ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨП МАҒЫНАЛЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
1.1. Көп мағыналы фразеологизмдердің зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Фразеологиялық көп
мағыналық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3.Қазақ тіліндегі көп мағыналы, омонимдік фразеологизмдердің жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.4.ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5.Көп мағыналы фразеологизмдер мен омоним фразеологизмдердің
айырмашылықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
ІІ КОНТЕКСТІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ
2.1 Тіл біліміндегі контекст ұғымы және оның көп мағыналы
фразеологиздерге
қатысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
2.1. Қазақ тіліндегі көп мағыналы фразеологизмдердің ерекшеліктері ... .
2.3.Көп мағыналы фразеологизмдердің контексте қолданылу ерекшеліктері ...
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде тіл біліміндегі көптеген
зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық сипатты , ұлттық танымды , ұлттық рухты
тануға , танытуға негізделген. Ұлттық мәдениеттің дерегі ретінде тілдегі
фразеологизмдер түрлі қырынан қарастырылуда. Фразеологизмдерге де
лексикалық бірліктер сияқты көпмағыналылық құбылысы тән. Көпиағыналы
фразеологизмдердің туындауына о баста пайда болған еркін тіркестің
тұрақтануымен қатар қоғамдық даму заңдылықтарындағы факторлар әсер етеді.
Өйткені тіл түрлі даму жағдайларынан тыс қалса, этнос тілінің жұтаңдығын
тудырып, тілдік қор аясын тарылтады. Зерттеу нысанымыздың тірегіне айналған
көпмағыналылық құбылысын анықтау , қазақ этносының сөздік қорының молдығын,
тілдік байлығын, сол арқылы қазақ фразеологиялық қорының толығу, өсу
сатысының бар екендігін нақтылау зерттеу өзектілігі болып табылады.
Бертінге дейін қазақ тіл біліміндегі ғылыми еңбектерде тілдік
бірліктердегі көпмағыналылық туралы , фразеологизмдердің ұлттық – мәдени
қырлары жайлы жан – жақты айтылғанымен , фразеологизмдердің көпмағыналылығы
мәселесі назардан тыс қалып келді. Бұл жағдай қоғам дамуының түрлі
өзгерістеріне байланысты туындаған көпмағыналы фразеологиздерді анықтап ,
олардың тілдік қолданыстағы сипатын және көпмағыналы тіркестердің
фразеологиялық ерекшеліктерін жүйелі зерттеу қажет екенін көрсетеді.
Фразеологизмдердің мағыналылығы туралы мәселенің қазақ тіл білімінде
арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылмауы зерттеу тақырыбының
өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі фразеологиздердің
көпмағыналылығын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттердің
шешілуі көзделді:
- фразеологизмдердегі көпмағыналылық құбылысының зерттелу жайы
мен сөздіктерде берілу жолын айқындау;
- мәнмәтіннен көпмағыналы фразеологизмдерді сұрыптау;
- фразеологиялық омонимиядан фразеологиялық көпмағыналықты
ажырату белгілерін саралау;
- көпмағыналы фразеологизмдердің жалғаса және жарыса туындау
арқылы жасалу жолдарының көпмағыналылықтың пайда болуына негіз
бола алатынын нақтылау;
- қарсы мәнді және мағыналас фразеологизмдердің көпмағыналылыққа
қатысын саралау;
- көпмағыналы фразеологизмдердің семантикалық топтарын айқындау;
- фразеологиздердің лексика – грамматикалық сипатының көпмағыналы
фразеологизм жасаудағы маңыздылығын көрсету;
- фразеологизмдердегі көпмағыналылық құбылысының стильдік және
прагматикалық қызметін анықтау.
Жұмыстың жаңалығы.Қазақ фразеологизмдеріндегі көпмағыналылық құбылысы
ғылыми тұрғыда зерттеліп, төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткізілді:
- фразеологизімдегі көпмағыналылық құбылысының сандық және
сапалық сипаты анықталып , лексикографиялық деңгейде берілуң
нақтыланды;
- көптеген фразеологиялық тіркестердің мағынасы сөздер сияқты
жеке тұрғанда анықталмай , тек мәнмәтінде ғана
көпмағыналылылққа ие болатындығы дәлелденді;
- фразеологизмдердегі көпмағыналылық пен омонимді ажырату ішкі
семантикалық ерекшелігіне негізделетіні көрсетілді;
- көпмағыналы фразеологизмдердің мағыналық құрылымы жағынан
этностық, діни, соматикалық, диалектілік, зоонимдік және
өлшемдік ұғымдағы семантикалық топтары айқындалды;
- көпмағыналы фразеологизмдердің лексика – грамматикалық
ерекшеліктері анықталды;
- көпмағыналы фразеологизмдердің контексте берілуі сипатына қарай
стильдік және прагматикалық қызметі сараланды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Фразеологизмдердің
көпмағыналылығы ұлттық тіл табиғатын танытуда ерекше маңыз атқара келе,
тілдік жұмсалымда мәтіннің прагматикалық ықпалын тереңдете түседі.
Көпмағыналы фразеологизмдердің саны мен сапасы, олардың лексика –
грамматикалық, семантикалық ерекшеліктері фразеологияның парадигмалық
қатынастарының теориялық жақтарын кеңейтуге өз үлесін қосады.
Зерттеудің нысаны және деректемелік негізі. Дипломдық жұмыста
фразеология мен көпмағыналылық қатысты зерттеу жұмысын жүргізген шетел
ғалымдары Глухов В.М. , Рахматуллаев Ш. , Р.Садықбеков, А.И.Смирницкий
, Э.В.Кузнецова, Галкина-Федорук, Д.Н.Шмелевтың, А.А.Потебня,
Е.Курилович, А.Назаров, В.В.Виноградов, Сарбасова Қ.Б. , Бинович Л.Э. ,
Жуков В.П. , Кеңесбаев І., Болғанбаев Ә. , Қалиұлы Ғ., Кайдарова А. ,
Жайсакова Р, Смағұлова Г. т.б. еңбектерінің ой – пікірлері негізге
алынды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында жинақтау , жүйелеу, талдау ,
баяндау, сипаттама, құрылымдық, лексика – семантикалық , прагматикалық
әдістер қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
- көпмағыналы фразеологизмдер лексикалық бірлік сияқты үнемі толығу
үстінде болмағанымен , қолдану аясына қарай өрісі кеңейе түсетін
құбылыс;
- көпмағыналы фразеологизмдер омонимдерден бұрын туындаған ментальдық
қғымдар, сондықтан олар омоним жасауға негіз бола алады;
- фразеологизмдердегі көпмағыналылық антоним, синоним сияқты
парадигматикалық қатынастарды құрайды;
- фразеологизмдердің пайда болуының негізгі өзегі болып табылатын
этнотіркестер иен діни тіркестердегі , сондай – ақ фразеологизмдердің
басым бөлігіндегі тақырыптық құрамға енетін соматизмдердегі
көпмағыналылық қоғамдық өзгерістердің ерекшеліктерін сипаттайды;
- көпмағыналылық жасауда фразеологизмдердің грамматикалық құрылымы
маңызды рөл атқарады;
- авторлық қолданыста көпмағыналы фразеологизмдер белгілі стильдік
қызмет атқарып, фразеологизм мағынасының сапалық сипатын байыту арқылы
фразеопрагматикалық мәнге ие болады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨП МАҒЫНАЛЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ
СИПАТЫ
1.1 Көп мағыналы фразеологизмдердің зерттелуі
Фразеология – тіл білімінің үлкен бір саласы, ол тұрақты тіркестерден
тұрады. Түркітануда тұрақты тіркестер туралы зерттеу еңбектер өткен
ғасырдың 40-жылдарынан кейін жарық көре бастады. Бұған алғаш үлес
қосқандардың бірі қазақ ғалымы Ісмет Кеңесбаев. 1950-жылдардан кейін
түркітануда фразеологизмнің тіл білімінде жеке пән ретінде қалыптасу
жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыда шешуде үлкен ізденістер
басталды. Бұл ретте жарық көрген еңбектерге шолу жасасақ, түркітануда
айтарлықтай нәтижелер бар екені байқалады. Алғашқы кезде әрбір жеке тілдер
(қазақ, орыс, түрік, қырғыз, өзбек, башқұрт жіне т.б. тілдер)
фразеологизмдерінің ерекшеліктерін ашу, оларды жасалу, даму жолдарын
сараптау мәселесі алға қойылды. Бұған ғалымдардың әр жылдары жарық көрген
зерттеулері дәлел. Олар: академик І.Кеңесбаевтің, Ч.Сайфуллиннің,
А.Байрамовтың, Ш.Рахматуллаевтың, А.Долгановтың, К.Бабаевтың,
Ж.Османованың, К.Даибованың, З.Жарашуеваның, З.Ураксиннің, М.Черновтың
авторлығымен жарық көрген зерттеу еңбектері.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыда зерттеу
XX ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Біз
соның ішінде қазақ тіліндегі көп мағыналы фразеологизмдердің зерттелу
тарихына шолу жасамақпыз.
Бүгінгі күнге дейін қазақ тіліндегі көп мағыналы фразеологизмдерді
қарастыру жеке зерттеу объектісі ретінде алынған емес. Фразеологиялық көп
мағыналық туралы алғаш пікір қозғаушылар жөнінде зерттеушілер түрлі
пікірлер келтіреді. Мәселен, Қ.Сарбасова Қазақ тіліндегі етістікті
фразеологизмдер атты еңбегінде етістікті фразеологиздердің көп мағыналық
құбылысына қатысын айта кетіп, төмендегідей пікір келтіреді:
Фразеологиялық көп мағыналылық жайлы алғаш сөз қозғаушылар-сөздікшілер
(лексикографтар). Л.Э.Бинович башқұрт тіліндегі фразеологиялық көп
мағыналылық құбылысын сипаттауда жалпы тіл білімі тәжірибелеріне
сүйенеді[2.].Осы пікірден кейін фразеологиялық көп мағыналылық қамтылмаса,
сөздіктердің де олқы соғатындығын[3].
Жалпы сөз мағынасы, полисемия құбылысы туралы пайымды пікірлер академик
В.В.Винаградовтың (1947), Н.Н.Амосованың (1957), В.А.Звегинцевтің (1957),
В.И.Абаевтың (1957), Р.А.Будаговтың (1958), А.Шаффтың (1963), Д.Н.Шмелевтің
(1964), О.С.Ахманованың (1966), А.А.Реформаторскийдің (1967),
Н.М.Шанскийдің (1972), Э.В.Кузнецованың (1974), А.Назаровтың (1974)
еңбектерінен, қазақ лексикологиясында І.Кеңесбаевтің (1966), А.Ысқақовтың
(1978), Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиевтің (1997), А.Салқынбайдың (1999),
Ғ.Резуанованың (), Д.Пашанның (2007) зерттеу еңбектерінен орын алған.
Орыс тілінің полисемиялық фразеологизмдерінің теориясын қалыптастырған
ғалым В.В.Жуков 1978 жылы жарық көрген Семантика фразеологических
оборотов атты еңбегінде фразеологиялық көп мағыналыққа арнайы тоқталған.
Кейбір зерттеушілер фразеологизмдер жеке сөздерге қарағанда бір мағыналы
болып келеді деп пайымдайды. Бұндай тұжырыммен келісуге болмайды.
Фразеологиялық көп мағыналық – нақты және дамушы құбылыс, бұған күмән
жоқ[4,125]. Қазақ тіліндегі фразеологиялық полисемияның теориясын
қалыптастырушы - академик І.Кеңесбаев. Ол өзінің 1977 жылы жарық
көрген Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты еңбегінде көп мағыналы
фразеологизмдерге қысқаша тоқталып өтіп, Полисемия құбылысы әрекідік
фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады... Әйтсе де, бұның өзі де
ойлана зерттей түсуді керек ететін мәселе... [5] деген пікір білдірген.
Кейіннен Ә. Болғанбаев, Ә. Қайдаров Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты
тіркестердің де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда,
фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиомдық түрлері әрдайым дара мағыналы
болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болатындығы
байқалады [6], А.Қайдаров пен Р.Жайсақова мақалаларында Как показывает
факты языка, переносное и идиоматическое значение, присуще ФЕ, в дальнейшем
своем развитии по разным (функционально-стилистическим, социальным,
ситуативным) причинам перетерпевает семантическую дифференцию и даже
вторичный перенос значения,что и приводит к полисемии ФЕ [7], Г. Смағұлова
Фразеологизмдегі бұл мәселе жеке сөздердегідей көп болмағандықтан, әлі
күнге дійін аты ғана аталып, заты нақтыланбай келеді. Фразеологизмдердегі
омонимия мен полисемия тіл теориясы мен лексикография үшін де көңіл қоярлық
қызықты мәселе. ...фразеологиялық көп мағыналық жиі кездесе бермейді. Көп
мағыналықтың пайда болуына қатысты өзіндік ерекшеліктерінен туатын басқа да
өзгешеліктер бар [8] деген көп мағыналы тұрақты тіркестердің зерттелуінің
бастапқы қадамдарын жасаса, Қ.Сарбасова (2008) К.Сарышева (2006),
Г.Сырлыбаева (2006), қазақ тіліндегі фразеологизмдерде полисемия
құбылысының айқын байқалатынын атап өтеді. Осы зерттеу еңбектерінде
авторлар қазақ тіліндегі фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктерін
қарастыра келе, көп мағыналы тұрақты тіркестерге де тоқталып өткен.
Сондай-ақ Ш.Рахматуллаев, В.Х.Қадыров, З.Г.Ураксин сияқты түркі тіл
білімінің фразеолог ғалымдары да осы мәселенің төңірегінде зерттеу
жүргізген.
Тіліміздегі көп мағыналы фразеологизмдердің зерттелуіне тоқталу
барысында қазақ тіліндегі фразеологизмдердің омонимдік құбылысқа да қатысын
бірге атап отыруға тиіспіз. Себебі фразеологизмдердің семантикалық
категорияларының ішінде полисемия мен омонимия тығыз байланысты болып
келеді.
1.2.Фразеологиялық көп мағыналық
Фразеология саласындағы семантикалық парадигманы өзара мағыналық
байланыстар мен қатынастар орнатылған көп мағыналы тұрақты тіркестердің
жеке мағыналары қалыптастырады.
Көп мағыналықтың дамуына фразеологизмдердің еркін сөз тіркесінің
метафоралық жолмен ауыс мағынаға ие болуы арқылы жасалатындығы кедергі
келтіреді. Бұндай жағдайда әрбір жеке мағына жалпылама-метафоралық болуға
тиісті. Басқаша айтқанда, жалпылауға ыңғайлы еркін сөз тіркесінің
қайталанып метафоралануының нәтижесінде метафоралық мағынадан тұратын көп
мағыналы тұрақты тіркестер пайда болады. Мысалы,
Фразеологизмдердің сөздерге қарағанда контексттік қозғалысқа көп
ұшырамайтындығы да олардың арасындағы көп мағыналықтың дамуына шектеу
болады, яғни басқа сөздермен грамматикалық және мағыналық байланысқа түсу
мүмкіндігі болмайды. Сондықтан да предикативтік сөз тіркесі моделімен
жасалған тұрақты тіркестер ерекше жағдайларда ғана көп мағыналыққа ие болып
жатады.
Беретін мағынасы семантикалық дамытуға, сегментацияға бағынбайтын әрі
жеңіл болып келетін фразеологизмдер көп мағыналы бола алмайды. Мысалы, (сын
есімді фра)
Көп мағыналықтың негізгі тілдік белгілері ретінде төмендегі
көрсеткіштерді атап өтуге болады:
1. Фразеологизмнің мағыналық құрылымының әртүрлілігі. Бұндай жағдайда
әртүрлі құрылымды көп мағыналы фразеологизм құрамындағы әрбір жеке
мағына үшін өзіндік гарамматикалық белгілер – ерекше басқару,
өзіндік бейне, әртүрлі синтаксистік қызмет және т.б. тән. Мысалы,
2. Жанды немесе жансыз, нақты немесе абстрактілі болып келуі жағынан
ойды толықтыру немесе жатқызу (падлежащего) ерекшелігі. Мысалы,
3. Көп мағыналы фразеологизмдердің жеке мағыналары көбінесе жетекші
сөздердің, яғни лексикалық айналымға кіретін сөздің көмегімен
анықталады. Бұндай жағдайда көп мағыналық құбылысы бір жетекші
сөздің лексикалық мағынасын басқа сөзбен салыстыру арқылы
анықталады. Мысалы,
4. Кейбір жағдайларда көп мағыналы фразеологизмдердің жеке мағыналарын
анықтауға ұқсас (соответсвующих) фразеологизм негізінде қалыптасқан
күрделі сөздердің де қатысы болуы мүмкін. Мысалы,
5. Фразеологизмдердің көп мағыналығының тағы бір тілдік көрсеткіші
ретінде шектеулі синонимия құбылысын келтіруге болады, яғни
фразеологизмнің барлық мағынасына таралатын синонимия емес, тек
біреуінен ғана синонимдік қатар құрылады. Мысалы,
Көп мағыналы фразеологизмдердің жеке мағыналарының тілдік анықтамалары
осындай. Жоғарыда айтылғандай, көп мағыналы фразеологизмдердің жеке
мағыналарының синонимдік қатар құру қабілетімен қоса, олар антонимдік жұп
жасауы да мүмкін.
1.3. Қазақ тіліндегі көп мағыналы, омонимдік фразеологизмдердің
жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көп мағыналы және омонимдік қатарлар
тізуі әзірге көптеп кездесе бермейтін, жан-жақты зерттеуді қажет ететін
мәселелер болып табылады. Қазақ фразеологиясының негізін салушы академик
І.Кеңесбаев осы тұрғыда былай деген: Көп мағыналық пен омонимия
құбылыстары әдетте жеке сөздердің төңірегінде көзге айқын байқалады. Ал,
фразеологизмдерге келгенде бұл құбылыстар ерекше реңкке түседі. Полисемия
құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады.
Фразеологиялық түйдектеріне келсек, олар омонимия құбылыстарын мүлдем
бойына дарытпайды, тіпті, полисемия құбылыстарының өзі де фразеологиялық
түйдектері арасында кездесіп жарымайжы. Омонимия құбылысын тануда түрлі
көзқарастар бар. Зерттеушілердің басым көпшілігі мағына алшақтығын негізге
алады да, сөз (лексема), тіркес (фразема) төркінін екінші орынға қояды.
Біздің ойымызша, омоним болу үшін тек айтылуы бірдей келген тұлғалар ғана
емес, жеке сөздердің де, фраземалардың да түп-төркіні бөлек болуы қажет.
Мәселен, аузын ашты тіркесінің, сөйлей бастады, таң қалды деген
мағыналарынан басқа, ораза күні кешкі ас алдынан дәм татты деген діни
мағынасы да бар. Ол алғашқы мағыналардан алшақ, кереғар жатыр. Осы тұрғыдан
қарасақ, фразеологиялық тіркестер ішінде омонимия табылмайды емес. Бірақ
жоғарыда айтқанда, бұл тіркестердің түп-төркіні біреу-ақ. Сондықтан осы
типтес жақындықты омонимия деп қарамай, полисемия деп білген жөн тәрізді.
Әйтсе де, бұның өзі де ойлана зерттей түсуді керек ететін мәселе [5].
Демек, қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің көп мағынаға ие болуы,
омонимдік фразеологизмдер аталуы дәлелдеуді қажет ететін өзекті мәселе
ретінде аталған. Бірақ бүгінгі күнге дейін қазақ тілінің көп мағыналы
фразеологизмдері немесе қазақ тіліндегі омонимдік фразеологиздер жайлы жеке
зерттеу еңбектері, болмаса жеке сөздіктер шығарылмаған. Сондықтан да осы
күрделі тақырыптар фразеология тарихындағы зерттеуші-ғалымдардың пікірлерін
негізге ала отырып жаңа пайымдаулар келтіріп, дәлелдеуді қажет етеді.
Тілімізде әртүрлі сөз тіркестерінің үлгісіндегі фразеологизмдермен
сөйлем үлгілеріндегі фразеологизмдер кең тараған. Олардың тілдік табиғаты
семантикалық, морфологиялық және синтаксистік жақтан сипатталады.
Семантикалық ерекшеліктеріне келсек, қазақ тіліндегі фразеологизмдердің
мағыналас болып келуін профессор Г.Смағұлова, қазақ тіліндегі
фразеологизмердің қарсы мәнді болып жасалуы турасында жас зерттеуші
Г.Сырлыбаева еңбек жазған. Ал қазақ тіліндегі көп мағыналы және омонимдік
фразеологизмдер жайлы әртүрлі зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде (академик
І.Кеңесбаевтің, Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиевтің, Н.Уәлидің, Г.Смағұлованың,
Н.Сарышеваның, Қ.Сарбасованың, Г.Сырлыбаеваның және т.б.) қысқаша аталып
кеткенімен нақты осы тақырыпқа арналған еңбекті атап айту қиын.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің бірқатары көп мағыналы да бола
алады. І.Кеңесбаевтің пайымдауынша, белгілі бір фразеологизмдерге тән көп
мағыналық екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі – жалғаса туатын мағына да,
екіншісі – жарыса туатын мағына [5]. Мысалға жаны жай табу фразеологизмін
алсақ, алғашқы мағынасы әуре-сарсаңнан арылу да, соңғы мағынасы көңілі
орнына түсу дегенді білдіреді. Бұл жерде бірінші мағынаға екінші жалғасып
тұр. Ал күйіп кету фразеологизмін қарастырар болсақ, біріншіден, зая кетті,
ұтылды дегенді білдірсе, екіншіден, ызаланды дегенді меңзейді. Бұл көп
мағыналы фразеологизмнің мағыналары жарыса туып отыр. Сонымен бірге кейбір
жағдайларда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына белгілі бір сәттерде
тоғысып, одан қилысқан тағы бір туынды мағына пайда болуы мүмкін [5].
Сондай-ақ фразеолог ғалым Г.Смағұлова: Әдетте сөздердің, фразеологиялық
тіркестердің арасында мағыналық байланыс болмай, үзілген кезде оларды
омонимдерге жатқызады. Ал көп мағыналылықта қалай дегенде де, мағыналық
байланыс сақталады [8], – деген пікір айтқан.
Көп мағыналы фразеологиздердің мағыналық топтарын айқындауда
фразеологиялық бірліктердің мағынасы өзінше бір ішкі дүниені елестету,
қабылдау сапасы деп пайымдауға болады. Әдетте сөйлеушілер арасындағы қарым-
қатынас кезінде санада нақты немесе қияли заттар мен құбылыстар туралы
бейнелер көз алдымызға келеді. Осы жерде фразеологизмдердің екі негізгі –
бейнелі және жалпылама-ауыс мағыналары аңғарылады. Бұндай мағыналардың
болуы адамның ойлау қабілетіне лайықты абстракция сатыларына сәйкес келеді.
Мәселен, Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде салқын қанды тұрақты
тіркесі қызбалығы жоқ, байсалды, екінші мағынасы нем кетті, селқос
дегенді білдіреді. Бұл жерде салқын қанды тұрақты тіркесі адам бойындағы
салмақтылық, байсалдылық, біртобалық қасиетті бейнелі түрде, көз алдымызға
елестетіп әкелгендей болып тұр. Осыдан кейін барып, нем кетті, селқос деген
ауыс мағына туындап отыр. Себебі, жоғарыда атап өткен салмақты, байсалды,
біртоба адамдар ғана белгілі бір дүниеге немқұрайды қарайды. Мысалы: Тағы
бір қынжыларлық жай - әрбір шығарма туралы өз ойын орағытып, баспалап
айтатын сыншылардың мақалалары салқын қанды, битарап сезіммен жазылады
(Е.Ысмайылов). Өйткені ешкімге емірене қоймайтын салқын қанды, сабырлы адам
өзіне жараспайтын бір мінездер көрсеткендей болды. (Қ.Жұмаділов). Бұдан
басқа насырға шапты көп мағыналы фразеологизмін алайық, біріншіден –
аурудың асқынғанын білдіреді, екіншіден – істің қиынға соққандығын
білдіреді. Бұнда да солай, белгілі бір аурудың асқынып кеткендігі ауру
адамның халінің нашарлағанын көрсетеді, яғни бейнелі мағынасы осы. Ал істің
қиындағаны тек қана адамның ауруына қатысты емес, жалпы жағдайдың (түрлі
жағдайларды келтіруге болады, мысалы, қызметте, отбасында, оқуда туындайтын
қиындықтар) насырға шапқанын көрсетіп тұр, бұл – жалпылама-ауыс мағына.
Осылайша жасалып тұрған бірқатар көп мағыналы тұрақты тіркестерді көрсетуге
болады:
КМФ Бейнелі мағына Жалпылама-ауыс мағына
Ноқта кимеген Басына жүген құрық Біреуге айттырылмаған
ілмеген асау қыз
Ортағы көп Еншілесі, серіктесі көпТату, сырлас, достасы
адам көп адам
Отау тікті Өз алдына жеке шаңырақ Өз алдына ел, жұрт
болды болды
Соқыр жол Қайда барары, тірелер Қарадүрсін, беймәлім
жері белгісіз, сүрлеу бағыт
Сүйекке таңба болды Тұтас бір әулеттің, Үлкен ар-намысқа тиді,
тұтас бір аға ұрпақтың мін боды
алдына дақ түсірді
Шарт сынды Бірден морт үзілді Сөз көтере алмады
Шаш ағарды Қартайды Қажыды
Із қалды Соңында мұрагер Істеген ісінен белгі
боларлық тұяқ бар, қалды
перзенті бар
Қанжығада жүрді Жанында бірге болды, Тәуелді болды,
қасында жүрді ықпалында болды
Полисемиялы фразеологизмдердің беретін мағыналары түп-төркініндегі
ортақ мағынасынан ажырамайды.
В.М.Глухов: Қарама-қарсылық немесе энантиосемия процессінде мағыналары
қалыптасқан көп мағыналы фразеологизмдердің категориясы болады [9] деген
тұжырым жасай келе мынандай орыс тілінің көп мағыналы фразеологизмін
мысалға алады: пережить самого себя: 1. Сохранить свое значение после
смерти, оставаться в памяти людей (Өмірден өткеннен кейін де ел жадында
қалу, қасиетін жоғалтпау). 2. Утратить свое назначение еще при жизни, при
существовании (Тірі кезінде қасиетінен айырылу), яғни КМФ-нің беріп тұрған
екі мағынасы бір біріне қарама-қарсы келіп тұр, бірақ екі мағынаға ортақ
семаны аңғаруға да болады, ол – жизненное значение человека (адамның
өмірдегі орны, қасиеті). ... бұл фраземалық категорияда мағыналар бір
біріне тең, жуық және бейнелі мағына жалпылама-ауыс мағынаға қарама-қарсы
келіп тұрған жоқ [9].
Қазақ тіліндегі көп мағыналы фразеологизмдер (КМФ) дегеніміз – бұл екі
немесе одан да көп туынды мағынаны иеленетін және солардың арасында қандай
да бір түпкі ортақтық байқалуға тиісті фразеологиялық бірліктер жүйесі.
Мысалы: жүзі сынық деген көп мағыналы фразеологизмді алып қарасақ,
біріншіден, сыпайы, инабатты, ұятты екіншіден, бет ажары бәсең,
көңілдері төмен деген екі мағынада қолданылады. Осы жерде фразеологизмнің
беріп тұрған мағыналарындағы ортақ сема – тәрбиелік. Көзі қараю КМФ
біріншіден, қарны ашты, ашықты екіншіден, аңсары қатты ауды деген
мағыналарды үстейді. Бұлардағы отақ сема – қажеттілік. Келесі мысалды 2-ші
кестемен көрсетсек:
Екі етегін түрінді КМФ
2-кесте
Қазақ тілінің лексикологиясында зерттеушілер көп мағыналы сөздер мен
омонимдерді үнемі бірге қарастырады. Фразеологияда да солай болуға тиіс.
Фразеологиялық полисемияның фразеологиялық омонимдермен тығыз байланысты
бірнеше белгілері бар. Сондықтан омонимия мен полисемияның бірге
қарастырылуы шарт. Көп мағыналы фразеологизмдер мен омонимдік
фразеологизмдердің жасалу жолдарында, тілге қызмет етуінде, контекстік
қызметінде ұқсастықтар да болып жатады. Кейде омонимдік фразеологизмдер көп
мағыналы фразеологизмдерден тууы мүмкін немесе керісінше құбылыстар да
болуы ықтимал. Мәселен, орыс лингвисті В.М.Глухов орыс тіліндегі омонимдік
фразеологизмерді зерттей келе, олардың төмендегідей жасалу жолдарын
анықтаған екен:
І Екі омонимдік фраземаның параллельді түрде, бір біріне қатысы болмай
қалыптасуы.
ІІ Әдеби тілде сөйлеудің (речи) басқа (перифериялық) салаларымен
арақатынасы негізінде пайда болуы.
ІІІ Көп мағыналы фраземалардың омонимге айналуы арқылы жасалуы [9].
Бұл бөліністерді ғалым орыс тіліндегі фразеологизмдердің ерекшеліктерін
негізге ала отыра жасаған. Ал осы тұжырымдар қазақ тіліндегі омонимдік
тұрақты тіркестерге қаншалықты тән?
Біріншіден, қазақ тіліндегі омонимдік тұрақты тіркестер (мағыналары)
кейде бір біріне қатысы болмай қалыптасуы мүмкін, яғни омонимдік
фразеологизмнің беріп тұрған әрбір мағынасы өз бетімен жасалған. Мысалы,
көкірек керді фразеологизмі мақтанды, масаттанды, менменсінді, ес жиды,
мақсатына жетті, ананың сүтін емді, ананың аймалауын, ана тәрбиесін
көрді деген үш түрлі мағынаны білдіреді. Қарап тұрсақ, мақтаныш,
менменсіну сезімі адамның жеке басының сипатын, қырын көрсетеді, ал белгілі
бір ойын, мұратын іске асырып, жетістікке жету адамның қабілетін көрсетеді,
ана тәрбиесін көру өз алдына жоғарыдағы екі мағынадан бөлек жасалып тұр.
Мысалы: Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге. Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге (Абай). Октябрьде орнап жаңа өкімет, Жарлы, жалшы бір
көтерген көкірек (С.Мәуленов). Ақылсыз ем анамды айқын көрмеген, Аузым
жарып, ақ көкірегін кермеген (С.Дөнентаев). Сол сияқты қол салды іске
кірісті, күш көрсетті, азаптады, әйелді оятты, қол қйды деген
омонимдік фразеологизмді мысалға келтіруге болады.
Екіншіден, кейбір омонимдік тұрақты тіркестер көп мағыналы
фразеологизмдердің мағынасының ыдырауынан да болуы әбден мүмкін. Бұнда
жалпы алғанда фразеологизмдердің беретін мағыналары жуықтас, ортақ семалы
болып тұрғандай көрінуі мүмкін, бірақ жеке-жеке қарастыра олардың омонимдік
фразеологизм екені анықталады. Мысалы:
Көмейі бүлкілдейді өте шешен сөйлейді, бірдеңе айтқысы келді, дегісі
келді, біреуден бірдеңе дәметті, құлқы шапты. Бұл омонимдік тұрақты
тіркестің беріп тұрған үш мағынасына сырттай қарағанда сөзге дәмету деген
ортақ мағынаға ие болып көрінеді. Ал жеке-жеке қарастырсақ, шешен сөйлеу -
өз алдына адамның сөзшеңдік қасиетін, бірдеңе айтқысы келу – ойын ортаға
салғысы келу, біреуден бірдеңе дәметіп, құлқы шабу – жалпы белгілі бір
затқа аңсару аууды білдіреді.
Сөйтіп, Фразеологиялық омонимдер – бұл дыбыстық және графикалық
қатынаста бір бірінен айнымайтындай ұқсас, бірақ араларында мағыналық
туыстығы жоқ түрлі фразеологиялық бірліктер [9].
Көп мағыналы фразеологиздер мен омонимдік фразеологизмдерді бір
бірінен ажырату да бүгінгі таңда қарама-қайшылықты дау тудыратын
мәселелердің қатарында.
Ш. Рахматуллаев “Узбек фразеологиясининг бағзи масалалари” атты
монографиясында фразеологизмдердің мағынаішілік байланысын, мағыналарының
туу, даму жолдарын, мағына түрлерін ашып көрсетеді. Ғалым фразеологизм
мағыналарын тура және ауыспалы мағына деп бөлу дұрыс емес, өйткені
фразеологизмдердің барлық мағыналары ауыспалы мағына негізінде дамиды. Бұл
жерде тек фразеологизмдердің алдыңғы (негізгі) және соңғы (туынды) мағынасы
туралы ғана сөз етуге болады, ал құрылысы жағынан еркін сөз тіркесіне ұқсас
болып келетін мағына фразеологиялық мағынаға омоним болып табылады”, –
деген. Сонымен қатар ғалым фразеологиялық көп мағыналылықтағы мағыналар
байланысын үшке бөледі:
1) алдыңғы мағына соңғы мағынаның тууына негіз болады
(последовательное);
2) алдыңғы мағына соңғы мағынаның тууына негіз болмайды
(сопоследовательное);
3) бір тіркестің мағыналар жүйесінде байланыстың бірінші және
екінші түрінің қоса қабат кездесуі (комбинированное) [10].
Біз бұл пікірмен келісе отыра, жоғарыда өзіміз атап өткендей көп
мағыналы фразеологизмдер мен омонимдік фразеологиздердің аражігін ажырату
үшін беретін мағыналарының ортақтығы бар ма, жоқ па, міне осыған мән берген
жөн деп санаймыз.
Сонымен, қазақ тіліндегі омонимдік фразеологизмдер беретін негізгі және
туынды мағыналары бір бірінен алшақ, екі немесе одан да көп мағыналары
кейде параллельді түрде, кейде көп мағыналы фразеологизмнің мағынасының
ыдырауынан жасалады. Ал көп мағыналы фразеологизмер әрқашанда беретін
мағыналары ортақ семаға негізделіп, бірде жалғаса туады, бірде жарыса
туады. Қазақ тілінде көп мағыналы сөздерді зерттеген Р.Садықбеков бірқатар
жағдайларда ұқсас ұғымдар көршілес басқа тілдерден де жуысып келуі
мүмкіндігін айта отырып мынандай мысалдар келтіреді: қазақ тіліндегі шешен
деген сөз бұрын тек қана сөзшең, тілмар деген мағынада ғана қолданылып
келсе, қазір ол мінбеге шығып сөйлеуші адам деген екінші мағынасы жаңа
бір ұғым ретінде орыс тіліндегі оратор сөзі арқылы еніп, сіңісіп кеткен.
Және шешен сөзінің мағыналық аясын кеңейте түскен. [11].
3) Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, жаңаның
дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін де бейнелейді.
Ойлаудың дамуына тәе ауысу процестері сөз мағынасының дамуына әсер
етпей қала алмайды. Мәселен, нақтылықтан абстрактылыққа ауысу: жол деген
сөз нақтылы мағынаны білдірумен қатар идея, бағыт, тәсіл сияқты
абстрактылы мағыналарға да ие болады.
4) Сөз мағынасы фуекционалды семантика заңы бойынша да өзгереді.
Фуекционалды семантика заттың қызмет бірлігіне негізделген. Бір зат немесе
құрал басқа бір зат немесе құралмен ығыстырылып алмасады да, соңғысы
қызмет бірлігіне қарай алғашқы заттың атымен аталады.
5) Ұғымның дәлденіп, дифференциалдануы да сөз мағынасының дамуына
әсерін тигізіп отырады.
Енді сөз мағынасының өзгеруінің (баюының) ішкі таза лингвистикалық
процестерін санамалайтын болсақ: 1. Сөздің жалқылықтан жалпылыққа ауысуы
және қолданылу өрісінің өзгеруі, мысалы, бір саладан басқа бір салаға
ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әкеледі. Егер сөз кең саладан арнаулы
бір салаға, мәселен, халықтың лексикадан арнаулы лексикага ауысса, кең
мағынасы дәлдене түседі де, бір ұғымды білдіретін терминдік мағынаға ие
болады. Мысалы, түбір, жұрнақ деген сөздер жалпы халықтық лексикадан
түбір сөзі – өсімдіктің тамыры, ал жұрнақ сөзі бір заттың қалдығы
деген жалпылама мағына білдірсе, ол арнаулы бір сала лингвистикада: түбір
– сөздердің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі
дегенді, ал жұрнақ – түбір сөзге жалғанатын қосымша сөздерді білдіріп,
терминдік мағына алады. 2. Сөз тіркесінің құрамында қолданылу ыңғайына
байланысты. Тұрақты сөз тіркесіндегі сыңарлардың тіркесу мүмкіндігі
шектеулі қалғандықтан, қосымша мағынада жұмсалатын сөздермен тіркесу жағы
тым тар болып келеді.3. Сөз, әдетте, басқа сөздермен байланыста тұрып,
сөйлем ішінде қолданылады. Соған орай олардың әр мағынасын әр басқа
контекст қана ашып көрсете алады. 4. Ішкі себеп көбінесе сөз мағынасының
кеңею немесе арылу процестерінен байқалады. Мәселен, Отан сөзі бұрын үй
деген мағынада жұмсалып, әркім өз үйін - өз отаны деп айтатын болса, бұл
сөз қазір жаңа мағынада қолданылыпы: ел, мемлекет дәрежесіндегі кең
мағыналы сөзге айналып, бұрынғы мағынасы ұмыт бола бастаған. Сондай-ақ
қарындас сөзі бастапқыда бірге туған, бір қарыннан шыққан деген мағынада
болса, кейін келе ол бірге туғандардың ішінде тек әйел жыныстысына және
оның жасы еншісіне қолданылатындай болып тарылған еді, ал қазіргі кезде
мағынасы сәл кеңейіп бірге тумаған болса да жасы өзінен кіші әйел әйел
адамдарды қарындас дейтін болды. 5.Сөз номинативтік қызметінде қандай да
бір сөз табына ене отырып, белгілі бір мағынада жұмсалады. Кейде олар
қолданыла-қолданыла келе басқа бір сөз табының қарамағында жұмсалуы да
мүмкін. Ал ол сөз мағынасының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, бұл қазақ тілінде
екі сөз табына бірдей сын есім мен зат есімге, сондай-ақ етістік пен зат
есімге қатысты болатын сөздерден айқын көрінеді. Мәселен, жамау деген сөз
етістік сөз табына еніп тозығы жеткен, жыртылған затты (киімді) жөндеп
тігу, бүтіндеу немесе қираған, сынған заттарды бүтіндеп жөндеу, түзетіп
ұқсату дегенді білдірсе, зат есім мағынасында киімді бүтіндеу үшін
салынатын өзі түстес материал дегенді білдіреді. Сондай-ақ тамаша сөзі
сын есім тобына еніп өте жақсы, керемет дегенді білдірсе, заттық
мағынада ойын-сауық, той-думан дегенді білдіреді.
Лексикалық жүйе единицаларының арасында жүйелік қатынастың түрлерінің
табиғи байланыстағы қатынастарының тағы бір түрі бар. Ол – варианттылық
қатынас. Лексика-семантикалық варианттерминін алғаш рет А.И.Смирницкий
қолданған. Ол сөздің лексикалық мағынасын ажыратып, бірнеше мағыналардың
бір ғана сөзбен берілуін лексика-семантикалық вариант деп атаймыз дейді
[12].
Варианттылық қатынас тіл білімінде көп мағыналық (полисемия) және
синонимия (полилексия) арқылы көрінеді. Яғни бір ғана сөздің өз тұлғасын
өзгертпей (бір ғана лексема арқылы) бірнеше мағыналарды беруі – бір сөздің
мағыналық варианттары деген атау алады. 2) бір ғана мағынаның (семема)
бірнеше басқа сөздермен берілуі мүмкін, оны сөз ()тұлға варианттылығы
дейміз. Сонда бұларсдың арасындағы қатынас – варианттылық қатынас деп
аталады.
Бір ғана сөз номинативті единица ретінде сөйлемде сөйлемнің компоненті
қызметін атқаруда қашан да өзінің грамматикалық немесе лексикалық
варианттарының бірінде келеді. Варианттардың сипаты, біріншіден, сөздің
атқару қызметіне, екіншіден, өзі келетін контекске байланысты.
Көп мағына сөздің барлық мағыналары немесе лексика-семантикалық
варианттар алдымен өзара лексема ортақтығымен байланысты. Сөз мағынасы мен
оның табиғатын барлай зерттегне оорыс тіл білімінің лексикологы
Э.В.Кузнецова: ... полисемия құбылысы тілімізде бір тұлғаның (лексеманың)
бірнеше мағыналарын (семаларын) көрсетеді. Бұндай қатынасты полисемант
схемалы түрінде былай беруге болады. Онда бір лексема ЛСВ (лексика-
семантикалық вариант) түріндегі бірқатар мағыналы таңба-ономотемага сәйкес
келеді.
Бұдан түсінетініміз, көп мағыналы сөздің мағыналары бір лексемамен
біреліген бірнеше семантикалық варианттың шоғыры. Бұл ЛСВ – тар (яғни жеке-
жеке мағыналар) сөздің ішкі семантикалық парадигмасын құрай отырыпы,
мағыналық жағынан бір-бірімен байланысты әртүрлі контексте беріледі [13].
Бұлай болу себебі сөз мағынасының өзгеруіне сөйлем ішінде оны қоршауына
алып, тіркесіп тұрған сөздердің әр тобы әр басқа әсер етеді. Сөздің көп
мағыналық реңкін тек контексте, басқа сөздермен тіркесіп, байласықа
түскенде ғана аңғара аламыз. Бұл жөнінде Галкина-Федорук былай деп өте
жақсы айтқан: Разные изделия в слове возникают в завизимости от того, в
какой круг руках слов и понятий мы его включаем. Следовательно, значение
определяется контекстом, если оно многозначно[14].Деп мағыналы сөздің
барлық мағыналары белгілі бір құрылым бойынша жиналып келіп сөздің ішкі
сөздік семантикалық парадигмасын құрайды. Көп мағыналы сөздің мағыналарының
аясында семантикалық байланыс болатыны белгілі. Яғни, полисемиялы сөздің
әрбір жеке мағынасы басқа мағыналармен да бір ортақ сема арқылы
байланысады. Міне, осылай ортақ сема көп мағыналы сөздің әрбір жеке
мағынасын бір-бірімен байланыстыра келіп бір сөздің мағыналық варианттары
болуын қамтамасыз етеді. Сема дегеніміз (грек sema – белгі) семантикалық
көбейткіш, семантикалық компонент, семантикалық, семантикалық белгі, поэма
және басқа мазмұн өрісінің ең көп единицасы. Сөздердің элементарлық
мағыналарының құрылымы семаларды анықтау барысында белгілі болады.
Схемалардың жиынтығы семеманы құрайды. Орталық (интеграл) мен немесе
архисема семантикалық өрістегі барлық сөздердің аралық белгілерін
бейнелейді. Сөздердің мағыналарында сондай-аұ сөзге қатысты ассоциацияның
дамуын көрсететін констекстуалды сема бөлінеді. Контекстуалды сема есебінен
тілдік единица мағынаның коннотативті мағыналық реңтері немесе сема
(эмоционалды, бағалай, сезімді) жасалады. Сөз мағынасын семантикалық
талдау лексикография теориясы мен практикасында, тілдік сөздік құрамын
идеографиялық сипаттауда кеңінен қолданылады[14].
Сөздің жеке семантикалық варианты категориалды – лексикалық семалардың
отралығымен байланысты болуы мүмкін. Вариант дегеніміз (лат. Varians –
өзгермелі) - тілдік единицаны жүзеге асырудың сөйлеудегі ерекше бір
түрі, модификациясы. Вариант белгілі бір құбылыстың әртүрлі айтылуы
ретінде (инвариант ретінде) түсініліп келеді. Варианттылық инварианттық
тұрғыдан фонема, морфема, лексема т.б. единицаны эмалық деңгей атаулары
(инвариант деп қарастырылса, дыбысталу тұлғалары, аллофондар мен фондар,
алломорфалар мен морфтар, сөздің лексикалық-семантикалық варианттары т.б.)
единицаның аталық деңгей атаулары (Варианттар деп танылады) [14] .
Сөздің жеке семантикалық варианттары негізгі мағына үшін
дифференциалды, тіпті потенциалды болатын белгілер арқылы өзара байланысуы
мүмкін. Егер сөздің қандай да бір мағынасы екінші бір мағынамен ең
құрығанда кішкене бір сема арқылы байланысса, онда ол семантикалық
варианттың бірі ретінде сол сөздің ішкі сөздік парадигмасының мүшесі болып
қалады. Сөздің жеке мағыналарының байланысы айқын компоненттік сипатта
болмауы да мүмкін. Көбінесе семантикалық варианттың негізінде күрделі
психологиялық ассоциация жатады. Оны мағынаның жеке компоненттерге жай
ұқсастығы деп түсінуге келмейді [14] .
Тіліміздегі сөздердің көпшілігі табиғатынан семантикалық түрленіп, көп
мағыналы болуға бейім келеді. Бірақ сөзде кезкелген мағына емес,
парадигмалық байланыс арқылы берілген, айрықша айқындалған мағна ғана
дамиды. Оны Д.Н.Шмелевтың сөзімен айтатын болсақ: регулярной является
такая многозначность, при которой вторичное значение (или вторичные
значения) слова, входящего в определенный лексико-семантический ряд,
предопределено общей семантической характеристикой всего данного ряда, т.е.
первичными значениями соответствующих лексических единиц [15]. Көп
мағыналы сөздердің мағыналарының дамуы олардың жиі әрі кең қолданылуымен
де тікелелей байланысты. Сондай-ақ біз жоғарыда сөздің екі жағы батады,
әрі оның жағы да комбинаторлық сипатта болады дедік. Лексикалық мағына
(сема) компоненттерінің құрамы қозғалмалы өзгерімпаз келеді. Біреулері
анықталып, әрі күшейіп ----- көрсетсе, екінші біреулері әлсіреп құриды.
Міне бұл сөздің мағыналық түрлерінің негізін салады. Сөйтіп, әр түрлі
себептердің негізінде сөз алғашқы мағынасының үстіне бірнеше қосымша мағына
үстеп көп мағыналыққа ие болады.
Ал енді осы коп мағыналы сөздерді талдауға келетін болсақ өзіміз
басшылыққа алып отырған еңбекте: Көп мағыналы сөзді талдаудың нысанасы
(обьектісі) нақты сөз қолданысын семантикалық вариант дәрежесіндегі
полисемантизмді сөз болуы мүмкін. Көп мағыналы сөздердің талдауы екі жолы
бар: 1) әр мағынасын типологиялық сипаттау. 2) сөздің ішкі сөздік
семантикалық парадигмасын жалпы сипаттау. Талдаудың екі жолы да көп
мағыналы сөздердің әрбір мағыналарының мазмұнын компонентті талдауға
сүйенеді, - дей келе оны нақты мысалмен суреттеп көрсетеді[15] .
Полисемиялы сөзді талдаудың бірінші жолын қарастырсақ. Ол, сөздің
әрбір жеке мағынасы сипаттала алатын білім параметріне сүйенеді. Оған
келесі сипаттар жатады.
А) негізгі – негізгі емес
ә) еркін – контекске байланысты
б) тура – ауыспалы
в) битарап (нейтральное) – стилистикалық
Осы жолмен қазақ тіліндегі ауыр сөзінің бірнеше мағынасын алып бірінші
тәсіл бойынша талдап көрелік:
Талдау барысында оны компоненттік талдауға әкелетін, сөздің талданып
отырған мағынасының мазмұнын анықтауға тиісті төрт негізгі және бір
дайындық кезеңін көрсетуге болады. Мысалы:
1. Қодардың ауыр балғасын ол ұршықша ойнатады, өзін аттан аударып алып
қабырғасын күйретеді (М.Әуезов, Әр жыл). Ол торсықтың ауыр екенін де сезді
(Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).
2. Ер едің қажымайтын ауыр іске, Толтырдың не себепті сөзді жасқа
(Д.Еркінбеков, шығ).
3. Командирлер мен солдаттар барлығы ауыр ой үстінде, іштерінен тынып
тұр. (Б.Момышұлы, офицер. Күнд.).
4. Асыл ананың ауыр қимылдап, аз күрсініп, қиялға батқан ойлы кескініне
назар аударады (С.Бақбергенов, Күй).
Дайындық кезеңінде ауыр сөзінің берілген фразадағы мағыналарының
мазмұнын анықтаймыз: 1) салмақты, зілдей; 2) қиыншылығы, азабы мол;
ауыртпалығы, мехнаты көп (жұмыс, еңбек, іс); 3) қайғылы, мұңды. Жанға
бататын (хабар, ой); 4) ақырын, байсалды, жай.
Бірінші кезең, сөз мағынасын анықтауда негізгі – негізгі емес белгісіне
сүйенеді. Ауыр сөзінің мағынасы бірінші фразада берілген. Тексеру үшін
кезкелген басқа ұлттың адамын алып ауыр сөзімен сөйлем құра десең: сына
сөмке ауыр екен, қандай ауыр жүк т.с.с. негізгі мағынадағы ауыр сөзімен
сөйлем құрайды. Бірақ бізге негізгі мағынасы осы болып көрінеді, ендеше
осы негізгі мағына демей, түсіндірме сөздікке жүгінуіміз керек.
Екінші кезеңнің мақсаты – берілген контекске байланысты сөз мағынасының
түрін сипаттау. Көп мағыналы сөз қолданылған мысалдар мен текстерді талдау
және сөздің тіркестерін талдау незігінде оған тән мағыналарды ажырату.
Оның мағыналарын ажыратуда қажетті және жеткілікті шарт – текстер мен көп
мағыналы сөздердің әртүрлі ЛСВ қолданылға мысалдар. Ендеше текстке талдау
жасау арқылы көп мағыналы сөздің қайсысы бірінші жағдайда (тексте),
қайсысы екіншіде, қайсысы үшіншіде жұмсалғанын анықтауға болады. Контекст
түрінің ерекшелігі контекстологиялық талдау жасау арқылы анықталды. Сондай-
ақ әртүрлі мағынадағы сөздердің тіркесу ерекшелігін нақты көрсететіндіктен
сөздіктерге де жүгінуге болады. Қолданылған сөз еркін бе, тұрақты ма,
синтаксистік байлаулы, конструкторлы шартты ма соны көрсетеді. Бұл кезеңде
алынып отырған сөз абзал. Себебі неғұрлым мысал көп жыналса, соғұрлым біз
ол сөздің қолданылу аясының кеңдігін байқаймыз. Міне осындай жұмыстың
негізінде ауыр сөзінің 1) салмақты, зілдей мағынасы (тура мағынасы
болғандықтан) көптеген сөздермен тіркесіп келіп екі затты салыстыру
процесінде жиі қолданылатындығын байқадық. 2) қиыншылығы, азабы мол:
ауыртпалығы, мехнаты көп мағынасы контексте қолданылған кезде жұмыс,
еңбек, іс, жол, сапар, хал, тұрмыс, күй, азап, бейнет, мұң, қайғы
жайында ғана әңгіме болуы мүмкін. 3) қайғылы, мұңды, жанға бататын
мағынасында тіпті хабар, ой сөздерімен ғана тіркесетіндігін байқасақ, 4)
ақырын, байсалды, жай мағыналарында қозғалыс, қимыл, үн сияқты
сөздермен келетіндігін көрдік.
Көп мағыналы сөзді зерттеудегі үшінші кезеңде әрбір мағына қандай
мазмұнда, яғни тура ма, әлде келтірінді мағынада ма екендігі анықталады.
Негізгі мағынада – тура да, негізгі емес мағынасы – туынды не келтірінді
мағына болып есептеледі. Келтірінді мағынада оны ішкі тура мағынамен
байланыстыртаны ішкі тұлға жақсы көрінуі керек. Бұл мақсат әртүрлі жолмен
шешіледі. Көп мағыналы сөздің қандай да бір ЛСВ пен аталатын болмыстағы
заттардың белгілерін талдау жолмен, әралуан лексика-семантикалық
парадигманың мүшесі арасындағы семантикалық қатынасты талдау әдісімен,
семантикалық келісім деп аталатын құбылысты талдау тәсілімен шешіледі.
Төртінші кезеңде, сөз мағынасын стилистикалық жағынан сипаттайды. Сөз
келтірінді мағына алған кезде семантикалық компонентпен бірге қызметтік
те, нормативтік те (әдеби нормаға қатысты), эекспрессивтік бояуы да өзгеруі
мүмкін. Сйөтіп, сөзде стилистикалық компонент пайда болады. Стилистикалық
компонент дегенде бір сөздің стилистикалық бояуын түсінеміз. Э.Г.Ризель
стилитстикалық бояудың үш түрін көрсетті: қызметтік (сөйлеу стиліне
қатысты), нормативті (әдеби нормаға қатысты) және экспрессивті. Біздің
ойымызша стилистикалық бояудың оосы үш түрі сөз мағынасының стилистикалық
компонентін сипаттайды. Сөздің сөздікте берілуінде бұл да көрсетілуі
керек.
Сонымен талдау, нәтижесінде біз ауыр сөзінің мағынасына төмендегідей
мінездеме аламыз:
1. салмақты, зілдей – негізгі, еркін, тура, битарап (жалпы халықтық)
2. қиыншылығы, азабы мол: ауыртпалығы, мезнаты көп – негізгі емес,
контекстік, келтірінді, битарап.
3. қайғылы, мұңды, жанға бататын – негізгі емес, (морфологиялық және
синтаксистік) контекстке байланысты, ауыспалы, стилистикалық бояма.
4. ақырын, байсалды, жай – негізгі емес, контекстке байланысты,
ауыспалы, стилистикалық бояма.
Э.В.Кузнецованың айтуы бойынша көп мағыналы сөзді талдаудың екінші
түрі жеке мағынаның сипатын емес, жалпы ішкі сөздік семантикалық
парадигманың құрылысымен байланысты. Жоғарыда айтып кеткендей бұл парадигма
бір сөздіңмағыналарының өзара байланысқан семантикалық варианттарының
жүйесін көрсетеді. Әр сөздің ішкі сөздік семантикалық парадигмасы бір-
бірінен ең алдымен сан жағынан ерекшеленеді. Әр сөздің семантикалық
варианттарының жиынтығы әр түрлі, әркелкі болуы мүмкін. Оны түсіндірме
сөздіктен көруге болады. Бір сөздер бір мағыналы болса, енді бір сөздің он
бестен аса мағынасы бар. Бірақ басты айырмашылық семантикалық варианттардың
байланысытнда. Бұл байланыстар көп мағыналы сөздің семантикалық
парадигмасының ішкі құрылысын құрайды, және оның негізінде семантикалық
компоненттің ортақтығы жатыр, сондықтан да алдымен жеке мағынаның мазмұнына
компоненттік талдау жасалуы керек.
Көп мағыналы сөздің парадигмасында басты рөлді негізгі мағына
атқаратындықтан барлық қалған мағыналардың байланысы осы мағынаға қатысты
шешіледі. Лексикалық мағынаның түрін және мағыналардың арасындағы
семантикалық байланыс сипаттарын анықтау арқылы, байланыс бағыттарының
айырмашылықтарының негізінде ғалымдар көп мағыналы сөздің үш түрін бөліп
көрсетеді:
а) көп мағыналы сөздің барлық мағынасы бір ғана ортақ мағынамен
беріледі. Бұны тарамдалған (радиальный) полисемия деп атайды. Көп
мағыналы сөздің бұл түрінде барлық мағыналар ортақ компонентке ие болады.
Мәселен, үй көп мағыналы сөзі: 1) адам тұратын, мекендейтін баспана. 2) үй
ауыс. бірге тұратын адамдар, үй іші. 3) белгілі бір қоғамдық қажеттілік
үшін пайдаланылатын орын, мекеме: мәдениет үйі, офицер үйі, пионерлер үйі,
өнер үйі, ғалымдар үйі, актерлер үйі, тұрмыс үйі (дом быта), сән киімдер
үйі т.б. Бұл мағыналардың бәрі бір негізді сипаттайды – мекен-жай деген бір
ұғыммен біріккен. Сол сияқты: табан 1) аяқтың жерге тиетін, жер басатын
бөлігі. 2) ақя-киімнің адам табаны тиіп тұратын бөлігі. 3) заттың жерге
тиіп тұратын астыңғы жағы, төменгі бөлігі. 4) өзеннің, сайдың, өзектің су
ағатын арнасы, төменгі етегі, іші.
ә) көп мағыналы сөздің әрбір жаңа мағынасы өзіне жақын мағыналармен
байланысатын сипатта болатын тізбекті полисемия. Мысалы, көз деген сөз.
1.Жан-жануар, адам баласының көру мүшесі. 2. Күннің көзі (сәуле, жарығы) 3.
Бұлақтың көзі (қайнар жері). Бұл мағыналардың бәрі не себепті бір ғана
сөзбен берілгені айтпаса да түсінікті. Адамның көру мүшесі көз жасқа
толғанда тарам-тарам жас аққаны сияқты бұлақтың суы да жер астынан
көтеріліп барып тарамдалып, тармақтанып ағады, сол сияқты күннен е сәуле
шашырап тарайды. Сондай-ақ тазарту сөзін алсақ 1. кір-қоқыс, шаң-тозаң т.б.
нәрселерден арылып, тазалану. 2. ауыс. арам, жаман пиылдан арылу, аршылу
немесе талас зат е. 1. белгілі бір мәселе жайында пікір тартысы, айтыс,
керіс. Айтысқан адамдардың арасында белгілі бір бесекелестік келіп тууымен
байланысты бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz