Мәдениет - күрделі қоғамдық рухани құбылыс
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Техникалық Университеті
"ҚХА және ӘГП" кафедрасы
Реферат
Пән: Философия
Тақырып: Мәдениет, оның табиғаты мен мәні.
Тексеруші:Аубакиров Е.Ж.
Орындаған: Бақбергенова Т.
Қарағанды 2020
Жоспар:
1. Мәдениет - күрделі қоғамдық рухани құбылыс
2. Мәдени ұғымдарға түсініктеме
3. Мәдениеттану пәнінің басқа пәндермен арақатынасы
4. Мәдениет теориясы
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Мәдениет дегеніміз не?- деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығуына тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тілінде бұл термин арабтың маданият- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні- мәдениет пен табиғатты, культура мен натураны қарсы қоюшылық.
Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу деген мағына берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда Цицеронның еңбектерінде (б.д.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру, даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет- белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет- адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;
б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі;
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).
Ал осы ұғымардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті. Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, ХҮІІІ ғасырға, яғни Ағартушылық кезеңіне дейін, басты құндылық - адам мен оның ақыл ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайданылды. Жоғарыда атап көрсеткенііздей, бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы- діни табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар берік қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар белгілі эллинист Макс Поленс полистік патриотизмді ерекше дәріптейді.
Полис дегеніміз-шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі діни табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистере қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процестер пайдейя (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады.
Өкінішке орай, қоғамның даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек пайдейясының идеалдары бұзыла бастады. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге- монотеизмге, натурализмге- руханилықты, гедонизмге- (сүйсініп рахаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға- Библияға сүйенген және оны шіркеудің қайраткерлері арқылы түсіндірілетін- кітаби білімді қарама-қарсы қойды. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңестік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды.
Жаңа заманда мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан баға беру қайта қаралып, жаңа мазмұнға ие болды. Мәдениет философиясы тұрғысынан алып қарастырғанда, ең озық идеялар осы дәуірдің философиясында кеңінен насихатталды. Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар ХҮІІІ ғасырдың ағартушыларына тарихи процесс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді.
Ортағасырлар мен қайта өрлеу дәуірінен бастап зерттеле бастаған көне заманның тарихи, философиялық, ғылыми және көркем әдебиетінен басқа, олардың назарынан археологиялық ескерткіштер, халық мәдениетінің шығармалары, саяхатшылардың дүние жүзінің әр елдері жөніндегі суреттемелері, түрлі тілдер жайындағы мәліметтер тыс қалған жоқ. Осыншама бай фактілерді есепке ала отырып, Ағартушылық дәуірінде Адамзат мәдениетін тұтастай қабылдауға талпыныс жасалынды.
Латынның "культура" сөзінің бастапқы мағынасы жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына бейімдеу дегенді білдіреді. В.Дальде біз "культура" сөзінің мынадай мағыналарын кездестіреміз: "өсіру", "өңдеу" және "күту", "білім, ақыл-ой және ізгілік".
Цицеронда біз бұл терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының дамуына байланысты барынша кеңірек қолданылғанын көреміз. Одан да бұрынырақтағы мұндай теңестірулерді қытай ("ЖЭН") және үнді ("дхарма"), сондай-ақ грек ("пайдейя") жылнамаларынан кездестіруге болады.
Қазіргі тіршілік деңгейінде мәдениет сөзінің кең мағынасы адам өмірі мен қызметіндегі барлық көріністердің жиынтығын, оны қоршаған ортаны өзгертуге ғылыми негізде адамдардың қолданысын білдіреді.
Мәдениеттің толығырақ мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи көзқарасқа орайластырылған адамның "екінші табиғаты" және "екінші ақиқат" деп атап көресетеді.
Терминнің мазмұны табиғаттың, адамның және оның қызметінің ажырамас бірлігін білдіретін бастаудың мәдениетте екендігін көрсетеді.
Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін қоғамдағы мәдениеттің ролі деп атайды. Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
-көндіктірушілік;
-құндылықты нормативтік;
-әлеуметтендіргіш;
-ұйымдық реттегіш;
-ізгілікті;
-комуникативті ақпараттық.
Көндіктірушілік міндет тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге байланысты олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі. Әлеуметтендіргіш міндет адамның алдана оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға; әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.
Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы, ру, тайпа, жыныстық, одақ), әлеуметтік (тайпа, ру одақтары) әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және кәсіби одақтар). Ұйымдық - реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық субъектілеріне теңдестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты. Бұл міндет моральдық, діни, құқықтық құндылықтар мен нормалардың көмегімен іске асады.
Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі - ізгіліктік болып табылады. Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті "ЖЭНЬ"-адамгершілік түсінігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А.Швейцардың мына сөзімен беруге болады. Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі - өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықта сақтауды талап етеді
Дәстүр адам қоғамының, мәдени өмірінің іргетасын қалайды. Дәстүр сөзі латынша құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа беру дегенді білдіреді.
Рухани дәстүр адамдардың талай ұрпағын бөліп келген уақытша кедергілерді бұзады. Рухани дәстүрлер істерінің құпиясы сақтай білу өнеріне байланысты, яғни оның мәнісін сәл жоғалта отыра мәдени құбылыстарды уақыт талабына орай қайта түлете білуде. "Сақтау" сөзінен шыққан "храм" сөзінің әртүрлі халықтардың мәдениетінде дәстүр жай ғана жасалып қоймай жанды дүние ретінде нақты әсер етуін жалғастыратын қасиетті орынды білдіруі тегін емес.
Көне Римдіктер Эллиндерге осындай көзқараспен қарады. Қайта өрлеу дәуірі өз мұраттарын көне классикада ХХ ғасырдағы романтиктер Орта ғасыр әлемінде жоғалтты, ал ХХ ғасырдағы Еуропалықтар жұртшылық Көне Шығыстың мұрасына бас назар аударды.
Дәстүрдің өмір сүру үшін тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа сенімді берілуін күшейту қажет, яғни оны қайта түсіндіру мен бұрмалаушылықтан сақтау қажет.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны, әр тілде сөйлейтін бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе - мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет.
Мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам - хайуани мадани, яғни, мәдениетті жан. Адам- табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам - табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Мәдениет адам мен табиғатты бөзліп тұрған қытай қорғаны емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл көпір. Осы үндестікті одан әрі жетілдіру - адаматтың алдындағы келелі міндет. Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдылыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние - бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні - руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Негізгі комммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл - байланыс құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара ұйымшыл. бөлінбес бірлікте болды.Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін виуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл-өсиет, даналық - ой, көпжылдық тәжірибе нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі айтылмай, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды. Мәтінді түсіну үшін дәлме-дәл, сөзбе-сөз оқу шегінен шығу керек: мәтін авторының көзқарасына және оның дүниетанымына, автордан тыс адамдардың дауысына, яғни қоршаған әлеуметтік орта көзқарасына қанық болу керек әрі осы мәтін соған жолданған-ау дейтіндей мүмкін адресаты да көз алдыңа елестете білу қажет. Мәтінді түсіну үшін оның басқа мәтіндермен және мәдени контекстімен қатынасын білу қажет. Мәдениеттің шынайы мәні оның өзінде емес, оның басқа мәдениеттермен белсенді қарым-қатынасында, сұқбатында. Сондықтан да ол үнемі шекаралық жағдайда өмір сүреді, яғни өзінің басқалармен шекараластығында, бірлесе қоян-қолтық араласуында өз шындығын, өз мәнін табады. Сұқбат адамның, мәдениеттің өзіндік шекарасынан шығу қажеттілігін қамтамасызө етеді, өйткені адам да, мәдениет те өзіне-өзі тепе-тең емес, өзімен-өзі шектелген дүние. Адамның да, мәдениеттің де болу мүмкіншілігі тек шекаралық жағдайда жүзеге асады. Адамның басқа адаммен, мәдениеттің басқа мәдениетпен сұқбаты, қарым-қатынасы негізінде ғана бұл әлемдегі бар құндылықтар дүниеге келді. Адам санасы оның әлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық-қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұқбаттық табиғатына куә боламыз. Сұқбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмаса да, ешбір мағлұмат алынбаса да сұқбаттың болу мүмкіншілігі бар, өйткені сұқбат - ішкі, көрер-көрінбес әрекеттің бір-біріне бағышталғандығы. Сұқбат шын мәнінде гуманизмді, адамсүйгіштікті уағыздайды, солай дейтін себебіміз сұқбаттың мақсаты адамдар арасында үйлесімділікке қол жеткізу, түрлі мәдениеттер, ділдер, діндердің ортақ кездесу орнын көрсете білу. Қазіргі көппарадигмалық, сұқбаттық рухани жағдай кеңістігінде бастауыш мәдени императивтер болып төмендегілер аталады: еріктілік, төзімділік, өзара түсіністік. Қоғамның рухани өмірінің алға даму шыңы бүгінде тарихи өткен мұрадан болсын, қазіргі мәдени шығармашылықтан болсын жалпыадамзаттық мән-мағына ізденіске бастайды. Ол үшін сұқбатты тек арнайы сұқбат әлемі деп қана емес, кең түрде - адамның әлемге деген, өзіне деген, замандас халықтардың тарихы мен мәдениетіне деген құндылықты қарым-қатынас деп қарастыру керек.
Мәдениеттің өзекті бөлігі өнер. Таңбалы тастағы кескіндермен тағы адамдардың ырым-белгілерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларпымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.Кез-келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының күштілігі соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып, сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінге анықтама беру оңай емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру дегенді білдіреді. Дін - адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады.
Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Қоғам - әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субьекттілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекттердің) байланыс нысандары. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметтері:
1. Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл- мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырады.
2. Жалғастық, мәдени мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.
3.Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызметінің сан алуан қырлары бар. Мұнда назар аударатын нәрсе- мәдениет пен білімнің арақатынасы. Адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Осы сипатта қоғамда ерекше зиялы қауым мүшелері мәдениетті сақтау және дамыту існде үлкен қызмет атқарады. Егер біз өнер арқылы әсемдікке ұмтылсақ, моральдық таным арқылы жамандық пен жақсылықты айырамыз.
4.Реттеу қызметі. Адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес. Алайда мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz