Қазақ мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МЕЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ

БОӨЖ №14
Реферат
Қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты
дүниеге деген көзқарасы, рухани және материалдық мәдениеті

Орындаған: Кенжебек Ә.О.
Курс:1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 107 Б
Қабылдаған: Омарғазы Е.Е, Саяси ғылымдар кандидаты, Доцент

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
Ⅰ. Көшпелілер мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы 4
1.1. Көшпенділердің материалдық және рухани мәдениеті 6
Ⅱ. Қазақ халқының көшпелі өмір салтына байланысты қалыптасқан көзқарасы мен дүниетанымы. 9
ІІІ. Көшпенділер мәдениетінің ерекшеліктері 11
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 13

КІРІСПЕ
Қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата - бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.
Көшпелілік -- көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік- экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі.
Қазақтың көшпелі қоғамының негізін қалаған мәдениет ежелгі дүниеден бастау алатыны белгілі. Содан бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени- тарихи және этногенетикалық тұрғыда үздіксіз дамып келеді. Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалардың бұл процеске тікелей қатысы болғандығы да күмәнсіз. Олардың бай құндылықтарының қазақтың мәдени мұраларынан көрініс тауып, осы күнге дейін жеткендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сонымен қатар бұл байланыстар ерте кезеңдегі көшпелі тайпалардың мәдениетінің, қалыптаса бастаған әлеуметтік институтары мен рухани өмір-тіршілігінің өзара жақындығын, байырғы қазақ мәдениетінің ішкі бірлігінің беріктігін де көрсетеді.
Қазақ мәдениетінің өткенініе тереңірек үңіле қарасақ үш мың жылдың аясында Ұлы Дала бір ғана әлеуметтік - экономикалық жағдайды бастарынан кешірді, бір ғана өндіріс тәсілін тірек етті. Ең бастысы - көшпеліліер даласында өмір сүрген халықтардың қай - қайсысы болмасын ( сақ, сармат, үйсін , ғұн, қыпшақ ) бәрінің тілі де, діні де, наным - сенімдері де, өмір салты да, салт - дәстүрлері де , тұтынатын дүние мүліктері де біртектес болған. Көшпелілердің өздеріне тән талаптары да сан - алуан болған. Олардың ең бастылары: көшпелі мал шаруашылығының теіктерін жете игеру, еңбек сүйгіштік пен асқан төзімділік, ел намысын ерлікпен қорғау, ата тегін ардақтай білу, ата - бабалар салтын бұзбау, сөз асылын қастерлеу және т.б. Осылардың ішінде көшпелілік пен отырықшылықтың өмір салтының өзара үндестік табуы қазақ мәдениетінің бет - бейнесін одан әрі ажарландыра түсетіні сөзсіз. Мал жайылымына қажетті шұрайлы жерлерді іздеп табуға деген құмарлық пен табиғаттың қатал қыспағынан шығу жолдарын іздестіру қай уақытта болса да адамзат баласының бойындағы ерекше қасиеттер

болатын, ал бұл қасиеттерден қажырлы да, қайратты қазақ халқы ешқашан да құр алақан болып көрген емес.

Ⅰ. Қазақ мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Адамзат баласы жайындағы көркемдік концепция қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар осы жарық дүниені көркемдік - әсерлік тұрғыдан танып білуде халықтардың, оның ішінде қазақ халықының өмірлік тәжірибелері өте мол болған, қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Еуразияның кең байтақ даласында өмір сүрген халықтардың арасында ⅩⅩ- ғасырдың басына дейінгі көшпелі өмір салтын сол қалпында сақтап келген санаулы елдердің қатарынан қазақтардың да орын алуы көп нәрсені аңғартса керек. Осы орайда түрлі кәсіп иелерінің, атап айтқанда аңшыларға, балықшыларға және т.б. қарағанда сал шаруашылығымен айналысушылардың дамудың бір сатысында жоғарғы тұрғандығын мойындамасқа, өйткені, алғашқы аталғандар табиғаттың дайын өнімдерімен тіршілік етсе, ал көшпелі малшылар өздерінің маңдай терінің, ақыл - ойының жемісін көрген. Еңбекқор малшылар қауымын ерекше озық мәдениеттің ерекше өкілдері деп бағалау - көшпелілер мәдениеті, оның ішінде қазақ мәдениеті жайында айтылған жаңсақ пікірлерге қарсы құрар сенімді қапқан болмақ.
Көшпелілердің тұрмыс - тіршілігіне сән - салтанат беріп, оны одан әрі ажарландырып тұрған жылқы малы екендігіне тоқталамай кетсек, көшпелі халықтар мәдениетінің қыр - сырлары толық ашылмай қалған болар еді. Жылқы малын кеңінен пайдаланудың арқасында адам өзінің үйреншікті дағдыларынан ажырап, емін - еркін көшіп жүру бостандығы өз есігін айқара ашты. Жылқыны үйретіп, адам еркіне бағындыру қайыспас қайсарлық пен табанды еңбекпен қатар, осыбір қасиетті жануардың талаптарына сай қасиеттерін бағалауды қажет етті. Белгілі мәдениеттанушы ғалым К. Ясперс:
Ұлы мәдениеттердің ошағы болған мемлекеттер көшпелілерден жылқыны пайдалануды мұра етті. Көшпелілер жылқы малының көмегімен ұлы мәдениет ошақтарын жаулап қана қоймай, ұшы қиыры жоқ осы бір кеңістіктегі мәдениеттердің дәмін татты, оларды өз көздерімен көре білді. Сонымен қатар, жылқы малының арқасында бұрынғы әскери техника мүлде жаңа сипатқа ие болды, - деп жазған болатын. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің байланысуына мүмкіндік берді. Жылқышылар мәдениетінің қадір - қасиетін бағалай білу

көшпелілер мәденитінің, оның ішінде қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің мерейін одан әрі тастары сөзсіз.
Көшпелілер қоғамының ең басты ерекшеліктерінің бірі оның этникалық бірлестігінде болды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды. Қазақ мәденнетінің негізгі архетипі саналатын көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі -- ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Мұндай ерекше қасиеттен қазақ халқы кенде емес, қазақ халқы да өзінің этникалық тұтастығын сақтай да
, қадірлей білген халық. Қазақ халықының түрлң ата - тек , үрім - бұтаққа бөлінуіне қарамастан өмір салты , әдет - ғұрпы, дәстүрі бүртұтас бүтін болып келеді. Қазақ халқы ел басына күн туғанда жауға қарсы бір кісідей аттанған, жұт пен түрлі індеттер ауыртпалығын бірге көтерген. Көшпелілер мәдениеті дәуірлеп тұрған кезде қазақ елінде төрт түлік малға деген меншіктің өзі шартты түрде болған.
Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып ееептелінді. Ата қоныс ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың теріскейіндегі орманды- далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу -- мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. Құрғақ даланы, -- дейді ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), -- тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады. Малшылық егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені дихан табиғат өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылык, жоғары интуициялық кабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікпен үйлесімді дамыған мәдениет адам мен табиғаттың арасында

нәзік үндестікті білдіретін дәнекер кызметін атқарды. Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына шешуші әсер етті. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі -- әлем және адам түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды.
Өнерді сұрыптауға бүкіл халық болып ат салыса отырып, қазаө халықының рухани деңгейі, рухани өресі де биік болған. Ерекше атап өтетін бір жәйт, қазақтардың салт - дәстүрлері, мақал - мәтелдері, барша тиымдары көшпелі өмір салтымен,тылсым табиғатпен тығыз байланысты болған. Көшпелілер шаруашылығы - көшплі халықтардың рухани әлемінің қайнар бұлағына айналған. . Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті -- оның тылсымдық сипаты. Мысалы, ата қоныс ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныс халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыздарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

1.1. Көшпенділердің материалдық және рухани мәдениеті

Көшпелі тұрмыс үйдегі қолөнер мен кәсіпшіліктің одан әрі дамуын және жетілдірілуін қажет етті. Сол кездегі жазбаша деректер мен археологиялық материалдар моңғол шапқыншылығы дәуірінен кейін-ақ бірқатар кәсіби қолөнердің болғанын көрсетеді. Әсіресе, көшпелі тұрмысқа лайықталған ұсталық, теріден былғары илеу, тоқымашылық, тігіншілік, киіз басу, зергерлік, қару-жарақ жасау, ыдыс жасау қолөнерлері басым дамыды. Оңтүстіктегі қалалардың қайта жандануы да қолөнер кәсіпшілігінің одан әрі дамуын тездете түсті. Көшпелі халық пен отырықшы халықтың мәдени байланысы үзілген жоқ.
Көшпелілердің негізгі баспанасы киіз үй одан әрі жетілдірілді. Киіз үйдің сүйегін -- кереге, уық, шаңырағын жасайтын ағаш шеберлері болды. Ибн- Рузбиханның мәліметтеріне қарағанда көшпелі халықтар ағаш өндеуді, киіз үйлер мен арбалар жасауды жетік меңгерген. Орта ғасырлық деректер бойынша олар арбаға орнатылған үйлерді де жасай білген. Ағаштан жасалған кереге, уық, шаңырақтары мінсіз келген. Үйдің жан-жағы және үсті неше түрлі

киізбен, қой терісімен жабылған. Бұл үйлер өте әсем және демалып жатқанда жиырмадан астам адам сиятын болған.
Халық негізгі азығын мал өнімдеріне н алды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и-Рашиди шығармасында алғашқы бие байлау жөніндегі мейрам суреттеледі. Алғашқы бие байлауға ерекше мән беріліп, ол мейрам ретінде монғолдардың ескі әдеп-ғұ рыптары мен зандары бойынша Моғолстандағы әйгілі Көктөбе деген жерде көктемнің басында Қызыр-Қожа мен оның маңындағылар жасаған деп суреттейді Мұхаммед Хайдар Дулати. Мал өнімдерінен киім-кешек, ат әбзелдері, үй заттары дайындалатын шикізат түрлері тері, жүн, сүйек алынған. Қазақтар және олардың арғы ататектері тері мен киіз өндеуді, оларды әр алуан түске бояуды жақсы меңгерді. Олар сонымен бірге, киіз бен былғарыға оюлар салу, құрақ құрау, өрнек салу техникасын шебер орындай білді. Сол кездегі жазба деректер бойынша
Олардың шекпендері қойдың жүнінен тоқылып, әр түрлі түске боялды, олар тіпті атластан тоқылған шапандарға ұқсайды. Бұл шапандар Бұқараға да жіберілетін, олардың әдемі де жұқа болатындығы соншалықты, ол жерде бұларды атлас шапандардың құнындай бағаға сатып алады. Олардың жаңбырдан қорғанатын жамылғылары да дәл сондай жүн матадан жасалады, олардан мүлдем су өтпейді.
Киіз түрлерінен де қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері айқын көрінді. Қазақтар көктем, жаз айларында көбінесе көйлек, оның сыртынан бешпент, қамзол немесе шапан киді. Қыс айларында қойдың немесе түйенің жабағысынан қальщ матамен тыстап, кең тігілген күпі немесе тон, құлын терісінен тігілген жарғақ шекпен, қой терісінен түгін ішіне қаратып тіккен жарғақ шалбар пайдаланды. Аң терілерінен тігілген шекпендер, тондар, шалбарлар да болды.
Қыста ұзын және жалпақ мандайшасы бар, мойынды түгел жауып тұратын желкелігі салынған шошақ тебелі тымақ киді. Бұндай бас киім елтеріден, түлкі және басқа да аң терілерінен тігілді. Жазғы ыстықга жұқа ақ киізден тігілген биік шошақ төбелі қалпақ киді. Айыр қалпақ деп аталатын қайырмасы бар және қайырмасы жоқ тілік қалпақ кең тарады. Қазақтарда аяқ киім түрлері де, оның ішінде ерлердің аяқ киімдері алуан түрлі болды. Көбінесе олар қонышы тізеден асып тұратын өкшесі биік етіктер, жылқының немесе өгіздің терісінен тігілетін, аң аулағанда киетін тұмсығы қайқы жұмсақ етіктер, атқа мініп жүруге ыңғайлы жеңіл етіктер, сондай-ақ ешкінің терісінен тігілген мәсі және қатқыл теріден кебіс киді.
Әйелдердің киімі түрлі түсті матадан, жібектен, мақпал мен барқыттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
Көшпелілер мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі
Қазақстанның ежелдегі мәдени мұралары
Қазақ мәдениеті туралы
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Пәндер