Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында қаржылық ресурстарды басқару механизмі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономика тақырыбы, мiне, бiрнеше жылдардан берi бiздiң қоғамдық санамызда жетекшi орын алып келедi. Бәлкiм, нарықтық экономиканың ең сиымды да қысқа анықтамасы, ″еркiн кәсiпкерлiк экономикасы″ сөз тiзбегiнде жатқан болар.

Шынында, нарық ең тиiмдi кәсiпкерлiк орта болып табылады. Кәсiпкерлiк - нарықтық қатынастардың қасиеттерi мен сапалық сипаттамасының жиынтығы. Сондықтан кәсiпкерлiктiң әртүрлi формаларымен байланысты болғандықтан, кәсiпкерлiкетiң мынадай түрлерiн бөлiп айтуға болады: өндiрiстiк, коммрециялық, қаржылық.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақшалық қорлармен, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсерін тигізеді. Жалпы мемелекеттік қаржысы мен шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржысы арасында тікелей байланыс бар: шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржылық жағдайы неғұрлым орнықты болса, соғұрлым мәдени-әлеуметтік, инвестициялық және басқа мұқтаждықтар мен мемлекеттік бағдарламалар толық қанағаттандырылады.

Өндiрiстiк кәсiпкерлiк негiзiнен тауарлар мен қызмет көрсетудi өндiру мен тұтынуға; коммерциялық - оларды айырбастау мен тұтынуға; қаржылық - айналысқа, құндар айырбасына байланысты жүзеге асады. Кәсiпкерлiктiң бұл түрлерiнiң ұйымдастырылуы мен қызмет етуiне байланысты әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерi болғанымен, олардың барлығы бiрiн-бiрi толықтырып тұрады. Шағын және орта кәсiпкерлiк кәсiпкерлiктiң ерекше түрi болып саналмайды, ал оның формасы кез-келген түрде: жекешелiк, серiктестiк, шектеулi жауапкершiлiктi қоғам ретiнде болуы мұмкiн. ұсақ кәсiпорындарды жекелеген азаматтар, мемлекеттiк ұйымдар мен кәсiпорындар, сол сияқты қоғамдық ұйымдар да құруға құқықты.

Қазақстан Республикасында қаржылық ресурстар көздерінің жиынының ішінде кейбіреуіне ғана отандық кәсіпорындар қол жеткізе алады. Олардың ішінде мыналарды атап кетуге болады: акционерлік капитал, займдар және ссудалар, овердрафт, жабдықтаушыларға берілетін несие, субсидиялар.

Алайда, шағын және орта бизнес кәсіпорнын қаржыландырудың айтып кеткен көздеріне қол жеткізу көп жағдайларда, кәсіпорынды қаржылы-орнықты ретінде сипаттайтын анықталған периодқа арналған бухгалтерлік есеп берудің бар болуымен, сонымен бірге залогқа салатын зат түрінде қолданылатын мүліктің бар болуымен анықталады.

Қаржылық ресурстарды қолдану көптеген бағыттармен жүзеге асырылады, олардың ішінде бастысы болып табылатындар мыналар:

қаржылық міндеттерді орындауға алдын ала келісілген, қаржылық-банктік жүйе органдарына төлемдер (бюджетке салық төлеу, несиені пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлеу, алынған ссуданы өтеу, сақтандыру төлемдері және т. б. )

қаржылық ресурстарды өндірістік процессті ұйымдастыру үшін қажетті материалдық ресурстарды сатып алуға қолдану;

өндірісті кеңейтуге және оның техникасын жаңартуға, сонымен бірге жаңа прогрессивті технологияларға ауысуға және т. б. байланысты капиталдық шығындарға жеке қаражаттарды инвестициялау (реинвестициялау) ;

қаржылық ресурстарды рынокта сатып алынатын құнды қағаздарға, нақты айтса кооперативтік жеткізіп берумен байланысқан басқа фирмалардың акциялары мен облигацияларына, мемелекеттік займдарға және т. б. инвестициялау;

Қазақстан Республикасын дамытудың «Қазақстан-2030» Стратегиясына сәйкес Үкімет қызметінің бағдарламасы дайындалды. Онда Үімет жұмысының мақсаттары, экономиканың нақты секторын жандандыру құралымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бюджеттік сфераны реформалау және белсенді әлеуметтік саясатты жүргізу мен макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау жағдайында ел экономикасына инвестицияны қатыстыру анықталған.

Шағын және орта кәсiпкерлiктiң экономикалық мәнi: бiрiншiден, оның объективтi түрде өмiр сүруi және экономиканың секторы ретiнде дамитындығымен; екiншiден, кәсiпкерлiк қызметтiң ерекше түрi болып табылатындығымен анықталады.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi экономиканың секторы ретiнде қарастыру қоғамдық өндiрiстiң екi - техникалық - ұйымдастыру мен әлеуметтiк - экономикалық - жағының бiрлiгiн анықтауға негiзделедi. Оның бiрiншi жағы өндiргiш күштер, яғни, өндiрiстiң материалдық - заттық элеменеттер жиынтығы, жұмыс күшi мен өндiрiстi ұйымдастырудың түрi арқылы анықталса, екiншi жағы - өндiрiстiң қоғамдық түрiн құрайтын өндiрiстiк қатынастармен анықталып отырады.

Экономиканың мөлшерлiк құрылымы көлемi жағынан әртүрлi кәсiпорындардың бiрге өмiр сүретiндiгiн көрсетедi. Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта өндiрiстiк өлшемнiң қоғамдық формасы шағын және орта кәсiпорын болып табылады.

Нарықтың монополистiк емес құрылымын қалыптастыруда, экономикалық монополизмдi жеңуде шағын және орта кәсiпорындар маңызды рөл атқарады. Осының барлығы бұл дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері Осыған орай бұл дипломдық жұмыстың мақсатына нарықтық экономика жағдайындағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруды басқару мәселелерінің негізгі тәсілдерін айқындау арқылы оларды жетілдірудің экономикалық тетіктерін ұсыну жатады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • шағын және орта бизнес қаржысы түсінігін сипаттау, қалыптастыру принціптерін қарастыру;
  • шағын және орта бизнес кәсіпорындарында қаржылық ресурстарды басқару механизмін көрсету;
  • шағын және орта бизнес қаржысын басқаруға талдау жасау;
  • шағын және орта бизнесті несиелеудің негізгі бағыттарын талдауды қарастыру;
  • шағын және орта бизнес сферасындағы қаржылық ресурстарды жоспарлау ерекшеліктерін анықтау;
  • шағын және орта бизнес қаржысын басқару процесін жетілдіруді бейнелеп көрсету

Дипломдық жұмыстың объектісіне Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің субъектілерінің қаржылық қызметі және ММ «Кәсіпкерлік бөлімі»бойынша шағын кәсіпорындарға бөлінетін қаржылар жатқызылды

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы шағын кәсіпорындарға берілген қаржылырды талдау және оларды бағалау болып табылады.

Тәжірибелік жағынан бұл жұмыста шағын кәсіпорындарға берілген қаржылардың кейінгі үш жылдағы мәлметтері қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың ақпаратық негізі ретінде Қазақстан Республикасының заң шығарушы және нормативтік актілері, отандық және шет елдік экономист-ғалымдардың нарықтық экономика жағдайындағы шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі ғылыми еңбектері мен статистикалық деректері, және осы тақырып төңірегінде жарық көрген ғылыми мерзімді басылымдардағы ғылыми-теориялық мақалалар қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың мәні ретінде экономикадағы шағын және орта бизнес қаржысын басқару проблемалары жөніндегі теориялық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу барысында туындайтын мәселелер жиынтығы қарастырылады.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Шағын және орта бизнес қаржысы түсінігінің сипаттамасы,

қалыптастыру қағидалары

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржысы - мемлекеттің қаржылық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл қаржылық жүйенің біршама дербес сферасы.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржысы - ақша айналымының нәтижесінде туындайтын және осының негізінде кәсіпорындарда құрылатын қаражаттық қорларды қалыптастырумен байланысқан ақша ағыны пайда болатын экономикалық ақшалық қарым қатынастар.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржысы қаржылық ресурстарды қалыптастыру, үлестіру және пайдалану бойынша нақты ақшалық айналымда туындайтын экономикалық қарым қатынастар жиынтығын береді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржысы дегеніміз - нақты дәрежеде мемлекетпен регламенті белгіленген және жарғылық қызметті жүзеге асыру мен барлық міндеттерді орындау үшін қажетті ақшалық қормен және пайдамен, кәсіпорынның нақты ақшалық айналымымен, капиталдың қалыптасуымен және пайдалануымен байланысқан ақшалық қарым қатынастар жүйесі.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарындағы қаржылық қарым қатынастар келесі субъектілермен пайда болады:

  • мемлекетпен - 1) салықты төлеу, республикалық және жергілікті бюджеттер алымдары мен қаржы бөлімдері, мақсатты бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар жөнінде; 2) салықтық заңдылықтарды бұзған жағдайда қаржылық санкцияларжды төлеу; 3) республикалық және жергілікті бюджеттен, мақсатты бюджеттік және бюджеттен тыс қордан қаржыландыру; 4) бюджеттік несиелер мен ссудалар алу және қайтару;
  • жалдамалы жұмыскерлермен - 1) тұтыну қорынан еңбек ақыны төлеу жөнінде; 2) табыс салығын, тұрғындарды әлеуметтік қорғау қорына салымдарды және заң шығарушылыққа сай тағы басқа шегерімдерді ұстап қалу;
  • ұйымдастырушылармен (жеке меншіктермен, қатысушылармен) - жаңа қатысушыларды қабылдағанда, қатысушы жұмыстан шыққанда мүліктегі үлесін төлегенде, салынған капиталға дивиденттерді, пайыздарды үлестіргенде және төлегенде, сонымен бірге мүлікті және жеке капиталды басқару жөнінде;
  • шаруашылықпен айналысатын субъектілермен - экспортты-импорттық операцияларды және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлерін жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының нерезиденттерімен;
  • жабдықтаушылармен және сатып алушылармен - өнімді, тауарды, материалды сатып алу мен сату, экономикалық санкцияларды қолдану жөнінде;
  • қаржылық-несиелік институттармен және басқа шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен - бос ақшалық қаражаттарды қатыстыру және орналастыру жөнініде (займдарды, сақтандыру салымдары мен сақтандыру төлемдерін, ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік қаржылық салымдарды алу және өтеу) ;
  • еншілес кәсіпоырндармен - қаражаттарды ішкі жемқорлықпен үлестіру жөнінде.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын біріктіру және бөлу процесімен байланысты капиталды қайта үлестіру және қалыптастыру бойынша қаржылық қарым қатынастар жаңалық болып табылады. [1, 88б]

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық қатынасы жалпы ішкі өнімді және ұлттық пайданы үлестіру мен қайта үлестіру процесін қамтиды. Бұл қатынастар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастыру, үлестіру, қайта үлестіру және пайдалану процесінен туындайды.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық ресурстары оның қарауында бар барлық қаражат көздерінен тұрады. Олар қызметтің әр түрлерін (ағымдағы, инвестициялық, қаржылық) жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасады және де шағын және орта бизнес кәсіпорындарының айналымдық қаражаттарына қызмет көрсете отырып, тұрақты қозғалыста болады. Қаржылық ресурстар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ақшалық кірісінде, қорында, резервінде, капиталында көрсетіледі.

Ендеше, қаржылық қатынастар қызметтің әр түрінде таралатын ақшалық ағымдар негізінде қаражаттардың ауыспалы айналу процесінде қалыптасады деп айтуға болады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының барлық қаржылық ресурстары қандай да бір дәрежеде мемлекетпен белгіленеді.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақшалық қорлармен, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсерін тигізеді. Жалпы мемелекеттік қаржысы мен шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржысы арасында тікелей байланыс бар: шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржылық жағдайы неғұрлым орнықты болса, соғұрлым мәдени-әлеуметтік, инвестициялық және басқа мұқтаждықтар мен мемлекеттік бағдарламалар толық қанағаттандырылады.

Шағын және орта кәсiпорынға мөлшерлiк сипаттама бергенде сандық белгiлерi неғурлым жиiрек қолданылады. Осы мақсатта экономикасы дамыған нарықты елдерде әртүрлi көрсеткiш белгiлерi қолданылады. Оларға жататын негiзгi көрсеткiштер: еңбекпен қамтылғандар саны, капитал айналымының көлемi (өткiзу көлемi), сондай-ақ жылдық табыс көлемi мен басқа фирмалардың капиталына қатысу дәрежесi сияқты қосымша көрсеткiштерi де пайдаланылады. Қамтылғандыр саны көрсеткiшi практикада қолдануға жеңiлiрек болғандықтан барлық жерде есепке алынады. Бiрақ оның мөлшерi әр елдерде ғана емес, салалар бойынша да өзгерiп отырады. Мысалы, тау-кен өнеркәсiбi, транспорт, құрылыс, өндеу өнеркәсiбi, байланыс, несие, коммуналды шаруашылық, қаржы, сақтандыру, жылжымайтын мүлiкпен операциялар сияқты салаларда жұмыс атқаратындардың саны 300 адамнан аспауы қажет. Көтерме саудада - 20 немесе одан да аз; коммерция, қызмет көрсету саласында - 5 және одан да аз адам қызмет етуге тиiстi.

АҚШ-та Шағын және орта бизнес Әкiмшiлiгiнiң (ШБӘ) анықтамасы бойынша шағын бизнес жұмыс күшiнiң орташа жылдық көлемi 500 адамға дейiн қамтылған кәсiпорындар саласында орын алады. Бұл анықтамаға көтерме және бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы, тұрғын үй, сонымен қатар ауыл шаруашылығы, орман мен балық өнеркәсiбi кiредi.

Германияда шағынға құрамында бiр адамнан елуге дейiн қамтылған жұмыскерлерi бар кәсiпорындарды, орташаға - 50-ден 5000-ге дейiн адамы бар фирмаларды жатқызады.

Австрияда қамтудың жоғарғы шегi 100 адам.

Ұлыбританияда өңдеу өнеркәсiбiгiндегi қамтылғандардың саны 200 жұмыскер; құрылыс, кен қазу мен көмiр өнеркәсiбiнде - 20 жұмысшыдан аспаса ғана фирма шағын болып есептелiнедi.

1 кесте

Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың жалпы санындағы шағын кәсiпорындардың үлесi, (% бойынша)

Елдер: Елдер
Ұсақ кәсiпорындар, 1-ден 19 адамға дейiн: Ұсақ кәсiпорындар, 1-ден 19 адамға дейiн
Шағын кәсiпорындар, 19-дан 500 адамға дейiн: Шағын кәсiпорындар, 19-дан 500 адамға дейiн
Елдер: АҚШ
Ұсақ кәсiпорындар, 1-ден 19 адамға дейiн: 26
Шағын кәсiпорындар, 19-дан 500 адамға дейiн: 28
Елдер: Жапония
Ұсақ кәсiпорындар, 1-ден 19 адамға дейiн: 49
Шағын кәсiпорындар, 19-дан 500 адамға дейiн: 28
Елдер: Ұлыбритания
Ұсақ кәсiпорындар, 1-ден 19 адамға дейiн: 26
Шағын кәсiпорындар, 19-дан 500 адамға дейiн: 28
Елдер: Франция
Ұсақ кәсiпорындар, 1-ден 19 адамға дейiн: 32
Шағын кәсiпорындар, 19-дан 500 адамға дейiн: 28
Елдер: Ескерту [2, 27б]

Францияда шағын және орташа кәсiпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспйтын компаниялар жатады.

АҚШ, Ұлыбритания және Францияда шағын және ұсақ кәсiпорындар жалпы өнеркәсiптiк кәсiпорындардың жартысынан астамын, ал Жапонияда -3/4 бөлiгiн құрайды (1-кесте) .

Капитал айналымының көлемi (өткiзу көлемi) бойынша есепке алу көрсеткiшi АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Францияда, ал капитал көлемi немесе өндiрiстiк қорлар мөлшерi көрсеткiшi Жапонияда қолданылады.

Сонымен қатар, кейбiр елдерде (Германияда) басқа фирмалардың капиталына қатысу (1/3-ден кем болмауы керек) немесе табыстың жылдық көлемi көрсету саласында шағын фирмалардың қатарына жылдық табысы 2. 5 - 14. 5 млн долл, құрылыста - 9-21 млн, бөлшек саудада - 3. 5 - 13. 5 млн, өңдеу өнеркәсiбiнде - 3. 5 - 20 млн долл болатын компаниялар жатады [2, 27б] .

Бiрақ, жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштердiң ешқайсысы да шағын бизнестi анықтайтындай толық деңгейдегi көрсеткiш бола алмайды.

Кей жағдайларда шағын, орташа және iрi кәсiпорындарға жiктеу қамту саны бойынша да, өткiзу көлемi бойынша да жүзеге асады. Бұл фирма көлемiн анықтауда капитал салу саласының шешушi рөл атқаратындығын көрсетедi. Дегенмен, халықаралық практикада, шағын бизнестiң нақты анықтаммасы болмаса да, оған қамту мөлшерi бойынша 500-ге дейiн адамы бар фирмаларды жатқызады. Қамту саны бұл шектен жоғары фирмалар iрi кәсiпорындарға жатқызылады [3, 16б] .

Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi деп, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы маусымның 19-да шыққан №131-1 - шi заңына сәйкес, жұмыскерлерiнiң жылдық саны 50 адамнан, ал активтер құны 3480 мың теңгеден аспайтын коммерциялық ұйымдарды айтады. Шағын кәсiпкерлiкпен жеке тұлғалар, сол сияқты заңды тұлғалар да айналыса алады [4, 1 б] .

Шағын және орта бизнестiң белгiлi бiр бағыттық сипаты алғашқы капитал салымы мардымсыз болған күнде де өз сатып алушыларын қалыптастырып, iрi фирмалармен бәсекеге түсуге мүмкiндiк бередi.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi тәуекелдi бизнес саласына жатқызады, себебi әрбiр 10 кәсiпорынның 2-3 ғана аяғынан тұра алады. Ұсақ кәсiпорындарды, әдетте, өз ойларын, зерттеулерi мен жаңалықтарын тезiрек енгiзгiсi келетiн ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар басқарады.

Шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсiпкерлер әлеуметтiк жағынан бiркелкi емес - олар әртүрлi топтар мен қоғамдық құрылымнан шыққандар. Бiрақ шағын кәсiпкерлiк қарапайымдылығымен көптеген адамдарды тартады.

Нарықтық экономикада шағын және орта бизнес негiзгi төрт қызметтi атқарады:

- жұмыс орындарын қалыптастыру. Шағын және орта бизнесте жасалатын жұмыс орындарының iрi компанияларда ашылатын орындармен салыстырғанда өз ерекшелiктерi бар. Шағын және орта фирмалар, әдетте, негiзгi жалақыны да, қосымша төлемдердi де аз төлейдi. Бұл жұмыс орындарындағы жұмыскереледiң көбiсi ешқашан жұмыс iстемегендер, кейбiреулерi жұмыс орнын ұсақ фирмадан тапқанға дейiн ұзақ уақыт бойына жұмыс iздегендер. Орташа есеппен алғанда шағын кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң iрi компаниялардың қызметкерлерiндей бiлiмдерi жоқ. Корпорациялардың талабына толық сәйкес келмейтiн жұмыскерлердi жалдай отырып, ұсақ кәсiпорындар елдегi тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады;

- шағын және орта бизнес жаңа тауарлар мен қызметтiң түрлерiн енгiзу қызметiн атқарады. Осы артықшылығына байланысты шағын және орта кәсiпкерлер экономикалық өрлеуге маңызды үлес қосады. Бұл тұрғыдан алғанда, шағын және орта бизнестiң жетiстiктерi қауiпсiз сақал қырғыштар, электрондық қол сағаттары, вертолет, тот баспайтын болат пен көшiрме аппараттары өндiрiсiне әсер ете отырып, аталған салалар бойынша нағыз төңкерiс жасады.

Дүниежүзiлiк тәжiрибе шағын фирмалардың iрi компанияларға қарағанда әр қамтылған адамға шаққәнда 2. 5 еседей көп жаңа өнiм шығарып, қолданымдағы технологияны жақсарту бойынша 2 есе көп мәндi ұсыныстар жасайтындығын көрсеттi;

- шағын және орта кәсiпорындар жоғарыда айтылған қызметтерден басқа өнiмдерiн өткiзу, қызмет көрсету, жабдықтаумен айналысу арқылы iрi корпорациялардың қызметiнде маңызды орын алады;

- көптеген шағын және орта фирмалар тұтынушылардың ерекше мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қабiлеттi болғандықтан (яғни арнайы тауарлар мен қызметтердi жүзеге асыратындықтан) өмiр сүре алады. Iрi компаниялар бұл сияқты қызметтен қашуға тырысады. Бай тұтынушылар ″ерекше″ талғамдарымен ажыратылады. Олар жеке тапсырыс бойынша дайындалған, әдеттегi тауарларға ұқсамайтын өнiмдердi қажет етедi. Сондықтан да кейбiр шағын кәсiпорындар осындай ерекше қажеттiлiктi қанағаттандыру арқылы жетiстiкке жеттi.

Шағын және орта кәсiпкерлiктiң осы қасиеттерi оның дамуын маңызды факторға айналдырады.

Шағын және орта бизнестi ұйымдастырудың iшкi өндiрiстiк артықшылықтары ерекше көңiл бөлуге тұрарлық. Шағын және орта фирманы ұйымдастыру артықшылығының қарапайым мысалы ретiнде оның бiркелкi топтық құрамын келтiруге болады. Ұжым мүшелерiнiң мамандықтары бiрдей, барлығы бiр мақсатқа ұмтылады. Бұл бәсекелiк нарықта үш артықшылықты бередi:

- iрi кәсiпорындарда толық пайдаланылмайтын бөлiнбейтiн мүлiкке (ғимарат, жабдықтар, компьютер және т. б. ) деген шектеулi құқығы бар ұйымшыл шағын топ оны жақсырақ пайдалана отырып, бiрiгiп әрекет етудiң нәтижесiнде шығындарды азайтады;

- топ iшiндегi тығыз байланыстар олардың мiндеттерiн нақтылауды қажет етпейтiндiктен, келiсiм жүйесi жеңiлдейдi;

- жақсы ұйымдасқан топ өз бетiнше шаруашылық жүргiзетiн тұлғалар үшiн қауiптi болып саналатын күтпеген жағдайларға неғурлым сәттi қарсы тұра алады.

Бiрақ бiркелкi топтық - ұйымдастырудың да әлсiз жақтары бар. Ол ұлғайған сайын топ iшiндегi араласу, байланыс қиындайды, менеджерлерге деген қажеттiлiк пайда болады. Мұндай құрылым - менеджер өзiмен бiр мамандықтағы қызметкерлер тобын басқарып, бағыт беретiн иерархияның қарапайым түрi.

Жаңа әлеуметтiк қоғам құрылымын қалыптастыру, басқару аппаратының үлкендiгi, нарықтық экономикадағы икемсiздiгi, тұтынушылармен керi байланыстың жоқтығына байланысты iрi шаруашылық құрылымдарының шеше алмайтын әлеуметтiк - экономикалық мәселелердi шешуде шағын бизнестiң алатын орны ерекше. Экономикада шағын кәсiпорындардың көп болуы бүкiл басқару жүйесiнiң орталықтануын әлсiрететдi және қағамдағы еңбек бөлiнiсi жүйесiнде қызметтiң неғұрлым тиiмдi бөлiнуiне ықпал етедi.

Нарықта мамандырылған, доғары технологиялы көптеген шағын және орта кәсiпорындар анағұрлым селсоқ iрi бизнеспен бәсекеге түседi. Бұл бәсеке олардың қызметiнiң ынталандырушысы рөлiн аткарады және монополистiк нарық құрылымының пайда болуына кедергi жасайды.

Шағын кәсiпкерлiктiң дамуына ден қою - экологтардiң бағдарламаларындағы басты орындардың бiрi.

Мысалы, АҚШ-та соңғы жылдары өз электр станцияларын салу бойынша ұсақ тәуелсiз кәсiпкерлердiң қызметi барған сайын кеңiрек тарап келедi. Олар энергиялық ресурстар ретiнде газ, жел, тау өздерiнiң ағысы, биоотынды пайдаланады.

1982-1987 жылдар аралығында АҚШ-тағы ұсақ тәуелсiз электр станцияларындағы электр энергиясын игеру жылына 5 млрд-тан 12. 5 млрд киловатт-сағатқа дейiн өстi [5, 6б] .

Шағын және орта кәсiпорындардың сәттi шаруашылық қызметiнiң қажеттi элементi - олардың сыртқы нарыққа шығуы.

Егер тек қана экспортты алатын болсақ, дүниежүзiлiк нарықтағы американ бизнесмендерi өткiзген тауарлық өнiмнiң жалпы көлемiнiң 20%-ке жуығы АҚШ-тағы шағын компаниялардың үлесiне келедi.

Голландия, Бельгия, Германия сияқты елдерде ол жекелеген жылдары 35-40%-ке жетедi.

Жапония экспортындағы шағын бизнестiң алатын үлесi 70-шi жылдардың басынан берi 32%-тен 39%-ке дейiн өстi.

Шағын фирмалардың басым бөлiгi шығарылатын тауарлар көлемiнiң 5-10%-iн дүниежүзiлiк нарықта өткiзедi [6, 77-81б] .

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржысы жалпы принціптермен құрылады. Практикада жоспарлық; айналымдағы қаражаттарды меншік және заемдық деп бөлу; қаржылық резервтардың пайда болуы; негізгі қызмет және капиталдық салым қаражаттарын бөлу; өз шығынын өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру сияқты принціптер құрылды және міндетті түрде қолданыс тапты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту
Шағын кәсіпкерлікке қатысатын субъектілер
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы
Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы жағдайын талдау
Қазақстан Республикасында салықтық реттеудің қазіргі тенденциялары ( ОҚО мысалында )
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz