Жүктіліктің сонғы кезіндегі жасанды түсік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы медикаментозды түсік. Көрсеткіштері. Қарсы көрсеткіштері.

Орындаған: Айбазар Н
Тексерген: Аренова Ш.Б

Ақтөбе 2020

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Түсіктің түрлері, анықтамасы
Жүктіліктің екінші жартысындағы түсік
Көрсеткіштері мен асқынуы
Қорытынды

Кіріспе

Жасанды түсік (аборт) бұл хирургиялық немесе медикаментозды түрде жүктілікті 22 аптаға дейінгі тоқтату. Жасанды түсік әйелдің қалауы бойынша және дәрігердің қатысуымен, барлық асептика және антисептика әдістері сақтала отырып, қарсы көрсетілімдерді ескере отырып жасалады.
Әйел қалауы бойынша жүктілікті 12 аптаға дейінгі аралықта үзу жасанды ерте түсік деп, ал 13-22 аптаға дейінгі аралықты жасанды кеш түсік дейді. Ерте деп бөлетін себебі, бұл кезде жатыр қуысындағы ұрық жұмытқасын әйелге ең минималді зиян келтіре алуға болады. Бұдан кейінгі кезде жүктілікті үзу асқынулар санын жоғарылата түседі. Жалпы жүктілікті кез келген уақытында үзу асқынулармен жүруі мүмкін.

Жүктілікті 12 аптаға дейінгі кезде үзу. Ерте түсік (аборт)
Бұл операция жасау кезінде әйел гинекологиялық креслода жатады. Операция бастамас бұрын қасаға аумағындағы түктерді алады, қуықты, ішекті босатады. Сыртқы жыныс ағзаларын дезинфицирлеуші ертінділермен өңдейді. Жансыздандыруды венаішілік немесе ингаляциялық наркоз арқылы жүргізеді.
Жүктілікті 5 аптаға дейін үзу вакум - аспирация әдісімен жүргізіледі. Бұл кезде жатыр мойынын кеңейтіп ашу қажет емес, ұрықты алу арнайы канюля (диаметрі 4-6 мм.) арқылы жүргізеді. Бұны мини аборт деп атайды. Мини аборттан кейін УДЗ арқылы жатыр қуысын тексеру керек.

Жүктіліктің ерте уақытында (6 аптаға дейін) медикаментозды түрде түсік жасатуға болады. Бұл простогландиндер аналогымен, Ru-486 қолдану арқылы жүргізіледі. Ru-486 - бұл стероидты гормон, ол прогрестерон рецепторларымен байланысады. Диагнозды анықтап, әйел жүктілікті үзу жайлы шешім қабылдағаннан кейін оған 3 таблетка (600 мг) Ru-486 ішке қабылдайды. 48 сағат өткен соң әйелге бұлшық етке 0,5 мг сульпростон (Е2 простогландин аналогы) енгізеді. 4-6 сағаттан кейін 96% жүктілерде түсік пайда болады. Бірақ бұл кезде Ru-486 препаратына қарсы көрсетілімдер бар екенін ұмытпау керек. Медикаментозды абортқа қарсы көрсеткіш болып келесілер жатады:
Кортикостероидтармен ұзақ уақыт терапия;
Гемостаз жүйесіндегі бұзылыстар;
Бүйрекүсті безінің созылмалы жетіспеушілігі;

Аборт жасауда ұрық жұмыртқасын кюреткамен алу 3 этапта жүреді.
Жатырды зондтау;
Жатыр мойыны каналын кеңейту;
Кюреткамен ұрық жұмыртқасын алу;
Жасанды түсіктен кейін сыртқы жыныс ағзаларын дезинфекциялаушы ерітіндімен тазалап, қынапқа арнайы айнамен еніп, қынап ішін тазалайды. Жатыр мойынын ашып кеңейткеннен кейін ұрық жұмытқасын бұзып, жою процесін кюреткамен жасайды. Абортцанг құралымен жатыр қуысында қалып қойған ұрық бөліктерін алып шығады. Кейін жатыр қуысын қырып тазалау үшін өткір емес (тупой) кюретканы №6 пайдаланады. Одан кейін жатыр жиырылып, оның көлемін кішіреюіне байланысты бұдан кіші және өткір кюреткаларды пайдаланады.
Ұрық жұмыртқасын жатырдан бөлген кезде қан ағу байқалады. Бірақ қан кету бұл кезде 50-75 мл аспайды. Егер ұрық жұмыртқасы толықтай бірден алынса онда сықыр тәрізді дыбыс естіледі, жатыр жиырылып, қан ағу тоқтайды.
Жасанды түсікті (аборт) 6-12 апта аралығындағы жүктілікке инструментальді түрде жасау үшін вакум - экекохлеация әдісімен жүргізеді. Вакум - экскохлеатор бұл металдан құралған кюреткадан тұрады, оның бастапқы бөлімінде тесік болады. Соңында резиналы шлангпен жалғасқан, шланг электросорғышқа (вакум - отсос) және резервуарқа қосылады. Жоғарыда айтқандай жатыр мойынын кеңейткенен кейін, жатырға канюля енгізіп, электросорғышты (электронасос) іске қосып жатыр қуысында теріс қысым тудырады (0,5-0,6 атм.). Абайлап жатыр қуысының барлық бөліктеріне жүргізіп шығады. Шыққан ұрық жұмыртқасы шланг арқылы сорылып, арнайы шыны банка ішіне түседі. Бұл вакуум аспирация әдісі басқа әдістерден қарағанда механикалық жараны аз тигізеді.
Операция жасағаннан кейін әйел құрсағына суық мұзды қойып, жатырды жиырылтатын заттарды енгізеді.

Жүктіліктің сонғы кезіндегі жасанды түсік

Жүктілікті соңғы кезінде үзу әдістеріне (13-22 апта аралығында) келесілер жатады: жатырдың қозғыштық қасиетін күшейту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР
Жасанды түсік туралы
Қазақстан Республикасында түсіктің алдын алу мәселелері
Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу
Жасанды түсік
Аборт
Медицина қызметкерінің мәденилігі
Түсік
Құрсақ ішінде ұрық дамуына биологиялық ықпалдардың әсері
Гинекологиядан тесттер
Пәндер