Жер-табиғи ресурс және өндіріс құралы ретіндегі ілім


ЖЕР-ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ ІЛІМ .

1. 1. ЖЕР ТАБИҒИ РЕСУРС РЕТІНДЕ

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған ХХІ ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер объектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде дүние жүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгеінде орын алып отыр. Табиғи ресурстар деп еңбек құралы, энергия, шикізат және материалдар көзі ретінде пайдаланудағы немесе пайдалануға жарамды табиғат заттарын атайды. Олардың пайдалануы, бірінші кезекте, адамның биологиялық тіршілігін қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған. Бірақта бұл проблеманың бір шеті, екіншісі-осы табиғат күштерін адамның, оның қазіргі және болашақтағы ұрпақтарының игілігіне пайдалана білу.

Табиғи рсурстарға бірінші кезекте ауа бассейні мен бүкіл қоршаған орта жатады(1-кесте) .

Толығырақ айтқанда аталған табиғи ресурстардың қатарына жер мен су, флора мен фауна да жатқызылады. Осылардың арасында, қоғамдық байлықтың сарқылмас қайнар көзі ретінде адамға пайдалы болған жер, оның қойнауы меншикізат ресурстары ерекше орын алады.

Жер- адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар қалыптасқан, қойнауы мен биосференың саналуан байлығымен сипатталатын және еңбектіқолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: «Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек -байлықтың атасы, ал жер оның анасы » деген екен.

Жалпыхалықтық масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Дегенмен, жалпыға мәлім: Жер бетінің басым бөлігі 361, 1 млн. км 2 немесе 70, 8%-тін алып жатқан Әлем Мұхиты астында, жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149, 1 млн. км 2 немесе 29, 2%-ті құрайды. Соңғысының 1/3 бөлігі таулы жерлер, 20%-тін шөл және 30%-тін орман алып жатыр. Жердің тек 10%-і ғана ауылшаруашылық алаптарға жатады.

Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері, оның тек табиғат кешенінің басқа компоненттерімен - климатпен, су ресурстарымен, өсімдік және хайуанат әлемімен өзара әрекеттестік түрінде ғана тиісті маңызға ие болады.

Жер осы кешеннің, демек жер бетінің, онымен шектес литосфераның, гидросфераның және атмосфераның, ас күрделі құрам бөлшектерінің бірі болып табылады. Табиғи ресурстар таусылатындар және таусылмайтындар болып бөлінеді. Жер болса, шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатады. Оның басқа табиғи ресурстарының құрамындағы орны 1-кестеде көрсетілген. Жерді шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатқызу оның екі қасиеттерімен себептеледі: бір жағынан, жер дұрыс пайдаланылған жағдайда оның өндіргіш қасиеттері ұдайы өндірілуге тиісті, ал екіншіден, жер жылжымайтын мүлік, демек оның жалпы көлемі өзгермейді.

1-кесте

Табиғи ресурстар, оларды пайдалану ерекшеліктері және құрамындағы жердің орны.

Табиғи ресурс
Табиғи салаға жатуы
Жермен өзара байланыс сипаты
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы
Ұдайы жаңару қабілеттілігі
Табиғи ресурс: 1
Табиғи салаға жатуы: 2
Жермен өзара байланыс сипаты: 3
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: 4
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: 5
Табиғи ресурс: Жер
Табиғи салаға жатуы: Литосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: -
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Агроөндірістік және басқа да халық шаруа -лығы кәсіпорындарын орналастыру, азық-түлік және шикізатты өндіру, өндірістік емес іс-әрекеттерді жүзеге асыру
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Шектелген түрде жаңарып отырады
Табиғи ресурс: Минералдық ресурстар
Табиғи салаға жатуы: Литосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Топырақтың минералдық негізін құрайды. Пайдалы қазбалар жер астында жатады.
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Минералдық және отын-энергетикалық шикізат
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңа-рылмайтын
Табиғи ресурс: Су
Табиғи салаға жатуы: Гидросфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Әртүрлі агрегаттық күйінде табиғаттың барлық элементтерінде табылады.
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Ауылшаруашылық, тұрмыс және өнеркәсіптік су тұтыну
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңарылатын
Табиғи ресурс: Өсімдік
Табиғи салаға жатуы: Биосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде болады.
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Өсімдік және орман шаруашылықтары өнімдерін өндіру
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңарылатын
Табиғи ресурс: Жануарлар әлемі
Табиғи салаға жатуы: Биосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде тіршілік етеді
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, аң аулау шаруашылығын жүргізу
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Қайта жаңарылатын
Табиғи ресурс: Климат
Табиғи салаға жатуы: Атмосфера
Жермен өзара байланыс сипаты: Табиғаттың жылу, ылғал, газ алмасу көздері
Негізгі шаруашылық мақсатталғандығы: Өндірістік процесс пен азамат тіршілігінің ортасын қалыптастырады
Ұдайы жаңару қабілеттілігі: Шектелген түрде жаңарып отырады

Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғат кешені бола отырып, белгілі бір заңдар бойынша пайдаланылады. Адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін себептейтін негізгі заңдар қатарына минимум, факторлардың бірлесіп әсер ету, толеранттік және табиғи аймақтық заңдары жатады.

Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа емес, ең төмен көрсеткіштерімен себептелуге тиісті.

Факторлардың бірлесіп әсер ету заңы ландшафт қасиеттерінің кешенді түрде ықпал жасауын сипаттайды. Сонымен бірге факторлардың жалпы әсері әрқашанда жеке факторлардың әсерінен басым бола түседі.

Толеранттік заңы бойынша экожүйе тек белгілі бір шектің ішінде ғана қалыптасады. Жаратылыс биоценоз табиғи аймақтарға қарай өзгеріп отырады. Осы жағдайдың ауылшаруашылық өндірісте ескерілгені аса маңызды.

Осыған себепті Қазақстан Республикасының территориясы 10 аймаққа бөлінген:

1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейт; 5) шөл 6) тау етегіндегі шөлді дала; 7) субтропикалық шөл; 8) субтропикалық тау етегіндегі шөл; 9) ортаазиялық таулы облысы; 10) оңтүстік-сібір таулы облысы.

Жер Кодексінде келтірілген осы аймақтар тек табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаны жалпы сипаттайды, территорияны макро- және микроаймақтау, бірінші кезекте, ауылшаруашылық алаптарын аймақтауға, ауылшаруашылық өндірісін мамандандыруға мақсатталған. Бұл аса маңызды жұмыстарды Жер Кодексінің 8-бабына негізделе отырып, басқа саладағы мамандармен бірге, жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлері жүзеге асырады.

Облыстар мен аудандардың шекаралары, демек әкімшілік аудандау, табиғи аймақтардың шекараларымен үйлеспейді.

Бірақ та оларды шамамен былай топтастыруға болады: бірінші 3 аймақ солтүстік және жарым жартылай орталық облыстарын, 4-5 және 6-аймақтар батыс және бір бөлігі орталық облыстарын, 7-8 және 9-аймақтар оңтүстік облыстарын, ал 10-Шығыс Қазақстан облысын қамтиды.

Жерлерді аймақтау негізіне территорияны табиғи-ауылшаруашылық тұрғыдан аудандау алынған. Республикада 8 табиғи-ауылшаруашылық аудан және екі таулы облыс белгіленген. Осы аудандар бойынша жер көлемінің сипаттамасы 2-кестеде келтірілген.

Республика территориясының едәуір бөлігін (54, 8%) шөлейт жән шөл аймақтары алып жатыр. Бұл өзі кезегінде жердің, әсіресе, агроөндірістік кешенінде, пайдалану сипатын себептейді. Әр түрлі аймақтар бойынша шабындық және басқа да алаптар аудандарында елеулі айырмашылық байқалады.

2-кесте

Жер көлемінің табиғи-ауылшаруашылық аймақтары бойынша таралуы

Индексі
Атауы
Ауданы
%
Индексі: I
Атауы: Орманды дала
Ауданы: 0, 8
%: 0, 3
Индексі: I-1
Атауы: Солтүстік Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: II
Атауы: Дала
Ауданы: 26, 5
%: 9, 7
Индексі: II-1
Атауы: Батыс Қазақстан првинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: II-2
Атауы: Солтүстік Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: II-3
Атауы: Шығыс Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: III
Атауы: Қуаң дала
Ауданы: 62, 4
%: 22, 9
Индексі: III-1
Атауы: Батыс Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: III-2
Атауы: Орталық Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: III-3
Атауы: Шығыс Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: IV
Атауы: Шөлейтті
Ауданы: 37, 2
%: 13, 7
Индексі: IV-1
Атауы: Каспий өңірі провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: IV-2
Атауы: Орталық Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: IV-3
Атауы: Зайсан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: V
Атауы: Шөлді
Ауданы: 112, 1
%: 41, 1
Индексі: V-1
Атауы: АралКаспий провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: V-2
Атауы: АралБалқаш провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: VI
Атауы: Тау етегі шөлді далалық
Ауданы: 12, 3
%: 4, 5
Индексі: VI-1
Атауы: Оңтүстік Қазақстан провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: VII
Атауы: Субтропикалық шөлді
Ауданы: 4, 4
%: 1, 6
Индексі: VII-1
Атауы: Орта Азия провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: VIII
Атауы: Субтропикалық тау етегі шөлді
Ауданы: 3, 5
%: 1, 3
Индексі: VIII-1
Атауы: Орта Азия провинциясы
Ауданы:
%:
Индексі: IX
Атауы: Орта Азиялық таулы облысы
Ауданы: 10, 1
%: 3, 7
Индексі: X
Атауы: Оңтүстік Сібір таулы облысы
Ауданы: 3, 2
%: 1, 2
Индексі:
Атауы: Барлығы Республика бойынша
Ауданы: 272, 5
%: 100, 0

Бұндай жағдай бүкіл жерге орналастыру және іздестіру жұмыстарына, жер кадастры мен жер мониторингін және жалпы ауыл шаруашылығын жүргізу технологиясына айтарлықтай әсер етеді. Ауылшаруашылық алаптарының пайдаланылуы мен қорғалуы, топырақ құнарлылығының арттырылуы және қауіпті экологиялық ықпалдан сақтап қалынуы әр түрлі табиғи жағдайларда ауылшаруашылық өндірістің мамандандырылғанына қарай жүзеге асырылуы тиісті.

Жерді табиғи ресурс және жалпы мекендеу ортасы ретінде құнтты пайдалану адамзаттың даму келешегін себептейді, өйткені ол әр түрлі мақсаттарға және басқа ресурстармен өзара байланыста қолданылады. Жер тек еңбекпен, су және биоклиматтық ресурстармен өзара әрекеттестік түрде ғана өндіріс құралы болып табылады.

Жер ресурстарын реттестіру және пайдалану жөніндегі әртүрлі міндеттерді орындау барысында мынадай бірқатар негізгі принциптерді ескерген қажет:

-өндірістің жерге теріс әсер етуін экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін барынша азайту;

-жерді пайдалану барысында сапасының өзгеруін қадағалау негізінде, оның әр түрлі қолайсыз табиғат құбылыстары мен антропогендік теріс ықпалдардан қорғалуын қамтамасыз ету.

Жердің құнтты пайдалануы оның берікті қорғалуымен және экологиялық жағдай мен ландшафттың күйін үнемі ескеріп отырумен тығыз байланысты. Аталған концептуалдық принциптер бірінші кезекте ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, әсіресе негізгі ауылшаруашылық алаптарына қатысты.

1. 2. ЖЕР-ӨНДІРІСТІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРАЛЫ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалары
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңдері
Жерге орналастыру жобасының түсінігі
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Философия (лекциялар)
Жерге меншік құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Стоя философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz