Туған өлкенің тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Мектепте тарихты оқыту барысындағы өлкетану жұмысы

Жоспар

Кіріспе

1 Қазақстан тарихы сабағында өлкетануды оқыту

1. 1 Тарих сабағында оқыту әдіс тәсілдері

1. 2 Оқушыны патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

2 Мектепте тарихи өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолдары

2. 1 Өлкетану тарихы бойынша жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау

2. 2 Мектеп қабырғасындағы өлкетану мұражайы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында: - орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептің факультативтік курс түрінде жүргізілетін «Өлкетану» пәнінің мазмұнына туған өлкенің тарихи, табиғи, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, мәдени ерекшеліктері жайлы деректерді енгізу арқылы, аймақтық компонентті жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын кеңестер береді. Туған өлке жайлы білім мазмұнының практикалық жақтарын күшейту жолдары қарастырылады, оның білім берудегі рөлі және оны қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері ашып көрсетіледі [1, 121-125б. ] .

Аймақтық компонентті жетілдіруде оқу-тәрбие жұмысының сыныптан тыс, сабақтан тыс түрлері маңызды рөл атқарады. Олар пән сабақтарын толықтырып отырады және негізінен сабаққа байланысты жүргізіледі. Өлкетену жұмысы сабақтағы оқу материалының мазмұнынан тысқары болады, бірақ ол сыныптан, сабақтан тыс алынатын білімді туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы жайлы қосымша кең көлемді біліммен толықтырып отырады. Сондықтан тарихты оқытуда өлкетану материалдарын пайдалану арқылы аймақтық компонентті жетілдіру сабақ және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетті де қамтуы тиіс.

Сонымен қатар тарихты оқытуда өлкетану материалдарын пайдалану мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарының өз халқының, мемлекетінің тарихын, өлке табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығы артуда, сол себепті мектепте туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызы арта түсуде. Сондықтан, мектепте өлкетану жұмысын жетілдіру маңызды педагогикалық үдеріс болып табылады. Орта мектепте тарихты оқытуда өлкетану материалдарын пайдалану негізгі аймақтық құрамының аспектілерін оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар арқылы мектеп мұғалімдеріне өлкетану жұмысын жетілдіруге көмектесу. Орта мектепте өлкетану жұмыстарын жоспарлаудың және ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындай отырып, «Өлкетану» бойынша сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды өткізудің үлгілерін жасау, пәнаралық, өлкетану тақырыптарын оқытудың үлгілерін ұсыну, - «Өлкетану» курсының оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру мүмкіндігін ашып көрсету.

Өлкенің тарихын білу-өзінің отбасының, әулетінің, туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. өлкетану курсын оқыту үздіксіз зерттеулер, тәжірибелер мен жан-жақты ізденістер қажет ететін күрделі проблемалар. Экологиялық, өлкетанулық білім беруді бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру керек өйткені экология, өлкетану курсын пән ретінде оқытудың 1-11 сыныптарға арналған мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді [2, 121-125б. ] . Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту - Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.

Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет. Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Өлкеміздің бүгінгі тарихы аса зерттелмеген деуге болады. Дегенмен, өлкемізден шыққан аймақтың тарихына, әлеуметтік - экономикалық әлеуетіне, өлкенің өшпес рухани және материалдық құндылықтарына қызығушылық білдірген авторлардың еңбектері төменде келтірілген.

Б. Ө. Жақып кітап-альбомында қоғамымыздың ең құнды байлығы болып есептелетін - ел азаматтарына қатысты құнды мәліметтер жарияланған. Қоғамымыздың мақтанышы, облыс дамуына қомақты үлес қосқан жерлестеріміз туралы да бірегей материалдар басылымда орын тапқан. «Ертістің Павлодар өңір» - Қазақ энциклопедиясы. Обылыстық энциклопедияда қазақ елінің аса ірі индустриалды-аграрлы өлкесі туралы жан-жакты мәліметтер жүйеленген. Мұнда обылыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісі, тұрғындары, экономикасы мен мәдени дамуы, табиғат байлықтары жайында мол ақпарат берілген. Кітапта тарихи тұлғалар, өңірден шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер қызметкерлері туралы мақалалар берілген. Энцеклопедияда бұрын көпшілікке беймәлім мұрағат құжаттары, фотоматериалдар кеңінен пайдаланылған. Аймақтың тарихына, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне, өлкенің өшпес рухани және материалдық құндылықтарына қызығушылық білдіретін оқырманға арналған бұл басылымның ғылыми-өлкетанымдық мәні зор [3] .

Алдабергенов Қ. М., Арын Е. М., Баткеева Б. Т. «Бір туар дара тұлғалар» атты еңбекте Баянауыл өңірінен шығып, соңына өлмейтұғын сөз қалдырған ақын-жазушылардың(Бұқар жырау Қалқаманұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, т. б. ) өмір-жолдары мен шығармашылық шеберліктері және туған халқының нұрлы болашағы үшін білімнің шыңына көтерілген ғалымдардың жарқын бейнелері ғана көрсетіліп қана қоймай, бүкіл қазақ халқының рухани байлығының, яғни өнер мәдениетінің де мақтанышына айналған әнші-күйші, сазгерлердің де ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан дәстүр жалғастығы жарияланады [4] .

В. А. Белова, Қ. Ғ. Мақажанова, Т. Е. Покидаева «Жаңа тарих беттері» атты еңбегінде облыстың 75 жылдығына арналады. Кітапта 1991 - 2012 жылдардағы Павлодар облысы тарихынан оқиғалар мен фактілер қазақ және орыс тілдерінде хронологиялық жүйелікпен орналасқан. Кең оқырман қауымына зерттелетінтақырып аясында ақиқат материалдары ұсынып отырған бұл басылым Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында, Қазақстан Республикасы кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатында, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған қужаттар, мерзімді баспасөз бен өлкетану материалдары негізінде дайындалған. Басылым суреттермен безендірілген. Кітап ғалымдарға, оқытушыларға, аспиранттарға, студенттерге, оқушыларға және Ертістің Павлодар өңірі тарихына қызығушылық танытатын барша оқырмандарға арналған [5] .

Байбатыров Ғ. «Өлкетану тақырыбындағы тарихи-танымдық туындылар» атты еңбегінен қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгіліктік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық, өлкетанулық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарлама сүйене отырып, жаңа бағыттарын көрсетеді [6] .

Тұрлығұлов Т. Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Тұрғанбаев Б. А. «Дамыта оқыту технологиялары», Т. Тұрлығұлов «Қазақ тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі», Мерсейтова С. «Оқу ізденіс- ізденіс оқу ретінде», Н. Әбдіжалиев «Тарих сабақтарында интерактивті сабақтарды қолдану» атты еңбектерінде келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, сонымен қатар Тұрлығұлов Т. Т. “Отан тану” еңбектеріне нақты тарихи талдау жасауға болады [7] .

Тұрлығұлов Т. Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары» еңбегінде ғылыми мәнімен қоса, оқу - әдістемелік сипаты да басым. Автор осы пәннің ұзақ жылғы қалыптасу тарихын шола отырып, оны оқытудың тәжербиесіне және де өзі жүргізген ғылыми - зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сүйене келіп пән әдістемесінің өзекті екі проблемасын - «Нені оқыту қажет?» және «Қалай оқыту керек?» дегендерді жаңаша шешуді мақсат еткен [8] . Атап айтқанда, қазіргі уақытта тарихты оқытудың мақсаты мен міндеттерінің жаңару себептері, осыған байланысты тарихи білімдерді іріктейтін ұстанымдардың өзгеруі, демек білім мазмұнының жаңарып жетілуі оны өз тарапынан оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерінің өзгертетіні сөзсіз және оларды жүзеге асыру жолдары қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар «Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі» деген жаңа ғылыми - әдістемелік пәннің құрылымы мен мазмұны да анықталды.

Тұрғанбаев Б. А. «Дамыта оқыту технологиялары» деген оқу - әдістемелік еңбекте инновациялық оқыту, педогогикалық технологияларды, интерактивті әдістерді қолдану сияқты соңғы уақыттағы жаңалықтармен қатар, елімізде білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың да тиімді әдіс, тәсілдері көрсетілген [9] .

Мазбаев Қ. «Туризм және өлкетану негіздері» атты еңбегінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді [10] . Қазақстан азаматтарының өз халқының, мемлекетінің тарихын, өлке табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығы артуда, сол себепті мектепте туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызын айқындайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектепте тарихты оқытуда өлкетану материалдарын пайдалану. Туған өлке жайлы білім мазмұнының практикалық жақтарын күшейту жолдарын қарастырып, оның білім берудегі рөлі және оны қалыптастырудың әдіс тәсілдерін ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Қазақстан тарихы сабағында өлкетануды оқыта отырып, оқушыларға жаңа ғылымды игеруге жол көрсету;

- Өлке тарихын, Отан тарыхын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;

- Оқушыларда туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

- Оқушылардың ғылыми ізденіс қызметін ұйымдастырудың тиімді жақтарын көрсету;

- Оқушының өлкетану жұмысын жүргізудегі тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

Зерттеудің теориялық және әдістанымдық негізі. Әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері, тарих, педагогика, психология ғылымдарының оқытудағы, білім берудегі соңғы жетістіктері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелер тарихты оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан толығып жетілуіне мүмкіндік береді.

Ғылыми жаңалығы. Жұмыста ұсынылған амал-тәсілдерді мектепте тарихты меңгертуде қолдануға болады. Туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды Қазақстан тарихы сабақтарында, оқу-тәрбие жұмысында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны. Мектепте жүргізілетін өлкетану жұмыстары, яғни туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу тәрбие жұмыстарында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану. Егерде мектепте бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жиналған материал мектеп мұражайында, өлкетану бұрышында сақталса және де ол материал ретіне қарай тарих сабақтарында пайдаланып отырса, онда осы пәнді оқытудың алдына қойылған үш міндетті:білімділік, тәрбиелік, дамытушылықты ойдағыдай жүзеге асыруға үлес қосады. Тарихты білу -өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде туған өлке тарихын зерттеудің, оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі жинақталған нысаны болар еді.

Қолданбалық мәні. Диплом жұмысты мектептегі тарих пәнінің мұғалімдеріне жаңа технологияардың сабаққа кейбір элементтерін, сонымен қатар студенттер мектепке педагогикалық тәжірибеге шыққан кезде және мектепте мұражайын жасау барысында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

1 Қазақстан тарихы сабағында өлкетануды оқыту

1. 1 Тарих сабағында оқыту әдіс тәсілдері

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізге болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып, саралауды, жастардың шығармашылық әулетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа технологиялардың тарих сабағында қолданудың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Екіншіден, білім беру мазмұнындағы ізгілендірудің күшеюі, оқу пәндерінің көлемдерінің, құрамдарының үздіксіз өзгерулері, жаңа оқу пәндерінің ендірілуі оқытудың үздіксіз жаңа технологияларын, формаларын іздестіруді талап етеді. Бұл жағдайда мұғалімдер әлемінде педагогикалық білім орны мен беделі мәнді артады. Үшіншіден, тарихи жаңалықтарды игеру және пайдалану мәселелеріне мұғалімдердің көзқарастары артуда жаңаша ойлай білсе, жаңалықтарды сапалы игерсе ғана нәтижелі, сапалы ұстаз бола алатындығын өмір өзі көрсетуде. Бұрын инновациялық қызмет жоғарыда берілетін жаңалықтармен, ұсыныстармен шектесе енді, ол талғамды, зерттеушілік, ізденістік сипатқа ие болуда. Төртіншіден - жалпы білім беретін оқу орындары нарықтық экономикалық жағдайларда, жаңа оқу орындары жасалып жатқан кезде, мемлекеттік емес оқу орындары молайған уақытта нақты бәсекелестікті ұлғайтады, түрлі жағдаяттар туындатып келеді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біз білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға тиіспіз» деген сөздер ұстаздардан жауапкершілікті арттырып, үлкен міндеттерді нұсқап тұрғандай., «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында оқытудың жаңа технологияларын ұсынылуда.

XXI ғасыр ғаламдық инновациялық өркендеу ғасырына айналғандығын қазірдің өзінде айтылуда, оның себебі адамзаттың интеллектуалдық мүмкіндігінің шексіздігінде. Инновация - инновациялық еңбектің жаңа, жетілдірілген оқыту әдісі, жетілдірілген технологиялық процесс, жетілдірілген көрсетулер, баяндаулар, ақпараттандыру түрінде оқытуды нәтижелі ету, сабақтың тиімділігін арттыру, оқытудың сапасын - пайдалы әсер коэффициентін жоғарылатуға жету. Білім берудегі инновациялық үрдістер негізінен үш бағытта жүргізіледі: оқыту үрдісіне жаңалық енгізу, оқыту - тәрбиелеуде жаңа элементті пайдалану, жаңа ойды қолдану, жаңа әдісті пайдалану, оқытудың жаңа техникалық құралдарын, электрондық оқулықты пайдалану; оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, мысалы бірыңғай ұлттық тест, 12 жылдық білім беруге көшу, жаңа сапалы төл оқулық ендіру, аралық мемлекеттік бақылау ендіру 4-ші және 9-шы сыныпта жаңа құрал, әдіс мысалы компьютерлік, материалдық тестілеу, мультимедия тағы басқа. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов

[3, 191-196б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздері
Биология және экология пәндерін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Тарих сабағынан тыс жұмыстар
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Өлкетану үйірмесі
Өлкетану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz