Қант қызылшасын тұқымға өсіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Факультет:Агронамия
Кафедра:Агронамия

Реферат
Тақырыбы: Қант қызылшасын тұқымға өсіру

Орындаған: Төлеу Қ.
Топ:АГ-404П
Тексерген:Жуматаев М.

Алматы 2021

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қант қызылшасын тұқымға өсіру
2. Қызылшаның полиплоид тұқымын алу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) -- қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 - 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 - 125 күн. Қант қызылшасы - құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 - 4,5 мм және 4,5 - 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді.
Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 - 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жанына 40-50см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп-толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады. Тамыржемісінің формасы - конус тәрізді. Құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады.
Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз.
Мойын - тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20 %) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен -75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Формалары жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және алақаны дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ алақанының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі және өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60 таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлдеуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі-жаңғақша. Көп дәнді қант қызылшасының жемістері 2-5 дәннен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқым салмағы 20-дан 50 г дейін. Бірдәнді қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механизацияны пайдаланып себуге ыңғайлы.

1. Қант қызылшасын тұқымға өсіру
Бірінші жылы өсірілген және тұқым алу үшін сақтауға қойылған тамыржемістер аналықтар, немесе тұқымдықтар деп аталады. Тұқымдық қызылша өсірудің негізгі тәсілдері фабрикалық қызылша өсіру технологиясына жақын. Тұқымдық қызылша егістерін фабрикалық бірге ауыспалы егістің сәйкес танаптарындағы құнары жоғары учаскелерге орналастырады. Өсіру жағдайлары тамыржеміс өнімінің артуына ғана емес, оның тұқымдық өнімділігі мен алынатын тұқымның өнімдік сапасына үлкен әсер етеді. Тұқымдық қызылшаны қатараралықтары 45,0 см етіп жақсы агротехникалық мезгілдерде себеді.
Тұқымдық қызылша өсірудің басты ерекшелігі өсімдіктерді өте жиі орналастыру - гектарға кемінде 140-160 мың өсімдік. Оған қатардағы өсімдіктерді жақын орналастырумен қол жеткізуге болады. Кәдімгі қатараралықпен сепкенде қатардағы өсімдіктердің ара қашықтығы 14-16 см аспауы керек. Тұқымдық қызылшаның өте біркелкі орналасуына нүктелеп себетін тұқым сепкіштермен жетуге болады.
Тұқымдық қызылшаны жинау мерзімінің маңызы зор. Ыстық мерзімде ерте жиналған тамырлар тез солып қалады және шоқалап сақтауда зең басып кетеді. Ерте жинауда да қыңырлар саны көбейеді. Сондықтан тұқымдық қызылшаны мүмкіндігінше тәуліктік орташа температура 6-8°С дейін төмендеп тұрақты салқын түскенде, бірақ үсік ұруға дейін жинаған дұрыс.
Тұқымдық қызылшаны жинау үшін пышағы алынған қызылша комбайнын пайдаланады. Онда қызылшаны қазу мен жерден суырып алу толық механизацияланады. Қазып алынған тамыржемісті топырақтан тазартады және бүршіктерін зақымдамай жапырақтарын кесіп тастайды. Тек орталық бүршікті ғана қалтырып, қалғандарын біркелкі жетілу мен тұқым өнімі арту үшін кесіп тастауға да болады.
Тазалау кезінде ауру, бұтақтанған және зақымданған тамыржемістерді алып тастайды. Тазаланған тамыржемістерді уақытша жауып қояды да жалпы өнімді жинауды бітірісімен қыста сақтайтын жерге алып кетеді. Тамыржемістерді шоқалап немесе ені 70 см (екі тамыр ұзындығы), тереңдігі 75-90 см, ұзындығы өз ыңғайына қарай қазылған жерде сақтайды. Шоқада тамырларды қабатпен, тегіс қатарлап қояды. Тамырлар өзара жанаспас үшін тамырдың әр қатарын 3-4 см қабатты топырақпен жабады. Шоқаның үстін қатып қалудан сақтау үшін топырақпен жауып тастайды, қыста қар жетіспейтін жағдайда шоқаны қосымша көңмен жабады. Жақсы сақталу үшін қажет температура 3-4°С.
Қызылшаның тұқым өнімі топырақтың құнарына тікелей байланысты. Сондықтан тұқымдық тамыржемістерді жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырады, органикалық және минералдық тыңайтқыштар береді. Оған ең жақсы алғы дақыл тыңайтылған сүрі жерден кейінгі күздіктер мен дәндібұршақтар.
Көктемде тамыржемістерді отырғызғанда жергілікті органикалық-минералдық тыңайтқыштарды гектарына мынандай мөлшерде береді: көң 5-6 т, N - 15-20 кг, Р2О5 -30-40, К2О - 10-15 кг. Одан басқа жертаған жапырақтанғанда гүлсидам пайда болар алдында 20-30 кг-нан толық минералдық (NРК) тыңайтқыштармен өсімдіктерді үстеп қоректендіреді.
Тамыржемістерді отырғызуға дайындауға - алдынала (5-6 күн бұрын) шоқадан оларды аршып алу, шіріген, ауру және мүрік тамырларды алып тастау, үйіндіде оларды ояту, немесе жылумен өңдеулер жатады.
Тамыржемістерді дала жұмыстарының бірінші аптасында отырғызады. Тұқымдықтарды отырғызуды кешіктіруге болмайды, 10-14 күнге кешігуден тұқым өнімі 25% төмендейді. Тамыржемістерді алдын-ала белгіленген танап жерлеріне топырақ бетінен 2-3 см төменге тігінен отырғызады. Тамырдың қоректену алаңы 4900 см[2] (70x70) болғанда 1 га жерге 20,4 мың тамыр орналасады.
Өсімдікті күтіп-баптаудағы көп рет кесе-көлденең қопсытулардан басқа, гүлдеу алдында гүлсидам өркендердің бас және бүйір бұтақтарын қырқудың топырақты қопсыған және таза күйде ұстап тұрудың маңызы зор. Жаппай гүлдеу кезеңінде өсімдіктерді қосымша тозаңдандырудың да атқаратын рөлі ерекше.
Қант қызылшасы тұқымының пісуі, гүлдеу сияқты бірдей емес. Гүлдеудің біркелкі еместігі тұқымдық егісті жинауды қиындатады, онымен қоймай піскен тұқымдар тез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Тұқымды себуге дайындау және себу
Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Қызылшаның тамыр жүйесі
Шошқа шаруашылығының маңызды және түрлері
Диффузиялық шырынды тазарту
Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері
Жамбыл облысы Меркі ауданы жағдайында қант қызылшасының негізгі зиянкестері мен ауруларының фитосанитарлық мониторингі және оған қысқа мерзімділік болжауы мен фенологиялық болжауын жасау
Тамыр және түйнекті жемістілер
Түйнек жемістілер
Пәндер