Өсімдіктерді интродукциялау
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
СӨЖ
Тақырыбы:Қазақстан флораларының интродукциялық потенциалы
Тобы:
Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жер шары мен Қазақстан флоралары
Өсімдіктерді интродукциялау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Интродукция(лат. introductio - енгізу) - белгілі бір аймаққа бұдан бұрын кездеспеген өсімдік түрлерін, сорттарын немесе жануарлар тұқымдарын жерсіндіру; түрдің өзінің табиғи ареалынан басқа жерлерге таралуы. Адам тіршілік әрекетінде интродукция тәсілдерін ежелден қолданып келеді. Өсімдіктер Интродукциясы терминін 1855 жылы ғылымға алғаш рет Швейцария ботанигі А.Декандоль (1806 - 1893) енгізді. Ал орыс ғалымы Н.И. Вавилов интродукцияны өзінің Мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары атты теориясы негізінде одан әрі дамытты. Табиғи жабайы өсімдіктерді қолдан өсіруде де интродукция ұғымына саяды. Адамның тікелей сұрыптау, жерсіндіру, тағы басқа әрекеттері нәтижесінде өсімдіктер түрлері табиғи пайда болған орталықтарынан басқа жерлерге таралады, мәденилендіріледі. Қазіргі пайдаланылып жүрген ауыл шаруашылығы дақылдары, жеміс-жидек, тағы басқа өсімдіктер интродукция жолымен шығарылған. Интродукция нәтижесінде түрдің ареалы кеңейеді, кейбір түрлердің өздері шыққан табиғи орталықтарымен байланысы үзіледі. Мысалы, кофе ағашының отаны Эфиопия болғанымен, ол қазір, негізінен, Латын Америкасында өсіріледі, ал арахистің ең көп өсірілетін жері Аргентина болғанымен, оның пайда болу тегі экваторлық Африкада. Қазақстанда әсемдік өсімдіктердің 2000-нан астам түрі, формасы және сорты интродукцияланған. Бас ботаникалық бақтағы өсімдіктің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары, формалары басқа жерлерден әкеліп жерсіндірілген. Алтай, Маңғыстау, Қарағанды, Жезқазған, Іле ботаникалық бақтарында да осындай көптеген өсімдіктер түрлері интродукцияланған. Қазақстанның елді мекендерін көгалдандыру мақсатында және бақтарда өсіру үшінжергілікті флорада кездеспейтін Канада шыршасы, скумпия, жасмин, Жапон айвасы, Амур барқытшөбі, сиреннің түрлері мен сорттары, тағы басқа кеңінен пайдаланылады. Интродукциялық мәліметтер ғылыми экспедициялар арқылы, сондай-ақ түрдің биологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу нәтижесінде жинақталады.
Флора (латынша flora -- Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs -- гүл) -- нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең, қоңырбас, сарғалдақ, тағы басқа, ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, тағы басқа тән болса, өсімдіктер бірлестігінде -- тундралық, тайгалық, далалық, тағы басқа өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты. Әр флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Оған: флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (флораның байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, тағы басқа жатады. Флораның өзара айырмашылығы ең алдымен әр өңірдің геология тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: жер флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер: гүлді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың бөліктерінің флорасы, аралдық флолалар, тау жүйелерінің флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік аудандардың флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, жекеленген жүйелік флора, топтардың флорасы, тағы басқа бар. Мысалы, балдырлар флорасы, мүктер флорасы, тағы басқа. Флораны зерттейтін ғылым саласы -- флористика деп аталады. Қандай да бір флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропиктік, бореалдық, голарктикалық, палеоарктикалық, тағы басқа) деген атауды қолданады. Шығу тегі ұқсас түрлердің тобы флораның флористика элементтері не генетика қатпарлары деп аталады. Теориялық тұрғыдан алғанда кез келген флора 4 генетикалық қатпарлардан тұрады: f1 -- реликтер (мысалы, гинкго); f2 -- флораның ежелгі ядросы, өткен геология дәуірлерден осы аумақта өсетін, қазіргі табиғи жағдайлармен үйлесімді түрлер; f3 -- мигранттар (шығу тегі бойынша басқа өңірлерде пайда болып, осы аумаққа әр түрлі себептермен көшіп келген түрлер); f4 -- автохтонды жаңа құрылымдар (ежелгі жерінде пайда болған жаңа түрлер). Кез келген флораны F=f1+f2+f3+f4 деп кескіндеуге болады. Осы генетикалық қатпарлардың арақатынасына қарай: реликті флора (F=f1), миграциялық флора (F=f3), эндемиктік флора (F=f4) деп бөлуге болады.
Пайда болу орны мен таралуының тарихи жолдары жақын түрлерді де кейбір ғалымдар генет. элементтерге жатқызады. Кейде мұның география-генетикалық элементтер (мыс., ортаазиялық, шығыс-сібірлік, сарыарқалық, т.б.) деп те атайды. Қазіргі флораның шығу тегі мен таралуын білу үшін өткен геол. дәуірлер мен кезеңдердің флорасын зерттеу маңызды болып саналады. Мыс., Гренландияның, Шпицбергеннің қазба флорасын (троходендроидес, емен, жаңғақ, терек, ал қылқан жапырақтылардан -- таксодиум, т.б.) зерттеу нәтижесінде қазіргі Арктиканың аумағындағы палеогендік флора. арктик. болмай, қоңыржай-субтропик. болғанын көруге болады. Өсу ортасы ұқсас түрлердің тобы флораның экология элементін құраса, тіршілік формалары бойынша ұқсас түрлер флораның биол. элементтері болып табылады. Эндемиктік тұқымдастар мен туыстар кешені бойынша флораның бір-біріне бағынышты аумақтық бөліктері ажыратылады. Олардың ішіндегі ең ірісі флористик. патшалық (Голарктик., Палеотропик., Неотропик., Австралиялық, Каптық және Голантарктик.) болып табылады. Кез келген Жер аумағындағы анықталған өсімдік түрлері мен туыстары әдетте арнайы тізімге тіркеледі (конспект, кадастр, т.б.). Түрлердің таралуы, өсу ортасы, биол. сипаттамалары келтірілген мұндай тізімдер "Қазақстан флорасы" деген 9 томдық кітап болып жарық көрді (1956 -- 66). Онда республикада өсетін 5 мыңнан астам өсімдік түріне сипаттама берілген. Флораға кең таралған мәдени өсімдіктерді де енгізеді, бірақ ботан. бақтардағы, табиғи бақтардағы, питомниктердегі мәдени өсімдіктер енгізілмейді. Кейбір жұмыстарда "Флора" термині "өсімдіктер" терминінің орнына қолданылады, бұл дұрыс емес (мыс. мәдени Флора деудің орнына мәдени өсімдіктер деген жөн).
Жер шары мен ҚР түрлі-түрлі флорасы. Дүние жүзінің өсімдік әлемінде 300 мыңға жуық жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктің көпшілік тұрлері тамакка, мал азығына, жеңіл және ауыр өнеркәсіптерге шикізат ретінде қолданылады.Және де өсімдіктің біраз түрлерін фармацевтикаға пайдаланады, біразы безендіру мақсатында парктерде өсіріледі. Өкінішке орай, адамзат шаруашылықга бар болғаны 30 мыңдай ғана өсімдік түрлерін пайдаланады да, оның ішінде күнделікті пайдалануға іріктелгені 12 мыңдай түрлері ғана. Дүние жүзіндегі егістіктің 80% астамын тек өсімдіктің 250 түрі ғана алып жатыр. Жер шары мен біздің еліміздің флорасы өте бай және әр түрлі біздің еліміздің территориясында ғана 20 мыңдай өсімдік түрлері, жер шарында 300 мыңдай гүлді өсімдік түрлері өседі. Адамның өндірістік мақсатқа пайдаланатын 30 мың, тұрақты түрде - 12 мың, оның ішінде 5 мыңға таяу әсемдік өсімдіктер , және бір көңіл аударатын жәйт, дүние жүзінің егіс көлемінің 80 % 250 өсімдік түрлері алып жатыр. Мал азықтық мақсатқа небәрі 25-ақ өсімдік түрлері өсіріледі, оның үстіне кейбір дақылдарға мал азықтық бағыт дақылдың мақсаты емес, атап айтқанда жүгері, күнбағыс, қарабидай, ноғатық, шай жүгері, сұлы ж.б. Өсімдіктердің таралуы әрқилы, сондықтан өсімдіктерді бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден басқа елге, жабайы флорадан дақылға жаңа өсімдіктер енгізу қажеттігі туады. Бұл процесс интродукция - енгізу деп аталады. Интродукция түсінігіне еліміздің және шет елдердің жабайы түрлерін мәдеги дақылға енгізу, өзіміздің еліміздегі мәдени өсімдіктерін біздің елімізде өсіру жатады. Флора байлығына қарамай бірқатар аудандардың далалық егіншілігінде осы уақытқа дейін нақты жағдайларға жақсы бейімделген өнімді мал азықтық өсімдіктер жоқ. Суыққа төзімді, тез өсетін өсімдіктер аз, өсіріліп жүрген көптеген дақылдар пісіп үлгермейді, оларды өсіру негізінен тасымал тұқымдарға негізделген. Осының бәрі мал азығының тұрақты қорын жасауға кедергі жасайды. Негізгі сүрлемдік маңызы бар және селекциялық жұмыстарға жарамды зерттелген ірі сабақты өсімдіктердің барынша маңыздылары - бірнеше түрге жататын аюбалдырған, таран, тянь-шань қымыздығы, марал тамыры, топинсольнечник, майтамыр, құлқайырлар, ешкі бұршақ, астрагал, катран, көпжылдық мал азықтық шай жүгері және т.б. Майлы шомыр, рапс, сурепица, топинсольнечник және бірқатар басқалары - мәдени өсімдіктер, алайда майлы шомыр қазақстан Республикасында екінші өмірге ие болды. Топинсольнечник - жаңа дақыл және ол жер алмұрты мен күнбағысты будандастару арқылы алынған. Жаңа малазықтық өсімдіктердің көпшілігі - моно-және поликарпиялық даму циклы бар көпжылдық, біржылдық өсімдіктер. Барлық интродуценттер көпжылдықтар да, бір жылдықтар да жоғары өнімділігімен ерекшеленеді: бір жылдық түрлері 200- 400 цга, көпжылдықтары 500-ден 1500 цга дейін жасыл балауса береді, алайда шаруашылық егістерінде олар мүлде жоқ. Дегенмен бірқатар дақылдар - жаздық және күздік рапс, майлы шомыр, топинсольнечник, көңіл қоярлық дақылдар екенін көрсетеді. Осы топтағы барлық өсімдіктер алшын көктігімен суыққа және аязға төзімділігімен ерекшеленеді. Өсіп -- өнудің басында көктемде 6-80, ал қысқа қар қабатының астында 40-450 аязды көтереді. Күзде іс жүзінде тұрақты аязға дейін Солтүстік Қазақстанда қазан айының басына дейін өсе береді. Барлық көпжылдық өсімдіктер себу нормасының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді, өйткені сабақ жиілігі олардың қарқынды өркен түзуімен реттеледі. П.П.Вавиловтың пікірінше, жабайы өсімдіктерді мәдени түрге енгізудің бірқатар обьективті себептері бар және оларды мәдениеттендіруге ұзақ уақыт қажет. Олар генеративті органдарының көп қабатты орналасуына байланысты біркелкі пісуі мен тұқымдарының шашылуымен сипатталады, сепкеннен кейін алғашқы екі жыл бойы баяу өседі, осыған байланысты арамшөппен, ластануға бейімділігі ерекшеленеді, көп өсімдіктердің тұқымдары терең тыныштық күйінде болады, осы биологиялық ерекшелігі оларды өсіруге бірқатар қиыншылықтар туғызады. Біреулері қысқа қарай себуді қалайды немесе тұқымды себуге скарификациялауды талап етеді, басқалары тұқымды себуге дейін ұзақ уақыт сақтауды немесе скарификациялауды тілейді. Аз тараған дақылдарды ауылшаруашылығындағы мал азығын өндірудің барлық мәселелерін шешетін керемет деп қарамау керек. Өндіріске оларды енгізу мал азығын өндіру мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл дақылдарды дәстүрлі дақылдарға қосымша деп қарастыру керек және аймақта барынша мол өнім беретін дәстүрлі дақылдарға ерекше көңіл бөлген жөн. Мал азығын өндіруде жеткілікті тексерілген, жоғары өнімді сорттары бар рапс, сурепица, майлы шомыр, топинсольнечник т.б өндіріске енгізуге батыл жұмыс жүргізген дұрыс. Келешегі бар жабайы өсімдіктермен олардың селекциясы мен сорт дәрежесіне дейін жеткізу үшін мақсатты бағытпен қарқынды жұмыс жүргізу керек.
Барлық ботаникалық-флористикалық көздердің мәліметтері бойынша Қазақстанның тамырлы өсімдіктерінің санын 6000-ға жуық түрлері құрайды, ол мәлімет 5100-ден 6000-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады. Дәрілік флора Қазақстан өсімдіктерінің барлық түрлерінің 26%-ын құрайды. Дәрілік өсімдіктердің аймақтар бойынша таралуы біркелкі: оңтүстік аймақта өсетін түрлері көбірек (1037), екінші орында Республиканың Шығыс аймағы (933 түр), солтүстікте 650 түрі аталады, ал батыс бөлігінің флорасы барынша жұтаң, ол 550 түр шамасында есептеледі. Қазақстанның, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz