Сөз этикетінің қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. … . . . 3

1ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТАНУ ЖӘНЕ СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ

НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ …… . . . 5

  1. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы . . . 5
  2. Сөз этикеті және қарым-қатынас . . . … . . . 9
  3. Сөз этикеті бірліктерінің мағыналық-тақырыптық түрлері . . . 17
  1. СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН СӨЗЖАСАМЫ . . . 45Сөз этикетінің қызметі . . . 45Сөз этикеті бірліктерінің құрылым-құрылысы мен сөзжасамы. … . . . … . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . ……… . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . … . . . 64

ҚОСЫМША . . . . . . . . 67

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тілдің қарым-қатынастық қызметі белгілі бір нормалар мен қағидаларға сүйене отырып жүзеге асырылатын, бүгінгі зерттеу жұмысының нысаны ретінде қарастырылғалы отырған тілдік бірліктердің, яғни, сөз этикетінің қолданысынан басталады. Бүгінгі күні тіл білімінде тілдік бірліктерді әлеуметтік-мәдени аспектіде қарастыру ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Зерттеу жұмысының өзектілігі: 1) бүгінгі күнге дейін қазақ тіліндегі сөз этикеті бірліктерінің сөзжасам тұрғысынан зерттелмегендігімен; 2) зерттеу нысаны ретінде алынып отырған қазақ тіліндегі сөз этикетінің формалары лингвистикалық тұрғыдан да (тілдің қолданысы, тілдің прагматикасы, тілдің қарым-қатынастық қызметі), лингвомәдениеттану мен әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан да (тіл және қоғам, тіл және адам, тіл және мәдениет) ; 3) бұл мәселенің терең зерттеуді қажет ететін аспектілердің өте көптігімен; 4) кез келген шет тілін меңгеру ең алдымен сөз этикеті формаларын үйренуден басталатындықтан, тілді үйрену, меңгеру процесін жетілдіру, жүзеге асыру барысында сөз этикетінің құрылымы мен формаларын, олардың қолданылу принциптерін лингвомәдени аспектіде зерттеудің қажеттілігімен; 5) халық мәдениетін танып білуде, тілін үйренуде этикет нормаларын, оның ішінде сөз этикетін танып білудің маңыздылығымен.

Дипломдық жұмыс қарым-қатынас процесінің ұлттық-мәдени компоненттерінің бірі болып табылатын сөз этикеті мәселесіне арналады. Бұл дипломдық жұмыста қазақ тіліндегі этикеттік қызмет атқаратын тілдік бірліктер лингвомәдениеттану пәні тұрғысынан қарастырылады, олардың құрылымдық, лингвомәдени, этнолингвистикалық, лингвостилистикалық сипаты мен коммуникативтік функциясына талдау жасалады. Сонымен қатар, сөз этикеті бірліктерінің мағыналық топтары көрсетіліп, этикеттік бірліктер сөзжасам тұрғысынан қарастырылады.

Зерттеудің мақсат-міндеттері. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - тілдік фактілерді пайдалана отырып қазақ тіліндегі сөз этикеті формаларына лингвомәдени аспектіде талдау жасау. Бұл мақсат төмендегідей міндеттердің шешімін табуды көздейді:

  • тіл білімінің жаңа саласы - лингвистикалық мәдениеттану пәні тұрғысынан жүргізілген зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі мәдениетінің ерекшеліктеріне талдау жасау;
  • қазақ тілінде жазылған көркем шығармалардағы этикеттік қызмет атқаратын тілдік бірліктерді анықтау;
  • қазақ тіліндегі этикеттік қызмет атқаратын тілдік бірліктердің лингвистикалық ерекшелігін көрсету;
  • сөз этикеті ұғымы мен қарым-қатынас процесінің негізгі принциптерін айқындау;
  • коммуникативтік актіге қатысушылардың сөйлеу әрекетінде этикеттік кызмет атқаратын тілдік бірліктерді қолданудағы биологиялық, әлеуметгік т. б. критерийлерге байланысты ерекшеліктерін жүйелеу;
  • формаларға этнолингвистикалық тұрғыдан талдау жасау;
  • формаларға мәдениеттану ғылымы тұрғысынан талдау жасау;
  • кейбір формалардың пайда болуына әсер етуші интралингвистикалық, экстралингвистикалық факторларды көрсету;
  • этикет формалардың халық мәдениеті мен менталитетін танудағы және тіл үйренудің алғашқы деңгейіндегі қажетті факторлардың бірі екендігін дәлелдеу;
  • сыпайылық және әдептілік категорияларының сөз этикетімен байланысын анықтау;
  • сөйлеу әрекетінде этикеттік қызмет атқаратын тілдік бірліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау негізінде қазақ этносының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі этикеттік қызмет атқаратын тілдік бірліктер. Олардың құрылымдық, лингвомәдени, лингвостилистикалық сипатымен коммуникативтік-прагматикалық функциясы.

Зерттеудің дереккөзі ретінде қазақ жазушыларының шығармалары мен ауызекі сөйлеу тілінен және түсіндірмелі және энциклопедиялық сөздіктерден жиналған 115-тен астам карточка қоры пайдаланылды.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмысты жазу барысында қазіргі тіл білімінде қалыптасқан негізгі принциптер мен ғылыми әдіс-тәсілдер қолданылды. Жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты баяндау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, семантикалық талдау, стильдік талдау, компоненттік талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысынын кұрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1ЛИНГВИИСТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТАНУ ЖӘНЕ СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы

Этнос болмысын танып-білуге өзіндік үлес қосатын коғамдық ғылым салаларының бірі - мәдениеттану. Мәденнеттану адамдардың мәдени әрекеті және қоғамдық орындардағы тәртіп пен әдеп салты ұғымдарының дамуы мен қазіргі күндегі орнын қарастырады. Тіл де мәдениеттен тысқары болмағандықтан, лингвистикалық мәдениеттану ғылымының негізгі бір саласы ретінде анықталады. Халықтың салт-дәстүрі мен мәдениеті тек адам санасы арқылы ғана емес тіл арқылы да ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, тіл арқылы сақталып, тіл арқылы көрініс табатындықтан лингвомәдениеттану тіл білімі ғылымының да негізгі бір саласы. Лингвистикалық мәдениеттану тіл білімі мен мәдениеттану ғылымының тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілге әсер етуін, халық мәдениетінің тілдегі көрінісін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара байланыстылығын ғылыми тұрғыда дәйектеу В. фон Гумбольдт еңбектерінен бастау алады. Ғалымның «кез келген мәдениет тілге әсер етеді, кез келген мәдениеттің ұлттық нышаны тілден айқын көрінеді» деген пікірін [1, 45] психологиялық, әлеуметтік лингвистикалық, этнопедагогикалық, этнолингвистикалық зерттеу жүргізуші ғалымдар өз еңбектерінің теориялық негізі ретінде ұстанады. Ғылымда тіл мен мәдениеттің өзара байланыстылығы, тілдік қарым-қатынастың мәдени аспектісі, қарым-қатынастағы бейвербальды компоненттердің қызметі, тілдік қарым-қатынас жасаушылардың этнопсихологиялық болмысы т. б. мәселелер жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылыми енбектер жазылды. Г. Штейнталь мен

М. Лацарус енбектерінде этнос психологиясының тілге әсері, В. Вундт еңбегінде тілдің әлеуметтік сипаты қарастырылса, А. А. Потебня халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің ерекшеліктері арқылы тіл халық мәдениетінің негізгі кайнар көзі екендігін дәлелдейді. Ф. де Соссюр еңбегінде халық мәдениетінің, салт-дәстүрі мен дүниетанымының тілге әсері этнолингвистикалық тұрғыда зерттеледі. Лингвистикалық мәдениеттану этнолингвистикамен тікелей байланысты, көп ретте ғылыми принциптері ұксас келеді. В. Н. Телия лингвистикалық мәдениеттануды тіл мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін этнолингвистиканың бір бөлігі ретінде қарастырады. В. В. Воробьевтың пікірінше «лингвистикалық мәдениеттану - тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мен өзара әсерін казіргі заманғы коғамда қалыптасқан норма мен жалпы адамзаттық кұндылықтарға сүйене отырып, олардың қолданысы арқылы, жүйелі әдістер арқылы тілдік және мәдени мазмұндағы бүтін бір құрылымдық бірлік ретінде көрсететін синтез түріндегі кешенді ғылыми пән» [2, 89] .

Лингвомәдениеттану ғылымы - халық мәдениетінің тілге әсерін анықтап, олардың диалектикалық байланысы мен дамуын жүйелі түрде зерттейді. Міндеті - тіл мен мәдениеттің арақатынасын синхрондық тұрғыда сипаттау. Ал зерттеу нысаны тіл мен мәдениеттің арақатынасы негізінде зерттелетін тілдік бірліктер - культуремалар. Лингвистикалық мәдениеттанудың нысаны тіл білімі мен мәдениеттанудың қиылысқан жерінде зерттеледі. Зерттеу нысаны ретінде лингвоелтану нысандарын - эквивалентсіз лексика мен лакуналарды, аңыздар, ырымдар және салт-дәстүрлердің тілдегі көрінісін, тілдің паремиологиялық қорын, тіл мен діннің өзара қатынасын, сөйлеу әрекетін, сөйлеу этикетін тағы басқаларды атауға болады. Сөйлеу этикеті қарым-қатынас процесінің ұлттық-мәдени компоненті болғандықтан оның барлық формалары лингвомәдениеттану ғылымына негізделіп отырып мәдениетаралық қарым-қатынас пәні тұрғысынан қарастырылады. Қазақ халқының этикеттік қызмет атқаратын тілдік бірліктерге лингвистикалық, лингвомәдени, этнолингвистикалық, лингвостилистикалық, прагматикалық талдау жасаудың маңызы зор.

Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың қиылысатын тұсы екеуі де этнос болмысын тіл арқылы танып-білуді мақсат тұтады. Этнос мәдениеті әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасқан кұбылыс. «Өмір тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология т. т. - осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның бәрін танып-білудің ең басты құралы - тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойындайды» [2, 56] .

Этнолингвистика халықтың мәдени ерекшеліктерін, тарихи-мәдени қарым-қатынастарының шығу тегі мен таралуын зерттейтін этнографиямен шектес кешенді ғылым. Зерттеушілердің көпшілігі этнография мен этнолингвистиканы мақсаты, бағыты ортақ ғылым деп карағанымен олардың зерттеу тәсілі мен міндеті бірдей емес. Этнос болмысына қатысты фактілерді этнографтар да, этнолингвистер де бір мақсатта зерттегенмен, олардың құрамын, жасалу технологиясын т. б. сөз ету этнографтардың міндеті болғанымен, этнолингвистердің міндеті емес. Этнолингвистер этнос болмысына қатысты фактілерді, ұғым-түсініктерді этнос болмысы тұрғысынан талдап, олардың тілдік мән-мағынасын жан-жақты түсіндіруге тырысады.

Этнолингвистикалық зерттеулердің негізгі мақсаты - тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың әсер етуін қарастыру. Этнолингвистика лингвомәдениеттанумен шектес, қарастыратын мәселесі мен зерттеу объектісі ұқсас болғандықтан олар бірі-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Алайда оларды біріктіріп жіберіп, бір ғылым деп қарауға да, өзіндік ерекшеліктері бар этнолингвизмдер мен мәдени лексиканың арасына тепе-тендік белгісін қоя салуға да болмайды. Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың негізгі айырмашылықтарының бірі - лингвомәдениеттану мәдениет ұғымына қатысты лексиканы ғана сала-салаға жіктеп, жүйелеп, этностық таным тұрғысынан түсіндіруді мақсат етсе, этнолингвистика этнос болмысына катысты барлық лексиканы қамтуға тырысады. Оған мақал-мәтел, тұрақты тіркес, жұмбақ, теңеу, балама, ауыз әдебиеті үлгілері, этнос болмысын танытатын әдеби тілде қолданылып жүрген лексикалық қор ғана емес сөздіктерде кездесе бермейтін лексика да, байырғы сөз өрнектері де, тіпті айтуға тыйым салынған ұят сөздер де кіреді.

Бүгінгі түркітану ғылымы үшін қазақ тілі мен мәдениетін зерттеу ең өзекті мәселелердің бірі. Түрлі ғылыми әдебиеттер мен сөздіктерде берілген анықтамаларды сұрыптап, салыстырып қарағанда этнос ұғымына төмендегідей анықтама беруге болады. Этнос - белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, айналысатын тіршілік-тірлігі, мінез-құлқы ұқсас, діні, ділі, тілі бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өздерінің ортақ тегін, туыстығын, тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы. Этнос болмысы дегеніміз - этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы шындық. Басқаша айтқанда: «этнос болмысы» дегеніміз - этностың сонау бала кезеңінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өмір-тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай қазынасы. Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі күнге археологиялық қазбалар мен сәулет өнері, түрлі мүсіндер мен ескерткіштер арқылы да жетуі мүмкін. Ал этностың болмысы мен бейнесі, ол өмір сүрген табиғи орта мен қоғамдық қатынастары, жан дүниесі, танымы мен талғамы т. б. туралы толып жатқан деректер мен мәліметтер негізінен тіл арқылы жетеді. Этнос туралы мол мәлімет пен деректі тек тіл ғана бойына сыйғыза алады [3, 7] . Қазақ халқының тарихында сөздің алатын орны ерекше, сондықтан кей кездерде қазақтың салт-дәстүрімен, ұшқыр ойымен, шешендік өнерімен ұштасып жататын, аяқ-астынан тауып айтылатын төмендегідей қаратпалар да қолданылған:

Бір жігіт Мөңке биді бір көруге құмар болып іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөңке:

  • Түлкім, жоғары шық, - дейді.

Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде Мөңке:

  • Сыншым, сөйле, - дейді. Жігіт түсінбей отыра береді. Жігіт кетер кезде:
  • Жыршым, енді рұхсат, үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт! - дейді.

Жігіт сауал қояды:

  • Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзегеніңізді айтып берсеңіз. Мөңке сонда былай деп жауап қайтарыпты:
  • Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай бастайды. Сыншым дегенім - сол. Қонақ үйден аттанғанда көрген-білгенін жыр қылып айта жүреді. Жыршым дегенім - сол [4, 36] .

Этностың тіл әлемі - оны танып-білудің кайнар көзі. Әр этностың өзіндік ерекшелігі адамгершілік қарым-қатынастың бастауы болып табылатын сәлемдесу рәсімінен де айқын көрінеді. Қазақ халқындағы сәлемдесу өзіндік ұлттық ерекшелігі, қалыптасқан жүйесі бар күрделі кұбылыс. Қазақ салты бойынша сәлем беру кішінің парызы болып есептеледі, сондықтан үлкен адамға сәлем беру жасы кіші үшін жауаптырақ. Сондай-ақ, қазақ отбасында әке рөлі әрқашан жоғары, жөн білетін ана әрқашан әкенің абырой беделін балаларының, туған-туыстың, ел-жұрттың алдында жоғары ұстап отыруға әрқашан мән беретін болған. Қазақ этносының бұл ерекшелігі ұлттық этикеттен де анық байқалады. М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған төмендегі мәтін де этнос мәдениетін, этнос танымын айқын көрсетіп тұр. Мысалы,

«Бала көп ішінен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр . . . Сәлем бер! деді. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды» [5, 9] .

Қазақта сәлемдесудің арнайы барып сәлем беру, кездескен таныстарға сәлем беру, жүз таныстарға сәлем беру, келіннің сәлем етуі сияқты түрлері бар. Барып сәлем беру әдетте ауыл арасындағы, сондай-ақ басқа ауылдағы жасы үлкен, ел-жұртқа танымал, сыйлы адамға, немесе жасы үлкен туыс кісіге арнайы уақыт бөліп, барып сәлем беру болады. Егер бір жас адам алыс жолдан, оқудан, әскерден т. б. да сапардан келген кезде ауылдың үлкен, сыйлы ақсақалдарына арнайы сәлем беріп шығуы парыз болып табылады. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді» деген мақал алыс жолдан, арнайы сапардан келген адам жас болса да оған үлкен адамның келіп сәлем беруінің де айыбы жоқ дегенге меңзейді. Ата-ене, қайынаға, абысындарын көргенде келін оларға иіліп сәлем береді. Қазақ дәстүрінде үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ететін болған. Ондайда біреу «келіндеріңіз сәлем етіп жатыр» деп хабарлайтын. Үлкендер оған риза болып батасын беретін болған. Келіннің сәлем ету әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады.

Қазақ салтында үйге сырттан кіруші адам үй иелері өзінен жасы кіші болса да сырттан кірерде «ассалаумағалейкум» деп үйге сәлем беріп кіруі керек. Мұны шаңыраққа сәлем беру дейді. Қалыптасқан дәстүр бойынша егер адамдар көлік үстінде (ат, машина) кездессе, тек көліктен түсіп амандасуы керек. Бұл да ізеттіліктің бір көрінісі болып есептеледі. Кез келген этностың тілінде өтетін сөйлеу әрекетінде амандасу процесінен кейін әр халықтың дүниетанымына, негізгі кәсібі мен салт-дәстүріне байланысты жүзеге асырылатын жөн сұрасу, сұрақ-жауап алмасу кезеңі бар. Коммуниканттардың бір-біріне қоятын сұрақтары мен оларға берілетін жауаптар этностың тұрмыс-тіршілігі мен әдет- ғұрпына, дәстүрі мен мәдениетіне тән ерекшеліктерді көрсетеді. Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлке» романындағы мына үзіндіден қазақ халқының амандық-саулық сұрасуындағы ұлттық-мәдени ерекшелікті айқын байқауға болады : «Дүниежүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем-ақ болар. Әсіресе, осындай дау-жанжалдың ортасында жүргендер езіп-созып, тіпті, ұзақ амандасар. Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсына дейін қалдырмай сұрасады. Келген жердің қандай қабақпен отырғанын да осы амандасу үстінде болжасып қалады. Келген жұмысының жәйін аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек» [6, 9] .

Қазақ тілінде амандасу рәсімінен кейін өтетін жөн сұрасу кезеңінде қолданылатын Мал-жан аман ба? Кұрылымы классикалық стандарт формаға айналған. Бұл форма көбінесе үй иесі ер адамға амандасқан кезде қолданылады. Себебі ер адам өз отбасының, мал-жанының амандығы үшін жауапты негізгі тұлға. «Мал амандығы - жан амандығы!» дейтін қазақ халқының амандық-саулық сұрасқанда ең алдымен мал-жан амандығын сұрауы тегін емес. Бұл ұзақ уақыт бойы қазақ халқының негізгі кәсібі болып келген, ішсе - тамақ, мінсе - көлік, кисе - киім болып келген мал шаруашылығынан хабар беретін, тұрмыс-тіршілігінен туындаған, психологиялық астары бар тілдік бірлік. Мал-жан аман ба? Дегендегі бірінші бөлік мал шаруашылығына, яғни, кәсібіне, жұмысына, материалдық жағдайына, тұрмысына, күйіне қатысты болса, екінші бөліктегі жан дегеннің ішіне бала-шаға, туған-туыс, ел-жұрт бәрі кіреді.

Жер жүзіндегі этностар саны жағынан да, даму сатысы жағынан да әртүрлі. Жеке ұлт дәрежесіне жеткендері де бар, ру, тайпа деңгейінде қалып қойғандары да жетерлік. Әрқайсысы жеке ұлт ретінде танылып, жеке мемлекет иесі болып отырған және қазақ халқы этнос ретінде өзін-өзі терең танып білуі үшін де, әлемдегі басқа ұлттар мен ұлыстарға өздерін танытуы үшін де лингвомәдени, этнолингвистикалық тұрғыда жүргізілетін зерттеу жұмыстары керек. Бүгінгі қазақ этнолингвистикасы өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан жаңа ғылым саласы. Этностың рухани әлемін, этнос болмысын оның тілі арқылы тану, жан-жақты зерттеу бір-бірімен ұштасып жатқан лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарының міндеті болып табылады.

  1. Сөз этикеті және қарым-қатынас

Сөз этикеті дегеніміздің өзі - қарым-қатынастың кеңінен қолданылатын, қалыптасқан жүйесі. Адам туып, өсіп, жеке тұлға ретінде қалыптасу процесін бастан өткере отырып, тәрбиелену, әлеуметтену процестерін бастан кешіреді, тілді де терең меңгере бастайды, қоршаған ортамен қарым-қатнас жасаудың этикалық нормасын, оның ішінде тілдік қарым-қатынас жасау нормасын, яғни қарым-қатынас мәдениетін де үйренеді. Ол үшін қарым-қатынас жағдайына бейімделіп, өзінің және тыңдаушының әлеуметтік ерекшелігін басты назарда ұстай отырып және сол тілде сөйлейтін халық санасында қалыптасқан үлгіге сай сөз саптау қажет. Сондай-ақ ауызша, жазбаша, қашық және жақын жасалған қарым-қатынас әр тілде, әр ортада қалыптасқан коммуникаттардың рөліне, сөз мәнері сол қоғамның нормасына сай болуы қажет.

Сөз этикетіндегі негізгі ерекшеліктердің бірі - кез келген тілдегі этикет тілдік бірліктердің белгілі бір дәрежеде тұрақты болуы. Кез келген тілде амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, алғыс айту, жұбату, рахмет айтудың қалыптасқан жүйесі бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз этикет бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу аясы
Сөйлеу әдебі ұғымы
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Ағылшын тілінде қарым - қатынас мәдениетінің лингвистикалық сипаттамалары
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Тіл мәдениеті және сөйлеу әдебі
Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы
Қазақ халқындағы қарым-қатынас жүйесі мен сөйлеу әдебі
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Әлеуметтік желілердегі сөйлеу этикеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz