Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Жоспары
Кіріспе
І.Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік және қаржылық нәтижесі
1.1.Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне түсінік
1.2.Кәсіпорын табыстылығын бағалау әдістері
1.3.Кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштері
1.4.Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен мағынасы
1.5.Табыстылықтың экономикалық мәні мен түрлері
ІІ. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдау 2.1.Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
2.2.Маржиналды табысты талдау
2.3.Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп , тот басып жатуына , яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорынның шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды.
Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтан жол сілтеумен емес, контрагентті қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жоғарылату факторларын қарастыру , яғни Қазақстандық зерттеушілердің осы бағытта жазылған еңбектерін оқып, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың мәселелері мен дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне түсінік беру;
Кәсіпорын табыстылығын бағалау әдістерін қарастыру;
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін зерттеу;
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау;
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау;
Кәсіпорын қызметін тиімділік көрсеткіштеріне талдау жасау;
Тауар саясатын зерттеу барысында әдістемелерді әзірлеудегі
отандық және шетелдік тәжірибелерді зерттеу
Кәсіпорындардағы маркетингтік қызметінің және де соның ішінде тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындарда қолдану деңгейін анықтау.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі . Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады:Бірінші бөлімнің тақырыбы: Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік және қаржылық нәтижесі. Мұнда кәсіпорынның экономикалық жағдайына ерекше назар аударылған. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін , кәсіпорын табыстылығын бағалау әдістерін , кәсіпорын табыстылығының көрсеткіштерін , кәсіпорынның табысын , оның мәні мен мағынасын , табыстылықтың экономикалық мәні мен мағынасын толықтай қамтиды. Жалпы теориялық жақтарымен қатар кәсіпорынның күрделі және жан - жақты қызметін тереңірек көрсетуде нақты мысалдармен берілген берілген бірқатар тақырыптар бар.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдау туралы мәліметтер түсіндіріліп келтірілген. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау, маржиналды табысты талдау,табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау туралы тақырыптар түсіндірілді. Талдау нәтижелерінде көптеген мысалдар келтірілді.
Курстық жұмысты орындау барысына кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында жазылған отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерің, оқулық және тәжірибелік құралдарын қолдандым.
І.Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы
жалпы түсінік және қаржылық нәтижесі

Кәсіпорын (қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді.Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім ) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар ) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
Қорытындылаушы;
Техника-экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі
(еңбек сыйымдылығы) қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы),капитал салудың қайтарымдылығы (капитал сыйымдылығы) жатады.
Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындары арақатынасы) экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуіне жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру -оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігініңқайтарымының арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
1.2.Кәсіпорын табыстылығын бағалау әдістері.
Кәсіпорынның табыстылығын бағалау әдістері төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
Шағын мақсатына, негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу объектілеріне бөлінеді;
Өнімнің өзіндік құны, негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;
Өндірістің шығынның есептеу объектісі бойынша жалпы сомасы анықталады;
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны жеке-жеке есептеліпшығарылады.
Өнімнің өзіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:
Өзіндік құнның калькуляциясы;
Шығын сметасы.
Өзіндік құнның калькуляциясы - өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.
Шығын сметасы - шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы.
Рентабельдік немесе тиімділік неміс тілінен алынған пайдалы немесе кірісті деген ұғымды білдіреді. Бұл - кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленген айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.
Өнімдерді өндіру және сатуда шығын сметасы негізіндежоспарланғантауарларды шығару бойынша пайдасы мұнда жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың өзіндік құны анықталады:
Птп = Цтп - Стп
Мұнда Птп- жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы.
Цтп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны (қосылған құн салығы , акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда);
С тп- жоспарлы уақытта шығарылған тауардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде , шығын сметасы есептелінген);
Рентабельділік деңгейін анықтаудың екі бағыты бар :
Кәсіпорынның пайдасы;
Ағымдағы шығындарының (өзіндік құн) немесе авансталынған салымдардың (негізгі өндірістік қор және айналым қоры) қатынасы.
Бұл екі өлшем өзара авансталынған салымның айналым жылдамдығының көрсеткіштеріне байланысты.
Өнім рентабельділігі - өткізген барлық өнімдермен және олардың жекелеген түрлерімен есептелінеді.
Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай тауар өнімдерінен түскен пайда қатынасы ретінде,өнімдерден түскен түсімдеріне қарай, баланстық пайда қатынастары бойынша : өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, таза пайда қатынастары бойынша есептелінеді. Барлық өткізілген өнім рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өткізілген өнімдердің табыстылығы.
Екінші жағдайда, рентабельділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша анықталады. Бұл мәлімет бойынша өнім түрлерінің өзіндік құны тұтынушыларға өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.
Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың және материалдық
айналым қаржысының орташа жылдық құнына қарай қатынасы ретінде есептеледі.Бұл көрсеткішпен таза пайданы есптеуге болады.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен алынатын табыс, салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, төтенше жағдайлардан алынған табыс, кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Өнімнің жоғарғы сапасы - кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның барлық артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Соңғы кездері бұл мәселенің өткірлігі елеулі дәрежеде өсті. Бұл нарықтағы көптеген кәсіпорындардың монополиясын жоюмен, өнімнің тұтыну қасиетіне қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар қызметтерінің басты мақсаты болып табылады.
Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді қамтамасыз етеді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай: Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, төмендегі бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті.
1.3.Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідей түрде анықталады:Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар ҚР Президентінің 2732-ші жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-ші бабында былай делінген.Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердіңабсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен алынатын табыс, салықсалынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық салынғаннанкейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, төтенше жағдайлардан алынғантабыс, кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Нарық жағдайында табыс ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-дерективті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда ) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы қызметіретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оныңкәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені қалай және кім үшін өндіру керек?Табыс табуды кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты. Ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса олар банктің қысқа мерзімді судалары мен коммерциялық несиелерімен , сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. Табыс есебінен сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқада кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтерден анықталады:мемлекеттік табысының көзі;кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шартылығындағы бірлігі, табысты шаруашлықты жүргізуші қоғамның кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігініңалынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігінқамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады :
Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде , өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуімен өзіндік құнын ескеруі қажет.
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесіғылыми негізделген болуы керек.
Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рол атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жалпы төлемі, дивидендттер, пайыздық мөлшерлемелер,арнайы қорлар, салымдар, пайыз (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері,валюта және бағалы қағаздар курсы) ғана мүмкін.Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы түрде талдау жасайды.

Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғаны қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан : бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша - оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техикалық деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әрекеттер қаржылық нәтижелер түрінде байқалады.
Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады. Қоғамға теңгелік балама қажет емес, оған нақты тауарлы-материалдық құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабылдады деген сөз.Өндірілген және өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандылығын көрсетпейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткен шығындармен салыстыру қажет , егер табыс кеткен шығындардан көп болса, ондақаржылық нәтижесі пайда алынғанын көрсетеді. Егер табыспен шығындар тең болса, онда пайданың болмағаны, соның себебінен шаруашылық субъект өндірісті дамыту үшін қаражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстан асып түссе шаруашылықпен айналысатын субъект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін. Бұл залалдар өндірісті ұйымдастыруда , басқаруда және өнімді өткізуде кеткен қателіктерді айқын көрсетеді. Пайда қаржылық нәтиженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге, шығындарды азайтуға итермелейді. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын іске асырып қана қоймай, қоғамның да қажеттілігін қамтамасыз етеді. Пайда қай жерде құнның өсуіне мол мүмкіндік бар екенін көрсетіп қана қоймай, бұл салаға инвестицияны жұмсауды ынталандырады.Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклінің барлық сатысында өндіріледі , алайда өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.
Ішкі ортадағы факторлар көбінесе белгілі және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасалынады. Ішкі факторларға шаруашылықты жүргізу деңгейі, менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.
Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайдалануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелестік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселелері және т.б. жатады.
Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі түрінде белгілі бір функцияларды орындайды. Пайда шаруашылық субъектінің іс-әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді. Ол шаруашылық субъектінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайданың өсуі өзін-өзі қамтамасыз етудің , ұдайы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады. Осыдан барып, қайта жаңғырту, ынталандыру және бөлу функциялары туындайды. Ол іскерлік белсенділіктің дәрежесін және кәсіпорынның қаржылық сәттілігін сипаттайды. Пайданың көлеміне қарай активтерге жұмсалған қаражаттардың қайтарым деңгейі сипатталады. Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден-бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барыншы молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту керек болады.
Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден-бір көзі болып инвестициялық іс-әрекет жатады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің , жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамытып отыру керек.

Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткіштерінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық - бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай , кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.
Кәсіпорындарда табыстылық деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:
өндірілген өнім көлемінің өсуі;
өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қаражаттарының айналым уақытының қысқаруы;
пайда көлемінің өсуі;
қорлардың дұрыс пайдалануы;
құрал-жабдықтарға , ғимараттарға және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі;
материалдық ресурстардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс анықтау және оны тиянақты ұстап тұру;
жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;
еңбек ресурстары мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.
Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығын Тбөнд және өнім табыстылығы Тбөнм болып екіге бөлінеді.
Бірінші көрсеткіш пайданың П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айналым қаражаттарының АҚ орташа жылдық құнына қатынасын білдіріеді:
Тбөнд =П * 100 ( НҚ +АҚ ), %
Екінші көрсеткіш пайданыңПөнімнің өзіндік құныныа ӨҚ қатынасын көрсетеді:
Тбөнм =П*100ӨҚ, %
Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың деңгейі және оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр.Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы болғаны көп жағдайда табыстылықтың деңгейін дәлеледі анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады. Сөйтіп, табыстылықты анықтау және жоспарлау әдістерінің дәлелділігі баға қалыптастыру жүйесімен тығыз қарым - қатынаста болады. Пайда көлемі, сонымен қатар, табыстылық деңгейі де ең алдымен өнімнің бағасы мен өзіндік құнның өзгеруіне тәуелді.
Өндіріс табыстылығының түсінігінде көбінесе өнім дайындау үдерісінде қалыптасқан жинақтау осы кәсіпорынға алғашқы бөлінген өндірістік қормен салыстырылады. Өндіріс табыстылығы кәсіпорын қарамағындағы болатын мүліктердің тиімді пайдалануын көрсететін өлшеуіш болып табылады.
Табыстылықтың экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді.Өндіріс үдерісіне қатысатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады.Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады.Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады.
Өндіріс табыстылығын жоғарылату үшін әр түрлі қаражаттар қолданылады.Өндіріс табыстылығының өсуінің бірден бір басты көзі ретінде кәсіпорын тапқан пайданың көлемі болып табылады. Өткізілген өнімнің әр түріне келетін пайданы сақтай отырып,алынған пайданың жалпы сомасын көбейту арқылы бұл өсу өндіріс шығынын азайтуы, өндірілген өнімнің құрылымының өзгеруі, осыған байланысты өндіріс ауқымы өзгеруі арқылы қол жеткізіледі.Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады. Алайда пайданың көлеміне әсер ететін басқа да бірнеше факторлар бар, олар:өнім бағасының өзгеруі, өткізілмеген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс құрылымы.Бірінші фактор алдыңғы уақытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана ескеріледі. Өндіріс табыстылығының жоғарылауы алдын ала жұмсалған әрбір теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді, сондықтан оларды онан да артық пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз.
Табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның пайдасын (және табысын) қалыптастыруға әсер ететін факторлар ортасының негізгі сипаттамасы болып табылады. Сол себептен олар кәіспорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы талдау және бағалау үшін міндетті бөлігі болып табылады. Өндірісті талдаған уақытта табыстылық көрсеткіштері инвестициялық саясат пен бағаны қалыптастырудың аспабы ретінде пайдаланады.
Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын табыстылықтың негізгі көрсеткіштері ретінде келесі топтарға біріктіруге болады:
өнім табыстылығының көрсеткіштері;
капитал (активтер ) табыстылығының көрсеткіштері;
қолма-қол ақшалар табысы бойынша саналатын көрсеткіштер.
Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорын есебінде көрсетілген пайданың көрсеткіштері бойынша табыстылық деңгейін анықтау арқылы қалыптасады. Мысалы:
Жалпы пайда сату көлемі Өткізуден түскен пайда Сату көлемі Салық алынатын пайда Сату көлемі Таза пайда Сату көлемі.
Бұл көрсеткіштер базистік және есеп беру кезеңдерінде өндірілген өнім пайдалылығын ( табыстылығын ) сипаттайды.
Тб0=П0 СК0;
Тб1=П1 СК1 , немесе
Тб0 = (СК0 - ӨҚ0) СК0;
Тб1= ( СК1 - ӨҚ1) СК1;
Тб = Тб1 - Тб0,
мұнда : П0, П1 - базистік және есеп беру кезеңдеріндегі сәйкестік пайда ;
СК0, СК1 - өнімді өткізудің сәйкес көлемі;
ӨҚ0, ӨҚ1 - өнімнің (жұмыстың , қызметтің) сәйкес өзіндік құны;
Тб - талдау кезеңіндегі табыстылықтың өзгерісі.
Әрбір келтірілген көрсеткіштерді факторлардан тәуелділігін оңай өндеуге болады. Келесі айқын тәуелділіктен көруге болады:
Таза пайда Барлық активтер = Таза пайда Сату көлемі * Сату көлемі Барлық активтер
Бұл формула барлық активтердің (немесе өндірістік активтердің ) табыстылығы , өткізу табыстылығы және қор қайтарымы ( өндірістік қорлар айналымының көрсеткіші ) арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Экономикалық байланыс көрсетіп тұрғандай , формула табыстылықты жоғарылату жолдарын тікелей көрсетеді : сатудың табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік активтердің айналымын жеделдету керек екенін көрсетеді.Тағы да табыстылықтың факторлы үлгісін қарастрып көрейік.
Таза пайда Меншікті капитал Таза пайда Сату көлемі
Сату көлемі Жинақты капитал
Табыстылық көрсеткішінің көптігі оны жоғарылату үшін балама жолдары іздеуге мәжбүр боламыз.Негізгі көрсеткіштердің әрқайсысы әр түрлі бөлшектенуіне байланысты факторлар жүйесіне ажыратылады, ал бұл болса анықтау және өндірістік резервтердің бағалау шегін белгілейді.
Табыстылықты жоғарылату жолдарын талдаған жағдайда сыртқы және ішкі факторлардың әсерін жеке анықтаған жөн.Мынадай көрсеткіштер: өнім мен ресурс бағасы, пайдаланған ресурстардың көлемі және өндірілген өнімнің көлемі, өткізілгеннен түскен пайда және сатудың табыстылығы өзара тығыз атқарымдық байланыста болады.Табыстылықтың өсуі кәсіпорын жұмысының тиімділігінің жоғарылауы тек тапқан пайданың арқасында ғана емес, әрбір теңге түріндегі шығындарға келетін табыстардың көбейгенін көрсетеді.
Табыстылықты жоғарылату екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін: пайданың өсуі және өндіріске кететін шығындардың азаюы. Басқаша айтқанда, оң нәтижеге өзіндік құнының төмендеуінен немесе өнімнің бағасының өсуі арқылы қол жеткізуге болады. Табыстылықтың өсуінің басты көзі - өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, көбінесе, негізгі қорлардың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуге болады.
ІІ. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
және оларды талдау
2.1.Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz