Стандарттаудың мақсаты


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университеті

Инженерия факультеті

Электр инженерия кафедрасы

СӨЖ

Стандарттаудың ғылым ретінде пайда болу тарихы

Орындаған: Пернебай. Б.

Қабылдаған: Меирбекова. О.

2020-2021 оқу жылы

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Стандарттауды жүргізудің негізгі қағидалары

2. Стандарттаудың мақсаты

3. Стандарттау объектілері

4 . Стандартау аумағы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Стандарттаудың ғылым ретінде пайда болу тарихы Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде XIX ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы жэне олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік түрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық) . 1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шамды қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған. Халықаралық стандарттаудың негізі 1875 жылы Парижде 17 елдің Халықаралық метрлік конвенцияны қабылдауы арқылы қаланды. 1901 жылы Англияда Стандарт комитеті құрылды және оның негізгі міндеті Британ империясының экономикалық жағдайын жақсарту болды. Қазақстанда стандарттау кеңес үкіметі кезінде басталды. 1923 жылы Семей қаласында Омскінің өлшем бірліктері жэне таразы тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейдің өлшем бірліктер жэне таразы тексеру бөлімшесі ашылып, стандарттау жүмыстары басталды десек болады. КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты 8 Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т. б. Олар түтынушыға өнім қүрамында судың, қанттың, түздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. ¥лы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Әр түрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдердің экономикасына көп көлемде шығын экелуде. Мысалы: АҚШта әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесі қолданылады, ал Ұлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бүйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдерде жарамайды. Өндірістік өнімдер көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нұсқалы болуы, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі сұрақтар күрделенуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің шығарылу көлеміне, сату аумағының үлкеюіне әкеліп жатыр.

Стандарттауды жүргізудің негізгі қағидалары - келісімдік, ашықтылық, еріктілік, ыңғайлылық, экономикалық тиімділік.

Стандарттаудың мақсаты -өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді белгілі бір салада эрдайым кеңінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп, сол саланы оңтайлы дәрежеде ретке келтіру. Жалпы алғанда стандарттаудың мақсатына мыналарды жатқызуға болады: - Өнім, жұмыс және қызметтің мемлекеттік мүддесі мен қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру; - Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту; - Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық және ішкі нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру; - Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету; - Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту; - Табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету.

Стандарттау объектілері -өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет - осыларға арнап талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер бекітіледі.

Стандартау аумағы - өзара байланысты стандарттау нысандарының жиынтығы. Стандарттау түрлі денгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, ұлттық жэне әкімшілік аумақтық.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау
Стандарттаудың экономикалық аспектері
Стандарттау жөніндегі органдар
Стандарттау жүйесінің халық шаруашылығындағы маңызы
Стандарттаудың маңызы мен міндеті
Стандарттаудың заңнамалық базасы туралы
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Стандарттау ұғымы, стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Халықаралық стандарттау ұйымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz