Баланың психологиялық диагнозы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5-8
1 Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеу және оларды кездесетін ауытқулардың алдын алу психологиялық- педагогикалық проблема ретінде 9-18
- Бастауыш сынып жастағы оқушыларының жас ерекшеліктері . . . 9-18
1. 2 Бастауыш сынып жастағы оқушыларының мінез-құлқында кездесетін ауытқулардың себептері мен факторлары . . . 18-23
1. 3 Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушыларды диагностикалау және оның нәтижелері . . . ……23-33
2 Бастауыш сынып жастағы оқушыларының мінез-құлқында кездесетін ауытқулардың алдын алу жолдары . . . . 33-39
2. 1 Бастауыш сынып жастағы оқушыларының мінез-құлқын тәрбиелеудің психологиялық, педагогикалық шарттары . . . 33-39
2. 2 Бастауыш сынып жастағы ауытқуы бар мінез-құлық оқушыларымен жұмыс істеудің әдістемесі . . . 39-49
2. 3 Бастауыш сынып жастағы оқушыларының мінез-құлқында кездесетін ауытқулардың алдын алу және жеңу бойынша эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері . . . …49-55
Қорытынды . . . …. . 56-57
Пайдаланылғанған әдебиеттер тізімі . . . 58-61
Қосымша . . . 62-65
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: XXI ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен байланысы күрделене түсті. Мұны бір жағынан, мәдениеттің ғаламдануы, екінші жағынан рухани жұтаңданудың үдеуінен деп түсінуге болады. Сондықтан қазіргі білім беруде жеке тұлғаны адамгершілік рухани жағынан қалыптастырып, қоғамға жат мінез-құлықтан арылту негізгі міндеттердің бірі ретінде саналады. Бұл міндеттің нәтижелі жүзеге асуының бір жолы мектептегі «тәртібі қиын балалар» деп аталатын оқушылармен жұмыс істеудің тиімді формаларын, әдіс-тәсілдерін одан әрі жандандыру, психикалық дамуын жетілдіру, педагогикалық - психологиялық көмек беру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмау шараларын қолға алу болып табылады [1] .
Нарықтық қатынас кезінде адамзатқа ортақ құндылықтар мен тәрбие теорияларына, озат тәжібиелерге сүйеніп, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәртібі қиын оқушыларды қоғам алдындағы өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, ұлттық сана-сезімі оянған, биік парасатты, ар-ожданы мол адамзат етіп тәрбиелеу өмір талабы болып отыр [2] .
Қазақстан Республикасының 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасындағы бірінші саты бастауыш мектеп болып табылады. Бұл сатыда баланың тұлғалық қалыптасуын және оның қабілеттерін айқындаудың, дамып нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор [3] .
Әдетте бала мектепке дейінгі және оқу және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму эволюциясынан өтеді. Сол кездегі жанұядан кеткен кемшіліктер мен оқу- тәрбие жұмысындағы олқылықтар ұштасып баланың қалыпты жағдайының ауытқуына себеп болады. Яғни, балада көріне бастаған бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай - ақ болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды.
Оны психологиялық тұрғыдан, ауытқушы мінез-құлық немесе девиантты деп қарастырады. Ауытқушы мінез-құлықтың пайда болуына негізгі әсер ететін әлеуметтік факторлар болып табылады. Бұл бағыттың танымал өкілдері:
О. Конт, Т. Тард, А. Кетле, Э. Дюркгейм, М. Вебер, Г. Парсонс, Р. Мертон[2, 34] .
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын енгізген француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болып саналады. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда - ұжымның, заңның болмауы [4] .
Роберт Мертон - мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Бала мінезін тәрбиелеу мәселесі қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғылым - педагогтардың назарларынан тыс қалмағандығы, белгілі. Классикалық педагогиканың өкілдері Я. А Коменский, К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренконың еңбектерінің өзегі толық мінезді адамгершілігі мол саналы азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов т. б өздерінің қоғамдық саяси ғылыми және әдеби еңбектерінде балалармен жастардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлер айтып, ғылыми құндылығы жоғары мұралар қалдырған.
Мінез туралы ілім өзінің бастауын ежелгі Грециядан алады. Бұдан 2800 жыл бұрын грек ғалымы Геофраст Афина жұртының 30-дан аса үстем тап өкілдерінің мінез бітістерін 30-дан астам нашар жақтарына талдау жасаған.
ХVII ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500-ден астамына сипаттама берген [5] .
Қиын оқушылар мәселесі де педагогикалық және психологиялық проблема ретінде Г. А. Уманов, Ә. Ж. Жұманов, В. В. Трифанов, Л. К. Керімов, Ж. Ж. Ысқақов, К. Бегалиев және тағы басқа ғалымдар еңбектерінің арқауы бола отырып әр қырынан зерттелді:
қиын оқушылардың пайда болу себептері, оларға тән ерекшеліктер;
қиын оқушылар мен жұмыс жүргізу жүйесі;
болашақ мұғалімдерді қиын оқушылармен жұмыс жүргізуге даярлау;
қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу;
дене тәрбиесі және спорт арқылы қиын оқушыларды жағымды мінез-құлыққа тәрбиелеудің педагогикалық шарттары және т. б.
Дегенмен жоғарыда айтылған еңбектерді теориялық тұрғыдан талдау зерттеліп отырған проблеманың ғылыми - әдістемелік тұрғыда әлі де болса, шешімін таппай отырғанын дәлелдейді.
Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап күні бүгінге дейін педагогтардың, психологтардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келеді.
Атап айтсақ;
балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды болдырмаудың ұйымдастырушылық - педагогикалық және медициналық алдын алу шарттарын жасауға арналған зерттеулер ( А. С. Макаренко, С. П. Шацкий, П. П. Бионский, Л. С. Выготский, В. И. Куфаев, В. Н. Мясищев, Н. И. Озерецкий, С. М. Елеусізова және тағы басқа) қиын балалардың тәртібіндегі ауытқушылықтың табиғаты мен шығу төркінін анықтауға және олардың мінез-құлқына түзету енгізу мәселесіне арналған зерттеулер ( Т. В. Драгунова, О. А. Матвеева, А. Г. Кавалев, М. Н. Буянов, М. Раттер, Г. В. Грибанлва, Р. Г. Имяшова, Д. В. Калесов, К. С. Лебединская, А. Е. Личко және тағы басқа ) қиын балалардың және жасөспірімдердің әлеуметтік өмір сүретін отбасының жағдайына психологиялық-педагогикалық талдау жасап, оның мінез құлыққа әсерін анықтауы арналған зерттеулер (Шенфелдер, Н. Байзман, К. И. Дурманов, Э. Ш. Натазон және тағы басқалар) .
Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік - педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі тәртібі қиын оқушылар санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып отырады. Бір уақыттарда тәртібі қиын оқушыларға көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы санатқа жататындар аз емес. Сондықтан тәртібі қиын оқушылар ерте жастан бастауыш мектеп кезінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасауы қажет. Бала мінез-құлқындағы қиындар мен алдағы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында тәртібі қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді жүелеу зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын тәрбилеу және онда кездесетін ауытқулардың алlын-алу» деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде және ондағы кездесетін ауытқулардың алдын алу шараларын қамтамасыз ететін педагогикалық және психологиялық шарттарды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу объектісі : жалпы орта мектептегі тұтас педагогикалық процесс.
Зерттеу предметі: бастауыш сынып жастағы бала мінез-құлқын тәрбиелеу және тәртібі қиын оқушыларды түзету жұмыстарының мазмұны, әдістері мен формалары
Зерттеудің міндеттері :
бала мінезін тәрбиелеудің және ондағы кездесетін ауытқулардың алдын алудың теориялық негіздерін анықтау;
бала мінезін дұрыс жолға сала білу және жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың жолдарын айқындау;
бала мінезін қайта тәрбиелеу жұмыстары арқылы адамгершілікке үндеудің моделін жасау;
бастауыш сынып кезінде мінез-құлқында ауытқулары бар оқушыларды тәрбиелеу және алдын алудың мазмұны, әдістері мен формаларын айқындау және жүйеленген педагогикалық - психологиялық шарттарды іске асырудың тиімділігін эксперимент арқылы тексеру;
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: тұлға дамуының жалпы әдіснамалық ұстанымдары, аксиалогиялық және ертеңгілік тұлғалық теориясы; танымдық теориясы; ойлау әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясы; тұтас педагогикалық -психологиялық құбылыстарды зерттеуге жүйелілік тұғыр идеялары, тұлғаға бағдарланған білім мен тәрбие беру теориясы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бала мінезін бастауыш кезеңде тәрбилеу және ондағы ауытқулардың алдын алу мәселесі педагогикалық - психологиялық тұрғыдан алғаш рет негізделді;
- мінез-құлқында ауытқулары бар бастауыш сынып оқушыларын қайта тәрбиелеу мен түзету жұмыстарына мазмұндық сипаттама берілді.
- бала мінезін қайта тәрбилеу мен түзету жұмыстары арқылы жақсы мінез-құлық нормаларына тәрбилеудің моделі жасалды;
- бастауыш мектепте бала мінез-құлқын тәрбилеу педагогикалық - психологиялық шарттары айқындалып, оны іске асырудың әдістемесі жасалды .
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтежелері мен қорытындылары, біріншіден, ұсынылып отырған ғылыми - әдістемелік еңбектері жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына, бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары оқу орындарына даярлауға және біліктілік арттыру ісіне пайдалануға болады; екіншіден осы проблема бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз болады.
Мұғалімдерге практикалық көмек ретінде жасалды:
бала мінезін тәрбиелеу және тәртібі нашар оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының іс-жоспары;
тәртібі қиын оқушылармен жүргізілетін түзету, алдын-алу жұмыстарының мазмұны;
тәртібі қиын оқушылардың ата-аналармен жүргізілетін психологиялық -педагогикалық ағарту жұмыстарының мазмұны;
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛҚЫН ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН АУЫТҚУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
1. 1 Бастауыш сынып жастағы оқушыларының жас ерекшеліктері
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің тәрбие жұмысының мақсаты белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезеңінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлық ерекшеленеді.
Әр баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады.
Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темпераменті қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналадағы қоршаған дүние мен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әрбір адамның өзіне тән қаситтерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктері дамытуды және жан -жақты үйлесімді тәрбиелеу дейді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ баланың алдына оқу іс әрекеттерінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу ісіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларын орындау барысында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады. Бұл баланың бойында әдетке айналады. Баланың психикасының ерекшелігі айналаны танып-білуге деген белсенділігінен мен көрінеді. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді. Себеп-салдарлық байланыстармен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Бала ой қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол сол құрлым сұрақты көп қоятын болады. Мектепте белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімнің жоқтығынан, ойлау үрдісі ерекше наза аудартады. Мысалы: бала өзінің білімдік тәжіриебесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді. Білімінде жүйеліліктің жоқтығынан, түсініктердің жетпегендігінен ойлау жүйесіндегі тек қана көріністі қабылдау логикасы басым болады. Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керектігін өзіне - өзі күбірлеп айтатындығын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырылуына мүмкіндік туғызады. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Темперамент - деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды [11] .
Холерик - эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, тұрақты болады. Ол белсенді іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді.
Сангвиник - эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немес бірнеше іске бірден кіріседі. Іс үстінде тез суып бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик - эмоциялық қызуы шабан, күшті, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау күйде, үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды. Іске бірден кіріспейді, кіріссе аяқтап шығады.
Флегматик - эмоциялық қызуы әлсіз, ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.
Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында әр баланың мінез-құлықтарындағы темпераменттік қасиеттерін айқындап алып, оның жетілдіру жолында қызмет етеді[12] .
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдап, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Баланың үрейленуі өзінің қоршаған ортаны қабылдауының санадағы сәулеленуі болып табылады. Ал қоршаған орта, бала үшін біртіндеп кеңейте береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан туындайды. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе тіпте табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының ара қатынасы болуы да мүмкүн. Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата-аналарымен қарым-қатынасы балаға қатты ықпал етеді. Алайда, сыртқы әлеуметтік ортамен араласуының кеңейюіне байланысты оларға үйден тыс жердегі ықпалы күшейе түседі. Үлкендердің балалармен түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне баға беру қасиетін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігі өзін қоршаған әлемді түсініп, қабылдап, өз бойына сіңіре бастауы, білімді жинақтап, басымдылықпен игеру кезіңінде анықталады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігін және бала бойында тұрақты қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Яғни ол мынадай бейімділілік:
- адам беделіне зор сеніммен қарау;
- кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдау;
- әсерленгіштік;
- қарым-қатынас.
Бастауыш сынып жасындағы балалалардың бойындағы осы аталған бейімділіліктердің әрқайсысы бала мінез-құлқының ерекшеліктері мен ұстасып, оның тұрақты қалыптасуына әсерін тигізіп отырады[11. 107] .
Жеткіншек жастағы кезіндегі, яғни жеті жас бала мінез-құлқында айтарлықтай өзгерістермен дағдарыс болуы-балалар психологиясы мен педагогикалық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі балалның тура жеті жасында өтуі мүмкін, осындай-ақ, алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа таяу уақытта да басталуы мүмкүн [13] .
Даму дағдарысы белгілі бір жас сатылары аралығындағы секірмелі өзгеріс. Мінез-құлық ішкі қайшылықтармен қоса, ең әуелі адамның сырт пішіні кенеттен айтулы өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің алдында балалық бойы қарқынды түрде ұзарып, қозғалыс мәнері бұзылады.
Әйткенмен де басты өзгерістер баланың сырт келбетінде емес, мінез-құлқында айқын байқалады. Бала ешбір себепсіз жасандылыққа бай ұрып, оғанш қылықтар көрсете бастайды; дауысын «шырылдатып» жүрісін өзгертіп, орынсыз жерде қай-қайдағыны айтады. Бұның бәрі үлкендер тарапынан таңқалыс тудырып, бала мінез-құлқының «біртүрлігіне» секеммен қарауға итермелейді. Бала бойындағы осы оғаштықтар белгілі орыс психологі Л. С. Выготский анықтаған «бала аңқаулығының жойылуының» нақ өзі. Ал, бұл баланың психикалық өмірінің өзгеруіне байланысты туындайтын жағдай. Л. С. Выготскийдың пайымдауынша, баланың сыртқы мінез-құлқынан үлкендер оның не ойлап тұрғанын, сезімін, көңіл-күйінің ауанын біліп қояды. Ал, бала ақуалы жойыларда оның көңіл-күйі мен мінез-құлқының арасына ақыл-ой ене бастайды. Нәтижесінде, бала өзіне жаңа бейне жасап, жоқ нәрсені бар етіп көрсетуге құмар болады[14] .
Осы кезеңде баланың айналасындағыларымен қарым-қатынасында қиындықтар туындайды. Бұрындары тіл алғыш, тәртіпті бала енді ересектердің ұсқауын есітмегенсіп, пиқарлық танытып, күнделікті орындалар мәдени-гигиеналық дағдылардан бас тартып, сонымен бірге өз мінез-құлқын ақтап дәлелдей бастайды. Өзінің сырт келбетіне ерекше мәне беріп, айнаға қарағаштай береді; киім таңдағыштық байқалады.
Баланың жеке басының өзгеруіндегі сыртқы көрініс қана. Ал шын мәнінде түбегейлі өзгеріс-баланың қалыптасқан, «бұрынғы» өмірінен бас тартып, жаңаша ойлауға, өзіне жаңа міндеттер алып ересектер қатарына қосылуға ұмтылуына, өзіне-өзі сын көзбен қарап, өзіндік бағалауының шынайлық сипат ала бастауына байланысты жүзеге асырылады.
Дағдарыс уақыты даралық ерекшеліктермен сол кездегі жағдайларға байланысты, әрбір жеке адамда түрліше ұзақтыққа өтеді. Осыған орай балада бұрын болмаған жаңа саплар пайда болып, қалыптаса бастайды. Осы жаңа сапалар бала мінез-құлқының жас ерекшелігіндегі жаңа құрлым болып табылады, әрі психология ғылымында да осы атауға ие болады. Бала дамуын күрделі процесс деп санаған Л. С. Выготский «даму дегеніміз бәрінен бұрын жаңаның пайда болуы» - дегенді. Біраз, сол жаңа «аспанан түспейді», даму барысында түрлі қайшылықтар негізінде, ұзақ даярлықтан өтіп, заңды түрде қалыптасады[15] .
Бастауыш сынып кезеңінде яғни 7 жас кезеңдерінде баланың көңіл-күйі айтарлықтай өзгереді. Л. И. Божовичтың пікірінше, 7-жас дағдарысы баланың әлеуметтік «менінің» қалыптасу кезеңі деп қалыптастырады. Сәттіліктерімен сәтсіздіктерді әрдайым бырынғай бастан кешіру тұрақты аффективті комплекстік қалыптасуына әкеп соғады. Ол жасықтық, өзінен-өзі төменшіктеп, қорғаншықтау болуы мүмкүн, ал өзіндік пікірі тым жоғары болған жағдайда кісімсіл, өзгелерді көзге ілмей, «жоғарыдан қарау» әдеті пайда болуы хақ. Әйтседе, келе келе осы аффективті көріністерді өзгеріске ұшырап, тіпті жойылып кетуі де мүмкүн. Бірақ олардың кейбіреулері тиісті жағдайлармен бағаға байланысты, жеке бас құрылымында қалып кетіп, баланың өзіндік пікірінің дамуына әлсән - әлі септігін тигізіп отырады.
Көңіл-күйі мен мотивтік саладағы мұндай күнделіктер баланың ішкі өмірінің қалыптасуына әкеп соғады. Ішкі өмір көңіл ауаның жемісі. Ол баламінез-құлқына әсер ете отырып, бала өміріндегі сыртқы жағдайларға тікелей араласады [16] .
Ішкі және сыртқы өмірдің жекеленуі салдарынан, күрт өзгеріске ұшыраған бала мінез-құлқы басылып, бір арнаға түседі.
Бала мінез-құлқын тәрбиелеу педагогикалық- психологиялық бірлескен түрде жүзеге асырылады. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп санаудың қажеттілігін меңзейді. Халық педагогикасы тәрбие ісінде әр баланың жеке бас ерекшелігін ескере отыруды ескертеді. Осыны құптаған ата-бабамыз мынадай мақал-мәтелдер арқылы баяндаған « Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің».
Баланың тәрбиесі, дұрыс мінез құлқының қалыптасуы туған, өскен отбасына ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп есептелген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz