Дене бітімі және сырт пішінін сынау


“ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ”
“Технология және биоресурстар” факультеті
Реферат
Тақырыбы: Етті бағыттағы сиырларды бонтировкалау
Орындаған: 6В080200 - МШӨӨТ 402- топ студенті Сүндетбайұлы Ш.
Алматы 2020
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімЕтті бағыттағы сиырларды классын анықтауЕт бағытындағы сиырлардың сырт пішіні және дене бітімі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Кіріспе
Шаруашылықтарда ірі қара малының тұқымдық қасиеті және шаруашылық қажеттілігін бағалау үшін жыл сайын бұқаларды, сиырларды және төлдерді шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша бағалаудан (бонитировкадан) өткізеді.
Етті сиыр шаруашылықтарда малдарды тамыз айының орта шенінен қазаннан аяғына дейін бонитировкалайды.
Етті ірі қара малдарын ауыл шаруашылық министрліктің 1999 жылғы нұсқауы бойынша бонитировкалайды.
Мал өсіру зауыттарында және басқа шаруашылықтарда бонитировкалауды зоотехник-селекционерлер өткізсе, асылтұқымды мал фермаларында бонитировканы зоотехниктер, т. б. мал мамандары өткізеді. Кейбір шаруашылықтарда бонитировканы өткізуге мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіру станциясының мамандары немесе осы асыл тұқымды малды жақсы білетін, олармен ғылыми жұмыс жүргізетін ғылыми қызметкерлердің көмектесуі арқылы өтеді.
Малдың сырт пішіні мен дене бітімі етті бағыттағы тұқым малының типіне тән болуы тиіс. Бұқалардың жыныстық белгілері айқын, белі мен бөксесі, артқы сирақтары мықты, сиырлардың желінінің түрі, (үш түрлі болады: тегене, домалақ, ешкі емшек тәрізді) бауырына қабысуы, бөлшектерінің дамуының біркелкілігі талапқа сай болғаны жөн. Біркелкілік индексі (БИ) алдыңғы бөлшектерден сауылған сүттің тәуліктік сүтке пайызбен алғандағы қатынасы, БИ-дің көңілден шығатын көрсеткіші - 40 пайыз және одан жоғары.
Жас малға 20 балл деген бағаны тұқымымен жынысы айқын болса, жан-жақты дамыса, кеудесі өте жақсы дамыса (кең, терең, жауырын сырты бунақсыз) арқасы, белі, сауыры түзу, бөксесі жақсы дамыған болса ғана береді. Сирақтары дұрыс басылып, сүйегі мықты, ешқандай нәзіктік немесе сөлекеттік жоқ болуы тиіс.
Бұқаның сырт пішінін және дене бітімін 30 балдық бағана бойынша, сиырды 10 және жас малды 10 балдық бағана бойынша сынайды. Бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын 3-5 бұзаулаған соң, сауын маусымының 2-3 айларында сынайды. Егер малдың сырт пішіні мен дене бітімі көрсетілген мерзімде сыналмаса, онда сынақты келесі бонитировкада жүргізеді.
2. Негізгі бөлім
2. 1. Етті бағыттағы сиырларды бонитировкалау
Бонитировка кезінде малды тұқымдығы, ата-тегі, тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, сүттілігі, ұрпағының сапасы, төлінің өсу мүмкіндігі және денсаулығы бойынша сынайды.
Сиырдың сүттілігін төлінің 6 айдағы тірі салмағы бойынша анықтайды. Жас сиырлардың сүттілігін сынағанда сиырларға қойылатын талапты бірінші бұзаулаған сиырларға 10%, екінші бұзаулаған сиырларға 5%- ға кемітеді. Сақа сиырлардың сүттілігін бұзауы 6 айлығында ең жоғарғы салмақ көрсетсе, сол бойынша сынайды.
Сиырлар 5 жасына дейін және жас малды соңғы таразыға тартылған өлшемі бойынша, ал сақа малды ең жоғарғы тірі салмағы бойынша сынайды.
Малдың табыннан өсу қабілетін зоотехникалық және ветеринариялық есеп бойынша сынайды. Сиырларды геникологиялық тексеруден өткізеді, бұқаларды жыныстық белсенділігіне, шауқатының көлеміне, ұрығының сапасына және оны келешекте пайдалану мүмкіндігіне қарай анықтайды. Жыл сайын төлдейтін және аналық мейірімі жоғары сиырлар сынақта жоғары балл алады.
Дене бітімі және сырт пішінін сынау . Сиырларды дене бітімі мен сырт пішіні бойынша 3 және 5 жасында, бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын сынайды. Тұлғасының тұқымдық типіне, ұқсастығына, жан жақты дамығандығына көңіл аударады.
Асыл тұқым мал зауыттары, шаруашылықтардағы, фермалардағы сиырлады 100 балдық бағана, қатардағы шаруашылық табынындағы малды 5 баллдық бағананы қолданып сынайды. Дене бітімі мен сырт пішінін сынағанда тұлғасындағы сынақ балын кемітетін кемшіліктеріне көңіл аударады. Сырт пішінін сынағанда балл беріп сынаумен қатар дене мүшелеріндегі ерекшеліктерін және ақаулар мен кемшіліктерді де есепке алады.
Сиыр тұлғасын жалпы келбеті және 5 балдық бағана қолданып, өсіп жетілуін бағалайды: өте жақсы -5, жақсы -4, қанағаттанарлық -3, қанағаттанғысыз -2. Жарты балл қосып сынау арқылы бағасын анығырақ дәлелдеуге болады. «Өте жақсы» деген бағаны жынысы мен тұқымдығы айқын, жақсы өсіп жетілген, кеудесі өте жақсы дамыған, жоны құйымшағы, сыуыры жақсы дамыған, сирақтары дұрыс басылған және сүйегінде нәзіктігі мен сөлекеттігі жоқ мал алады.
2. 2. Сиырлардың классын анықтау
Қ. Ш. Нұрғазы мағлуматы бойынша сиырдың класын барлық белгілерінің жиыны бойыншаанықтайды: тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, сүттілігі, тұқымдығы, шыққан ата тегі, төлінен өсетіндігі.
Сиырлардың классын барлық белгілерінің жиыны бойынша кестедегі бағана бойынша анықтайды.
Бірінші туған сиырдың қорытынды класы, егер төлі бонитировка кезінде 6 айға толмаса, жас мал сыналатын бағана бойынша сынайды, ал тірі салмағы үш жасар сиыр салмағындай болуы керек.
Элита рекорд қорытынды класына тірі салмағы мен сүттілігі I класс талабынан кем емес, тұлғасында көзге түсер ақауы жоқ, IV буыннан төмен емес сиырлар жатады.
Элита қорытынды класына тірі салмағы мен сүттілігі I класс талабынан төмен емес, тұлғасында көзге түсер ақауы жоқ, III буыннан төмен емес сиырлар жатады.
2. 3. Ет бағытындағы сиырлардың сырт пішіні және дене бітімі
Сиырлардың сырт пішінін және дене бітімін 30 балдық бағана бойынша, сиырды 10 және жас малды балдық бағана бойынша сынайды. Сиырларды 3-5 бұзаулаған соң, сауын маусымының 2-3 айларында сынайды.
Егер малдың сырт пішіні мен дене бітімі көрсетілген мерзімде сыналмаса, онда сынақты келесі бонитировкада жүргізеді.
Малға сынау корытындысьша берген балл, міндетті түрде сырт пішіндегі кемшіліктерді көрсетілген анықтаумен толықтырылады. Малдың сырт пішіні мен дене бітімі етті бағыттағы тұқым малының типіне тән болуы тиіс. Бұқалардың жыныстық белгілері айкын, белі мен бөксесі, артқы сирақтары мықты, сиырлардың желінінің түрі, (үш түрлі болады: тегене, домалақ, ешкі емшек тәрізді) бауырына қабысуы, бөлшектерінің дамуының біркелкілігі талапка сай болғаны жөн. Біркелкілік индексі, БИ-дің көнілден шығатын көрсеткіші - 40 пайыз және одан жоғары.
Жас сиырға 20 балл деген бағаны тұқым мен жынысы айқын болса, жан-жақты дамыса, кеудесі өте жақсы дамыса (кең, терең, жауырын сырты бунақсыз) арқасы, белі, сауыры түзу, бөксесі жаксы дамыған болса ғана беріледі. Сирактары дұрыс басылып, сүйегі мықты, ешкандай нәзіктік немесе сөлекеттік жоқ болуы тиіс.
Сиырдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады.
Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудың ең негізгісі болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін (конституциясын), әрі денсаулығын т. б. анықтайды, әрі малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке жеке сипаттап, оның мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін балмен бағалау, сосын жалпы қорытындысын шығарады.
Әр мүшені өлшеу . Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін - 11, орташа дене өлшемі - 18. Бірақта дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбенен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады.
Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негізі, мысалы бір дене өлшемін 100 пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алған дене өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде екі үш топтың дене пішінінің салыстырмалы бағалары анықталады.
Фотографиялық тәсілмен бағалау. Әсіресе, асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор. Зооинженерлер малдардың сырт пішінін бағалағанда олардың әр мүшелерінің жетістіктері мен кемістіктерінеде көңіл бөледі.
Малдың жеке мүшелері. Басы. Малдың басының құрылысына және бітіміне қарай мал сүйегіне баға беруге болады. Көпке белгілі, жалпы бастың көлеміне, ұзындығына мен еніне және басының пропорциялық құрылысына қарай, малдың қандай конституцияға жататынын, әрі шаруашылық үшін маңызын анықтаймыз. Әр тұқымға, әр жынысты малға, әр бағытына қарай лайықты бастың құрылысы болады. Етті бағыттағы сиырлардың басы ауырлау, ені үлкен, ұзындығы қысқалау. Маңдайы өте енді. Мүйізі жуан, басы ауыр, дөңкиген, дене бітімі сөлекет түрге жатады. Басы ұзын, мойын терісі қыртысты, сүйектері арбиған мал дене бітімі нәзік типті етті тұқымға жататын сиырларға тән.
Мойыны. Малдың жынысына байланысты, әрі тұқым бағытына қарай олардың мойындары да ерекше болып келеді. Етті тұқымға жататын сиырлардың мойыны қысқа, жуан, әрі мойыны басына тұтас жалғасып жатады, етті сиырлардікі жақсы жетілен.
Шоқтығы. Етті бағыттағы сиырлардың шоқтығы енді, біртегіс және жазық. Қосшоқтық етінің нашар жетілгенінің белгісі, ондай малдарды тұқымдыққа қалдырмайды.
Кеудесі. Кеуде қуысында өкпе, жүрек орналасқан. Олардың демалу, қан айналуы үшін маңызы зор. Өкпесі жасы жетілген малдың кеуде қуысы өте көлемді келеді. Кеуденің көлемі оның ұзындығына, кеңдігіне және ендігіне байланысты. Ал қушиған, терең емес, жауырын сырты ойлы болса, ол кеуде мүшенің өте үлкен кемшілігі. Етті бағыттағы сиырлардың кеудесі енді және терең. Кеуденің кеңдігін, малдың биіктігіне қарап та айтуға болады. Егерде шоқтығының биіктігінің 50% болса, ондай кеуде терең болып саналады. Кеудесі қушиған малдың шоқтығы биіктеу келеді, қабырғалары алшақ, әрі еттері нашар жетілген болады.
Арқасы. Артқы дененің бір бөлімі, алдыңғы жағында шоқтықпен, артқы жағында белмен, бүйір жақтарында қабырғаларымен шектескен. Малдың арқасы әр уақытта тегіс және енді болып келеді, әрі ол малдың сырт пішінінің құрылысына көп әсер етіп, оның дене бітімінің мықтылығын анықтайды. Арқаның мықтылығы оның омыртқа сүйектеріне, оның етінің дамуына байланысты. Арқа, малдың өте мықтылығын көрсетеді. Арқаның ойлылығы немесе бүкірлігі дене пішінінің кемістігі болып саналады.
Белі. Малдың арқасының жалғасы, әрі онымен бір тегіс және түзу. Осы түзу қалпында артқы бөксемен жалғасады. Белдің мықтылығы, оның бел омыртқа мен етінің жетілуіне байланысты. Бөксенің көлемі жамбас, ортан жілік және құйымшақ сүйектерінің өзара байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды артынан тұтас кең болуы керек. Сиырдың еттілігі көбінесе бөксенің көлеміне байланысты. Барлық мал үшін мықыны кең, сауыры жалпақ, тегіс болғаны қолайлы. Қушиған немесе тым қысқа, әлде түсіңкі бөксе қай мал үшін де өте үлкен кемістік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz