БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МКҚК
Филология бөлімі
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ТАНЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Орындаған: 0111000 Негізгі орта білім беру мамандығы
0111083 Шетел тілі мұғалімі біліктілігі бойынша оқитын 4 курс студенті Ж. Серикова
Жетекшісі: Бастауыш мектептегі ана тілі пәнінің оқытушысы А.К. Ибраева
Нұр - Сұлтан 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. . . . 7
1.1 Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабағында эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1.2 Бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері мен күтілетін нәтижелер . . . . . .. . . .. . . . . . . . . . . . .. .. . . .. . . .. . . .. . . . .. .. ... . 9
2. СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ШЫҒАРМАСЫН ТАНЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . .. . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
2.1 Сәкен Сейфуллин шығармасын таныту арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің тиімділігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. . . . . . . . . . 15
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі.. . . . . . . . . . . .. . . .. . . . . . . . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21-22
ҚОСЫМША . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..22- 31
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым және тәрбие жетістіктері мен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған. Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында 8-інші бабында жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке қасиеттерді дамытуға жағдай жасау жолымен ой-өрісті байыту, сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне келу секілді басты тапсырмалары қарастырылады. Қоғам дамып, үнемі жаңа сипатқа көшкен сайын адамдардың әр нәрсеге көзқарастары да өзгеріп отыратыны да белгілі. Бұл көркемдік эстетикалық талғам, құндылық, мұрат адамдар арасындағы қарым - қатынас, махаббат, сүйіспеншілік, табиғатқа, адамдық қас иеттерге деген мәміленің де жаңғырып отыруына себеп болуда. Эстетика және оның адам өміріндегі маңызы мен психологиялық мәні, тәлім - тәрбиедегі алатын орны әрқашан ғалымдар арасындағы пікірталастар туғызып келген және үнемі мемлекетіміздің оның басшысының назарында болып келеді. Эстетиканың басты құралдарының бірі - әдебиет туындылары. Олар адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істердің, құбылыстардың жақсы жағын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырады. Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу сабағында Сәкен Сейфуллиннің шығармаларымен таныса отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез - құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.
Зерттеудің мақсаты: Эстетикалық құндылықтарды оқушыларға Сәкен Сейфуллиннің туындылары арқылы қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.
2. Бастауыш сынып оқушыларына Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын таныту арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімділігін көрсету.
2. Ақынның шығармалары арқылы мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің әдістері, тәсілдері мен жаңа технологиясы және формаларын ұсыну.
Зерттеу пәні: ана тілі сабағындағы оқу үрдісі.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру үдерісі.
Зерттеу болжамы:
Біріншіден: Ақынның шығармасымен танысу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды.
Екіншіден: Ақынның өлеңдері арқылы эстетикалық құндылықтарды сіңіруді, оған деген қызығушылығын, сұлулықты қабылдауға, әсемділікке, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыруды үйренеді.
Үшіншіден: Рухани байлығы молаяды.
Төртіншіден: Айналадағы қоршаған ортаның сұлулығын, әсемділігін көруге тәрбиеленеді.
Бесіншіден: Ой - өрістері кеңейіп, шығармашылыққа жаңаша талпыныс пайда болады.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері; мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогика, психология, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар саласындағы ғылыми еңбектер, озық тәжірибелер, педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибе.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық - әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық модельдеу, педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, эксперимент жұмысынан, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясы.
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабағында эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы.
Адам заттар мен құбылыстарға ықылассыз зейін аударып, оған жай қасиеттік деп қараса, онда эстетика жайлы сөз болуы мүмкін емес. Заттарға табиғат пен қоғамдық құбылыстарға пайда құмардың немесе өзімшілдік көзімен емес, адал көзқараспен қарау керек. Сонда ғана жан тәрбиесі эстетикалық ләззатқа жетіледі. Эстетикалық сезім тудырудың негізі - сөз және сөздің мәнері. Соған орай оқу сабақтары - сөз өнеріне дағдыланудың маңызды құралы. Сөз сұлулығына келсек, оған қойылатын шарттар көбірек. Сөйлегенде біз белгілі бір ойды білдіргіміз келеді, екінші жағынан дауыстап айтамыз, яғни оның дыбыстық жағы бар. Сондықтан сөйлеудің мазмұны мен формасын ажырата білуге тиіспіз. Солардың бірлігін ескеруіміз керек. Әрбір адам өзінің сөзінде әр түрлі ойлар айтуға ерікті. Мұнда айтылған ойдың тек эстетикалық жағына көңіл бөлінеді. Яғни ойды ашық және оның айтылуы әрдайым көңілге қонымды әрі жақсы әсер қалдыруға тиіс. [5, 130-б] Ойды өңшең бір жалаң сөздер арқылы жеткізуге еш әсер қалдырмайды, жүрекке жетпейді. Айтылатын ойды жете ұғынып, соған толық сеніп барып жеткізсе, сонда ғана сөздің мағынасы мазмұны әсемдік қасиетке ие болады. Сөз формасының екі жағы бар. Біріншіден, ол әрбір адамның сөз қорын, пайдаланылатын сөздердің молдығына, белгілі ойды жеткізу үшін қолданылатын сөздердің нақтылығына және орнына байланысты, сондықтан сөздердің көркемдік жағына көңіл бөлінеді. Нақыл сөздерді, мақал - мәтелдерді, жазушылардың қанатты сөздерін мағынасына қарай орын орынды мөлшерден аспай қолдану жөн. Бұл үшін мұғалімдердің классикалық әдебиетті жақсы біліп, атаулы жазушылардың көрнекті туындыларын зейін қоя оқып отыруы қажет.
Дауыстың тембрі туа бітетін қасиет. Жақсы білетін сөзін көп естіген адамды көрмесек те даусынан тани аламыз. Дауыстың қалған сипаты адамның тәрбиесіне, мәдениетіне байланысты. Қазіргі ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру - әдемілікті түсінуге, әсемдікті өз қолымен жасай білуге тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие тану - білумен байланысты. Ол адамның сезімі мен ой пікірін дамытады. Табиғаттың, қоршаған ортаның әсемдігін, сұлулығын, көркемдігін түсінуге көмектеседі. Өнер қайраткерлерінің басты міндеті - өнердегі әсемдікті дәріптеу болса, мұғалімнің басты міндеті- өнердің көмегімен жастарды өмірдің сан алуан саласындағы еңбек адамдарының істерімен терең таныстыру, солардай болуға, жақсыға ұмтылуға баулу. Мұндай тәрбие жұмысы оқушы мектепке келген күннен жүргізілуге тиіс. Себебі оқушының өзін - өзі ұқыпты ұстауы, оқу құралдарын, жұмыс орнын, сынып ішін жинақы ұстап, көпшілік жерде өзін ұстай білуінің өзі - эстетика.
Ана тілі сабағында мұғалім әдеби шығармалардың жәрдемімен сабақ процесінде бастауыш сынып оқушыларына тұрмыс қажетіндегі және табиғаттағы адамдар іс - әрекетіндегі сұлулық туралы түсініктер береді. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі мұғалімнің негізгі міндеті шығарманың мазмұнын дұрыс қабылдап, сол арқылы оқушының бойына жан сұлулығын ұялату болып табылады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде әдеби шығармалардың маңызы зор. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің ұнамдысы да, ұнамсызы да оқушы санасына әсер етеді. Ұнамды бейне өнеге көрсетсе, ұнамсыз бейненің іс-әрекеттері жирендіреді. 3, 4 - сынып ана тілі оқулығында мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Кейіпкерлерді ажырату, талдау, оның іс - әрекетіне ой салуда оқушылардың эстетикалық талғамы артады. Сабақ процесінде оқушылардың шығарма мазмұнын толық ұғып алуы - мұғалімнің оқушы ықыласын сабаққа аудара білуіне байланысты. Оқушыларға әдеби шығарма арқылы эстетикалық тәрбие беру оқушылардың шығарма мазмұнын, персонаж іс - әрекетін толық түсінген жағдайда ғана нәтижелі болады. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие беру бірнеше салалардан өтіледі. Олардың алғашқы сатысында мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. Ол мәтінді нақышына келтіріп оқу- бастауыш сыныпта ана тілі сабағының негізгі мәселелерінің бірі. Өзі нақышына келтіріп оқытудан басталады. Әдеби шығарманы нақышына келтіріп оқи алмайтын мұғалім оқушылардың эстетикалық сезімін оятып, олардың ойын шығарма мазмұнын түсінуге аудара алмайды. Шығарманы нақышына келтіре оқу арқылы мұғалім мәтінді оқу үлгісін көрсетеді. Мазмұнына байланысты мәтіннің кейбір жерлерін қатты, кей жерлерін орташа, ал кей жерлерін жай дауыспен оқу керектігін көрсетіп, персонаждарын дыбыс толқыны және тоны арқылы мінездеу жолдарын оқушыларға үйретеді. Сабақ процесінде мұғалімнің әр сынып оқушыларының шығарманы эстетикалық жағынан қабылдауға ерекшелігін ескерген жөн. Сонымен қатар, экскурсияға, серуенге шығып, оқушыларды табиғат көркімен таныстыру, жан-жануарлар мен құстар өмірінен, табиғат құбылыстарынан хабардар ету - эстетикалық тәрбиенің бір құралы болса, екіншісі - бейнелеу өнері. Бұл өнер оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастырып, әдемілікке деген құштарлығын оятады. Ана тілі сабағында қыс, көктем, жаз, күз көріністерін және мәтіннің мазмұнын пейзажды суреттеп қағазға түсіріп, одан өзі салған суреттерін әңгімелеп, мазмұндап берудің көп маңызы бар. Сонымен бірге оқулық мәтіндеріне берілген суреттерге бақылау жасау да оқушылардың талғамын арттырады. Баланың жан - жақты жетілуі үшін: адамгершілік тазалық пен эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру басты шарт. Сондай-ақ бала бойында эстетикалық тәрбие қалыптастырудың жарқын құралдарының бірі - музыка. Ана тілі оқулығын оқыту процесінде оқушыларды музыка тыңдауға әдеттендіре отырып, құштарлығын оятып, эстетикалық танымын арттыратындай етіп сабақты дұрыс ұйымдастыра білу мұғалімнің еңбегіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Қай пәнді болсын алдын-ала жоспарлап, эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін жан-жақты ескерген жағдайда ғана мұғалім мақсатқа жетеді. Сабақ ойын түрлерімен ұштастырылып, музыкалық сүйемелдеу жасалып және әң-күй тыңдауды кірістіру-оқу жүйесінің құрамды бөлігінің бірі болып қалыптасуда. Бірақ сабақ ойынмен, музыканы тыңдаумен ғана шектелмей, ана тілінің негізгі тақырыптарының мазмұнына сай ұштасып жатуы керек. Балаларды музыкаға әуестендіру - эстетикалық тәрбие берудің маңызды саласы. Өйткені музыка адамның сезіміне әсер етіп, сол арқылы айнала, қоршаған дүниенің құбылыстарына деген адамның қатынасын қалыптастырады. Сондықтан ана тілі сабағын музыкамен байланыстыру қажеттігі туындайды. Жаңа мәтінді музыкамен қиюластыру әдістемесі ойластырылады. Оны тыңдау керек екен деп кез келген жерге қиыстыра салудың әсері болмайды, сондықтан көп шығармалар ойланып-толғануды қажет етеді. Мұғалім сөзінің тартымды, әсерлі болуы, оның үнінің тазалығына, ойының саралығына және дауыс ырғағына интонациясына байланысты. Ұстаз әуенін, дауыс ырғағын, оқушы сол объектіге қатысып, әсер алғандай сезінеді. Әңгімені оқығанда оның бояуы, әні мен сазы дауыс ырғағы арқылы тыңдаушысына жеткізіледі.
Кейбір сөйлемдер айтушының пікірін баяндап қана қоймай, бұйыру, өтіну, аяу, ызалану, таңырқау, күмәндану тәрізді көңіл-күйді білдіре оқылады. Бұлар адамның сезіміне тікелей байланысты болғандықтан, оларды тіл ғылымында экспрессивті-эмоцианалды сөйлемдерге жатқызылады. Оқушының түсінігіне әсер етіп, оны түрлі тебірініске салу үшін сөйлеушінің сөз оқуы, даусы әсерлі болып келуі тиіс. Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, эстетикалық тәрбие оқу сабағында мынадай жағдайларда беріледі:
а) көркемдікті, әсемдікті, сұлулықты танытатындай жұмыс жүргізіледі.
ә) бейнелеу, сурет арқылы (сурет салғызу, бояйы, схема т.б);
б) суреттеу, салыстыру арқылы (пейзажды, табиғат суреті т.б);
в) музыка тыңдату (техника құралы арқылы);
г) мәнерлеп оқу арқылы (оқу мәнерін келтіре оқу. Бұл тереңдетіле анықталады);
д) көркем сөздерді түсіндіру (сөз мағынасын түсіндіру арқылы);
ж) тілдік қорын дамыту және көркем сөздерді пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеу т.б. Бұған қосарымыз мұғалімнің сөз ырғағы, өзін ұстауы, киім киісі де балаларға эстетикалық тәрбие береді, эстетикалық тәрбие бере оқытуда ана тілі оқулығынан мына тараулар қамтылады: Жаз, Күз, Қыс, Көктем, Табиғатты қорғау т.с. [5, - 133б]
1.2 Бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері мен күтілетін нәтижелер.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету - шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады. [3, 276-б]
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.
Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды . Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:
- баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі және биік мақсатқа бағытталған түрде дамыту; өнердің барлық түрі қажеттілік сияқты сезімдерді тудырады;
- баланы өнер саласындағы әрекетке, алғашқы көркемдік білімді игеруге және көркемдік деңгейді бағалауға баулу.
- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың күнделікті өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсіне, бағалай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, одан ең жоғары рухани ләззат алуға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік, тұлғалық келбетін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдік пен жексұрындықты, адамгершілік пен ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысында тұрақты зейін салуды, күн сайын талапты күшейтетін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, сондай-ақ еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары да ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа деген бағасын анықтайды.
Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан- жақты үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде, ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының даму, білім алу, қалыптасуы құралына айналдырады. [3, 277-б]
Оқушыны әсемдікке тәрбиелеудің, жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызмет те бар. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, оның еңбегін тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің үрдісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу, әсемділік қасиеттері бар әртүрлі өмірдегі қатынастар мен әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе ‒ оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйе деңгейіне көтерліуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу ‒ адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен үрдісін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ, әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйреніп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен талпынысын тәрбиелейді. [1, 67-б]
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге кіріккен эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып , оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Эстетикалық тәрбиенің маңызы міндеті ‒ өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша анықтау керек.Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндеме жанр, баталия, пейзаж; мүсінде - бюст, т.б; музыкада - симфония, оратория, ән енгізіледі). Белгілі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.Е. Репиннің, В.В.Верещагиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитанның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың т.б. шығармашылығы биік талғам деңгейлікке көтерген бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне үлкен ықпал етеді. [2, 80-б]
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғаттағы бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық тұлға. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гулдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын безендіру ‒ бұл маңызы зор эстетикалық шаралар.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықты, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық көзқарасын дамыту, білімдегі оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет. [2, 81-б]
2. СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ШЫҒАРМАСЫН ТАНЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
2.1 Сәкен Сейфуллин шығармасын таныту арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің тиімділігі.
Туған жер табиғаттың әсем келбеті мен нәзік сырларын танытып, оқушы бойына эстетикалық сезім мен рухани қуат беруде табиғат көріністеріне жазылған пейзаждық шығармалардың маңызы ерекше. "Ақсақ киік" (С.Сейфуллин) өлеңі тікелей оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге арналған шығарма.Оқулықтағы қысқартыла отырып іріктеліп алынған өлең шумағы киіктің шөл дала сәні, тұла бойын тұнып тұрған сұлулыққа оқ атқан мейірімсіз мергендерге деген ақын лағынеті осы үш нәрсеге назар аударылды. Ақынның мақсат етіп қойған осы ойларын, оның тәрбиелік қуатын оқушы бойына қалай дарытуға болады.
Оқушылардың көз алдына ақын суреттеуіндегі Арқаның бетпақдаласын елестетілді. "Бетпақ шөлі" деген суретті көрсете отырып, мұғалім: "Бетпақдала. Ел жоқ, жұрт жоқ, не өзен, не көл жоқ, көлденеңі сегіз көштік дала. Бұл далаға жігіттің жігіті, түйенің атаны, аттың тұлпарының да шыдас беруі қиын. Осы шөл далаға көндіккен жалғыз ғана тіршілік иесі, дала кербезі - ак бөкендер" - дейді.Мұғалімнің осындай кіріспе сөзінен кейін, кіиіктің Бетпақ тіршілігінің сәні екендігін айқындай түсетін өлең шумағын оқып берілді.Бұл жерде оқушылардың ойы ақын суреттеген дала кербезінің сыртқы сұлулығына аударылды. Бөкеңнен сұлу аңды мен көрмедім. Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді, Адамның баласынан кем көрмедім. Нәзік әрі әсем көрініс. Мінсіз жаратылым. Бөкен бойындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz