Ескі қаласы колледж



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы кафедрасы

СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС Тақырыбы: Алматы облысы, Есік қаласында орналасатын 2000
орындық колледжді көкжелектендіру жобасын құру

Қабылдаған: Джумадилова Гулнар

Орындаған: Балабек Айназ ЗР-110К



Алматы-2018 ж.
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Алматы облысы, Есік қаласының топырақ және климаттық жағдайлары ... ..6
Көкжелектендіруде пайдаланатын өсімдіктер мен архитектуралық бейнелерге сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Колледждің ауданын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Жобада пайдаланылған шартты белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Бас және дендрологиялық жобаны жасау, үлгісін салу ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Студенттің аты-жөні
Облыс
Қала,елді мекен
Нысан

аты
сиымдылығы
Балабек Айназ Нұрғалиқызы
Алматы облысы
Ескі қаласы
колледж
2000

Кіріспе

Өсімдік - табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол - тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады. Табиғаттағы тағамдық, технологиялық, мал азықтық, дәрілік қасиеттері бар сан алуан өсімдіктердің өзі табиғи ресурстардың негізгі қорын құрайды. Сондықтан да олар өндірісте, тамақ өнеркәсібінде, медицинада кеңінен қолданылады. Ауыл мен қалаларды көгалдандыруда да қаншама пайда тигізеді. Өсімдіктер ауа қабатына оттегі бөліп шығарады. Мұндай заттар әсіресе қарағайлардан бөлінеді.
Өсімдіктер айналадағы ауаны жақсартады, ауа райын салқындатады, қатты желге тосқауыл болады, аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді.
Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Тыныш бақтардағы өсімдіктердің хош иісі, сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл күйін шаттандырады. Сондай-ақ, өсімдіктер айналадағы шуды бәсеңдетеді. Ағаштар немесе әсемдік бұталар жол жиегіне неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым дыбысты жақсы басады.
Жасыл өсімдіктер суды буландыру арқылы ауаны ылғалдандырады, желге тосқауыл болады. Сондықтан адамдар оларды елді мекендерді көгалдандыруға пайдаланады. Қалалар мен ауылдардың ауасын оттегімен байыту үшін, аулалар мен көшелерді, демалыс орындарын көгалдандырудың маңызы өте зор.
Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын ағаштар мен бұталарды таңдағанда алдымен олардың адамға пайдасы мен әсері, сәндік мақсатта отырғызылатын орны, биологиялық ерекшеліктерімен қатар сол ортаға төзімділігі ескеріледі.
Мысалы, тал, терек, қайың, жөке, үйеңкі, мойыл, шетен - ылғал сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Ал балқарағай, қарағай, үйеңкі, тал, шаған, жиде, шегіршін, алма ағашы, долана, сары өрік, емен, сүйелді қайың, қарағаш, мойыл, тұт ағаштарының қай-қайысы болмасын жарық аз түсетін жерде гүл ашып, жеміс беруі қиын.
Олардың қатарына шырғанақ, жыңғыл, сирень, тобылғы т.б бұталарды да жатқызуға болады.
Жөке, аткаштан, татар үйеңкісі, ырғай, шетен, грек жаңғағы табиғи бейімделген ортасына орай көлеңкелі жерде өседі.
Жіңішке жапырақты жиде, Бегтер итмұрыны, қарақат, сары қараған, жыңғыл сортан топырақты жерлердің үйреншікті өсімдіктері.
Үй іргесіне, көшелерге, парктерге егілетін ағаштар мен бұталар ауаны оттегімен байытады. 1 гектар жердің ағашы сағатына 8кг көмір қышқылын сіңіріп, 8 кг оттегін бөліп шығарады екен. Соның арқасында ауаны зиянды газдар мен түтіннен, шаңнан тазартады. Отын жанғанда бөлініп шығатын түтіннің құрамындағы күкіртті газ ауада тотығып, күкірт қышқылына айналады. Ал күкірт қышқылы өте зиянды, ол тыныс органдарының кілегей қабығын қабындырады. Әсіресе қалалы жердегі шаң-тозаңдар, улы газдар, зиянды түтіндермен күресудің бірден-бір тиімді тәсілі ағаштар мен бұталарды көп отырғызу.
Жасыл желектердің тағы бір ерекше қасиеті тікелей түсетін күн сәулесінен қорғауы. Жаз айларында 40° -қа жететін ыстықта өсімдіктер көлеңкесі температураны реттейді. Ағаш көлеңкесінің тұтасып түсуі олардың бөрік басына және жапырақтарының суды буландыруының нәтижесі. Бір жылда бір гектар жердің 1-3,5 миллион килограмға дейін буландырады екен.

2 Алматы облысы, Есік қаласының топырақ және климаттық жағдайлары

Семестрлік жұмысты орындау барысында, Есік қаласының топырақ және климаттық жағдайлары туралы мәлімет өте аз болғандықтан, Еңбекшіқазақ ауданының топырақ және климаттық жағдайларын қарастырдым. Еңбекшіқазақ ауданының орталығы осы Есік қаласы болғандықтан, топырақ және климаттық жағдайларында аса қатты айырмашылық жоқ деп есептедім. Еңбекшіқазақ ауданы - Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс.
Жер аумағы - 9,7 мың км².
Тұрғыны 204,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км-ге 21,1 адамнан келеді (2006).
Аудан жеріндегі 80 елді мекен 1 қалалық және 24 ауылдық округтерге біріктірілген.
Еңбекшіқазақ ауданының климаты континенттік. Қысы суық. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 - 60 см). Қаңтар айының орташа температурасы - 6 - 10°С, кейде температура - 28 - 30°С-қа дейін төмендейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20 - 24°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық өңірде 200 - 400 мм, тау бөктерлерінде 550 - 700 мм. Аудан аумағында ендік бағытында айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан. Онда баялыш, жусан, ши, күйреуік, т.б. сораң шөптер, өзен аңғарлары мен ойысты жерінің шалғынды-батпақты топырағында құрақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тау алдының жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктерлерінде астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өскен. Таулардың орта және биік белдеулерінде тау шалғыны, одан биікте альпілік шалғындар қалыптасқан. Тау етегі мен шатқалдарын тал, үйеңкі, көктерек, емен, өрік, алма, алмұрт жеміс ағаштары, биік таулы бөлігін шырша, қарағай орманы алып жатыр. Жануарлардан қоңыр аю, барыс, қасқыр, түлкі, таутеке, арқар, жазық жерлерде елік, борсық, суыр, қырғауыл, т.б. мекендейді. Су айдындары балыққа бай. Еңбекшіқазақ ауданында суармалы және тәлімді (тау бөктерлерінде) егін шаруашылығы жақсы дамыған, сонымен қатар қой шаруашылығы бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, темекі өсіріледі.
Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 641, 6 мың га (2006), оның ішінде жыртылған жері 92,1 мың га, шабындық 16,6 мың га, жайылым 521,5 мың га.

3 Көкжелектендіруде пайдаланатын өсімдіктер мен архитектуралық бейнелерге сипаттама

Үйеңкі (лат. Ácer) -- әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте көктемде гүлдейді.
Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен "Татар үйеңкісі" деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда, жемісі пісіп жетіледі.
Биіктігі 5 -- 40 м, қабығы жылтыр, сұр не сұрғылт тартқан. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, оның жиегі бүтін, кейде ойық, жыл сайын түседі. Сарғыш, жасыл түсті гүлдері ұсақ, 4 -- 5 мүшелі, қос не дара жынысты, қалқанша не шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Жәндіктермен немес желмен тозаңданады. Сәуір -- маусым айларында гүлдеп, тамыз -- қазанда жеміс береді. Жемісі -- қосқанатты, екі тұқымшасы болады.
Тұқымынан, сұлама бұтағынан, шыбығынан, ал қолдан өсіргенде бөліну арқылы не қалемшесінен көбейеді. 150 -- 200 жылдай жасайды.

Жөке ағашы (лат. Tilia) - құлқайырлар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.
Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының
Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 - 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым - шілде айында гүлдеп, тамыз - қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 - 500 жыл жасайды.

Қынаағаш (лат. Ligustrum) - зәйтүндер тұқымдасына жатады. Ұзындығы 3-6 см, қияқты, тұтас жиектелген, жылтырақ жапырақтары бар, биіктігі 2-3(5) м бұта. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, хош иісті, ұзындығы 4-8 см пирамида тәрізді шашақ гүлдерде отырады. Жемісі қара түсті, жылтырақ, ұзындығы 6-8 см. Тұқымы үш қырлы, күңгірт. 1000 дәннің салмағы 20г жуық. Маусым аайында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Сүрегі қатты, ауыр. Құрғақшылыққа өте төзімді, көлеңкені әжептеуір көтереді, ыстыққа шыдамды. Қысқа беріктігі төмен. Құнарлы топырақты жақсы көреді. Қала жағдайларына шыдамды. Күзеуді жақсы көретіндіктен көмкермелер мен жасыл қоршаулар жасауға кең қолданылады.

Тобылғы (Spіraea) - раушангүлдiлер тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Қазақстандағы далалы, таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар.
Биіктігі 15 - 200 см. Сабағы түзу. Жапырағы қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген немесе бүтін болады. Гүлі қос жынысты, аталығының саны 10, аналығы - 5, ақ түсті, хош иісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр - шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі - қабаттасқан жапырақша. Тобылғыны әсемдік үшін өсіреді. Суреттегі Қазақстан аймақтарына бейімделген жапон тобылғысы.

Бөрітарақ (лат. Hibiscus) - құлқайырлар тұқымдасына жататын бір жылдық бұта. Негізінен тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, Балқаш - Алакөл ойысында, Қызылқұмда кездесетін 2 түрі бар: кендір Бөрітарақ (cаnnabіnus) және үшқатар Бөрітарақ (trіоnіum). Олардың биік. 50 - 75 см, кейде 3-4м-ге жетеді. Кіндік тамырлы, сабағы тік Жапырақтарының жиектері әр түрлі иректеліп, өркен бойына кезектесіп орналасады. Сары, ақ түсті ірі гүлдері жапырақ қолтығынан дамиды. Жәндіктермен тозаңданады. Маусым - қазанда гүлдеп, тамыз - қарашада жемістенеді. Жемісі 5 ұялы, көп тұқымды қауашақ. Жас жемістерін және бамияны көкөніс ретінде жеуге болады. Бөрітарақтың барлық мүшесінде кілегей зат шығаратын ерекше клеткалары бар. Бұл клеткалар өсімдіктің бойындағы ылғал мөлшерін реттеп отыратындықтан, өсімдік шөлді жерге төзімді келеді. Бөрітарақ - талшықты өсімдік. Одан бағалы кендір, арқан есетін, қап тоқитын жіп, су өтпейтін кенеп, ал тұқымынан май алынады. Кейде Бөрітарақты сәндік үшін де өсіреді.

Қашқаргүл (кейде астра) (лат. Aster) - астралылар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшаларда, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі.
Қазақстанда Алтай қашқаргүлі, альпі қашқаргүлі, Америка қашқаргүлі, кермек-жапырақты қашқаргүлі, попов қашқаргүлі, шөл дала қашқаргүлі, бурыл қашқаргүл, таролман қашқаргүлі деген түрлері бар. Халық арасында қырқүйекгүл деген атпен танымал. Гүлі кішкентай, түсі әр алуан ақ, күлгін, көк, сиякөк, қызғылт болып келеді. Көгалдандыруда 80-ге жуық түрі қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі сұрпына қарай 15 см-ден 1 метрге дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлық түрі қыркүйек-қазан айларында гүлдейді. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттармен танысу
Қазақ облыстарының автономиясы
Қазақстандағы православие
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері
Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама
Қазақстандағы христиандық
Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп
ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Ресей мәдениеті жайында
Қарағанды қаласының колледждерінде кәсіби білім беру дуальды оқыту жүйесінің дамуы
Пәндер