Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы: Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
:
НысанПМУ ҰС Н 7. 18. 3/37:

Нысан

ПМУ ҰС Н 7. 18. 3/37

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Менеджмент кафедрасы

«Менеджмент» пәнінен

5В050900 «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы: Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
:
НысанПМУ ҰС Н 7. 18. 3/37:

Нысан

ПМУ ҰС Н 7. 18. 3/37

БЕКІТЕМІН

Қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т. Я.

«__»20ж.

Құрастырушы: доцент, э. ғ. к. Р. Б. Сартова

«Менеджмент» кафедрасы

5В050900 «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған

«Менеджмент»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы(Syllabus)

Жұмыс оқу бағдарламасы мамандықтын жұмыс оқу жоспары мен С. Торайғыров атындағы ПМУ-нін Ғылыми Кенесінін отырысында бекітілген 29 тамыз 2013ж Хаттама№ 1 элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді

Кафедра отырысында ұсынылды 20 ___ ж. «__» №__ хаттама.

Кафедра меңгерушісі Бейсембаева Г. М. 20___ ж. «__»

(қолы)

Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20 ___ж. «__»№___ хаттама

ОӘК төрайымы Темиргалиева А. Б. 20___ ж. «__»

(қолы)

1 Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы - «Менеджмент»

Компонент бойынша тандау пәні

Кредиттер саны және оқу кезеңі

Барлығы - 2 кредит

Курс: 1, 2

Семестр: 1, 4

Аудиториялық сабақтардың барлығы - 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік/ семинарлық сабақтар - 15 сағат

СӨЖ - 60 сағат

соның ішінде СӨЖМ - 15 сағат

Жалпы сыйымдылығы - 90 сағат

Бақылау нысаны

Емтихан - 1, 4 семестр

Пререквизиттер

Осы пәнді менгеру үшін төмендегі пәндері менгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет «Экономикалық теория», «Экономикадағы математика», «Ақпараттану».

Постреквизиттер

Пәнді менгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді менгеруі үшін қажет «Қаржы менеджмент», «Копоративтік қаржы».

2 Пәні, мақсаты және міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты болып экономика мамандықтарының студенттерін қазіргі менеджмент облысында терең білімдермен қамтамасыз ету табылады. Бұл оларға пәнді оқығаннан кейін: Менеджменттің - адамның жұмыстарын басқару шеберлігі, менеджменттің даму тарихының тәжіриебесін, оның түсініктеме аппараты мен теориялық негіздерін, басқарушылық шешімдерін қабылдаудың негізін, жоспарлауды, ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық құрылымды басқаруды, ынталандыру мен бақылауды, еңбекті басқаруды, өндірісті, жобаларды, тауардың бәсекелестік қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін инновациялық стратегиямен басқаруды, менеджмент ерекшеліктерін мемлекеттік, жалдық, кооперативті және шағын кәсіпорындарда, жауапкершілігі әр түрлі акционерлі қоғамдарда және шетелдерде адам қызметінің ерекше түрі екендігін білуге мүмкіндік береді.

«Менеджмент » курсының мақсаты болып болашақ мамандарға басқару ғылымы туралы ілімдер негіздерін, теориялар және методологиялар, әлеуметтік жүйедегі басқаруға деген жүйелік амалдар туралы жалпы білімдерді, басқарудың негізгі мәселелерін көрсету, маңызды тенденцияларды және олардың даму перспективаларын көрсету.

Пәнде игеру міндеттері:

  • келесі бағыттар бойынша негізгі теориялық білімді меңгеру: ұйымдастыру теориясы, шешім қабылдау теориясы;
  • адамдар арасындағы ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге үйрету;
  • тәжірибеде ұйымды басқарудың негізгі принциптерін меңгеру және тиімді пайдалану;
  • ұйымды жоспарлау, ынталандыру және бақылау салаларында тәжірибемен алмасу және білім алу.

3 Білімге, икемдікке, дағды-машықтарға және құзыреттілікке қойылатын талапт

Осы пәнді менгеру нәтижесінде студенттердін:

- осы курс бойынша лекция конспектісін жазу;

- нарықты экономика жағдайындағы менеджменттің ерекше сипаттарын оқып үйрену;

- отандық жүйенің ерекшеліктері туралы толық түсінік алу үшін пән бойынша әдебиеттерді оқуы;

- оқылған материалдар негізінде отандық жзүйесінде қалыптасқан жағдайларға баға бере білу. Жөнінде түсіпіктері болу керек

Білуі керек:

- шаруашылық қызметтің нәтижелі болуы үшін еңбек және өндірістік ресурстарды басқарудың ролі туралы, өндірісті ұйымдастыру үшін берілген ресурстар параметрлерін сақтауды бақылау туралы;

- өнім өндіру мен қызмет көрсетуде және жоспарлауда сұранысқа және оның өзгерісіне әсер етуші факторларды ескеру шарттары туралы түсінігін

Істей білуі керек:

-қазіргі менеджменттің негізгі теориясының ережелерін, арнайы саладағы менеджер қызметінің қажетті жақтарын көрсететін категорияларын;

- нарықты басқару және зерттеу әдістерін білуі керек.

- нарықты зерттей білуді, маркетинг кешенін дайындауды, мақсатты нарық жағынан қажетті жауабын шақыру үшін айнымалы факторлар жиынтығын қолдануды; ұжымның жұмысын ұйымдастыру, альтернативті шешімдер қатарынан қолайлы шешім қабылдауды істей алуы керек

Тәжірибелік машықтарды иемденуі қажет:

- өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру, сапа және мерзім талаптарын ескере отырып, оны орындауға қолайлы шешімдерді іздеу практикалық дағдыларын иеленуі керек.

Құзыретті болуы керек:

  • Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды- машықтарды

тәжірибеде қолдана білуі қажет;

  • өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру, сапа және мерзім

талаптарын ескере отырып, оны орындауға қолайлы шешімдерді іздеу практикалық дағдыларын иеленуі қажет;

5 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/с
Тақырып атауы
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны
СӨЖ
Дәр.
Тәжір.
Барл

Соның

Ішінде

СӨЖМ

№ р/с: 1
Тақырып атауы: Менеджмент түсінігі мен мәні
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 2
Тақырып атауы: Менеджмент эволюциясы
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 3
Тақырып атауы: Менеджменттің негізгі әдістері
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 4
Тақырып атауы: Кәсіп орын қызметіне ішкі және сыртқы ортаның әсері
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 5
Тақырып атауы: Мақсатты таңдаумен кәсіпорынның даму стратегиясы.
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 6
Тақырып атауы: Басқару әдістері.
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 2
СӨЖ: 2
5
1, 25
№ р/с: 7
Тақырып атауы: Ағымды және стратегиялық жоспарлау.
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны:
СӨЖ: 2
5
1, 25
№ р/с: 8
Тақырып атауы: Менеджмент жүйесіндегі ұйымдастыру қатынастары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 9
Тақырып атауы: Менеджмент жүйесіндегі бақылау.
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 10
Тақырып атауы: Менеджмент жүйесіндегі ынталандыру қызметтері.
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 1
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с: 11
Тақырып атауы: Коммуникация.
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 2
СӨЖ: 2
5
1, 25
№ р/с: 12
Тақырып атауы: Басқару шешімдерін қабылдау.
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 2
СӨЖ: 1
5
1, 25
№ р/с:
Тақырып атауы:
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны: 15
СӨЖ: 15
60
15

6 Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1 Менеджмент түсінігі мен мәні

Дәріс жоспары:

1. Менеджмент түсінігі

2. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

3. Менеджменттің кезеңдері мен мінездемелік аспектілері

1. Менеджмент түсінігі . Менеджмент-бұл басқарудың экономикалық әдістерін материалды және еңбек ресурстары арқылы рационалды жолмен қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіби қызметтің түрі.

Менеджмент-бұл нарықтық шарттарға сәйкес басқару.

Ол мына мәселелерді болжайды:

Кәсіпорынның нарықтық қажеттілігі мен сұранысына бағытталуы, нақты тұтынушылардың қолдауы мен сұранысқа ие болатын өнімдер түрлерін өндіруді ;

Өндірудің жоғарғы деңгейіне жету, аз шығынмен жақсы қорытынды алу;

Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің қызметінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау бостандығын қамтамасыз ететін шаруашылық еркіндік және т. б.

«Менеджмент» термині нарық шарттарында әрекет ететін кәсіпорын деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда ғана қолданылады.

Менеджмент кәсіби қызметтің жеке түрі ретінде мынаны көрсетеді: менеджер өзі жұмыс істейтін кәсіпорын меншігіне тәуелсіз. Ол жалға жұмыс істеу арқылы акцияларды иемденуі немесе иемденбеуі мүмкін. Менеджер еңбегі- бұл жоғарғы технологиялық өндіріс шарттарын жұмысшылардың жоғары деңгейінде мамандануымен ұштастыру нәтижелерінде туындайтын өндірістік еңбек. Менеджер өндірістік бөлімшелер мен кәсіпорындарда қызмет атқаратын инженерлерді, маркетологтарды, экономисттерді, статистиктерді, психологтар, бухгалтерлер сияқты түрлі мамандарды біріктіріп, олардың өндірістік процесінің байланысы мен бірлігін қамтамасыз етеді.

2. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері . Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен к/о-ның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану.

Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты менеджмент функцияларына келесілер жатады:

- өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету және жоғарғы квалификацияға ие жұмысшыларды табу;

- ең жақсы еңбек ету жағдайларын жасау жолымен және жоғарғы еңбек ақыны орнату;

- кәсіпорын жұмысының тиімді жүзеге асырылуын мерзімді түрде бақылау;

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын координациялау;

- жаңа нарықтарды әрдайым іздеу және оларға шығу жолдарын табу;

Сонымен қатар, менеджмент шешетін мәселелерге келесілер жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың болымдылықтарын, олардың орындалу тәртіптерін анықтау;

- фирма дамуының стратегияларын жасау;

-шаруашылық мәселелерді және шешу жолдарын қарастыру және т. б.

3. Менеджменттің кезеңдері мен мінездемелік аспектілері . Менеджменттің экономикалық, әлеуметтік- психологиялық құқықтың және ұйымдастыру - техникалық аспектілері бар.

Экономикалық аспект - бұл мақсаттардың тиімді орындалуына қажетті материалдық және еңбек ресурстарының координациясы жүзеге асырылатын өндіріс процесін басқару.

Әлеуметтік-психологиялық аспект - қойылған максаттарға жету үшін қажетті басқарушылық пен жұмысшыларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын арнайы адамдар тобына жатады.

Құқықтық аспект - мемлекеттік, саяси және экономикалық институттар құрылымын, олармен жүргізілетін саясатты және заңнаманы алып көрсетеді.

Ұйымдастыру-техникалық аспект-мақсаттар мен мәселелердің жүйелі түрде таңдалып, жағдайдың рационалды бағалауын, керекті ресурстардың жүйеленуі, рационалды жобалау, анықталған мақсаттарға жету үшін қажетті жұмыстарды ұйымдастыру, басқару мен бақылау, осы жұмысшы атқаратын адамдарды ынталандыру мен марапаттауды өзіне қосады.

Негізгі әдебиеттер: 5 [ 21-43]

Қосымша әдебиеттер : 3 [ 52-63]

Тақырып 2 Менеджмент эволюциясы

Дәріс жоспары

1. Басқарушылық ойдың эволюциясы

2. Менеджменттің қазіргі концепциялары

1 . Басқарушылық ойдың эволюциясы. Басқарушылық ойдың тарихы ғасырларда жатыр. Басқару мәселелері туралы ойларды египеттік папирустарда, Тигр мен Ефрат өзенінің аралығында аймақтарда табылған қыштан жасалған тақтайшаларда, Ежелгі Қытай заманынан қалған орамдарынан да табуға болады. Бірақ осы ойларды не тікелей, не жанама менеджментпен байланыстыруға болмайды, өйткені олар негізінен мемлекеттік басқару жөнінде ұсыныстар болды.

Қазіргі басқарудың барлық түрлері ежелгі ұйымдарда болды деп айтуға болады, бірақ жалпы алғанда басқарудың сол кездердегі құрылымы мен сипаты қазіргі уақытқа қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, жетекшілер мен жетекші емес адамдар арасында сандық қатынас өзгеше болды, яғни орта топ жетекшелері аздау болды.

Ұйымдардың тіршілік ету уақыты шамамен әлемнің бар болуымен бірге сәйкес келуіне қарамастан, XX ғасырға дейін оларды жүйелі түрде қалай басқару керек екендігін бірде біреуінің ойына кірмеген сияқты. Адамдарды қалай басқару керек екендігі емес, көп ақша алып, саяси билікке жету жолдары қызықтырды.

Басқаруға деген теоретикалық бастамалардың санасыз іздеулері капитализм кешенінің құрылуынан басталды.

Басқарудың теоретикалық жолдарын іздеу капитализм құрылуы кезеңінен басталып, негізінен философтармен жүргізілді.

Ең алғашқы олар келесі сұраққа жауап беруге тырысты: адамдарды белсенді қимыл жасауға не жұмылдырады? 1651 жылы ағылшын философы Томас Гоббс және 1767 жылы оның жерлесі Джеймс Стюарт: «Адамдардың мінез-қылығының негізгі мотиві билікке талпынуда жатыр» - деп айтты. Тағы бір ағылшын философы Иеремия Бентам өзінің: «Мораль мен заңдылық принциптеріне кіріспе» атты еңбегінде адамдар мінез-қылығының мотивтері пайда мен қанағаттануда жатыр деген көзқарасты ұстайды.

Тоқу машинасының ресми құрылыстырушысы болып саналатын ағылшын Ричард Аркрайт өзінің фабрикасында текстиль өндірісінің барлық процесстерін біріктіріп, оны ұйымдастырудың иерархиялық принципін енгізді.

Басқару саласында кең ауқымды әлеуметтік тәжірибе 1800-1828 жылдарда болды. Сол кезде бірнеше тоқыма фабрикаларында басқару жұмысын атқарған ағылшын ғалымы Роберт Оуен жүргізді.

Басқарудың теория және практикасының дамуында елеулі қадам алғашқы есептеу машиналарын құрастырған Чарльз Беббиджпен жасалынды. Ол әртүрлі операцияларды жүзеге асыру барысында жұмсалатын жұмыс уақытының шығындарын есептеу, бір профильді кәсіпорындардың жұмыстарына салыстырмалы талдау жасау методикасын ойластырып, статистикалық мәліметтерді зерттеу және жалақының сый-ақы жүйесін қолдану негізінде еңбек пайдалылығын жоғарылату жолдарын табуға күш жұмсады. Өз зерттеулерінің нәтижелері мен тәжірибелік ұсыныстарын Беббидж, кейін ғылыми басқару саласындағы әлемдегі алғашқы басылым болып табылған, «Материалдар мен құрал-жабдықтардың экономиясы туралы» кітабында жазылды. Бірақта ғылыми басқару біртұтас жүйе ретінде тек XX ғ. қалыптасты.

2. Менеджменттің қазіргі концепциялары. Менеджмент тарихында оның қазіргі теория мен тәжірибиесінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан 4 маңызды басқару концепцияларын көрсетеді:

- ғылыми;

- әкімшілік;

- психология мен адамдық қатынастар тұрғысынан;

- мінез-құлық жөнінде ғылым тұрғысынан;

Ғылыми басқару концепциясы XX ғ. басынан АҚШ-та дами бастады. Оның негізін қалаушы ретінде американдық инженер Фредрик Тейлор (1856-1915) болып саналады. Оның “Ғылыми басқару принциптері” (1911) атты кітабы менеджментті ғылым мен зерттеудің дербес саласы ретінде қабылдаудың бастамасы болып саналады.

Тейлор 5 негізгі принциптерде құрастырылған еңбекті ұйымдастырудың ғылыми жүйесін жасады.

  1. Жұмысшыларды ғылыми негізде таңдау. Өндірістің тиімділігі жұмыстың әрбір түрі бойынша арнайы қабілеттерге ие жұмысшыны таңдауды талап етеді. Тексеру үшін арнайы тесттер жасалады.
  2. Еңбекті ғылыми зерттеу және жұмысшыларды оқыту. Өндірістің максималды пайдалығына жету үшін жұмысшыны оқыту мен дайындау мүмкіндігі болу үшін күш жұмсау, қимылдар мен уақыт шығындарының ғылыми зерттелуі даму үстінде болу керек.
  3. Жұмыстың мамандануы. Өндіріс құрылымдық бөліктерге бөлінуі тиіс және барлық жұмысшылар өз жұмыстары бойынша мамандарға айналады.
  4. Ынталандырушы мотивтердің маңыздылығы.
  5. Жұмысшылар мен басқарушылар арасында жауапкершіліктің әділетті

үлестірілуі.

Фредрик Тейлордың көрнекті жалғастырушылары оның жерлестері Френк Гилберт (1868-1925 ж. ) және Лилиан Гилберт (1878-1972) . Олар жұмыстарында қазіргі кездегі басқарудың адамдық ресурсы деп белгілі болатын басқару түріне көңіл бөлген.

Әкімшілік басқару концепциясы ұйымды жалпы басқару принциптері мен жалпы мәселелерін қарастыруға бағытталған.

Басқарудың классикалық теориясының бастамасында «ғылыми менеджменттің атасы» болып саналатын француз Анри Файоль тұрды.

Мекеменің жұмыс жасау заңдылықтарын терең ойластырып қазіргі күнге дейін де өзінің мәнін жоғалтпаған әкімшілік басқарудың атақты 14 принциптерін жасады. А. Файоль айтуы бойынша олар: еңбек бөлінісі; билік пен жауапкершілік; тәртіп; біртұтас басшылық; басқарудың тұтастығы; жеке қызығушылықтардың жалпыға бағыну; марапатталу; орталықтану деңгейі, жетекшілер иерархиясы; әділдік; жұмысшылар құрамының тұрақтылығы; инициативтілік; жұмысшылардың бірігуі.

Анри Файольдің ізбасары, өнімділіктің 12 принципін қалыптастырған инженер-механик Г. Эмерсон болған еді.

Психологиялық және адамдар арасындағы қарым қатынастарға негізделген басқару концепциясы менеджментті алғаш рет «жұмыстың үшінші жақты адамдар көмейімен орындалуын қамтамасыз ету» ретінде анықталады.

Американдық психолог Абрахам Маслоу (1908-1970ж) жүргізген зерттеулер көрсеткендей, адамдардың іс-әрекеттерінің негізінде эканомикалық күштер емес, әрдайым ақшамен қанағаттырылмайтын әр түрлі қажеттіліктердің жатқаны анықталады. Бұнда жұмысшылардың еңбек өнімділігінің жоғарылауы еңбек ақының жоғарылауына ғана байланысты өзгермей, сонымен қатар, жұмысшылар мен менеджерлер арасындағы қарым қатынасқа, өз еңбегіне қанағаттанушылыққа байланысты өзгеруі мүмкін.

Мінез-құлқы ғылымына негізделген басқару концепциясы-60-шы жылдары өз дамуын тапқан теория. Оның басты мақсаты - адам ресустарының белсенділігін көтеру нәтижесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату. Оның ішіне әлеуметтік әсер етудің ынталандырудың, ұйымдастырушылық құрылымдардың, кәсіпорын коммуникацияларынның, лидерлік жұмысының және еңбек өмірі сапасының өзгеруінің бірнеше аспектілер кіреді. Концепцияның негізгі мақсаты - мінез-құлық ғылымына сүйене отырып жұмысшылырдың өз қабілеттіліктерін сезінуге көмектесу.

Негізгі әдебиеттер: 5 [ 21-43]

Қосымша әдебиеттер : 3 [ 52-63]

Тақырып 3 Менеджменттің негізгі әдістері

Дәріс жоспары

1 Менеджментке ғылыми тұрғыдан қатысу

2 Менеджменттің заңдылықтары

3. Менеджмент принциптері

1. Менеджментке ғылыми тұрғыдан қатысу. Тиімділік және басқару сапасы, ең біріншіден проблеманың шешілу методологиясымен, яғни әдістері мен принціптерімен анықталады. Жақсы теориясыз тәжірибиенің болуы мүмкін емес. Әр түрлі объектілерді экономикалық басқаруының теория және тәжірибе талдауы менеджмент аспектілерінің бірін анықтайтын менеджментке қолданатын 13 ғылыми әдіс анықтауға мүмкіндік береді.

1. Жүйелік әдіс-объект кіріс шығыс, сыртқы ортамен байланыс, кері байланыс жасайтын бір-бірімен байланысқа элементтер ара-қатынасы ретінде қарастырылады

2. Кешенді әдіс. Бұл әдіс қолдау барысында техникалық, эканомикалық, экологиялық ұйымдастырушылық, әлуметтік-психологиялық, саяси және демографиялық менеджмент аспектілерінің және олардың байланысын ескеру қажет.

3. Интеграциялық әдіс байлаысының зерттелуі мен ұлғаюуына бағытталған:

- менеджменттің жекеленген жүйе ішілік және жүйе элементер арасында;

- басқару объектісінің өмірлік циклі арасында

- басқарудың вертикальді деңгейі арасында

- басқарудың горизонтальді субъектілерінің арасында

4. Маркетинтік әдіс тұтынушыға бағытталған кез келген тапсырманы орындауға бағытталған басқаруды алдын-ала болжайды. Таңдап алу критерийлері келесідей:

-тұтынушылардың қажеттілігіне сәйкес объектінің сапасын жақсарту.

-сапасының жоғарылауы арқасында тұтынушы ресустарын үнемдеу.

-өндірісте ресустарын көлемінің ғылым мен техникалық өрлеудің менеджмент жүйесінің қолдануына байланысты ресустарды үнемдеу

5 Функционалды әдіс - қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған функциялар жиынтығы.

6. Технологиялық ықпал ету. Сонымен қатар кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы ықпал етеді. Егер кәсіпорын қажетті ресурстарды иемденгенде немесе тауарды сату және жақсы пайда әкелетін қызметтерді тартқанда, онда тікелей әсер ету факторы оған әсер етеді. Тікелей әсер ету ортаның ең ықпал ететін шарттары мыналар:

  1. Бәсекелестік позиция;
  2. Тұтынушылар;
  3. Үкіметтік әсер;
  4. Еңбек ресурстары;
  5. Қызығушылық танытатын адамдар;
  6. Қамтамасыз етушілер, несие берушілер.

Сәттілікке жетудің жолдары - жанама әсер ету аясындағы болып жатқан жағдайлар туралы білу, олардың салаға әсер етуін алдын-ала білу, сыртқы әсер етулерді көбіне өз кәсіпорынына пайда әкелетіндей етіп пайдалану.

2. Менеджменттің заңдылықтары. Басқару теориясында объективті заңдылықтарды шығару және қалыптастыру мүмкін және қажет. Бұл басқару теориясының дамуының ерекшелігімен, сол сияқты басқару тәжірибесімен де анықталады.

Заңдылықтар. Отандық басқару теориясының орталық жүйесін құрайды. Империкалық әдіспен салыстырғанда ғылыми әдіс басқарудың даму тенденциясымен заңдылықтарының объективті қажеттіліктерін есепке алуына негізделген. Менеджменттің төрт заңдылығын атап өтейік:

  1. Өндірісті басқару жүйесінің бірлігі ішкі байланыс жүйесінің сыртқы орта жағдайы өзгерген кездегі тұрақтылығын білдіреді.
  2. Өндірістің және басқарудың пропоционалдығы тек қана халық шаруашылығында ғана қажет емес, сондай-ақ мекемелер және бірлестіктердегі негізгі және қосымша өндірістерінің рационалдық дамуы үшін қажет, бұл еңбек өнімділігінің жоғарғы шарты болып табылады.
  3. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқару. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған басқарудың үйлесімділігі олардың міндеттерінің, функцияларды және құзіреттерді өзара бөлу қажеттілігін білдіреді.
  4. Басқаратын және басқарылатын жүйелерінің сәйкестігі және парапарлығы. Бұл жерде басқаратын жүйенің басқарылатын жүйемен үйлесімді екенін түсіну қажет. Басқарылатын субъект және объектінің өзгеруі әр түрлі факторлардың әсер етуінен болады.

3. Менеджмент принциптері - басқару жүйесіндегі байланыстар мен құрлымдар байланысы жүзеге асырылатын заңдылықтар болып табылады. Ол тәжірибелік міндеттерді орнату барысында пайда болады. Басқа сөзбен айтсақ, бұл басқарылатын тәжірибелік қызмет барысында қолданылатын ережелер, негізгі жағдайлар, іс-әрекет нормалары болып табылады.

Менежмент принциптері жүйеге, құрылымға, ұйымға және басқару процесіне басқару органдарының құрлымына және оның функцияларының жүзеге асырылу әдістеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

Менеджменттің негізгі принциптерін атап өтейік:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Стратегиялық менеджмент пәнінің мақсаттары мен міндеттері
Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны
Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттыруда менеджер тұлғасының рөлі
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы жайлы
Менеджменттің қағидалары
Менеджмент
Банк менеджментіне жалпы сипаттама. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары
Салық салуды басқару қаржылық менеджмент бөлігі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz