Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Құқық бұзушылықтың құрамы және оны заңға сәйкес саралау.
КІРІСПЕ.
1 бөлім. Құқық бұзушылық ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ.
1.1. Құқық бұзушылық туралы жалпы түсінік ... ... .
1.2 Құқық бұзушылық құрылымы мен негізгі белгілері, түрлері ... ... ... .
ІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС САРАЛАУ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ.
2.1. Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік ... ... ... ... ...
2.2. Заңды жауаптылықтың өз уақытында орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.3. Құқыққа қарсы мінез ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Курстық жұмыс тақырыбы құқық бұзушылықтың құрамы және оны заңға сәйкес саралау болып табылады.
Курстық жұмыс екі тараудан және бөлімнен тұрады.
Бірінші тарау құқық бұзушылық түсінігі және оның құрамы деп аталады. Аталған тарауда құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері,түсінігі, құқық бұзушылықтың түрлері, құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдары қарастырылады.
Екінші тарау сол құқық бүзушылықты заңға сәйкес саралау, яғни құқық бұзушылықтың заңға сәйкес жауаптылығы жайлы қарастырылады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Екінші тарауда мынадай мәселелер қарастырылады, яғни заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері, түсінігі, заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы, заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән жайлар, заңдық жауапкершіліктен босату негіздері.
Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келетін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірінші, қоғам және әрбір азамат құқықтары мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Сондықтанда курстық жұмыста мемлекет және құқық теориясы қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. Заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері тақырыбы бойынша мақала, монография және басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі қайнар көздерді оқу, тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым толықтай зерттеуге үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен бұдан курстық жұмыстың мақсаты шығады:
құқық бұзушылық және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі тақырыбы бойынша жеке зерттеу; құқық бұзушылықты заңды саралау,яғни заңға сәйкес жауаптылыққа тарту.

1. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ түсінігі және оның құрамы.
1.1.Құқық бұзушылық туралы жалпы түсінік.
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа тұседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жұзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Әрекет -- бұл кұқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жұзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі. Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік
нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға
зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта
ресми тұрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады. Формальді - логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: коғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға
зиянды немесе қауіпті.
Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға
қайшы деп тыйым салынбаған.
Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жұріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жұйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің кдупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сұру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылыгы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау - өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің ұйіне тұсіп, мұлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам ұшін өте қауіпті болып табылады.
Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сұру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарга әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылыктың теріс зардабы - ажырамас белгісі. Оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыкқа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.
Заңды жауапкершілік жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.
Заңды жауапкершілік -- жеке адам, қоғам, мемлекеттің мұддесін кор-ғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген кұқықтық норманың санк-циясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі -- құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілікке тән белгілер:
1) Құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады;
2) Мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді;
3) Арнаулы өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады;
4) Жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады;
5) Жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді;
6) Құқық нора санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады;
7) Іс жүргізу нысанында жүктеледі;
8) Жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.
Заңды жауапкершіліктің фактілі негізі -- құқықбұзушылық; заңды негізі -- құқық нормасы және тиісті құқық қолдану актісі; мәжбүрлеу шаралар көлемі, нысаны. Мақсаты -- субъективті құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамды тәртіпті қорғау.
Функциялары:
1) Айыптау -- мемлекеттің жазалау реакциясын сипаттау;
2) Құқықты қалпына келтіру -- келтірілген зиянды, шығынды толтыру;
3) Тәрбиелік жеке превенция, жалпы превенция.
Қағидалары:
1) Әділеттілік;
2) Гумандылық адам намысына тиетін жаза қолданбау;
3) Заңдылық;
4) Негізделгендік;
5) Бұлтартпастығы;
6) Мақсаттылық, қажеттілік.
Заңды жауапкершілік әртүрлі негіздер бойынша жіктелінеді. Құқық салаларына байланысты:
- қылмыстық құқыққа сәйкес қолданылады, ешкім сот үкімінсіз кінәлі деп саналмайды жауапқа тартылмайды; ең ауыр жаза;
- әкімшілік қоғамдық тәртіпті бұзу немесе атқару-жарлық етуші органдардың қызметіне кедергі келтіруге қатысты және т.б. қолданылады;
- азаматтық шарт бұзғандық үшін немесе шарттан тыс міндеттемелерді орындау барысында қолданылады. Зиянды толық өтеу -- негізгі принципі;
- тәртіпшілік еңбек, оқу, қызмет ету, әскери тәртіптерді бұзғандық үшін қолданылады; түсініктеме талап етіледі; әкімшілік немесе тәртіпшілік алқамен салынады;
- материалдық еңбектік міндеттерін атқару барысында қызметкер, жұмысшыға келтірілген кәсіпорын, мекеме, ұйым зияны үшін туындайды.

1.2. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады.
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.
Кейбір сипатына қарай құқық бұзушылықтар жалпы бірдей болғанмен , олар өте әртүрлі болып келеді. Бұл әлеуметтік қатынастардың әртүрлі мазмұнымен, субьектілердің көп жақтылығымен, жасау мақсатымен, өмірдегі жағдайлармен және т.б.анықталады.
Осындай кең ауқымды құқық бұзу актілері оларды әртүрлі бөлімдерге жіктеуіне әкеледі.
Қоғамдық өмірге байланысты оларды:
Экономикалық құқық бұзу;
Басқару қызметінде құқық бұзу
Отбасында тұрмыстық жағдайда құқық бұзу деп бөледі.
Ал құқық бұзулық мақсаттарын:
Белглі бір мақсатқа жету мақсатында құқық бұзу
Бірнеше мақсатқа немесе мақсат қоймай құқық бұзу.
Ең көп тараған және әлеуметтік маңызды құқық бұзушылықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне (зардабына ) байланысты жіктелуі болып табылады. Бұл жағдайда барлық құқық бұзушылықтар қылмыс және терісқылықтар болып бөлінеді.
Қылмыстар қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Олар ең маңызды қылмыстық заңмен жанасушылықтан қорғалатын құндылықтарына жанасады. Қылмыс жасаудың обьектілері болып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйесі, әртүрлі жеке меншік және басқада азаматтар құқықтары (саяси, еңбек, меншік) саналады.
Қоғамға қауіптілігіне байланысты қылмыс істегені үшін заң қатаң жазалар қолданады. Қылмыстық заңмен қаралған қылмыстық істер басқа құқық бұзуларға қарағанда талқыланып толық түсіндірілмейді.

ІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС САРАЛАУ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ.
2.1. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп - құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс.
Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
Заңды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Зандық жауапкершіліктің мағынасы мен мақсаты субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғау болып табылады. Зандық жауапкершіліктің міндеттері осыдан туындайды. Біріншіден, құқық бұзушылыққа кінәліні жазалау (жазалау міндеті). Екіншіден, құқықты қалпына келтіру және келтірілген зиянды өндіріп алу, ысырапты өтеу (қалпына келтіру міндеті). Үшіншіден, құқықтық санада занды мінез-қүлық мотивтерін қалыптастыру және зандық жауапқа тартылушы субъектінінің де (жеке ескерту), құқық қатынастарының басқа субъектілерінің де (жалпы ескерту) жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу.
Құқық бұзушылықтардың түрлеріне қарай зандық жауапкершілік келесідей топтастырылады:
- қылмыстық, тек қана қылмыс үшін және қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдарына сәйкес соттың үкімі бойынша ғана қолданылатын ең қатаң түрі. Оның шараларына бас бостандығынан шектеу, мүлікті тәркілеу, өлім жазасы және т.б жатады;
- әкімшілік, яғни әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін қолданылады. Оның шараларына айып пұл, құқық бұзушылықтың объектісі болған затты алып қою, арнайы құқықтан айыру және т.б. жатады;
- азаматтық, яғни шарттық міндеттемелерді бұзудан туындайтын жауапкершілк. Оның шараларына айып пұл, кепілге берілген затты алып қою, тұрақсыздық айыппұлын төлеу және т.б. жатады;
- тәртіптік, яғни тәртіптік теріс қылық үшін қолданылатын жауапкершілік. Оның шараларына ескерту, сөгіс, жұмыстан шығару және т.б. жатады ;
- материалдық, яғни еңбек міндеттерін орындау кезінде ұйымға келтірілген залал үшін болатын жауапкершілік. Оның шараларына жойылған мүлікті қалпына келтіру, айып пұл және т.б. жатады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі -- тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада -- мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.
Заңды жауапкершілік -- тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
Экологиялық құқық бұзушылық
Құқықбұзушылық түсінігі
Құқық бұзушылық туралы
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы
ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ Заңды бұзушылықтың түсінігі және мазмұны
Әкімшілік жауапкершіліктен босату
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Құқық бұзушылықтың құрамы
Пәндер