Марксистік философия тарихы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Техникалық Университеті
"ҚХА және ӘГП" кафедрасы
Реферат
Пән: Философия
Тақырып: Марксистік философия тарихы
Тексеруші:Аубакиров Е.Ж.
Орындаған: Бақбергенова Т.
Қарағанды 2020
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Марксистік философия жайлы мәлімет
3. Карл Генрих Маркстың қоғамдық-саяси көзқарастары
4. Фридрих Энгельстың қоғамдық-саяси көзқарастары
5. Владимир Ильич Ульянов Лениннің қоғамдық-саяси көзқарастары
6. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақ Елі XXI - ғасырға қадам басқан тұста, қоғамдық
құрылыс пен дүниетаным өзгерген шақта, жалпы философиялық ойдың
дамуына ұлттық көзқарас тұрғысынан, еркін оймен, тың серпіліспен, қайта
қарауды заманның өзі талап етіп отыр. Ол үшін бірталай жұмыстарды істеу
қажет, солардың ішіндегі ең маңызды деген саланың бірі - ФИЛОСОФИЯ
деп аталатын таным, білім және ғылым саласы.
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес,
мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі де емес, ол ұлттың рухани
тәжірбиесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның
интеллектуалдық әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің
синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес,
оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады (Ғабитов Т. Философия.Раритет, --
Алматы: 2004.57-бет).
Кез келген қоғамның белгілі бір кезеңдегі даму бағыт-бағдарын немесе
қоғамдық ілгерлеуді туғызатын қалың бұқара, сол бұқараның сеніміне ие
болған, сол ілгерлеудің алғы шарттарын елестетіп, елдің, ердің есіне салатын
саналы ұлдары, дәлірек айтқанда ұлт арасынан суырылып шыққан
қоғамның қаймағы сынды тұлғалар айқындайды. Айталық, қазақтың
философиясы Қорқыт-Ата, Асан-қайғы, Бұқар-жырау, Шоқан, Ыбырай,
Абай, Ағын Қасымжанов, Жабайхан Әбілдин, Әбдімәлік Нысанбаев,
Ғарифолла Есім, Аманкелді Айталы сияқты ұлттың, елдің тағдырын толғаған
кемеңгерлер, дара философиялық тұлғалар арқылы дамыды және қалыптасу
үстінде.
Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана
мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік
ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын
ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және молая түседі.
Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философия
кеңістігіндегі субстанциялардың қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі
мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар
аудару танушы субьектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді.
Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа
ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы,
философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой
салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына да оң әсер ететіні сөзсіз.
Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың
шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік
құндылықтармен толықтырады. Танушы субьект философияның көмегімен
өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде
түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмірмәндік
түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамгершілік
ережелерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке
философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде
зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік,
адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты
жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу,
оны өзіндік өмірлік тәжірбиеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге
айналдыруға талпыну - индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына
қажетті құрылымдар (Нұрышева Г. Философия Лекциялар курсы. ЗиатПресс, -- Алматы: 2006. 15-16 беттер).
Марксистік философия жайлы мәлімет
Бұл - бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең (XIX - ғасырдың 30-
40 жылдары), атап айтқанда адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған,
жіктелген, ғылыми ерекшеленген кезеңі болды. Бұл кезең Карл Маркс пен
Фридрих Энгельстің есімдерімен аталады. Әрине, басқа да философтар
сияқты, екі алып ой иесінің дүниеге келуі де кездейсоқ емес.
Ең алдымен бұл Батыс Европа елдерінде капитализм дүниеге келген
кезең болатын. Капитализммен бірге тарихта пролетариат пайда болды. Ол
алғашқы кезде стихиялы күреске шықты. Оларды ұйымдастыру, саналы етіп
дайындау, теориялық жағынан қаруландыру қажет болды. Бұл бір.
Екіншіден, жаратылыстану ғылымындағы ашылған үш үлкен жаңалық:
а) клетка теориясы; б) энергияның сақталу және өзгеру заңы; в) Ч.Дарвиннің
эволюциялық ілімі-дүниеге диалектикалық логика тұрғысынан қарауға
мүмкіндік берді.
Үшіншіден, теориялық алғышарттардың әсері болды. Бұған ең алдымен
адам баласының әлеуметтік теңдік болуын көксегені жатады. Осыған орай
социализм туралы түрлі теориялық ілімдер пайда болды.
К.Маркс пен Ф.Энгельс осы жағдайлардың бәрін ой елегінен өткізіп,
талдап, екшей келіп, жаңа ғылыми теорияның негізін жасады. Ол үшін олар
Гегель мен Фейербахтың философиясын, Адам Смит пен Давид Рикардоның
саяси экономиясын, Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы утопистік
теориясын зерттеді, сөйтіп, олардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай,
социализм туралы ғылыми теория жасап, оны ілгері дамытты, философияда
жаңа көзқарас туғызды. Социализмді утопиядан ғылымға айналдырған
К.Маркстің екі ғылыми жаңалығы болатын. Олар тарихты материалистік
тұрғыдан түсіну және қосымша құн құпиясы. Философияда К.Маркс пен
Э.Энгелсьтің ашқан жаңалықтары мынадай еді:
Бұрынғы философия өкілдері тек үстем таптардың мүддесін қорғады.
Демокрит, Лукреций Кар, ағылшын және француз материалистері Ф.Бэкон
Дж.Локк, Р.Декарт, П.Гольбах, Д.Дидро, К.Гельвеций, Ж.Ламетри, неміс
философтары Л.Фейербах, т.ю идеалистерді қоса алғанда олардың бәрі
прогреске ұмтылғанмен үстем таптың көзқарастарын жақтады. Ал еңбекші
бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын ешкім болмады. Әсіресе, бұл
капитализм тұсында мейлінше қажет болды. Бұған 1831 жылғы Лион
қаласындағы Франция жұмысшыларының, Германиядағы Силезия
тоқымашыларының көтерілісі, сондай-ақ, Англиядағы 1838-1842
жылдардағы чартистер қозғалысы дәлел бола алады. Стихиялық көтеріліске
шыққан жұмысшыларға теориялық қару қажет болды. Бұл қозғалыстар
әлемде жаңа тап- пролетариат пайда болғанын, оның бұрынғы езілген
таптардан мүлде басқа шешуші күш екенін байқатты. Әрине, К.Маркс пен
Ф.Энгельстің дәл осы кезеңде саяси аренаға шықпаса бұл жаңа теория
дүниеге келмес еді деуге болмайды. Әрбір философиялық кезеңдер біріне -
бір ізашар болып отырған. Сол арқылы олар күрделі сипат алып, дамып
отырған. Философияда көптеген дүниетанымдық мәселелерді қайталануы
жиі кездеседі. Бірақ олар әр дәірдің даму дәрежесіне, алға қойылған
мәселесіне сәйкес жаңаша шешіліп отырады.
К.Маркске дейінгі философия көп жағдайда ақиқатқа сырттай, меңзей
қарайтын философия болатын-ды. Олар табиғатты тек баяндап қана қоятын.
Ол туралы К.Маркс өзінің Фейербах туралы тезистерінде айқын дәлелдеп
берді. Осыған орай К.Маркстің ең алған көтерген мәселесі мынадай:
француз материалистері айтқандай, адамдар объективті жағдай мен
тәрбиенің жемісі болса, онда өзгерген адамдар өзгерген жағдайын жаңа
тәрбиенің нәтижесі деп түсіну қажет. Сондықтан К.Маркс пен Ф.Энгельс ең
бірінші бірігіп жазған Қасиетті әулет деген еңбегінде теорияны шындық
өмірден, материалдық прақтикадан алшақтатқаны үшін идеализмге қатаң
күрес ашты. Мәселен, Л.Фейербах христиан дінін сынады, бірақ ол сынды
адамзат қоғамын сынауға айналдыра алмады.
Әрине, XVII ғасырдағы ағылшын XVIII ғасырдағы француз
материалистері буржуазиялық революцияның идеологиялық алғышартын
жасады. Бірақ олар азаматтық қоғамды, былайша айтқанда таптық
антагонизмсіз тапсыз негізделген қоғамды мақсат еткен еді. Олар
антагонизмсіз тапсыз қоғам орнатуды мақсат етпеді. Бұларға керісінше
К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамды революциялық тұрғыдан қайта құру
теориясын жасады. К.Маркс өзінің Гегельдің право философиясына сын
жөнінде деген еңбегіне жазған кіріспесінде: басты мақсат - осы дүниенің
ақиқаттығын айту - деп, түсіндіре келіп, көкті сынауды жерді сынауға, дінді
сынауды құқықты сынауға, теологияны сынауды саясатты сынауға
айналдыру болуға тиіс деп тұжырымдады. Адамға жат болып қалыптасқан
неміс тәртібін сынай келіп, К.Маркс: Сынау қаруы, әрине, қару мен
сынаудың орнын баса алмайды. Материалдық күш материалдық күштен
төңкерілуі қажет бірақ тоерия да бұқараны билеп алғаннан бастап
материалдық күшке айналады - деп жазды.
Сондықтан да, оның ойынша, философия пролетариаттан өзінің
материалдық қаруын тапқан болса, пролетариат философиядан өзінің рухани
қаруын тапты. К.Маркс пен Ф.Энгельс философияны практикаға қарсы
қоюды ғана жойған жоқ, сонымен қатар олар табиғат пен қоғам туралы
философиялық ғылымдардың қарсылықтарын да жойды (Кішібеков Д.,
Сыдықов Ұ.Философия. Қарасай, -- Алматы: 2008). Жалпы, марксистік
философия әлемдік тарихтың дамуына пәрменді әсер етіп, өзіндік ізін
қалдырды.
Карл Генрих Маркстың қоғамдық-саяси көзқарастары
Карл Генрих Маркс -- неміс философы, социолог, экономист, саяси
журналист, қоғам қайраткері.
Ол Бонн, кейін Берлин университетінің заң факультетінде білім алды. Бұл
жерде ол, негізінен, философия мен тарихты зерттеді. Әуелгіде ол Гегель
философиясының ықпалында болды. 1841 жылы сол тұрғыда Различие
между натурфилософией Демокрита и натурфилософией Эпикура деген
тақырыпта докторлық диссертациясын жазып, қорғады. 1841 жылдан бастап
ол үлкен ықпалы болған Л.Фейербахтың философиясымен таныса бастайды.
Ол Фейербахтың материализм мен атеизмін қабылдаған. Бірақ Фейербахтың
соңынан жай ғана ермей, 1844 жылдың аяғына қарай өзінің философиялық
дүниетанымын қалыптастырды. Ол 1845 жылдан бастап, оны 1883 жылы
қайтыс болғанға дейін дамытумен айналысты.
Ол философияда диалектикалық және тарихи материализмді,
экономикада - табыс құны теориясын, саясатта - таптық күрес теориясын
қалыптастырды. Бұл бағыттар кейін коммунистік және социалистік
қозғалыстардың негізіне айналып, марксизм деген атауға ие болды.
Көптеген философия тарихшылары К.Марксті де гегельдік философияның
жалғастырушысы деп есептейді. Гегель ойлап тапқан диалектикалық үдеріс
ретіндегі әлем туралы көзқарасын сақтай отырып, Маркс онымен
салыстырғанда идеяларды емес, материалдық өмір дамуын мойындайды.
Егер Гегель тарихта мәдени-тарихи факторға баса назар аударса, ал Маркс
материалдық-экономикалық фактор маңызының басымдылығын
мойындайды.
Шығармалары:
Экономическо-философские рукописи 1844 года, Нищета
философии (1847ж.), үштомдық Капитал (бірінші басылымы 1867ж.,
екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz