бері толғандыруда. Ғалымдар, тәжіриебелі заңгерлер, қоғамдық және саяси қызметкерлер, философтар, жазушылар мен азаматтар бұл проблема жөнінде көп сұрақтар қойып жатыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты-міндеті Өлім жазасын қолдану “қорқыту” факторы, қылмыстылықтың көбеюден сақтандыру себебі, адам құқықтарына әсері, қазіргі қоғам даму кезеңінде қолданылуы, құқықтық тәртіпті қорғау мемлекетпен жүзеге асырылуын қарастыру болып табылады.
Осы және басқа да сұрақтарға жауапты тек өлім жазасын жаза ретінде қолдану, оның мысалы және қаңдай мақсаттарға жету екендігіне жауап бергенде ғана жүзеге яғни өз мақсатымызға жетеміз. Тек осы жерде ғана жазаны қолдану керек немесе керек еместігі көрініп және тек осы өлім жазасы туралы қоғам пікірін құрастыруды көруге болады.
Осы жазаға қатысты қазіргі кезде теория тұрғысынан үш позиция бар. Бір ғалымдар өлім жазасына толық қарсы болып, оны тез уақытта алып тастау, оның яғни жазаның аморальдық қажетсіз деп түсіндірсе, ал екінші ғалымдар тобы бұл жазамен толығымен келіседі. Өйткені, оны тек құқықтық шектеу ғана емес сонымен қатар қылмыскерді физикалық жою яғни мемлекет қоғамға толық қауіпсіздігіне кепіл береді яғни адамның, қылмыскердің сол әрекет немесе әрекетсіздікті жасамайтындығына кепіл береді. Үшінші ғалымдар тобы негізінен екінші топқа яғни өлім жазасын қолдануға қарсы емес, бірақ оны қысқарту керек екендігі, соңында өлім жазасын алып тастау позициясын ұстайды. Бұл пікірлердің барлығы тұжырымды және өлім жазасы туралы әділ шешімді таңдау қиынға түсуде.
Өлім жазасың қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасын, тарихын, типологиясын, өзге елдердің өлім жазасын қалай қолданылатының қарастыру жәнеде өзімнің субъективтік пікірімді көрсету болып табылады.
Бұл тақырыпты таңдағаным кездейсоқ емес. Өйткені қазіргі кезде бұл тақырыпқа көптеген пікір - таластар жүріп жатыр, соған қоса менде өзімнің ойымды және жеке пайымдауымды айтқым келіп отыр. Одан қалғаны бұл әлеуметтік-құқықтық феномен мені өте қызықтырады.
Неліктен бұл жаза түрі көптеген ғасырлардан бері жүзеге асырылып келе жатыр? Неліктен бұл жаза кең қолданылады? Өлім жазасы қаңшалықты тиімді? Өлім жазасының алып тастау немесе сақталуына қоғам пікірі қаңдай әсерін тигізеді? Неліктен қазіргі кезеңдегідей, ежелгі кезеңдегі өлім жазасы қолданылады? Өзіміздің қатал ата-бабаларымыздан алыс кетпегеніміз бе? Осы және басқа да сұрақтарды біз өзіміздің дипломдық жұмысымызда қозғап оларға заң жағынан, тарих, қоғамдық (сезім) және әлеуметтік аспектіде заң әдебиеттерін, нормативтік актілерді жәнеде әртүрлі авторлардың жұмыстарын, архивтік материалдар мен тексерілген қоғамдық пікірлерге анализ беріп көрейік.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі. Дипломдық жұмысты орындауда салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық, теориялық және тәжірибелік әдістері қолданылды.
Деректік көздері Дипломдық жұмысты жазу барысында бірқатар арнаулы еңбектерді пайдаландым, атап айтқанда: Михлин А. С., Жамбыл Омари “Қаз дауысты Қазыбек би”., Малько А. В., Миравская Т., Сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын, құқықтық актілер қолданылдым.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, және үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда аграрлық құқықтың жалпы сипаттамасы: Жер пайдалану құқығының түсінігі, жер учаскесін пайдаланудың пайда болуының негіздері, жер пайдалану құқығының түрлері, жер пайдалану құқығының субъектілері, екінші тарауда Жер учаскелеріне меншік құқығы және жер пайдалану құқығының мазмұны, Жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерінің ережелері, құқықтық жағдайы қарастырылды.
1 Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасына тарихи сипаттама.
Өлім жазасы - адамзатқа танымал ежелден келе жатқан жазалардың бірі болып табылады. Жалпы айтқанда өлім жазасы қылмыстық құқық пайда болғанға дейін қолданылған. “Қылмыскер өмірін қию қоғамдық жазалау (кек) ежелден келе жатыр”, - деп көрнекті Ресей ғалымдарының бірі жазған. 1
Өлім жазасы жаза ретінде қолдану дұрыс па деген сұрақтар ұзақ жылдардан бері ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлерді толғандыруда. Бірақ осы пікір-таластар жақында бітпейді.
Өлім жазасы жайында көп жұмыстар жазылғанына қарамастан, теоретикалық жағынан бұл проблемада әлі де түсініксіз жәйттар бар. Мысалы, өлім жазасы түсінігі қарастырылып, талқыланбаған, яғни түсінік әлі күнге дейін жоқ.
Жалпы қарағанда өлім жазасы түсінікті сияқты. Ол адам өмірін қию. Бірақ адам әртүрлі себептермен өлуі мүмкін. Өзі өлген жағдайды (ауру- сырқаттан, кәріліктен және т. б. ) алып тастағанда, зорлап өлтірілгеннің көп себептерін айтуға болады. Табиғат апаттарынан, күштерінен (су басқыншылығы, жер сілкіну, найзағай және т. б. ) яғни форсмажорлық жағдайларда, суықтан, аштықтан өндірістегі абайсыз оқиғалардан, өз-өзіне қол жұмсаудан өлген адамдар аз емес. Қасақана қылмыстардан бастап, байқаусыз оқиғалардан, яғни әртүрлі себептермен мерт болып жатқан адамдар саны сан алуан. Техника қауіпсіздігін, жол ережесін бұзу, әртүрлі адам өміріне қауіпті радиоактивті заттардың дұрыс қолданбау салдарынан. Соғыс кезінде ұлтаралық ұрыстарда, кек алу кезінде өз өмірінен айырылуы мүмкін. Бұл жағдайдағы өмірінен айыру өлім жазасымен байланысты емес, яғни бұл әлеуметтік жағынан, не заң жағынан ешқандай ұқсастық жоқ. Сонымен, өлім жазасы дегеніміз не? Бір қөзбен қарағанда түсінікті сияқты, ал оның түп негізі қайда жатыр?
Өлім жазасының маңызды белгілерінің бірі болып, оның мазмұны жағынан жаза табылады, яғни дәл осы шараны мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады.
Кез-келген жазаның негізі, мәні - жазалау профессор Н. А. Стручков жазалауды былай деген: “белгілі-бір жазаны қолдануда нақты көрініс табатын және заңмен белгіленген құқықтық шектеуліктер жиынтығы”. [2] Өлім жазасында - жаза (“кара”) максималды түрде көрінеді. Сотталушыдан өмірі алынады және осымен қоса басқа да құқықтары мен мүдделері тоқтатылады.
Екінші белгісі - қайғы. Зерттеушілердің айтуы бойынша жаза қайғы әкеледі. Өлім жазасы тағайындалған адам өзіне қатысты үкім шығарғанда, арызын қайта қарау барысында және кешірім беруге байланысты жағдайларда қайғырады. Бұл қайғыны ешбір басқа қайғымен тенестіруге болмайды. Көптеген сотталғандарда ол - өлім алдындағы қорқыныш сезімі ретінде көрініс табады. Бірақтан олардың қайғысы қоғамды елік етпейді. Қоғам оларды өз мүшелерінің санынан шығарып тастайды және ол енді өмір сүрмейді. Осының өзі тағы бір сұрақты туындатады: адамды өмірінен қиюды қоғам көздей ме? - өзін және азаматтарды сол адамнан қорғау мәселесі.
Өркениетті мемлекеттерде өлім жазасына кесуде минималды қайғы келтіру мәселесі орын алған. Оларға мысалы: ату, электрлік столға отырғызу, газ, өлімдік иньекция . . .
Үшінші белгісі - туған - туысқандарының қайғысы. Үкімді жүзеге асыруда орын алады.
Төртінші белгісі - ең қатал жаза. Бұл жаза тек ең ауыр қылмыс үшін тағайындалады. Сотталған тұлға оның ең құндысы өмірінен айырылады.
Өлім жазасының бесінші белгісі болып - басқа жаза сияқты бұл жаза түрі сотталғанның еркінен тыс мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылады.
Алтыншысы, ол мемлекеттің атынан орындалады. Кез-келген үкім барлық уақытта “Қазақстан Республикасының атынан”-деп басталады. Қылмыскерді ұстау кезіндегі өлімі өлім жазасы болып табылмайды.
Жетінші белгі - оның сот үкімі арқылы жүзеге асырылуы. Бірақ бұл қағида біздің тарихымызда бірнеше рет бұзылды. Мысалы: 1930-50 ж. “ерекше жиналыс”, “үштік” . . . сияқты құрылымдардың үкімімен атылғандар саны қаңшама! Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 1 тармақшасына сәйкес: “адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа қатысты - кінәлі емес деп есептеледі. Қазақстан Республикасында:
1. Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза табуымен ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінішхат беру құқығы бері леді.
2. Өлiм жазасы он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды.
3. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытқа тоқтатыла тұрады.
4. Өлiм жазасы туралы үкiм күшiне енген кезінен бастап ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
5. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға немесе белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтей отырып ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, мораторий енгізілгенге дейін олардың өтінішхат бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Сегізінші, ол тек қылмыс үшін ғана тағайындалады, яғни Қылмыстық Кодексте бекітілген әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін тағайындалады. 2
Тоғызыншы белгі - ол тек қылмыс жасаған тұлғаға, яғни кінәлі деп танылған кезден кейін тағайындалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 15-бабына сәйкес өлім жазасы тек қасақана жасаған қылмыстар үшін ғана тағайындалады, яғни абайсызда жасалған қылмыстар үшін тағайындалмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz