Қазақ кесте өнерінің шеберлері


Қaзaқcтaн Pecпубликacының бiлiм жәнe ғылым миниcтipлiгi
Ш. Уәлиxaнoв aтындaғы Көкшeтaу мeмлeкeттiк унивepcитeтi
Миниcтepcтвo oбpaзoвaния и нaуки Pecпублики Кaзaxcтaн
Кoкшeтaуcкий гocудapcтвeнный унивepcитeт им. Ш. Уaлиxaнoвa
Махмет Гания
(Cтудeнттiң aты-жөнi/ФИO cтудeнтa)
«Көркем еңбек сабағында оқушыларға
кесте тігу технологиясын үйрету әдісі»
(Тaқыpыбы / Тeмa)
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
ДИПЛOМНAЯ PAБOТA
Мaмaндығы / Cпeциaльнocть: 5В012000 «Кәciптiк оқыту»
(кoд и нaимeнoвaниe cпeциaльнocти)
Көкшeтaу 2019_
Қaзaқcтaн Pecпубликacының бiлiм жәнe ғылым миниcтipлiгi
Ш. Уәлиxaнoв aтындaғы Көкшeтaу мeмлeкeттiк унивepcитeтi
Миниcтepcтвo oбpaзoвaния и нaуки Pecпублики Кaзaxcтaн
Кoкшeтaуcкий гocудapcтвeнный унивepcитeт им. Ш. Уaлиxaнoвa
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
ДИПЛOМНAЯ PAБOТA
Тaқыpыбы: «Көркем еңбек сабағында оқушыларға кесте тігу технологиясын үйрету әдісі»
Нa тeму:
Мaмaндығы 5В012000 «Кәciптiк оқыту»
Cпeциaльнocть:
Opындaды: Махмет Гания
(қoлы/пoдпиcь) (aты-жөнi / ФИO)
Выпoлнил:
Жeтeкшi: Сугралиова Г. К.
(қoлы/пoдпиcь) (aты-жөнi / ФИO)
Pукoвoдитeль
Қopғaуғa жiбepiлдi «» 2019 ж.
(қoлы/пoдпиcь) (aты-жөнi / ФИO)
Дoпуcкaeтcя к зaщитe: «» 2019 г.
Кaфeдpa мeңгepушici: Сугиралиев Д. Т.
Зaв. Кaфeдpoй:
Мазмұны
Кіріспе . . . …… . . . 4
- Ұлттық сәнді қолданбалы өнерінің шығу және даму тарихы және технологиясы. Ұлттық сәнді қолданбалы өнерінің тарихы және түрлері . . . Қазақ кесте өнерінің шеберлері . . . … . . . Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері. қажетті құрал-жабдықтар, тігу технологиясы . . . … . . .
- Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып, үйрету әдістемесі. Үйірме жұмысының жылдық-күнтізбелік жоспары . . . … . . . . Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары . . .
2. 3 Сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесі . . .
2. 4 Шығармашылық жұмыс, ізденіс жолдары, жұмыстың орындалу барысы. .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тәзімі . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
«Қыз еркем кестесімен көркем, ұл еркем өнерімен көркем» - деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-бабамыздан қалған мұралары қазіргі кезде қолға алынып, қайта қауышып, ерекше орын алуда.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», - екенін атап көрсетті.
«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді ол.
Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ», - деуі шешімді пікір.
Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.
«Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр. [1]
«Егер адам өзінің өткен тарихын білмесе, оның болашағы жоқ» деген қазақтардың мақалы бар. Өзінің тарихын, өзінің мәдени мұрасын сақтау заманауи қоғамның көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің бай дәстүрлері тоғысқан ұлттық киім халықтың эстетикалық түсініктерінің көрсетушісі болып табылады, рухани және тарихи тәжрибенің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ оқушыларға білім, білік, дағдыны қалыптастыруда белсенді әдістердің маңызы зор.
Сондықтан оқушыларға белсенді әдістер арқылы оқушыларға киімді жобалау негізін және модельдеуді үйрету барысында біз оқушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқыптылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т. б. баулимыз. Сонымен бірге белсенді әдістер арқылы оқушылардың киімді жобалау және модельдеу тұрғысынан танымын кеңейтіп, дағдысын қалыптастырамыз.
Сол себепті мен диплом жұмысымды «Технология сабағында оқушыларға киімді жобалаудың негізін үйрету» деп таңдадым.
Мәселе:: Еліміздегі жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың технология сабағындағы еңбекке дайындық жағдайымен танысып, жетілдіру жолдарын анықтау;
1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;
2. Мектептегі технология пәнін оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
3. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұсынылған жүйенің тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Деректерді талдау -ғылыми жұм
Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар дегеп сенемін. Бұл дипломдық жұмыста кесте өнерінің шығу даму тарихы, кестенің түрлері, олардың жасалу, тігілу технологиясы, қажетті құрал-жабдықтары жазылып көрсетілген.
Қазіргі күнде ата-бабамыз ата-бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.
Қолөнер десек, онда оның көптеген түрлері бар :”құрақ құрау”, “кілем тоқу”, “түп киіз тоқу “, “сырмақ басу “, “кесте тігу “ сияқты . Әр халықтың өзіне тән өнері, тілі, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Көшпелі болғанымен олардың рухани болмысы көшпелі болған емес . Біздің заманымызға бабаларымыздың өсиет үлгісі, өнері арқылы жеткен. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан -сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз cегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне толық тоқталамыз. Кестелеу, көкемдеп тігу, ою-өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. ’’Бізкесте’’, ’’Гобелен’’, (көпіртпелі) кесте, ”Моншақпен кестелеу” (бисерлеу) дейміз. Тігіс түрлеріне келсек көркем тігіс түрлерін білеміз. ’’Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтамайды, деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.
Кесте - қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу - өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер - көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер - кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер - мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар - жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер - кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька - бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар - канва, тегіс боялған мата. [2]
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан -сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Кесте тігу өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру қажет. Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан көркем еңбек шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Көркем еңбек сабағында оқушыларға кесте тігу технологиясын уйрету әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушының шеберлігін ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.
«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.
Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті. Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.
Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол өнерін, мәдениетін қалыптастырады. Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К. Әмірғазин, Е. Асылханов, Қ. Болатбаев, М. Мырзақанов, Ж. Балкенов, С. Жолдасбекова, Ұ. Әбдіғапбарова және т. б. ) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
Жіктемелердің ішінде біз Ұ. Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік) мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма
өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап) ; алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме) ; бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары) ; ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет) ; сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем) ; сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен) ; іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз) ; ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма) ; әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара) . Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т. б. ) ; ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т. б. ; шым ши (кілем ши, тұс ши және т. б. ) ; шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп жәнет. б. ) .
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің бұл түрлерінің өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері, әшекейлік ою-өрнектері бар. Ою-өрнек латынның ornament - әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Оған көптеген ғалымдар (А. В. Филипов, С. В. Иванов, И. Г. Ковалев, К. Е. Ибраева, К. К. Ералин, Ж. Балкенов және т. б. ) өздерінің анықтамаларын берген. Олардың бірі «Ою-өрнекті үйлесімділік өнер десе, екінші - символдар байланысы, үшіншісі бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі, төртіншісі - адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты символикалық пішінде суреттейтін бейнелеу өнерінің айрықша түрі, бесіншісі қазақ ою-өрнегі көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі, тағы бірі қазақтың өрнегі - қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы деп түсіндіреді. Солардың ішінде «ою-өрнек» ұғымдық мәнін С. Қасиманов, Ұ. Әбдіғапбарова толық ашып көрсетті десе болады. Егер С. Қасиманов: « . . . «ою» деген сөз бен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» қосарланып айтыла береді» - десе, Ұ. Әбдіғапбарова: «қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал
ететін нақыштар» деп ой тұжырымдайды. Екі түсінік те бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек ұғымынан толық мағлұмат алуға көмектеседі. Сонымен, сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына қарай) септігін тигізді.
Әрине, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге де болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері болады.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлері: Пішілуіне байланысты: сәндік пішінді (киімнің қосымша бөліктері, кесе қап және т. б. ) ; тік пішінді (ақ жайма, тұс кесте, дастархан, тұтқыш және т. б. ) . Қолданылуына байланысты: сәндік бұйымдар (шымылдық, жапқыш, сүлгі, тұс кесте, сәндік панно және т. б. ) ; сыйлықтық бұйымдар (кітап арасына салатын тілше, қолдорба, әмиян, орамал, нышандық белгілер және т. б. ) ; тұрмыстық бұйымдар (киім-кешек, ас-үй жабулары, төсек орын, жастық тыс, жапқыштар және т. б. ) . Материалына байланысты: мақта; кенеп; жүн; жібек; аралас; синтетикалық. Ою-өрнегіне байланысты: ғарыштық; геометриялық; өсімдік тектес; хайуанаттық. Түсіне байланысты: бір түсті; екі түсті; үш түсті; көп түсті. Өңделуіне байланысты: айқас кесте; шым кесте; біз кесте; торлап тігу және т. б.
Тақырыптың көкейкестілігі : өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дипломдық жұмысымның мақсаты: Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында кесте тігудің технологиясын үйрету арқылы олардың халық өнеріне деген сүйіспеншілігін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру. Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып, оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру.
Дипломдық жұмысымның міндеттері:
Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмысы кезінде кесте тігу өнерінің теориялық негіздерін айқындау.
Оқушыларға кесте тігу барысында әр түрлі ою өрнектер нақыштарын қолдануды үйрету.
Толық тігіліп біткен жұмысты безендіру әдістерін үйрету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz