Көз қосымшалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Құстардың көздерінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері

Орындаған :.
Группа :
Тексерген:

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім:
а)Жалпы жануарлар көзінің анатомиясы және физиологиясы
ә)Құстардық көзінің морфологиясы
б)Құстардың көзінің физиологиялық ерекшелігі
ІІІ.Қорытынды бөлім
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жалпы жануарлар көзінің анатомиясы және физиологиясы

Көз - көру мүшесі (латынша - oculus, грекше - ophthalmos). Көз ауруларын, көздің және оның қосымша мүшелерінің қызметтерінің бұзылуын зерттеу, анықтау, емдеу үшін бірінші кезекте олардың анатомиясы мен физиологиясын жақсы білу қажет. Көз жұп мүше және ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың пішінін, көлемін, түсін, және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады. Эволюциялық даму барысында көру мүшесі жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам және тағы басқа сүт қоректі жануарларда, құстарда ол дамудың ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Көз - көз алмасынан, қорғаныш және қосымша мүшелерден, көз бұлшық еттерінен тұрады.

Көз алмасы - (Bulbus oculi) бас сүйектің алдыңғы жағындағы ойықта - көз шарасында орналасқан көру талдағышының негізгі мүшесі. Пішіні шар тәрізді, аздап алдынан артына қарай сүйірлене біткен мүше. Оның артқы жағындағы ретробульбарлық кеңестікте көз бұлшық еттері, қан және жүйке тамырлары, көз майы орналасқан. Көз алмасының анатомиялық құрлымы екіге бөліп қарастырылады. Біріншісі көз алмасының қабықтары. Екіншісі көз алмасының жарықты сындыру орталары. Көз алмасының қабықтары үшеу. Олар: фиброзды, тамырлы және торлы қабықтар. Фиброзды қабық көз алмасының ең сыртқы қабығы. Ол көз алмасын сыртынан толық қоршап, қаптап оның пішінін (формасын) анықтайды. Бұл қабықтың көз алмасының алдыңғы жағындағы мөлдір бөлігі - қасаң қабық, ал көз алмасының артқы жағын түгел қоршап, қаптап жатқан тығыз, мөлдір емес бөлігі - ақ қабық деп аталады. Олар бір - бірімен астасып жатады.

Қасаң қабық - (cornea) қалыпта мөлдір, жылтыр және өте тығыз. Ол фиброзды қабықтың 1\6 ғана құраса, 5\6 бөлігі ақ қабыққа тиісілі. Көптеген жүйке талшықтары бар. Ал қан және лимфа тамырлары жоқ. Ол өзінің көптеген торша аралық саңылаулары арқылы көздің алдыңғы камерасы сұйығымен диффузия көмегімен және конъюнктива жиегінің ұсақ қан тамырларының ілмектері арқылы қоректенеді. Жүйке жүйесін қасаң қабықтың эпителий қабатында орналасқан үштік жүйкенің тармағы болып табылатын алдыңғы кірпікті дене жүйке талшықтары құрайды. Қасаң қабық сиыр мен жылқыда көздің сыртқы бұрышына қарай сәл созылыңқы, тік диаметрі көлденең диаметрінен қысқа, элипис пішінді. Ал басқа жануарларда домалақ. Шөп қоректі жануарларда көздің қасаң қабығының орта тұсы жұқа, ал ет қоректі жануарларда оның ортасы шет жағына қарағанда қалыңдау болады. Қасаң қабықтың шет жағы біртіндеп ақ қабыққа ұласады. Осы тұста жартылай мөлдір шеңбер бар, ол лимбо деп аталады. Гистологиялық құрылымы бойынша көздің қасаң қабығы 5 қабаттан тұрады. Олар: эпителий қабаты, бауменов қабаты, негізгі қабат, десцеметов қабаты және эндотелий қабаты.
Эпителий қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий торшаларынан тұратын сыртқы қабат. Көздің конъюнктивасының эпителий қабатымен ұласады. Ол өте тез және толық қалпына келу (регенерация) қасиетіне ие бола отырып, қасаң қабықты механикалық әсерлерден қорғайды.
Боуменов қабаты - эпителий қабаты астында орналасқан жұқа қабат. Бұл қабат жылқы мен шошқаның көзінің қасаң қабығында жоқ. Торшасыз, тығыз, аз майысатын, қайта қалпына келу қасиеті жоқ қабат. Ол қасаң қабықтың пішінін сақтап тұру қызметін атқарады.
Негізгі (строма) қабат - қасаң қабықтың ең қалың қабаты. Ол қасаң қабықтың 90% құрайды. Бұл қабаттың негізі фибрилл талшықтарынан тұрады және оның арасында мүйізгек торшалы аралдар орналасқан.
Десцементов қабаты - эндотелий қабатының үстіндегі өте жұқа қабат. Ол эндотелий қабатынан түзіледі. Мөлдір, майысқақ және жақсы қалпына келеді.
Эндотелий қабаты - қасаң қабықтың ішкі қабаты. Оның шет жағы түсті қабыққа ұласады.
Қасаң қабықтың бұл қабаттары тығыз қабаттасып, бір - біріне ауыса отырып, мөлдір, майысқақ, жарық сындыру қасиеті бар біртұтас қабық түзеді.

Тамырлы қабық - (tractus uveus) көз алмасының фиброзды қабығының астында орналасқан ортаңғы қабығы. Ол үш құрылымға бөлінген. Біріншісі түсті қабық (iris), екіншісі кірпікті (цилиар) дене (corpus cilifre), үшіншісі негізгі тамырлы қабық (chorioidea).
Бұл қабықтар анатомиялық жағынан астасып, бірігіп жатыр. Қан айналымы, жүйке жүйесі бірге. Осыған орай олардың бірінде пайда болған патологиялық үрдістің екіншісіне ауысуы жиі кездеседі. Сөйтіп олардың аурулары қабаттаса жүреді. Мысалы: түсті қабық пен кірпікті дененің бірге қабынуы - иридоциклит, кірпікті дене мен негізгі тамырлы қабықтың қабынуы - циклохориойдит немесе үшеуінің бірге қабынуы - иридоциклохориойдит жиі кездеседі. Көздің негізгі тамырлы қабығы мен кірпікті дене терең орналасқандықтан оларды тікелей зерттеу қиын. Дегенмен бұл құрылымдардың нақты қызметтер атқаруларына және қабынуларына тән клиникалық белгілердің болуы олардың аурулары туралы жанама қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Түсті қабық - (iris) тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі. Аты айтып тұрғандай әр түрлі жануарларда түсі әр түрлі, пигментке байланысты қара, қоңыр, қызыл, көкшіл тағы басқа түсті. Ол көз алмасының осьіне тік (перпендикуляр), қасаң қабықтың артында, көз бұршағының алдында орналасқан. Қасаң қабық пен түсті қабықтың аралығындағы кеңестік - көздің алдыңғы камерасы, ал түсті қабық пен көз бұршағы аралығындағы кеңестік - көздің артқы камерасы деп аталады. Түсті қабықтың ортасындағы тесік - қарашық (pupilla) деген атпен белгілі. Түсті қабықтың бұлшық еттерінің бірі (сфинктер) жарық мөлшеріне байланысты қарашықты кеңейтеді (жарық аз болғанда) немесе кішірейтеді (дилятор) (жарық көп болса). Қарашықтың пішіні әр түрлі жануарларда әр қилы. Шөп қоректілерде қалыпты кішірейген қарашықтың пішіні көлденеңінен сопақ, шошқаларда жарықта көлденеңінен - эллипс, ал қараңғыда домалақ. Мысықтардың қарашығы өте жарықта тік қуыс, ал жарық аз болса домалақтау. Иттің көзінің қарашығы домалақ. Сонымен қоса жылқылардың қарашығының жоғарғы жиегінен 2 - 5 домалақ денешіктер ( жүзім шоғыры) байқалады. Бұндай өсінділер сиырдың қарашығының жоғарғы және төменгі жиегінен де байқалады. Ал шошқа мен иттің көзінің қарашығында жүзім шоғыры болмайды.

Кірпікті (цилиар) дене - (corpus cilifre) тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі. Түсті және негізгі тамырлы қабықтың ортасында орналасқан, жалпақтығы 10 мм - дей, қалың, тамырға бай бөлік. Пішіні сақина тәрізді бұлттың келген ет ұлпасынан тұрады. Одан 70 - 100 - дей өсінділер (кірпікшелер) шығып, кірпікті дене (цинново) байламын (zonula Zinni) түзеді. Кірпікті дене байламына бұршақ дене ілініп, қарашықтың ортасында ұсталып тұрады. Кірпікті дене байламының талшықтары аралығында кеңестік бар, ол - петитов каналы деп аталады. Ақ қабықтың астында тегіс талшықты кірпікті дене бұлшық еті орналасқан. Оның қозғалысқа келуін көзді қозғау жүйкесі мен үштік жүйке талшықтары жүзеге асырады. Қанмен алдыңғы және артқы ұзын цилиар артериялары қамтамасыз етеді. Кірпікті (цилиар) денеде көз камерасын толтырып тұратын және көздің ішкі қысымын реттейтін көз сұйығы түзіледі.

Негізгі тамырлы қабық - (tunica chorioidea) кірпікті дененің артында, ақ қабық пен торлы қабықтық арасында орналасқан. Өте жұқа (0,5 мм - ге дейін), тамырлы қабықтың 2\3 бөлігін құрайды. Ақ қабықпен нашар байланысқан. Негізгі берік байланысы қан тамырлары мен көру жүйкесі өтетін жерлерде. Артқы жағында көздің көру жүйкесі өтетін жерде ақ қабықтағы сияқты тесіктері - торлы пластинкасы бар. Құрамында түйірлі меланин пигменті бар торшалардың (клетка) көп болуына байланысты негізгі тамырлы қабықтың түсі қара қоңыр. Көздің көру жүйкесінен жоғары негізгі тамырлы қабықтың жарықты шағылыстыру қабығы - tapetum орналасқан. Шошқа мен қоянда тапетум жоқ. Жылқыда жарықты шағылыстыру қабығының түсі көкшіл - жасыл, өте жылтыр. Сырда жасылдан қою көке дейін, жылтыр. Итте ортасы алтындай сары, ал шеті изумруд түстес жасыл. Пішіні де әр қилы, үшбұрыш, төртбұрыш немесе жарты ай сияқты. Тапетумның физиологиялық рольі - нашар жарықта тітіркендіру әсерін күшейтіп, көруге бейімделуді қамтамасыз ету. Соның арқасында жануарлар ала көлеңкеде де көру мүмкіндігіне ие. Тамырлы қабық негізгі бес қабаттан тұрады. Қан тамырына бай сол себептен көз алмасының ішкі құрылымдарын қоректендіруде басты роль атқарады.

Торлы қабық - (retina) көз алмасының қызмет жасайтын негізгі бөлігі және оның ішкі қабығы. Көздің көруі осы торлы қабықтың қызметіне байланысты. Ол жұқа, мөлдір, қызғылт түсті. Бір жақ бетімен негізгі тамырлы қабыққа жабысса, екінші беті көз алмасының ішкі жағына қарайды. Торлы қабық көретін және көрмейтін бөлікке бөлінеді. Көретін немесе оптикалық бөлігі көздің көру жүйкесінің бүртігінен басталып, кірпікті дененің тісті шетіне дейін созылады. Ал көрмейтін бөлігі жүйке торшалары жапқан кірпікті дене мен түсті қабықтың сырт жағы. Торлы қабық көз алмасының артқы жағында орналасқан көздің көру жүйкесінің бүртігіне қозғалмайтындай берік бекіген. Ал қалған бөлігі кірпікті дене мен түсті қабыққа бекіген. Оның беріктігі көздің шыны тәрізді денесінің көлемі мен тығыздығына байланысты. Егер оның көлемі мен тығыздығы азайса ол тамырлы қабықтан ажырап, бүлінеді. Торлы қабықтың көретін бөлігі екі қабаттан тұрады. Тамырлы қабыққа жабысатын түсті (пигментті) қабаты және көз алмасының ішкі жағына қараған негізгі қабаты.

Көру механизмі. Торлы қабық көзге түскен жарықты қабылдап, көздің көруінде аса маңызды роль атқарады. Ол гистологиялық құрылымы бойынша дәнекер ұлпадан және жүйке торшаларының 10 қабатынан тұрады. Олар: түсті (пигменті) эпителий қабаты, таяқша және сауытша (колба) тәрізді жүйке торшалары қабаты, сыртқы (арнайы глиальдық жүйке торшалары бар) глиальдық шекаралық жарғақ (мембрана) қабаты, сыртқы түйіршікті қабат, торлы қабат, ішкі түйіршікті қабат, ішкі торлы қабат, ганглионарлық (ганглий - жүйке түйіні) қабат, жүйке талшықтары қабаты және ішкі глиальдық шекаралық жарғақ қабаты. Қызметіне байланысты торлы қабық екіге бөлінеді: ішкі қабаты - жарық өткізгіш қабат, сыртқы қабаты - жарық қабылдағыш қабат. Жарық қабылдайтын қабат торшаларының пішініне байланысты таяқша және сауытша (колба) тәрізді жүйке торшалары қабаттарына бөлінеді. Әр түрлі жануарларда олардың ұзындығы мен қалыңдығы әр түрлі. Соған байланысты олардың көздерінің көру мүмкіншілігі де әр қилы. Жүйке торшаларының жалпы саны 138 миллион болса, оның 130 миллионы таяқша тәрізді торшалар, ал қалған 8 миллионын сауытша тәрізді торшалар құрайды. Бұл жүйке торшалары торлы қабықтың көретін бөлігінде орналасқан. Көздің көру жүйкесінің бүртігі маңында мүлде жоқ. Таяқша тәрізді жүйке торшалары жарық сезгіш, ал сауытша тәрізді жүйке торшалары түсті ажыратады. Олардың алғашқысында родопсин, ал соңғысында иодопсин пигменттері (бояу заттар) бар. Жарық сәулесі түскенде бұл заттар химиялық өзгеріске түседі. Жарық сәулелері таяқша тәрізді торшалардағы родопсин молекулаларын ыдыратады, одан пайда болған иондалған орта жарық рецепторларын тітіркендіреді (қоздырады). Олар өте аз жарықты да қабылдай алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі ағылшын тілінің құрылымын анықтау
Жалғаулардың түбірге кірігуінің жайы
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
Етістік оның мағанасы
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
Сөз тіркесі синтаксисі, оның зерттеу нысаны мен салалары
БАҒДАРЛАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ
«Еңбекші қазақ» газеті туралы
Пәндер