Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өнімнің бағасы, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің
нәтижесінде тағайындалады. Сұраныс пен ұсынысты әр түрлі факторлар
анықтайтынын экономикалық теория пәнінен белгілі. Кәсіпорындар өнімдерін
нарыққа шығару ұмтылысы мен қабілетін анықтайтын маңызды факторлар -
өндіріс шығындары болып табылады. Кез – келген тауарды өндіру – шығындарды
талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады .
Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол өнімдерді
өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайдалана алуға байланысты
болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына байланысты
болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері өндірген
өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Өндірістік шығындар сауда, транспорт,
сақтау шығындары, ал құнға қосылуы бойынша толық және бөлшек болып
жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс деңгейінде өзіндік құн деп те
атайды. Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік
бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қарастырылған шығындар теориясы
негізінде кез – келген фирмаға талдау жасау өнімнің өзіндік құнының
өзгешелігін және оны есептеу жолдарын анықтау.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі – өндіріс шығындарының түрлерін,
кәсіпорын шығындарының мәні мен мазмұныдарын дамыту, жіктелулерін ашып
түсіндіру және шығындарды есептеу қамтылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
шығындардың экономикалық мазмұнын және олардың қазіргі экономикалық
ойлаудағы негізгі концепцияларын қарастыру.
нақты бір кәсіпорын мысалында өндіріс шығындарын талдау және зерттеу.
шығындарды азайту көздерін іздеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен , қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде - жалпы өндірістік шығындардың мазмұны мен мәні түсінігі,
теориялық аспектілері және жіктелуі туралы баяндалған.
Екінші бөлімде – өндіріс шығындарының есептеу жолдары, шығындарды төмендету
және талдамалық топтастыру туралы жазылған.

І. Бөлім Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шығындарын басқарудың
теориялық аспектілері

1.1 Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға
тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағада сатып
қана қоймай, сонымен қатар оны өткізуге және өндіруге кететін шығындарды
қысқартуға тырысады. Кәсіпорынның табысын ұлғаюының ең бірінші қайнар көзі,
ол оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден кәсіпорынның өзіне
ғана, яғни ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін
тауардың кезекті өткізілуіне байланысты.
Шығындар деп — тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстардың шығындары да аталады. Шығындар деген нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндірістік шығындар - өзіндік құнның экономикалық сатының бастысы болып
табылады. Олардың деңгейі көбіне пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін,
және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Кәсіпорынның бәсеке
қаблеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның
өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің
негізгі бағыты. Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа
материалдарға кеткен шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек
құралдарының амортизациясы да қосылған. Тағы басқа өндірістік шығындар
түсінігіне, ол кейінірек тауарды шығару мақсатында кәсіпорындарды
ұйымдастырушыларының жұмсалған шығындары. Бір тауар құнында, өндірістік
шығындар оның екіден бір бөлігін құрайды. Өзіндік шығындарды тауар
құнындағы пайда көлеміне шаққаннан аз болды. Айналым шығындарының
жіктелуі ол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Айналым шығындардың бұл
түрі, өндірістік инфраструктураға жақынырақ болып келеді және тауар құнына
кіріп, соңғысын, ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғанан кейін ғана
түскен ақшадан төленеді. Таза айналым шығындары – сату
шығындары (сатушылардың жолақысы және тағы басқа), маркетинг
(тұтынушылардың сұранысын анықтау), жарнама, штаб - пәтер пероналының
жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар тауар құнын ұлғайтпай, тауарды
өндіру үрдісі кезіндегі, сатылғаннан түскен пайдамен төленеді. Қазіргі
кездің шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар көбінесе
жоғарыда айтылып кеткен екі кезеңді де қамтиды. Өндірістік шығындар
түрлерінің орталығында, берілген тауардың бағасымен, шағындармен және
өндіріс көлемдерінің арасындағы қарым – қатынасы шығындарды шығаратын өнім
көлеміне байланысты және байланыссыз деп бөлінеді.
Шығыста өндірістік шығындарға кәсіпкердің пайдасы мен табысы да кіреді.
Сонымен өндірістік шығындар ақша түрінде көрсеткенімен, белгілі бір өнім
өндіруге қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар
жатады. Өндірістік шығындар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды
(шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығын, жанар-жағар май, электр
энергиясы, құрал – жабдықтар және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің
жалақысы кеткен шығындарды жатқызады. Осы арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге
қаншаға айналатының көруге болады. Берілген анықтама бухгалтерлік
шығындарды анықтап, сатып алынған ресурстардың төлемі ретінде, тек нақты
шығындарды қосады. Осылайша олар экономикалық шығындарды ерекшелейді, ол
экономикалық шығындар болса өнім өндіру үшін, нақты емес шығындарды қоса
есептейді. Нақты емес шығындар – бұл өнім процесінде қолданылатын
өндірістік фактор, бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын
адамдардың өзіндік еңбегін оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік
капиталын немесе жерді жатқызуға болады, бірақ егер ол кәсіпорын меншігінде
болса. Нақты емес шығындар фирмалық, экономикалық шығындарына қосу үшін,
оларға ақшалай түрде баға беру керек. Ресурстарды сатып алмаса оны қалай
істеуге болады? Ол үшін берілген ресустардың альтернативті құны деген
түсінік қолданылады.
Кәсіпкерді көбнесе жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар,
фирманың бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтынын
көрсетеді. Орта шығындарды жалпы шығындардың өндіретін өнім көлеміне бөлу
арқылы есептеледі. Орта шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып бұл
өнімді өндіру тиімді ме, тиімді емес пе, анықтауға болады. Шекті шығындар
бір өнім данасын артық шығарса қаншалықты өсім болатынын анықтайды. Бұл
фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қанша болатынын көрсетеді.
Шығындар ұзақ және қысқа мерзімді деп ажыратылады. Қысқа мерзімде тұрақты
шығындар көрсетіледі. Ұзақ мерзімде шығындар айналмалы болып келеді.
Кәсіпорын дамуын жоспарлағанда, кәсіпорын әр берілген өнім көлеміне
негізделе отырып орташа шығындардың минималды жетістігіне бағдарлануы тиіс.
Ұзақ мерзімді орташа шығындардың графигі дөңгелектеу болып келеді. Шағын
фирманың өндіріс процесінің кеңеюі кезінде масштабтың тиімді жағынан
көрінеді. Өнім көлемі айтарлықтай өзгерсе, масштабтың тиімсіз жағы
байқалады, себебі күрделі масштабты өндірісті жүргізу қиынырақ болады.
Сондықтан ұзақ мерзімді орташа шығындардың графигі жағымды және жағымсыз
эффектідегі масштабқа байланысты. Кейде ол берілген саладағы
бәсекелестіктің денгейімен және тұрысымен анықталғанда үлкен мән беріледі.
Берілген сала бәсекелі ме (айтарлықтай шағын фирмалардан құралады) немесе
концентрацияланған (бірнеше үлкен өндірісіндегі қол астында).
Бірақ, мұны мақұлдай отырып айтарлықтай аландаушылықты байқау керек,
себебі саланың құрылымы тек шығының деңгейінің қалыптасу жағдайына
байланысты емес.
Өндірістік шығындарға негізгі қор, жанармай, материалдар, шикізат
шығындарына кеткен қаржыны жатқызуға болады. Кәсіпорын экономикасында,
менеджмент теориясында, шығындардың келесі түрлерін ұсылған: бухгалтерлік,
экономикалық, тұрақты, айнымалы, жалпы және орташа. Жалпы өнім шығындары ол
– толық шығындар; олар өнім өндірісімен тікелей байланысты. Осылайша
шығындар мен шығыстардың айырмасын білу керек. Бұл жердегі шығыстарға
кәсіпорының өндірістік нәтижесіне тікелей әсер ететін фактор болса, ал
шағындар оның соңғы қаржылық нәтижесіне әсер етеді. Шағындар және шығыстар
бір-біріне сәйкес келуі мүмкін немесе екеуінің арасында айырмашылық болуы
мүмкін, бірақ екеуінің арасында айтарлықтай заттай мінезді айырмашылық бар.
Шығыстарға жатпайтын шығындар, нейтралды шығындар деп аталады. Бейтарап
шығындар өндірістік емес қасиеті бар шағындар, берілген мерзімге қатысты
емес шағындар (салықтың қосымша төлемі) келеңсіз жағдаймен байланысты
шығындар. Қосымша шағындар өзінің түрі бойынша қаржылық есепте ұқсастық
шығындары (кәсіпкерге жалақы төлеу), өзінің көлемі бойынша қаржылық
есептегі шығындар (негізгі капитал объектісіне амортизациялық есептер).
Мақсатты шығындар, негізгі шығындарға тең, амортизациялық аударылымдарға,
мотивизациялық шығыстарға, персоналды қамсыздандыруға және тағы басқа
қамсыздандыруға келісетін шағындар.
Өнімді өндірген кезде кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей
факторларға байланысты болады:
Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің дұрыс
ұйымдастырылуы;
Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;
Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;
1. Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім
сапасын жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол
сияқты;
Өнімді өндірер алдында, оған алдын - ала жоба жасау, яғни ойдан сол тауарды
құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, тәжірибе жұмыстарын жүргізу
және де осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға авторлық жұмысына
сыйақылар беру;
Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат,
материалдар, отын, энергия, құрал – жабдықтар және басқа да еңбек
құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы -
гегиеналық жұмыстарын жүргізу және өндірістіосылармен қамтамасыз ету;
Жұмысшыларға еңбек еткен кезде жақсы жағдай жасау және техникалық
сақтандыруды қамтамасыз ету;
2. Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс
істейді, ол фирманың құрылымы қандай, және қандай жұмыстарды
жүзеге асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық,
аудиторлық қызметтерге шығындарды есептеу;
3. Кадрлар дайындау және қайта дайындау;
4. Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік
сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу,
зейнетақымен қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша
беру;
5. Медициналық сақтандыруды және тағы басқаларымен қамтамасыз ету;
Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі қаншалықты өнім сатылды (қызмет
көрсетілді) содан көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі
мен сол өнімді өндіруге кеткен шығын арқылы анықталады.
Жалпы нарықтық экономика жағдайларында, жақсы нәтиже беретін шығындарды
қалыптастыру керек. Сондықтан шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл
бөледі. Кез-келген обьектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын
басқару оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет. Шығындарды
басқару қызметі басқару элементінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау,
ұйымдастыру кординациялау және реттеу, ынталандандырушы және активизация,
есеп және талдау.
Шығындардың жоспарлауының негізгі міндетті жоспарлау кезінде материалды,
өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу
арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау.
Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштерді қолданады.
Олардың ішіндегі ең негізгісі ол, 1 дана өнімнің өзіндік құнының
калькуляциясы және 1 теңгеге шаққандағы шығыны.
Сонымен қатар өткізген өнімнің өзіндік құны жоспарлағанда, шығындар элемент
түрінде көрсетілген өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы
жасалынады. Өндірістік шығындар сметасы – кәсіпорынның өндірістік
қызметтерінің экономикалық элеметтерінің кесіп алғандағы, оның барлық
шығындар соммасы көрсетілген жалпылау келген көрсеткіш. Одан біріншіден,
өнімнің жалпы және тауар өндірісімен байланысты, негізгі және қосымша
өндірістің барлық шығындары көрсетілген, екіншіден, өндірістік емес қызмет
көрсету және жұмыс шығындары; үшіншіден орналасқан және қайнар көзіне
байланыссыз жаңа өндірісін қабылдауға кеткен шағындар. Бұл шығындар ереже
бойынша завод ішіндегі айналым есебісіз алынады.
Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге
болады.
1. Нақты бір өнімге тікелей жатқызуға болатын, тік шығындар есебі және
шыққан орнында жойылатын шығындар.
2. Бастапқы шығын есебі, бірақ олар нақты шығындарды алып жүрмейді; Қосымша
шығындарды есептеу – шығындардың пайда болу орнының қосымша және жалпы
мағыналы шығындар.

1. 2 Кәсіпорын шығындарының жіктелуі

Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жай және үлкен өндіріс үшін
материалды және ақшалай, негізгі қор және айналым құралдар, өнімді өткізуге
кеткен, еңбек коллективінің әлеуметтік дамуына және тағы басқа шығындар
жатады. Кәсіпорынның ең көп шығындарды талап ететіні ол өнім өндірісіне
кететін шығындар.
Кәсіпорынның еңбек қабілеттілігін ұстап тұру үшін, өнімді өткізу үшін және
өндірістік факторларды қолдану мақсатындағы шығындардың құны ақшалай
көрсеткіште бағаланады. Өндірістік шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік
өзіндік құнын құрайды. Өнімнің өзіндік құны өнімнің өзіндік құнның
құндылығын, өнім өндірісінің үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың,
шикізаттың, материалдардың, жана майдың, энергияның, негізгі қордың, еңбек
ресурстарының және де тағы басқа өнім өндірісіне және өнімді өткізуге
кеткен шығындарды көрсетеді. Өндірістік шығындар, өзіндік құн экономикалық
категорияның бастысы болып есептеледі. Олардың деңгейі көбінесе пайданың
көлемін кәсіпорынның рентабельділігін, оның шаруашылық қызметінің
тиімділігін анықтайды. Өндірістік шығындарды қысқарту және оптимизациялау
әр кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын
білдіретін, экономкалық қызметінің негізгі бағыты. Шығындар экономикалық
және бухгалтерлік деп бөлінеді. Экономикалық шығындарға ресурстарды қолдану
үшін кәсіпорынның жабдықтаушыға төленетін барлық шығындар жатады. Олар ішкі
және сыртқы шығындар деп бөлінеді. Сыртқы шығындарғы мыналар жатады:
жабдықтаушыларға ресурстарға, жанар майға, материалдарға, шикізатқа, жұмыс
күшіне және тағы басқаға төленетін ақшалай төлемдер. Ішкі шығындар бұған
кәсіпорын иесінің өндірістік ресурстарды қолданғандағы шығындары
көрсетіледі. Ішкі шығындарға өзінің қосымша ресурстарын және нормалды
пайданы көрсетеді. Экономикалық шығындар деген түсінікті жоспарлы есепте,
құрылымдық талдауда, шығындарды қысқарту резервтерін шығаруда және
құрылысында, өнімнің құнын белгілегенде және тағы басқа жағдайларда
қолданады. Бухгалтерлік шығындар фирманың практикалық қызметін шығарғанда,
шығынның нақты сомасын есептегенде, салықтан салынатын пайданы анықтағанда
және тағы басқа жағдайларда қолданылады.
Өнім өндірісінде қолданатын шығындардың классификациясы:
1) Өнімнің өзіндік құнының құрамына кіруіне байланысты шығындар:
тікелей шығындар, олар өнімнің өзіндік құнына тікелей кіретін
өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты шығындар және жанама
шығындар оларды бөлгеннен кейін ғана өнімнің өзіндік құнына кіріп,
бірнеше өнім шығарумен байланысты шығындар.

1) Өндіріс көлемінің өзгеру деңгейіне байланысты шығындар:
пропорционалды шығындар, бұның сомасы тікелей өнім өндірісіне байланысты
және пропорционалды емес шығындар, бұлар өнім өндірісі кезінде өзгермейді
немесе айтарлықтай өзгерісі көрінбейді.
2) Өз кезегінде тұрақты шығындар, бастапқы және қалдықты шығындар деп
бөлінеді. Бастапқы шығындарға, өнім өндірісі қайта құрылғандағы
шығындар жатады, ал қалдықты шығындарға, өнім өндірісі белгілі бір
мерзімге тоқтап тұрса да, төленетін шығындар жатады. Беріген
класификация бір өнім өндірісіне кеткен шығындар минималды болып,
оптималды өнім көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
3) Шығындардың шығу орнына байланысты: негізгі және қосымша болып
бөлінеді.
Бір тектілік деңгейіне байланысты шығындар: элементті болып бөлінеді, бірақ
оны құрамдық бөліктерге бөлуге болмайды (шикізатқа, негізгі материалдарға,
негізгі қордың аммортизациясына кететін шығындар). Кешенді шығындар бұл
бірнеше бір текті шығындардан тұрады (құрал-жабдықтардың эксплуотациясы
және оны сақтаудағы, жалпы өндірістік шығындар).
4) Технологиялық үрдісіне байланысты шығындар: негізгі шығындар, өнім
өндірісіне тікелей қажетті, жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге
қажетті шығындар. Қосымша шығындар өндіріс үрдісін басқаруға,
қызмет көрсетуге, координациялауға, еңбек жағдайына жағымды жағдай
жасауға қажет.
5) Өнімнің өзіндік құнына және пайда болу уақытына байланысты: а)
ағымдағы шығындар ағымдағы уақытқа қатысты болып, сол кезеңнің
өзіндік құнына кіреді.
б) Болашақ кезең шығындары берілген уақытта болады, бірақ алдағы уақыттағы
өнімнің өзіндік құнына белгілі бір мөлшерде кіреді.
в) алдағы уақытта күтілетін шығындар бұл әлі жұмсалмаған шығындар, бірақ
бұларға нормалданған – смета жасалған (кезекті демалысқа төленетін төлем,
мезгілдік шығындар және тағы басқалары).
Бастапқы элементтер бойынша: а) Материалды шығындар элементі бойынша.
Бұған шикізаттың, құны, тарнспортты – дайындау шығындарын ескере отырып
негізгі материалдардың құны, комплектілік бұйымдар, жартылай фабрикаттар,
қосымша материалдар, сонымен қатар жанар майға және энергияның барлық
түрлеріне кеткен шығындар жатады.
б) Еңбек ақы элементі бойынша. Негізгі өндірістік персоналдың жалақысы,
соның ішінде өндірістік нәтижесіне берілетін жұмысшылырдың сый ақысы,
ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, соның ішінде пайданың
индексациясына және бағалардың жоғарылауына байланысты компенсациялық
жалақы, заңмен бекітілген мөлшердегі әйелдерге баланы қарағаны үшін
жартылай төленетін төлем.

в) Сақтандыруға берілетін төлемдер элементі бойынша. Заң шеңберінде
бекітілген, әлеуметтік сақатандыру, зейнет ақы қоры, толық жұмыс күнге
байланысты мемлекеттік қордан және жұмысшылырдың жалақысынан аланатын
медициналық сақтандыру шығындары.
г) Қосымша шығындар элементі бойынша. Кешенді сипаттағы өндірісті
басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар, яғни шығындардың
құрамында барлық экономикалық элементтегі шығындар кіреді, сондай – ақ бір
немесе бірнеше өнімдерді шығарғанда бір жағынан бұл шығындар нақты сол
өнімге қатысты болмай, дайын өнім арасында бөлінеді, екінші жағынан жанама
кезектегі бұйымдар арасында бөлінеді.
Қосымша шығындар элементі өзіне келесілерді кіргізеді: өндірісті еңбек
құралдарымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін шығындар; негізгі
өндірістік қорды жұмыс жағдайында ұстап тұру; негізгі өндірістік
персоналдың жалақысы, соның ішінде өндірістік нәтижесіне берілетін
жұмысшылырдың сый ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер; құр
тұрғандағы жоғалтулар, кепілдікпен қызмет көрсетуге кеткен шығындар, өнімді
жөндеуге және жоғарыда көрсетілген шығындар элементінің біреуіне де қатысты
емес басқа да шығындар.
Жоғарыда айтылып кеткен жалпыға бірдей элементтер өзінің сипаты бойынша
сапалы бір текті, өндірістік бағытталуға және қолдануына байланыссыз
шығындар. Сондықтан экономикалық элементтердің классификациясы кәсіпорынның
өнім өндірісінің жалпы шығындардың негізінде жатыр. Осының көмегімен бұл
бөлімді кәсіпорынның бизнес жоспарының басқа бөлімдерімен байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Калькуляциялау статьялары бойынша шығындар классификациясы өндірістік
бағытта және өндіріс үрдісінің пайда болу орнына байланысты және де өнімді
өткізу бойынша бөлулерді көрсетеді. Халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарының классификациясы бар. Олар көбінесе экономистер және
менеджерлер жағынан қарастырады. Шығындар келесі топтар бойынша
классификацияланады:
1. ТМҚ ды бағалауға мүмкіндік беретін және өндірген өнімнің өзіндік құнын
есептейтін шығындар:
❖ Өтіп кеткен шығындар, болашақта пайда әкелмейтін және жұмсалып
болған қаржылар; және бұрын сатып алынып, қазір қолда бар және
болашақта пайда әкелетін шығындар.
❖ Өндірістк және өндірістік емес шығындар;
2. Басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін шығындар:
❖ Тұрақты және айнымалы;
Шығындарды есептегенде қабылдайтын және қабылдамайтындар (яғни болашақ
кезең шығындары және өткен кезең шығындары);
❖ Алып тастауға болатын шығындар, альтернативті дұрыс бағытты
таңдаса онда құтылуға болады;
❖ Алып тастауға боламайтын шығындар, онда құтылуға болмайды;
❖ Алтарнативті шығындар – белгілі бір альтернативті бағытты
таңдағанда, басқа біреуінен бас тартуға тура келеді;
❖ Өсімкі шығындар – қосымша өнім топтарының бірлігін шығарудың
нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындар; маржиналды шығындар –
қосымша бір өнім бірлігін шығаруға кеткен шығындар.
Берілген классификация шекті шығындар және шекті пайда теңдеуінің ережесіне
негізделе отырып, оптималды көлем және бағаны анықтауға мүмкіндік береді.
3. Шығындардың деңгейін бағыттап және қадағалап отырумен байланысты,
шығындар бағытталатын және бағытталмайтын деп бөлінеді.
Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланыссыз және де нөлдік өнім көлемінде
де бола береді. Бұл кәсіпорынның алдындағы міндеттемелер (қарыздар бойынша
проценттер және тағы басқалары), салық, аммортизациялық төлемдер, күзет
қызметіне төлемдер, жал төлемі, нөлдік өнім көлеміндегі құрал-жабдықтарға
қызмет ету шығындары, басқарушылық персоналдың жалақысы және тағы басқалар.
Айнымалы шығындар, өнім көлемінің санына байланысты болып келеді, олар
материалға, шикізатқа, жұмысшылардың жалақысынан және тағы басқа
шығындардан тұрады. Тұрақты және айнымалы шығындардың соммалары жиынтық
шығынды құрайды, бұл деп отырғанымыз белгілі бір өнім түрінің өндірісіне
кететін ақшалай шығындар. Өнімнің бір данасына кеткен шығынның мөлшерін
білу үшін, ортақ тұрақты және ортақ айнымалы шығындардың категориялыры
қолданылады. Ортақ шығындар, жеке жиынтық шығынды өндірген өнім көлеміне
бөлгенге тең. Ортақ тұрақты шығындар, тұрақты шығындарды өндірген өнім
көлеміне бөлгенге тең. Ортақ айнымалы шығындар, айнымалы шығындарды
өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең. Максималды пайдаға жету үшін қажетті
өнім өндірісін анықтау керек. Экономикалық талдаудың құралы болып, шекті
шығындардың категориясы есептеледі. Шекті шығындар берілген өнім көлемімен
салыстырғанда қосымша өнім данасына кеткен қосымша шығынды көрсетеді. Нақты
тәжірибеде Ресейде және Батыс елдерінде кәсіпорынның шығындарына талдау
жасағанда біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтар байқалады. Ал Қазақстанда
өнім өткізуге және өнім өндірісіне кеткен шығындардың сомасы арқылы өзіндік
құн категориясы қолданады. Өзіндік құнды экономикалық элементтерді қосу
арқылы анықтайды (экономикалық мәні бойынша бір текті шығындар) немесе
калькуляциялау баптарын қосу жолымен анықтайды, ал батыс елдерінде өзіндік
құнның калькуляциясын шығару үшін тура немесе жанама шығындардың
классификациясы қолданылады. Тура шығындар - бұл өнімнің бір бірлігін
жасауға тікелей байланысты шығындар. Жанама шығындар - бұл кәсіпорындағы
берілген өнім түрін шығару үрдісіне тікелей байланысты.

1.3 Кәсіпорын шығындарын есептеудің әдістемелік тәсілдері

Кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқару үшін және бағаны
қылыптастыруда, тек өндірістік шығындарын ғана емес сонымен қатар өнімнің
өзіндік құнын бөлу қажет, яғни өзіндік құнды калькуляциялау. Калькуляция
өнімнің бір бірлігін және жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын анықтау
есебі болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға және
өндірістік шығындарды есептеудің бірнеше үрдісін өндірудің технологиясына
және ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты қолданады.
Жай әдісі – бұл өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және өндірістік
шығындарын қарастырады, бірақ бір текті өнімдерді өндіру үшін практикада
көп қолданылады (көмір, мұнай, және тағы басқа). Берілген әдістің мағынасы
келесіде, инвентарлық жолмен аяқталмаған өнімге кезең шығындарының
бөліктерін бөлу арқылы, шығарылған өнімнің көлеміне жай әсер ету жолымен,
кәсіпорын өндіретін өнімнің барлық шығындары жатады (аяқталмаған өнім
көлемін қайта есептеу жолымен жүреді). Егер өндірілген өнім көлемінің
наменклатурасы аса да үлкен болмаса, онда тікелей шығындардың белгісі
бойынша аралас қатынасы болады (материалдар, шығындарды анықтау қиынға
соқпайтын, шарттты жалақы және басқа да тікелей шығындар), ал қалған
шығындарды тікелей шығындар құнына пропорционалды бөледі (өндірістік
персоналдың жалақысы, өндірістің қосымша шығындары).
1. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі – барлық тікелей шығындар әр
тапсырысқа жеке–жеке есептеледі, ал өндірістің қосымша шығындары әр
тапсырыс құнына пропорционалды бөлінеді. Сонымен қатар қосымша
шығындарды аяқталмаған тапсырысқа орындалған денгейіне байланысты
бөлу керек. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі аз сериялы, жеке
өндірісті кәсіпорындарға, жөндеу кәсіпорындарында және тәжірибелік
цехтарда қолданады.
2. Қайта өңдеу әдісінің есебі - өнім сатуға түспей тұрып, дайын өнімді
алар алдында бірнеше өңдеуші деңгейлерден өтетін әдіс. Бұл әдісті
рационалды деп есептеуге болады, егер әр өңдеуші деңгейде тауар
болып табылатын және оны өткізу үшін өзіндік құн туралы
мәліметтерді талап ететін аралық тауар шығарып отырса.
3. Нормативтік әдіс–өнімнің бір данасына кеткен нормативті
калькуляциялық немесе жоспарлық және өнімнің бір данасына кететін
технологиясының негізделген нормаларды құрайтын, массалық және
сериялық өндірісте қолданады. Бұл әдісті қолданғанда өндіріске
материалдарды жіберу алдынала шектеліп анықталған лимиттермен
жүзеге асады, ал ауытқуларды есептеп және оларды шығару
құжаттарына негізделе отырып қосымша шығарылады.

4. Кост – стандарт – нормативтік әдісінің шығыс нұсқауы кост –
стандарт жүйесінің негізгі ерекшелігі онда өндірістік үрдістің
басына дейін, өндіріске кететін шығындар алдынала есептелінеді. Ол
негізгі өндірістің алдынала есептелген өндірістік схемасынан
тұрады, көп жағдайда олар несиелік сызықтағы немесе инвестициялық
жобадағы арнайы дайындалған бизнес жоспармен байланысты. Инфляция
жағдайында ауытқуларды минимализациялау үшін стандарт–кост жүйесі
құндылық көрсетілімсіз тек натуралды көрсеткіште толығымен
есептелсе немесе аса тұрақты валюта курсында қайта есептелсе.
5. Директ–костинг әдісі. Бұл есептік жүйеде шығындар тұрақты және
айнымалы деп бөлінеді. Бұлай бөлінудің мақсаты, тұрақты шығындар
деңгейінде тұрып, кәсіпорын қаншалықты максималды өнім шығара
алатынын анықтау үшін, шығындардың артынын кәсіпорынның
басқарушылық қадағалауын орнату. Белгілі бір деңгейдегі кәсіпкерге
өнім көлемін ұлғайту тиімді, себебі тұрақты шығындардың өзгермеуі,
айнымалы шығындардың өзгеруіне пропорционалды өссе, онда ол
экономикалық пайдаға жетеді, бірақ белгілі бір кезеңнен, осы
тұрақты шығындарды қолдану өндірістің төмендеуіне әкеледі, яғни
кәсіпорындағы өнім көлемі көбейіп ұлғаюды талап етеді (жаңа түрінің
дамуы үшін тұрақты шығындардың амалсыздан ұлғаюы). Шығындарды
толығымен өндіріске қосу жүйесі мен директ – костинг жүйесінің
арасындағы негізгі айырмашылығы, бұндай жүйедегі өнімнің өзіндік
құны айнымалы шығындар бойынша анықталады. Көріп отырғанымыздай,
шығындарды өзара бөлу, директивті – костингтегі пайда есебі
пайданың екі көрсеткішінен құралады.
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп жүргізу және калькуляциялау
мақсатымен қолданғаны келесідей түрге бөлінеді:
1. Өндірістік түріне байланысты – негізгі және қосалқы;
2. Өнім түріне байланысты – жеке бұйым, бірдей (бір типті) бұйым
топтары, тапсырыс, қайта жасау (жөндеу), жұмыстар қызметтер.
3. Шығын түріне байланысты – калькуляция баптары (өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін және аналитикалық есепті ұйымдастыру
үшін) және шығын элементтері (шығынның проеткілік сметасын құру
үшін және өнімге кеткен шығындардың есебін құрастыру үшін);
4. Шығынның қалыптасқан орнына байланысты – жер, участок, цех,
өндіріс, шаруашылық есеп бригадасы.
Калькуляция есеп топтары, құрамы және өнімнің, жұмыстың, қызметтің түріне
байланысты бөлінетін әдістерді жоспарлау, есеп, өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау (жұмыс, қызмет) сияқты сұрақтарға жауап беретін салалық
методикалық рекомендациялар арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кезең шығындарының есебі Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы
Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Өндіріс циклінің аудиті
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Бизнес жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау
Өндірістік шығындарды ұйымдастыру
Кезең шығындарының есебі
Ұйымның шығыстарының есебі
Кәсіпорынның шығындарының мәні, маңызы және ұйымдастырылуы
Пәндер