Мәміле объектісін сақтандыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. БӨЛІМ ЛИЗИНГ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. 1. Лизинг операциясы . . . 5

1. 2. Факторинг операциясы . . . 9

1. 3. Форфейтинг операциясы . . . 15

1. 4. Траст операциясы . . . 17

ІІ. БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЛИЗИНГ

2. 1. Қазақстандағы лизингтік қызмет дамуы . . . 20

2. 2. Отандық қаржылық нарық . . . 24

2. 3. Мемлекеттік лизингтік операциялардың жетілдіру жолдары . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31






КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі - жалпы Қазақстандағы коммерциялық банктердің дәстүрлі емес операциялар туралы мағлұматтар береді. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері және дәстүрлі емес қызметтері мен операциялары туралы ұғымымызды кеңейте түседі. Қазақстандағы банктерге, атқаратын дәстүрлі емес қызметтеріне, белгілі бір жылдар аралығындағы жағдайларына салыстырмалы түрде сипаттама беріледі. Кесте түрінде дәлелдер түрде жазылған. Бұл курстық жұмыс болашақ банкирлерге және Қазақстан банктері туралы мағлұмат алғысы келетіндерге септігін тигізеді. Себебі мұнда коммерциялық банк жүйесінің дәстүрлі емес операциялары яғни лизингтік, форфейтенгтік, факторингтік, траст операциялары жайлы толық мағлұматтар берілген.

Банк - бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктің негізгі тағайындауы ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Банктер арқылы халық шауашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.

Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алғаннан кейін, 1990 жылы желтоқсанда кіріседі.

Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражаттың шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т. б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға біршама қатер төндіреді, өйткені, ол делдалдарға біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық коньюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді акционерлеріне бөліп береді.

«Қ. Р-ғы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1-бабына сәйкес, «банк-осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».

Банктік қызмет-бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылдың 30 тамызындағы «ҚР банктері мен банк қызметі туралы» Жарғысына сәйкес біздің елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді.

Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады., әрі банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді; Ұлттық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттілігі республика Президентінің «ҚР Ұлттық банкісі туралы» заңдық күші бар Жарлығымен анықталады.

Қалған банктер ( оның ішінде коммерциялық банк) банк жүйесінің төменгі деңгейін білдіреді. Бұл, оның ішінде:

1. Мемлекеттік банк - ҚР Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші деңгейлі банк.

2. Шетелдік қатысушылармен құрылған банк - екінші деңгейдегі банк. Бұл банктің үштен бір акциясы ҚР-ның резиденті еместерінің, ҚР резиденті - заңды тұлғалардың меншігінде, иелігінде немесе басқаруында болады.

3. Мемлекетаралық банктер. Олар халықаралық келісімшарттың негізінде немесе құрылтайшылардың келісімі негізінде құрылып, әрекет етеді. Құылтайшылар - ҚР Үкіметі мен осы келісімшартқа қол қойған мемлекет.

4. Банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын құрылым - банк болып табылмайтын заңды тұлға. Ол Ұлттық банк енгізген лицензияның негізінде банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыра алады. Курстық жұмыстың мақсаты - нақты мәліметтерді ұсына отырып, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің дәстүрлі темес қызметіне және оның операцияларына толық сипаттама беріп, адамдарға ұғынықты етіп көрсету. Оқулықтардан, газет-журналдардан жиналған мәліметтерді көрсетіп, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің, және оның дәстүрлі емес қызметтерінің толық сипатын ашып көрсету. Қазақстандағы коммерциялық банктерінің атқаратын қызметін, мақсаттарын, нарықтық экономикадағы рөлін, алдыңғы және қазіргі жағдайларын салыстырып жазу.

Курстық жұмыс міндеттері: 1) Қазақстандағы банктеріне сипаттама беру. Банктердің алғашында қандай қызмет атқарғандығы жөнінде жазу. Олардың мәні мен дәстүрлі емес қызметтерін баяндау. 2) Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметінің қандай маңызы бар екендігін айқындау. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің дәстүрлі емес қызметтері туралы жазу. 3) Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру туралы жазу. Коммерциялық банктердің сипаттамасын жазу. Курстық жұмыс құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, 2 тарау, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.


1. 1 Лизинг операциясы

Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастың жаңа формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірибеде кеңінен тараған.

Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда ”жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы- жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг- бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиісті құрал жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануғаберуін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы. Оның өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болсақ немесе іс-тәжірибеге енгізетін болсақ, ол өндірісті техникалық жағынан қайта құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамассыз етудің аса қуатты импульміне айналуы мүмкін.

Лизинг түрлері және лизингтік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие.

Мәмілеге қатысушылардың (субьектілердің) құрамына қарай лизинг мыналарға бөлінеді:

  • тікелей лизинг, онда мүліктің меншік иесі (жеткізуші) лизингке обьектіні дербес береді (екі жақты мәміле) ;
  • жанама лизингке мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда клссикалық үш жақты мәміле (жеткізуші - лизинг беруші - лизинг алушы)

немесе брокерлік фирма, трастық компани я, қаржыландырушы мекеме және т. б қатысушылармен көп жақты мәміле-аса ірі әрі күрделі мәміле орын алуы мүмкін.

Мүліктің тұрпатына қарай лизинг былайша бөлінеді:

  • жылжымалы лизинг (машиналы-техникалық лизинг)
  • жылжымайтын лизинг;

Мүліктің өтелу деңгейіне қарай лизингті былай бөліп көрсетуге болады:

  • толық өтелетін лизинг, онда бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толвқ көрсетіледі;
  • толық өтелмейтін лизинг, бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

Амортизациялық шартына қарай толық амортизацияланатын лизинг болады және осыған орай, лизинг обьекісінің құны толық төленеді.

Лизингтік операцияның негізгі элеметтері:

  • мәміле обьектісі;
  • мәміле субьектісі (лизингілік келісімшарттың тараптары) ;
  • лизингілік келісімшарттын мерзімі (лизинг кезеңі) ;
  • лизингілік төлемдер;
  • лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер;

Лизинг обьектілері - өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингілік мәмілетінің обьектісі бола алады. Жалға алынатын обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингілері болып көрсетіледі.

Лизинг субъектілеріне мәміле обьектісіне тікелей қатысы бар тараптар жатады. Бұл арада тікелей қатысушыларға және жанама қатысушыларға бөлуге болады.

Лизингтик толемдер мен курал-жабдыктын ози ссуданы камтамассыз ету куралы болып табылады

Лизинг мәміленің тікелей қатысушыларына мыналар жатады:

- лизинг фирмасы мен компаниясы;

- өндірістік (өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық), сауда, көлік кәсіпорындарымен халық (лизинг алушылар немесе жалға берушілдер) ;

- мәміле объектілерін жеткізушілер - өндірістік (өнеркәсіптік) және сауда компаниялары.

Лизингтік мәміленің жанама қатысушыларына мыналар жатады:

  • мәміленің кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг берушілерді несиелейтін коммерциялық және инвестициялық банктер;
  • сақтандыру компаниясы;
  • брокерлік және өзге де делдалдық фирмалар.

Лизинг мерзімі. Лизингілік келісімшарттың әрекет ету мерзімін лизинг кезеңі деп ұғуға болады. Лизинг ұзақ мерзімге жалдаудың айрықша формасы болып абылатындықтан, мәміле объектісінің қызмет ету мерзімінің ұзаққа созылуы және құнының жоғары болуы мен лзинг алушы мыналарды ескереді:

  • техникалық-экономикалық құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімі. Лизингілік контрактінің мерзімі, жалға ерушінің пайдаллануғңа берген объектісінің қаншалықты пайдалдануға жарайиынын ескеретін болсақ, оның ықтимал пайдаланылу мерзімінен аса алмайды. Келісмшарттың мерзімі заңмен шектелуі мүмкін.
  • құрал-жабдық амортизациясының кезеңін үкімет органдары белгілейді. Қаржылық лизингте келісімшарттың мерзімі әдетте амортизация кезеңімен сәйкеседі;
  • мәміленің ең өнімді немесе арзан аналогына («ұқсасының) пайда болу циклі. Бұл факторды шығарылған өнімдерді қысқа ерзімде жаңартып отыратын салаларды ескерудің маңызы зор;
  • ифляциялық процестің серпіні (динамикасы) .
  • судалық капитал нарығының конъюнктурасы және оның даму тенденциясы.

Лизингілік мәміленің негізінде мынадай құжаттар жатады:

  1. лизингілік келісімшарт;
  2. сату-сатып алу келісімшарты;
  3. мәміле объектісін қабылдау хаттамасы;

Лизингілік келісімшарттың мазмұны:

  1. Келісімшарттың тараптары;
  2. Келісімшарт заты.
  3. Лизингілік келісімшарттың әрекет ету мерзімі.
  4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
  5. Лизингілік төлемінің шарты.
  6. Мәміле объектісін сақтандыру.
  7. Лизингілік келісімшартты бұзудың тәртібі.

Лизингілік контрактіде, сондай-ақ барлық хабарлаулар мен өзге де байланыстар келісімшартқа енгізілетін барлық өзгерістер секілді жазбаша формада жүзеге асырылатыны қарастырылады. Лизингілік операция банктің басқа да операциялары секілді қатерлі болып саналады.

Лизингілік төлемнің сомасы контракт бекітілген сәттегі мәміле объектісінің нарықтық құнына қарай анықталады.

Лизингілік мәміленің объектісі ретінде «ғылыми техникалық пргреске жиі ұшырайтын» ғылыми сыйымдылығ жоғары салалардың өнімдері алға шығатындықтан нарықта лизингілік мәміленің объектісіне ұқсас жетілген түрі пайда болғанда лизинг алушы ескерген құрал жабдықты оның жетілген жаңа түріне ауыстыруға ұмтылады және осыған байланысты лизингілік келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға немесе жанартпалы лизинг формсасы бойынша контрактіні бекітуге ұмтылады. Лизинг контрактісінің әрекет ету мерзімі ішінде лизингілік мәміле объектісінің баға өзгерісімен байланысты пайданың көп бөлігінен айрылып қалу қатері бар. Ескі баға бойынша бекітілген лизингілік мәміле объектісінің бағасы көтерілетін болса, лизинг беруші пайданың көп бөлігінен айрылып қалады, ал осған керісінше, ескі бағасы бойынша жалға алынған құрал-жабдықтың бағасы көтерілетін болса, лизинг алушы залал шегеді. Бұл қатерді тараптар барлық лизинг кезеңіне әрбір лизингілік төлемнің тіркелген сомасы белгілеу жолымен өзара келісе отырып кеміте алады.

Лизингілік төлемнің сомасы контракт бекітілген сәттегі мәміле объектісінің нарықтық құнына қарай анықталады.

Құрал-жабдықтың апатқа ұшырау қатері немесе оның одан ары пайдалануға жарамайтын қатері мәміле объектісін сақтандыру жолымен кемітіледі. Оперативті лизингте мәміле объектісін лизинг беруші сақтандыратын болса, ал қаржылық лизингте мәміле объектісін лизинг алушы сақтандырады.

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.

1. 2. Факторинг операциясы

Коммерциялық банктердің ең көп таралған дәстүрлі емес қызметінің бір түрі- факторинг. Факторинг алғашқы кезде XIX ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ-та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Уйропада қолданылады. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.

Факторинг 80-жылдың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экномикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3, 6 есе өзті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа -56%, Америка -30 %, зия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер -13%, Африка-1%.

Шетелде факторинг-бұл ұзақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялықнесиенің болуын сипаттайды.

Факторинг клиенттің айналымм капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады.

Факторинг - тауарлардың немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтік компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынгастарға тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

Факторинг- жабдықтаушы клиенттің жабдықтағаны тауары мен көрсеткен үшін төленген төлем талабын (шот фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Факторинг-қатерлі болса да пайдасы жоғары банк бизнесі әрі қаржылық маркетингтің тиімді құралы және осы заманғы экономиканың даму процесіне бейімделе алатын банк операцияларын біріктіруші формалардың бірі.

Факторинг (ағылшынша -агент, делдал) - клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштастыратын әр түрлі комиссиялық сауда операциясы. Факторинг өзінің кез келген формасының төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (фактура -шоттармен) байланысты. Яғни, клиенттің дебиторлық берешегін инкасациялаумен байланысты болады.

Факторинг операцияларымен нарықтық экономикасы дамыған елдерде әдетте банкермен тығыз байланысты болатын немесе олардың еншілес филиалы болып табылатын арнайы факторлық компаниялар айналысады. Факторигтің батыс еуропа елдерінде жүзщеге асырылатын классикалық түрі жеткізілген өнімнің төлем мерзімін ұзарту түріндегі коммерциялық несиеге негізделеді.

Факторингтік операцияларға үш тарап қатысады.

1. фактор-делдал. Оған коммерциялық банк немесе мамандандырылған факторинг компаниясы жатуы мүмкін;

2. жеткізуші

3. сатып алушы.

Факторингтік операцияның негізінде жөнелткен өнімі үшін жеткізушінің (жабдықтаушының) фактура шотын банктің сатып алуы және жеткізушінің банкке өнімді сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын табыс етуі жатады.

Факторинг негізінен жабдықтаушы мен саытп алушының арасындағы қатынасты сипаттайды., себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

Факторингтік операция, сонымен бірге, жеткізушінің сатуын несиелеу немесе жеткізушіге факторингтік несиені беру деп аталады.

Факторинг бастапқыда мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы ретінде пайда болады. Осы заманғы талаптарға коммерциялық несиенің өзінше бейімделген түрінде факторинг немесе факторлық несие жатады.

Бұл әсіресе соңғы екі он жылдықта жақсы дамыған.

Коммерциялық банктер факторингтік несиені дамыта отырып, операциялар желісін кеңейтудің, пайда мөлшерін арттырудың және клиентпен байланысты терендетудің қосымша мүмкіндігіне ие болады.

Коммерциялық банктердің (шетелдегі арнайы - факторлық - комаиялары - немесе жай ғана факор) тиісті бөлімдерінің өз клиеттерінен (тауарлармен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар) төлем құжатын (ақшаны алу құқығын) сатып алуды және ол бойынша төлемдерді борышқорлардан (сатып алушылардан) кейін алуда төлеушіге қойылатын төлем талабының тізімін сатып алу секілді осындай құқықты бір жолғы сатып алу секілді осындай құқықты бір жолғы сатып алу мүмкін болады.

Қарастырылып отырған операцияның мәні мынада: жабдықтаушы кәсіпорын сатып алушыға ақшасын факторинг бөлімінің шотына түсірілуін талап етіп, төлем құжатын ұсынады. Соңғысына бір мезгілде құжаттың бір данасы беріледі. Бұл құжаттың негізінде ол ақшаны өзінің шотынан жабдықтаушының шотына аударады, ал кейін сатып алушыдан төлемінің уақытылы алынуына бақылау жүргізеді (төлем кешіктірілетін болса тиісті өсімақы алынады) . Соныменбірге факторнг мерзімі арқылы есеп айрысу туралы келісімшартта жоғарыда анықталған төлем бойынша мерзімі ұзартылған берешек пайда болытын болса, банк оның сомасын клиенттің есеп айрысу шотынан факторинг шотына қалыпқа келтіре отырып, тізім құқығына (талаптарды кері табыстау) жүгінуі мүмкін.

Шетелдерде факторинг операциялар клиенттің дебиторлық берешегінің көп бөлігі (70-90% - ке дейін) яғни, қарызгерден оған тиесілі қаражаттың жедел төленетіндігімен (1-3 күн ішінде) сипатталады.

Клиенттің талап сомасының қалған бөлігі (10-30 % мөлшерінде) берілген (факторингтік) несие үшін процентті шегеруге екі түрлі жолмен төленуі мүмкін:

  1. қарызгерден (дебитордан) қаражаттың түскен уақытына қарамастан факторлық компания немсе ьанктің тиісті бөлімі анықталған мерзімде;
  2. осы қаражатты дебитордың аударғанынан кейін, яғни, жеткізілген тауардың төлемі нақты жүзеге асырылғанда.

Әлемдік іс-тәжірибеде фактордың клиентке әдетте оның айналым кампиталын несиелеумен ұштастырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуды жүзеге асыру процесінде көрсететін бірқатар комиссиялық делдалдық қызмет көрсетулер факторинг ретінде ұғылады.

Факторингтік қызметті көрсетудің негізгі мақсаты- клиенттің дебиторлық шотын инкассациялау және оның пайдасына тиесілі төлемдерді алу. Бұл қызметті фактор клиентке қаржыландырусыз да, қаржыландырумен де көрсетуі мүмкін.

Бірінші жағдайда факторингтік компанияның клиенті шпруашылық келісімшартына сәйкес мерзімде (әдетте 30 күннен 120 күнге дейін) клиенттің пайдасына төлемді алу мақсатында өнімді жөңелтіп компания арқылы өзінің сатып алушысына шотты ұсынады.

Қаржыландырумен шотты инкассациялау жағдайында факторингтік компания клиенттен жөнелтілген тауар құнының 80-90% -ін жедел төлеу шарты арқылы фактура-шотты сатып алады, яғни, өз клиентінің айналым капиталын аванстайды (фактура-шоты дисконттау) . Жөнелтілген тауардың резервтік 10-20%-і клиентке төленбейді, сатып алушыдан оған өнімнің сапасына, бағасына байланысты кінәрат қойыла қалған жағдайда сақтық үшін жеке шотта брондалады.

Мұндай қызмет көрсетулер жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажеттіліктерін толық өтей алады, өйткені, бұл оларға төлем мерзімі ұзартылған сатуды факторинг арқылы жедел төленетін сатуға айналдыруынан мүмкіндік береді және осылайша өз капиталының қозғалысын жылдамдатады.

Фактура-шотты дисконттағаны үшін факторингтік компания клиенттен мыналарды өндіріп алады:

1. комиссиялық (шотты инкассацияланғаны үшін)

2. факторингтік несие бойынша проценті. Ол несиенің берілген күннен бастап сатып алушыдан өнім үшін алатын қаражаттың түсу мерзіміне дейін алынады. Бұл роцент әдетте есептік мөлшерлемеден 1-2 тармақ жоғары болады.

Қаржыландыру (несие) факторингісі екі түрде болуы мүмкін: ашық (шартты) және жабық (құпия) .

Ашық факторинг-бұл жабдықтаушының факторингілік компанияға фактура-шотты табыс еткені жөнінде төлеушіге хабардар ететін факторингтік қызмет көрсетудің формасы.

Жабық немесе құпия факторинг атау мынаған байланысты шықты; ол жеткізушінің тауарын сатуды несиелеуге арналған қаражаттың жасырын көзі ретінде қызмет етеді, өйткені, клиент контрагенттерінің бірде біреуінің факторингтік компанияның оған фактура -шотты табыс еткенінен хабары болмайды. Бұл жағдайда төлеуші жабдықтаушымен есеп айрысады, содан соң ол төлемді алғанан кейін оның тиісті бөлігін несиені өтеу үшін факторингтік компанияға аударуы қажет. Жабдықтаушы мен факторингтік компанияның арасындағы келісім бойынша қаржыландыру факторингісі кезінде кері талап (регресс) құқығы, яғни факторрингтік фирманың сатып алушының төленбеген шотын факторингтік фирмаға несиеніөтеуді талап етумен қайтарып алу құқығы қарастырылуы мүмкін. Алайда, әлемдік іс-тәжірибеде кері талап факторингісі (факторинг с регрессом) сирек қолданылады әрі факторинг фирмалар төлемсіздіктің бүкіл қатерін әдетте өз мойындарына алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг-іскерлік қарым-қатынастың бір түрі
Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Лизингтік қатынастар туралы
Мәміленің объектілері
Жылжымайтын мүліктің объектісінің сипаттамасы
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Лизингтік мәміледе опционның болуы
Жылжымайтын мүлік түсінігі және оны бағалаудың теориялық негіздері
Лизингтің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz