Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
1.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және автоматтандырылған жобалау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері және кәсіпорындарға автоматтық ақпараттық жүйелерді енгізуде туындайтын мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ. Басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы
2.1 Ақпараттықт жүйенің құрамды бөлшектері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау және ақпараттық жүйенің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3 Автоматтанған жұмыс орынын сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4 Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, әлеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынасақпараттың уақытылы берілуіне , шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы-кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Экономика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы-қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды. Адам шаруашылығының ақпараттық процестерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелеріне мемлекеттік деңгейде шешуі қажет. Қазіргі заманғы автоматтандырылған басқару жүйелерінің күрделілігінің жоғарлауы жіне оған қойылатын талаптардың өсуі өмірлік циклдің барлық уақытында ақпараттық жүйені құруды және сүймелдеуде тиімді технологияларды қолдануға негізделеді.
Тақырыптың өзектілігі: Автоматтандырылған жүйенің сипаттамасын тиімді түрде бейнелеу үшін оны кестелер мен процедуралар жиыны деп қарастырған дұрыс болады. Автоматтандырылған жүйенің нақты сипаттамасынан абстракцияланып, жүйенің ішкі функциялары мен ақпараттарды өңдеу операцияларын икемді түрде көрсетуге мүмкіншілік береді. Бұл объекттерді автоматтандырылған жүйенің ақпараттық моделі деп атаймыз. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе мекемедегі құжаттар айналымына негізгі кері әсері бар болатын себептерден құтылуға, мәліметтерді іздеуге, өңдеуге кететін уақыт шығындарын кемітуге және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпараттарды өңдеудің компьютерлік жүйесін құрудың кезеңдеріне сәйкес зерттелу облысына ақпараттық талдау жүргізгеннен кейін келесі адымды автоматтандырылған жүйенің (АЖ) ақпараттық қамтамасыздандырылуы жобаланады. Жобалау процесін бастаудан бұрын АЖ-ның жалпы құрылымын анықтағанды жөн санаймыз.Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар келесі процедуралардан құралады: бастапқы деректерді тіркеу және жинақтау; ақпараттық моссивтерді әзірлеу; мәліметтерді өңдеу, жинақтау және ұзақ мерзімде сақтау; нәтижелік ақпараттарды қалыптастыру, деректер көзінен оны өңдейтін орындарға жеткізу және нәтижелерді тұтынушыларға беру. Қазіргі кезде жүйелерді автоматтандыру өте күрделі үрдіс болып табылады, ол білікті білімді мамандар қажет етеді осы мамандар арқылы аталған мәселелерде шешуге болады деп есептеймін.
Курстық жұмыстың мақсаты: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер туралы және олардың жіктелуінің артылықшықтары туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жумыстың міндеттері: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге және оны құру әдістері мен кәсіпорындарға ААЖ енгізуде туындайтын мәселелер жөнінде , ААЖ жіктелуінің артықшылықтары түсінік беру. Сонымен қатар басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері туралы мағлұмат беру. Туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Бірінші бөлімде автоматтандырылған жобалау жүйесі туралы және оның жіктелуі туралы жазылды. Ол-жабдықтардан, программа мен оған керек құжаттамалардан компьютерге енгізілетін мәліметтер жинағынан жүйені пайдалану туралы және жұмыс атқаруға қажетті жабдықтар мен жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген ұжымнан тұратын ұйымдастырушы техникалық жүйе. Ақпараттық жүйе тұрғызу-ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелері құру әдістері және кәсіпорындарға ААЖ енгізуде туындайтын мәселелер жөнінде түсінік берілді. Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері адам зат өмірінің қызмет ортасына әр күн сайын еніп, нығаюда. Қазіргі кезде кәсіпорындар, банктер, оқу орындары, емханалар, заводтар, фабрикалар және т.б. Ақпараттық жүйелерді құру кезінде пішімдеуді қолдану аз уақыт арасында қарапайым ақпараттық жүйелерді құруда ғана тиімді. Ал үлкен және күрделі ақпараттық жүйелерді құру үшін бірнеше модельдерді араластырып пайдалануға болады.Екінші бөлімде басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы жазылған. Ақпарат жүйесі басқа да жүйелер секілді элементтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс. Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері - сатып алынуға тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өңделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды. Ақпараттық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады.
І-БӨЛІМ. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
1.1.ААЖ және Автоматтандырылған жобалау жүйесі
Автоматтандырылған жобалау жүйесі-жабдықтардан, программа мен оған керек құжаттамалардан ( программалық жасақтама, тілтану жасақтамасы, математикалық жасақтама), компьютерге енгізілетін
мәліметтер жинағынан (ақпараттық жасақтама), жүйені пайдалану туралы құжаттамадан (әдістемелік, ұйымдастырушылық жасақтама) және жұмыс атқаруға қажетті жабдықтар мен жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген ұжымнан тұратын ұйымдастырушы техникалық жүйе. Автоматтандырылған жобалау жүйесінің негізгі міндеті - бұйым мен оның құрама бөліктерін жобалаудың барлық немесе жеке сатыларында автоматтандырылған жобалау жұмысын жүргізу.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз - ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу-ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделіде жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы эконмикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы-математикалық әдістермен үлгілерді,қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі ұарай қолданудың ұйымдастыру - құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтаржәне құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түріндеболып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпарттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің ұйымдастыру - ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкелді.
Автоматтмндырылған жобалау жүйесі - дегеніміз жобалауды автоматтандыру құрал комплексі және жобалауды автоматтандыру жобалаушы мамандарынң өз-ара байланысты. Көп техникалық әдебиеттерді мынадай анықтама жүреді - жоба ұйымның ішкі бөлімдерімен тығыз байланысты ұйымның техникалық жүйе негізінеан автоматтандырылған жобалау жүйесі ұйымдастыру комплексіне қарағанда қолданатын тобымен программалық комплексі түрінде болады. Автоматтандырылған жобалау жүйесіне байланысты термин бұйымды шығарудың паралельді технологиялық ортасы компьютер технологиясының дамуына байланысты айтады және программалық құралдарға байланысты паралельді жобалауды жүзеге асыру құралы деген термин пайда болады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесі - Автоматтандырылған ақпараттық жүйе және жобаны жүзеге асырып отырған ұйым қызметі. Автоматтандыру үшін арналған жобаны құру негізгі орта ақпарат қоры математикалық және графиктік модельдер. Автоматтандырылған және конструктивті процедура қолданады.
Автоматтандырылған жобалу әдістемесінде берілген микропроцессорды дайындау үшін техникалық процесстері қарастырылады.
Автоматтандырылған ақпарттық - іздеу жүйелері қазіргі кезеңде РМК-да электронды депозитарий рөлін кәдімгі файлдық форма атқарады. Мысалы, көшіру, мұрағатқа жіберудегі барлық мәселелер, файл атауларын ойластыру, құқық есебін жүргізу және тағайындаудың күрделі жүйесі және т.б. Бұл жерде басқарма функциясын кітапхана бөлімшесіне беру туралы сөз жоқ. Себебі электронды құжаттардың көшірмелерін энерготәуелсіз тасығыштарда паралель түрде сақтау қажет, сонымен қатар сол тасығыштардың есебі жүйесін және оларды қайта көшіру қажет. Аса ірі емес көлемде мұндай тәсіл жұмыс атқара алады. Бірақ мұндай көлемнен РМК-ның көлемі әлдеқайда алдыда. Сондықтан осы жылы электронды депозитарийге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің өңдемесін жасау қолға алынған. Бағдарламалық шешімнің қажетті базалық құралдардың жинағын басқару, мәліметтерді беруге арналған хаттамаларды жүзеге асыратын Storage Resorce Broker коммерциялық бағдарламалық қамту қойылған. РМК-ның қажеттілігін есепке ала отырып, ол қажет сервистер мен интерфейстермен толықтырылған. Көбінесе сенімді ресурстарды сенімді сақтауларды қамтамасыз ету құралдары, кәтапханалық меатмәліметтерді үдестіру жүйесі, электронды ресурстарды қолдау сервисі бар.
Демек, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының ақпараттық ресурстары, заманауи ақпараттық жағдаяттарға бейімделу тәсілдері, кітапхана қызметінің технологиялық үдерісі, қазіргі анықтамалық - библиографиялық аппартының ақпараттық-ресурстық мүмкіндіктері озық елдер кітапханаларының хал-ахуалымен барабар (Ресей Федерациясы, Ресей мемлекеттік кәтапханасымен салыстыру негізінде). Кітапханаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері адам зат өмірінің қызмет ортасына әр күн сайын еніп, нығабда. Қазіргі кезде кәсіп орындар, банктер, оқу орындары, емханалар, заводтары, фабрикалар және т.б. автоматтандырылған ақпарттық жүйелерді пайдалануға көшіп жатыр.
Кез - келген технологиялық объекттің жобалануы әлі пайда болмаған объекттің кескінін қабылданған пішімінде жасалуы, түрленуі және көрсетілуі болып табылады. Объекттің немесе оның құрамды бөліктерінің кескіні адамның қиялында шығармашылық процесінің нәтижесінде жасалуы немесе адам мен ЭЕМ - нің өзара әрекеттесу процесінде кейбір алгоритмдерге сәйкес генерациялануы мүмкін. Кез - келген жағдайда инженерлік жобалану РЭҚ өндірісінің объекттері, өнеркәсіптік бұйымдар немесе процесстер бола алатын кейбір техникалық ұсыныстар және техникалық тапсырмалардан (ТТ) сонымен қатар жобалау құжаттары түріндегі ТТ - ны іске асырудан тұрады.
Әдетте ТТ - ны кейбір құжаттар түрінде көрсетеді және ол объекттің бастапқы ( бірінші ) суреттемесі т.б. Ережеге сай жобалаудың нәтижесі берілген жағдайларға объекттерді дайындауға арналған жеткілікті мағыналардан тұратын құжаттардың толық жинағының қызметін атқарады. Осы құжаттар жоба болып келеді, нақты айтқанда, объекттің қорытынды суреттемесі т.б. Демек жобалау - зерттеушілік, есептеушілік және конструкторлық сипаттағы жұмыстардың кешенін орындаудың негізінде объекттің бастапқы суреттемесінің қорытынды суреттемесіне түрленуі мен алынуына қорытындылатын процесс.
Күрделі процесстердің жобалануы бірқатар теориялар мен принциптерді пайдалануға негізделеді. Айтарлықтай жалпы әдістемесі күрделі жүйелерді жобалардың әр түрлі әдістерімен негізделген идеялары бар жүйелік әдістеме т.б. Жаңа физикалық құбылыстары мен принциптерін қолданудың, айтарлықтай жетілген элементті фазасы мен құрылысшының жақсартылған конструкциялары мен озық технологиялық процесстердің арқасында өзінің аналогтары мен прототиптерінен анағұрлым жоғары тиімділігімен ерекшеленетін жаңа айтарлықтай жетілдірілген РЭҚ - тар жасалады.
Барлық схемалық, конструкторлық және техникалық шешімдердің мұқиятты жасалуымен орындалу кезіндегі техникалық жобалау. Техникалық жобалау сатысында дайындалатын аппаратураға және оның өндірісінің процесстеріне техникалық құжаттар жасалады.
1.2. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері және кәсіпорындарға ААЖ енгізуде туындайтын мәселелер
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру үшін бірнеше әдістері бар олардың ішінен мыналарды қарастыруға болады:
-Пәндік саланы концептуальді модельдеу;
-Пішімдеу арқылы ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарды айқындау және жан-жақты зерттеу.
-CASE-технологиясын қолдайтын бағдарламалық құралдардың жүйелік архитектурасы.
Концептуальді модель - қарастырылатын пәндік саланың негізгі құрылымы болып табылатын ұғымдардың жиынын және олардың өзара байланысуын сипаттайды. Пәндік саланың модельдеріне келесі шарттар қойылады:
-Рәсімделуі, пәндік аймақтың құрылымын бірмәнді сипаттауды қамтиды;
-Түсініктілігі, тапсырыс беруші мен орындаушы үшін графикалық құралдар негізінде модельдің бейнеленуін қамтиды;
-Іске асырылуы, модельдің физикалық іске асуы үшін барлық жағдай қамтылуы қажет;
-Тиімділік бағасын қамту, арнайы әдістермен есептеу көрсеткіштері негізінде бағалаулар алу.
-Даталогиялық модельде мәліметтердің құрамына тәуелсіз мен физикалық ұйымдастырылуы ескерілмейтін логикалық өзара байланыс қарыстырылады.
-Қиындықтарды санау барысында бағдарламалық - техникалық құралдардың арнайы сыныбының қажеттілігі туды - ол CASE технологиялары. CASEтермині (Computer Aided Software Engineering) кең мағына береді. CASE - тің бастапқы мағынасы тек бағдарламаны қамтамасыз етудегі автоматтандыруын ғана шектелген еді, ал қазір ол жаңа мәнге ие және АЖ - дегі күрделі өңдеудің процесін қарастырады.
-CASE-технология - бағдарламалық қамтуды құру, сүйемелдеу, сонымен қатар бағдарламаға қойылатын талаптар мен талдау жасау, бағдарлама кодын генерция жасау, тестілеу, құжаттарды рәсімдеу, конфигурациялық басқару және жобаны басқаруға байланысты үрдістердің жиынтығының кешені.
Ақпараттық жүйелерді құру кезінде пішімдеуді қолдану аз уақыт арасында қарапайым ақпараттық жүйелерді құрудв ғана тиімді. Ал үлкен және күрделі ақпараттық жүйелерді құру үшін бірнеше модельдерді араластырып пайдалануға болады:
Қазіргі кезде CASE-технологиялар нысанаға бағытталған және негізгі 4 блоктан тұрады: талдау, жобалау, іске асыру және құрылым.
Талдау блогына қойылатын талаптар:
-Модельде сипатталған экрандағы ақпараттар жиыны таңдауға
мүмкіндік болуы керек;
-Мәліметтер сақталған уақытта олардың диаграммаларға түсіндірме сөздерді енгізуге мүмкіндік болу керек:
-Мәліметтер сақталған уақытты олардың диаграммаларға сәкес келуі;
-Жобалық шешімді тіркеу мақсатында диаграммаларға түсіндірме сөздерді енгізуге мүмкіндік болу керек:
-Оқиғаларға байланысты динамикалық модельдеу іске асуы қажет;
-Бірнеше шарттарды қолдау (кем дегендешарт).
Жобалау блогына қойылатын талаптар:
-Жобалау қосымшасы үрдістің барлық қадамына жұмыс істеп тұруы қажет.
-Пайдаланушы интерфейсін өңдеу мүмкіндігі болуы қажет;
-OLE, ActiveX, HTML және Java стандарттарын қолдау;
-Клиент-серверлік технологияларды қолдау қажет (CORBA, DCOM, Internet жұмыс жасау).
Іске асыру блогына қойылатын талаптар:
-Диаграммалардан кодты толығымен генерациялау;
-CASE клиент - серверлік құралдарында Power Builder сияқты бағдарламаларды қосымша өңдеуге мүмкіндік болу қажет;
-Кодтарды реинжинирингілеу және өзгертулер ді жүйенің модулін енгізуге мүмкіндік болу керек;
-Қателерді шығарып тұратын бақылау құралдары болуы қажет.
Ифроқұрылымға қойылатын талаптар:
-Код генерциясына жауап беретін мәліметтер қорын негізінде репозитория болуы қажет.
-Ұжымдық жұмыс қамтылуы қажет.
CASE-технологиялардың архитектурасы келесі суретте көрсетіледі
-Бірнеше шарттарды қолдау (кем дегенде 3 шарт)
Бүгінгі таңда компьютерлік технологияларды қолданбай кәсіпорындарды тиімді басқару мүмкін емес. Бағдарламалық өнім мен әзірлеуші - фирманы дұрыс таңдай білу - бұл бухгалтерлік есептің автоматтандырылғандығын белгілейтін бірінші баспалдық. Бүгінгі күні ақпараттық жүйе (АЖ) таңдау мәселесі төл мәселеден стандартты рәсімге айналып барады. Бұл жағдайда Қазақстандық кәсіпорындар шетелдік кәсіпорындарға қарағанда біршама артта қалуда. Шетелдік кәсіпорындар, әдеттегідей, АЖ енгізуде және модернизациялауда бірнеше ағымдық тәжірбиеге ие. Дамыған батыс елдерінде төртінші АЖ ауысымы іске қосылуда. Ал Қазақстандық кәсіпорындарда негізінен бірінші немесе екінші ағымдық жүйе қолданылады.
Көптеген Қазақстандық кәсіпорындардың басшылары қазіргі аралас компьютерлі жүйе туралы өте аз біледі және стандартты басқару есептерін шешу үшін жеке бағдарламалар даярлайтын, арнайы бағдарламашылардың үлкен штатын ұстайды.
Көптеген отандық басшалар үшін аса тиімді компьютер жүйесін таңдау шешімі жаңалық болып табылады, ал бұның салдары кейінгі бірнеше жылдарға кері ықпалын тигізеді. Себебі, бұл кәсіпорын талаптарына (масштабы, бизнес ерекшелігіне және т.б.) сай келетін аралас АЖ қолдану арқылы басшыларға шығындарды азайтуға және кәсіпорынды толығымен басқаруға мүмкіндік бере алады.
Бірнеше жылдардан бері кәсіпорындарды автоматтандыру ұғымның астарында тек компьтірлендіру мен корпаративті жүйе жасау ғана емес, сонымен қатар компьютерлер де, жүйелер де. Бағдарламалық қамтамасыздандыру да, ал ең бастысы ақпараттық тасқынды ұйымдастыруды жасайтын ақпараттық жүйе болып табылады. Қазақстандық кәсіпорындарға ақпараттық жүйе (АЖ) енгізу тәжірбиесін сараптай келе, кез келген аралас өнім өндірісінде АЖ толығымен енгізілмейді немес компания басшылығы оны мүлдем қолданылмайтындығын байқауға болады.
Бүгінгі күнгі іске қосылған енгізулерді сараптау бойынша, АЖ жасаудың бірнеше сәтсіздіктерін көруге болады:
1.Біріншіден, дайын батыс жүйелер нақты компанияның нақты құрылымынан алшақ идеалды бизнес процестерге бағытталғандықтан. Ал нақты ұйымдар, компаниялар мен корпарациялар идеалды емес, керісінше басқару иерархиясы көзқарасынан өте ауыр болып келеді. Сонымен қатар, формалды иерархия көбінесе нақтымен тығыз байланысады.
2. Екінші себебі - ол тарихи тұрғыдан жүйелерді жасаумен бағдарламашылар айналысқан, сондықтан олар автоматтандырылған жүйелеу теориясына байланысты құрылған. Адамды есепке алмайтын, бітеу автоматтандырылған процесс жасалады. Нәтижесінде бұндай жүйе бар орта менеджментті қабылдамады. Сондықтан орта буын басшылары бұндай жүйені енгізуге қарсы болады.
3. Үшіншіден - бұл нақты мәселелер сараптамасының жобалау баспалдағына жеткіліксіз болуы. Мысалы, Батыста, негізінен АҚШ, тапсырыс беруші компанияларда, әдеттегідей автоматтандыруды жоспарлайтын және сараптайтын, яғни не керек, не тиімсіз, жүйе жалпы қалай құрылған және ол қандай әрекеттер жасайтындығын белгілейтін арнайы бөлімшелері бар. Ал отандық компанияларда бұндай бөлімшілер жоқ.
Тәжірбие бойынша, егер тапсырыс беруші толығымен жүйені білсе және оның қалай жұмыс істейтіндігін түсінсе ғана жетістікке жете алады. Бұл дәстүрлі әдістердің ішіндегі ең қиыны, тек кәсіпорын басшысы жобаға зейін қойса, оның барлық ерекшеліктеріне назар аударып, кәсіпорындағы барлық ерекшеліктеріне назар аударып, кәсіпорындағы барлық бизнес үрдістері ұйымдастыруды толығымен түсінсе ғана нәтиже көзге көрінеді. Бұл болмаса, басшы жүйе шығаратын сандарға сенбеушілікпен қарайды, себебі ол бұл сандардың неден шығатындағы және бұған кім жауапты екендігін білмейді.
Бүгін ақпараттық жүйе жасауға жаңаша тұрғыдан келу керек. Жаңашылдығы, арнайы бір аралас өнімді жасау жүйесінде емес, жүйені нақты жобалап, содан соң арнайы бағдарламалық есептеулер арқылы іске қосу болып табылады.
Көбінесе, автоматтандыруға мынадай көзқараспен қарайды: барлығын автоматтандыру керек, сол себептенкүшті аралас жүйе сатып алып, оны модульден модульге енгізу. Бірақ содан кейін ғана қаражаттың босқа жіберілгендігін және алынған нәтиженің ойдағыдай емес екендігін байқайды. Тәжірбие жүзінде компанияның нақты бір мәселесін шешу үшін электронды пошта мен EXCEL жеткілікті болады. Қай кезде тек бірнеше арнайы және арзан қосымшаларды енгізіп, оларды аралас платформа базасында немесе тиісті жерінде байланыстырып, ERP - системы жұмысын қолдану жеткілікті болып келеді. Бұл сұрақтардың барлығын жобалау кезінде шешіп алған жөн, яғни күтілетін нәтижені шығындармен салыстыра отырып автоматтандыру құралдарын таңдау қажет.
АЖ - ның барлық сатыларының арасында терең өзара байланыс орын тапқан. Осылайша, қорытынды конструкциясының анықталуы және барлық техникалық құжаттарды дайындау жиі технология дайындығының аяқталғанына дейін орындала алмайды. Технологияны конструкциялау дайындау процесінде принципталуы схемалардың, жүйе құрылымының және типі бастапқы мәліметтердің өзгертелуі қажет болып қалуы мүмкін. Сондықтан жобалау процесі тек көп сатылы болып қана қоймай, сонымен қатар оның орындалуына қарай көп ретті өзгеретін болуы да мүмкін, яғни жобалау итернационды сипатқа ие болады. Жобалау сатысында жиі эксплуатацияның жағдайларынан шығатын кейбір талаптарды алдын - ала көру қиынға соғады. Осының барлығының нәтижесінде жаңа РЭҚ - тың жасалуы ұзақ жылдарға сызылып кетеді. Сынақтарға түсетін тәжірбиелік үлгілер әдетте берілген талаптарды қанағаттандырылмайды, ал аппаратураның жеткізілімі сынақтардың процесінде жүреді, бұл жоабалануды көп есе қымбаттатады. Мұндай жағдай құрастырушылардың кінәсі емес. Бұл жобалауға қатысты дәстүрлік әдістеменің заманауи радиоэлектірлік құрамдарының күрделігіне пайда болған принципиалды сәйкес еместігінң нәтижесі т.б. Көрсетілген қарама - қайшылық РЭҚ жобалануының жаңа технологиясының қарқынды дамуын шақыртты.
Қорытындылай келе, тапсырыс берушіге және тапсырыс жеткішуге АЖ жасау және кез келген ПО таңдамай тұрып, нені автоматтандыру керек екендігін сараптама жасап алып, содан соң бәрақ жобалаумен айналысу керек. Басқаша айтқанда, тек нақты жобалауға дейінгі зерттеу, содан соң бірақ компанияны басқару құрылымының барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып жобалау арқылы ғана барлық тапсырыс берушілер мен жүйелік интеграторлар ұмтылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуден нәтиже шығады.
ІІ - БӨЛІМ. Ақпараттық жүйенің жұмыстарын автоматтандыру
2.1. Басқару мәселелері туралы құрамды бөлшектері
Ақпарат жүйесі басқада жүйелер секілді элементтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.
Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталады. Атқарымдық үлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.
Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:
-үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;
-үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.
Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:
-басқару объектісінің дамуын болжау;
-басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;
-басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;
-басқару объектісінің қызметін ағымдық жомпарлау;
-басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;
-басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.
Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер былай бөлінеді
-ғылыми - зерттеу немесе тәжірбиелік жұмыстарды басқару;
-объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруда басқару;
-негізгі өнімді өндіруді басқару;
-объектінің қосымша - қызмет көрсетуші өндірісін басқару;
-көлік үрдісін басқару;
-негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;
-математикалық - техникалық жабдықтауды басқару;
-еңбек қорларын басқару;
-өнім өткізуді басқару;
-объектідегі қаржы - қаражат жабдықтарын басқару.
-басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.
Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.
Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:
-ақпараттық жабдықтау;
-техникалық жабдықтау;
-математикалық жабдықтау;
-бағдарламалық жабдықтау;
-ұйымдастырумен жабдықтау;
-ленгвистикалық жабдықтау;
-құқықтық жабдықтау;
-эргономикалық жабдықтау;
Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:
-ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті - басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;
-техникалық жабдықтау - ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз етеін барлық тезникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;
-математикалық жабдықтау деп - жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;
-бағдарламалық жабдықтау - ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;
-лингвистикалық жабдықтау - есептеу техникасы арқылыақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;
-құқықтық жабдықтау - ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай - ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттерінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
-эргономикалық жабдықтау - ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтерілмейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.
Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің көбін осылай білуге болады.
-ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті - басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып ұдайы жаңартып отыру;
-техникалық жабдықтау - ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды.
2.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау және ақпараттық жүйенің жіктелуі
Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сәйкес жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұрады. Бұл сатылар кейде, яғни протипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.
Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде мақсатты өнімді қалыптастырады.
Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылуы мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:
-Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?
-Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкінбе?
Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz