Еңбек мөлшерін және өнімділігін өлшеу әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім Еңбек өнімділігі мен әдістері
1.1.Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні мен мағынасы ... ... .4
1.2.Еңбек мөлшерін және өнімділігін өлшеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3.Еңбек қарқындылығының тұрақтандыру факторы және өлшеу әдістері..13
ІІ БөлімЕңбек өнімділігінің маңызы мен арттыруылығы
2.1.Еңбек өнімділігі өсуінің әлеуметтік-экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ..21
2.2.Еңбек өнімділігін арттыруға кешенді тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 23
2.3.Адам капиталының еңбек өнімділігіне ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе

Еңбек өнімділігі дегеніміз-кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі
Еңбек өнімділігінің деңгейін өнімгекеткен еңбек шығынын еңбек үрдісінің
Еңбектің көп саладағы жұмсалған алуан түрлі шығындарынекі топқа
а)Жанды еңбек шығыны-нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын
б)Мүліктенген немесе затқа айналған шығын немесе өткендегі
Осыған орай еңбек өнімділігі жанды еңбек өнімділігі
Қоғамдағы еңбек өнімділігі барлық жанды еңбек шығыны мен
Сонымен, жанды еңбек өнімділігі өнеркәсіптің әрбір өндіріс бұйымдарындағы-бригада,
Затқа айналған еңбек шығыны- өндірістің бастапқы кезеңінде жанды
Қоғамдық еңбек өнімділігінде ғана жинақталған қорытындыны, тиімділікті анықтағанда
Еңбек шығынын азайтып,еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнімнің өзіндік
Еңбек өнімділігі- бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат,
Еңбек өнімділігі - жалпы ішкі өнім көрсеткіштерін
Экономиканың дамуындағы басты алғышарт - еңбек өнімділігінің артуы
Еңбек өнімділігі бірінші жағдайда-өнімді өндіруге кеткен уақыт бірлігінде,
Еңбек өнімділігі төмендегі формуламен анықталады:
Еө=ӨкЕ
Мұнда Еө-еңбек өнімділігі;
Өк-өндірілген өнім көлемі;
Е-өнімді өндіруге жұсалған еңбек шығыны;
Немесе Ес =ЕӨк,
Мұнда Ес- еңбек сиымдылығы.
Интелектуалды өнім- адамның ой еңбегі (лат.Intellectus-таным, түсінік,пайым-бұл ойлау
″Интелект″ термині нус (″ақыл″)-ежелгі грек ұғымының латынша аудармасы
Бұл термин ортағасырлық схоластикада құдай бейнелі,(″ratio″) ″ақыл-ойға″ қарсы
Қазіргі экономика қызметкердің интеллектуалдық еңбегімен ерекшелінеді, одан
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
Еңбек өнімділігі- еңбек шығындарының нәтижелігінің тиімділігін сипаттайды және
Тірі еңбек өнімділігі - әрбір жеке өндірісте жұмыс
Қоғамдық еңбек өнімділігі - тірі және бұрынғы еңбек
1. Натуралдық көрсеткіш- дұрыс нақты және көпшілігіне
2. Өндіруді анықтаудың құндық әдісі- тек ғана
3. Еңбек өнімділігін өлшеудің әдісі - өнімділікті
Өнімнің еңбек сиымдылығы өнім бірлігіне өндіруге тірі еңбек

І Бөлім Еңбек өнімділігі мен әдістері

1.1 Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні мен мағынасы

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді. Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. Өнімділік -- осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі және тірі еңбек шығындары

Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі.
Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік үдеріс факторлары шығындарының арақатынасы.
Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемін, екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың арақатынасын түсінуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды.
Ұзақ мерзімді кезеңде тауар көлемі мен оны шығаруға кеткен шығындардын ара қатынасының өсуі тек технологиялық, энергетикалық, материалдық және қаржылық ресурстарды ғана жақсы пайдаланғандықты емес, сонымен қатар еңбек ресурстарын да жақсы пайдаланғандықты білдіреді, яғни бұл экономиканың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді. Ал қысқаша кезеңде мұндай арақатынастың дамуы өмір деңгейі мен сапасының дамуын көрсетпейді, яғни экономикалық дамудың әлеуметтік кұрамының өсуін көрсетпейді.
Тауар көлемі мен оны шығаруға кеткен шығындардың арақатынасының азаюы, тек экономикалық кұлдырауды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік кұлдырауды да білдіреді.
Р = Стар х Н - уақ,
мұнда: Р - берілген өнімнің, операцияның бағалануы (теңгедана);
Стар - еңбекақы тарифінің мөлшері (егер уақыт бірлігіне 1 сағат алынса, онда ол теңге сағат болып өрнектеледі);
Нуақ - өнім немесе операция өндірісінің уақыт мөлшері (уақытбірлігінде ол сағатдана арқылы өрнектеледі).
Сәйкесінше, берілген жұмыстың барлық көлемі үшін еңбекақы шамасын келесідей түрде өрнектеуге болады:
3жосп = р х п,
мұнда: Зжосп- еңбекақы коры;
р - бағасы;
n - берілген өнімнің немесе еңбек операциясы бірлігінің саны.
Жұмыскер энергиясының шығыны - дене және жүйкелік шығындар, бүгінгі күнде олардың шамасын өлшеуге оншалықты мән берілмейді. Оларды анықтау, басқаша айтқанда, еңбектің ауырлығын анықтау үшін қарқындылық деңгейі қолданылады. Осылайша өндірістік орта жағдайының (санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және жұмыстың басқада жағдайы), оны мөлшерлеудің сапасы мен деңгейінің (шу, температура, шаң, жарық мөлшерін сақтау, бекіту және т.б.) жұмыскерге әсері бағалануы мүмкін.
Еңбек өнімділігін қалай арттыруға болады:
көптеген басшылардың шешімдері барлық көрсеткіштер мен өсуді көтергісі келеді. Бірақ бұл ретте экономикалық өсудің мүмкіндіктерін байқамайды. Қазір қажетті көрсеткіштерді арттыратын шешімдердің бірнеше түрін көрсете отырып, оны түзетуге тырысамыз:
Автоматтандырылған желілерді енгізу. Адам қалай жақсы, тез және сапалы жұмыс істесе де, машина әрқашан жақсы болады. Ол үзіліссіз, демалыссыз, ауруханасыз, ең бастысы еңбекақысыз жұмыс істей алады. Бұл ретте барлық экономикалық көрсеткіштер арта түсуде. Олардың ішіндегі ең бастысы көлемі мен сапасы болып табылады. Мұндай схеманы алып тастағанда осындай автоматтандырылған желілерді орнатуға, кейде оларды әзірлеуге, сондай-ақ тұрақты қызмет көрсетуге арналған шығындар болып табылады.
Жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуге және қызметкерлерді жаңа технологияларды пайдалануға оқытуға қаражат бөлу. Мұндай кеңес болашақта жұмыс істегісі келетін кез келген кәсіпорынға немесе фирмаға сай келеді. Егер басты мақсат осы жерде және қазір пайда табу болса, бұл кеңес екіталай. Бірақ компания бәсекеге қабілетті болғысы келген және осы параметрлерді жақсартпай нарықта жоғары көрсеткіштерді көрсеткісі келген жағдайда.
Логистиканы оңтайландыру қажеттілігі. Қазіргі кезде әртүрлі тасымалдарға арналған шығындар бензин бағасының өсуіне, орташа жалақының артуына, сондай-ақ амортизацияны ескере отырып, көбеюде. Осы тұрғыда, сұрақ логистика кәсіпорында жаңа деңгейге көтерілді.
1.2 Еңбек мөлшерін және өнімділігінөлшеу әдістері

Кез келген жұмыстың еңбек мөлшері жұмыс үдерісінің жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын жұмыс уақытының шығынын анықтау арқылы белгіленеді. Сондықтан жұмысқа белгілі бір шапшаңдық пен ырғақ бере отырып, еңбек мөлшері оның қауырттылык деңгейін өрнектейді. Жұмыс күрделілігі бірдей болғанда, бірдей құрал-жабдықтар пайдаланылғанда, бірдей техникалық және басқа да еңбек жағдайлары болғанда, уақыт мөлшерінің немесе өнімділік мөлшерінің айырмашылығы еңбек қарқындылығындағы ерекшелікті білдіреді. Жұмысқа берілген уақыт мөлшерінің аздығы уақыт бірлігінде жүйкелік энергия мен дене энергиясының үлкен қарқындылығын, тығыздылығын, шығындарының көп екенін көрсетеді.
Бағаны қалыптастырудың нарықтық заңына, жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек мөлшерінің азаюына байланысты тарифтік мөлшер тікелей парапар өсуі керек. Уақыт бірлігінде жұмсалатын жұмыс күшінің бағасы сол уақыт бірлігінде энергетикалық өрнектегі шығын артқан сайын өсуі тиіс. Осылайша, тарифтік мөлшер қандай да бір нақты кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудағы еңбек күрделілігін ғана емес (жұмыс разряды), оның қауырттылық деңгейінде, жалдамалы жұмыскерлердің уақыт бірлігіндегі энергия жұмсау шамасын да ескеруі қажет. Жұмыстың сол күрделілігіндегі уақыт мөлшері аз болған сайын, ол кымбат тұрады.
Нақты жағдайда, еңбек (уақыт) мөлшерін анықтау кезінде еңбек қарқындылығының әдетте қоғам деңгейіне сәйкес өзгермейтін орташа шамасы алынады. Өмірде жеке кәсіпорындарда еңбекақыны есептеу кезінде ол ескерілмейді.
Белгілі жұмыс көлемін орындау үшін керек еңбек шығындарын өлшеу ең ақырында, белгілі бір мамандыктың орташа қарқындылықта еңбекті орындауға жұмсаған жұмыс уақытын өлшеуге әкеліп соқтырады.
Еңбекмөлшерін анықтау еңбек операциясының кұрылымы, жұмыс уақытының шығындары мен еңбек әдістері жөніндегі ақпараттардың негізінде жүзеге асырылады. Мөлшердің негізделуі еңбек мөлшерін анықтау нәтижесінің дәлдігі болып табылады.
Еңбекті мөлшерлеу талдау (аналитикалық) немесе жиынтықәдістермен орындалады.
Еңбекті мөлшерлеудің талдау әдістеріне сәйкес еңбек мөлшері еңбек операциясының немесе жұмысының жекелеген кұрамдас бөліктері бойынша уақыт шығынының синтезі негізінде анықталады. Сонымен қатар, еңбек операциясының (жұмысының) кұрамдас бөліктерге талдау болып бөлінуі жүзеге асырылады және әрбір жеке элементтің ұзақтығын негіздеу қарастырылады. Қолданылатын техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі; жұмыс орнын ұйымдастыру деңгейі; тізбектілігі, еңбек тәсілінің ұтымдылығы; психофизиологиялык факторлардың әсері, оның ішінде санитарлык-гигиеналық жағдайлар және тағы басқалары ескеріледі.
Техникалық негізделген еңбек мөлшері осылайша есептеледі. Олар еңбек бойынша нормативтерге негізделген. Уақытсияқты мөлшерлеудің мұндай көрсеткішіне сәйкесбірінші мен екіншінің арасындағы айырмашылық еңбек операцияларын (жұмыс бірлігін) жекелеген әрекеттерге бөлу деңгейінен тұрады.
Еңбек бойынша негізгі нормативтерге - еңбек (жұмыс күші) шығындарының нормативтерін жаткызуға болады, ал көмекшіге - құрал-жабдықтың (жұмыстың) жұмыс істеу және қызметкерлердің регламенттелінген үзілістерінің нормативтері жатады.
Жеке еңбек шығындарының нормативтері уақыт және сан нормативтері болып екіге бөлінеді.
Уақыт нормативі - бұл бір жұмыскерге еңбек үдерісінің жекелеген элементін орындау үшін бекітілген уақыт аралығы. Осылайша, еңбек үдерісі өнімді дайындаудан, құрал-жабдыққа немесе кұрылымдық бөлімшелерге қызмет көрсетуден тұрады. Еңбек үдерісінің элементі ретінде қозғалыс, тәсіл немесе олардың кешені болуы мүмкін. Сәйкесінше, аз немесе көп бөлшектелінген немесе, керісінше, іріленген уақыт нормативтеріне бөлінеді. Неғұрлым бөлшектелінген уақыт нормативтері көбінесе ірі сериялы өндірістерде қолданылады. Егер еңбек әрекетін қарапайым қозғалыстарға саралау керек болғанда, еңбекке микроэлементті мөлшерлеуді қолдануға болады. Ұсақ сериялы бірлік өндірісі үшін өзара байланыстыеңбек қозғалыстарын, тәсілдер кешеніне анықталған, іріленген уақыт нормативтерін қолданған жөн.
Сан нормативтері - бұл белгілі бір уақыт ішінде берілген жұмыс көлемін немесе бірлігін орындау үшін қажет мамандығы бар кәсіби құрамдағы жұмыскерлер тобының саны. Құрал-жабдық жұмысының режимдік нормативтері-бұл кұрал-жабдықтың неғұрлым көп мақсатка сай колданылуын қамтамасыз ететін оның жұмысының режимдіккөрсеткіштерінің кешені. Олар жұмыскер еңбегінің мөлшерінанықтап, машина уақытын есептеу үшін қажет.
Машиналық (аппараттық) уақыт - бұл станокты берілген режимге сәйкес пайдалану, жұмыскердің машинаның жұмысына тек карап отыру арқылы өндірістік үдеріске өзінің ықпалын шектеу мүмкіндігі болатын уақыт. Бұл уақыт кезінде өндірістік үдерістің негізгі операциясынан басқа операциялар мысалы көмекші сипаттағы өлшеу, бекіту сияқты операциялар да орындалуы мүмкін.
Регламенттелінген үзілістер уақытының нормативтері- бұл жеке қажеттілікке, жұмыскерлердің қауырттылығыназайтуға арналған үзіліске, сондай-ақ кұрал-жабдықтардыпайдаланудың техникалық талаптарына (яғни құрал-жабдықтардың қызмет ету тәртібінің норматнвтеріне) негізделген
үзілістерге керек уақыт аралығы.
Еңбекті талдау әдісі арқылы мөлшерлеуде қажеттілігіне қарай еңбек үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру және өндірісті толығымен ұйымдастыру шаралары жүргізілуі мүмкін. Нақты мәліметтерді алдын ала зерттеу алынған нормативтерді салыстырған кезде техникалық-технологиялық мүмкіндіктерді пайдалану мен жұмыс орнын ұйымдастыруды тиімді ету, жұмыскердің айналасындағы психофизиологиялық ортаның ықпалын жақсарту, еңбек және демалыс тәртібін жетілдіру және т.б. жоспарланады. Мұның барлығы еңбек мөлшерін қайта жасау арқылы еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етеді. Еңбекті мөлшерлеудің талдау әдістері талдау-зерттеу және талдау-есептеу әдістері болып екіге белінеді. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық еңбек үдерісінің жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын уақыт шамасын анықтау тәсілінен тұрады.
Талдау-зерттеу әдісі - бұл жұмыс орнында зерттеу және талдау арқылы еңбек операциясының элементтеріне, сондай-ақ бүкіл операцияны орындауға жұмсалатын уақыт шығынын анықтайтын әдіс. Бұл жағдайда уақыт шығындары арнайы зерттеудің нәтижелерін тексеру жолымен немесе нақты уақытын белгі бір мезгілде байкау арқылы анықталады. Соңғысы өзінің атын кездейсок таңдап алған атауы бір уақыт шығындарын кадағалауды жүзеге асыратын әдістемелік талаптардан туындаған.
Уақыт нормативтерін есептеу үшін қажетті әдістер: хронометраж, жұмыс күнінің суреттемесі немесе фотохроно-метраж тәсілдері кеңінен колданылады. Мөлшерлеу тәжірибесінде өзін-өзі суреттеу сияқты қадағалау тәсілі бар. Олардың арасындағы кағидалық-әдістемелік сипаттамалардың айырмашылығы жоқтың қасы, бірақ оларды ерекше колдану шеңбері мен бағыты өмірде жақсы қалыптасқан.
Хронометраж - бұл жұмыстың (жұмыс операциясының) ұзақтығын, яғни оның тұрақты қайталанатын элементтерін зерттеу және өлшеу мақсатында жұмыстың орындалуын кадағалау түрі.
Жұмыс күнінің суреттемесі - жұмыс күнінің ауысымында немесе оның бөлігінде жұмыс уақытында мүмкін болатын уақытты жоғалту мен олардың себептерін анықтау мақсатында еңбекті қадағалау түрі.
Фотохронометраж - бұл жұмыс күнін зерттеуде хронометраж және жұмыс күні суреттемесін аралас түрде пайдалану.
Талдау-есептеу әдісі - бұл құрал-жабдықтар жұмысы режимінің нормативтері мен уақыт нормативтерін, сондай-ақ белгілі ұйымдастырушылық-техникалықжағдайда жұмыс көлемін уақыт шығынының тәуелділік формуласы негізінде есептеу жолымен барлық операцияларға және еңбек операцияларының элементтеріне кететін уақыт шығынын анықтайтын әдіс.
Мөлшерлеудің бұл әдісі алдыңғыларға қарағанда мамандардан тікелей жұмыс орнында еңбек үдерісін зерттеу және кадагалауды талап етпейді, сондықтан оған көп еңбек қажет емес. Бірақ, ол әр түрлі кәсіпорындар мен бөлімдерде өндірістінұқсас немесе тұрпатты ұйымдастырушылык-техникалық жағдайы үшін мөлшерлеудің орташа сипатын болжайды және ол оншалыкты дәл емес, сондықтан жеке адамдардың еңбек мөлшерін анықтауда колданылмайды.
Жұмыс орны - бұл жұмыскерлер тобы немесе біржұмыскер арқылы белгілі бір жұмысты орындауға арналғанкәсіпорынның кеңістік жері.
Жұмыс орнын аттестациялау - бұл кәсіпорында бекітілген мөлшерлердің, сондай-ақ алдыңғы тәжірибенің және кұрал-жабдықтар мен қызмет көрсету көрсеткіштерінің сәйкестігін кешенді бағалау. Жұмыс орнын аттестациялау нәтижесінде жұмыс орнындагы өнімділік, оның әлеуетінің деңгейін жоғарылату, еңбек өнімділігінің артуы анықталуы мүмкін.
Еңбекті талдау әдісі еңбекті мөлшерлеуде, жұмыс орнын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктерді жоюға мүмкіншілік береді.
Жалпы, жиынтық әдіске қарағандамөлшерлеудің талдау әдістері неғұрлым жоғары дәлдікте еңбек мөлшерін табуды қамтамасыз етеді, сондықтан еңбек операциясы жаппай сипатта өтетін көп топтамалы (көп сериялы) өндірісте негұрлым тиімді болады. Еңбекті мөлшерлеудің жиынтық (тәжірибелік-статистикалық) әдісі - бұл еңбек операциясын элементтерге бөлмей толығымен еңбек мөлшерін болжайтын әдістер.
Жиынтық әдістермен еңбекті мөлшерлеуде еңбек тәсілдерінің тиімділігі және жекелеген әрекеттері арнайы зерттелмейді. Еңбек мөлшерін анықтаудың жиынтық әдістері тәжірибелік, статистикалық және салыстырмалы әдістер болып бөлінеді.
Тәжірибелік әдіс - мөлшерлеушілердің жеке тәжірибесінің негізінде бекітілетін мөлшерде қарастырады.
Статистикалық әдіс - өткен жылдағы осындай жұмыстарға жұмсалған шығындар жөніндегі есептемелік-статистикалық мәліметтер бойынша еңбек мөлшерін бекітуді ұсынады.
Еңбек мөлшерін бекітудің салыстырмалы әдісі - бұрын орындалған және ұқсас еңбек операциясы бойынша жұмыс көлемі мен күрделілігін салыстыру арқылы жаңа мөлшерді бекітуді қарастырады.
Талдау-зерттеу әдісіне қарағанда еңбекті мөлшерлеудің жиынтық әдісі еңбек өнімділігінің өсу жолдарын табуда және оның кәсіпорында немесе өндірістік бөлімшеде өсуіне аз ықпал жасайды деп есептеледі.
Нақты нарықтық экономикада еңбек мөлшерін анықтау мен жетілдіру қезінде, еңбекті мөлшерлеу әдістерін катаң жеке болу әрқашан тиімді болмайды. Кейбір жағдайларда кәсіпорындар еңбектің кейбір мөлшерлерін анықтауда және сәйкесінше әртүрлі әдістерді біріктіру негізінде еңбек мөлшерін белгілей алады.

Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

Табиғи-көрсеткіштер табиғи шамада (метр, кг) көрсетіледі. Оның артықшылығы күрделі есептерді қажет етпейді. Алайда, ол қолдану саласында шектелген, өйткені өзгермейтін еңбек жағдайларын және біртекті өнім шығаруды талап етеді.
Шартты-табиғи әдіс. Есептеу кезінде өнімнің әртүрлі түрлерінің қасиеттерін орташалайтын белгіні анықтайды. Оны шартты-есептік бірлік деп атайды. Бұл әдіс баға құрудан абстрагацияланады және шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығы, пайдалылығы немесе қуатының айырмашылығын ескереді, бірақ табиғи шектеулер бар.
Еңбек-қалыпты сағаттарда өнімді дайындауға еңбек шығындарының арақатынасын анықтайды. Бұл үшін есептеленеді, ол атының пысықтау жатады, нақты уақыт. Өндірістің жекелеген учаскелерінде ғана жарамды, өйткені әртүрлі нормаларды қолдану кезінде күшті қателік береді.
Өнім құнының бірлігіндегі құндық өлшеу әдісі. Ол ең әмбебап, себебі кәсіпорынның, саланың немесе мемлекеттің көрсеткіштерін орташаландыруға мүмкіндік береді. Алайда күрделі есептерді талап етеді және баға белгілеуге байланысты.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер өңдеу және еңбек сыйымдылығы болып табылады. Өндіру-бұл өнім санының қызметкерлер санына немесе уақыт бірлігіне арналған өнім құнының арақатынасы. Өңдеу есебінің көмегімен еңбек өнімділігінің динамикасы оның нақты және жоспарлы көрсеткішін салыстыру жолымен бағаланады.

Келесі формула бойынша есептеледі:

В = TQ,
мұндағы Q-құндық, заттай көріністегі немесе қалыпты сағаттағы өнім көлемі;
T-өнімді өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының саны.

Еңбек сыйымдылығы-бұл еңбек шығындары мен өндірілген өнім бірлігінің арақатынасы. Бұл кері өнімділік шамасы.

Тп=TQ,
мұнда T - өнім өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының саны;
Q -- құндық, заттай көріністегі немесе қалыпты сағаттағы өнім көлемі.

Еңбек өнімділігі болады:

Технологиялық-негізінен өндіріс процесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек шығындары.
Қызмет көрсету, өндіріс, еңбек, қызмет көрсетумен айналысатын негізгі өндіріс жөндеумен және оның жабдықтары.
Өндірістік-технологиялық және қызмет көрсету сомасы.
Өндірісті басқару-басқарушы персоналдың еңбек шығындары, күзет.
Толық-өндірістік және басқарушылық еңбек сыйымдылығынан тұрады.
Өнімділікті талдау кезінде келесі тармақтарды анықтайды: міндеттерді орындау коэффициенті; еңбек сыйымдылық дәрежесі; оны төмендетуөсу факторлары; арттыру резервтері.

Еңбек өнімділігін төмендететін факторларға:
жабдықтың моральдық тозуы;
кәсіпорынды тиімсіз ұйымдастыру және басқару;
еңбекақы төлеудің қазіргі заманғы нарықтық жағдайларға сәйкес келмеуі;
өндірісте құрылымдық жылжулардың болмауы;
ұжымдағы шиеленіскен әлеуметтік-психологиялық ахуал.
1.3.Еңбек қарқындылығының тұрақтандыру факторы және өлшеу әдістері

Уақыт бірлігінің ұзақтығына карай еңбек шығынынын мөлшеріне қатысты мезеттік, сағаттық, күндік, айлық, жылдықеңбек қарқындылығы шамаларын ажыратуға болады.
Еңбек қарқындылығы мәселесін зерттеу онын деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтауды қамтиды. Еңбек қарқындылығына ықпал ететін факторлардың топталуы еңбек қарқындылығының деңгейін белгілеуге ғана емес, сонымен бірге оның себептерін түсінуге мүмкіндік береді және ол өндіріс пен еңбек тиімділігін арттыруға бағытталып пайдаланылады. Ықпал ету олардың әрекет етуіне қажетті шығындардың деңгейі бойынша жекелеген факторлардың ерекше айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Еңбек қарқындылыгын тұрақтандыратын факторлардың неғұрлым жалпыланған саралануы үш негізгі топтан тұрады және келесідей болады:
Табиғи-биологиялық факторлар.
Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Техникалық-ұйымдастырушылық факторлар.
Табиғи-биологиялық факторларға жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, физикалық дамуы, денешынықтыру және ақыл-ой деңгейі, шыдамдылығы және жұмысқа қабілеттілігі жатады.
Әлеуметтік-экономикалық факторлар екі топтан тұрады: әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-экономикалық еңбек жағдайы. Әлеуметтік-тұрмыстык факторлар жұмыскерлердің өмір сүру деңгейі мен қалпын, денсаулык сақтау деңгейін, сондай-ақ аурудың алдын алуын, медициналық қызмет көрсету деңгейін, тұрғын үймен және тұрмыстық инфрақұрылымның басқа да элементтерімен, көлікпен қамтамасыз етілу деңгейін камтиды (тұрғын үйдің жұмыс орнынан алыс болуы).
Әлеуметтік-экономикалық еңбек жағдайына еңбек жөніндегі заң мен оның сақталу деңгейі, жұмыс уақытының ұзақтығы (жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, еңбекке қабілетті жастың шегі), еңбек және демалыс тәртібі, еңбек жағдайы мен оны ұйымдастыру стандарттарының орындалуы, білім, кәсіби шеберлік біліктілігінің деңгейі, жұмыс өтілімі, еңбек ұжымындагы өзара қатынас пен әлеуметтік даму деңгейі,еңбектің тартымдылық және мазмұндық деңгейі, еңбек мотивациясының деңгейі, техника қауіпсіздігі мен еңбекті корғау деңгейі, жұмыс уақытын пайдалану деңгейі, еңбек үдерісіндегі жұмыскердін жұмысбастылығының деңгейі, жұмыстың орындалу қарқыны, еңбекақы жүйесі мен нысандарынын тиімділігі (материалдық ынталандыру жүйесі), еңбекақы деңгейі жатады.
Техникалық-экономикалық факторлар ғылым және техниканың жетістіктерін өндірісте пайдалану деңгейі, техникалық жабдықталу деңгейі, еңбекті энергиямен қамтамасызету деңгейі, еңбекті автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, стандарттау деңгейі, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейі кіреді
Еңбек қарқындылыгын өлшеудің тікелей үш әдісі бар:
Биологиялық, ол өз ішінде энергетикалық және психо-физиологиялық болып бөлінеді.
Әлеуметтік.
Экономикалық, оны тікелей және жанама әдістерге бөлуге болады.
Биологиялық әдіс. Энергетикалық (калориметриялык) әдіс. Адам қызметін энергия бойынша зерттеу неғүрлым кең тарағанына қарамастан ол әлі бір мағыналы емес.
Адамның кез келген іс-әрекеті олардың жылу-энергия шығынымен байланысты. Еңбек қарқындылығын өлшеу қандай да бір уақыт аралығында (мезет, сағат, күн) еңбек үдерістерін орындауға жұмсалған адам энергиясының шығынын анықтаудан тұрады. Еңбек үдерісіндегі адам энергиясынын шығынын төмендегідей байланыспен өлшеуге болады.
Э=Эя+Эс+Эд+Эж +Эк,
мұнда: Э - адам энергиясының жалпы шығыны;
Эа - ағзаның негізгі алмасуына жұмсалатын энергия шығыны;
Эс - статикалық жұмысты орындауға жұмсалатын энергия шығыны;
Э - динамикалық жұмысты орындауға жұмсалатын энер-гия шығыны;
Эж - жүйке-ой қызметіне жұмсалатын энергия шығыны;
Эк - қолайсыз еңбек жағдайын жоюға жұмсалатын энер-гия шығыны.
Негізгі алмасуға жұмсалатын энергия шығынының мөлшері зерттеулерге сәйкес 60-75 ккалсағатты құрайды. Еңбек қарқындылығының деңгейін анықтайтын пайдалы еңбектің орындалу үдерісіндегі шығындар көбінесе уақыт бірлігіндегі статикалық және динамикалық күштің көлеміне байланысты болады. Статикалық жұмысты орындауга жұмсалатын энергия шығынын есептеу тұрып тұру жағдайындағы статикалық жұмыстың нәтижесімен анықталады, ал ол тұрып тұрғанда 330 кгмминутқа және отыру жағдайында 120 кгмминутқа тең.
Уақыт бірлігінде орындалатын динамикалық жұмыс Аg келесідей есептеледі:
Ag = P x It
мұнда: Р - ауыстырылатын заттардың салмағы (массасы) (кг);
I - ауыстырылатын заттардың аракашықтығы (м);
t - жұмыстың орындалатын уақыты (мин).
Еңбек үдерісінде жұмыскердің жүйке-ой қызметіне жұмсалатын энергия шығыны шамамен бағалағанда барлық энергия шығынының 1%-ын құрайды.
Егер механикалық жұмыс толығымен жылуға ауысады деп есептейтін болсақ, онда энергия шығыны арқылы еңоек қарқындылығын (ЕҚ) келесідей формуламен есептеуге болады:

ЕҚ = І + Ag ЕхІ + рхІхn427,
мұнда: I - статикалык жұмыс пен жүйке-ой қызметін орындауға жұмсалатын энергияның тұрақты шамасы;
Е - жылудың механикалык баламасы 427-ге тең;
n - жұмысты орындау қарқыны немесе бір минутта жұмсалатын эр түрлі күштердін көлемі.
Арнайы әдебиеттерде әртүрлі еңбек түрлері мен нақты еңбек операциясын орындау кезінде жұмсалатын энергия шығындары жөніиде мәліметтер болады. Қандай да бір жұмыстың орындалу уақыты мен бір минут ішінде орындалатын жұмыска кеткен энергия шығынына сүйене отырып, бір жұмыс ауысымындағы жалпы энергияның шығынын анықтауға болады. Калориметриялык әдістің негізінде энергетикалық шығынның деңгейіне байланысты еңбек түрлерінің саралануы келтірілген. Мысалы, энергетикалық шығындардың орташа деңгейі 100-300 ккалминутқа тең болса, қара жұмыстың барынша Ұзақтығы бірнеше секундтан секундтар үлесіне дейін болады. 10 ккалминутта жұмыстың Ұзақтығы 10 сағатқа ал шығындары - 2,5 ккалминутқа тен болса, онда дені сау адам қанша болса да жұмыс істей алады.
Ауыртпалық деңгейіне карай еңбекті бөлу тәсілін қолдануға болады. Жеңіл еңбек тәулігіне 2300-3000 ккал, ауырлығы орташа еңбек - 3000-3500 ккал, ауыр еңбек - 3500-4500 ккал, өте ауыр еңбек - 4500-4800 ккал энергетикалық шығындарды жұмсайды.
Еңбек қарқындылығының деңгейін бағалауда энергетикалық әдістің қарапайым және колданбалы түрлері пайдаланылады, сонымен қатар оны әртүрлі өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін кеңінен колдануға болады. Бірақ, қазір көптеген еңбек түрлерінің шығындарын ағзаның энергетикалық әдісімен бағалау жұмыстың адамға деген әсерін дәл көрсетпейтігін атап өту керек. Еңбектің динамикалык күшініңаздығына карамастан, автоматтандыру жағдайында жүйке-ойэнергетикалық шығынының үлесі жедел өсіп, жұмыскерлердің ағзасына үлкен шешуші әсер етеді. Бұл жағдайда, еңбек үдерісіндегі ағзаның физиологиялык функциясының өзгерушамасын бағалауға негізделген еңбек қарқындылығының деңгейін есептеуді психофизиологиялык әдіспен өлшеудің маңызы зор.
Психофизиологиялык әдіс. Әрбір адамда еңбек үдерісінде қолданатын психофизиологиялық әлеуетінің деңгейі болады. Бұл әлеуеттің азаюы шаршаудың пайда болуынан байкалады. Шаршаудың белгілі бір деңгейінің қалыптасу жеделдігіне, нақты шамасына, жұмыска қабілеттілігінің қалыптасу жылдамдығына карай еңбек қарқындылығының деңгейі анықталады. Бірақ, мұны еңбектің ауырлығына және қарқындылығының ұқсастығына байланысты түсіндіреді. Адам ағзасының тіршілікке қажет күшінің барлық шығындары жұмыс уақытында өнім өндіруге жұмсалған шығындар болса ғана, мұндай ұксастық мүмкін деп айтуга болады.
Бұл әдісті пайдалану кезінде келесідей көрсеткіштер колданылады: еңбек ету кезіндегі қанның минуттык көлемі (ҚМК), жүрек соғуының жилігі (ЖСЖ), ағзаның рефлекторлы реакциясының деңгейі, еңбек ету кезіндегі минуттық дем алу көлемі, ауаны минуттық пайдалануы, жұмысты орындау кезіндегі жалпыэнергиялық шығындар және т.б. Бұл көрсеткіштер жұмыс үдерісіндегі ағзаның жүйке-психологиялық және физиологиялық функцияларын сипаттайды. Функцияның өзгеруі мен шаршау деңгейінің арасындағы сандық байланысты анықтау арқылы еңбек қарқындылығының деңгейі жөнінде пікір айтуға болады.
Бұл жайында қарапайым әдістер де бар. Мысалы, Л.Ф. Никулин, нақтылы өндірістік жағдайдағы, шыняйы қарқындылық деңгейін бағалауда жүрек соғуының жиілігін неғұрлым парапар көрсеткіш ретінде пайдалануды ұсынады. Ол жұмыс істеп жатқан ағзаның физиологпялык қарқынының әртүрлі жақтарын (бұлшық ет, дене қызуы, жүйкенің сезімталдығы және т.б.) сипаттайды. Жұмыс кезінде жүрек соғуының жиілігіәйелдерде 75-80 согуминутқа, ерлерде 70-75 соғуминутка, сонымен бірге мүмкін деп саналатын жүрек соғысы жиілігінің физиологиялық шегі 65-100 соғуминутқа тең.
Еңбек қарқындылығын өлшеудің психофизиологиялықәдісі көп еңбек етуді, арнайы білім және осы әдіспен жұмыс стеуге қажет кұрал-жабдықтың болғанын талап етеді. Психофизиологиялық зерттеулерді жүргізу үшін белгілі бір уақыт бөліп адамдарды жұмыстан босату керек болады. Жұмыс уақытын бос пайдалануға мүмкіндік беретін, нашар ұйымдастырылған еңбек үдерісінде қолданылған психофизиологиялық әдіс еңбек қарқындылығы жөнінде бұрмаланған мәліметтерді береді.
Әлеуметтік әдіс. Бұл әдіс жұмыскердің шаршау және жұмысқа деген қабілетінің деңгейі жөнінде сауалнама жургізіп, интервью алу арқылы акпараттар топтастырып, жұмыскердің жұмысқа деген қабілетін қалыптастыру және өндірістік шаршау деңгейінің мөлшерін анықтау мақсатында колданылады.
Жұмыскерлер еңбегінің ауырлыгын және қарқындылығын зерттеу үшін бірқатар жеке және жалпыланған коэффициенттер есептелінеді. Бұл коэффициенттер жұмысқа деген қабілеттілікті қайта қалыптастыру деңгейін ескереді. Бұл кезде шаршаудың қандай да бір деңгейін алдын ала сезетін, жұмыскерлер үлесін сипаттайтын жеке коэффициенттер алынады. Жеке коэффициенттер екі топка бөлінеді .
Бірінші топ - кешкі шаршаудың жеке коэффициенті. Оған жататындар:
1. Ауырлықтың жеке коэффициенті (АЖК), ол келесідей
формуламен есептелінеді:
АЖК = Стш С ,
мұнда: С - тш - қатты шаршаған жұмыскерлер саны;
Сз- зерттелген жұмыскерлердің жалпы саны.
2. Бір қалыпты жағдайдың жеке коэффициенті (БЖК)
БЖК = СәшС,
мұнда: Сәш - әлсіз шаршауды сезінетін жұмыскерлер саны.
3. Жеңіл еңбектің жеке коэффициенті (ЖЕК):
ЖЕК = СжкшС,
мұнда: Сжкш - жұмыстан кейін шаршамайтын жұмыс-керлер саны.
Неғұрлым тиімді жағдай келесідей сипатталады: БЖК = 1,
АЖК және ЖЕК = 0.
Екінші топқа таңғы шаршаудың жеке коэффициенттері жатады.
1. Толық жұмысқа қабілеттіліктің жеке коэффициенті(ТЖКЖК):
ТЖҚЖК = СждС,
мұнда: Сжд - шаршауды сезінбейтін, жақсы демалып келген жұмыскерлер саны.
2. Толық емес жұмыска қабілеттіліктің жеке коэффициенті (ТЕЖҚЖК):
ТЕЖҚЖК = Стеж С ,
мұнда: Стеж - жұмыска шаршап келген жұмыскерлер саны.
3. Жұмысқа деген қабілеттіліктің болмауының жеке коэффициенті (ЖҚБЖК):
ЖҚБЖК = СкшС,
мұнда: Скш - қаттыжұмыска шаршап келген жұмыскерлер саны.
Толық жұмыска қабілеттіліктің жеке коэффициенті бірге тең болған сайын, жағдай солғүрлым тиімді болады.
Еңбек ауырлығының жалпы коэффициенті (ЕАЖК) бойынша зерттеліп жатқан жұмыскерлер жиынтығының еңбектің ауыртпалық жағдайына бейімделу деңгейі келесідей формуламен есептеледі:
ЕАЖК = ТЖҚЖК - ЖҚБЖК
ЕАЖК +1-ден (еңбек ауырлыгына бейімділіктің төмен болуы - барлық жұмыскерлер қатты шаршайды) 0-ге дейін (оңтайлы бейімделу) және әрі қарай - 1-ге дейін (жұмыскерлер шаршамайды) өзгеріп тұруы мүмкін.
Жұмысқа қабілеттіліктің орнын толтыру коэффициенті (ЖҚОТ) жұмыскерлер жиынтығының жұмыс алдындағы жағдайның, жұмыстан тыс уақытта жұмысқа деген қабілеттіліктің орнын толтыруын сипаттайды:
ЖҚОК = (ТЖҚЖҚ + ТЕЖҚЖК) - (АЖК + БЖК)
ЖҚОК +1-ден - 1-ге дейінгі аралықта болады. Коэффициент шамасы 0-ден 1-ге тең болуы өткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы еңбек ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Еңбек ресурстары туралы
Еңбек өнімділігін кешенді түрде арттыру жолдары
Кәсіпорын еңбек өнімділігін жоғарылату мақсаты мен еңбекақыны өсіру шаралары
Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу
Кәсіпорын жұмысшысының еңбекақы құрылымы
Еңбекті ұйымдастырудың мәні
Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері
Кәсіпорынның персоналын басқару
Пәндер