Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 123 бет
Таңдаулыға:   
1-бөлім. Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
2-бөлім. Ақпараттық анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
3-бөлім. Өткен оқу жылындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер:
4-бөлім. Тегін жалпы білім алуға бағытталған мектеп қызметін ұйымдастыру бойынша жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . 44
5-бөлім. Педагогикалық кадрлармен жұмыс жоспары ... ... ... ... ... ... ... .. 46
6-бөлім. Мектептегі әдістемелік жұмыс жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
7-бөлім. Психологиялық қызметтің жұмыс жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... 50
8-бөлім. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жұмыс жоспары ... ... ... 90
9-бөлім. ОТЖ басшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 94
10-бөлім. МІБ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . 102
11-бөлім. Ата- аналар, отбасы және қоғамдық жұмыс жоспары ... ... ... .. 159
12-бөлім. МТБ нығайту жөніндегі жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 161
Қосымшалар:
- Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
- Кітапхананың жұмыс жоспары
- Қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары
- Педкадрларды аттестаттауды жоспарлау
- Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

IT Мектеп-лицейінің мәселесі:
Инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және ғылыми -зерттеушілік қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

IT- лицей мақсаты:
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді STEM бағдарламаларымен кіріктіре оқыту арқылы нәтижелі білімге қол жеткізу.
Міндеті:
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын негізге ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушынының меңгеруін қамтамасыз ету.
Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттіктерін дамытуға жағдай жасау.
Оқытуды оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету,арнаулы бағдарламалар құру,ғылыми әдеби оқулықты пайдалану, дидактикалық материалдармен оқу әдістемелік кешен құру;
Білім беру бағытының жекеленуін нақтылау(жаңа ақпараттық технологиялар);
Білім мазмұнын жаңарту ( вариативтік, тереңдетіліп оқытылатын қосымша пәндер енгізу);
Лицей оқушыларының денсаулығын сақтау ,нығайту , салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған лицей жұмысын жетілдіру;
Әр оқушының білім деңгейін көтеруге шығармашылық қабілеті мен мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген диагностика жүйесін жетілдіру;
9,11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға,мамандық таңдауға байланысты дайындық жұмыстарының әдіс - тәсілдерді жетілдіру;
Ғылыми - практикалық және ізденіс және жобалық жұмысты жалғастыру, оқушылардың интеллектауалдық,логикалық ойлау дамуының жаңа формаларын құру және қолданысқа енгізу;
Дарынды оқушыларды педагогикалық - психалогиялық сүйемелдеу , қолдау жұмыстарын жүргізу арқылы Дарынды лицейлік оқушының моделіне сай тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың құзіреттілігін бақылау деңгейін жеке портфолио арқылы жетілдіру;

2-бөлім. Ақпараттық анықтама
Көкшетау қаласы білім бөлімінің ІТ мектеп-лицейі КММ
Мектеп-лицейдің заңды және нақты мекенжайы: 020000
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа мөлтек ауданы, 7 А, тел.: 51-93-30.
Ашылған жылы: 2018ж.
E-mail: it_mektep_litsei@mail.ru
Жалпы алаңы: 16160,6; Негізгі ауданы:9234,3
Білім беру тілі: қазақ тілі
IT Мектеп-лицейінің мәселесі: Инновациялык, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін зерделеу, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
ІТ - лицей мақсаты: Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы нәтижелі, сапалы білім бере отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Мектеп-лицейінің - негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім алушының және оның ата-анасының білім алудағы сұранысын білім берудің вариативтілігін көтеру, білім беру кеңістігінің бірегейлігін сақтау арқылы кәсіби бейімдігі мен қабілетіне қарай жоғарғы деңгейде білім алу мүмкіндігін жасайтын және мәдени құндылықтарды сақтау, әлеуметтік-психологиялық, материалдық-техникалық жағдайды көтеру арқылы білім алушылармен педагогтардың жетістікке жетуін дамытуға арналған білім беру мекемесі.
Мектеп-лицейінің білім алушылары қаланың әр мөлтек ауданынан келіп білім алады. Оқушылары музыка мектебі, спорт мектебі, мектептен тыс оқу-тәрбие беру орталықтарында қосымша білім алды.

3-бөлім. Өткен оқу жылындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының талдауы
Педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметін талдау.
Осы оқу жылында әр мұғалім жұмысындағы проблемаларды анықтау және анықтау үшін "рефлексивті есеп"нысанын енгізілді.
Әр мұғалім, ұйымдастырушы педагог оқу тоқсанының соңында келесі бөлімдер бойынша рефлексивті есеп берді:
1-бөлім. Ұйымдастыру-педагогикалық қызметі.
Міндеті: әдістемелік жұмысқа қатысу және білім беру мекемесін дамыту Бағдарламасын іске асыру арқылы педагогтың кәсіби мәдениетін арттыру.
2-бөлім. Оқу-әдістемелік қызмет.
Міндеттері:
* педагогтардың кәсіби қызметін ақпараттық (Нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік) қамтамасыз етілді;

* оқушылардың білім жетістіктерін мониторингті ұйымдастырылып, өткізілді.
3-бөлім. Міндетті минимумды игеру бойынша іс-шаралар.
Міндеттер:
* бағдарламаға сәйкес пәндер бойынша білім берудің міндетті минимумын меңгеру бойынша оқушылар үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етілді;
* оқушылардың білім беру нәтижелеріне қол жеткізуін бақылаудың тиімділігі арттырылды;
4-бөлім. Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстары ұйымдастырылды.
Міндет:
* білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту, оқушылардың тек ЖМБ меңгеруін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту, әр оқушының шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
* оқушылардың бойында әлеуметтік және азаматтық құзыреттілікті жеке тұлғаның қалыптасу және даму шарты ретінде, өзара іс-қимыл жасау дағдысы мен әлеуметтік іс-әрекет жүйесі қалыптастырылды;
* қазіргі қоғамдағы азаматтық құқықтар мен міндеттердің барлық кешенін белсенді, жауапты және тиімді іске асыруға, өз білімі мен іскерлігін практикада қолдануға мүмкіндік беретін қабілеттілікті қалыптастыру жағдайлары қарастырылды.

- Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын талдау.
ӘБ жетекшілері ӘБ отырысын өткізеді және мұғалімдер мен оқушылардың әдістемелік көмекке қажеттілігін, критериалды бағалау, тәлімгерлік мәселелері анықталды.
МҰ басшысының рефлексивті есебінің нәтижесі бойынша кейбір сұрақтар, әсіресе рефлексивті есептерде өткір белгіленген, мектептің әдістемелік кеңесінің отырысына шығарылды.
Рефлексивті есеп нәтижелері бойынша әрбір мұғалімнің , соның ішінде жалпы ӘБ жұмысының мониторингі жасалды.
Формативті және жиынтық бағалаумен байланысты үдерістер мен рәсімдерді бағалау және іске асыру жүйесінің сапасын бақылауға ерекше назар аударылды. Ол үшін коучинг, тренинг, менторлық (тәлімгерлік) ұйымдастыру арқылы бағалау рәсімін өткізуде мұғалімдердің әдістемелік қолдауы жүзеге асырылды. Сабақта формативті бағалауды қолдану практикасының тиімділігін жүйелі талдауды қамтамасыз ету үшін ӘБ жетекшісі сабақтарға қатысу жоспарын жасады. Сабақтарға қатысу қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі мен мұғалімдерге оқыту үдерісінде формативті бағалау процедураларының реттілігі мен дұрыс іске асырылуы бойынша конструктивті кері байланыс берілді. (Мұғалімдерде тәжірибеде қолдану үшін формативті бағалау бойынша материалдар жинақталған.)
Әр тоқсан және бөлімдер үшін жиынтық бағалау бойынша жоспар жасалды. Бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін пән мұғалімдерімен жеке кеңес өткізілді. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізгеннен кейін, нормативтік және әдістемелік құжаттарда белгіленген тәртіпке сәйкес білім алушылардың жұмыстары қарастырылды. (Жиынтық бағалау бойынша модерация хаттамалары уақытында тапсырылды.)

- Оқу қызметін талдау.
Мектеп ғимараты 900 орындық. 2018 - 2019 оқу жылы мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде 14 бастауыш, 18 негізгі, 3 жоғары сыныптар болды. Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастылды.
ІТ мектеп-лицейінде оқу жылының басында 1-11 сыныптарда 878 оқушы болды. Сынып комплекті- 35. Оқу жылының қорытындысы бойынша 900 оқушы аяқтады.
4, 9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастырылу бойынша жыл бойы консультациялар өткізілді. Мектеп-лицей мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) стандарт талаптарына сай. Білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес деп есептелді. Ақпан айында бастауыш сыныптардағы шет тілі (ағылшын тілі, орыс тілі) пәндерінің берілу сапасы, оқушылардың білім сапасы тексерілді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ жүргізу сапасы, балаларды мектеп оқуына дайындау жолдары бақыланды. Наурыз айында 2-11 сыныптардағы дене шынықтыру пәндері мұғалімдерінің сабақ өткізу әдістемелері, сабақ сапасы тексерілді. Сәуір айында 1 сынып оқушыларының жыл бойы алған білімдері, сауатты жазу, есептей білу, есеп шығару қабілеті, қатесіз мәнерлеп оқи білуі, оқу жылдамдық нормасын орындау қабілеттері тексерілді.
Оқу - тәрбие жұмысының жылдық қорытынды бойынша үздік оқушылардың саны-258, екпінділер-491, қанағаттарлық-151 оқушы.
Жалпы мектеп бойынша сапа көрсеткіші 2018-2019 оқу жылының аяғында - 83 % көрсетті.


Сынып
Оқушы саны
Озат
Екпінді
Үлгерім
Білім сапасы
1
1 А
28
18
8
100
92
2
1 Ә
28
8
18
100
93
3
1 Б
26
10
16
100
100
4
1 В
26
14
10
100
92
5
2 А
24
12
12
100
100
6
2 Ә
25
11
12
100
95
7
2 Б
22
11
9
100
90
8
2 В
23
12
10
100
95
9
3 А
28
13
14
100
96
10
3 Ә
28
16
11
100
96
11
3 Б
27
8
17
100
92
12
4 А
25
10
15
100
100
13
4 Ә
24
7
15
100
92
14
4 Б
24
7
13
100
83
15
1-4
358
157
180
100
94
16
5 А
28
10
14
100
85
17
5 Ә
27
3
22
100
92,5
18
5 Б
27
8
14
100
81,4
19
5 В
26
2
15
100
65,3
20
5 Г
25
12
9
100
84
21
6 А
28
13
13
100
93
22
6 Ә
25
0
12
100
48
23
6 Б
26
4
19
100
88
24
6 В
27
3
15
100
66,6
25
7 А
24
2
15
100
70
26
7 Ә
24
1
9
100
41,6
27
7 Б
25
1
21
100
88
28
7 В
24
4
15
100
79
29
8 А
27
9
11
100
74
30
8 Ә
21
0
12
100
57
31
8 Б
28
5
16
100
71,4
32
9 А
23
6
11
100
73
33
9 Ә
24
2
11
100
54
34
5-9
459
85
254
100
73,8
35
10 А
28
7
20
100
96
36
10 Ә
27
4
17
100
77,7
37
11
28
5
20
100
89
38
10-11
83
16
57
100
87
39
1-11
900
258
491
100
83

- Оқушыларды оқыту және оқу бағдарламаларын орындау нәтижелерін талдау.


Пән
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІV тоқсан
Жылдық
1
Қазақ тілі
94,2
94
91,3
93
95,6
2
Қазақ әдебиеті
95,4
94,7
92,7
94
97
3
Орыс тілі
95
92,6
91,8
92,7
94,7
4
Орыс әдебиеті

100

100
100
5
Ағылшын тілі
85
84,9
85
85
86,3
6
Математика
89,2
91,6
89,6
94
92
7
Алгебра
77,4
79,9
70,4
64,7
77,9
8
Геометрия
79,7
79,9
69
70
79,2
9
Физика
92,5
94
85
78,5
94,4
10
Информаика
79,8
88
91,5
88,6
93,9
11
Химия
92
93
93,4
92,7
95
12
Биология
92,8
98,7
98,7
98,3
98,3
13
География
94
97,4
94,4
93,7
97
14
Қазақстан тарихы
87,8
89
81
84
89
15
Дүниежүзі тарихы
87,7
89,3
80
86,2
89,7
16
Технология
100
100
100
100
100
17
Дене тәрбиесі
100
100
100
100
100
18
Адам.Қоғам.Құқық

100

100
100
19
Сызу
100
100
100
100
100
20
Музыка
100
100
100
100
100

Ең жоғары білім сапасын көрсеткен: орыс әдебиеті - 100%, Адам.Қоғам.Құқық - 100%, биология - 98,3%, география -97%, қазақ әдебиеті - 97%, химия -95%.
- 9,11 сынып бітірушілерді мемлекеттік (қорытынды) аттестаттау нәтижелерін талдау.
9-сыныптар бойынша 47 оқушы емтиханға қатысып, 7 оқушысы үздік куәлік иегері атанды:
9 А сынып оқушылары - Пикулина Алина, Суюнбекова Дильназ, Егентаева Адель, Жабалова Айана, Турумбаева Мадина.
9 Ә сынып оқушылары - Боранбаева Бану, Шарипова Дана.
9 сынып оқушыларының мемлекеттік емтихан тапсыру қорытындысы
11-сыныптар бойынша 28 оқушы емтиханға қатысып, Алтын белгі иегері - Рашитов Ермек, үздік аттестат иегері - Мадиев Мирас атанды.
- Мектептің тәрбие жұмысын талдау.
2018 - 2019 оқу жылына IT мектеп - лицейінің тәрбие беру саясаты негізінде тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру жоспарланып, бекітілді. Мектеп - лицейінің бітіруші түлек тұлғасының моделі жасалды.
Тәрбие үрдісінің мақсаты: адамгершілігі жоғары, ертеңгі күннің экономикасы талап ететін экономикалық перспективаларды алдын ала болжап, IT саласында қолданатын, ҚР азаматтарының игілігі үшін қызмет етуге дайын, идеяларын дамыта алатын елінің ұлтжанды азаматын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже - IT мектеп-лицейін бітіруші түлек тұлғасының моделі:
Өз оқуына жауапты, зерттеу үстінде, сараптаушы, табанды, ресурстар мен IT технологияларды мақсатына тиімді пайдаланатын жеке тұлға;
Сыни ойлау қабілеті бар, айналасындағылармен қарым-қатынасы жақсы, ауызша және жазбаша коммуникациясы дамыған, өз-өзіне сенімді адам;
Қоғамдастықтың өмірін жақсартатын, түсінетін, қатысатын, сыйлайтын және басқаның қамын ойлай білетін қоғамның белсенді мүшесі;
Бәсекеге қабілетті, тәуекелге баратын, икемді, креативті, тұрақты қамқор азамат.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы Тәрбие және Білім кіші бағдарламасының Туған жер жобасы негізінде өңірлік жер-су атауларына байланысты мектеп-лицейінде 7 шаңырақ оқушылары қауымдастығы құрылды.

Шаңырақтар
Сыныптар
Қоғамдық іс - шаралар
Zeren
5 Г, 10 А, 11
Ұстаздар күні , Жаңа жылғы маскарад
Жұмбақтас
7 А, 7 В, 9 А
Халықаралық әйелдер күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
Turan
5 А, 5 Ә, 10 Ә
Түлектер күні
Бурабай
5 Б, 6 Б, 9 Ә
Отан қорғаушылар күні , Жеңіс күні
Оқжетпес
6 В, 8 Ә, 8 Б
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, Наурыз мейрамы
Көкшетау
7 Ә, 7 Б, 5 В
Қазақстан халқының бірлігі күні
Жеке Батыр
6 А, 6 Ә, 8 А
Алғыс айту күні
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлері
Шаңырақ жиындары
Дүйсенбі
08:55-09:00
Сейсенбі
15:00-15:20
Сәрсенбі
15:00-15:20
Бейсенбі
15.00-15:20
Жұма
15:00-15:20
Жалпы мектеп-лицейішілік сап түзеу
IT day
Қазақтың 100 әні
Дара тұлға
Reading time
Кураторлық сағат
Шаңырақ сағаты
Бірыңғай тәрбие сағаты (жалпымектепішілік шаралар, жиналыстар, форумдар)
Әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер
Аптаның әр күнінде мектеп - лицейінде шаңырақ балалар қауымдастығының жұмысы жүйелі жүргізіледі. Лицей оқушылары өзін - өзі басқару ұйымының жұмыс жүйесіне дағдыланған.
2018 - 2019 оқу жылының 1 қыркүйек күні Цифрлы Қазақстан бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімі және өңірлік құрметті азматтардың қатысуымен Білім күніне орай жаңа оқу мекемесі ашылды. IT мектеп - лицей мәртебесі - болашақ интелектісінің өзіндік фабрикасы ретінде жұмыс істейді. Ақмола облысының әкімі М.М.Кеңесбайұлы мектеп - лицей ұстаздарын, оқушылар мен ата-аналарын білім күнімен құттықтап , жаңа білім ордасының материалдық - техникалық базасын нығайтуға арнап 18 млн.теңгелік сертификат тарту етті.
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы - жоғары және орта буын сынып оқушылары арасында өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты - бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, біртұтастыққа бейімдеу, оқушылар арасында бауырмалдық , қамқорлық қарым - қатынас қалыптастыру. Мектеп - лицейінде Zeren,Turan, Көкшетау, Жұмбақтас, Оқжетпес, Бурабай, Жеке батыр сынды 7 шаңырақ ұйымы құрылды. Аптаның әр күніне жоспар бойынша қойылған жобаларды шаңырақ қауымдастығы жақсы жұмыс атқаруда. Елбасының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі - Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен әл - ауқаты тармағында Азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажет деген үндеуін қолдайтын мектеп - лицей оқушылары салауатты өмір салтын үнемі насихаттауда. Себебі - денсаулық тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру - сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдату - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Осы негізде лицей оқушылары мектепішілік Мен - чемпион спорттық жарысына белсене қатысты. Іріктелген жеңімпаздар ақмола облысының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында өткізілген Мен - чемпион облыстық спорттық балалар ойыныныа жарысқа қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. 5 Г сыныбының оқушысы Курмангалиев Нұрхан Астана қаласында өткен Детский фестиваль танца атты байқауында жүлделі 1 орынға ие болды. 7 В сынып оқушысы Еркін арсен 7-ші Республикалық Шабыт жұлдызы жас орындаушылар байқауының Аспапта ойнау ФЛЕЙТА номинациясы бойынша қатысып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Дәстүрлі түрде күз мерекесі мектеп - лицейінде де өз ерекше күнін өткізді. Бастауыш сынып буындары 19 қазан күні Күз - береке, күз - мереке атты сыныптан тыс іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар күзгі еңбек туралы көрініс қойып, бақша өнімдері мен түсті жапырақтардан дайындағантүрлі сән үлгілерін де ұсынды. Балаларыды ң асыға күткен Алтын күз-2018 мерекелік кеші 5-11 сыныптарда да жақсы өтті. Аптаның әр жұма күні 100 кітап жобасын іске асыру аясында Көп оқып, көп біл - Reading time жобасы ұйымдастырылды. Рухани және интелектуалды серпілісінің қажетті құралы ретінде оқуға баулу, кітап оқуды дәріптеу мақсатында мектеп - лицей қызметкерлері мен ұстаздары, оқушылар, келген ата-аналар да өздерінің бұрын-соңды оқып жүрген оқулықтарын алып оқиды, бір-бірлерімен ақпарат бөліседі. Әр аптада бұл жоба түрлі формада өтеді, көрініс көрсету, рөлдік ойын, мазмұнын суреттеу, т.б. 26 қазан күні Reading time жобасы күні 7 сынып оушылары Александр Гриннің алқызыл желкендер шығармасын талқылады. Сондай - ақ лицейде READx жобасы ұйымдастырылды. Мақсаты - оқушыларға кітапты жарнамалау, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Жобаға 9 А сынып оқушысы Турумбаева Мадина және Омаргалиева Алуа қатысты. Спикерлер Джон Бойнның Мальчик в полосатой пижаме, Мари Бренанның Естественная история драконов атты кітаптарын оқырмандарға ұсынды. Бұндай қызықты іс - шаралар өз жалғасын табуда. ҚР қоғам қайраткері , жазушы, драматург, Арқа ажары газетінің бас редакторы Жабал Ергалиевпен Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. 100 әннің тарихы атты жоба негізінде әр шаңырақ ән айтып, презентация көрсетіп, түрлі формада жұмыс атқарады. 27 қараша күні Достар МҮ қала мектептері арасында өткен Жайдарман - 2018 ширек финал ойынға IT құрамасы қатысып, сәтті ойын көрсетіп жартылай финалға жолдама алды. 28 қараша күні мектеп - лицейінде қалалық Ертегілер еліне саяхат атты сайыс өтті. Лицейіміздің 2 сынып оқушыларыТауықтардың басынан кешкендері атты ертегісін сомдап, жүлделі 1 орынға ие болды. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Оқжетпес шаңырағы мерекелі концерт ұйымдастырылды. Патриоттық - азаматтық , рухани - адамгершілік тәрбие беру мақсатында ҚР Тәуелсіздік күніне орай бастаыш сынып оқушылары арасында Мен - тәуелсіз елдің өренімін атты тағлымдық - өнеге іс - шарасы ұйымдастырылды. Жұмбақтас шыңырағы меркелік концертті жоғары деңгейде ұйымдастырды.лицей оқушыларының асыға күткен Қош келдің , Жаңа жыл - 2019 атты шырша мерекесі өзін - өзі басқару ұйымының ұымдастырылуымен жақсы өтті.
Қысқы демалыс кезінде қала мектептері арасында өткен спартакиадада үстел теннисінен жүлделі 1 орын алды. Сондай-ақ қалалық ұлттық ойына асық атудан мектеп-лицейінің ұстаздар қауымы 1 орынды қанжығасына байлады. Жұмыс жоспарға сәйкес қысқы демалыс уақытында балалардың бос уақытын қамту мақсатында Көкшетау шаңырақ қауымдастығы мектеп-лицей ауласында қысқы ойынның түрі конькимен сырғанауға шықты. Қазақстан - мейірімділік мекені республикалық бастамасы аясында ата-аналар қамқоршылық кеңес мүшелерінің, Шаңырақ балалар қауымдастығы және мектеп - лицей оқушыларының қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясында жиналған барлық қаражат Богданов Русланның есеп шотына аударылды. Қазақстан - мейірімділік мекені республикалық бастамасы аясында әр жұма күні Reading time жаппай кітап оқу жобасында оқушылар оқыған қызықты оқулықтарын насихаттап, оның тәрбиелік маңызын көрсете білді. Бір - бірлеріне оқып біткен кітаптарын сыйлады. Осы республикалық акция аясында Той дастархан асхана қызметкерлері 1 сынып бүлдіршіндеріне ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы естелік кітапша мен тәтті сыйлықтар тарту етті. Қазақстан - мейірімділік мекені республикалық балалар бастамасы негізінде Үміт шаңырақ қарттар мен мүгедектерге арналған Зерен шаңырағының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламасы қойылды. Өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен лицейде Әспет Абылайқызының еміне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
2019 жылдың 23 қаңтар - Жастар жылы ресми түрде өз бастауын алды. Осы негізде IT мектеп-лицейінде саө өнерінің зергері, Көкше өлкесінің тумасы Мерген Тоқсанбайға арналған Дара тұлға атты поэзиялық кеш өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырып өткізуге ат салысқан Зерен шаңырағының белсенділері. Мерген ағамыздың оқушылары берген жүрекке жетер сұхбаты оқушыларды баурап алды. Елбасының осындай жастарды ерекше атап өтуі - жастардың бойында жауапкершілікті арттырады. Жауапкершілікті алу - діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді. Сондай-ақ Жастар жылына орай мектеп-лицейімізде Бүгінгі жастар - ертеңгі елдің тарихы атты қалалық форумы өтті. 7 түрлі бағытта өткен форумда тек белсенді қала жастары ғана емес, сондай-ақ Үндістан, АҚШ мемлекетінен келген қонақтар да өз жаңашыл идеяларын бөлісе алды. М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күнге орай жамбы атудан оқушылар арасында өткізілген дәстүрлі ашық қалалық турнирінде Оқжетпес шаңырағының спортшылары жүлделі 1 орынды 8 Б сынып оқушысы Жұмаш Абылай және 3 орын Иртай Жантілекке бұйырды. Рухани - адамгершілік тәрбие бағытына сәйкес Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндік өтті. Мектеп - психологі амандасу тренингін ұйымдастырды. Пән мұғалімі Ж.Абдыкаримова балаларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрметіне жасаған бейнежазба көрсетті. Өзін - өзі тану пәніне өлең жолдарын арнап оқыды. 1 сыныптар арасында Білгір бүлдіршін атты мектепішілік сайыс өтті. Сайысқа Дарын, Сұңқар, Қыран, ITstar топтары қатысты. Сайыс барысында оқушылар тапқырлықтарын, білімдерін, шығармашылықтарын көрсете білді. Нәтижесінде топтар Шығармашылдар, Жас дарындар, Жас зерттеушілер, Тапқырлар номинациясына ие болды. 5-8 қазақ сыныптары арасында Қазақ ертегілері - халық қазынасы атты қалалық байқауында 5 Б сынып оқушылары жүлделі 2 орынға ие болды. Елбасының Ұлы даланың жеті қыры мақаласын талқылау үшін тарих пәні А.Баткалованың ұйымдастыруымен 6,9 сынып оқушылары арнайы жиналып дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге жиналған оқушылар мақалада айтылған дүниелердің мазмұнын айқындап, өздері үшін қаншалықты маңызды екеніне жан-жақты тоқталды. Қатысушының сөзінде әр қазақтың кеудесіне мақтаныш сезімін ұялатып, еңсесін тағы бір тіктеп алуға түрткі болардай серпін сезілді. Ұлы даланың жеті қыры мақаласы аясында Көкшетау шаңырғының 7 Ә сынып оқушыларымен ұйымдастырушы-педагог Бахтыгуль Сматовна Сыздыкова кешегі күн, бүгінгі тарих атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты - рухани жаңғыру жолында болашақ ұрпағымыздың тарихын түгендеп, ұлттық сананы жаңғыртып, төл тарихымызды құрметтеу. Оқушылар тарихқа көз жүгірте отырып, елімізде болған қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғаларды, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстарды еске алып, қазақ халқына Тәуелсіздікке жету үшін оңай жолмен келмегендігін көрсетті.
Жарқын болашақ қалалық қазақ тілі олимпиадасында мектеп-лицейімізден Сөз шеберлері номинациясы бойынша 3 орынға 7 А сынып оқушысы Мухамедияр Камила , Әнші-бұлбұлдар номинациясы бойынша 7 Б сынып оқушысы Маликова Алуа жүлделі 2 орынға ие болды. 11-15 ақпан күндері мектеп-лицейімізде Кеңес Әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған асуында от кешкендер тақырыбында атты сынып сағаттары өтті. Өткенді ұмыту - болашақтан қол үзу қағидасын ұстанған лицей оқушылары аталмыш іс-шараға аса белсенділікпен қатысты. Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Тұран шаңырағының ұйымдастырылымен Дара тұлға жобасы аясында Жастығын жалын шарпыған атты ерлік сабағы өтті. Іс-шара қонағы - лицейіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, ауған соғысының ардагері, көптеген орден - медальдардың иегері, құрметті азамат Журунтаев Ербол Кайноллаұлы әскери борышын өтеп жүріп, ауған соғысына аттанады.
19 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық Филармониясында танымал тұлға Қазақастанның халық әртісі, белгілі кино және театр режиссері - Талғат Теменовпен кездесу кешіне 9 сынып оқушылары қатысты.
25 ақпан күні мектеп-лицейінде №17,№19 және біздің лицей түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті мен Алматы қаласы Халықаралық Бизнес Университеті (University of International Business) мекемелерінен келген білім беру мамандарымен кездесу өтті.
Көкшетау қаласының шығармашылық белсенділігін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін егіздердің белсенді ұмтылысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған Егіздер-2019 қалалық байқауына Зерен шаңырағының 5 Г сынып оқушылары Смагулов Алихан мен Смагулов Темірлан қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай мектеп-лицейімізде шығармашыл дарындылар арасында суреттер көрмесі қойылды. Оқушылар бойында сыйластық құндылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге қатысушылардың шығармашылық жұмыстары қағазда, картонда орындалды көрмеге 30-дан аса оқушылардың жұмыстары қойылды. Және Б.С.Сыздыкованың жетекшілігімен Көкшетау шаңырағы Алғыста шек болмайды атты сынып сағатын өткізді.
Отбасы сағаты республикалық акциясына мектеп-лицей психологі Мадина Еркиновна Жетыбаева Мен және Жанұям тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарымен тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Ұстаз-оқушы-ата-ана үштік одқ қарым-қатынасын нығайту , отбасылық тәрбие мен отбасылық құндылықтар туралы тұжырымдаманы қалыптастыру, оқушылардың отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Сондай - ақ лицейімізде 3 сыныптар арасында Ынтымақты отбасы атты байқау өтті. Байқауға Қабдыловтар отбасы, Жезбаевтар отбасы, Жанабергеновтар отбасы қатысты. Отбасы тәрбиесі бағытында Ұстаз-ата-ана-бала үштік одақ негізінде қамқоршылық кеңес үшелерінің қатысуымен өткен сайыста Қабдыловтар жанұясы Ынтымақты отбасы деп танылып, бас жүлдеге ие болды. Көңілді отбасы номинациясын Жанабергеновтар отбасы иеленсе, Өнерлі отбасы номинациясын Жезбаевтар отбасына бұйырды. Отбасы сағаты республикалық акциясы аясында Reading time жобасы негізінде мектеп-лицейіміздің кітапханасында 1 сынып оқушыларына Отбасылық оқу сағаты ұйымдастырылды. 1 Б сыныпның ата-анасы Жанаргуль Зейноллаевна балаларға Қазақ ертегілері кітабынан Ешкі мен қасқыр ертегісін оқып, талқылады. Отбасы сағаты республикалық акциясы аясында Гульмира Зейнулловна Ауенова Әрбір бала-жұлдыз атты 1 В сыныбында тәрбиелік сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру мақалалық бағдарламасы аясында Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогына арналған мектеп оқушылары арасында облыстық пікір-сайыс турнирінде Зерен шаңырағының 10 а сынып оқушысы Буашева Айша Үздік спикер атағына , Амангелді Мират 1 орын иегері атанды. Рухани жаңғыру мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Отаныма деген менің бастамам облыстық шығармашылық жобалар байқауында Мен-Қазақстанның азаматымын номинациясы бойынша Зерен шаңырағының 10 А сынып оқушысы Садвакасова Жаннұр 2 орын, Медиа жобалар номинациясы бойынша Зерен шаңырағының 10 А сынып оқушысы Сайранбеков Жанарыс , Қазақстанның жеті кереметі номинациясы бойынша Тұран шаңырағының 10 Ә сынып оқушысы Тулебаева Нургуль 3 орынға ие болды. Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру асясында мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Жастар-ұлттың басты капиталы атты қалалық Қазақстан патриоттары академиясы форумының ашылуы өтті. Форумның мақсаты: Мәңгілік ел жалпыхалықтық идеясы негізінде қазақстандық жас патриоттардың тәжірибе алмасуы, ҚР патриоттық рухта тәрбиеленген жас ұрпақтың ядросы және қозғаушы күші болатын ел элитасының басын қосу. Форум қонағы Балдәурен орталығы Қазақстан жас патриоттар Академиясының әдіскер-кураторы Мөржан Карбаевна Сакимовна болды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Жастардың жылына арналған Сақтаймыз және көбейтеміз атты Жасыл науқанына орай лицей педагогтары мен қызметкерлері тарихи өлкетану мен экология орталығының және Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының мамандарымен мектеп маңына 20 түп шаған ағаштарын отырғызды.
8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Б.С.Сыздыкованың жетекшілігімен Көкшетау шаңырағы, Н.Е.Нұрахметованың Жеке Батыр шаңырағы, Д.Р.Ханафинаның Жұмбақтас шаңырағы , И.К.Токмолдинаның ZEREN шаңырағы, Н.О.Мендекинаның Turan шаңырағы, Тіршілік тірегі - АНА атты меркелік сынып сағаттарын өткізді.
6 наурыз күні қала әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев мектеп-лицейінде орналасқан жылыжай мен жасыл технологиялар зертханасымен танысты. Мұнда оқушылар гидропоника , өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісін меңгеріп жатқандығын, осы бағытта зерттеп жатқан ғылыми жұмыстар жайында баяндады. Ұлы даланың кешегісі мен бүгінін жас толқынға насихаттап, жаңғыру жолында ұйымдастырылып жатқан қала мектептері арасындағы IT мектеп-лицейінің шығармашылық ұжымы Жастар жылына арналған Ақмола жұлдыздары - 2019 қалалық көркемөнерпаздар байқауына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. Қалалық Махамбет оқуларынан Ұлы арман номинациясы бойынша Көкшетау шаңырағының 5 В сынып оқушысы Әбілмансұр Сатыбалдинов 2 орынға ие болды.
19 наурыз күні мектеп-лицейінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай Наурыз-Нұрлы жыл басы атты тәрбиелік-тағылымдық мәні зор мерекелік шара өтті. Мектеп ауласында Үкілі Ыбырай, Ақан Сері, Біржан сал ауылдары (киіз үйлер) құрылды. Ақмола облысы Нұр Отан партиясы төрағасының орынбасары А.Д.Біржанов құттықтау сөз сөйлеп, өнер-жыршылар және термешілер одағының мүшесі Қуаныш Оспан арнау, 6 А сынып ата-аналар комитетінің төрайымы Роза Боканова жиылған қауымға ән арнап, мерекелік шараның ажарын одан әрі арттыра түсірді. Іс-шара барысында Арқан тарту, Қыз қуу және т.б. қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, салт-дәстүрлер көрсетілді.
28 наурыз күні мектеп-лицейінде тарихи күндердің бірі болды. Білім және ғылым министрі Күләш Ногатаевна Шамшидинова ресми іс-сапармен мектеп-лицейімізде қонақта болды. Лицейдің жұмыс барысымен, қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктермен танысып, қала бойынша келген ұлағатты ұстаздармен кездесу өткізді. Екі сағатқа созылған кездесу барысында білім беруге қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер сөз болып, толғандырған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.
Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Әулет мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Саналы азамат базалық бағытының Дара жол жобасын жүзеге асыру аясындағы Тіл парасаты іскерлік ойынында Көкшетау шаңырағының 7 сынып оқушылары қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.
2019 жылдың 5 сәуір күні мектеп - лицейімізде геология және минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы, профессор, геология - минерология академиясының корреспондент мүшесі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қазбеков Айтқажы Қазбекұлының құрметіне арналған қала мектептері арасындағы алғашқы шахматтан турнирдің тұсау кесу салтанаты өтті. 9 сәуір күні рухани-адамгершілік тәрбие бағыты негізінде мектеп-лицейіміздің оқушылары Ш.Құсаинов атындағы Ақмола олыстық қазақ драма театрында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің Жан шырылы атты сахналық қойылымын тамашалап қайтты. 12 сәуір - Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай Жеке Батыр, Жұмбақтас шаңырақтарының оқушыларымен Жер кіндігі-Байқоңыр атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты - еліміздің мақтанышы Байқоңыр ғарыш айлағы туралы ақпарат бере отырып, ХХ ғасырдың 2-ші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушылардың білім көкжиегін кеңейту. Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу болды.
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Шамшырақ балалар коворкинг орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық балалар кітабы күніне орай өткен Менің алғашқы кітабым шығармалар сайысына қатысып, Зерен шаңырағының 5 Г сынып оқушысы Рахметолла Аққу жүлделі 3 орынға ие болды.
Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылдың 13-14 сәуір аралығында мектеп оқушылары арасында өткізілген республикалық NIS CUP пікірсайыс турнирінде қатысып, Зерен шаңырағының 10 А сынып оқушысы Буашева Айша жүлделі 1 орынға ие болды.
Қазақстан - мейірімділік мекені республикалық балалар бастамасы аясында Жеке батыр шаңырақ қауымдастығының оқушылары тағдыр тәлкегіне ұшырап, қиын күндерді бастан кешіріп келе жатқан аналарымыздың жүздеріне бір мезет болса да нұр ұялату мақстымен Ана үйі орталығына барды. Оқушылар аналардың құрметіне жүрекжарды өлеңдерін арнап, ән айтып, күй тартып, мың бұрала би биледі. Сондай-ақ кішкентай бүлдіршіндеріне деп алған сый-сыяпаттарын табыс етіп, аналарға гүл шоқтарын ұсынды. Жұмбақтас шаңырағы Мейірім орталығына барып Мейірімділік - асыл қасиет атты концерттік бағдарлама қойды. Мақстаы - балалардың мейірімділік, қайырымдылық, құндылықтары туралы түсініктерінкеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Көкшетау және Оқжетпес шаңырақтар қауымдастығының оқушылары Құстарға қамқорлық жасаймыз! атты іс-шарасын өткізді. Табиғат жанашырлары өз қолдарымен құстарға арнап ұя жасап, оны ағаштарға орнатты. Осындай тәрбиелік әні бар акциялар оқушыларың, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеріп, қоршаған ортаға құрмет көрсетуге, табиғатты аялай білуге шақырады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық зерттеу жұмыстары байқауында Жерлестер генеалогия номинациясында Тұран шаңырағының 10 Ә сынып оқушысы Төлебаева Нургуль жүлделі 2 орынға ие болды.
Жастар жылына арналған қозғалыс жас инспекторларының 19-ші қалалық слетіне лицейіміздің Айбын ҚЖИ жасағы белсене қатысып, Оқжетпес шаңырағының 8 Б сынып оқушысы Автоқалашықта велосипед жүргізу байқауында Ең жақсы велосипедші ретінде марапатталды.
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 1-11 сыныптараралығында Ынтымақ - достық кепілі атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Осы мерекеге орай РБЖЖҰ Жас Ұлан ұйымына дарынды оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті. Жалпы 2018-2019 оқу жылына 30 бала Жас Ұлан ұйымына қабылданды.
Парктер шеруі-2019 табиғат қорғау халықаралық акциясы аясында Көкшетау шаңырағының педагог-ұйымдастырушы - педагогы Бахытгуль Сматовна Сыздыкова 7 Б сынып оқушыларымен Табиғат-адамзатқа аманат атты ашық тәрбие сағатын өткізіп, қалалық сайыста Ең үздік сабақ номинациясы бойынша жүлделі 2 орынға ие болды. Қазақстан еліміз бойынша барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және қолдау мәселесіне орай, оқушыларымыздың табиғатқа деген , туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілген қалалық Парктер шеруі-2019 сайысынада мектеп-лицейіміздің 7 В сынып оқушысы Ерғали Арайлым Ең үздік өлең сайысына қатысып 1 орынды иеленді. Ең үздік қолөнер сайысында 7 А сынып оқушысы Белялова Нұрай 2 орынға ие болды.
Ақмола облыстық жастар денсаулық орталығында Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі атты кездесу өтті. Бұл орталыққа кәсіптік бағдар беру мақсатында Жұмбақтас және Көкшетау шаңырақтарының оқушылары қатысты. Азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты негізінде Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай 2 сыныптар арасында Жұлдызды сәт атты интелектуалды сайыс өтті. 7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған абаттандыру-көгалдандыру жұмысы негізінде мектеп-лицей ауласына 30 түп қарағай ағашы отырғызылды. Білім алып отырған мекеменің ауласын абаттандыру-оқушылардың еңбек тәрбиесіне бейімделуіне негізделген. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Ұранды елдің - ұрпағы қайсар тақырыбында салтанатты сап түзеу өтті. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығы мерекелері қарсаңында Оқжетпес шаңырағы Дара тұлға жобасы аясында тәжік-аудан соғысының ардагерлері Баширов Қайрат, Нуркасимов Талғат батырларымызбен кездесу ұйымдастырды. Осы мерекеге орай Жеке батыр шаңырағы Ана туралы баллада атты танымдық сағатын өткізді. Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық патриоттық акцияға Қайсарлық пен қаһармандыққа тағзым ұранымен мектеп-лицейінің түлектері елді жау езгісінен азат еткен ержүрек есіл ерлерді еске алып, Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай арналған Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп - лицейімізде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында Мен - чемпион қалалық финалдық ойыны өтті. Спорт жарысына №2 ОМЛ, №5 МГ, №16 ОМ және IT мектеп-лицейіміздің спортшылары қатысты. Біздің IT мектеп-лицейіміздің спортшылары жүлделі 1 орынды иеленді. Мен чемпион облыстық балалар спорттық ойынында мектеп-лицейі командасы жүлделі 3 орынға ие болды.
Көкшетау қаласы Білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған Жастар жылына арналған Болашақ жастардың қолында атты акциясын мектеп-лицейінің 11 сынып түлектері Жүректен жүрекке ұранымен Үміт шаңырақ қарттар мен мүгедектерге арналған орталықта өткізді.
Жастар жылы аясында өткен Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты сап түзеуі Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Хан Сергей Инокентевич, мектеп-лицей қамқоршылық кеңесінің төрайымы Искакова Гульнар Таласпековнаның қатысуымен өтті. Жастар жылы қарсаңында мектеп-лицейінің алғашқы түлектері Білм бөлімінң басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіповтің қатысуымен Түлектер аллеясын орнатты. Мектеп ауласын көркейтуге үлес қоса отырып, түлектердің оқу ордасына деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға сыйластықпен қарауға, аялауға негіз жасау мақсатында ұйымдастырылған салтанатты ашулы рәсімінде білім бөлімінің басшысы Бейбіт Айтымұлы Түлектер аллеясының лентасын қиып, оқушылар мен ата-аналарды , ұстаздарды құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі.
29 мамыр күні Ақмола облысын әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлының қатысуымен мектеп - лицейімізде 2018-2019 оқу жылының Республикалық және халықаралық пәндер олимпиадасы мен ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз атанған Ақмола облысының дарынды оқушыларымен Дарынды оқушы - ұлтымыздың болашағы атты форум өтті. Цифрлы Қазақстан бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-лицейінде робототехника және STEM кабинеттері ашылды. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы кезеңінде мектепке де ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқушылар өз іс-әрекеттерінде қолдана алу мақсатында ашылған сынып кабинеттері білім алушылардың ойлау қабілетін, интелектуалын дамыту үшін заман талабына сай озық технологиялармен жабдықталған.
Көкшетау қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен балалар мен жастар музыкалық оркестр және ансамбльдерінің қалалық шеруіне мектеп-лицейіміздің талантты, дарынды оқушылары белсене қатысты. 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай IT-ландия мектепалды алаңының ашылу салтанаты өтті. Бастауыш сынып оқушыларының күшімен әзірленген мерекелік концертте балалар өз өнерлерін ортаға салды. Спорттық жарыстар, флеш-моб ұйымдастырылды, соңында әр балаға тәтті сыйлық таратылып, ұйымдастырушы-педагогтар бала көңілін таба білді. IT технологиясы бағытына негізделген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Тұрғын үймен қамту бағдарламалары
Экономикалық тәрбие ұғымы
Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар жайлы
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Қазіргі Қазақстан
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Мектептанудың негізгі мәселелері
Пәндер