Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ коммерциялық емес акционерлік қоғам
Жаратылыстану - математика факультеті
Жаратылыстану - ғылыми пәндер оқу кафедрасы
6М011600 - «Геοграфия» мамандығы бойынша
Магистрлік диссертация
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІН
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУ
Орындаушы: Оразалинова А. К.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші: г. ғ. д., профессор Бельгибаев М. Е.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
(күні)
Кафедра меңгерушісі: б. ғ. к., доцент Сапарова Г. С.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы: Шұлғаубаев Е. Қ.
(қолы, күні)
Семей - 2020 ж.
Реферат
Диссертация кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс-72 бетте орындалды, 8- кесте, 6-сурет, 56-әдебиеттер тізімі, соның ішінде 2-диссертация, 18 ғылыми мақала, 35 ғылыми әдебиет, 1 интернет сілтемелері.
Кілт сөздер: рекреация, туризм, ландшафт, биосфера, гидросфера, литосфера, антропогенді, биогеоценоз, геоморфология, гидрология, флора, фауна, бальнеология, суқойма, курорт, санаторий, инфильтрация, конденсация, минералды сулар, экономика.
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде рекреация жайлы түсінік, олардың түрлері және туризмді дамытудағы су рекреациялық ресурстарының рөлі.
Екінші бөлімінде Шығыс Қазақстанның өзендері, көлдері, су қоймалары, жер асты сулары және мұздықтар жайлы физикалық-географиялық сипаттама берілді.
Үшінші бөлімінде Шығыс Қазақстан облысы су ресурстарын рекреациялық бағалау әдістері, жер үсті суларын рекреациялық мақсатта пайдалану үшін жарамдылығын бағалау, жер асты суларының емдік мақсатта пайдаланудың маңыздылығы зерттелген.
Қазіргі әлемде дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына ықпалын тигізетін маңызды фактордың бірі рекреациялық сала болып табылады. Адам қызметінің басқа салалары сияқты, ол белгілі бір ресурстарды пайдаланады. Рекреация сөзін адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қызмет ретінде түсінуге болады. Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту үшін барлық алғышарттар бар: әртүрлі ландшафттар, бай мәдени - тарихи мұра, сондай-ақ трансшекаралық жағдай осы өңірдің рекреациялық қызмет үшін тартымдылығын тудырады.
Ғылыми жаңалығы: зерттеліп отырған аумақтың су ресурстарына физикалық - географиялық сипаттама бере отырып, рекреациялық мақсатта пайдалану дәрежесі анықталды. Шығыс Қазақстанның басты су артериясы Ертіс өзенінің рекреациялық мақсаттар үшін жарамдылығына баллдық бағалау жүргізілді. ШҚО аудандары бойынша рекреациялық әлеует құрылымындағы су ресурстарына бағалау жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысы көлдерінің әрбір компонент бойынша рекреация үшін жарамдылық картасы құрастырылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері Шығыс Қазақстан облысының су ресурстарының рекреациялық әлеуеті туралы жалпы түсінік береді, оларды туризм және рекреация саласында пайдалануға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, зерттеу материалдары мектептегі географ-мұғалімдер үшін ғылыми жобаларды жазу кезінде маңызды.
Диссертациялық жұмыстың өзекті мәселелері, ғылыми-зерттеу жұмысының талаптарына толық жауап береді. Диссертациялық жұмыстың тақырыбына байланысты 2 ғылыми мақала басылым бетінде жарық көрді.
Реферат
Диссертация состоит из введения, 3 разделов, заключения и списка использованной литературы. Работа выполнена на 72 листах, 8 таблиц, 6 рисунков, список литературы-56, в том числе 2 диссертации, 18 научных статей, 35 научной литературы, интернет ссылки-1.
Ключевые слова : рекреация, туризм, ландшафт, биосфера, гидросфера, литосфера, антропогенный, биогеоценоз, геоморфология, гидрология, флора, фауна, бальнеология, водохранилище, курорт, санаторий, инфильтрация, конденсация, минеральные воды, экономика.
В первом разделе работы отражены теоретические исследования посвящены концепции рекреации, их типам и роли водных рекреационных ресурсов в развитии туризма.
Во втором разделе приводится физико-географическое описание рек, озер, водохранилищ, подземных вод и ледников Восточного Казахстана.
В третьем разделе рассматриваются методы рекреационной оценки водных ресурсов, оценка пригодности поверхностных вод для рекреационного использования, важность использования подземных вод в медицинских целях.
В современном мире одним из важных факторов, влияющих на развитие мирового хозяйства, является рекреационная сфера. Как и другие сферы человеческой деятельности, он использует определенные ресурсы. Слово рекреации можно понимать как деятельность, направленная на восстановление здоровья и работоспособности человека. В Восточно - Казахстанской области имеются все предпосылки для развития туризма: разнообразные ландшафты, богатое культурно-историческое наследие, а также трансграничная обстановка создают привлекательность данного региона для рекреационной деятельности.
Научная новизна: определена степень рекреационного использования исследуемой территории, создана физико - географическя характеристика водных ресурсов. Проведена балльная оценка пригодности главной водной артерии Восточного Казахстана для рекреационных целей реки Иртыш. Проведена оценка водных ресурсов в структуре рекреационного потенциала по районам ВКО. Составлена карта пригодности для рекреации по каждому компоненту озер Восточно-Казахстанской области.
Теоретическое и практическое значение исследовательской работы: результаты исследования дают общее представление о рекреационном потенциале водных ресурсов Восточно-Казахстанской области, позволяют использовать их в сфере туризма и рекреации. Кроме того, материалы исследования важны при написании научных проектов для учителей-географов в школе.
Актуальные проблемы диссертационной работы полностью отвечают требованиям научно-исследовательской работы. По теме диссертационной работы 2 научные статьи опубликованы в печати.
Report
The dissertation consists of an introduction, 3 sections, conclusion and a list of references. The work is made on 72 sheets, table 8, figure 6, the list of references-56, including 2 dissertations, 18 scientific articles, 35 scientific literature, 1 Internet link.
Keywords: recreation, tourism, landscape, biosphere, hydrosphere, lithosphere, anthropogenic, biogeocenosis, geomorphology, hydrology, flora, fauna, balneology, reservoir, resort, sanatorium, infiltration, condensation, mineral waters, economy.
The first section of the work reflects theoretical research on the concept of recreation, their types and the role of water recreational resources in the development of tourism.
The second section provides a physical and geographical description of rivers, lakes, reservoirs, groundwater and glaciers in Eastern Kazakhstan.
The third section discusses methods of recreational assessment of water resources, assessment of the suitability of surface water for recreational use, and the importance of using groundwater for medical purposes.
In the modern world, one of the important factors affecting the development of the world economy is the recreational sphere. Like other areas of human activity, it uses certain resources. The word recreation can be understood as an activity aimed at restoring a person's health and working capacity. The East Kazakhstan region has all the prerequisites for the development of tourism: diverse landscapes, rich cultural and historical heritage, as well as the cross-border situation create the attractiveness of this region for recreational activities.
Scientific novelty: the degree of recreational use of the studied area is determined in order to give a physical and geographical characteristic of water resources. A point assessment of the suitability of the main waterway of East Kazakhstan for recreational purposes of the Irtysh river was carried out. The assessment of water resources in the structure of recreational potential in the regions of East Kazakhstan region was carried out. A map of fitness for recreation for each component of lakes in the East Kazakhstan region has been compiled.
Theoretical and practical significance of the research: the results of the study give a General idea of the recreational potential of water resources in the East Kazakhstan region, allow them to be used in the field of tourism and recreation. In addition, research materials are important when writing research projects for geography teachers at school.
Actual problems of the dissertation work fully meet the requirements of research work. 2 scientific articles on the topic of the dissertation are published in the press.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:
- Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен №406 бекітілген. 2017 ж. 30 маусым.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. 2017 жылы 12 сәуір.
- Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы «22» желтоқсандағы № 393 қаулысымен бекітілген)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі әлемде дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына ықпалын тигізетін маңызды фактордың бірі рекреациялық сала болып табылады. Адам қызметінің басқа салалары сияқты, ол белгілі бір ресурстарды пайдаланады. Рекреация сөзін адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қызмет ретінде түсінуге болады. Заманауи урбанизацияланған өмір салты осы қызмет түрінің қажеттілігін тудырады. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес рекреациялық қызметтің негізгі түрлері айқындалды. Бұл бағдарламаның мақсаты халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, сыртқы және ішкі туризм көлемін ұлғайту есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуі үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту үшін барлық алғышарттар бар: әртүрлі ландшафттар, бай мәдени - тарихи мұра, сондай-ақ трансшекаралық жағдай осы өңірдің рекреациялық қызмет үшін тартымдылығын тудырады.
Су ресурстары рекреациялық әлеуеттің әртүрлі түрлерін жүзеге асыру үшін аса маңызды шарт болып табылады. Олардың рекреациялық құндылығы әртүрлі факторлардың тұтас тобымен анықталады: жағалау ландшафты, пішіні, тереңдігі, жағалаулардың еңісі, су температурасы, ірі қалалардан алыстығы, кірме жолдармен қамтамасыз етілуі. Кез келген табиғи су нысаны жергілікті жердің көркі болып табылады және белгілі бір жағдайларда халықтың және туристік саланың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің туристік - рекреациялық қызметінің нысаны болуы мүмкін. Өзендер мен көлдер ландшафтты безендіреді, қолайлы микроклимат жасайды, туризм мен демалудың түрлі түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Су нысандары өз кезегінде аумақтың туристік - рекреациялық кешенін қалыптастыру және дамыту перспективаларына әсер етуші фактор ретінде кез келген аумақтың рекреациялық құндылығын анықтайды. Осыған байланысты су ресустарында рекреациялық қызметті ұйымдастыру және рекреациялық әлеуетті бағалау мәселесі өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының су ресурстарының рекреациялық әлеуетін бағалау және пайдалану мүмкіндіктерін кешенді түрде талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- рекреациялық ресурстарды пайдаланудың теориялық және әдіснамалық негіздерін сипаттау;
- зерттеліп отырған аумақтың су ресурстарына физикалық - географиялық сипаттама беру;
- Шығыс Қазақстан облысы су ресурстарын компоненттік-интегралды бағалау;
- жер асты суларының емдік мақсатта пайдаланудың маңыздылығын көрсету;
- Шығыс Қазақстан облысының көлдерін әрбір компонент бойынша рекреация үшін жарамдылық коэффицентін анықтау.
Зерттеу нысаны: Шығыс Қазақстан облысы су ресурстарының рекреациялық әлеуеті.
Зерттеу пәні: Шығыс Қазақстан облысы су ресурстарын рекреациялық мақсатта пайдаланудың ерекшеліктері
Зерттеу әдістері: жүйелі талдау, картографиялық, геоақпараттық, баллдық бағалау
Ғылыми жаңалығы: зерттеліп отырған аумақтың су ресурстарына физикалық - географиялық сипаттама бере отырып, рекреациялық мақсатта пайдалану дәрежесі анықталды. Шығыс Қазақстанның басты су артериясы Ертіс өзенінің рекреациялық мақсаттар үшін жарамдылығына баллдық бағалау жүргізілді. ШҚО аудандары бойынша рекреациялық әлеует құрылымындағы су ресурстарына бағалау жүргізілді. Шығыс Қазақстан облысы көлдерінің әрбір компонент бойынша рекреация үшін жарамдылық картасы құрастырылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері Шығыс Қазақстан облысының су ресурстарының рекреациялық әлеуеті туралы жалпы түсінік береді, оларды туризм және рекреация саласында пайдалануға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, зерттеу материалдары мектептегі географ-мұғалімдер үшін ғылыми жобаларды жазу кезінде маңызды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы: кipiспе, IIІ - бөлiмнен, қоpытындыдан, пайдаланылған әдебиеттеp тiзiмiнен, қосымшалаpдан тұpады.
1 РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Рекреация түсінігі
Рекреация - мамандандырылған аумақтарда сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени - ойын - сауық қызметі үшін бос уақытты пайдалану үдерісінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы [1] . Бұл анықтама бізге оңтайлы болып табылады, себебі адамдар қызметінің белгілі бір түрлерін ғана емес, сондай-ақ олар жүзеге асырылатын кеңістікті де сипаттайды.
Адамдардың күнделікті іс-әрекетіне жұмсалатын уақыт жұмыс кезі және бос уақыт болып бөлінеді. Бос уақыт - адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру (ұйқы, тамақтану) және үйренбеген табиғаттың мәжбүрлі қызметіне (кеңістікте қозғалу) байланысты емес жұмыстан тыс уақытының бөлігі. 1991 жылға дейін бұл «бос уақыт», бұқаралық демалыстың басты факторы болып саналды. Бос уақыт массивінің ұлғаюымен ХХ - ғасырдың 60 -80 жылдары рекреацияның дамуының күрт жандануы түсіндіріледі. Рекреациялық ағындардың қалыптасу факторы ретінде бос уақыттың маңыздылығы және олардың бағыттылығы туралы 1991 жылдан кейін халықтың едәуір бөлігінде бос уақыт пайда болды, ал рекреациялық ағындар тек қана ұлғайып қана қоймай, ауыр дағдарысқа байланысты тіпті қысқарды. Қазіргі уақытта жағдай біршама теңестіріледі, алайда бұрынғы ағындар сандық жағынан да, бағыттылығы жағынан да қалпына келтірілмейді [2] .
Қазіргі уақытта рекреация қалыпты адам өмірінің қажетті шарты, жұмыс қабілетін қалпына келтіру құралы, жан - жақты даму құралы болып табылатын қызметтің таңдаулы түріне жатады. Осыған байланысты оны жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Рекреациялық қажеттіліктердің үш түрін ажырату керек:
- қоғамдық - физикалық және психикалық күштерді қалпына келтіру, сондай-ақ оның барлық мүшелерінің жан-жақты дамуы үшін қоғамның қажеттілігі;
- топтық - халықтың әртүрлі әлеуметтік және жас топтары қажеттілігінің мазмұнын көрсетеді;
- жеке - жеке адамның қажеттілігі [1] .
Қажеттіліктердің бұл түрлері жеке емес, бір-біріне әсер ете отырып, үздіксіз қарым-қатынаста болады. Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу маңызды және қажет, өйткені олардың кеңістіктік-уақытша динамикасы рекреациялық қызметтің аумақтық нысандарында көрініс табады. Рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуы факторлар кешенінің әсерінен болады. Рекреациялық қажеттіліктер деп белгілі бір процестерге сәйкес келетін және оларды жасау үшін қажетті күштер түсініледі.
Әртүрлі факторлардың әсерінен рекреациялық қажеттіліктерді қалыптастыру және рекреациялық қызметтің дамуын айқындайды, өйткені олар оның белгілі бір түрлерінде іске асырылады. Рекреациялық қызмет адамның дене және рухани күштерін қалпына келтіру және дамыту мақсатында жүзеге асырылатын бос уақыттағы қызметі болып табылады. Басқа қызмет түрлерімен салыстырғанда бұл қызмет түрі адамдардың мінез-құлқының салыстырмалы әртүрлілігімен және оның процесінің өзіндік құнымен ерекшеленеді [3] .
Шығыс Қазақстан облысы аумағының рекреациялық әлеуетін толыққанды талдау және бағалау үшін біз топтастырған рекреациялық қызмет факторларын ескеру қажет (1-кесте) .
Кесте 1 - Рекреациялық қызмет факторлары
Н. С. Мироненко және И. Т. Твердохлебов (1981) [1] рекреациялық қызметтің жіктелуін келесі белгілер бойынша ұсынады.
1) рекреацияның басты себебі бойынша: емдік (климатпен емдеу, бальнеоемдеу, балшықпен емдеу) ; сауықтыру және спорттық (шомылу-жағажай, серуендеу, су спорты, балық аулау, аңшылық, альпинизм) ; танымдық (натуралистік, мәдени-тарихи) .
2) құқықтық мәртебесі бойынша: ұлттық (ішкі) ; халықаралық (шетелдік) .
3) ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді (3 тәуліктен кем) ; ұзақ мерзімді (3 тәуліктен астам) .
4) аумақтық белгісі бойынша: қала маңындағы (жергілікті) ; ауданішілік (жалпы мемлекеттік) ; халықаралық.
5) ұйымның сипаты бойынша: регламенттелген (жоспарланған) - нақты, алдын ала жарияланған регламент бойынша саяхат және болу (мысалы, санаторийлерде, демалыс үйлерінде және т. б. демалыс) ; өзіндік - рекреациялық кәсіпорындармен ешқандай өзара міндеттемелермен байланысы жоқ рекреанттың өзіндік саяхаты.
6) маусымдық: жыл бойы; маусымдық (жазғы, қысқы) .
7) жас белгісі бойынша: балалар; ересектер; аралас.
8) қатысушылар саны бойынша: жеке; топтық.
9) қозғалу дәрежесі бойынша: стационарлық - саяхат белгілі бір жерде болу үшін жүзеге асырылады; көшпелі - тұрақты жүріп-тұруды, орнын өзгертуді болжайды.
10) пайдаланылатын көлік құралдарының сипаты бойынша: автомобиль; автобус; авиациялық; темір жол; теплоход.
11) рекреациялық ресурстарды пайдалану сипаты бойынша: климаттық емдеу; тау шаңғысы; мәдени-тарихи және т. б.
12) тығыз әлеуметтік байланыстар бойынша: ортадан тепкіш; ортаға тартқыш. Адам қызметінің басқа түрлері сияқты рекреация белгілі бір ресурстарды пайдаланады, даму процесінде олардың құрамдас элементтері арасындағы кеңістіктік қатынастардың барлық жиынтығымен аумақтық рекреациялық жүйелерді қалыптастырады.
- Рекраециялық ресурстардың түрлері.
Рекреациялық ресурстар - бұл халықтың демалыс пен туризмге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын ресурстардың барлық түрлері. Рекреация түсінігі латын тілінен аударғанда «rесrеаtiо» - «қалпына келтіру» деген мағынаны білдіреді [3] .
Рекреациялық әлеуеттің маңызды құрамдас бөлігі рекреациялық ресурстар болып табылады. Рекреациялық ресурстар деп табиғи ортаның компоненттері; рекреациялық қызметтердің әртүрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін бірегейлігі, эстетикалық тартымдылығы, емдік - сауықтыру маңызы бар шаруашылық қызметінің нысандарын түсінеміз [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz