Материалдық есмес активтердін есебінің міндеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «БИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ»
Курстық жұмыс
Пән: «Қаржылық есеп»
Тақырыбы: « Матриалдық емес активтердің есебі »
Баға:
Қолы:
Күні: « » « » 2021 ж
Тексерген: Какимова Д. Б
Орындаған: Болатбек С.
Семей
2020-2021 жыл
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Материалдық емес активтердің жалпы экономикалық мазмұны
1. 2 Материалдық емес активтер есебінің мазмұны мен мақсаты
II БӨЛІМ. «» ЖШС-НІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЕСЕП ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 «» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
2. 2 «» ЖШС-нің есеп және қаржы жұмысын ұйымдастыру
Қорытыңды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады. Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға жөне бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардын бағасы да халық үшін қолайлы болады.
Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.
Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді:сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т. б.
Егер де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардың, бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдык емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезендік шығысқа жатқызыдады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.
Егер де Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттілігін камтамасыз ету үшін, мысалы, шегірткеге қарсы күресетін препаратқа "АВВА" кәсіпорынның лицензиондық келісімін тегін алды делік, бұндай жағдайда аталған лицензиондық келісімнің белсенді нарығы болмайды.
Материалдык емес активтердін түсуі мен шығарылуы "Материалдык емес активтерді қабылдау - беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметгері көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Курстық жұмыстың обьектісі болып « » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табылады.
Курстық жұмыс «Материалдық емес активтер есебі» тақырыбына жазылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- ғалымдар мен тәжірибешілердің материалдық емес активтер есебін жетілдіру жөнінде сұрақтарды ашу;
- материалдық емес активтер есебінің дұрыс ұйымдастырылуының мәнін ашу;
- материалдық емес активтер есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыруды ашу;
- материалдық емес активтер аудитінің кезектілігін, көздерін, шешімін қарастыру.
Амортизацияны есептеу материалдық емес активтер құны толық өтелгеннен кейiн немесе актив табыс келудi доғарған сәттен бастап тоқтатылады. Материалдық емес активтер ұтымды пайдалану мерзiмiнiң дұрыс есептелуіне олардың амортизациясын өндіріс немесе аайналым шығындарына қосу тәуелді, демек оған субъект қызметінің шынайы қаржы нәтижесі де тәуелді болмақ . материалдық емес активтер амортизациясының есебі РТ № 6-нысанында жүргізіледі.
I БӨЛІМ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ТӘЖІРБИЕШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
1. 1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Материалдық емес активтер - заттың нақтылай нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылыққа» ие және субъектіге ұзақ уақыт бойы немесе тұрақты түрде қосымша табыс әкелінетін активтер. Материалдық емес активтерге тауар белгілері, тауар өндірісінің тіркелінген жерлер, гудвил, «ноу - хау», лицензиялар, патенттер және өнеркәсіп үлгілері, өнеркәсіпті ұйымдастыру шығындары. Электронды есептеу машинаны, бағдарламаны қамтамасыз ету, интелектуалдық меншік, жер учаскесін және табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары және т. б жатады.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егерде оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақтаалынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект былай анықтайтын болса, онда олжа табу мүмкіндігі ашылады. Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4 топқа бөлінеді.
1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер
2. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер
3. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер.
4. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері
Жалпы айтқанда материалдық емес активтерге: лицензиалдық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атулары, тәжребиелі - конструкторлық жұмыстар және т. б. жатады.
Материалдық есмес активтердін есебінің міндеттері:
- Материалдық есмес активтердін қозғалысын дұрыс құжаттық рәсімдеу және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету.
- Материалдық есмес активтердін материалдық жауапты адамдарға бекіту және сақталуын бақылау.
- Материалдық есмес активтердін есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсету.
- Материалдық есмес активтердін құжаттауы дұрыс есептеу.
Материалдық емес активтердің нақты барлығымен қозғалысын есепке алу 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шоттарында жүргізледі. Осы шотардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің келіп түскен басымен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша - материалдық емес активтердің есептен шығарылғаны көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай - ақ кәсіпорынның мүлікттік құқығын растайтын құжаттар жатады.
Есеп беруде матариалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық есеп беруде материалдық емес активтерінің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда; амартизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі немесе пайдаланатын амартизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептік кезеннің басымен аяғына жинақталған амартизацияның нормасы; кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық және т. б. көрсетіледі.
Аудиттің алдында келесі міндеттер бар:
- Материадық емес активтердін көлемін анықтау.
- Материадық емес активтердін құрылымын тексеру, құрылымының кәсіпорын бағытымен сәйкестігін тексеру.
- Материадық емес активтердін қамтамсыздығын тексеру.
- Материадық емес активтердін жағдайын талдау.
- Материадық емес активтердін қозғалысын талдау.
- Материадық емес активтердін пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасын орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т. б. шығьндар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді. Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау - тапсыруды құжатпен үшін материалдық емес актив түрінің толык атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны амортизация нормасы және басқа кажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.
Материалды емес актив объектілерін қабылдауды рәсімдегенде акт материалды актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады.
Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.
1. 2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҚСАТЫ
Материалдық емес активтер - нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүргізушілердің) құрамында болады, атап айтсақ компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін - дискетте, фильм - лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) - қағазда болады, бірақ дискеттеде, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес актердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста болуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді.
Материалдық емес активтерге:
- лицензиондық келісімдер;
- компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер;
- патенттер;
- авторлық құқықтар;
- тауар белгілері;
- қызмет ету белгілері;
- фирма атаулары;
- тәжірибелі - конструкторлық жұмыстар және т. б. жатады.
Материалдық емес активтерге (МЕА) шартты түрде 4-топқа бөлінеді.
Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және т. б. жатады. «Ноу-хау»-құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т. б. түрінде көрінетін білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында «Ноу-хау» техникалық құжаттама түрiнде рәсімделген, бiрақ патенттелмеген, белгiлi бiр өндiрiстiң түрiн ұйымдастыруға қажеттi өндiрiстiк тәжірибесінің техникальқ, коммерциялық және басқа да қыр - сырларын көрсететiн бiлiм жиынтығы. Лицензиялық келiсiм - шарттарда, техникалык ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте және т. б. қызмет керсетудiң сан алуан түрлерінде кеңiнен колданылады. Жаңалықтар патентi, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттiк акпараттар субьектiнің меншiгi болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтiң анықтамасына жауап бере алады.
«Ноу-хау» өзiнiң бағасы мен басты көрсеткiштерiмен құнды. Өзiнiң табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-хау» сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен калыптасады және ол оның иесiне төленетiн сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрiнде көрсетiледi. Субъект белгiлi бiр ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелiгi, ол әдетте, субектiнiң жарғылық капиталына құрылтайшылар қоскан материалдық үлесi ретiнде салынуы мүмкін. Ноу-хаудың субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келiсiм - шарттарының көмегiмен анықталады.
Өндiрiстiк ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгiлi бiр уакыт кезеңi iшiнде табыс әкелетiн, ақыға сатып алынған өндiрiстiк ақпарат немесе субъектiнiң онымен болашақ кезеңдегi тұтынушылары туралы; шикiзатпен, материалдармен және қызметтер жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағылар туралы мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бiрлескен немесе акционерлiк кәсіпорынды құру кезеңiнде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелiнедi. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапкы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбiр қатысушының ұйымдастыру шығындары кiрмеуге тиiс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшiлерге төленген ақы, кәсіпорынды тiркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т. б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабiлеттi бағдарламаларды пайдалануға қажеттi мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесiнiң жиынтығы.
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жерi ж т. б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесiлi таңбалар бойынша айыра алатын белгiсiн айтады. Кәсіпкерлікті заңды немесе жеке тұлға атына тiркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тiркелген тауар таңбасының иесi тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тиым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгiзу тағы басқа осы iспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесiнің құқтарына қол сұғу болып есептелiнедi.
Таңбалар сөз турiнде, көркем сурет түрiнде, көлемдi немесе бәрінің комбинациясы түрiнде болуы мүмкiн: олар кез - келген түсте немесе түстер үйлесiмiнде тiркеледi.
Айыру белгiсi жоқ, тек бiр ғана белгiден тұратын, сондай - ақ мемлекеттiк елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердiң ресми аттары, халықаралық және үкiметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепiлдiк және сапасын (пробасын) көрсететін белгiлерi, мөрлер, марапаттау белгiлерi және басқа да айырым белгiлерiнен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейдегi белгiлерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етiлмейдi. Тауарды, тұтынушы немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтерi бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптерiне кайшы келетiн тауар таңбалары да тiркелмейдi.
Заңды немесе жеке тұлға тiркелген барлық тауарға немесе онын бiр бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесiнiң келiсімi бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келiсiм бойынша белгiленген тәртiпке сай iстелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы- тауарды таңбалау үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекенiн, жердiң немесе баска географиялық объектiнің атын қоса және басқа да ерекшелiктерi арқылы сипатталады.
Тауардың шыққан жерiнiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн. Ол белгiленген тәртiп бойынша тiркеледi. Тауардың шыққан жерiнiң атауын пайдалану деп оны тауарда, корабында, жарнамада, проспектiлерде, банкiлерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгiзуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.
Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активi болып табылады, себебi компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесi ретiнде пайдалану құқығын бередi ол ушiн тауар таңбасының құньн бiлу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бiрнеше әдiсi бар: өзiндiк құн, сатып алу құны, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншiктi тауар таңбаларын өзiндiк құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнмен есепке алған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz