КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны.
1.2.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымы мен көрсеткіштері
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі.
2. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
2.1. Кәсіпорынның экономикалық даму концепциясы
2.2. Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылықтық қызметінің тиімділігі
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫ-РУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Кәсіпорында өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, Президентіміздің 2015 жылдың 19 наурызындағы халыққа Жолдауында айтылғандай "елдің дамуын бесекеге қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек" яғни халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар құрып, өндірістің шикізаттық бағытынан өңдеуші өнеркәсіпке көшудің маңызы зор. Сол арқылы елдің өнеркәсібінде тепе-теңдік орнатуымыз қажет. Мұнайдың шикізат ретінде экспортқа жіберілуін азайтып өз елімізде өңдеу, машина жасау өнеркәсібін дамытып, елдің басты салаларына күрделі қаржы бөлу мәселесі тұр.Дәстүрлі экономика кезінде мемлекет өнеркәсіптің барлық салаларын бір орталықтан басқарып, кәсіпорындарға мемлекет тарапынан тапсырыс беретін болған. Бұл жағдайда қажеттіліктер салалық министрліктермен анықталатын болған, ал өндірістік бағдарлама ең басты стратегиялық жоспар болып табылатын.Алайда бір орталықтан басқару кәсіпорындардың өз бетімен қызмет етуіне кедергі келтірді. Олар мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушылар ғана болды, оның басты міндеті болып өндірістік бағдарламаны орындау табылды.
Нарықтық экономика жағдайында бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс- әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәсекелестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.
Курстық жұмыс тақырыбының мақсаты болып кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыруда жаңаша ұсыныстарды қарап, оның теориялық және практикалық негіздерін зерттеу.
Курстық жұмыстың тақырыбына сай міндеттері болып:
нарық жағдайында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздерін ашып көрсету;
өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістерін қарастыру;
сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасаудағы ерекшеліктерін анықтау;
кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау саналады.
Зерттеп отырған кәсіпорынның мәні болып, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасу үрдісі болып табылады.
Зерттеудің обьектісіне сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын табылады. Негізгі қызметі - ауыл шаруашылық шикізаттарын қабылдау, өндіру және қайта қорытып, олардан халық тұтынатын тағам түрлерін шығару болып табылады. Бұл кәсіпорынның басты тапсырмасы қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдерімен қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек ұжымының мүшелері мен кәсіпорын меншігінің экономикалық - әлеуметтік жақсартуға пайдалану.
Зерттеліп отырған тақырыптың теориялық маңызы, өндірістік бағдарламаны қалыптастырудағы ұсыныстар мен жаңалықтарды енгізу жатады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда - кәсіпорында өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың теориялық негіздеріне тоқтала келе, олардың мәні мен мазмұнын және бағалау әдістерінің тиімділігін арттыру факторлары қарастырылады.
Екінші тарауда кәсіпорнның экономикалық белсенділігі мен кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымына талдау жүргізіледі.
Үшінші тарауда кәсіпорынның бағдарламасын қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары мен оны жақсарту жолдары және кәсіпорынның экономикалық әлеуетін көтеру, сонымен қатар кәсіпорында өндірістік бағдарламасын арттыру жолдары қарастырылып отыр.
Қорытынды бөлім зерттелу тақырыбының мазмұнына сәйкес оның негізгі бөлімдері бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптасуының теориялық және практикалық аспектілеріне терең зерттеу жүргізіле отырып, оның экономикалық мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері, кәсіпорында ұйымдастырылу саясаты, сонымен қатар өндіріске иновациялық жаңалық енгізу құралы және тағы да басқа тақырыптар төңірегіндегі мәселелер қарастырылады. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттары, ғылыми мақалалар мен оқулықтар интернет сайттарының және кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары, отандық және шетелдік ғалым экономистерінің еңбектері, үкімет бекіткен бағдарламалар мен қаулылар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылды.
1-Тарау.КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны
Өндірістік бағдарлама тұтынушылар үшін өнім өндіретін кез келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс, тағы басқа) және материалдық емес өндіріс(тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа) кез келген өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады, сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау,тігу және тоқыма, аяқ киім тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол, теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы - тұтынушылардың тапсырысы мен келісім - шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни өнім табыстылығы мен капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті кеңейту.Осы жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасайды. Ұзақ мерзімді стратегияны жасағанда өндірістік бағдарламада көрсетілген өнім номенклатурасының өмірлік циклының ұзақтығын ескерген жөн.Әрбір тауардың өмірлі циклы 4 кезеңнен тұрады: басы, дамуы, жетілуі, ескіруі. Сатылған өнім көлемі мен тауардың өмірлік циклының фазасы бойынша Сонымен әрбір кәсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны құрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек.Маркетингтік зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға әсер етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратегияға, тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сүйенген жөн.
Диверсификация - капитал мен табыстың тиімділігін жоғалту тәуекелімен инвестицияланған және басқа жолмен кәсіпорынға түскен қаражатты бірнеше обьектілер арасында бөлу.
Өндірістік диверсификация - бір уақытта бір - бірімен байланыссыз өнім түрлерін шығару және өнім ассортиментін кеңейту.
Өндірістік бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді жоғарлату керектігі анықталады. Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.Тауарлар мен қызметтердің әр түрлі түрлері өндірістік бағдарламаның номенклатурасы деп аталады.Өнім ассортименті өндірісте ерекше бір тауарлардың үлес салмағымен сипатталады. Өндірістің әртүрлі кезеңдерінде сату көлемін жобалаудан кейін жете өндірістік бағдарлама құрастырылады. Мұнда өндірістің деңгейлері анықталады, олар белгілі уақыт мерзімінде қол жеткізілуі тиіс. Мұндай бағдарламалар құру үшін әртүрлі өндірістік кезеңдердегі іс шараларды және оларды жүзеге асыру графиктерін жете қарастыру керек. Көптеген жобаларға бірінші кезеңде толық қуаттылыққа жету мүмкін емес.

Өндірістік бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді жоғарлату керектігі анықталады. Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.
Сонымен кәсіпорынның тиімді жұмысының түбінде тұтынушылардың қажеттілігін толық қанағаттандыру жатыр. 80 - жылдары кәсіпорынның тиімділікке жеткізетін қағидасы ашылды, ол - ресурсты бағыт. Ол бағыттың өкілдерінің айтуынша нарық тұтынушының ғана нарығы сипатына иеленгенде, кәсіпорын сәттілігі оның потенциалымен анықталады. Екі түрлі қағиданың өкілдерінің бірінікі ғана дұрыс деп айту қате болар еді. Әрине біздің айтуымызша өндірістік бағдарламаны жасағанда нарықтық қағида басты орын алғанымен ресурстық қағиданың өз орнын мойындамасқа болмайды, оның себебі өз ресурстарын жақсырақ меңгеріп, өндірістік бағдарламаны құраған кәсіпорын сөзсіз бәсекеге қабілеті жоғары болатыны бәріне мәлім.Ресурстық бағыт ең бірінші өндірістік стратегияның жасалуымен тығыз байланысты, ал ол экономикалық әдебиеттерді қарасақ оның негізгі үш түрін бөліп қарауға болатынын көрсетті, шығындарды минималдау, сапаға негізделген және уақыт факторын тиімді пайдалану стратегиясы. Сондықтан да жетістікке толық жету үшін екі қағиданы да үйлестірген үлкен көрегендік болады. Негізгі тақырып бойынша толық зерттеулерді келесі тарауларында қарастырытын боламыз.

Нарық жағдайда дамып отырған әрбір кәсіпорынның тактикалық жоспарының басты бөлімі болып өндірістік бағдарлама табылады. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы оның шығаратын өнім ассортименті мен номенклатурасына сәйкес қажеттіліктерді анықтайды. Сонымен бірге өндірістік бағдарлама қажетті өндіріс қуатын, жұмысшылар санын, шикізаттар мен материалдар көлемін және көлік қажеттілігін белгілейді.Өндірістік бағдарлама көптеген басқа жоспарлармен тығыз байланысты: еңбек және жалақы бойынша, өндіріс шығындары бойынша, табыс пен рентабельділік және қаржы жоспарымен. Мемлекеттік тапсырыстар көбінесе халықшаруашылық маңызы бар, сирек кездесетін өнім өндірушілерге ғана беріледі. Мемлекеттік тапсырыстар экономикасы дамыған барлық елдерде тараған және оның негізгі қағидаларына қайшы келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар алған кәсіпорынның беделін арттырады және ол көбінесе тендер арқылы беріледі. Мемлекеттік тапсырыс негізінен оны ең тиімді және сапалы орындайтын кәсіпорындарға беріледі.
Өндірістік бағдарлама екі бөлімнен тұрады: өнім өндірудің натуралды түрдегі жоспары және құндық түрдегі өндіріс жоспары. Натуралды түрдегі өндіріс жоспары тауардың белгілі ассортиментіне, номенклатурасына және сапасына сәйкес өнім өндіру көрсеткіштерінен тұрады. Натуралды түрдегі өнім көлемінің өлшеуіштері ретінде: дана, тонна, шаршы метр, куб және тағы басқа. Кейбір кәсіпорындарда екі түрлі өлшеуіштер қолданылады,мысалға: мата өндірісінде погондық және шаршы метрмен, қағазда тонна және шаршы метрмен, құбырларды тонна және погондық метрмен. Жоспарда екі өлшеуішті қолдану өндірістің нақты көлемі мен оның тұтынушылық қасиеттерін толығырақ сипаттауға мүмкіндік береді. Арналуы бойынша бірдей, бірақ тұтынушылық қасиеттері әртүрлі тауарларды жоспарлау кезінде шартты - натуралды өлшем бірліктері қолданылады, мысалға: қуаты бойынша әртүрлі отын түрлерін өндіруді жоспарлау кезінде қуаттылығы тоннасы 7000 Ккалл тең отынды шартты отын тоннамен өлшейді.Құрылыс материалдарын өндіруді жоспарлау шартты қуаттылығы миллион данамен есептелсе, консерві өндіру шартты банкамен. Тауардың бірдей түрін өндіретін, бірақ қуаттылығында, көлемінде, еңбек сиымдылығында айырмашылығы бар кәсіпорындарда да шартты және шартты - натуралды көрсеткіштер қолданылады. Ал біздің зерттеп отырған кәсіпорын өнімі данамен өлшенеді. Өнімді натуралды түрде өндіру мен өткізу нақты өндірілген өнімді нарық қажеттілігімен, өндірістің қуаттылығымен және қажетті өндіріс ресурстарымен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді қолдану көп арналымды диверсификациялық кәсіпорындарда өндірістің жалпы көлемі мен құрылымын табуды, шығындарды есептеуді, сатудан түскен табыс пен таза табысты есептеуді қамтамасыз ете алмайды. Оны есептеу үшін ақшалай түрдегі өнім өндіру жоспарын жасау қажет.
Ақшалай түрдегі өнім өндіру жоспары келесі көрсеткіштерді қамтиды. Өткізілген өнім(жалпы табыс), тауарлық өнім, жалпы өнімдер. Бұл бөлімнің негізгі бағалық көрсеткіші болып сатылған өнім табылады. Өткізілген өнім болып құны тұтынушымен немесе өткізуші ұйыммен төленген өнім болып табылады. Оның көлемі жоспарлау бойынша жабдықтауға арналған өнімдер бағасының соммасымен тапсырыс берушімен төлеуге арналған дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын тауарларға, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқа келісім - шарт бойынша өткізіліп жатқан өнімдер бағасы болып табылады.
Өткізілген өнімнің жоспарлы көлемі (Пр) ақшалай түрде келесі формуламен есептеледі.
n
Пр=∑(ПTi +- ∆Оnni +- ∆Oni) (1)
i=1
Мұндағы: ПTi - і-лік өнім түрінің тауарлық көлемі, кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша; ∆Onni - жоспарлы жылдың басы мен аяғына кәсіпорынның қоймасында і - лік дайын өнімнің қалдығының өзгерісі; ∆Oni - жоспарланған жылдың басы мен аяғына қарай і - лік дайын өнімнің жөнелтілген, бірақ тапсырыс берушімен әлі төленбеген қалдығының өзгерісі; n - тауарлық өнімнің түрлер саны (і =1,2,3,...,n).
Өткізілген өнім жоспарлы жылғы кәсіпорынның жалпы табысын (Дв) сипаттайды. Осы сатылған өнім бірлігінің санын бағасына көбейткенге тең.
n
Дв=Пр=∑Дві; Дві=Ці*Oni; (2)
i=1
Мұндағы: Дві - і - лік өнім түрін сатқаннан түскен кәсіпорынның жалпы табысы.
Ці-і - лік- өнім түрінің бірлік бағасы (көтерме,келісім бойынша), Oni - натуралды түрдегі і - лік өнім түрінің сатылуы қажет өнім көлемі.(i=1,2,3,...,n).
Жоспарда жалпы табыстан басқа орташа табыста ескерілуі қажет. Бұл кәсіпорынмен өнімнің бір данасын сатқаннан түсетін табыстың сатылған өнім бірлігіне қатынасымен анықталады.
Дсі=ДвiОni; (3)
Жоспарлы кезеңде өткізу бағасын өзгерту жағдайы болғанда орташа табыс еріксіз орташа бағаға айналады.
Дсі=Ці (4)
Тауарлық өнімдер өз құрамына: өндіруге жоспарланған дайын өнім (техникалық бақылау бөлімімен қабылданып, комплектіленіп дайын өнімдер қоймасына өткізілген), жартылай фабрикаттар, комплектілік бөлшектер мен қосалқы бөлшектер, кооперацияланған жабдықтар бойынша басқа жаққа жіберілуге арналған тауарлар, толықтай жөндеуге, құрал - жабдықтар мен құрылғылар құнының қосындысынан тұрады. Ол көтерме бағамен және салыстырмалы бағалармен сипатталады. Алғашқысы қаржылық жоспармен қатыстыру үшін қолданылса, екіншісі өндіріс құрылымының өзгерісін, өсу қарқынын, динамикасын есептеу үшін қолданылады.
Тауарлық өнімнің жоспарлық көлемі (Пт) келесі формуламен есептеледі:
n m
Пт=∑(Ani х Ці) + ∑Yi; (5)
i=1 j=1
Мұндағы: Ani - натуралды түрдегі і - лік өнім түрінің өндіру жоспары;
Ці - і - лік өнім түрінің қазіргі бағасы; n - тауарлық өнім түрлер саны.(i=1,2,3,...,n); m - өндірістік сипаттағы жұмыстар түрлер саны.
Тауарлық өнім өндірілген дайын өнім көлемін сипаттайды және ол, өндіріс шығындарын, қаржылық жетістіктерді, рентабелділікті және басқа өндіріс тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады.
Жалпы өнім - барлық шығарылған дайын өнім мен көрсетілген қызметтер құнының қосындысынан тұрады, соның ішінде аяқталмаған өндіріс. Ол әдетте салыстырмалы бағамен анықталады.
Жалпы өнім көлемі (Пв) келесі формуламен анықталады.
Пв=Пт+(Нк-Нн)+(Ик-Ин) (6) Мұндағы: Нк,Нн - жоспарлы кезеңдегі жылдың басы мен аяғына аяқталмаған өндірістің қалдықтары ақшалай түрде. Ик, Ин - жоспарлы кезеңнің басы мен аяғына өздері жасаған құрылғылар мен құрал - жабдықтар қалдықтары.
Жоспарлы кезеңде есепті жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі қомақты өзгергенде, бөлек тауар түрлерін өндірістен алып тастағанда, тауардың жаңа түрлерін өндіретін болса, жалпы өнімнің құрамындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтарының өзгеруі жоспарланады.Ішкі шаруашылық айналым мен аяқталмаған өндірісі жоқ кейбір кәсіпорындарда, мысалға тамақ өнеркәсібінде өзіндік құрамы бойынша жалпы өнімдер тауарлықпен сәйкес келеді. Жалпы өнімді жалпы айналымнан ажырата білу қажет, оның мазмұны - барлық бірліктегі өнімдердің соммасы ретінде түсіндіріледі. Тауарлық және жалпы өнімнің көрсеткіштері кәсіпорынның іс- әрекетінде кең өріс алғанымен бір үлкен кемшілігі бар. Олар кәсіпорынның соңғы жетістіктеріне қосқан өзіндік үлесіне қате мәлімет береді. Ол кейбір кәсіпорындарда кездесетін шығындар құнымен түсіндіріледі.
1.3.Өндірістік бағдарламаны әзірлеу әдістемесі
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы жоспарлы кезеңде өндіріс қуатына сәйкес өнім шығаруға байланысты қалыптасады. Мұндағы мәселе кәсіпорынның өндірістік қуаты, өндіруге жоспарланған көлемнен көп немесе аз болуы мүмкін. Кәсіпорынның мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор ретінде өндіріс қуаты табылады. Сондықтан да кәсіпорынның өндіріс қуаты өткізу көлемінен жоғары болса, өндіріс шығындары біршама көп болады. Ал қарама - қарсы болғанда өнім көлемі өндіріс қуатынан жоғары болса, мұндай жағдайда өндіріс жоспары орындалмайды. Бұл орайда өндірістік бағдарлама өндіріс қуаты мен өндіріс көлемі арасындағы ортақ шешімге келтіруші рөлін атқарады. Өндірістік бағдарлама өнім көлемін белгілеп қана қоймай кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің жоспарларын есептеудің негізі болып табылады. Құрылымдық бөлімдердегі өндірістік жоспарды жасағанда тек қана тауарлық өнімдер ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге аяқталмаған өндірісті есептеу қажет.Кіші - гірім кәсіпорында цехтардың өндірістік бағдарламасы натуралды және шартты натуралды түрде есептеледі, ал үлкен кәсіпорындар құнды және натуралды көрсеткіштермен есептелінеді. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы бір жылға есептелінеді және ол кварталдарға бөлінеді, ал кварталдар айлар бойынша көрсетіледі. Құрылымдық бөлімдерде өндірістік бағдарламаның кішірек кезеңдерге бөлуге болады. Өндірістік бағдарламаны жасау күрделі процесс болып табылады, өйткені онда әртүрлі факторлар ескерілуі қажет. Бағдарламаның қалыптасуының типтік алгоритімі.Жоспарлы немесе есепті кезеңдерде, жоспардың орындалуының негізгі міндеттері болып:
құндық және натуралды көрсеткіштер бойынша өнімді шығару мен өткізу жоспарының орындалуын тексеру;
жоспарлы көрсеткіштердің оң немесе теріс орындалуын әсері мен себептерін талдау;
келешектегі өсу қорын анықтау және өндірістің тиімділігін көтеру;
талдау барысында анықталған қорларды пайдаланудағы іс шараларды жасау мен өнім көлемін және оның сапасын арттыру;
жеке шараларды енгізудің күнтізбелік мерзімін белгілеу, өндірістік қызметкерлер мен жұмыстардың орындалуына жауаптыларды белгілеу, сонымен қатар іс - әрекеттердің тиімділігін анықтау.
Өндіріс көлемін талдау тауарлық және жалпы өнімнің динамикасын зерттеуден, базисті және үзілісті өсу мен өсім қарқынын есептеуден басталады. Номенклатура бойынша жоспарды талдау нақты және жоспарлық өнім шығаруды салыстырумен сипатталады.
Мемлекеттік тапсырысты қамтитын өнімдерге көңілді ерекше бөлу қажет. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау келесі түрде жүре алады:
ең кіші пайыздық әдістеме бойынша (жоспардың ең кіші пайыздық орындалуын қамтитын номенклатура қалпы);
тауардың жалпы тізімінде үлес салмағы бойынша;
орташа пайыздың көмегімен, ал ол өз кезегінде нақты өндірілген өнімнің өндіріс көлеміне қатынасымен анықталады (жоспардан тыс немесе өндірістік бағдарламада қарастырылмаған өнімдерді өндіру ассортименті бойынша жоспарға кірмейді).
Мұнда сонымен қатар ассортимент бойынша жоспардың орындалуына сыртқы және ішкі себептер анықталу қажет. Жеке номенклатуралық ұстанымнан қиыс кету өндірістік бағдарламада өзгерістер туғызады. Өндіріс құрылымындағы өзгеріс барлық экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді.
Шығарған өнім құнының өзгерісі өндіріс құрылымының әсерін орташа бағам әдісімен анықтауға болады. Бұл үшін ең бірінші өнімнің нақты құрылымындағы өнімнің орташа бағамын анықтау одан соң, жоспарлы кезеңдегісін анықтайды. Екеуінің айырмасы нақты шығарылған өнім көлемімен көбейтіледі.(натуралдық түрде)
Дәл осындай жетістікке қарапайым түрде жетуге болады. Өнім өндіру жоспарындағы құндық және натуралдық түрлерінің айырмасын жоспарланған өнім өндіруге көбейту керек (құндық түрде). Өндірістік бағдарламаның орындалуын талдағанда басты орындарының бірін өндірістің ырғақтылығына беруге болады. Өндіріс ырғақтылығы - өндіріс жоспарымен белгіленген өнімді өндірумен сипатталады. Өнімді шығару ырғақтылығын есептеу үшін ырғақтылық коэффициенті қолданылады. Ол нақты шығарылған өнім көлемі соммасының талдап отырған уақыт кезегіндегі жоспарлы өнім шығаруға қатынасымен анықталады. Сонымен бірге ырғақтылық бойынша жоспарды орындағанда нақты өндірілген өнім көлемі есептеледі, бірақ ол жоспардың көлемінен артық болмауы қажет.
Ырғақтылық коэффициенті (Кр) келесі формуламен есептелінеді.
n
∑Aзi
i=1
Kp=
n
∑ Ani
i=1
Мұндағы:
Ani - i-лік кезеңде жоспарлы өнім өндірудің натуралды немесе құндық түрі;
Азі - орындалған жоспарда ескерілген нақты өнім шығару;
n - есепті кезең ұзақтығы.
Ырғақтылықты бағалау үшін ырғақсыздық коэффициентін есептеуге болады, ол жоспар бойынша өндірістегі оңтайлы және теріс ауытқуларының соңғысы ретінде анықталады. Ырғақсыздық коэффициенті - ырғақтылық коэффициентіне қарсы көрсеткіш. Кәсіпорын неғұрлым ырғақты жұмыс істесе, соғұрлым ырғақсыздық коэффициенті төмен болады.
Кәсіпорын ырғақтылық коэффициентін есептеу өнім өндірудің бірқалыптылығын анықтаумен қатар, кәсіпорынның жіберіп алған мүмкіндіктерін есептеуге де мүмкіндік береді. Ырғақтылықтың жоғарлауына негізделген өндіріс көлемі қорының өсуін әртүрлі әдіспен есептеуге болады. Оның ең қарапайым талданып отырған кезеңде жоспарлы және есепті кезеңдердегі өнім шығарулардың айырмасы ретінде анықталады. Берілген кезеңдегі талдау өнім сапасын бағалаумен аяқталады. Өнім сапасын талдау келесі көрсеткіштер жүйесі бойынша жасалуы мүмкін:
жалпылама көрсеткіштер(жалпы өндірістегі жаңа өнімнің үлес салмағы, сертификацияланған өнімнің үлес салмағы, бәсеке қабілетті өнімнің үлес салмағы);
өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бірретті және кешенді көрсеткіштер (пайдалылық, сенімділік, технологиялық, эстетикалық);
жанама көрсеткіштер (ақаудан болған шығындар, сапасыз өнімдер үшін пеня мен штрафтар, рекламацияны жою үшін шығындар).
Талдау барысында жоғарыдағы көрсеткіштердің динамикасын зерттеу керек, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуын, олардың өзгерісінің себебін анықтап, сапаның бағалық көрсеткіштерінің әсерін анықтау. Өнімнің сапасын жалпылама бағалау үшін келесі әртүрлі әдістер қолданылады.
Баллдық әдіс: оның мәні өнім сапасының орташа есептелген баллын анықтау. Сапа бойынша проценттік жоспардың орындалуы
нақты және жоспарлы деңгейін салыстыру арқылы есептелінеді. Біздің зерттеп отырған кәсіпорында сапаны тексеру өте қарапайым жүреді.Өнімді өндіру жоспарының орындалуын жалпылама талдау өндіріс көлемі қорын өсуін анықтауға септігін тигізеді және оның келесі бөлімдерге топталады:
өндірілген өнімнің сапасын жоғарлату, жаңа өнімді игеру, жасау;
прогрессивті технологияны енгізу, өндірістік процестерді механизациялау және автоматтизациялау;
басқаруды жетілдіру, жоспарлау мен өндірісті ұйымдастыру;
еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
түпкілікті жөндеу және негізгі қорларды модернизациялау;
шикізат, материалдар, отын мен энергияны үнемдеу іс шаралары;
ғылыми зерттеушілік және тәжірибе құрастырушылық жұмыстар;
шығарылған өнім мен өндірістің техникалық - экономикалық деңгейлері;
іс шараларды енгізуді техникалық - экономикалық қорытындылары.
Сатуды жоспарлау жұмыстары тапсырыстар қоржынының қалыптасуымен немесе сату жоспарының құрылуымен анықталады. Сату жоспары бұл деңгейде өндірістік қуатты алдын ала қарастырмай нарықтың сыйымдылығына негіз етіп жасалады. Сондықтан да өндірістік бағдарламаны құру кезінде тапсырыстыр қоржынын тыңғылықты зерттеуді талап етеді. Талдауға негізінен өзіндік сауда жүйесі арқылы өтетін тұтынушылар сұранысы, тұтынушылардың жеке тапсырыстары, диллерлер тапсырыстары, көтерме сатып алушылардың тапсырысы. Тапсырыс қоржынына өтінімдер мен жасалған келісім шарттар негізінде тапсырыс портфелінің номенклатурасы менассортименті қалыптасып талданады. Соңынан жабдықтауға арналған өнімнің жалпы көлемі, өнімнің әртүрінің жалпы өнім көлеміндегі үлесі, өнімнің тұтынушыларға жеткізу кестесі жаңа және өндірістен алынып тасталынған өнімдердің үлес салмағы, экспорттық өнімнің үлес салмағы, қоймадағы дайын өнімдердің қорлары, тапсырыс берушілерге жеткізілген бірақ әлі төленбеген өнім көлемі, жоспардан тыс қалдықтар мен тұтынушылардан алынған тауарға дер кезінде төлемеу себептері, тапсырыс портфелінің қаржылық көрсеткіштері, жоспарланған табыс, рентабелділік, салықтық төлемдер мен түсімдер көлемін және басқа да сату тиімділігіне әсер ететін факторларды қалыптастырады.
Маркетинг қызметінің жасаған талдауына сүйеніп барлық қызығушылығы бар мамандар қоржынды өткізу жөнінде қорытынды жасайды және ол кейіннен өндірістік бағдарламаның қалыптасуына септігін тигізеді. Тапсырыстар қоржыны бойынша нақты тиімді шешімдер қабылдау үшін кәсіпорынның басты мамандарынан әртүрлі талдау зерттеу бөлімдерін құрған жөн.
Өндіріс қуатын есептеу өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда үлкен орын алады. Өндірістік қуатты есептеу негізінде келесі факторлар анықталады: өндіріс өсуінің ішкі өндірістік қорлары, өндіріс көлемі, техникалық қайта қарулану қажеттілігі анықталады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы - бұл белгілі уақыт мерзімінде шығарылған өнім бірліктерінің саны немесе көлемі. Белгілі уақыт мерзімінде алынған кәсіпорындар қуаттылығы тұрақты көлеммен есептеледі. Сондықтан өндірісті өзгерту шаралары бойынша өзгертулерді енгізу және бұйымдардың номенклатурасы өзгерту қажеттілігі туадыҚалыпты жетістік қуаттылығы - бұл бір жыл ішінде анықталған жағдайларда өндірілген өнім бірліктерінің саны, ол нарық конъюктурасын зерттеу кезінде қарастырылып сұраныс көлеміне қатысты болу керек.
Олар кері төмен болады. Өйткені өнім көлемін ұлғайту өндіріс шығындарының төмендеуіне алып келеді.
Фирманың минималды рентабельділігінің өлшемін анықтау кезінде әлемдік тәжірибеге сүйену керек, өйткені өндіріс шығындары арасында оның бизнес жоспар және аналогтық шығындар басқа да кәсіпорындар осындай өнімді шығару кезінде өзара байланыса анықталады. Егер осындай аналогия ресурстарының шектелуіне байланысты немесе сұраныс көлеміне байланысты қолданылатын болса өнім бағасы және өндіріс шығындары көтеріледі, ол мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі және ішкі нарық бәсекелестігін жоғалтады.
Басқа да негізгі фактор анықталған қуаттылығы бар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz