Балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту


Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
«Педагогика және психология»
кафедрасы
Пәні: Педагогика
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі»
Орындаған: Айталиева М. К.
Тексерген: Мажитова А. Т.
Орал - 2021ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 бөлім. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері.
1. 1. Балабақша балаларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызы . . . 6
1. 2. Балалардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы
музыканың рөлі . . . 10
2 бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамытуға арналған жаттығулар мен әдістер.
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары . . . 16
2. 2. Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық тәрбие беру арқылы сіңіру . . . 22
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Қазіргі дамушы қоғам белсенді, сенімді, жоғары білімді меңгерген, мәдениетті, сауатты азаматты қалыптастыруды қажет етуде. Себебі, сауатты, мәдениетті әрі білімді өскелең ұрпақ қана жоғары деңгейде көтеріле алады. Бұл қасиеттер қалыптасушы азамат бойында эстетикалық мәдениет пен тәрбиенің дамуына септігін тигізеді. Эстетикалық мәдениет - бұл тұлғаның және қоршаған ортаның (табиғаттың) шығармашылық еңбегімен жасалған құндылықтар жиыны, рухани мәдениеттің саласы болып табылады. Эстетикалық құндылықтар қоғамның дамуына, барлық қатынастардың белгілі бір өзіне тән дәрежесінде өркендеуіне қатысады. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында эстетикалық тәрбие өте маңызды орын алады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - тұлға бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдісі. Тәрбие жүйесін қалыптастастыруда өз үлестерін қосқан ғалым - педагогтар А. В. Луначарский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский т. б. Еліміздегі жас буынды эстетикалық тәрбиелеуді қолға алып жүрген, іс - тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен еңбектері бар ғалым - педагогтардан С. Ұзақбаева, Қ. Сыздықов, А. Бейсенбаева, А. Тұрбекова, Х. Арғынбаев, С. Қалиев, т. б. айтуға болады. Қазіргі таңда мектеп алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы жасөспірімдерді жан - жақты тәрбиелеу болып табылады. Сондай тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбиелеу де көлемді орын алады. Мектеп жасына дейінгі балаларда эстетикалық тәрбие мен мәдениеттің негізі қаланады, сол себепті эстетикалық тәрбиелеу мәселесі елімізде әрдайым тәрбиенің жалпы мәселелерімен байланыстырылып келеді. Жалпы эстетикалық тәрбие мен мәдениет тұлғаның қалыптасуында және адам өмірінде зор роль атқарады. Қоршаған ортаның әсемдігін көре және түсіне білу адам өмірін байыта түседі. Ең жоғарғы шекті рухани ләззат алуына мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие ең бірінші отбасынан басталса, екіншіден балабақшадан, үшіншіден мектептен басталады. Баланың отбасынан, балабақшадан алған эстетикалық тәрбиесі мектеп кезеңінде жетіліп, дами түседі және өмірге деген ең алғашқы көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады) .
Екіншіден уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.
Үшішіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "Ата жұрт", "Атамекен", "Елім-жерім", "Туған өлке" ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұни, т. б. ), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. ), шетел психолог-педагогтері (Н. Крупская, А. Луначарский, П. Блонский, Д. Лихачев, С. Шацкий, Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Бакушинский, т. б. ) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбаева, Ө. Қамақов, Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, Е. Асылханов, Қ. Ералин, Қ. Ижанов, Ү. Ибрагимов, З. Ахметова, Қ. Болатбаев, С. Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.
Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды. Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.
Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде сана ақыл-парасат болуы мүмкін тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, . . . эстетикалық сезім -жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Тақырыптың өзектілігі:
Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Ол эстетикалық - мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықты эстетикалық тұрғыдан меңгерту тәсілі, сонымен бірге эстетикалық сапа және эстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру процесінде мына міндеттерді шешу қажет: балалардың эстетикалық қабылдауын, эстетикалық сезімі мен ұғымын, көркемдік-шығармашылық қабілетін үздіксіз дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Зерттеу мәселесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру. Балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту.
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамытуға арналған проективті әдістер мен жаттығулар.
Зерттеу болжамы . Егер мектепке дейінгі балалардың алғашқы ұғымдарын, көру арқылы салыстыруды, қиялдау және жұмбақтар жаттатқызса көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерін дамытса баланың эститикалық тәрбиесі тез қалыптасады деген болжам бар. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.
Зерттеу пәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту.
Зерттеу объектісі. Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамытуға арналған әдістемелер.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамытуға арналған жаттығулар туралы түсінік беру және эстетикалық тәрбиенің теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері. Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту туралы және оларды дамытуға арналған жаттығулар мен әдістер туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу көздері. Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту психологиясы және эстетикалық тәрбиесін дамыту туралы ғалымдардың айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі. Ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері. Мектепке дейінгі шақ.
Ғылыми жаңалық:
- Баланың бүкіл өмір бойында жүретін даму үрдісіне сипаттама берілді.
- Эстетикалық тәрбиені дамытуға арналған жаттығулар берілді.
- бала мен ата-ана қарым-қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата-ана қарым-қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
- бала мен ата-ана қарым-қатынасының эстетикалық тәрбиесін арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата-аналармен жұмысында, педагог-психологтардың практикалық іс - шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы, құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 бөлім. Эстетикалық тәрбиенің педагогика ғылымындағы теориялық негіздері.
1. 1. Балабақша балаларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті мен маңызы.
Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Ол эстетикалық - мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықты эстетикалық тұрғыдан меңгерту тәсілі, сонымен бірге эстетикалық сапа және эстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті.
Сонымен қатар, ол қазіргі жағдайда тәрбиенің басқа салаларының нәтижесін көтеруде де қажетті буын болып табылады. Бұған қосымша оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қазіргі қоғамның мәдени реформасының маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Мұндағы негізгі мақсат - тұлғаның тұтас дамуын қамтамасыз ету.
Бұл жастардың эстетикалық тәрбиесінде бірнеше маңызды әлеуметтік қызмет етуге мүмкіндік береді, соның ішінде тұлғаның мәдени ой-өрісінің дамуымен байланысты танымдық; эстетикалық мағлұматтардың идеялық бағытын, эстетикалық идеалдың мазмұнын, талдау және бағалаудың ғылыми және идеологиялық дәлдігін белгілейтін, дүниетанымдық шығармашылықта, қызығушылық әрекетте және әр түрлі шығармашылық қабілеттердің дамуымен байланысты, әрекетпен және мінез-құлықтың эстетикалық нормасы және өлшемінде жүзеге асатын, пәндік-практикалық; соңында, тұлғаның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын, әсерленушілік (эмоционалдық) .
Эстетикалық тәрбие, ең ақырында, оқушылардың әлеуметтік жағдайына, оның жан-жақты даму болашағына, болашық маманның дара эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға сай жүйені құруға ықпал етеді.
Жоғарғы мкектептегі эстетикалық тәрбиенің жалпы мақсаты болашақ маманның жоғары дәрежедегі тұлғалық эстетикалық мәдениетін қалыптастырып және шығармашылық әрекетін дамыту. Оның еңбекке, табиғатқа, ғылымға, өнерге, қарым-қатынасқа, спортқа эстетикалық көзқарасын дамыта отыра, эстетикалық тәрбие тұлғаның шығармашылық күш-қайратының қалыптасуына белсенді ықпал ету. [2, 132 б. ] .
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру көпшілік мәдени-тәрбиелік және эстетикалық тәрбие жұмыстарының барлық жүйесімен тығыз байланыста болып, қоғамның мәдени құрылысының бірегей негізі болып есептеледі. Соған орай жастардың тұтас эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мәдениеттің құрылымын жетілдіру жағдайында өзінің ары қарай дамуын жалғастырады. Ол үшін, ол оқушылар өмірінің барлық құрылымына ене отыра, оның мәдени әрекетін оқу, сондай-ақ еңбек ұжымдарында, отбасында, тұрғылықты жерінде нормаға айналдыру барысында, олардың эстетикалық қабілеттері мен рухани қызығушылықтарын дамыту нақтылы өтімді, ықпалды процесс бола алады. Тек осы жағдайда ғана эстетикалық тәрбие мен көпшілік мәдени-тәрбиелік жұмыстарының нәтижесін көтеруге болады. Олардың әдістері, формалары және құралдары динамикалыққа, мақсаттылыққа және икемділікке ие болып, тұлғаның шығармашылық дамуының нақтылы тетігі бола алады.
Сондықтан да эстетикалық тәрбие тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына алғышарттар жасай отыра, оқушылардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына белсенді ықпал етеді.
«Эстетика» - гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, ол «сезімдік», «сезіммен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет «эстетика»ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің осы аттас кітабына сәйкес қолданылды, бірақта ғылыми ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда болды.
Эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар еңбектер бар. Соның өзінде эстетика ғылымының ерекшелігі туралы айтыс осы күнге дейін оластаған жоқ: «әсемдік» дегеніміз ен? Өйткені оны заттық тұрғыдан сезінбейсің. [10, 79 б. ] .
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдасуда және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез - құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс - әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанынан көрсетеді.
Материалисттік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонеттері:
· Эстетикалық қабылдау
· Эстетикалық сезім
· Эстетикалық талғам
Эстетикалық қабылдау деп - ісемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады.
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты адам рухани жағынан бай болып, өсімдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиіс. [5, 6, 15] .
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге, тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері :
· Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
· Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
· Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасуды тәрбиелеу.
· Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері :
- Әр түрлі өнер адамдарының іс - әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік - құлықтарына игі әсер ету.
- Қоғамды, табиғатты, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту.
- Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу.
- Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу.
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі.
Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, әдет - ғұрыптық, еңбектің және т. б әндер мен өлеңдер ерекше орын алады.
Салт - дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
· Лирикалық, тұрмыстық, әдет - ғұрыптың, еңбектің және т. б әндер мен өлендер.
· Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген т. б
· Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, метал өңдеу өнері.
· Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке бас эстетикасы.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы:
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата - аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым - қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс - әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй - жағдай эстетикасы. Әрбір әйел өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктеріңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке - шешенің басты міндеті.
Ата - аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін білімін көтерулегі ең басты сүйеніш. олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез - құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қарым - қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс - әрекетін қылығын айтамыз. мінез - құлықты дербес ғылым - этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады.
Сыпайлық - ішкі мәдениеттің сырқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне - өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігімен талғамын құрметтей білуден өрінеді.
Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдаған мінез- құлық қағидалары.
Байыптылық- байқампаздықпен, сергектік пен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем - шамасынан шыға білуге негізделген, мінез - құлықтағы сезім - түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті. [4, 41 б. ]
Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі - келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытты Елбасы Н. Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшей келе « Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше. Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген.
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы - оқушыны жан - жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй ішімен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшадан алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды.
1. 2. Балалардың эстетикалық мәдениеті мен білімін қалыптастырудағы
музыканың рөлі.
"Өнер-білім бұлағы" дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да адамдарға, өскелең ұрпаққа рухани күш-жігер берш ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімдерін оятады. Өнер саласының бірі - ән мен күйдің қоғамдық әрі тәрбиелік мәні өте зор.
Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру барысында балабақшада белгілі бір жүйелі бағытпен музыка сабағы жүргізіледі. Балабақшадан басталып жетінші сыныпқа дейін музыка сабағы қорған ортаның әсемділін көріп, жырлап оларды балалар естіп, ажыратып, бағалай білуге арналған. Балаларға музыка жайлы түсініктерді, анықтада отырып, эстетикалық өнердің алғашқы негіздерімен тарихымен таныстыра отырып, таным түсінігін дамытып оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет. Музыка туралы мағлұматты жүйелі меңгеру іскерлік пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сезімнің, өнерге деген қызығушылығының, эстетикалық талғамның дамуына бағыттау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz