Кино - саясат


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды ​​Техникалық Университеті

"ҚХА және ӘГП" кафедрасы

Баяндама

Пән: Философия

Тақырып: «Мен кіммін?»

Тексеруші:Аубакиров Е. Ж.

Орындаған: Бақбергенова Т.

Қарағанды 2020

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ұлттың өткен тарихын тасқа басу, қағазға түсіру бір басқа да, оны кино тілінде сөйлету бір басқа. Қазір жұрттың басым бөлігі кітап оқығаннан гөрі, көк экранға үңілгенді, интернетке телміргенді жақсы көреді, Ал, мұндай кезде кітапқа қатталған тарих шаң басып бір бұрышты қала берері хақ. Ұлттың ұлт болып ұйысып, бүгінге дейін жүріп өткен жолын яки тарихын жас ұрпақ білуі тиіс деп жатамыз. Әрине, есім-сойлары тарих тақтасында бәдізделген, ұлы хандарымыздың, батыр бабаларымыздың, кемеңгер билеріміздің бәленбай жүз жылдық мерей тойлары әлсін-әлсін ел ішінде аталып өтіп жатады. Алайда, бұл ұрпақтың жадында, өткен тарих жүлгесін жаңғырта ала ма? Қайдам?

Ас ішілер, бас мүжілер, бәйге шауып, балуан күресер, ескерткіштер ашылып, ғылыми басқосулар өтер, қазақтың терең тамырынан сыр суыртпақтаған біраз шығармалар жазылар. Дұрыс, керек бәрі. Дегенмен, мұның бәрі өткінші. Елдің есінде қалар, болашақ ұрпақ «мен кіммін, тегім кім, қайдан шықтым?» деп толғанғанда, «мынау менің ата-бабамның жүріп өткен жолы» деп қарайтын һәм содан рух алатын бір дүние бар. Ол - бабалар тарихын көркем фильм етіп сөйлету. Өзіміз білетін түрік, кәріс, қытай, жапон ата тарихын экран тілімен әспеттеуде. Өйткені бүгінгі ұрпақтың көз сүрінетін тарихи хронологияларға толы том-том кітаптарды оқи қоюы екіталай. Сондықтан болар әлгі жұрт, бабалар тарихын жас ұрпақтың санасында жаңғырып тұру үшін кино жанрын таңдады. Ұтты. Өз елі тұрмақ, өзге жұрт сол елдердің тарихи киноларын көре отырып, жанкешті жапон самурайы қандай болатынын білді, үркуді білмейтін жеңімпаз кәріс батырларын таныды, түріктің Осман империясының өркендеуі мен құлдырауынан хабардар болды.

Міне, бұл тарих кино тілінде сөйлегенде болатын әсер, жадымызда сақталып қалар жаңғырық. Егер біз өз тарихымызды, ұлы хандарымыз бен арыстан жүрек батырларымызды, қара қылды қақ жарып, әділін айтқан билерімізді көркем фильм тілімен қайта жаңғырта алсақ, болашақ ұрпақ алдында өте игі тірлік жасағанымыз. Ұрпақ өзінің кім екенін, қайдан шыққанын біледі. Бұл мәселеге келгенде, аузымызды құр шөппен сүртер жайымыз жоқ. Біраз тарихи кинолар түсірілді. Шүкір деуге болады. Бірақ сол түсірілген кинолар халықтың, көрерменнің көңілінен шықты ма? Исі қазақтың өткен тарихын шынайы өрнектей алдық па? Мәселе сонда. Өкініштісі, солардың барлығы, бір қайнауы кем дүниелер десек, ешкім сөге қоймас. Бұдан біраз уақыт бұрын түсірілген «Көшпенділер» жөнінде сөз қозғаудың өзі артық. Тарихтан алшақ жатқан ол туындының кем - кетігі жөнінде талай айтылды, жазылды. Жұрт аты дардай «Қазақ хандығынан» көп үміт күткен. Алайда үміт ақталды деуге болмас. «Алмас қылыш» және

«Алтын тақ» деп екі бөлімге бөлінген бұл туындыда бір сарынды дүние болып шыққан. Хандардың аузына ханша, билердің азуына бише, батырлардың аузына батырларша сөйлейтін кесек-кесек аталы, аруақты сөздер салынбаған. Өте жұтаң. Былайғы кезде сізбен біз сөйлесетін ауызекі жадағай тіл, әңгіме. Ал, бұл жұрттың есінде қала ма? Жоқ. Бәлкім бұл сценарийстеріміздің әлсіздігі, қазақ тілінің мәйегін дұрыс меңгермегендігі, тарихтағы ұлы тұлғаларымыздың қажет жерінде қауып та, тауыпта сөйлейтіндігіне мән бермегендігі болар. Түріктердің «Ғаламат ғасыр» деген ортақ атаумен түсірген, «Сұлтан Сүлеймен», «Көсем сұлтан» сондай-ақ «Ертұғырыл» мен «Абдулхамит» секілді тарихи сериалдарын көрсең, ондағы сұлтандардың, тіпті ханша-ханшайымдардың тілі, ой-орамдарының өзі ерек. Дән риза боласың. Бәлкім оларда біздегідей «түсірсек болды» деген көзқарас емес, «бір мемлекеттің тарихын түсіреміз, оны өзге ел көреді, сондықтан киген киім, сөйлеген сөз, ұстаған қару, мінген ат, отырған тақ, тұрған тұрақ бәрі біздің мықты ел болғанымызды айшықтап тұруы тиіс» деген үлкен жауапкершілікпен келетін сынды. Өйткені кино идеологиялық құрал. Кино-саясат. Соның ішінде тарихи фильмдер. Демек, біз үшінде тарихи кино еріккеннің ермегі болмауы тиіс.

Жалпы, тарихи киноның жауапкершілігі мол, көтерер жүгі ауыр. Әсіресе, Томирис секілді жаһан тарихында аты мәңгілікке шекілген тұлғаларды түсіру оңай емес. Осы орайда, аңызға құрылған «Жаужүрек мың бала» не болмаса тарихта болған, болмағаны күмәнді «Орбұлақ шайқасы» секілді фильмдерге тоқтауды жөн көрмедік. Бір қайнауы ішінде жатқан бұл кино туындылар жөнінде сөз қозғау артық. Тарихи кино болған соң нақты тарихи оқиғалар мен тұлғаларға негізделіп түсірілуі қажет. Сонда ғана құнды. Аңызбен болжамға құрылған дүниенің бір бәсі қашанда кем болып тұрады. Қысқасы, қазақ тарихына арналған киноны көрген өзге жұрт: «сонау сақ Мәди мен Томиристің, ғұн Мөде мен Аттиланың, түрік Естеміс пен Күлтегіннің ұлы ұрпағы, қазақтар осындай ғажайып батыр халық болған екен ғой» деп таңғалатын, тамсанатын, таңданатын болуы тиіс. Ол үшін мінетін ат та, асынатын қару-жарақ та, киетін сауыт-сайман да, жамылатын тон-шапан да ерекше сән-салтанатты болуы шарт. Ал, біз сол деңгейден табылып жатырмыз ба? Қайдам. . ?

Негізгі бөлім

Кей кездері алғаш рет егіз баланы көргенде ажырата алмай қаласың. Сырт пішіні, сөйлесі, жүрісі, күлісі, дауысы айнымай тұрады. Киіміне қарап ажырата алмасаң «Сен кімсің?» деп сұрауға тура келеді. Арада апталар, айлар, жылдар өтіп егіздер есейгенде түр-тұрпатта айырмашылық көбейіп, екеуі мүлде екі түрлі адамға айналып, орта жастан асқан соң мінездері тіптен бөлектене береді. Біреуі көңілді, ашық жарқын болса екіншісі томаға тұйық, көп ойланғыш адамға айналады. Аумай туған егіздермен ұзақ уақыт істес болған кісілер келе-келе оларды дауысынан, жүрісінен оп-оңай ажырата береді. Ұзын сөздің қысқасы кез-келген жеке адам өз алдына бөлек жанды жаратылыс. Ол ешкімге түбегейлі толығымен ұқсамайды. Сыртқы түр-тұрпаты мен пішінін айтпағанда ішкі дүниесі мүлде басқаша, әлдеқайда терең, тылсым, құпия.

Немістің әдебиетші ғалымы Георг Лихтенберг «Жер бетінде біз үшін ең керемет нәрсе-адамның түрі» депті. Ұлық Алла адамды солай жаратқан. Адамның жүрегінде болып жатқан өзгеріс оның алақандай бет әлпетінде көңіл-күй боп сайрап шыға келеді. Уайымшыл адамның бетінде әжім іздері көп болады. Шекедегі көлденең сызықтар таң қалғыш кісілерге, ал тік түскен әжімдер ұзақ уақыт қадалып отырып ойланатын кісіге тән. Көз бен еріннің айналасына шашырай түскен әжімдер көп күлетін көңілді кісілерге үйір болады. Көзді барлық әулиелер жанның айнасы деп атаған. Орта ғасырдағы Қытайда тергеу жұмысын жүргізіп отырған соттар ішкі-көңіл күйін қылмыскерге білдірмес үшін көздеріне қара түсті көзілдірік киіп отыратын болған. Қос жанардың түр-түсіне қарап-ақ әулие кісілер адамның хал-ахуалын дәп басып, тіпті керек десеңіз болашағын дәл болжай алады. Қала берді онша елеусіз секілді екі еріннің өзі адамның мінезі құлқын біршама анықтап тұрады.

Қалай болғанда да бір кездескен кісілер бірін-бірі ә дегенде бет әлпетіне қарап бағалайды. Ол туралы алғашқы пікірі де солай қалыптасады. ХХ ғасырдың адамдарды хирург көмегіне сүйеніп, түріне өзгерістер жасай алады. Бет-әлпеті көріксіз кейбір әйел адамдар өздерін ел ішінде ыңғайсыз сезініп, өзінен-өзі қысылып, төменшіктеп отырады. Сол үшін барынша сүйкімді, әдемі, жағымды болып көріну үшін пластикалық операциялар жасап, түр-тұрпатын мүлде өзгертіп жібереді. Десек те пластикалық операцияның хас шебері американдық дәрігер Максуэл Мольц өзгеше пікір айтады. «Мен талай жыл әдеміліктен мақұрым қалған әйел дидарын қолдан өзгертіп, талай қыз-келіншектің ажарын ашып бердім. Бірақ одан олардың ашық жарқын, елгезек боп кеткен ештемесі де жоқ. Олар бәрібір іштей өздерін төмен санып, бұғып жүреді» Пұшық мұрын қыздарға қанша жерден келістіріп пісте мұрын жалғап берсең де олар өздерін адамдар арасында пұшық сезініп, именіп отырады. Адамның жаны қалай сезінсе сыртқы тән де соған бағынып, иіледі деген сөз.

Осы арада мынадай сұрақ көп адамды мазалайды екен. «Қоғамды орта жастан асқан тәжірбиелі кісілер басқаратын болса не себепті қоғамда қарама-қайшылыққа толы қиындықтар тым көп? Не себепті көп жағдайда егде кісілер ақылмен, даналықпен іс қылып жастарды тәнті қылмайды?» Себебі дейді зерттеуші оқымыстылар, адамның жасы ұлғайғанымен оның ақылы тоқырап, кері кетуі бек мүмкін. Барлық адам қартаяды, бірақ бәрі бірдей дана қартқа айналмайды. Ежелгі гректер «Қарт адамның ақ шашы оның даналығын емес кәрілігін ғана білдіреді» деп мақалдатқан екен. Псиохологтар адам өмірін кезеңдерге бөліп, былайша саралайды.

28 -30 жас арсында адам артына қарап, өткен өмірін алғаш рет таразылайтын мінез табады. Алғаш рет өмірінің ең жас, ең балғын, ең қабілетті кезін өткізіп алғанын анық сезіп іші удай ашитын кез. Енді әр нәрсені барлап, бақылап барып сақ қимылдауға көшеді. Енді жас кездегі тым ұлғайып кеткен арманның «орындалмайды-ау» деген артықтарын жонып, қысқартып, нақты дегендерін ғана қалдыра бастайды. «Бүкіл әлемді өзгертіп жіберемін деген баяғы арын басылып, Менің қоғамдағы орным қайсы?» деген сұрақ миына шаншудай қадалады. Ең өкініштісі ажырасу осы кезде өзінің шырқау шегіне жетеді. 35 жасар егде жұбайлар жұптарын қайта қарастырып қателікке ұрынады. Осы кезде «Отбасы деген не? Оның міндеті не? Құдай отбасы құруды не үшін бұйырды? Үйлі-баранды болудың мәні неде?» деген сұрақтардың жауабын таба алмаса амал нешік жұптар екіге ажырайды. Не болмаса ерлі зайыптылар сүйретіліп, сүреңсіз күй кешеді. Дәл осы жаста мамандығы мен жұмысынан жалығу деген екінші бір «ауру» пайда болады. Жас кезде өте қызықты, өте мазмұнды көрінген жұмысы жүйкесін жұқартып, шабытын шақырмайды. Мамандық ауыстыруға кеш болғандықтан көбісі далбасалап, жұмыс орындарын өзгертеді. Өмірді басқа қырынан танып білуге мүмкіндіктің жоқтығынан топастанған саяз пенделер ашуланшақ жындыға айналады. Пысықтары бұл кезде алданышпен дүние түгендеп, үйді жихазбен толтыруға талпынады. Үйіне келсе тез жалығып, ығыр болатын болғандықтан түн ортасына шейін әрдемені сылтауратып шаршамай шапқылай береді. Нәтижесінде отбасында «әйеліңе, бала-шағаңа көңіл бөлмейсің» деген жанжал тіріледі. Осылайша отбасындағы дағдарыс бәрібір болмай қоймайды.

35-тас асқан соң барып салқын қандылық пайда болып, әр нәрсені салмақтап барып қолға алатын байсалды мінез табады. Бес жыл өтіп, жасы 40-қа тірелгенде торығу, түңілу фазасы жұмыр басты пендеге қайта айналып соғады. Қырықтағы жігіт ағасын жатса тұрса; «Не үшін керек осының бәрі? Бала-шағаны несіне көбейтіп, асырап, ақша тауып өліп жүрмін? Жалпы өмір сүріп не керек?» деген сұрақтар ұйқысынан айырады. Бұл енді шешуші кезең. «Мен кіммін?» деген ұлы сұрақтың жүректе аш қасқырдай ұлып тұрып алатын кезі. Бұл ең соңғы ышқыныс. Бұл - барлығын таразыға салып, өлшеп отыратын сау ақылды рухани өмірмен алмастыратын кез келді деген соңғы белгі. Бұл-көкіректе тұншығып жатқан адамның негізгі «Мені» рух деп аталатын заттың бұлқынысы дейді психолог ғалымдар. Бұл «менді» бұрынғы нәпсани «менмен» шатастыруға мүлде болмайды, себебі бұл «мен» бұрынғыдай сұлу қыз, үлкен үй, жайлы машина деген секілді дүниелік нығметтерге жұбанбайды. Жанның осы хәлін шама-шарқынша зерттеген психолог ғалым Гейл Шихи; «Біз не нәрсемен шұғылданып, қандай жұмыс жасамайық, жасымыз қырыққа келгенде өзіміз өмір бақи елемегенсіп, қолдан тұншықтырып келген кеудедегі бір күш сыртқа қарай ышқынып ұмтылады» деп аталы сөз айтыпты.

Көптеген есті адамдар осы жаста өмірлерін қайта бастайды. Қырық жыл бойы қалыптасқан мінез-құлқы мен көз-қарастарына, әдеттеріне қарсы шығып, өзін-өзі түбегейлі тәрбиелеп өзгертеді. Бұл жаста ажырасу азайып, ерлі-зайыптылар жұптарына үлкен кешіріммен қарап, тағдырдың жазуына мойын ұсынады.

Осы аса жауапты кезеңді рухани ілімнің күшімен аман-есен алып өтер болса онда 55 жастан ары қарай 65 пен 70 жасқа дейін еркін жететін тың творчествалық шабыт табады. Сергек ой мен сау ақылды қолдан шығармаған дана қарттар бұл кезеңде шын тәуба етуге, жастық кездегі босқа кеткен уақыттарға өкінуге, бейім болады. Өмірдің барлық қиындықтары мен азаптарын тәжірбиесінен өткізіп; «Өмірдің негізгі мазмұны қайырымдылық пен мейірім» деп, ұлы сезімді бәрінен жоғары қоятын шын даналыққа жақындайды. Сонда ғана жастар қайырым мен мейірімнің нұрына малынған қарт адамды жақсы көріп, соның айналасына шоғырлана бастайды дейді.

Енді адамның негізгі менін анықтау деген мәселеге келейік. Ғалымдар мынадай қызық тәсіл ұсынады. Ақ параққа «Мен кіммін?» деген сұрақты 20 мәрте қайталап қояды. Осы бір мазмұннан тұратын көп сұраққа адамдар толық жауап бере алмай қиналып, әр қилы жауап беріп көреді. Әрине көбісі аты-жөнінен, ұлтынан, мамандығынан бастайды. Бірақ алты жеті сұрақтан соң не жазарларын білмей лақап аттарын жазып тастайды.

Енді осы сұрақтарға қазақша жауап беріп көрелік.

1. Мен кіммін? Мен Пәленбай Түгенбайұлымын

2. Мен кіммін? Мен қазақпын

3. Мен кіммін? Мен түген деген Университеттің студентімін.

4. Мен кіммін? Мен Ұлы жүз, Албанмын.

5. Мен кіммін? Мен Пәлен фирманың директорымын.

6. Мен кіммін? Мен парасат орденінің иегерімін.

7. Мен кіммін? Мен түгенбайдың келінімін.

Дәл осы сарында сұрақты соза беруге болады. Бірақ одан пайда жоқ. Себебі бұл анықтаманың бәрі адамның негізгі Менін толық анықтап бермейді. Сондықтан да адамдар қартайған сайын «Мен кіммін?» деген ең маңызды сұрақтың жауабын таппай адаса береді. Себебі адамның есімі шартты атау. Сәби туылғанда үйдегі ағайын-туыс ақылдасып отырып, оған қай ат ұнаса соны қояды. Не болмаса кейбір адамды ата-анасы бала кезінде қалай еркелетсе сол атпен ел арасына танылып кете барады. Мысалы Абай да, Шоқан да ұлы аталарымыздың шын есімдері емес. Екеуі де еркелетуден шыққан бөтен есімдер. Тіпті кейбір кісілер паспорт алатын кезде аты-жөні ұнамаса ауыстырып алуға мүмкіндігі бар. Яғни бұл қатып қалған анықтама емес.

Ұлтын айтып танылу да негізгі анықтама бола алмайды. Себебі кез келген қазақты қалың қытайдың ортасына апарып, қазақ тіліндегі кітап, газет, журнал, радио, теледидардан ажыратап тастаса ол қазақ міндетті түрде қытайланады, Орыстанған қазақтар да сол секілді.

Студент деген тіптен қысқаша анықтама. Себебі жас жігіт университет қабырғасында ары кетсе алты-ақ жыл оқушы боп жүре алады. Оқуын бітірген соң оны тұрған жұмысына қарай басқаша атауға тура келеді.

Жүз бен руда дәл сол секілді. Кез келген қазақ барлық жүздің не болмаса рудың құрамында қазақ болып жүре алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Заманауи балалар киносы
Мәдени саясаттың модельдері
МӘДЕНИ САЯСАТ ПРИНЦИПТЕРІ
XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Кинотеатрлар мен прокат салалары
Кеңес одағы кезіндегі қазақ мәдениеті типтері
Бұқаралық ақпарат пен коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер етеді. .
Қазіргі театр өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz