МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ТАРАУ


Курстық жұмыс
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ
ІІ ТАРАУ. ДӘСТҮР ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СТИЛЬ
ІІІ ТАРАУ. ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК МӘНІ
І V ТАРАУ. АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ЖҮСIП: КӨРКЕМДIК ҮНДЕСТIК
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
К І Р І С П Е
Бітіру жұмысының өзектілігі. Кешегі әміршілідік жүйенің үстемдігі дәуірінде өткен ғасырлардың әдеби мұраларын тек таптық тұрғыдан сараптаумен шектелу нәтижесінде оныҡ көп қыр-сырын нағыз ғылыми тұрҒыда ашылмай келгені мәліМ. Соңғы жылдардан бастап өнердегі оның ішінде көркем әдебиеттегі «ақтаңдақтарды» ашуда елеулі нәтижелерге қол жеткізілді деубе негіз толық. Әйтсе де көне жазбалардың бір орталыққа жинақталып, жиналған үлгілердің кезінде дұрыс бақылауда болмағандықтан, «қолды болуы» әдеби мұраны зерттеу ісін біршама тоқыратып келгені белгілі. Міне, осы орайда артына өте мол мұра қалдырған қазақтың белгілі ақыны, фольклортанушысы, тарихшысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алғашқы тоғыз томдығы жарық көруі нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің басқа мұралары тәрізді өлеңдерінің ашылмаған қыр-сырын сараптауға кеңірек жол ашылғаны белгілі. Осы орайда Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық - стилдік ерекшеліктерін арнайы саралау, яғни оны ғылыми түрде дәйектеуді жүзеге асыру, сөз жоқ, зерттеу жұмысының көкейкестілігін негіздейтіні анық.
Оның шығармаларының басты тақырыбы - ұлт еркіндігі, жер мәселесі, содан туатын кедей шаруа тілегі, дін бостандығы, оқу-білімге, үндеу, патшалық тәртәп пен капитализм қайшылығын атау сияқты өз кезеңі үшін үлкен мәні бар демократиялық мәселелер болды.
М. Көпеевті жақсы білетін орыс оқымыстысы Белослюзов былай дейді: М. Жүсіп өлеңді жазып шығарды, мұның өзі қазақ әдебиетінің тарихында жаңа бағыттың дамуына зор түрткі жасады. Бұрын өлең көпшілік алдында ауызша айтылатын, ал ақын атану үшін біреумен айтысқа түсетін. Енді Көпеев өлеңдері оқырманға жазбаша ұсынылды, ақын деген сөз тек ақын, жырауларға қатысты ғана емес, өлең жазуға қабілетті талант иелеріне де қолданыла бастады.
Ақын мысалдарының басты идеясы адамның көңілінің мөлдірлігі мен жанының таза болуы үшін күресу. Ол үшін адамзат баласы бір-біріне қиянат ойламасын, жөнсіз бірін-бірі тілдемесін, кісі ақысын жемесін, тек қана еңбек етсін, еңбек етсе алынбайтын қиындық, бұзылмайтын қамал болмайды деген ой тастайды.
М. Ж. Көпеев өз туындыларында діннің аса зор тәлім-тәрбиелік мәнін, оның адамның моральдық, имандылық қасиеттерін қалыптастырудағы құдіретін шебер көрсете білді. Шығармаларының мазмұны халықты адамгершілік пен мұсылманшылыққа, парасаттылыққа, шынайы сезімдерді қадірлеп қастерлеуге, өмір пәлсапасын саналы түрде терең ұғынуға үйретеді. Ұлы ақын дін, ислам идеяларын уағыздау арқылы исламияттылық пен руханияттылықтың озық үлгілерін паш етуді ойлады. Ол қазақ халқын орыстандыруға қарсылық білдіріп, ұлттың өзіне тән ерекшелігі мен болмыс-бітіміне нұқсан келтірмеуді армандады.
1907 жылы «Қазан» баспасынан шыққан. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарында қазақтардың әлеуметтік жағдайын егжей-тегжейлі баяндап, ауқымды суреттеген.
Отаршылардың ең алдымен қазақ халқының ұлттық санасы мен ұлттың ар-намысына балта шабуды көздеу саясатын, тілі мен діліне деген қисапсыз қиянатын батыл сынады.
«Баста билік жоқтықтан тырп ете алмай,
Өлгенге ас бере алмадық туғанға той», -
деп халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-санасының сағын сындыру әрекетін ашына айтты. Дін тек тән тазалығын ғана емес, жан тазалығының жарқын бейнесін рухани биікте қалыптастыратын обьективті фактор екенін ойшыл ақын дұрыс көре білді. Мәселен, оның: Басыңа қайғы келсе, қапа болма, Тарылып, назаланып, шықпа діннен, - деген өлең жолдары кісінің кісілігін танытатын ізгі қасиеттердің негізі - дін екенін еске салады.
Ислам діннің дүниенің өзгеріп отыратынын және оның үнемі қозғалыста болатынын, ғылым-білімнің дамуын қолдап отыратын дін екндігі Мәшһүр Жүсіп еңбектерінде жақсы көрініс тапқан. Ақын мұсылманшылдық негіздерін құрайтын шарттардың, құранның басты қағидаларының, шариғат жолын ұстап, Пайғамбар өсиеттерінің бұлжытпай орындалуын талап етті
Бұл айтылғандар оның «Миғраж», «Жер мен көк», «Шантыбай қажы», «Әдһәм диуана және Ибраһим», «Пайғамбардың дүниеден өтуі» сынды діни дастандарында елеулі орын алды. Әрбір ойлау жүйесінің ерекшелігі - дүниені тану тәсілінен десек, Алладан басқа Тәңірі жоқ екеніне сенген ұлы ғұлама дүниетанымның тұңғиығы тереңде жатыр. «Мен құдайды бір деп, бар деп, күшті деп білемін. Бір жолы Мәшһүр тобықтыны аралап жүріп, Абайдың үйіне түседі. Сәлем беріп кіріп келгенде Абай басын көтерместен «Сіз кім боласыз?» деп сұрайды. Сонда Мәшһүр «Мен Мәшһүрмін» демей, «Көпейұлы Жүсіппін» депті. «Олай болса Құдай қайда тұрады?» дегенде Жүсіп: «Құдай жүректе тұрады» деп қолымен көрсетіпті. Сонда Абай: «Мәшһүр деп сізді жұрт дұрыс атаған» деп қолын алып, күтіп алыпты. Бұдан біріншіден, Мәшһүр дүниетанымының ұлы ойшыл Абай көзқарасымен үйлесім тапқанын байқасақ, екіншіден, мәшһүр туралы осындай естеліктердің өзінен -ақ құдайды танып білудің мәнін терең түсінгенін ұғынасың.
Сонымен М. Ж. Көпеев ХХ ғ. басындағы ақындардың аса бір көрнектісі. Саяси тәртіпті одан батыл сынаған ақын жоқ. Ескіні сынағанда ол үлкен сатираның, саяси лириканың ақыны, әділет, бостандық идеясын жырлағанда - романтик. Поэзияны ол үлкен саяси мазмұнның құрамына айналдыра білді. Оның пікірлерінде діншілдік, қазақты тұтас алып қарау, Ресеймен қосылудың тек пайдасыз жағын әңгімелеу басым.
Төңкеріске дейінгі қазақ қаламгерлері ішінде ең көлемді мұра қалдырған адам Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы екені белгілі. Оның жалпы көлемі 23-25 томдай болатын қазынасын сала-салаға бөлсек, өлеңдері 2 том мөлшерінде, ал дастандары - 3, айтыс үлгілері - 1, аудармалары - 2, қазақ ақындары туындыларын жинау еңбегі - 2, қазақ тарихы, философия, педагогика, шаруашылық, т. б. туралы ойлары - 5-6, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауы -8-9 том көлемінде.
Мәшһүртануда қазір не тындырылды десек, алдымен алғашқы екі томдық таңдамалысы басылып шыққанын және газет-журнал беттерінде кейінгі жылдары жарияланған материалдарды атар едік. Сонымен бірге 1994 жылы ақын өмірі мен шығармашылық жолын жалпы шолуға арналған бір кандидаттық диссертация (С. Н. Сүтжанов. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әдеби мұрасы) қорғалды. Мәшһүртану ақынның көзі тірісінде-ақ басталды. Оған дәлел: Смағұл Садуақасовтың 1919 жылы Омбыда шыққан «Трудовая Сибирь» журналында жарияланған «Киргизская литература» («қазақ әдебиеті») деп аталатын мақаласы. Онда зерттеуші былай деп жазған: «Қазақ әдебиетінің ауызша кезеңі ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін ұласып келді. Тіпті суырып салма ақындар қазіргі кезде де баршылық. Дегенмен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақ әдебиетінің тарихында жаңа жазба дәуірі арна тартты. Жазба әдебиеттің негізін салушы «Мәшһүр» деген атаққа ие болған Жүсіп Көпеев, кейінірек Абай Құнанбаев болды».
Осы орайда зерттеушінің алдымен Мәшһүр-Жүсіпті атап, кейін ақындық өнерді ерекше биікке көтерген Абай екенін әйгілеуі екі ақын өлеңдерінің жазылу мерзіміне емес, басылу, жариялану, халыққа тарау ретінде байланысты болар деп санаймыз. Шынында Мәшһүр-Жүсіп шығармалары ХІХ ғасырдың соңғы 10 жылында «Дала уалаяты газетінде» жарияланумен бірге оның үш бірдей кітабының 1907 жылы басылып, таралғаны, ал, Абай шығармалары кітап болып, екі жыл кейін 1909 жылы жарық көргені мәлім.
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын жинау ол қайтыс болсымен қолға алынды деуге негіз толық. Белгілі ақын Дихан Әбілев өз естелігінде Мәшһүр-Жүсіп қайтыс болысымен, 1931 жылы ақынның баласы Шарафиден екі томдық шығармаларды (Мәшһүр-Жүсіп жазбаларын) алып, астанаға жіберткенін жазады. Мәшһүртануда содан кейін көңіл бөлерлік елеулі жетістік - оның шығармаларының 1940-1946 жылдар аралығында орта мектеп оқулығына енуі.
1951 жылдың 13 июнінде жазушы С. Мұқанов баяндама жасап, оның қысқартылған нұсқасы «Әдебиет және искусство» журналының сол жылдың жетінші санында жарияланғаны мәлім. Бұл баяндамада Қазақ әдебиетінің мақтаныш етер өкілдері: Шәкәрім Құдайбердиев (сол кездегі жазылу түрін сақтап келтіріп отырмыз - Г. Ж. ) Нармамбет Ормамбетов, Көкбай Жанатов, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбаев т. б. ақындармен қатар Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы да барынша қараланды. Олай дейтініміз: Сәбит Мұқанов Мәшһүр-Жүсіптің 1907 жылғы кітаптарын сынай келіп, өз ойын былай тұжырымдаған екен. «Бұдан артық кертартпалық, бұдан артық діншілдік, бұдан артық ұлтшылдық, бұдан артық панисламшылдық пікір болуға тиісті емес».
Әйтсе де елуінші жылдардың орта тұсынан бастап, И. В. Сталинның жеке басына табыну, т. б. жұқалаң түрде болсын сыналып, аздаған тоң еруі байқалған сәтте бұрын орынсыз қараланған ақын-жазушылар тәрізді. Мәшһүр-Жүсіпті ақтауға ойысу газет бетінде қылаң бере бастады, орынсыз мансұқталған бір топ қаламгерлермен қатар Мәшһүр - Жүсіпке де жаңа көзбен қарау керектігі аталып жүрді. 1959 жылы шыққан жоғары оқу орны студенттеріне арналған «ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті» хрестоматиясында (құрастырушылар: Т. Әбдірахманов, Қ. Жармағамбетов) бұрын, қырқыншы жылдары мектеп оқулығына енген Мәшһүр Жүсіптің «Әкімдер мен қазақ кедейлері» және «Шайтанның саудасы» өлеңдері басылды.
Белгілі ғалым Мұратбек Бөжеевтің Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын жинақтап, қазіргі әріппен көшіріп, машинкаға бастырып, баспаға ұсынғаны, Қазақстан үкіметі басшыларына, ОРталық комитетке ақын шығармаларын бастыру мәселесін көтергені, бірақ еш нәтиже шығара алмағаны белгілі. Ғалым Мәшһүр-Жүсіп туралы жазғандарын жинақтап, арнайы мақала жазып, жұртшылық назарын аудара білді. Мәселен сол мақаласын М. Бөжеев мына сөздермен бастаған: «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтен (1858-1931) қалған мол мұра ішінде: әлеумет мәселесіне арналған неше алуан шығармалар, ұзақ оқиғалы хикаялар, айтыстар, шежірелер, тарихи материалдар, фольклор үлгілері бар. Бұларға қоса ақынның араб, парсы, шағатай тіліндегі көшірмелерін есепке алсақ, одан қалған мұра - 30 томдай болады екен».
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын біршама талдап, жылы лебіз білдірген ғалымның ендігі бірі - Ы. Дүйсенбаев.
Мәшһүртануға белгілі ғалым Ә. Жиреншин де өз үлесін қосты. Онда ғалым Мәшһүр-Жүсіпті «Ұлтшыл», «керітартпашыл», «ескішіл» деген қаралаулардан сол кездегі мүмкіндік шеңберінде қорғаштай отырып, ақын туралы айтқан ойларын былай тұжырған: «Мәшһүр-Жүсіп демократтық бағыттағы ағартушы, бұқарашыл ақын. Ол қанаушы тапты өлтіре сынап, халқының мүддесін қорғаған адам. Халқына саяси бостандықты талап еткен Мәшһүр ХХ ғасырдың бас кезіндегі бірінші қайраткерлер қатарына жатады. Сондықтан да оны патша өкіметі саяси қудалауға алып, кітаптарын зиянды деп тапқан».
Қазақ әдебиетінің «ақтаңдақ» беттерін ашуда орны үлкен «Қобыз сарыны» монографиясын (1968 жыл) «Алдаспан», (1970), «Поэты Казахстана» (1978) антологияларын атап айтқымыз келеді. Мәселен, «Қобыз сарыны» мен «Алдаспан» Мәшһүр-Жүсіптің қазақ ақындары шығармаларын, оның ішінде әсіресе Бұқар жырау туындыларын тарихта қалдырудағы еңбегін танытса, 1978 жылы Ленинградтан шыққан «Поэты Казахстана» антологиясына тыйым салынған басқа да қазақ ақындарымен қатар Мәшһүр-Жүсіптің «Шайтанның саудасы» өлеңінің орысша аудармасы беріліп, ақын өлеңінің Қазақстаннан тыс жерде кеңірек тарауына, насихатталуына өріс ашылды.
Мәшһүртануда, әсіресе, ақынның қазақ тарихы, шежіресіне қатысты жазбаларын баспасөз бетіне жариялап, ақынның кейінгі екі томдық таңдамалысын құрастырған ғалымның бірі ретінде С. Дәуітов еңбектерін атап өту керек.
Ал, Мәшһүр-Жүсіп дастандарына келсек, оның шығыс сюжетіне негізделген «Гүлшат - Шеризат» шығармасын жоғарыда айтқанымыздай, өткен ғасырлардағы басқа да қазақ ақындары қисса-поэмаларымен байланыстыра зерттеген М. Бөжеев еңбегі-назар аударарлық. Одан кейін бұл шығарманы алғаш, жариялап, оны ұқсас фабулаға негізделіп жазылған басқа туындылармен байланыстыра сараптаған ғалым - А. Қыраубаева. Осы орайда «Гүлшат-Шеризат» туындысында ауыз әдебиетіне тән: фабула ұқсастығы, үлкейту, шарттылық, қаһарман сомдау тәсілі т. б. ерекшеліктер орын алумен қатар, оның, негізінен алғанда, жазба әдебиет үлгісі екендігі де дау тудырмайды. Қанша ұқсас фабулаға негізделді, ауыз әдебиеті әсері бар делінсе де, оның қағазға түсіріліп жазылғанын, автордың өзіндік жазу стилі байқалатынын ескерту керек.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғаннан бері, Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ескерлімей келген, жоғалған мәдени мұраларға көңіл бөлу қаулап өскені белгілі. Соның бір көрнісі - бұрын есімі де, еңбектері де мәдениет тарихында «ақтаңдақтар» қатарына саналатын, қазақтың белгілі ақыны, философы, тарихшысы, фольклортанушысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының кең зерттеле бастауы дер едік.
Зерттеудің басты мақсаты, негізгі нысанасы Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық - стилдік ерекшеліктерін әлемдік әдебиеттану ғылымдық талабы тұрғысында арнайы саралау жүргізу;
- Мәшһүр Жүсіп шығармашылығын зерттеу арқылы, оның ақындық даралық қол таңбасын, яғни стилін айқындау;
- өлеңдерінің жанрлық сипатын, туындыларының идеялық, тақырыптық ерекшелігін негіздеудегі ролін таныту;
- өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін бағамдай отырып, оның жанр табиғаты мен стильді дамытудағы қызметін көрсету;
Осы мақсаттарды алғашқы рет ғылыми жүйелі түрде жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер жүктеледі:
- Ақын шеберлігін, ізденістерін саралау арқылы, әдеби процестегі ақынның жанрлық- стильдік ерекшеліктерін саралай отырып, ондағы дәстүр тағылымы, дәстүр сабақтастығы, бейнелелік мәнін жан-жақты ашу;
- Мәшһүр Жүсіптің өзіне дейінгі және замандас ақындармен үндестігін, дәстүр сабақтастығы мен жаңашылдығын пайдалану нәтижесінде, ақынның ол дәстүрге не қосқанын, яғни даралық көрінісін ашу;
- Ақын шығармашылығының жанрлық стильдік сипатын негіздеген көркемдік деңгейін анықтау;
- Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық табиғатын және стиль ықпалын зерттеудің жалпы қазақ әдебиетінің даму заңдылығын ашу үшін мәнді баспалдақ бола алтынынын дәлелдеу.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына арналған біраз кітаптардың шығуы- қазақ әдебеттану ғылымындағы басқа салалар тәрізді бұл арнада да ілгері жүргенін білдіреді. Біз солардың ішінен У. Қалижанның (Мәшһүр Жүсіп. - Алматы: Атамұра. 1998. -30б), С. Сүтжанның (Мәшһүр мұрасы. - Повладар. 2001. - 104 б), Е. Қ. Жүсіповтың «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы әдеби дәстүр» еңбегін (Астана. 2001. - 30 б), сондай-ақ оған дейін әр кезде айтылған белгілі ғылымдардың: Б. Кенжебаев [1], Ә. Жиреншин [2], М. Бөжеев [3], С. Дәуітов [4], Д. Әбілов [5], Қ. Мәшһүр Жүсіп [6 ], С. Ш. Көпеев [7], С. Негимов [8] т. с. с. еңбектерінде ақын өлеңдерінің идеялық- тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері біршама сөз болғанына назар аудартқымыз келеді. Қазіргі қазақ әдебитеттану ғылымының алдында өткен ғасырлардағы әдеби мұраны жинанқтап, қажет түсініктермен жариялаумен қатар, оның әлем жұртшылығына таныту міндеті тұрғанын зерделесек, әдебиет қорындағы асыл қазынаның бірі- Мәшһүр Жүсіп ақындығын арнайы сараптау міндеті тұрғаны анық. Міне, осы талаптар биігімен таразылағанда, Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты мен стиль табиғатын зерттеу тек осы ақын емес, жалпы қазақ әдебиетінің даму заңдылығының жеткен биігін анықтау, межелеу үшін мәнді баспалдақ бола алатынын зерделеген жөн. Мәшһүр Жүсіп өміріне, жалпы шығармашалығына қатысты деректердің біз келтіріп өткен еңбектерде баршылық екенін ескере отырып, қазіргі әдебиеттану ғылымы жетеістіктері биігімен таразылап, ақын өлеңдерінің жанрлық табиғатын және стильдік ерекшеліктерін арнайы сараптауды міндет етіп алдық.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Басқа да қазақ ақындары тәрізді Мәшһүр Жүсіп шығармаларын жариялау және зерттеудің бірер онжылдықта игеріліп бітпейтіні анық. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына арналған алғашқы ғылыми еңбектерді Мәшһүртанудың жаңа өрелі кезеңінде ақынның әлемдік поэзия дәстүрін жалғастыру, дамыту үрдісін ашуға дайындық, алғышарт ретінде бағалауға болады. Осы орайда қазақ әдебиеті даму тұрғысынан қарастырып, дәстүр сабақтастығын, өзектестігін ашу үшін де жекелеген ақындарға, атап айтқанда, артына мол мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіпке кеңірек көңіл бөлу қажет. Ақынның бұрын еш жерде жарияланбаған туындылары алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Мәшһүр Жүсіптің барлық өлеңдері жанрлық тұрғыдан жүйелі түрде зерделенді. Бітіру жұмысы Мәшһүр Жүсіп өлеңдерін жанрлық- стильдік тұрғыдан тұтастай зерттеу объектісіне айналдырылған ғылыми еңбек болып табылады. Осы және басқа да ізденіс нәтижелері бітіру жұмысының өзіндік ғылыми жаңалығы болып табылады.
Бітіру жұмысының нысаны . Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты, ондағы дәстүр тағылымы және стиль, дәстүр сабақтастығы және бейнелілік зерттеудің негізгі нысанына алынды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Лириканың жанрлық стильдік табиғаты дегенде, алдымен даму тарихында мол тәжірибе жинақталған әр кездегі орыс әдебиеттану ғылымы жетістіктеріне көңіл бөлу қажет. Алдымен Х1Х-ХХ ғаысрдағы В. Г. Белинский, А. Н. Веселовский, В. Жирмунский, М. Б. Храпченко, В. Поляков, В. П. Григорьев [9] т. с. с. еңбектерінің тек орыс әдебиеттану ғылымы үшін емес, қазақ әдебиеттану ғылымы үшін де мәні үлкен екенін атап айтқымыз келеді.
Қазақ әдебиеттану ғылымында да қазақ лирикасының жанрлық толысу, даму тарихына қатысты еңбектер баршылық екенін ескерге жөн. Олар: А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, М. Базарбаев, З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, М. Қартаева, Т. Әбдірахманова, Р. Нұрғали, Т. Кәкішев, Б. Кәрібаева, С. Негимовтің т. с. с. жекелеген ізденіс нәтижелері [10] . Міне, бұл тақырыпты зерттеу барысында жоғарыда аты атлған орыс-қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері ескеріліп, оларға баға беріліп отырылады.
Бітіру жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І . МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ
Әдебиеттанудың басқада салалары тәрізді жанырлық сипатын сөз еткенде, оның бар кезеңде, бар ақында үнемі біркелкі болып келе бермейтіні, қайта дәуір, стиль т. с. с. әсерімен түрлі өзгеріске түсіп отыру мүмкіндігін алдымен діттегіміз келеді. Осы орайда белгілі орыс зерттеушісі В. Г. Белинскийдің: «Жанрлардың шекарасы нағыз дәлдіктен гөрі шамамен айырылады. Қайткенмен де оны картада мемлекеттің шекарасын көрсеткендей саусағыңмен нұқып көрсете алмайсың. Көркемөнер қай жақтағы болсын, бір шекарасына таяна беріп, өзінің әуелгі мағынасын біртіндеп жоғалтады да, шекаралас екінші жанрмен мағыналас болады. Сөйтіп, шекаралас екі сипаттар ортақтасып екуін жинастырады»- деп, жазғаныны қазақ ғалымы С. Қирабаевтың С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» туындысының жанрлық сипатын анықтау үшін қолданғаны [11] тегін емес.
Кез-келген ғылым саласы тәрізді бұл мәселеге де соңғы нүкте қойылмайтынын, қойылуы мүмкінде еместігінін ескерсек, мұнда да бұранан қалыптасқанбасы ашық жанр түрлері бар да, әлі толық анықталып бітпегені, әйтсе де сол толықтыққа жету үшін де алдын-ала сараптауды тосып тұрған, әзірше шартты түрде ғана бөлініп жүрген жанр түрлері бар екендігін де ескерген жөн.
Мәселен, мысал (басня), мұң, өлеңі (элегия), мадақ өлең (ода), төрттаған (рубаи), нәзира т. с. с. бұрыннан шаңырақ көтерген даусыз лирика түрлері саналады. Ал, жоқтау, арнау, айтысты т. с. с. А. Байтұрсыновтың 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабынан бастап ұлттык өлең түрі, ұлттык үлгі деп карастырып келгеніміз белгілі. Сонымен бірге ойлану (медитативті), жұмбақ, хат өлең түрлерін жанр түрі, немесе такырып т. с. с. бойынша жіктелім үлгісі деп, қабат саралауда еш ағаттық жоқ. Осы орайда шығыс поэзиясында кең орын алған рауаят, хикаят ұғымдарын да ескермей кете алмаймыз. Соңғысының жоғарыда аталған А. Байтұрсынов кітабына енуі де осы ұстаным дұрыстығын аша түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz