Дене мүшелері мен соматикалық процестер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ
ТОПТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..5
1.1 Фразеологизмдердің зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Дене мүшелері мен соматикалық процестер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Соматикалық фразеологизмдердің тақырыптық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ...36
2 СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКА-ЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКА-
ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... 41
2.1Соматикалық фразеологизмдердің жасалу жолдарына қарай топтастырылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.2 Соматикалық фразеологизмдердің лексика-семантикалық түрлері мен
грамматикалық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 47
2.3 Соматикалық фразеологизмдердің лексика-семантикалық варианттары ... .54
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

КІРІСПЕ

Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін анықтай түсетін неше
алуан әдет-ғұрып, салт-сана, мінез-құлық, қасиет-қалыбы тілдік танымымызда
тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын, ішкі мазмұн
байлығымен көзге түсетін, тілімізге бейнелі де мәнерлі реңк үстейтін,
күрделі құрылым-құрылысы бар, ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін
көрсететін тұлғалардың бірі - фразеологизмдер. Олар тіл элементтері ішінде
ұлттық нақышымен көзге түседі, сондықтан фразеологизмдер сөзді жандандырып,
тілімізге өмірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні бар айрықша
құрал болып саналады.
Диплом жұмысының өзектілігі: адам және оның дене бітімі, түр-тұлғасы,
ішкі жан дүниесі, сана-сезімі, мінез-құлқы, қимыл-қозғалысы, мәдени өрісі,
қоғамда атқаратын әлеуметтік рөліне сай әрекеті т.б. туралы қалыптасқан
көзқарастар жүйесін, адамның өмір сүретін кеңістігін игеру барысында
жинақтаған мол тәжірибесінің нәтижесін тіл және адам контексінде зерттеу.
Бұл кешенді проблематиканың ғылыми тұғырына алынатын тілдегі адам
образы қазақ тіл білімінде енді ғана қолға алына бастаған болса, қазіргі
орыс лингвистикасында адамның тілдік бейнесінің, оның ішінде де ішкі
адам образының көптеген қырлары лингвоантропологиялық және
лингвомәдениеттанымдық аспектілерде біршама тереңірек зерттелді деуге
болады. Л.Б.Никитина зерттеулерінде [1, 65], [2, 82] адамның
интеллектуалдық өресі сөз етілген болса, оны қалыптастыратын ментальдық
деңгейдегі әрекет, әсер және сезім-күй мәселесі В.Ю.Апресянъ, Ю.Д.Апресян
[3, 27], В.Г.Гак зерттеулерінде [4, 20] арқау етілді. Мұның сыртында
адамның интеллектуалдық әрекетінің заттық емес нәтижелері [5, 67-92], [6, 5-
222], адамның эмоциясы мен сезімінің лексика-семантикалық топтар мен
өрістегі көрінісі [7, 73], адамның эмоциялық, интеллектуалдық, уәждемелі-
қажеттілік жүйесі [8, 37], адамның ішкі жан-дүниесінің тілдік бейнелері [9,
5], [10, 68], [11, 3], адамның ішкі сезім жағдайының сыртқы симптоматикасы
[12, 16], [13, 36] адамның психикалық әлемінің концептері мен фреймдерінің
тілдік интерпретациясы [14, 68], [15, 11] тәрізді адам және оның ішкі
әлеміне қатысты мәселелер зерттеу нысанына алынып, жан-жақты
қарастырылуда. Сондай-ақ тілдегі адам бейнесі тіларалық деңгейде
салғастырмалы зерттеулердің де нысанына алынып, жеке тұлғаның рухани
өмірінің басты концептілерін орыс және ағылшын [16, 109], [17, 58], орыс
және француз [18, 104], ағылшын, неміс және орыс [19, 5] тілдері
материалдары бойынша талдау кең өріс алуда.
Қазақ тілінде соматикалық фразеологизмдер саласында біршама
зерттеулер дүниеге келді. Атап айтқанда, ғалым Б.Уызбаева соматикалық
етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын анықтады [20, 23], ал
Б.Нағасбекова соматикалық фразеологизмдердің көпмағыналығын айқындаса [21,
185-189] , Қ.С.Қалыбаева көз сөзінің қатысымен жасалған фразеологизмдерді
[22, 101] көрсетті. Фразеологизмнің жеке категорияларын көркем шығарма
тіліндегі қолданысына [23, 23], [24, 91], [25, 89-92] мағыналық-тақырыптық
топтастыру принциптеріне [26, 24], варианттылығына [27, 24], [28, 16] т.б.
мәселелерге бағытталған.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді орыс және басқа тілмен салыстыру
тұрғысынан да зерттеп келеді [29, 5], [30, 67].
Соматикалық фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипатын ашу
тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігін пайдалана отырып, тақырыбымызды ғылыми тұрғыда ашуға күш салдық.
Зерттеу әдістері: соматикалық фразеологизмдерді талдау барысында
объективті-аналитикалық, салыстырмалы талдау тәсілдері пайдаланылды.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері: фразеологизмдерге қатысты
тіл фактілерін жан-жақты талдау, олардың тілдік этнолингвистикалық
табиғатын айқындай түсу. Олардың жалпы жасалу заңдылығы мен фразеология
жүйесіндегі орнын анықтау, теория мен практиканың мәнін айқындай түсу. Осы
мақсатқа байланысты жұмыс алдына мынадай нақтылы міндеттер қояды:
- Соматикалық фразеологизмнің ең күрделі фактіге бай, өзімдік ерекше
тармағы екенін айқындау;
- Соматикалық фразеологизмнің функционалдық, тақырыптық және мағына
топтарын анықтау;
- Соматикалық фразеологизмнің фактілері негізінде жалпы тұрақты
тіркестің (жиі лексикалық тіркес, фразеологиялық тіркес, идеологиялық
тіркес, теңеу салыстырмалы тіркес, мақал-мәтелдердің) эволюциялық дамуының
әр түрлі деңгейін айқындау;
- Соматикалық фразеологизмдерді принциптерге байланысты жасалуының әр
түрлі модельдердің өрнектерін анықтау.
Диплом жұмысының жаңалығы: соматикалық фразеологизмдердің санын
анықтап, мәтіндер арқылы олардың қолданылу аясы, реті туралы тұжырымдар
жасалуы.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының міндеттеріне сәйкес еңбек
кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОПТАРЫ

1.1 Фразеологизмдердің зерттелу тарихы

Жалпы тіл білімінде фразеологизмнің зерттелу тарихы жүз жылдыққа
кетеді. Француз фразеологиясының теориясын құрған Ш.Балли [31,394] болса,
орыс лингвисі Н.М.Александров фразеологизмдерді жеке пән ретінде
қарастыруды ұсынды. [32,24]. Орыс тілінің фразеологизмдері жайлы тұжырым
пікір айтушы академик В.В.Виноградов болды. В.В.Виноградов орыс тілі
фразеологизмдерін классификациялауда Ш.Баллидің 1905 жылы жасаған схема-
топтастыруын басшылыққа ала отырып, орыс тіліндегі фразеологиялық
тіркестерді 1) фразеологиялық тұтастық; 2) фразеологиялық бірлік; 3)
фразеологиялық тіркес деп үшке бөлген. Термин, мақал-мәтелдерді бұл топтың
ешқайсысына енгізбеген [33,211]. Бұл уақытқа дейін орыс тіліндегі тұрақты
сөз тіркестерінің зерттелуі мақалалар көлемінде ғана еді[34, 10].
Н.Л.Шанский В.В.Виноградовтың классификациясын толықтырып, фразеологиялық
орамдардың аясын кеңейтіп, оған "фразеологиялық сөйлемше" деп, термин,
мақал-мәтелдерді қосты. [35,23]. Л.И.Молотков фразеологиялық тұлғаларға
мақал-мәтел, термин, қанатты сөздерді қоспай, идиомалар мен фразалық
тіркестерді ғана фразеологиялық тұлғалар деп таныды. [36,61]. Зерттеушілер
еңбегіне шолу жасай келе, олардың фразеологиялық тұтастық (идиома),
фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркестерді фразеологиялық тұлғалар
деп танитындықтарын көреміз. Пікірталас, қайшылық мақал-мәтел, термин
сөздер маңында екені де анық байқалады.
Түркітануда фразеологизмдердің зерттелуі XX ғасырдың 40-50 жылдарынан
басталады. Бұл салаға байланысты жазылған ғылыми еңбектердің басым дерлігі
алғашқы кезеңде фразеологизмдердің тұлғалық жағын тану, мағынасын анықтау,
басқа тілдік категориялардан айырым, не ұқсас белгілерін ажырату
мәселелеріне арналды. Сол арқылы түркітануда фразеологияны жеке пән ретінде
қалыптастыру мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу барысындағы ізденістердің
бағыты анықталды.
Түркітанушылар алдында өз ана тіліндегі фразеологизмдердің табиғатын
ашу міндеті тұрды. Туыстас тілдерде, өзбек фразеологиясы Ш. Рахматуллаев,
Р. Разыкулова, ұйғыр тілі тұрақты тіркестері Ү.Сайфуллин, Р.Абакова,
әзербайжан фразеологиясы А. Байрамов, К.Мамедова, түрік тілі фразеологиясы
Юсипова Р., құмық тілі фразеологиясы – Даибова К., түркімен тілі
фразеологиясы – Бабаев К, татар тілі – Ахатов Г., Ахунзянов Г., якут тілі
–Нелунов А, Харитонов Л., башқұрт тілі – Ураксин З., Юлдашев А., қарашай-
балкар тілі – Жарашуева З., чуваш тілі – Чернов М. еңбектерінде көрініс
тапты.
Қазақ тіл білімінде фразеология мәселесі 40-жылдардан зерттеушілер
назарына ілігіп, зерттеу объектісіне айналды. С.Аманжолов фразеологизмдерді
зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, бағыт-бағдарын көрсетті. [37,53-
59]. Сонымен қатар, "Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы" атты
еңбектерінің 1940, 1950, 1994 жылғы басылымдарында қазақ тіліндегі сөз
тіркестері жайлы өзіндік пікірлерін ортаға салды. Қазақ тіліндегі сөз
тізбектері қызметіне, мағынасына, тұлғасына қарай екіге бөлінеді:
1.лексикалық тізбектер, 2. синтаксистік тізбектер деп көрсетті. Идиомдық
қасиеті бар сөз тізбектері мен фразалық тіркестерді синтаксистік тізбектер
ішінде қарастырды. [38,60] Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру
туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге
байланысты зерттеулердің тууына игі әсер еткен академик І.Кеңесбаев
еңбектері болды. Қырқыншы жылдардан бері қазақ тілі фразеологизмдері әр
қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертациялық зерттеулер
объектісіне айналды. Фразеологизмдердің теориялық мәселелерін Кеңесбаев І.,
Мұсабаев Ғ. (1962), Аханов К. (1952), Сәрсенбаев Р. (1959), Болғанбаев Ә.
(1988) еңбектерінде сөз етіліп, тұжырым-пікірлер жасалса, кейінгі буын
зерттеушілер Жақыпбеков М. (1956), Бектұрғанов Ғ. (1967), Қожахметова Х.
(1967), Айтбаев О. (1975), Байталиев А. (1974), Төлекова С. (1975),
Жайсақова Р. (1980), Елешева А. (1989), Жапарбекова С. (1991), Смағұлова Г.
(1993), Қалыбаева Қ. (1994), Боранбаева Г. (1994), Уызбаева Б. (1995),
Сыздықова М. (1995), Рысбаева К. (1995), Қошанова Н. (1995), Сәмекова Э.
(1997), Сәтенова С. (1997), т.б. фразеологизмдердің тақырыптық-мағыналық
топтарын, варианттылығын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, пікір
айтып, тұжымдар жасады. Зерттеулердің бағыты сан-салалы, оны шамамен былай
топтастыруға болады:
фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері;
фразеологизмдердің стильдік қызметі;
фразеологизмдердің салыстырма-типологиялық мәселелері;
фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан топтастыру мәселелері;
фразеологизмдердің құрылым-құрылысы;
фразеологизмдердің синтаксистік ерекшеліктері;
фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы.
Фразеологизм – зерттеу объектісі бола тұра, әлі де, "фразеологизм
дегеніміз не?", "Фразеологизм деп нені танимыз?" сияқты сұрақтар
төңірегінде пікірталас туғызып отырған категория. Осы тұрғыда қазақ тілі
фразеологизмдері жайлы пікір айтушылар, негізінен, І.Кеңесбаев пен
К.Ахановтың пікірлерін қуаттайды.
Академик І.Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуде мағына тұтастығы,
тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты "үш белгіге, яки үш
критерийге сүйене, немесе, табан тірей отырып, бүкіл қазақ тілі құрамындағы
фразеология құбылыстарын ең негізгі үлкен екі арнаға бөлеміз. Оның
біріншісі – фразеологиялық түйдектер, екіншісі – фразеологилық тіркестер
деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін
тіркес; ә) түйіс тіркес" деп тұжырымдады. [39,591]. К.Аханов жоғарғы оқу
орындарына арналған оқу құралында В.Виноградовтың классификациясына сүйене
отырып, қазақ фразеологизмдерінің түрлерін анықтап, былай жіктейді:
"фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек,
фразеологиялық сөйлемшелер". [40,118]. М.Балақаев, Т.Қордабаев тіліміздегі
тұрақты тіркестерді идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер деп жіктеді.
[41, 25]. Р.Сәрсенбаев фразеологизмдердің аталған түрлерінен басқа мақал-
мәтелдерді де фразеологизмдер тобында қарастырды. [42, 16].
Қазақ тілі фразеологизмдерін тануда оларды "тар және кең" көлемде
қарастыру бағыттары бар екені байқалады. Біраз түркі тілін зерттеушілер
(І.Кеңесбаев, Ш.Рахматуллаев, Г.Байрамов, З.Ураксин.) фразеологизмді "тар"
көлемде қарастыруды ұсынады. І.Кеңесбаев кезінде фразеологизм құрамында
қос сөздерді де қарастырған еді. [43,35]. Кейінгі еңбектерінде
фразеологизмді тар көлемде қарастырғаны байқалады. [44,199]. Өзбек тілі
фразеологизмдерін зерттеуші Ш.Рахматуллаев "фразеологияның бай материалын
жан-жақты және терең оқып білгеннен кейін, тұрақты сөз тіркестерін, сірә,
тар ұғымда түсінген дұрыс" деген пікір айтты. [45,10]. Башқұрт тілін
зерттеуші А.А.Юлдашев "фразеологияның объектісін тар ұғымда түсінгенде
"азды-көпті" зерттеу мақсаты айқындалып, оның ішінде бөлінбейтінң
лексикалық единицалар (структуралық құрылымы бар синтаксистік единицалар)
мақалдар, мәтелдер, нақыл сөздер тұрақты сөз тіркестеріне жатпайды" деп
қуаттайды. [46,27].
К.Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер
құрамында қарастырады. [47,22]. Р.Сәрсенбаев "мақал-мәтелдер мен нақыл
сөздердің фразеологияға қатысы бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық
құбылыста қолдану сипатына байланысты. Осы сипаттар арқылы бұларды
фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз" – [48,29] деп,
қарастырады.
Фразеологизмдерді тануда түркі және басқа тілдер тәжірибелеріне
сүйенсек, фразеологизмді "тар" көлемде қарастыру бағыты дұрыс. Мақалдар,
мәтелдер, қанатты сөздер, сөйлеу дағдысындағы штамптар, фразеологизмдер –
тұрақты сөз тіркестерінің түрлері. Олар бір-бірінен ортақ және өзіндік
белгілері арқылы ерекшеленеді. Фразеологизм деп фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік пен тізбекті танимыз. Сондықтан да, "барлық
фразеологизм – тұрақты тіркес, ал кез келген тұрақты тіркес фразеологизм
бола алмайды" демекпіз. [49,115]. Осы орайда Г.Смағұлованың... "тіл
мамандары, қай тілде болмасын, фразеологияны мейлі тар ұғымда, мейлі кең
ұғымда түсінуде фразеологиялық тұлғаларды айқындау үшін фразеологиялық
тұлғалардың қалыптасқан, дайын сөз тіркесі екендігін, оның мағына
тұтастығын, құрамындағы компоненттердің тұрақтылығын, семантикалық
бірлігін, жалпы беретін мағынадағы образдылық пен ауыспалылық, басқа тілге
сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін айтады" деген тұжырымымен келіспеуге
болмайды. [50,19].
Фразеологизмдердің түрлері. Фразеологизмдердің семантикалы
кірігуі жағын негізге ала отырып, оларды фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп бөлеміз.
Фразеологиялық тұтастықтың (идиоманың) мынандай сипаты
болады: ● құрамындағы сөздердің жеке лексикалық мағынасы мүлдем жойылып
кетеді де, жалпы компоненттік мағына беруде олардың ешқайсысының мағыналық
қатынасы болмайды; ● құрамындағы сөздер жеке астарлы, ауыспалы мағынада
қолданылмайды;
● олардың компоненттік мағынасы лексикалық единицаға – жеке сөзге синоним
ретінде қолданылып, жеке сөз сияқты бір ғана синтаксистік қызмет атқарады;
● грамматикалық мағыналары өзгермей қолданылады. Сонымен, фразеологиялық
тұтастықтар ішкі мағынасынан айырылған, дәлелдемесі (мотивировкасы) жоқ
жеке сөз сияқты фразеологиялық тұлғалар. Мысалы: қырық пышақ болу –
араздасу; мұрнын көкке көтеру – менменсу; жүрегі тас төбесіне шығу - қорқу;
мұрнынан есек құрты түсу – баю, паңдану. Мұндағы тіркес беріп тұрған
мағыналар (мысалдың қай-қайсысын алсақ та) тіркестерді құрастырушы
сыңарлардың ешбірінің мағынасымен байланыспайды. Идиом тобындағы сөздер
өзінің жеке тұрғандағы негізі мағынасынан айырылып, бір ғана лексикалық
ұғым беріп тұр.
Фразеологиялық бірліктер де – мағынасы жағынан бөліп-жаруға келмейтін,
тұйықталған тұрақты тіркестер. Олар семантикалық жағынан бір бүтін мағына
білдіреді, бірақ оның жалпы компоненттік семантикасы өзін құрап тұрған
сөздердің астарлы, образды мағынасымен байланысты болады. Фразеологиялық
бірліктер "жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына
емес, бейнелі туынды мағына" нәтижесінде жасалған фразеологиялық тұлғалар.
[50,14]. Мысалы: жастығын ала жығылу, кежегесі кейін тарту, сай сүйегі
сырқырау, ер тоқымын бауырына алу, жермен жексен ету, ауыз жаласу, салы
суға кету, т.б. Осы айтылған ойға орай "түймедейді түйедей ету"
тіркесіндегі астарлы, образды мағынаны алайық. Бұл тіркестегі жалпы мағына
"түйе", "түйме" сөздерінің мағынасында емес, олардың "үлкен", "кіші" сияқты
келтірінді, астарлы мағынасынан шығып отыр, одан "болымсыз нәрсені ұлғайта
айту" мағынасы келіп шығады.
Фразеологиялық тізбектер – мағынасы құрамындағы сөздерге байланысты,
тіркесу тұрғысынан орнығып тиянақталған тұрақты тіркестер. Бүкіл тұтас
тіркестің беретін мағынасы фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық
бірліктердей емес, өзінің құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысты
болып, солардың мағынасынан туындайды.
Фразеологиялық тізбектің тағы бір ерекшелігі – құрамындағы сөздердің
тіркестен тыс басқа сөздермен тіркесу қабілетінің шектеулігі. Мысалы: мидай
дала, қыпша бел, жосадай қан, асқар тау, шалқар көл, т.б. Мысалы: кеудесін
көтеру (өзін жоғары санау), мұрнын шүйіру (жақтырмау), жақ ашпау
(сөйлемеу). Бұлардың беретін мағынасы сыңарларының беретін жиынтық
мағынасымен байланысты.
Фразеологиялық тізбекті фразеологиялық басқа (тұтастық пен бірліктен)
тіркестерден ажырату оңай болса, тұтастық пен бірлік кейде бір-біріне өтіп
кетіп жатады, яғни ара жігін ажырату қиын.

1.2 Дене мүшелері мен соматикалық процестер

Адамды физиология, анатомия, психология тұрғысынан бір тұтас, қыры
мол күрделі биологиялық тұлға деп қарайтын болсақ, сол тұлғаның бөлінбес
жүйесін құрайтын, бір-бірімен өзара тығыз байланысты біріне-бірі тәуелді
бөлшектері мен бөлектерін дене мүшелері деп белгілеп, оларға ат қойып
келеміз. Жер бетінде бірден-бір саналы жан (Homus Sapiens) болып өмір
сүруші Адам баласының жалпы табиғаты мен дене мүшелері әйел, еркек және
кейбір аномальды ерекшеліктерді ескермегенде барлық жерде бірдей, бір
тектес болуына қарамастан әрбір халық, әрбір ұлыс, жеке этностар оларды өз
тілінде атап, өзіндік мән-мағынасымен танып келеді. Демек, дене мүшелерін
әрбір этностың өзінше тануында да, өзінше атауында да шарттылық бар деген
сөз.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, дене мүшелерін белгілеп, саралап оларға
атау беруде қазақ халқының да өзіндік дәстүрі, тәсіл-әдісі, ұғым-түсінігі,
принципі болғанын көреміз. Адамның денесін, бір бүтін тұтас тұлға,
физиологиялық болмыс деп, оған таза қазақы, жалпыхалықтық қарапайым көзбен
қарасақ, ол ең алдымен ірі-ірі бірнеше бөлімдерден (бас, кеуде, аяқ) және
әр түрлі бөліктер мен бөлшектерден, мүшелер мен ағзалардан тұрады. Олар
тілде арнайы сөздермен (соматизмдермен) аталып, бір-бірінен солар арқылы
ажыратылмақ. Демек, дене мүшелердің жалпы саны тілдегі атау соматизмдерінің
санымен сәйкес есептелінеді. Өйткені тілімізде сөз арқылы белгіленбейтін
ұғым, зат (дене мүшелері) этностың болмысында кездеспейді.
Бұдан шығатын қорытынды: жалпы адам денесіне тән бөлім, бөлік,
бөлшек, мүше, ағзалардың саны тіліміздегі жеке сөз және сөз тіркесі
түріндегі мағыналық единицалардың – соматизмдердің санымен пара-пар деген
сөз. Біздің толық емес деректеріміз бойынша тілімізде өз атауын тапқан
үлкенді-кішілі дене мүшелерінің жалпы саны 500-ден асады екен.
Бұл жерде үлкенді-кішілі деп отырған себебіміз кейбір (бас, кеуде,
қол, аяқ) мүшелердің өздері де бөлшек-бөліктерден тұруы мүмкін. Мәселен,
кеудеге адамның мойнынан төменгі, белден жоғарғы бөлімі жатады десек,
оның өзі толып жатқан бөлшек, жеке-дара мүше-ағзалардан (іш, ішек, қарын,
жүрек, өкпе, арқа, бүйрек, бауыр, т.б.) тұратыны белгілі. Ал бұл мүше-
ағзалардың өздері тағы да сараланып, өз атымен аталатынын көреміз. Кейде
мүшенің бір түрі бүкіл адам денесіне тән, ортақ болып, оның оңашаланған
бөлшектері дифференцияға ұшырауы да мүмкін. Мәселен, тамыр да адамның бір
мүшесі және оның дәстүрлі түсінік бойынша, 62 түрі бар екен. Дәл 62 түрі
болмаса да, тілімізде оның: қолқа тамыр, күре тамыр, шеке тамыры, бас
тамыры, жүрек тамыры, қол тамыры, балтыр тамыры сияқты атаулары кездеседі.
Кейбір басқа дене мүшелері де осы секілді іштей жіктеліп, өзіндік атауларға
ие болған. Алайда, ескеретін бір жағдай: дене мүшелерінің атаулары
(соматизмдер) қаншама сан болса да және қаншама мағыналық дифференцияға
ұшыраса да, сол мүше-ағзалардың тек атауы ғана. Сондықтан да олар аталмыш
дене мүшелерінің өзіндік (физиологиялық, психологиялық т.б.) қасиеттерін,
атқаратын қызметтерін мәнді-мәнсіздігіне қарай алатын орнын, бір-біріне
бағыштылығын т.б. ерекшеліктерін өз тарапынан айқындай алмайды.
Дегенмен, дене мүшелері тілдік тұрғыдан, мәселен, бас сөзінің қол
сөзінен, ал оның аяқ сөзінен тек дыбыстық, мағыналық айырмашылығы
болмаса, өзара бірдей. Ал бұл сөздердің сипаттап тұрған дене мүшелерін
алсақ, олар атқаратын қызметі бойынша басқа-басқа , әр тектес дүние. Екінші
сөзбен айтқанда: тіліміздегі 500-ден астам соматизмдерге сәйкес дене
мүшелерінің ішінде бірде-бірі ең қажетті немесе қажетсіз мүше-ағза
болып бөлінбейді. Олардың бәрі қажетті. Солай бола тұрса да қазақ
дәстүрінде әбден қалыптасқан он екі мүше деген ұғымның, он екі мүшем
аман болса ... деген тұрақты тіркес бар. Отыз омыртқа , қырық қабырға,
отыз тіс, алпыс екі тамыр, қос жауырыны, сегіз көз деп те
сипаттайды. Әрбір мүшенің мәнін, қызметін, мәселен: Аяқ – азамат, қол –
мүлік, көңіл – сандық, тіл - кілт деп өзінше белгілі затқа баламалап
келген халқымыз соншама көп дене мүшелерінің арасынан он екісін ғана
ерекшелеп, ең алдымен солардың аман-саулығын тілеуі де бекер болмаса керек.
Өйткені, адамның адам болып өмір сүруіне ең қажетті мүшелер: екі көз, екі
құлақ, екі аяқ, екі қол, ауыз, мұрын, артқы-алдыңғы мүшелері.
Дегенмен, осы принципке байланысты өз пікірімізді айта кеткіміз
келеді. Шынында да, адамның қос жанары – екі көзі болмаса, өмір өзі мәні
жоқ қараңғы түн емес пе? Екі құлақ естімейтін тас кереңдік әрі өмірінен
бейхабарлық емес пе? Екі аяғы мен қолы жоқ адам жүріп-тұрудан, еңбек етіп,
күн көруден қалған кеспек емес пе? Таза ауамен дем алуға, әр түрлі иістерді
сезуге қажетті мұрынның, сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға, дем алуға, тамақ
жеуге қажет ауыздың мәнін айтып жатудың өзі де артық сияқты.
Бұлардың бәрін атқаратын негізгі қызметтеріне қарай топтастырып
көрсек, олар өзара: дүниетаным (құлақ, көз, мұрын), қоғамдық тұрмыс (ауыз,
құлақ), еңбек-тіршілік (қол, аяқ), қажеттілікті өтеу (артқы, алдыңғы
мүшелер) сияқты өзінің төрт түрлі қасиетімен көзге түседі. Демек,
жоғарыдағы біз үшін саны менен мүшенің нақтылы өзі құпия болып көрінген,
бірақ о баста халық даналығынан туындап, қарапайым жұрттың санасында
қалыптасқан он екі мүше деген тұрақты тіркестің сыры он екі санының
киелі мәніне емес, аталмыш 12 дене мүшелерінің аса қажетті қызметіне, яғни
функционалдық мағынасына байланысты деп түсінген жөн.
С.Исабеков адамдардың іс-әрекеті, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы,
әлеуметтік, психологиялық, ақыл-ой, күш-қуат т.б.қасиеттеріне
негізделетінін [51, 47], А.С.Аксамитов [52, 53] фразеологиялық бірліктер
көбіне-көп субъектінің экстремалдық күйін, физикалық қалпын, психологиялық
жағдайын, ең жоғарғы деңгейдегі ішкі ниетін және эмоционалды-сезімдік
тебіреністерін білдіретінін айтады.
Адамның қимыл-әрекетін, сезім жағдайын, көңіл-күйін білдіретін
фразеологиялық бірліктер тілімізде өте көп екенін зерттеушілердің көбі
қуаттайды. Мәселен, С.К.Сәтенова: Қазақ тіліндегі қос тағанды
фразеологизмдердің ішінде ең мол ұшырасатындары: адамның іс-әрекетін,
қимылын бейнелейтін және ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын сипаттайтын
түрлері, - деп тұжырымдаса [53, 164], Г.Н.Смағұлова қазақ тіліндегі
фразеологизмдердің синонимдік қатарының семантикалық, мағыналық топтары
түгелге жуық адам, оның іс-әрекеті, физиологиялық қалпы мен жағдайы, түрлі
сезімдерге қатысты психикалық процестер мен содан туатын ұнамды, ұнамсыз
эмоция түрлеріне негізделгенін фразеологиялық фактілерді ұлттық-мәдени
факторлармен ұштастыра отырып дәлелдейді [54, 34].
Соматизмдер, В.Г.Гактің айтуынша, не имеет заранее обусловленных
национально-культурных коннотации [55, 186]. Осы жағдайға байланысты
олардың фразеологизациялану әлеуеті де айрықша болып келеді, басқаша
айтқанда, соматизмдер адам немесе жануар денесінің универсалды және
бөлінбес атрибуттарын білдіретіндіктен, барлық тақырыптық топтардың ішінде
ең көбі соматикалық компонентті фразеологиялық бірліктер үлесіне тиеді.
Олар Р.М.Вайнтраубтың айтуынша, түгелдей адам семантикалық макроөрісіне
қатысты болады және адамды, оның ақыл-ой қабілетін, кісілік келбетін,
психикалық және физиологиялық жай-күйін, іс-әрекет, жүріс-тұрысын
білдіреді, мұның сыртында адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастың сыр-
сипатын таныту қызметін атқарады [56, 33].
Адамдардың қоғамдық-тарихи тәжірбиесі және белгілі бір уақыт
аралығында қордалаған білімі ұғымдарда жинақталады, сақталады, өңделеді
және түйінделеді. Заттар мен құбылыстардың өзіндік ерекшеліктерін
айқындайтын маңызды белгілері туралы білім, яғни ұғым тілдік таңбаның
(сөздің немесе фразеологизмнің) мағынасына негіз болады. Фразеологиялық
мағына оны құрайтын лексикалық компоненттердің мағынасы арқылы
түсіндірілмейтін жағдайда фразеологизм жеке лексемаға синоним болады.
Басқаша айтқанда, толық идиоматикалық қасиет фразеологизмнің атауыштық
қызмет атқарып, біртұтас лексеманың синонимі түрінде жұмсалуына арқау
болады. Ал фразеологизм құрамындағы сөздердің қайсы бірінің атауыштық
қызметтегі өзінің дербес мағынасын сақтауы, яғни жартылай идиоматикалық
қасиет фразеологизмнің жекелеген лексемаға синоним болуына жол бермейді
[57, 137]. Осы тұрғыдан келгенде соматикалық фразеологизмдерге жартылай
идиоматикалық қасиет тән.
Фразеологиялық біртұтас мағынаның жасалуына ұйтқы болатын соматикалық
компоненттің адамның тәндік базисін атап көрсететін номинативтік мағынасы
өзінің тілдік таңбалық табиғаты жағынан шындық болмыстағы заттар мен
құбылыстар туралы қоғамдық біліммен ассоциативті байланысқа түсетін
фразеологиялық фондық мағынаның қалыптасуына арқау болады. Фразеологиялық
фондық мағына мен оның адамға қарата ауыспалы мәнде қолданылуынан
туындайтын фразеологиялық жиынтық мағына, сондай-ақ айтылмақ ойға
экспрессивтік реңк үстемелейтін, соның нәтижесінде айтылымдық актіде әлем
туралы хабарлау және субъектінің таңбаланған нысанға деген эмотивтік
қатынасын білдіретін фразеологиялық коннотативтік-бағалауыштық мағыналар
фразеологизмнің мазмұндық құрылымдық жүйесінде тоғысым табады. Бұл үшжақты
мағыналық тоғыста адамның анатомиясы туралы халықтық ұғым-түсініктер,
қоршаған ортаның адам организміне тигізер әсер-ықпалын, себеп-салдарын
әлеуметтік контексте түсіндіретін концептуалдық білім қоры жинақталады.
Мәселен, дүниенің ғылыми бейнесінде адам ағзасының білігі саналатын омыртқа
жотасы – жұлынның мықты қорғанысы, бұлшық еттер және байламдармен бірге
денені тік қалыпта ұстап тұратын тірек қаңқа, дененің жан-жаққа бұрылып,
иілуін қамтамасыз ететін қатты да мықты сүйек, адамның еркін қозғалысын
іске қосатын басты физиологиялық тетік ретінде сипатталады. Мойын омыртқа,
арқа омыртқа, бел омыртқа, сегізкөз, құйымшақ болып іштей беске бөлінетін
омыртқа жотасының әр бөлігіне түсетін күш салмақтың ауыр-жеңіліне
байланысты омыртқа жота бүгіледі, иіледі, тіптен сынып та кетеді. Мұндай
жағдайда жұлынға зақым келіп, адам қимыл-қозғалыстан қалуы ықтимал. Омыртқа
жотасының сыртқы күшті тежегіштік қызметінің арасында адам бойын тіктейді,
қимыл-қозғалысын қалыпты жағдайға келтіреді. Омыртқа жотасының басқа
бөліктеріне қарағанда ең иілмелісі және мықтысы – бел.
Белге түсетін сыртқы ортаның күші дүниенің тілдік бейнесінің
фразеологиялық фрагментінде әлеуметтік-мәдени сипат арқалайды. Егер бел
соматизмі арқау болған фразеологизмдердің фондық мағынасы қандай-да бір
физикалық күш-салмақтың салдарынан белдің иілуін, бүгілуін, майысуын,
сынуын немесе оның бүкіл омыртқа жотасының ең маңызды қозғалыс механизмі
екенін білдіретін болса, ол күштің қоғамдық-әлеуметтік күшпен
ассоциациялануының нәтижесінде пайда болатын ақпарат фразеологиялық жиынтық
және коннотативтік-бағалауыштық мағыналарды пайда болдырып, адамның белгілі
бір сәттегі психо-физиологиялық және әлеуметтік қалып-күйін бейнелеуге
арқау болады. Мысалы: бел омыртқаның адам организміндегі ең басты тірек
сүйектің бірі екені бел құда тумай жатып ұл-қызын атастырған құда, бел
бала әкесінің өз баласы, туған бала, бел қылды сүйеніш, арқа тұтты, бел
ортасында кісі жасының белгілі шамасы, бел асты бір міндетті орындады,
белгілі бір кезеңнен өтті, белді бекем байлады бір нәрсені істеуге шындап
кірісті, тәуекел етті т.б.фразеологизмдердің жасалуына арқау болған болса,
қандай бір қайғылы оқиғаның адамның жан дүниесіне әсері, адамның жүйке
жүйесіне түсіретін күші белі қайысты қатты қайғырды, белі бүгілді қатты
қамықты фразеологизмдерінің, ал әлеуметтік күштің өзі бел көрсетті
мықтылық қылды, күш көрсетті, бел ұстасты күресті, айтыс-тартысқа
араласты, белге соққан жыландай болып тұрып қалды қайғыға ұшырады, дертті
болды тұрақты тіркесінің жасалуының образдық-фондық негізіне алынады.
Сондай-ақ, адам ағзасының маңызды мүшелері саналатын осы жоғарыда
аталған омыртқа жотасы, бел сырттай арқа деген атауға тоғысады. Тұтастай
бұл аталған дене мүшелері арқа деп атала отырып, сол дененің жан-жаққа
бұрылып, иілуін қамтамасыз ететін мықты қорған, адамның еркін қозғалысын
іске қосатын адамның тіреніші, суықтан, сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен
сақтайтын қалқа, қоғамдық күштер салмағын арқалайтын қорған да бола алады.
Мысалы, әлеуметтік қысым күйін бейнелеуге арқа еті арша, борбай еті борша
болу азып-тозу, қатты жүдеу, арқасы мұздап қоя беру сескену, үрейлену,
түршігіп кету, арқасына аяздай бату қорлық, азап көру
т.б.фразеологизмдер қатысса, адамның белгілі бір психо-физиологиялық сәтін
арқа-басы кеңіді, арқасы кеңіді, арқа-етегі кеңіді, арқа жазды қолы босап
жадырады, жайбарақат болды т.б. тұрақты тіркестер дәл тауып сипаттап бере
алады. Арқа адамның сүйену, бір нәрсеге тірену мүшесі бола отырып, осындай
қалыптағы адамның жайбарақат көңіл-күйін, арқа сүйері, яғни тірегі бар,
қорғанышы бар, қорқыныштан ада екендігінен де хабардар етеді. Мәселен,
арқаны пірге сүйеді пірін қуат тұтты, арқа таяныш қорғаушы, сүйеніш,
арқа тірер сүйеніш, тірек т.б. Осыдан келіп халық арасында жиі
қолданылатын арқа сүйер азаматың аман болсын деген жылы тілек сөз де
кездеседі. Біреудің арқасында күн көру тұрақты тіркесі жақын бір адамның
қамқорлығы нәтижесінде жақсы тіршілік ете алатындығын көрсетсе, арқасына
мінгізіп ойнату да балаға деген адамдар арасындағы жақсы қатынасты
білдіреді.
Тұла бойдағы әртүрлі органдардың атқаратын қызметі арқылы жүзеге
асып жататын қимыл-қозғалыстар жалпы адамзат баласына ортақ болып
келетіндіктен, соматикалық компонентті тіркестің ауыс мағынада қолданылуы
негізінде туындайтын фразеологиялық бірліктермен лингвистикалық универсалия
қатары толыға түседі дейді ресейлік фразеологиялық мектептің белгілі
өкілдерінің бірі Л.К.Байрамова [58, 12-13]. Ал Б.Хасанов адамның басынан
аяғына дейінгі барлық мүшесінің метафоралануын, яғни метафоралы мағынада
қолданылмайтын адамның дене мүшесі болмайтындығын, алғашқы адамдардың
айнала қоршаған ортасын өзінің дене мүшесіне ұқсата тануымен басталатын өте
ертедегі кезеңдермен байланыстырады [59, 76].
Анатомиялық атаулардың көмегімен жасалған фразеологиялық бірліктерді
дүниенің тілдік бейнесін түзуге қатысатын күрделі тілдік құрылымдар
тұрғысынан қарастыру тіл – ойлау – шындық болмыс үштігі аралық
қатыстылықты жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Өйткені адамның алғашқы
өмірлік қадамдарынан бастап-ақ, басқаға қарағанда тануға, зерделеп,
зерттеуге жеңілдеу түскен нысан – өзі, өзінің дене бітімі, тұла бойы.
Кеңістіктегі бағыт-бағдарын ажырату үшін, сондай-ақ өзін қоршаған әлемнің
парқын танып, бағамдау үшін, әлемдегі сан алуан құбылыстарға тиісті
бағасын беріп, ондағы өз орнын анықтау үшін салыстырудың негізіне адам
өзіне қолайлысы – дене мүшесін таңдағаны даусыз [60, 76-98]. Адам өзінің
қимыл-әрекетін, ішкі психологиялық жай-күйін, бойындағы қасиетін айнала
қоршаған ортамен, шындық болмыстағы сан алуан құбылыстармен салыстырып,
ұқсатып барып танығанда да, сондай-ақ ұзақ дәуірлік тілдік шығармашылық
әрекетінде адами қарым-қатынасты, зат пен құбылысты т.б. бағалап, бейнелеп,
суреттеп атағанда да анатомиялық атаулар-соматизмдер метафоралық мәнде
тілдік қолданысқа жиі түсетіндігін әр сипаттағы лингвистикалық деректер
нақтылай түседі, - дейді Г.Сағидолдақызы [61, 87].
Дүниенің ғылыми бейнесінде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасы
барысында туындайтын түйсікті сезімдері, яғни үрей, ашу-ыза кернеу,
таңдану, жирену, т.б. күшті эмоциялар адамның жан-дүниесіне әсер етіп қана
қоймайды, сонымен қатар олар организмнің белсенділігін арттырып, қозу
деңгейін күшейтеді. Бұл сезімдердің қас қағым сәттік өмірлік маңызы
(жағдаяттың қауіптілігін, оң еместігін сезіну) ми, жүрек, өкпе, бұлшық
еттерді симпатикалық жүйке жүйесіне жұмылдыра отырып, адам организмін
сигналдарды қабылдауға және оларға жауап беруге дайындайды деп сипатталып,
адам сезімдерінің ең күштілерінің бірі саналатын қорқыныштың, үрейдің
организмге әсері былайша түсіндіріледі: Қауіпті сезіну – қас қағым сәттік
өмірлік маңызды оқиға, сондықтан қорқыныш сигналдары санаға соқпастан, төте
жолмен тікелей миға жетеді, яғни адам организмі бір нәрсенің қауіпті екенін
түсінгенге дейін-ақ дайын болады. Қорқыныштан ең алдымен адам мелшиіп қатып
қалады, ас қорыту жүйесінен қан кері қайтады да, тіл байланып, іште жүйке
жүйесінің дірілі пайда болады. Сын сағатта бөлінетін адреналин гормоны да
ішектерді жандандырады. Мұндай жағдайда қауіптен оңай құтылу үшін адам
салмағы жеңілдейді. Жүректің жиі соғуынан тұла бойдағы бұлшық еттерге қан
құйылып, тыныс жиілейді. Адамның көзі бақырайып, артынша жас шығады,
денедегі түктер үрпиіп, дененің терісі тітіркенеді. Тұла бойды тер басып,
сілекей бөлінбей, ауыз құрғайды. Дене шиырығып, ауырғандық сезімі
бәсеңдейді. Бұл айқаста жеңіп шығуға немесе қашып құтылуға көмектеседі.
Жағдайдың қауіпті, қауіпті еместігін сараптауда мидың маңдай бөлігі ойлар
мен жадыны пайдаланады. Егер адам айтарлықтай қауіп төнбегенін, я болмаса
қауіптен құтылғанын сезінген кезде де организмде өткен процестен дене ептеп
дірілдеп, қалтырауы мүмкін. Дүниенің ғылыми бейнесінде осылайша кең көлемде
ғылыми метатілдік негіздемемен түсіндірілетін қорқыныш сезімінің адам
организміне әсері дүниенің қарабайыр бейнесінің фразеологиялық фрагментінде
сыртқы орта салдарының нәтижесі түрінде қысқа да нұсқа тұрпаттағы бейнелі
оралым болып бекиді. Онда адам организмінде болатын психофизиологиялық
өзгерістер қорқу эмоциясын танытатын сыртқы белгілерге алады: төбе шашы
тік тұру, екі көзі шарасынан шығу, тілі байлану, жүрегі суылдау, тізесі
дірілдеу, арқасы мұздап қоя беруі, жүрегі аузына тығылу, жаны мұрнының
ұшына тірелу т.б.
Қорқу эмоциясы кезінде адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстарды
Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап,
тіптен мүлдем тоқтауы мүмкін. Денесі дірілдеп, шашы үрпиіп, көзі шарасынан
шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кеберсіп, тынысы өзгереді.
Бүкіл денесі қалтырап, сап-салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан
қозғала, сөйлей алмай, даусы шықпай қалатын кездер болады. Қорқыныштың
жеңіл түрі – тынышсыздық, ал ауыр түрі – үрей ұшу деп сипаттаған психолог
Қ.Жарықбаевтың пікірін келтіре отырып, Г.Н.Смағұлова психологиялық эмоцияда
қаншама мәнерлі қозғалыс болса, олардың тілдік көрінісінде соншама, тіпті
одан да көп семантикалық дифференциация шығатынын, демек бір жай ғана
күйдің (көзі шарасынан шығу) бірнеше мағыналас түсінігі болуы мүмкін екенін
айтады. Г.Н.Смағұлова көзі шарасынан шығуекі көзі атыздай болу екі көзі
алақандай болу, көзіне қос көріну, жаны көзіне көріну, жүрегі мұздап (суып)
қо беру, жүрегі өрікпу (суылдау), жүрегі солқ (зырқ, бүлк) ету, аза бойы
қаза тұру, төбе құйқасы шымырлау, арқасы мұздап қоя беру, тұла бойы
түршігу, есі кету, жаны қара бақайына кету, иманы қасым болу сияқты
фразеологизмдерді адам эмоциясының алуан күйін, еш ғылым сипаты шақ келмес
сәтін бейнелеудегі тіл құдіретін танытатын фактілер тұрғысынан зерделейді
[62, 72].
Ым, ишара, дене тілі адамдар аралық қарым-қатынастың, өзара
түсініктіктің ең көне формасы, ежелгі адамдар қауымдастығының күн-көріс,
тіршілігі барысында туындап, күні бүгінге дейін сақталған мағыналы әрекет
түрі саналады. Бейвербалды амалдардың коммуникативтік әрекеттегі орнын
...Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа
жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады.
Тіпті бірінің тілін бірі білмеген я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған
уақытта да ыммен ылаждап түсінуге болады, - деп айқындаған профессор
Қ.Жұбанов олардың қоғамдық-әлеуметтік жіктелісті көрсететін ұлттық-мәдени
сипатына назар аударып, тілсіз қатынас амалдарының ер адамдар мен әйел
затына тән қолданыстың ерекшелігін қазақ тіл білімі қалыптасуының алғашқы
кезеңінде-ақ атап көрсетті: ...Әйелдерде ғана болатын ернін шығару
(кемсіткенде), бетін шымшу (ұятсынғанда), аузын шылп еткізу
(таңданғанда), аузын быртылдату (кекеткенде) – бұлар әйелдердің специфик
тілі болып табылады [63, 148]. Сондай-ақ қабағын түю - қорқыту, қасын
көтеру - таңдану, бетін тыржиту - жақтырмау т.б. сияқты тілсіз қарым-
қатынас амалдарының ер адамдарға да, әйел адамдарға да тән қолданыстық
ерекшелік екендігін атап өтуге болады.
Қазақ жұртшылығы қолданылатын бейвербалды амалдарды көркем шығарма
тілімен сабақтастыра зерттеген Ж.Нұрсұлтанқызы: бейвербалды амалдар –
вербальды амалдарды толықтырып, оларға қосымша мағына үстейтін,
коммуникативтік актіні жалғастыруға қызмет ететін, адамдардың өзара
түсінісуін қамтамасыз етуге көмектесетін қарым-қатынастың түрі деп
бейвербалды амалдарға анықтама береді, олардың тілде (көркем шығарма
тілінде) жеке сөз арқылы (ыржию, тыржию, ажыраю т.б.) және фразеологизмдер
арқылы (бармағын тістеу, қабағынан қар жауу, мұрнын көкке көтеру, тісін
қайрау т.б.) берілетінін айтады [64, 8].
Сөздің, яғни сөз түрінде алынған ақпараттың адам организміне әсерін
барласақ, сөз (қару ретінде жұмсалған зат, нәрсе) адамның есту органы
құлаққа келіп не жылы тиеді, не түрпідей тиеді, құйылады не кіреді
(құлағына құйып алу, құйма құлақ, бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан
шығу т.б.). Құлақтың ақпарат өткізетін құбыр қызметінің арқасында сөз
(жұмсақ немесе қатты зат) ой-санасының ордасы - миға даридыдарымайды.
Миға (ойға) дарыған қонған сөз – суық қару, оқ еттен өтіп, сүйекке
жетеді, сөзі мірдің оғындай. Сөз салмақты зат ретінде жанға ауыр тиеді,
шымбайға батады.
Қарабайыр тілдік дүние бейнесі сөзді (ақпаратты, мәліметті) адамның
ішкі әлеміне жеткізетін құлақтан басқа да тұла бойда екінші бір құбырдың,
қуыстың бар екенін мәлімдейді. Ол – көкей. Бұл арада көкей адам денесінің
қай жерінде орналасқан мүше? деген заңды сұрақ туады. Себебі дүниенің
ғылыми бейнесі оны адам организмінде бар, реалды орган ретінде
сипаттамайды. Ал дүниенің қарабайыр бейнесінің фразеологиялық
фрагментіндегі соматикалық код көкейдің адамның сыртқы тұрпатындағы кеуде
бөлігінің орталық шеңбері – көкірекке қатысы бар екенін меңзейді: көкейіне
көкірегіне түйді; көкейіне сақтады көкірегіне тоқыды; көкейінен
көкірегінен кетпеді; көкейге көкірекке қонды; көкейге ұялады
көкірекке құйылды; көкейде көкіректе сайрап тұр т.б. Сондай-ақ көкірек
соматизмінің қатысуымен жасалған көкірегінің көзі бар, көкірек көзі ашылды,
көкірегінде саңлау бар, көкірегіне қонды, көкірегі ашық, көңілі ояу,
көкіректе қаяу жоқ, көкірегі қарс айрылды сияқты фразеологизмдер көкіректің
сөзді, ақпаратты қабылдаушы орган екенін көрсетіп қана қоймайды, оның
адамның көңіл-күйімен, ықылас-пейілімен, сезім жағдайымен байланысы бар
екенін айғақтайды. Ал дүниенің қарабайыр бейнесінің фразеологиялық
фрагментінде сезімнің, көңіл-күйдің орналасқан жері, ұясы, қоймасы -
жүрек: жүрегінен мықтап орын алды, жүрегінің оты бар, жүрегіне беріш болып
байланды, жүрегінде дақ қалды, жүрегі тебіренді, жүрегі өрт боп жанды,
жүрегі жараланды, жүрегі қарайды, жүрегі аттай тулады т.б. Міне, мұндай
көкей, көкірек, жүрек соматизмдері арқылы жасалған фразеологизмдердің
тізбектік қатарында көрініс беретін идеялық, образдық, фондық, мағыналық,
мазмұндық, құрамдық ортақтықтар дүниенің қарабайыр бейнесінің
фразеологиялық фрагментінде көкей – көкіректі жүрекпен жалғайтын саңылау,
қуыс, сыртықы әлемнен алынған ақпараттарды ішкі әлемге өткізуші реалды
емес орган – дене мүшесі ретінде кодталғанын аңғартады.
Сөз (жұмсалған суық, өткір т.б. қару, атылғакн оқ, лақтырылған
қатты, жұмсақ, жылы т.б. зат) құлақ немесе көкей (қуыс, саңылау) арқылы
адамның ішкі органдарына миға, жүрекке (ой, сана, зерпде, көңіл, сезім
қоймалары) жетпесе, ол организмге әсер етпейді (сөзі әсер етпеді, сөзі
көкейіне көкірегіне көңіліне қонбады, сөзі өтпеді т.б.), керексіз бұйым,
зат ретінде сөз аяқ асты болады, сөз аяғы құрдымға кетеді.
Адамның ішкі әлеміне бағытталып лақтырылған қатты, жұмсақ, жылы,
тәтті т.б. зат кейпіндегі сөздің құлақ немесе көкей қуысынан өтіп,
бойға тараған күші организмге жағымды әсер етіп, адамға қуану, шаттану,
ұнату, жақсы көру, жадырау, сабасына түсу, маңғаздану, орнығу, байсалдану
т.б. эмоцияларды тудыратын болса, жұмсалған суық, өткір т.б. қару,
атылған оқ кейпіндегі сөз ренжу, ашулану, торығу, күйіну, ызалану т.б.
жағымсыз сезім-күйлерді пайда болдырады.
Адамның ішкі реакциясы сыртқы органдардың, айталық маңдай, көз,
қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс таңдай сияқты
адамның бет-әлпетін құрайтын дене мүшелерін, сондай-ақ бас, иық, мойын,
қол, аяқ, тізе т.б. адамның дене тұрқын құрайтын сыртқы органдарды қалыптан
тыс, әйтсе де лингвомәдени ортаға етене таныс, мағыналық жүк арқалаған
қимыл-әрекеттер жасауға итермелейді. Басқаша айтқанда, ішкі реакция
адамның қандай да бір сезім жағдайынан, көңіл-күйінен хабар беріп, бет-
әлпеттегі өзгерістер, ишаралық қимылдар түрінде сыртқа теуіп шығады.
Мысалы: түсі бұзылу, танауы қусырылу, қабағы дірілдеу, көзіне жас алу,
көзіне қан толу, жүзін төмен салу, күре тамыры адыраю, қояншығы ұстау,
шалқасынан түсу, тісін қайрау, екі беті бал-бұл жайнау, жүзі жарқырау,
санын шапалақтау, бөркін аспанға ату, шашын жұлу, бетін тырнау, қолын бір
сілтеу, түгі сыртына тебу, төбесі көкке жету, төбесінен суық су құйып
жібергендей болу т.б. Тілдік емес қатынасы жүзеге асырушы мұндай
бейвербалды амалдар коммуникативтік актіде тілдік қатынастың нәтижелі
болуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізеді.
Адамдар бетпе-бет сөйлесуде айтылған сөздің немесе сөйлемнің
қатысымдық мағынасы мен ойдың идеялық мазмұны арасындағы сәйкестікті,
алшақтық пен жақындықты көзбен шолу қатынасы арқылы ажырата алады. Көзбен
шолу қатынасының ұзақтығы агрессияны не құштарлықты, тым қысқа болуы –
жалғандықты, ұялуды немесе ұнатпауды білдіретін болса (көзінің құртын салу,
көз сұғын қадау, көз айырмау, көзін төмен салу, көзін шақшиту, көзін сүзу,
көзіне ілмеу т.б.), өтірік айту, жалған сөйлеу әрекеті адамда қысылу, ұялу,
ыңғайсыздану, абыржу, еріксіз күлу сияқты сезімдерімен қабаттасып келіп,
бет-әлпетте беттің қызаруы, көздің бұрылып кетуі, күлкінің сап тиылуы,
еріннің аздар қисаюы т.б. өзгерістерді пайда болдырады. Демек, мұндай
өзгерістер фразеологиялық аталым процесінде жалған сөйлеу, өтірік айту
әрекетінің, одан туындайтын ұялу, қысылу сезімдерінің басты белгісіне
алынып, оларды білдіретін ұғымдар екі беті ду ете қалу, беті қызару, бетіне
қаны шапшу, беті күю, көзін төмен салу, екі құлағының ұшына дейін қызару,
жүзін тайдыру, бет моншағы үзілді, бетін айдай қылу, бетін аймандай ету,
бетінен арын төкті, бетінен оты шығу, бетін шидей қылды, беті шыдамады т.б.
сияқты бейнелі атаулар арқылы таңбаланады. Тілімізде нағыз өтірікшінің
ұялу, қысылу, абыржу сияқты ішкі сезім иірімдерін жасыра білу қабілеті бет-
әлпетін меңгеру шеберлігімен ұштастырылып, өтірікші образы аузы-мұрны
қисаймау, бет-аузы бүлк етпеу, беті шімірікпестен, беті былш етпеу
фразеологизмдерінің қатысуы арқылы сомдалады.
Адамның дене мүшелері өзі атқаратын толып жатқан қызметтерімен қоса
адамтану ғылымында эстетикалық эталон, ұлттық өлшем болып та саналалы екен.
Әдеттегі жай ғана бас, көз, құлақ, мұрын, ауыз, қабақ, қас секілді
соматизмдердің көркем шығармада құбылып, құлпырып, бейнелеу құралына
айналуы да ғажап фактор.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті дәстүрінде дене мүшелеріне байланысты
қыз сынына қойылатын жоғарыдағы талаптар мен қалыптасқан теңеулер жігіт
сымбатын бейнелеуге жарамайды. Мұндағы эстетикалық таным, өлшем, критерий
мүлдем басқаша. Бұл, әрине, қыздың нәзік табиғатына ұқсамайтын жігіттің, өз
ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Жігіт сыны көбіне-көп оның сырт
тұлғасына, дене бітіміне, күш-жігеріне, батырлық, батылдық қасиетіне
байланысты анықталады. Мұнда да оның дене мүшелері – бота тірсек, бөкен
саны, екі иығына екі кісі мінгендей палуан тұлға, бүркіт қабақ, сом дене,
шой табан, шоң желке, ат ерінді, ер мұрынды келеді дегенге қарағанда
үлкен мұрын да, қыр мұрын да – еркек адамға жарасымды соматикалық элемент.
Жігіт адамның сипаты оның ақыл-парасатына да, мінез-құлқына да, аңғалдық,
ақ көңілділік, адалдық, жомарттық, мерттік сияқты абзал қасиеттеріне де
байланысты. Алайда осылардың көпшілігі дене мүшелерінің ерекшеліктерімен,
оларға тән іс-әрекеттерімен айқындалады екен. Осыған орай, жалпы адамның
өзін сипаттауда соматикалық фразеологизмдердің атқаратын қызметі аз болмаса
керек. Біз оларды төмендегі бет-әлпетке байланысты бір топ
этнолингвистикалық очерктерден айқын көреміз.
Адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметтерін оның рухани
өмірінен бөліп алып қарауға болмайтыны белгілі. Өйткені олар бір тұтас
күрделі дүние. Осыған орай, жан мен тән деген тақырыпты этносоматикалық
сипаттамада аттап өтуге болмайтын сияқты.
Қазақ дәстүрінде жан мен тәнді қалай түсінеді? Көпшілікке ортақ,
этнос санасына көптен бері қалыптасқан түсінік бойынша: жан мен тән – бір-
бірімен тығыз байланысты, біреуісіз бірінің күні жоқ, өзара астарлас екі
дүние. Бұл туралы Ахмет Байтұрсыновтың пікірін толығырақ келтіруді жөн
көрдік:
Тән менен жан сабақтас, екеуі бірінен-бірі айырғысыз. Тәнсіз жан
жоқ, жансыз тән тұра алмайды. Сондай біріне-бірі байлаулы, айырғысыз нәрсе
болған соң бірінің жайына бірі қарайды, біріндегі кемшілік біріне білінбей
қалмайды. Тән кемшілігі жанға білінеді, жан кемшілігі тәнге білінеді. Тәнге
батқан ауру, көңілге, ойға қандай әсер ететіні, жанға батқан қайғы-қасірет
тәнге қандай әсер ететіні қазақ сияқты оқымаған халыққа да мәлім. Қайғысыз
қара суға да семіреді деген сөзді қазақ қайғы-қасірет тәнге қандай әсер
ететінін білгендіктен айтқан. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама
деген сөзді де қазақ тәннің ашығып қиналғаны ақылға қандай әсер ететінін
білгендіктен айтқан. Қысқасын айтқанда: мысалы, жақсы қымызды жаман сабаға
құйсақ, қымыз бүлінетіні, жаман қымызды жақсы сабаға құйсақ саба бүлінетіні
сияқты. Тәні саудың – жаны сау деген, жақсы сабаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соматизмдер мен фразеологизмдердің құрылымы және қызметі
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері жайлы мәлімет
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Жыныс клеткаларының көбеюі
Сана түсінігі
Онтогенездің генетикалық негіздері
Соматикалық фразеологизмдер
Тұқым қуалайтын аурулардың этиологиясы
Қартаю теориясы
Жүйке жүйесінің дамуы
Пәндер