Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы


XX ғасыр басындағы ақындық тұлға мәселесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
М А 3 М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
1 XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ
АҚЫНДЫҚ ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ . . . 8
1. 1Ақындық тұлға категориясының
тарихи-әдеби аспектілері . . . 8
1. 2 Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы . . . 27
2 АҚЫНДЫҚ ТҰЛҒАНЫҢ СОНЫ СИПАТТАРЫ . . . 35
2. 1 Ақындық тұлғаны айқындайтын тілдік, стильдік
ерекшеліктер . . . 35
2. 2Ақын толғаныстарындағы азаматтық келбеттері . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 66
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттану ғылымында ақындық тұлға проблемасы әріден қозғалып келе жатқаны белгілі. Қазақ әдебиетінде авторлық тұлға туралы қазақ поэзиясында ақындық тұлға жайында әдебиет зерттеуші ғалымдарымыз бен сыншыларымыздың еңбектерінде азды-көпті сөз болғанымен жеке-дара тақырып аясында алынып, кеңінен зерттеу объектісіне тірек бола қойған жоқ. Сондықтан бұл әдеби нысан - категорияға тоқталу барысында оның теориялықжағына, әрі ұлттық әдебиетімізде ақындық тұлғаның шығу төркініне, тақырыптық көтерілу процесіне байланысты баса көңіл бөлінді.
Ақындық тұлға дегенде біз, негізгі тақырып аясынаXX ғасыр басындағы поэзияда өзгеше із қалдырып, жаңа соқпақ салған - Мағжан, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт лирикаларын зерттеу өзегі етіп алдық. Әлбетте, шоқтығы биік шоғырға дейінгі ұлттық әдебиетіміздегі тарихи - әдеби процесті тұтастай алып қарастыру қажеттігін сезіне отырып, ақын тұлғасыныңұлттық поэзияда, фольклор, көне дәуір жәдігерлерінен күре тартып жатқанына тоқталуға тура келді. Себебі: Мағжан, Шәкәрім, Сұлтанмахмұттардың әлемдік поэзия биігіне көтеріліп, дара тұлға түзуінің өзі оларға дейінгі ұлттық поэзияның ықпал-әсерінің күштілігі деп батыл айтуға болады.
Дара шығармашылық сипат, ақын тұлғасының алға шығуы ұлттық поэзияда жыраулық дәуір әдебиетімен орныққаны кеңінен қозғалады. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырларында алдыңғы кезекке өздерін қойып, ел алдындағы, хан алдындағы ерлікке толы абырой-беделін асқақтата көтеру арқылыромантикалық өр тұлғасын сомдаса, XX ғасыр басындағы Мағжан, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт жырларында жеке бастарының көңіл-күйі, ішкі ой иірімдері нәзік лирикалық сезіммен, терең таныммен ақындық дара мінезбен, шығармашылық шеберлікпен тұлға табиғатын тереңнен қозғай соны қырынан салмақтатады. Сондықтан да осы үш ақынның тұлғасын даралау барысында Абайға дейінгі алдыңғы буын өкілдерінің шығармаларымен салыстыра келіп, олардағы лирикалық үндестік пен тарихи сабақтастықты айқындауға тырыстық. XX ғасыр басындағы поэзия ішінен Мағжан, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт шығармаларын айрықша бөле-жара қарастырғанда, ақынның жеке басына, портреттік жағына, өмір жолына зер салудан гөрі, олардың шығармаларындағы ақын образына терең көңіл бөлініп, поэзияның ішкі табиғатынан тұлғаның даралық сипатын айқындауға күш салдық.
Поэзиядағы ақынға тән дара мінез бен ішкі сезімнің үндесіп келіп лирикалық тұлға түзуі - бұл ақынның поэтикалық әлемін танытуына жол ашуы дер едік. Нақтылай айтқанда, лирикалық «меннің» жан-дүниесіне үңілу деген сөз - ақынның өз жүрегіне үңілуі. Ақын лирикалық кейіпкерді бейнелеу үстінде өз жаныныңжұмбақ қырлары мен шынайы жүрек сырын сарқа ақтаруы арқылы ғана даралыққа бой ұратыны шындық. «Олай болса - ол өзінің өлеңінде қаһарманын барынша биікке көтеріп қана қоймайды, бәрінен бұрын өз дауысын естіртуге, ақын екенін танытуға тырысады» [1, 233] .
Демек, лирикада ақын белгілі бір қаһарманды көрсету үшін емес, өзініңой-арманы мен мақсат-мүддесін, тіпті өмірлік позициясын білдіруге ұмтылады. Яғни, «Ақынның азаматтық тұлғасын оның шығармаларының азаматтық үні ғана таныта алады»[2, 125] .
Ақын өзіне ғана тән мінезі мен ой-сезімін лирикалық образға береді, осы лирикалық образдың түп-төркінінде нақты ақын тұлғасының тұрғаны, ақындық даралық жатқаны ақиқат.
Белгілі неміс философы Ф. Ницше: «Ақынның образдары - ақыннан өзге ешкім де емес, тек бұл оның өлеңінде әр түрлі пішіндегі объективті тұрпаты ғана, сондықтан ол осынау ұлы әлемнің тұтқасы ретінде «мен» деп сөйлеуге толық хақысы бар . . . »[3, 73-74], - дейді. Демек, Ницше философиясына арқа сүйесек, лирикалық «мен» атынан танылатынұлы ой-сезім айналып келгендеақынның арналы өз танымы дегенге келіп саяды. Олай болса, ақындық тұлға жоқ жерде лирикалық «мен» де жоқ болары шүбәсіз. Сондықтан да лирикалық «мен» туралы сөз қозғамас бұрын алдымен тұлғаның ақындық ұлы танымы, ақындық ұлы сезімі жайында айта келіп, ақын тұлғасынсыз лирикалық кейіпкер деген абстрактылы мәселені қозғаудың өзі орынсыз екеніне ден қоюға тура келеді. Қалай болғанда да ақындық тұлғаны танығысы келмеу, оның объективті барлығына күмән келтіру- ақиқатында әдебиет теориясы ілімінде қиянат қана емес, бумерангтың басы секілді айналып келіп өзіне тиетіні, лирикалық «меннің» өзін жоққа шығаруға әкеп соқтыратыны сөзсіз.
XX ғасыр басындағы атақты әдебиеттанушы ғалым А. Байтұрсыновтың лирика туралы теориялық түйініне зер салғанда да ақындық жайдың мәні айқын ашылады. Өлең « . . . ақынның ішкі ғаламының сөзі болғандықтан, мұнда да сөзімен өзін көрсетіп отырады. Толғауда ақынды қабағын қарс жауып, қайғырып тұрған күйінде де, беті гүл-гүл жайнап, қуанып тұрған күйінде де, сүйінген, күйінген күйінде де, тарыққан, зарыққан, жабыққан күйінде де, шаттанған, марқайған, масайраған күйінде де көріп отырамыз» [5, 485] . Демек, Ахмет сөзіне жете мән берсек, лириканың шын табиғатынан ақын «өзін» танытып, ақын «сөзімен өзін көрсетіп отыр». Лирикадағы күйініп-сүйінген, қайғырып-шаттанған лирикалық бейнеден бәрібір ақынның айтпақ ойы, алдына қойған мақсаты, арман-мұңы нақты көрініс беретінін Ахмет түстеп-түгендеп жеткізеді. Бұл туралы осы зерттеу еңбектің өн бойында барынша барлауға тырыстық.
Лирикадағы ақынтұлғасын біздіңқазіргі қазақ әдебиеттанушы ғалымдар да жоққа шығармаған. Белгілі ғалым 3. Ахметов:«Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі
жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оныңқатынасынан, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады»[6, 35], -дейді. Ендеше, лирикада лирикалық кейіпкердің ой-әрекеті, мінез ерекшелігі - барлығы да оны тудырып отырған ақындікі, басқа ешкімдікі де емес. Бұл туралы З. Қабдолов:«Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ақынның бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мыңиірім көңіл-күйінен - нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер»[7, 129], - деп атап көрсетеді. Сонда, лирикалық образ ақыннан өзге, ақыннан алыс, өз алдына бөлек тұрған, оқшау жасалған бейне емес, ол - «ақынның мың иірім көңіл-күйінен - нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған кейіпкерді» тудырушы ақынның ерен тұрпаты. Дара тұлғасын алдыңғы орынға қоятын текті «бітімі». Сондықтан өлеңді талдау барысында, сол өлеңнің ішкі табиғатынан тек лирикалық кейіпкерді ғана іздеп, ал оны тудырушы ақындық тұлғаны ұмыт қалдыруға болмайды.
Кез-келген лирикалық өлеңдегі ішкі сыр мен сезімді лирикалық кейіпкерге телігенімізбен, бәрібір ақын тұлғасынұмыт қалдыруға хақымызжоқ. ӘдебиетшіғалымТ. Шапаев «Абстракты лирикалық образ төркінінде нақты адамдық, ақындық дара мінез жатады. Сондықтан, өлеңдегі парасат өрісі, сезімдік кернеу деңгейі - тек ақындық дара сипатқа тәуелді»[8, 36] екеніне жете мән береді. Олай болса, бүкіл өлеңнің өн-бойында, лирикалық тұлғаның түп-төркінінде «адамдық, ақындық дара мінез жатса», ақынның терең көңілқойнауында жеке басқа тән асқақ ақындық сыры жатқаны, биік ақындық тұлғасы төбе көрсетіп тұрғаны талассыз. Тіпті, ол көптіңатынан айтсын, бүтін бір ұлттың атынан айтсын немесе бөгде біреудің атынан айтсын, асылында ақынның айнымас жан сыры екенін сезінбеске, мойындамасқа амал жоқ. Келтіре берсе мұндай пікірлер көпбірақ біздіңқазақ поэзиясында лирикалық өлеңді талдауда көбіне «лирикалыққаһарман» негізгі критерий ретінде алынып, ал ақын тұлғасы шет қалып келгені шындық.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері: XX ғасыр басындағы ірі тұлғалар Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт лирикаларындағы ақынның интимдік сезімі мен көңіл-күйі, сыртқы қоғамдыққұбылыстарды түйсінуі, заман ағымына, өмір сүрген ортасына деген ішкі ой-толғанысы арқылы лирикадағы ақындық тұлғаныңқалыптасу, даму тенденциясына тереңдеп бару, олардың шығармашылық шеберліктерін салыстыра отырып, өзіне дейінгі ақындармен ұқсас жақтарына да кеңінен көңіл бөлу.
Ақын тұлғасын тек лирикалық қаһарман ақын образының жасалу жолдары арқылы ғана емес, поэма жанрындағы белгілі бір оқиға желісі, табиғат суреттері, кейіпкерлердің прототипі немесе диалог, ішкі монолог астарына үңілу барысында ақынның мінез-әрекеті, ой-өрісініңықпалы, ақындық шеберлігі тұрғысынан талдап, ұлттықтаным ерекшелігі жағынан саралауды мақсат ете отырып, алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- XX ғасыр басына дейінгі ұлттықәдебиеттегі ақын тұлғасының орны,
қалыптасу, даму жолдарын айқындау;
- тұлға нысанын лириканың ішкі табиғатынан іздей отырып, үш ақынның
ақындық тұлғасын аршып алу;
- лирикалық кейіпкер мен ақындықтұлғаны саралай отырып, ақынның
даралық сипатын ашу;
- ақындық тұлғаны суреткерлік, шеберлік қырлары, образ жасау тәсілі
арқылы анықтау;
- ақындық тұлғаны танытудағы тілдік-стильдік ерекшеліктерге
тоқталу.
Диплом жұмысының дерек көздері. Ақындық тұлғаны эстетикалық категория тұрғысында зерттеу үшін неміс ойшылдары Гегель, Ницше, орыстың белгілі сыншысы В. Белинский зерттеулері мен Ю. Тынянов, Я. Е. Эльсберг, В. Д. Сквозников, М. Бахтин, А. Потебня, В. Виноградов, Г. Винокур, Л. Тимофеев, Л. Гинзбург, А. Гришунин, Долгополов т. б. еңбектері тірек болды.
Қазақ әдебиетінде А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қасқабасов, А. Нұрқатов, С. Қирабаев, Ш. Елеукенов, Ә. Нарымбетов, Р. Нұрғалиев, Р. Бердібаев, Т. Сыдықов, Ш. Ибраев, К. М. Жүсіпов, А. Еспенбетов, Т. Шапаев, Б. Әбдіғазиев сынды ғалымдардың зерттеу еңбектері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылды.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Ақындық тұлға категориясын тереңнен зерделегенде, ақын тұлғасыныңұлттық поэзияда, фольклор, көне дәуір мұраларынан тамыр тартып жатқандығына байланысты тұлға проблемасын жүйелі-комплексті зерттеу әдісі негізінде қарастырдық.
Сұлтанмахмұт, Мағжан, Шәкәрім шығармаларын салыстырмалы зерттеу әдісін қолдана отырып, олардың ақындық тұлғасын лириканың ішкі табиғатынан тануға жол ашылды.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Бұл жерде әдеби категория негізіне айналған ақындық тұлға мен лирикалық тұлға мәселесін тереңнен зерделеуге тиіспіз. Өйткені, бұл егіз ұғымның бірін жоққа шығарсақ, онда ақын деген субьектінің өзін жоққа шығарарымыз хақ. Сондықтан да Аристотельмен Әл-Фараби, Гегель мен Белинский сияқты ойшылдардан бастау алған бөлініп-жарылмас ақындық тұлға, XX ғасырдың басында 20-жылдар ішінде Ю. Тынянов бастаған орыс ғалымдары арқылы «лирикалық қаһарман» ұғымы негізінде қалыптасып, ақындық тұлға екіге ажыратыла қаралғанын айта кеткен жөн. Ақиқатына келсек, міне осы «лирикалық қаһарман ешкім де емес, ақын туралы миф»[4, 105] мүлде болмайтындығын еріксіз мойындай отырып, ақындық тұлғанық толыққанды күйін, яғни ақын образын айқындай түсетін лирикалық «мен» де ақынныңпоэтикалық-эстетикалық ұлы тұлғасы екеніне ден қоямыз. Сондықтан да абстрактылы ұғым - лирикалық қаһарманды ақынның «ақындық» атты ақиқат тұлғасына қарсықоюға мүлде болмайды. Қайта ақын өзі тудырған, ал оқырманы қабылдаған «лирикалық қаһарман» арқылы өзініңішкі жан-дүниесін аша отырып, лирикадағы биік тұлғалық күйініңбастауыш тап осы арадан алатыны сөзсіз. Яғни, айнымас ақындық ақиқат тұлға табиғаты дегенде лириканың өн-бойында өмір сүрген ақынның эстетикалық сезімі, жан сыры, күллі рухани болмысы екеніне көзіміз жете түседі. Бұл еңбекте жоғарыда аталған ғалымдармен қатар басқа да әдебиетші ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, лирикадағы ақындық тұлға мен лирикалық тұлға туралы, XX ғасыр басындағы Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан [9, 340] поэзиясындағы олардың бірегей ақындық образдары жайында тарата таразыланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы тұрғысынан келсек, «өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу - ірі жанды адамның ғана қолынан келмек» екенін сезіне отырып, өз өлеңдерінде үш ақынның рухани ірі тұлға танытқанына тоқталдық. Олардың ақындық болмысын ашуда ұлттық ой-сезім, ұлттық таным тұрғысынан көңіл аудара келіп, ақындық дара тұлғаларының соны қырларына зер салынды. Жекелеген творчестволық арқылы үш ақынның да ұлттық лирикадағы орны мен ерекшелігін айқындай түстік.
Табиғат, махаббат, көңіл-күй, саяси-әлеуметтік лирикалардағы түпсіз толғаныс, терең күйзеліс сезімін ақтара отырып, ақындық тұлғаның басты-басты кұбылыстық қырларына бойладық. Мағжанның романтикалық сарындағы түркілік, тәңірлік, бақсылық дүниетанымымен оқшауланатын тұлғасы, лирикасындағы имандылық, парасаттылық, дүниені танушылықпен ерекшеленген тұлғасы, Сұлтанмахмұттың әлеуметшіл поэзиясындағы оқу-білім, надандық, кедейлікпен мұңдасқан тұлғасы биіктен көрінеді. Үшеуінің өмір сүрген уақыты бір болса далирика табиғатында бір тақырыптың өзіне түрліше ой салуы, бір-біріне ұқсамас жырлау тәсілі арқылы да олардың дара тұлғалары танылады.
Еңбекте ақынның даралық сипаты, ақындық тұлға мен лирикалықкейіпкер ара-жігінің өте нәзік айырмасы тек лирикалық өлеңдерінен ғана емес, поэзияның поэма жанрында да ерекше мәнде ашылатыны қаралады. Сюжетке құрылған оқиғаны саралап, талдау барысында кейіпкерлердің образынан ақынның мінез-әрекеті, ой-өрісініңыпқпалы анық байқалып отырады. Ақын поэма қаһармандарын сомдауда өзінің рухани әлеміне бойлап, ақындық кредосын айқындап отыруды ұмытпайды. Авторлық ремарка да тыс қалмайды. Зерттеуде осы жағын ашуға күш салынды.
Поэзияда ақын тұлғасы, ақынның көркем образы, лирикалық кейіпкердің рухани болмысы арқылы даралаумен бірге, осы лирикалық тұлғаның теориялық соны қырын толыққанды таныта түсетін тілдік, стильдік ерекшелігіне, өзіндік қолтаңбасына да баса көңіл бөлініп, жеке тарау арналды.
Ақындық тұлғаны зерттеу барысында біз, тұлға категориясының басты-басты деген ерекше дарашыл жақтарына назар аудардық. Ғасыр басындағы үш ақын тұлғасының өзіндік дарашыл шеберліктеріне және ұлттық поэзиядағы орны мен өзге ақындарға ұқсас жақтарын салыстыра, салмақтай сараптадық.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ АҚЫНДЫҚ ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ
1. 1 Ақындық тұлға категориясыныңтарихи-әдеби аспектілері
XX ғасырдың басындағы ақындар шоғырының арасынан біз бөліп қарағалы отырған ірі тұлғалар - Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт. Бұл үш ақынның да ұлттық поэзиядағы алатын орны ерекше екені белгілі. Сондықтан да олардың ақындықболмыс-бітімін, ақындық қуат-шеберлігін сөз етпес бұрын, алдымен ақындық тұлға категориясыныңұлттық әдебиет дамуындағы орнына тоқталып, ақындық тұлғаның айқындалу процесіне үңілуге тура келеді.
Жалпы, ақындық тұлға проблемасы қазақ әдебиеті ғылымында кейбір мақалалар мен еңбектерде тиіп-қашты сөз болғанымен, әдеби категория ретінде жан-жақты алынып, бүге-шігесіне дейін зерттеле қойған жоқ. Ақындық тұлға мәселесі қозғалған жерде, көбіне - ақынның жеке басына тоқталу, портреттік жағына, өмір жолына үңілу басым түсіп жатады. Оның творчествосын талдағанда, негізінен лирикалық кейіпкер тұрғысынан зерттеу басты критерийретінде алынып келді. Ал, ақын творчествосындағы нақты автордың көрінуі, яғни ақындық тұлғаның айқындалу процесіне тоқталу жағы бізде кемшіл түсіп жатыр десек қателесе қоймаймыз
Ақынның ішкі толғанысы, заманға, қоғамға, өмірлік құбылысқа деген көзқарасы, наным-сенімі, танымы оның өлеңдерінен көріністабатыны белгілі. Ақын сыртқы дүние шындығын өз сезімінің мазмұны арқылы танытады. Поэзиядағы ақын тұлғасы - өзі өмір сүрген уақыттың жиынтық һәм көркем бейнесі десек, бұл туралы А. Байтұрсынов былай деп көрсетеді: «Ақындар ғалымдар сияқты болған оқиғаны, яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, ақиқаттауға тырыспайды, тұрған нәрсе тұрған күйінде, болған оқиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай қалыпты, жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша сезіп, өз ұйғаруынша суреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды, сөйтіп шығарған сөзі көркем сөзді шығарма болады. Оны шығаруға жұмсайтын өнердің аты ақындық балады»
Ахмет ақындығына сүйенсек: «тысқарғы ғалам мен ішкергі ғаламның екі арасы санада келіп түйіскен жерде жыртылып айырылғысыз болып бірігеді». Яғни, өмірдегі ақын мен ақындық таным құйылысып, көркем шығарма дүниеге келеді. Міне, осы көркем дүниенің астарында автор мен лирикалық кейіпкер де Ахметайтқандай «жыртылып айырылғысыз» болып кетеді. Сондықтан да ақындық тұлға мен лирикалық кейіпкер арасындағы ара-жік «айырылғысыз болып», екеуі бірін-бірі толықтырып, тұтаса кірігіп тұрады. Яғни, ақын көркем шығармада поэтикалық тұтас тұлға ретінде танылады.
Әлбетте, біз үнемі кез-келген көркем туындыны талдағанда, оны лирикалыққаһарман тұлғасынан саралап, авторлық тұлғаға салқын қарап үйренгенбіз. Сондықтан ақындық тұлға мәселесі көмескітартқан. Ал, ақындық тұлғаға тоқталсақ, ақынның өмірбаяндықжағынан аспай қаламыз. Нағыз ақындық тұлға мәселесін шығарма өзегінен, нәзік тінінен іздемей, тек шығарма тарихына, оның жазылған уақытына, автордың сол уақтағы өмір жолына тоқталып, ақынның көркем дүниеге қаншалықты тікелей қатысы бар-жоқтығын дәлелдеумен шектелеміз.
Ақиқатына келсек, ақындық тұлғаны көркем дүниенің ішкі табиғатынан іздеп, тануға тиіспіз. Сондықтан да ол лирикалыққаһарманмен қатар жүреді, бірге өмір сүреді. Кез-келген шығарманың тысында, кез-келген лирикалық «меннің» сыртында, қалай десек те, ақындық тұлғаны айқын сезінетініміз анық. Тіпті, кейбір көркем дүниеде ақын өзі қатыспай, сөйлеп тұрса да автордың жасырын сұлбасы тұрғаны белгілі.
Сондықтан да бұл проблема төңірегінде сөз қозғағанда көркем дүниенің түп негізіне көңіл қою абзал. Ал, кез-келген шығарма тініне ой жіберсек, оның көркемдік мазмұнының сыртында шығарманың шығу тегі, сондай-ақ көркем дүниенің қоғам алдындағы басты мақсат-мүддесі туралы да сөз болмағы анық. Олай болса, мейлі ол ауыз әдебиеті үлгісі болса да, оны бір кезде тудырушы ақын-жыраудың немесе әпсанашының алдына қойған, яғни жалпы қауымға ой тастар белгілі бір мақсат-тілегі болғандығын ешкім жоққа шығара алмас.
Олай болса, фольклор мен ескі мұралар туралы, оның шығу генезисі жөнінде, онда біз көтеріп отырған тұлға мәселесі хақында да сөз қозғауға тура келеді. Өйткені, XX ғасыр басындағы ақындық тұлға жайында тереңдей талдау үшін, осы кезеңге дейінқазақ ұлттық әдебиетінде бұл тақырып қалай көрініс берді, ақын тұлғасы қай қырынан таныла алды, тіпті мифтен бастап жыраулық поэзия дәуіріне дейін қандай өткелекті жолдан өтті деген келелі жайға тоқталуға тура келеді. Ғасыр басындағы Мағжан, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт тұлғаларының тың қырларын тану өткен поэзияныңтылсым иірімдеріне тікелей байланысты.
Осы тұрғыдан келгенде қандай да бір аңыз-әпсана, ертек-әңгімеүлгілері, эпостық, лиро-эпостық және тарихи-әлеуметгік жырлардың түп-тамыр мазмұны халық ішіндегі ортақ ой мен арман-аңсардан шықса да, оны сырлап, әрлеп жеткізуші ақын-жыршылардың да өзіндік үлес салмағы, олардың өлмес рухы танылып тұратынын мойындаймыз.
Тек, уақыт озған сайын сол халықтық мұралардың көбісі заман елегінен екшеліп, жаңа мән-мазмұнмен түрленіп, о бастағы түп негізі сақталғанмен жыршылардың таным-түсінігіне, заман ағымына қарай толығып, кей тұстары дәуірмен ескіре ұмытылып, кей жерлері уақытқа сай өзгеріске ұшырай молығып- мүлде соны тұрпат табатынын байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz