БАҚ ғылым жайында


Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т. б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, Жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта құрудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның өндірістік қуаты, шикізатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен, т. б. қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және оның кейбір жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, т. б. мәліметтер түгел көрсетілуге тиіс. [1] [2] [3]
- Жұмыстық жоба- бұйым жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманың (техникалық жобадан кейін) жасаудың 4-ші сатысы; оған мына этаптар жатады:жұмыстық сызбаларды және техникалық жағдайларды жасау, транспорттық құралдардың тәжірибеден еткен агрегаттарының ұлгілірін дайындау және сынактан еткізу конструкциялық құжаттаманы жөнге келтіріп отыру; сонымен қатар бұган мыналар жатады: бос серияны және орнату сериясын сынау; конструкциялық құжаттаманы женге келтіру; құжаттарға - тәжірибелік ұлгілер үшін «о» литерін, орнату сериясы үшін «а», басты серия үшін «б» беру.
- Техникалық жоба- конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі 3-ші стадиясы (эсқаиздік жобадан кейін) оған мына этаптар жатады:жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шыгару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару; құжаттарға «т» литерін тағайындайды.
- Нобай жоба- бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы жасаудың 2-ші сатысы (техникалық ұсыныстан кейін) - мынадай кезендер жатады:эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы пішімдеу; бұл конструкциялық құжаттар мен пішіндердіқ жиынтығында, ол жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер болуы керек.
https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%96%D0%BE%D0%B1%D0%B0
Жұмыстың нысаны қазіргі заманғы Қазақстан ғылымының негізгі даму бағыттары болып табылады.
Жұмыстың мақсаты қазіргі заманғы Қазақстанның негізгі ұлттық идеясын қалыптастыруда және тұрақты даму жағдайында қоғамдық-гуманитарлық және рухани-танымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды саналатын отандық ғылым жетістіктері мен жетекші ғылыми мектептердің даму тенденцияларын және әлемдік ғылым дамуын сараптау, ғылымның приоритеттері жайлы кепілдемелер дайындау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандық маңызды ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді насихаттау.
Зерттеу барысында Қазақстанның ғылыми жетістіктері, жетекші ғылыми мектептердің қызметтері, еліміздің даму тенденциялары мен приоритеттері бойынша сараптамалық және практикалық материалдар сарапталып, зерттеу нысаны негізделді.
2008 ж. 14-мамырда «Қазақстанның ұлттық идеясы және БАҚ: келешек приоритеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конферениця өтті. Пленарлық мәжілісте www. gylymkaz. kz веб-сайтының көрсетілімі өтті.
Отандық ғалымдардың мақалалары туралы электронды мәліметтер базасының бірінші кезеңі дайындалды (Access программасында, 2001-2007 жж. аралығы) . Қазақстандық ғылыми зерттеулер мен өңдеулер туралы жариялап отыратын бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық каталогының алғашқы кезеңі дайындалды. «Хабар» телеарнасында қазақстандық ғылыми зерттеулер нәтижелері туралы 3 тележурнал циклі түсірілді. Республикалық «Жас қазақ» газетінде «Ұлтық идея - Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» циклімен мақалалар жариялана бастады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінің практикалық маңызы. Ғылыми зерттеулер жайында нақты және сенімді ақпараттар дерегінен тұратын мәліметтер базасы Қазақстан ғылымы жайында мәліметтер іздестірудің тиімді құралы саналады. Қазақстандағы ғылыми ақпараттарды іздестіру жолдарын жеңілдету мақсатында сайт барлық ғылым бағыттарын қамтиды әрі ғылыми өңдеулерді өндіріске енгізуді көздеген инвесторлар үшін қажетті де маңызды болып саналады.
Зерттеу нәтижелері ҚР мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік, ғылыми-инновациялық ақпарат, журналистика, ғылым тарихы, саясаттану және т. б. салаларда пайдалануға болады.
Нәтижелер. ҒЗЖ екінші кезеңінде қазіргі заманғы Қазақстанның ұлттық саясатын қалыптастыруда еліміздің маңызды ғылыми жетістіктері мен приоритеттері және жаңа ғылыми-техникалық бағыттар: биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларындағы табысты зерттеулер жайлы мәліметтер жинақталып, сарапталды.
Жаһандық ғылыми интеграциялық үрдістерде қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулер мен ақпараттық материалдар дайындалды.
Қазақстан ғылымының жаңа ғасырдағы приоритеті мен халықаралық қауымдастықтағы позитивті де бәсекеге қабілетті имиджін арттыруда маңызды саналатын еліміздегі жетекші ғылыми мектептер, олардың дәстүрлері мен рухани-танымдық құндылықтары жайлы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру негізделді.
Қазақстанның жетекші ғылыми мектептерінің бағыттары: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану, соның ішінде биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларындағы жетістіктері жайында материалдар жинала бастады.
Осы саладағы жетістіктерді орындалған ҒЗЖ деңгейімен салыстыру.
Республикада АКТ дамуына тиімді жағдайлар жасалып келсе де көптеген проблемалар шешуін күтіп тұр. АКТ саласын құқықтық реттеуде, АКТ инфрақұрылымына қолжетімдікті қамтамасыз етуді арттыруда, қоғамның АКТ негізінде одан әрі демократиялық дамуына бағытталған шараларды жүзеге асырған жөн. АКТ-ны қазақстандық қоғамның барлық салаларына тиімді енгізуде бірақтар шаралар қажет. Қазіргі уақытта елде АКТ-революциясына негізгі алғышарттар жетіліп келеді деуге болады. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік ақпараттық ашықтығы. Саяси басшылық деңгейінде, нормативті-құқықтық базада адам құқы мен бостандығын, соның ішінде ақпарат алу құқын сақтауға ұмтылуда.
Қазақстандағы космосты игеруде жүргізіліп жатқан инновациялық жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына мынадай қорытынды жасауға болады:
- бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуді көздеген Қазақстанның ғарышты игерудегі саясаты ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыруымен және халықаралық бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асырумен ерекшеленуі;
- Қазақстанның космостық державалар қатарынан енуіне мүмкіндік беретін жобалардың, атап айтақнда «Казсат» жер серігінің ұшырылуының жүзеге асуы осы саланың таяу болашақта қарыштап дамуына негіз болуы;
- халықаралық ғарыш станцияларына сапар шегіп, ғылыми экспедицияларды жүзеге асыратын кәсіби ұлттық отрядардың дайындалу үдерісі - ғарышты иегрудегі оң өзгерістер саналуы;
- Қазақстанның космосты игеру мен зерттеуге арналған халықаралық ғылыми бағдарламалардың бірлесіп орындаушысы ретінде атсалысуы әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуына, сенімді серіктес болуына жол ашуы.
Қазақстандағы космосты игеру мен зерттеу салаларындағы ҒЗЖ жүргізуде әлі де болса бірқатар проблемалардың (кәсіби мамандардың жетіспеуі, қажетті базалық платформалардың әзірленуі, халықаралық ғарыш станцияларына қолжетімдіктің әлсіздігі) болуына қарамастан, алдағы уақытта бұл салада позитивті өзгерістерді болжауға болады.
Әрине, әлемдік деңгейде танымал ғалымдардың биотехнология саласындағы керемет табыстары күн санап артуда. Мәселен, микроорганизмдердің органикалық бөліктерін неорганикалыққа алмастыратын наноробот жасауда Қазақстан ғалымдарының әлі де көп ізденуіне тура келеді. Дегенмен ҚР БҒМ қазақстандық биотехнологияның болашағы алда, әрі бұл елдегі экономикалық сектордың дамуымен тығыз байланыста деп санайды.
Қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар биотехнология саласында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, биотехнология әдістері арқасында дағдарыс факторлары мен ауруларға төзімді жоғары өнімді ауылшаруашылық өнімдерінің жаңа түрлері алынды. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының иммунология және молекулярлық-генетикалық диагностикасы мен алдын алуына арналған тиімді әдістер жасалып, оларды өндіру мен жүзеге асыру жолға қойылды.
Бүгінде ТМД елдеріндегі нанотехнология саласындағы бірлескен зерттеулер жүргізу жолындағы ынтымақтастық қадамдарына Қазақстан да белсене атсалысуда.
Таяу болашақта Қазақстанда да нанотехнология салсындағы ғылыми әлеуеті қуатты мектеп қалыптасып, әлемге танымал жаңалықтар мен жетістіктердің еліне айналары осындай ынтымақтастықтардың жалғасуынан деуге болады.
Алдағы уақытта Қазақстан ғылымының негативті тенденциялары ескерілген жағдайда, сараптаулардан байқалағандай, ғылым - қоғамның ең әлеуетті қозғаушы күші, жаңа инновациялық идеялар мен өндіріске енгізілетін әзірлемелердің дүниеге келуіне толық негіз бар деуге болады.
Қазақстан ғылымы жайында сайт дайындалып, жарияланды. ҒЗЖ алғашқы кезеңінде веб-сайт дизайны, картасы дайындалып, орналастырылатын материалдарды іріктеу, жүйелеу бойынша ғылыми ұйымдастыру және зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілді. Веб-сайт 2008 жыл мамыр айында іске қосылды.
Қазақстан ғылымының даму бағыттары жайында электронды мәліметтер базасы мен электронды каталог жүйесінің бастапқы (Access бағдарламасында) кезеңі дайындалды. Қазақстандық жетекші ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен жаңа өңдеулері сипатталған мақалаларының мәліметтер базасы жоба аясында жарық көретін сайтына орналастырылады.
Қазақстандық БАҚ-тың ғылыми-техникалық ақпараттарды жариялау саясатын айқындауға арналған зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде ҒЗЖ жұмысының нәтижесінде республикалық 9 электронды және мерзімді басылымдардан ақпарат жинақталып, өңделді. Веб-сайттағы БАҚ ғылым жайында бөлімінде осы зерттеулер нәтижесіндегі барлық ақпараттық және сараптамалық материалдар орналастырылады. Мұндай ақпараттық каталог дайындау пайдаланушылар үшін толық та нақты ақпараттарды іздестіруде тиімді әрі қолжетімді болмақ.
Интернетте, әсіресе қазақстандық секторда ақпарат іздестіру көбінде қанағаттанарлық нәтиже бере қоймайды. Отандық ғалымдарымыздың зерттеу бағыттарына арналған нақты да шынайы ақпараттардан тұратын мәліметтер базасы Қазақстан ғылымы жайында ақпарат іздестіруде тиімді саналмақ. Қазақстан ғылымы туралы ақпаратты іздестіру жолдарын жеңілдету қарастырылды. Базада ғылымның барлық салалары бойынша ҒЗЖ мен ғылыми өңдеулер қамтылды. Қазақстандағы ғылыми ақпараттарды іздестіру жолдарын жеңілдету мақсатында сайт барлық ғылым бағыттарын қамтиды әрі ғылыми өңдеулерді өндіріске енгізуді көздеген инвесторлар үшін қажетті де маңызды болып саналады.
Алға қойған міндеттерді орындау барысын бағалау. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ғылымның дамуы жайлы сараптама ғылыми қызметтің белсендігі артуы тенденциясын әйгілейді. Бұл жыл сайынғы ғылыми қызметті қаржыландырудың ұлғаюынан, мемлекет жариялап отырған ғылыми конкурстардың, орындалған ғылыми жобалардың көбеюінен, ресми заңнамалық нормаларды талқылау мен қабылдаудан байқалады. Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену міндеті әлемет пен ғылыми қауымдастықтың ынтымақтасуы негізінде ҚР өндірісіне инновациялар енгізу, инновациялық менталитеттің қалыптасуы және инновациялық дамудың нақтылығы мен бағытталуы арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Нәтижелерді пайдалану бойынша кепілдемелер. ҒЗЖ нәтижелерін мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік, ғылыми-техникалық және ғылыми-инновациялық ақпарат салаларында, ғылыми кітапханалар мен ғылыми мәліметтер баазсына пайда лануға болады.
Аталмыш бағыттағы ҒЗЖ жалғастыру өте маңызды саналады. Өйткені жоба бойынша аталған мақсатқа жету және алға қойылған міндеттерді орындауда зерттеу жұмыстары нәтижелерінің тек ғылым дамуына ғана емес, сондай-ақ ғылыми әзірлемелер мен жаңа инновациялық идеялар мен ғылыми зертханалардағы өнертабыстардың өндіріске енгізуіне айтарлықтай үлес қосады деген сенімдеміз.
ҒЗЖ бірінші кезеңінде қазіргі заманғы Қазақстанның ұлттық саясатын қалыптастыруда еліміздің маңызды ғылыми жетістіктері мен приоритеттері және жаңа ғылыми-техникалық бағыттар: биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларындағы табысты зерттеулер жайлы мәліметтер жинақталып, сарапталды.
Жаһандық ғылыми интеграциялық үрдістерде қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулер мен ақпараттық материалдар дайындалды.
Қазақстан ғылымының жаңа ғасырдағы приоритеті мен халықаралық қауымдастықтағы позитивті де бәсекеге қабілетті имиджін арттыруда маңызды саналатын еліміздегі жетекші ғылыми мектептер, олардың дәстүрлері мен рухани-танымдық құндылықтары жайлы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру негізделді.
Қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулер негізінде республикалық БАҚ-қа ақпараттық материалдар дайындала бастады. Соның ішінде, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Литер», «Новое поколение», «Начнем с понедельника», «Жас қазақ» газеттерінде, республикалық «Нефть и газ» журналында материалдар жариялауға, «Хабар», «Қазақстан» телеарналарында, «Қазақ радиосы», «Азаттық» радиоларында Қазақстанның әлемнің дамыған 50 елінің қатарына ену стратегиясы аясында еліміздің ғылыми өнертабыстары мен жетістіктері және перспектиктивалары жайында циклді тележурналдар мен хабарлар жариялауға келісім құжаттары рәсімделді.
Ұлттық «Хабар» телеарнасында «2005-2007 жж. Қазақстан Республикасында космостық қызметтің дамуы» мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеу жүргізген ҚазҰУ ғалымдары У. А. Тукеев, Н. Данаев және т. б. қатысуымен тележурнал циклдерінің алғашқысы түсіріліп, эфирге 2007 ж. 17 желтоқсанда, 2008 ж. ; 7 және 16 қаңтарда қайталап шықты. Жоба аясында «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақстандық генетик ғалымдардың ғылыми жетістіктеріне арналған «Сынақтан сарапқа түскендер» атты мақала жарық көрді (27 шілде, 2007 ж. ) және профессор Ә. Т. Төлеубаев жетекшілігіндегі археолог ғалымдардың зерттеулеріне арналған «Шілікті даласындағы көне тарихи қазына», баспада, «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» газетінде профессор З. А. Мансұровтың «Нанотехнологии казахстанские: ноу-хау» сұхбаты (1 тамыз 2007 ж. ) жарық көрді. Қазақстандағы фотоэнергетиканың дамуы саласында Т. Ы. Тәуірбаев жетекшілігіндегі ғалымдар тобының ғылыми зерттеулері жайында материалдар жинақталып, сарапталып, мерзімді баспасөзге («ҚазҰУ хабаршысы. Ақпарат сериясы» және «Нефть и газ» журналы) дайындалды.
ҒЗЖ алғашқы кезеңінде Қазақстан ғылымы жайында веб-сайт дизайны, картасы дайындалып, орналастырылатын материалдарды іріктеу, жүйелеу бойынша ғылыми ұйымдастыру және зерттеу жұмысының алғашқы кезеңі басталды. Веб-сайт 2008 жыл бірінші тоқсанында іске қосылады.
Қазақстан ғылымының даму бағыттары жайында электронды мәліметтер базасы мен электронды каталог жүйесінің бастапқы (Access бағдарламасында) кезеңі дайындалды. Электронды мәліметтер базасын дайындауда ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының баяндамалары, Жоғары Мектеп Хабаршылары «Мұнай және газ» және т. б. ғылыми басылымдардағы материалдар негізге алынды. Қазақстандық жетекші ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен жаңа өңдеулері сипатталған мақалаларының мәліметтер базасы жоба аясында жарық көретін сайтына орналастырылады.
База мынадай талаптар бойынша дайындалды:
- · тапсырма мазмұнын сараптау
- · шынайы ақпаратты іздестіру
- · электронды кестемен жұмыс істеу технологиясы
- · кестенің құрылымын жоспарлау
- · мәліметтер базасында деректерді ұйымдастыру схемасы
- · мәліметтерді сақтауды ұйымдастыру
- · мәліметтерді енгізу және оларды форматтау
- · жазбаларды сұрыптау және фильтрация, автофильтр
- · кілт бойынша сұрыптау
- · мәліметтерді өңдеу
- · мәліметтердің ұжымдық қолжетімдігін ұйымдастыру
- · кестелерді импорттау және үйлестіру
- · жазбаларды редакциялау
- · кестелерді келістіру
- · сұранысты жобалау және форматтау
- · құрамдас және байланыстырмалы формаларды жасау
- · формаларды басып шығару
- · есепті жасау, редакциялау
- · мәліметтерді дұрыс енгізуді бақылау
- · қауіпсіздік және қолжетімділік проблемасы
- · жаһандық ақпараттық ортаға қосу.
Қазақстандық БАҚ-тың ғылыми-техникалық ақпараттарды жариялау саясатын айқындауға арналған зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде ҒЗЖ жұмысының нәтижесінде республикалық 9 электронды және мерзімді басылымдардан ақпарат жинақталып, өңделді. Веб-сайттағы БАҚ ғылым жайында бөлімінде осы зерттеулер нәтижесіндегі барлық ақпараттық және сараптамалық материалдар орналастырылады. Мұндай ақпараттық каталог дайындау пайдаланушылар үшін толық та нақты ақпараттарды іздестіруде тиімді әрі қолжетімді болмақ.
Интернетте, әсіресе қазақстандық секторда ақпарат іздестіру көбінде қанағаттанарлық нәтиже бере қоймайды. Отандық ғалымдарымыздың зерттеу бағыттарына арналған нақты да шынайы ақпараттардан тұратын мәліметтер базасы Қазақстан ғылымы жайында ақпарат іздестіруде тиімді саналмақ. Қазақстан ғылымы туралы ақпаратты іздестіру жолдарын жеңілдету қарастырылды. Базада ғылымның барлық салалары бойынша ҒЗЖ мен ғылыми өңдеулер қамтылды. Қазақстандағы ғылыми ақпараттарды іздестіру жолдарын жеңілдету мақсатында сайт барлық ғылым бағыттарын қамтиды әрі ғылыми өңдеулерді өндіріске енгізуді көздеген инвесторлар үшін қажетті де маңызды болып саналады.
Жоғары мектеп туралы веб-сайт әзірлеу мақсаты отандық ғылыми-техникалық өнімді - ұлттық ақпаратты бүкіләлемдік желіге шығару мүмкіндігін тудыратын жоғары оқу орындары ғылымының жалпы ақпараттық қорларын жасауға байланысты.
Бұл сыртқы және ішкі пайдаланушыларға отандық әйгілі журналдардағы ғылыми мақалаларға қолжетімділікке; мәліметтер мазмұнын жүйелеуге; пайдаланушыларға тиімді іздестіру жүйесін ұсынуға; отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттауға; жоғары оқу орындары ғылыми қызметіндегі тұлғалармен танысуға; ғылыми-ұйымдастырушылық қорларға жүйелік қолжетімдігіне; ғылыми-көпшілік ақпаратқа қолжетімдігіне мүмкіндіктер береді.
Жоғары оқу орындарының ғылымы жайлы веб-сайт жасау тұжырымдамасы мынадай идеяларға негізделеді: отандық журналдардағы ҒТА-ға қолжетімділікті кеңейту, қазақстандық ғылыми интернет-қорлардың көптүрлілігі; ҒТА өңдеу жылдамдығы; жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық ақпараттарын жинау мен жүйелеу; ғылым туралы ғылыми-көпшілік ақпарат.
Сайт бөлімдері мынадай:
- басты бет: жоба кеңесшілері мен жетекшісінің алғы сөздері, сайт бөлімдерінің тізімдемесі;
- бөлімдерге шығу:
- жоба жайында;
- тұлғалар;
- жетекші ғалымдармен сұхбат;
- жоғары оқу орындарындағы ғылым тарихы;
- ғылыми мақалалар базасы;
- ғылым туралы қызғылықты мақалалар;
- ғылымтану жайында библиография;
- ҚР Ұлттық идеясы;
- анонс;
- БАҚ ғылым жайында;
- ғылым туралы сайттар;
- конференциялар;
- гранттар;
- форум;
- негізгі мәліметтер;
- ғылым жайлы афоризмдер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz