Ұйымның ішкі ортасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы :Ұйымның ішкі және сыртқы орта факторларының

әсерін талдау

Орындаған :Үйкекбай Л

Курс :3

Топ :В18БТЕХ-1

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ұйымның ішкі ортасы

Ұйым және сыртқы орта

Ұйымдық мәдениет

КІРІСПЕ

Ұйым дегеніміз - қызметтері саналы түрде ортақ мақсатқа немесе мақсаттарға жетуге бағытталған адамдар тобы. Ұйым дегеніміз жалпы мақсатқа немесе мақсатқа жету үшін топ мүшелерінің ұйымдасқан іс-әрекеттері болып табылады. Ұйымды адамдарға жеке өздері жасай алмағандарын ұйымдасқын түрде жүзеге асыруға мүмкүндік беретін, мақстақа жету тәсілі ретінде қарастыруға болады. Ұйымның болуы үшін кем дегенде екі мүшесінің болуы керек және олардың бір мақсатқа бағытталуы тиіс. Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі бір немесе бірнеше ұйымдарға кіреді. Ұйымдарды саяси ұйымдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, зерттеулік, өндірістік, мемлекеттік, жеке меншік, шаруа қожылықтары, тұрақты немесе тұрақсыз деп бөлуге болады. Яғни топ болып, атқарылатын барлық іс-әрекеттер мен жұмыстар міндетті түрде белгілі бір форманы бейнелейтін ұйымдық құрылыммен ерекшеленеді.

Кезкелген ұйымның өзіндік мақсаты болады. Яғни ұйымның жалпы мақсаты, бөлімдердің мақсаттары, бөлімшелердің мақсаттары, цехтың мақсаттары, топтың мақсаттары және жеке тұлғаның мақсаттары секілді. Осы аталған мақсаттардың барлығын ұйымның жалпы мақсатты қамтуы тиіс. Керісінше болған жағдайда қайшылықтардың орын алуы салдарынан ұйым мақсатына жете алмайды.
Орындалатын жұмыстың мәнін анықтау
- бұл міндеттің орындалуы үшін ұйымның нақты жұмыс түрлерін және кезеңдерін қарастыратын бөлімдерін ажыратып көрсету. Мысалы, мақсат қою, осы мақсаттың орындалуы үшін қажет жұмыс көлемін есепке алу, пайдасыз жұмыстардың қайталануын тоқтату, жұмыс процесін анықтау, тексеру (жұмыс құрылымының маңызды мәселесін жіберіп алмас үшін) .

Ұйымның ішкі ортасы

Ұйымның ішкі ортасы - бұл ұйымның ішіндегі ситуациялық факторлар. Ішкі байланыстар басқармашылық шешімнің нәтижесі болып табылады. Бірақ олар толығымен басқармамен бақыланбайды. Көбінесе ішкі факторлар басқармадан белгілі бір тәуелсіздікте болады. Ішкі айнымалыларға ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеті, технология және адамдар кіреді. Ұйым адамдарға жеке жете алмайтын мақсаттарға бірігіп ұжымды түрде жетуге көмек береді. Мақсаттар - бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып, нақты және керекті нәтижелерге жетуге ұмтылуы. Жоспарлау үрдісінің барысында басшылық мақсаттарды құрады және олар туралы ұйымның мүшелеріне хабарлап отырады. Бұл үрдіс ұйым мүшелеріне олардың неге ынталы әрекет жасау керектігін түсінуге көмек береді. Мақсаттар ұйымның типіне қарай әртүрлі болады. Ұйымның құрылымы - бұл басқару дәрежесімен функционалдық бөлімнің логикалық өзара қарым - қатынасы. Ұйымның құрылымы еңбек бөлінісі негізінде құрылады. Ұйым құрылымына қатысты болған 2 концепция бар: маманданған еңбек бөлінісі және бақылау саласы.

Маманданған еңбек бөлінісі - бұл маман, қолынан іс келетін адамдарға жұмыс беру деген сөз. Маманданған еңбек жұмысты әр түрлі операцияға бөледі. Ұйымда еңбекті бөлу көлденең және тік болып бөлінеді. Бақылау саласы басшыларға бағынышты адамдар санын көрсетеді. Егер бір басшыға бағынатын бағыныштылар саны көп болса, бұл кең бақылау саласы деп аталады. Егер бағынатын бағыныштылар саны аз болса, бұл тар бақылау саласы деп аталады. Координация қажеттілігі ұйымда вертикалды және горизонталды еңбек бөлініске байланыста пайда болады. Адамдардың жұмысты бірге орындауы үшін басшылар алдымен координация механизмін қалыптастыруы тиіс. Егер ұйымда тиісті координация механизмі болмаса ұйымдағы жоғары деңгейдегі басшыдан бастап бағыныштыларға дейін барлығы өз қажеттілігін қамтамасыз етумен қызығып, жалпы ұйым мақсаттарды оларды қызықтырмауы мүмкін.

Технология ұйымның ішкі факторы да бола алады.

Технологиялық жаңалықтар енгізу, қандай жаңа өнім шығару және сату керек, қандай жаңа қызметтер мен өнімдерді тұтынушылар ұйымнан күтіп отыр және т. б. сондай мәселелерді шешуге көмек береді.

Ұйым және сыртқы орта

Ұйымның табысы ішкі ортадан басқа оны қоршаған сыртқы күштерге де байланысты. Қазіргі күрделі дүниеде басқарушылық қызметтерді тиімді орындау үшін осы сыртқы айнымалылардың іс-әрекетін түсіне білу қажет. Жүйелі тәсілдеменің басқару ғылымына қосқан маңызды үлестерінің бірі сыртқы ортаның маңызына баса назар аудару болды. Басшы үшін өзінің ұйымын, өз кезегінде сыртқы дүниемен байланысқан, өзара байланысты бөліктерден тұратын тұтастық ретінде қарау қажеттілігі туды. Жағдайлық тәсілдеме тұжырымдама жасау есебінен жүйе теориясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Оған сай аталмыш жағдайға барынша қолайлы басқару әдісі ұйым мен сәйкес түрде оған әсер ететін нақты ішкі және сыртқы факторлармен анықталады.

Сыртқы ортаның 4 сипаттамасы бар:

  1. Сыртқы орта факторларының өзара тәуелділігі-бұл бір фактордың өзгерісі өзге факторларға әсер ететін күштің деңгейі.
  2. Сыртқы ортаның күрделілігі-бұл ұйым жауап қайтаруы тиіс факторлардың саны.
  3. Ортаның жылжымалылығы-бұл ұйымның айналасында болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы.
  4. Сыртқы ортаның белгісіздігі- бұл орта туралы ақпараттың салыстырмалы саны мен оның дәлдігі жайлы сенім

Джеральд Беллдің айтуы бойынша «Ұйымның сыртқы ортасы келесі элементтерді өз ішіне алады: тұтынушылар, бәсекелестер, мемлекеттік заңдылықтар, жабдықтаушылар, қаржы ұйымдары және т. б. » Ұйымға әсер ететін барлық факторларды келесі 2 топқа бөлу мүмкін: тікелей және жанама әсер ететін факторлар.

Тікелей әсер ететін орта ұйымның операцияларына тікелей, яғни бірден әсер ете алу қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, оларға жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады.

Жанама әсер ететін орта ұйымның операцияларына бірден әсер ете алмайды, бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. Оларға халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік, мәдени факторлар, саяси жағдайлар жатады. Мысалы, «Дженерал Моторс» фирмасына материалмен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар, бағаны реттейтін және жұмысқа алу тәртібін реттейтін заңдар, тұтынушылардың қалаулары, бәсекелестердің негізгі әрекеттері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Өмірге қабілетті ұйымды құру
Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Басқару ортасын стратегиялык талдау
Ұйымның сыртқы ортасы және факторлары
ҰЙЫМНЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Тиiмi бақылауды қамтамасыз ету және бақылауды мәлiметпен қамтамасыз ету
Білім берудегі менеджмент ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz