Педагогикалық этика пәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

« Қостанай гуманитарлық колледж» мекемесі

Реферат тақырыбы:

«Педагогикалық этика пәні және міндеттері»

Орындаған: 3 МДТ - 24тобының 3 курс студенті

Башикова Д. Т

Тексерген: Мешелова Р. Ж

2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: Педагогикалық этика пәні және міндеттері

Жоспар:

  1. Педагогикалық этика пәні
  2. Этикалық категориялардың ерекшеліктері және әлеуметтік функциялары.
  3. Педагогикалық техника дегеніміз не?
  4. Педагогикалық шеберлік
  5. Педагогтың дене күйі, тұрған тұрысы

1. Педагогикалық этика пәні - әдептің педагог санасындағы, мінез-құлқындағы, қатынастары мен іс-әрекетіндегі көріністердің заңдылықтары.

ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп - мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К. Д. Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.

Ұстаз этикасы - мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика - ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс.

Педагогика және педагогтық этика үшін кәсіптік этиканың жекелеген мәселелері, олардың мұғалімнің жеке басына қоятын: кәсіпті сүю, баланың жеке басын құрметтеу, принципшіл әрі талапшыл болу, көп нәрсені білу және жасай білу, озық идеяларды, білімдерді насихаттаушы болу сияқты талаптар жөнінде бұрынғы өткен прогресшіл педагогтың айтқандарының үлкен маңызы бар. XIX ғасырдағы орыс педагогтарының қосқан ерекше үлесін атап өтпеуге болмайды. Сондай-ақ, В. Г. Белинскийді, Н. Г. Чернышевскийді, Н. А. Добролюбовты, А. И. Герцинді атамасқа болмайды, олар үшін мұғалімнің жоғары адамгершілік деңгейі, олардың қоғамдағы өз қызметін саналы түсінуі, азаматтық міндетті нормаға айналды.

Моральдық тәрбие - жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан, оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс. Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін. Мысалы, педагог этикасы мектептерді, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.

2. Этикалық категориялардың ерекшеліктері және әлеуметтік функциялары.
Этика категориялары - моральдың ең мәнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер, рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы. Олар - адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді.

Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір функцияларын да атқаратынын атап өткен жөн.

Біріншіден, қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары.

Екіншіден, танымның дербес құралы болып табылады.

Үшіншіден , этика категориялары моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәннен екінші тәртіптегі мәнге және т. б. дамуының, қозғалысының нысанасы.

Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері бар.

Біріншіден, қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақсылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді.

Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайрымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілігі мол адам т. б.

Үшіншіден, адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реттеу құралы болып табылыды, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.

Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т. б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.

Бесіншіден, этика категогияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.

Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Барлық категориялардың жиынтығын көп жағдайда моральдың құрылымының негізінде бөледі. Олар, моральдық сана, адамгершілік қатынастар, моральдық тәжірибе.

Этиканың категориялары бір-бірімен тығыз байланысты және олар бір-бірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т. б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т. б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік және т. б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.

Жоғарыда аталған үш топтың категорияларын жеке-жеке талдап көрейік. Бірінші топ - моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады:

  • моральдық қағида,
  • моральдық норма,
  • моральдық немесе этикалық категория,
  • моральдық сенім,
  • адамгершілік мақсат,
  • моральдық таңдау және т. б.

Екінші топ категориялары - бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • адамгершілік өзара әрекеттер,
  • адамгершілік шиелініс,
  • моральдық бедел және т. б.

Бұл қатынатардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, серіктестік, сенім, сыйластық және т. б. моральдық бағалаулармен сипатталады.

Үшінші топ категориялары - бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық әрекет, моральдық салдар

Борыш категориясы - этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал педагогикалық кәсәби этикадағы алатын орны тіпті ерекше. Мораль сапасын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау.

Этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой - бұл өз борышын жан-тәніменорындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі - бұл білім беру қызметкерлерінің істері мен әрекеттерінің қуатты қозғалыс күші.

Халқымыздың әдеп-ғұрып дағдылары мен әдеп нормаларын жақсы біліп, олардың ішінен кәзіргі күн талабына жауап беретін лайықтыларын жас ұрпақтарды тәрбиелеу ісіне қолдана білу - әр ұстаздың пайымы мен байымына, талғам-тәліміне, көрген өнегесіне байланысты. Әрине бұл ретте халықтың озық әдеп дәстүрлерін этикет талаптарымен үйлестіре, байланыстыра білу де біліктілікті, білімділікті қажет етеді.

Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.

Педагогикалық әдеп:

  • тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде
  • сөйлесу икемділігінде
  • оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде
  • өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде
  • ескертужасаған кезде
  • баланың мінез-құлқына баға берген кезде
  • мадақтау және жазалай білу икемділігінде
  • дауыс ырғағында

3. Педагогикалық техника дегеніміз:

Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.

Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек;

Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек;

Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.

Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

4. Педагогикалық әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі п едагогикалық шеберлік.

Педагогикалық шеберлік дегеніміз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Педагогикалық қарым-қатынастар
Этика саласындағы стандартты операциялық процедураларды анықтау және оның дамуын зерттеу
Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
Педагогикалық қарым-қатынас
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz